Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Таскешу керуен сарайы туралы жазба жəне археологиялық деректер

Қытайдан бастап Батыс Еуропа елдері арасындағы байланыста Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігі, қазіргі Атырау облысының аумағы үлкен маңызға ие. Орта ғасырда бұл арада Орта Азия мен Батыс елдерін жалғайтын құрлық жəне теңіз жолы жұмыс жасаған. Үстірт қыраты арқылы Сарайшық пен Көне Үргеніш қалаларын қосатын құрлықтың жолы бойымен Орта Азиядан алып келінген тауарлар Сарайшық қаласына жетіп, Жайық өзенінен Еділ бойындағы Алтын Орда астанасы Сарай- Бату қаласына немесе Каспийдің батыс жағалауына алып баратын желкенді кемелерге тиелетін. XIII– XIV ғғ. бұл жол Батыс пен Шығысты байланыстыратын негізгі керуен жолына айналды.

Бұл жол туралы В.В.Григорьев былай деп мəлімет береді: «Вторая часть пути от Сарайчика до Ургенча издавна привлекала внимание исследователей и довольно хорошо известна. По всей трассе этой караванной дороги, пролегавшей по пустынным безводным районам, на расстояниях, примерно соответствующих одному дневному переходу (около 30 км), были вырыты колодцы и построены ка- раван-сараи, некоторые из них исследованы в последние годы археологами. Начинавшаяся от Сарай- чика дорога впервые описана в 1803 г.» [1; 183].

Академик В.В.Бартольд бұл жолды «Еуропа мен Азияны байланыстырушы өркениет жолы» деп баға берген болатын. «Гораздо чаще посещались Хорезм и Куня-Ургенч с северо-запада. Вместе с образованием монгольской империи возник новый торговый путь из Европы в Азию, путь от берегов Волги через Сарайчик на Урале, Куня-Ургенч, Отрар и Алмалык. Этим путем пользовались как му- сульманские, так с XIV в. и европейские купцы» дей келе: «... Здесь проходил главный торговый путь из Европы в Азию; купцы возили свои товары и Сарая на реке Волге через Сарайчик на реке Урале и Устюрт в Куня-Ургенч; мы имеем целый ряд рассказов купцов и других путешественников о направ- лении этого пути, о характере и цене товаров, о способах передвижения и т.п.» [2].

Орта ғасырларда Хорезм, Хиуа жəне Төменгі Еділ бойын байланыстырған «Ескі Ноғай жолының» бойындағы ескерткіштер туралы В.В.Григорьевтің «Описание Хивинского ханства и дороги туда из Сарайчиковской крепости» еңбегінде жазылған [1; 184].

XIII ғасырда Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, теңіз жолын пайдалану қиыншылық əкелген кезде құрлық жолының маңызы арта бастады. Алтын Ордадағы Өзбек ханның билігі тұсында осы

«Ескі ноғай жолы» делінетін құрлық жолы басымдыққа ие бола бастап, керуен жолында əсем безендірілген бекініс ретіндегі қонақ үйлер, керуен сарайлар салына бастады. А.Левшин «Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған мойнақ арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең жақсысы — «Ноғай жолы» деп жазcа [3; 225], белгiлi кеңес  археологы С.Толстов бұл жолды «Едiлге баратын үлкен патша жолы» деп атаған [4; 14].

Ескі Ноғай керуен жолы деп аталған Жібек жолының бір тармағы Сарайшық қаласы мен Көне Үргеніш қаласын жалғайтын жол болды. Осы жол бойында ондаған қалалар мен керуен сарайлар салынып өркендеді. Ол XI–XVIII ғғ. аралығында Еуропа мен Азияны байланыстырған жол еді. Батыс Қазақстан аймағында бұл жолдың екі тармағы қалыптасты. Біріншісі солтүстік жол: Сарайшық– Тасқұдық–Таскешу керуен сарайы. Қайнар бұлағы–Боқаш əулие–Ұшқан ата–Маңсуалмас (Қосқұдық) бекеттері арқылы жүрді. Екінші оңтүстік жол тармағы: Қосқұдықтан оңтүстік батысқа қарай бұрылып, Көптам–Сам жəне Қарақалпақ жеріндегі Чурұқ–Белеулі–Қосбұлақ–Бұлақ–Үшқұдық– Пулжай–Үстірт–Дəукескен–Үргеніш қаласына жеткен.

Осы керуен жолымен жүрген керуендерге өзендерден кедергісіз өтіп, демалатын қонақүйлер қызметін атқарған керуен сарайлар мен көпірлер салынған. Соның бірі Сағыз өзеніне салынған Таскешу көпірі мен керуен сарайы.

Керуен сарайдың орналасқан жері туралы бірнеше авторлар өз еңбектерінде мəліметтер қалдырған. Соның бірі С.П.Толстов былай деп жазады: «На левом берегу реки Сагиз находился кара- ван-сарай Тас-кичу, представлявший собой прямоугольную кирпичную постройку (45 х 42 м) с внут- ренним двором и помещениями вдоль стен» [4; 15].

Керуен сарайдың координаталық орны туралы «Записки Императорского русского географического общества» жинағында: «Ташъ-Кичу, укр. Tasche-kitschou — окончательно северная широта 43 22 18; принимаемыя: долгота от Ферро.64° 9' 13»; Имя наблюдателя Александровъ...1848» деген дерек бар [5].

Сағыз  өзенінің  бойында  орналасқан  керуен  сарай  туралы  мəліметті  Л.Мейер  өз    еңбегінде: «Сухопутные пути, проложенные с торговой целью, идут от пограничной линии в южном или юго- восточном направлении, если начать их перечень с востока, то первый путь будет: 1) Троицкая караванная путь; а) из Калмычовской крепости; б) из Сарайчиковской крепости и в) из Гурьева городка они сходились на Сагиз у разрушенной крепости Тас-Качу» нақтылай түседі [6; 132]. А.И.Левшин «...каменный брод Таскешу на р. Сагыз» деп жазды [3; 227].

«Таскешу» атауының мағынасы туралы Н.Семенов: «Таш-Гечу значит «каменный брод» деп жазады [7].

Керуен сарайдың салыну уақыты туралы бірнеше болжамдар бар. С.Толстов керуен сарайлар Х ғ. соңы мен ХV ғ. басында, əсiресе Хорезм мемлекетiнiң ХI-ХII ғасырлардағы Едiл бойы мен Шығыс Европа елдерiмен арадағы сауда қатынасының дамыған кезiнде тұрғызылған деген пiкiр айтады [4; 15]. Ə.Кекілбаев Үргенiш пен Сарайшық арасындағы парсылардың ежелгi жолдарының үлгiсiндегi бекiнiстi сауда жолын Х–ХI ғасырларда Хорезм шахтары салдырған дейдi [8]. Қарақалпақ филиалының ғалымдарының ойынша, бұл күрделi құрылыстар 1312–1342 жж. аралығында билiк құрған Алтын Орда ханы Өзбек ханның заманында өмiрге келген. Себебi ол кезеңде Хорезм мемлекетiн оның өз адамы Тұғлық Темір билеген, сондықтан арадағы қатынас өте жақсы дамыған.

Керуен сарайдың салынуындағы негізгі мақсат — көпестер мен дəулетті саяхатшылар үшін қонақ үй ретінде қызмет ету жəне Сағыз өзенінен өтетін өткелді қамтамасыз етіп отыру. Бұл туралы Л.Мейер: «...На этом пути особенно замечательна крепостца Тас-Кичу на Сагиз, построенная, очевидно, с целью обеспечить переправу через эту реку» [6; 138]. Сонымен бірге керуен сарай хабаршылар атын ауыстырып алатын пошта бекеті қызметін атқарған. Керуен сарайларды күзететін жəне сауда жолының, өткелдің жағдайын бақылап отыратын аздаған əскери бөлімшесі қызмет еткен.

Керуен сарай күйдірілген кірпіштен дұрыс төртбұрыш түрінде тұрғызылған (55 x 55 м). Осы мəліметті В.Егоров «Историческая география Золотой Орды в XIII–XIV вв.» еңбегінде былай деп дəлелдейді: «Все здания караван сараев имеют стандартную прямоугольную планировку с обязательным внутренним двором и расположенными по внутреннему периметру стен комнатами. Размеры построек от 30 х 25 до 40 х 40 м. Характерной особенностью зданий, возводившихся в пустынных местностях Устюрта, является то, что они сложены не из кирпича, а из бравшегося поблизости ракушечника» [9]. Ал Л.Мейер Таскешу Сырдария бойындағы құландылардың бір бөлігімен ұқсас деген тұжырым жасайды: «...По времени существования и материалам построек ближе всего к упомянутой крепостце Тас-Кичу подходит часть развалин на Сыр-Дарье. Здесь мы встречаем одинаково хорошо сохранившийся тот же кирпич квадратной формы» [6; 140].

Қазіргі кезде бұл жерде құрылыстың қирандысы ғана қалған. Ол Атырау облысы Мақат поселкесінен шығысқа қарай 38 км жерде, Мақат, Қызылқоға, Жылыой аудандарының шекара қиылысында, Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан (1-сур.).

  Таскешу керуен сарайының көрінісі

  GPS координатасы N 47º37.250, ЕО 53º.184. 1-сур. Таскешу керуен сарайының көрінісі [10]

Таскешу керуен сарайын алғаш зерттеген Əлкей Марғұлан 1950 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы оның суретін, жобасын алды. 1950 ж. Хорезмдік археология- этнографиялық экспедицияның Орал-Үстірт отряды керуен сарайы көлемінің құрылыс қалдығын зерттеді. 1973 ж. керуен сарай мен көпірді М.Меңдіқұлов зерттеді.

Соңғы жылдары керуен сарайдың орнына Атырау облыстық тарих жəне археология орталығы қазба жұмыстарын жүргізуде. Таскешу керуен сарайы Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл жерде қыш кірпіштер  үйілген  ғимарат  құландысының  көлемі  40 x 40  м, биіктігі 1,5 м. Ортасында ашық алаң бар. Кірпіштердің көлемі 30 x 30 x 5 см. Құрылыстың үш  жағында көлемі  20 x 20 м,  тереңдігі  1 м  болатын  ойыс  шұңқырлар  бар.  Керуен  сарайдан  1  шақырым солтүстікте Жетібай қауымы орналасқан. Онда қыш пен саман кірпіштерден салынған мазарлар мен олардың құландылары бар. Сонымен қатар құлпытас, қойтас тас қойып қаланған мазарлар бар.

Зерттеу жұмыстарының барысында объектінің биіктігі 1,5 м екендігі анықталған. Ғимарат қабырғалары жер шарының төрт жағына шамамен бағытталған. Қыш кірпіштер сол жерде жасалуы да мүмкін. Керуен сарайдың қақпасы ғимараттың оңтүстігінде деген болжам бар.

Керуен сарайдың бұрыштары мен қабырғалардың орта тұстары дөңгелек мұнаралармен бекітілген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде солтүстік-батыс бұрыштан бүтін шеңбер құрайтын мұнара жəне батыс жардың ортасынан жарты шеңбер тəрізді мұнара ашылған. Мұнара арнайы трапеция түрінде жасалған тастардан тұрғызылған. Тас қабырғаларын бір-біріне қосып қаласа, түзу шеңбер жасайды.

Ғимарат ортасында үлкен алаң болған. Осы алаңды айнала керуен сарайдың сыртқы жарларында қонақ бөлме, ас үй, монша қызметін атқарған шағын бөлмелер орналасқан. Сонымен бірге керуен сарайда зат сақтайтын үлкен қойма болған. Зерттеу жұмысы кезінде сол кездің мəдени қабатынан бір метрдей төмендікте шұңқыр қабырғаларын таспен қалап жасаған жер асты қоймасы ашылды.

Таскешу керуен сарайының қазба жұмыстары жүргізілген батыс жарынан алты бөлме жəне солтүстік жарда көлемі үлкен жатын бөлме ашылған. Бөлме көлемдері 3,70 x 3,70 м болады. Бөлмелердің ішінде төрт жатын жəне бір ас бөлмелер бар. Жатын бөлменің əрқайсысына жылыту пештері мен кереует қаланған. Кереует тастан қаланып, іші сазбен толтырылған. Екі жаққа қарай кететін пеш түтіндіктерінің ортасына тандыр орнатылған. Пешті əр түрлі мақсатта пайдаланған. Біріншіден, пеш биік болған, яғни жылы кереует ретінде пайдаланған (суфа), екіншіден, бұл пеш екі жақтағы бөлмені жылытып тұрған жəне тандырға нан пісіруге мүмкіндік болған.

Керуен сарайдың сыртқы жарының қалыңдығы 1 м 25 см болса (төрт тасты төсеп салған), ішкі жарының қалыңдығы 95 см. Бөлме ішінің едені саз балшықпен нығыздалып сыланған, табалдырық астарына тастар төселген.

Ас үйлер мен жатын бөлмелердің əрқайсысына жылыту пештері орнатылған. Пештен бөлінетін жылу керует ішімен өтіп жататын орынды жылытатын болған. Сарайдың бұрыштары мен сыртқы қабырғаларының орта тұстарында алыстан келе жатқан керуенге бағыт беру мақсатында мұнаралар салынған. Мұнараның диаметрі 3,60 м құрайды. Оның қабырғаларын қалау үшін трапеция түріндегі тастар қолданылған.

Қазба жұмыстары кезінде керуен сарайдан шаруашылықтың əр түріне арналған керамикалық ыдыстардың көптеген түрлері жинақталған. Олардың ішінде сұр жəне қызыл қыштан жасалған үлкен көлемдегі хумдардың фрагменттері, құмыралар, тəрелкелер, əр түрлі түспен сырланып, безендірілген шыңылтырлы пиала т.б. ыдыстар, сонымен бірге қыштан жасалған шырақ сынықтары, шығырлар да бар. Ыдыстар алуан түрлі өрнектермен, соғылған штамптарымен ерекшеленеді. Мұның ішінде Хорезм, Иран, т.б. елдерден алып келінгендері де аз емес. Бұл керуен сарайдың үлкен сауда орталығы болған қалалармен, көрші елдермен байланысы болғандығын дəлелдейді.

Табылған əшекей бұйымдардың ішінен қыштан жасалған сақина мен моншақтарды, мыс белдеуліктерді атап айтуға болады. Қазба жұмыстары кезінде бұл жерден жез бұйымдар, темір, мыс бұйымдар анықталды.

Табылған жəдігерлердің ішінде мыс тиындар да бар. Алтын Орданың билеушілері Өзбек хан (1313–1341 жж.) жəне Жəнібек хан (1341–1357 жж.) тұсында соғылған. Өзбек хан тұсында соғылған бір тиынды мысалға алсақ, тиынның бір бетінде арқасына күн арқалаған барыс бейнесі,  екінші бетінде «Жоғарғы жарлық пен заң бəріне бірдей» деген сөз жазылған. Керуен-сарайда үлкен сауда қатынасының, ақша айналысының жақсы дамығандығын дəлелдейтін тағы бір фактінің бірі осы болмақ.

Деректерге сүйенсек, керуен сарайдың батысында өтіп жатқан Сағыз өзеніндегі өткел күйдірілген қыш кірпіштен су астына төселініп салынған. Өткен дəуірдің соңында осы жерде мал айдаған халық осы жердегі өткелді көргендіктерін айтады. Бірақ бүгінгі күні бұл жердегі өткелдің құландысының орны ғана сақталған (2-сур.).

Жайық өзеніндегі Таскешу көпірі туралы аңыздар айтылғанымен, оның қай жерде салынғаны туралы дерек жоқ. Бізге жеткені аңыз ғана. Жайық өзеніне 1328–1337 жж. Иван Калитаның жарлығымен салдырған Таскешу көпірінен Асан Қайғы бабамыз өткен. Ол көпір қазіргі  Индер ауданы жерінде болған.

Халық аузында «өткелді Асан Қайғы салдыртқан» деген аңыз бар. Екінші аңыз: Асан Қайғы Жайық өзенінің Таскешу көпірінен өткенде «суы татыған бал екен, жағасы тал екен» дейді.

 Таскешу көпірі құландысының схемалық планы

 GPS координатасы № 47º 24.284, ЕО 54º 27.935.

 2-сур. Таскешу көпірі құландысының схемалық планы [10]

 Сонымен, Жайық өзенінің Таскешу көпірі Индер жеріндегі арнасына салынған. Осы маңда өзен арнасы тарылып, жағалаулары қатты жынысты болып, тұрақты көпір салуға қолайлы болған.

Үшінші аңыз: «Таскешуден итальяндық саяхатшы Марко Поло өткен» деп айтылады. Ал, екінші біреулері Шыңғыс ханның балалары салдыртқан деседі.

Сағыздың Таскешу көпірі туралы Л.Мейер былай деп жазады: «Өткел қырланып тегістелген ақ тастардан төселіп, су оның бетіне шыққанымен тереңдігі төрт вершоктан (4,5 см) жоғарыламайтын, оны салдырған Шыңғыс ұлдарының бірі делінеді».

Бұл жерде автор тек аңызбен жеткен мəліметті айтуы мүмкін. Ол кезеңде көпір қирандысы ғана қалған. Бұл жерде судың көпір үстінен ағып өтіп, кешіп өту туралы мəлімет аңыз болуы керек.

Аңыздарды ғылыми түрде саралар болсақ, оның екінші нұсқасы шындыққа жанасатын секілді. Өйткені өткелді Асан Қайғының салдырды деген пікірінен гөрі, Алтын Орда тұғырында отырған жəне осы керуен сарайлар мен керуен жолдарының жасақталып дамуына негіз болған. Шыңғыс ханның ұрпақтары дегенге сенуге болады. Себебі, деректерде көрсетілгендей, өткел күйдірілген қыш кірпіштерден салынған, ал бұл көп қаражатты жəне жұмыс күшін талап ететін жұмыс. Алайда Асан Қайғы бұл көпірдің негізін салған болуы да мүмкін. Осы өткелді іздеудегі тағы бір жағдай, халықтың айтуы бойынша, өткел керуен сарай тұсынан өзенді тіке қиып өтеді. Өткел болуы мүмкін жерлерді зерттеген кезде, өзеннің екі жағынан төменге қарай түсетін жерлер анықталған. Бұл екі жер керуен- сарай тұсында бір-біріне қиғаш орналасқан. Сағыз өзені кезінде ағысы өте қатты өзендердің бірі болғандығын ескерсек, өзен ағысы өткелді тіке соғып құлатпас үшін, қиғаштап салған деген болжам бар.

Сол кездегі көптеген тас көпірлер сияқты көпір тастан салынып, астындағы  «аркалардан» су ағып өтіп жатқан. Бұндай көпірлер ортағасырлық кезеңдегі көпір жобаларына тəн.

Таскешу  көпірінің  жобасы  Тараз  қаласында  X–XII  ғғ.  Тас  көпір  жобасына  ұқсас      болған.

Салынған уақыты да X–XII ғғ. аралығы болуы керек.

XIII ғасырдан бастап қарқынды жұмыс атқарып келген керуен жолдарында қатынау үрдісі XVI ғасырдың I жартысына қарай уақытша тоқтай бастайды. Жошы Ұлысы кезеңінің аяқ тұсында, 1395 жылы Сарайшық пен Үргеніш қаласын Үстірт арқылы қосатын сауда жолы Əмір Темір əскерімен қиратылған болатын. Алтын Орданың ыдырауынан кейін қайта құрылған көшпелі елдер сауда қатынасын қайта жандандыра бастайды.

Қорыта келгенде, Таскешу керуен сарайы стратегиялық жағынан Еуропа мен Азияның түйісер тұсынан ұтымды орнығып, Хиуа, Хорезм шаһарларына, Төменгі Еділ бойын байланыстырған «Ескі Ноғай жолының» қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, осы керуен жолымен жүріп өтетін керуендерге өзендерден кедергісіз өтіп, демалатын көпестер мен саяхатшылар үшін қонақ үй ретінде, хабаршылар атын ауыстырып алатын пошта бекеті қызметін атқарған. Ал Таскешу көпірі ағысы қатты Сағыз өзенінен керуендердің, адамдар мен малдардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп отырса керек. Сондықтан да Таскешу керуен сарайы мен көпірінің стратегиялық, экономикалық алар орны ерекше. Ал жазба жəне археологиялық деректер керуен сарайдың мəдени-экономикалық дамуын, қаншалықты тарихымыз үшін маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Григорьев В. Описание Хивинского ханства и дороги туда из Сарайчиковской крепости. — CПб.: ЗИРГО, —Т. 19. — 564 с.
  2. Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. — Алматы: Жалын, —С. 54.
  3. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких гор и степей. — Алматы: Санат, 1996. — 665 с.
  4. Археологические и этнографические работы Хорезмской экспедиции, 1949–1953 гг. / Ред. С.П.Толстов. — М.: Изд-во АН СССР, 1958. — 811 с.
  5. Записки Императорского русского географического общества: Науч. изд. / Отв. ред. А.Н.Арапетов. — СПб.: Импер. АН, 1855. — С.
  6. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. — Павлодар: ЭКО, 2007. — 191 с.
  7. Семенов Н. Туземцы Северо-Восточного Кавказа (Рассказы, очерки, исследования, заметки о чеченцах, кумыках и ногайцах и образцы поэзии этих народцев). — СПб.: Тип. А.Хомского, 1895. — С.
  8. Кекілбайұлы Ə. Шығармалар жинағы: 12 томдық. — Т. 7. — Алматы: Өлке, 1999. — 127-б.
  9. Егоров В. Историческая география Золотой Орды в XIII–XIV вв. — М.: Наука, 1985. — С.
  10. Атырау облысы тарихи-мəдени мұраны қорғау, қалпына келтіру жəне пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы: Атырау облысы аймағындағы жаңа сəулет жəне археология ескерткіштерін анықтау жəне қорғау тізіміне енгізілген ескерткіштердің жай-күйін тексеру мақсатындағы экспедицияның бірінші кезеңінің ғылыми есебі. — Атырау,2008ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.