Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ-жоңғар этномəдени байланыстарының құқықтық проблемалары

Монғол халықтарының заңдарын зерттеушілер П.С.Паллас, Ф.И.Леонтович, К.Ф.Голстунский, Я.И.Гурлянд жəне т.б. [1–4]. Ресейдің оңтүстік шекарасында орналасқан халықтардың заңдарының ұқсастығына назар аударған. Ғалымдарды ұқсастықтардың шығу тарихы, дəстүрлердің өзара əсері, қазақ, қалмақ, монғол, тунгус халықтарының қоғамдық қатынастары қызықтырды. Зерттеушілер аттары аталған халықтардың заңдарының зерттей келе төмендегідей қорытынды жасайды. ХІІІ ғ. басында басталған Шыңғыс ханның басқаруымен болған монғол басқыншылығы өзінің ықпалын Шығыс Еуропа, Чехия, Болгария жерлеріне дейін таратты. Жаулап алған жерлерінде монғолдар өз заңдары мен құқықтарын, дəстүрлері мен салттарын бекітті. Яғни Шыңғыс ханның «Ұлы жасағын» империя құрамына енген халықтар өз заңдарын шығаруда басшылыққа алып, соның негізінде құрастырылған. Монғол-татар заңдарының ірі білгірі К.Ф.Голстунский ең алғашқылардың бірі болып монғол құқық негіздерінің көршілес халықтардың құқық негіздеріне əсеріне назар аударды. Монғол құқығының қазақ құқығына əсерін ол: «...нет сомнения в том, что в эпоху монгольского  данничества у киргизов действовали древние монгольские уставы: в особенности, к ним могли привиться порядки, развитые «Великой ясой» Чингиза. Эти самые порядки, вошедшие в привычку народа, могли затем удержаться и позже, в эпоху самостоятельных киргизских ханств, когда появляются у киргизов свои племенные законы» [3; 20],— деп жазады.

К.Ф.Голстунскийдің пікірі заңгер-тарихшы Я.И.Гурляндтың «Степные законодательства с древних времен по ХVІІ столетие» атты еңбегінде: «Киргизы с ХІІІ в. были данниками империи Чингисхана, продолжали быть в подчинении империи его потомков и затем, войдя в состав Кипчакской Золотой Орды, платили ее ханам дань до ее падения. Несомненно, что обычаи и законы завоевателей должны были господствовать и у киргизов, и поэтому Чингисова «Великая яса» была важнейшим законадательным уложением киргизов того времени» [4; 108] деп жалғасын табады.

Мəселенің басын ашу үшін алдымен екі халықта қабылданған заңдарға тоқталып өткен жөн. 1635   жылы   құрылған   Жоңғар   хандығының   ішкі   жəне   сыртқы   саясатын    тұрақтандыру

мақсатында қоңтайшы Эрдэни Батыр бірқатар іс-шаралар жүргізеді. Сондай шараның бірі 1640 жылы шақырылған құрылтай еді. Қолда бар деректерге сүйенетін болсақ, құрылтайдың шақырылуының инициаторы ретінде тікелей Эрдэни Батыр қоңтайшы деп көрсетілмейді. Дегенменде құрылтай жоңғарлық Эрдэни Батыр қоңтайшының бастамасымен өткен деген қорытынды жасауға болады. Деректерге сүйенетін болсақ, Халхадан Дза-сактухан Субуди, Тушету-хан Гомбодорджи, Кукунордан Гуши-хан ұлдарымен, Еділ бойынан Хо-Урлюк ұлдарымен, Цэцэн-нойон Шолойдың ұлдары   келген.

Жоңғар хандығының атынан үлкен ықпалды топ қатысқан. Атап айтқанда, Эрдэни Батыр қоңтайшы, Очирту-тайшы, Тэнгэри-тойн, Цэцэн-нойон, сонымен қатар сол кездегі ірі діни қайраткерлер Жоңғария далай-ламасының өкілі Манджушири-хутукта, Халхадан Инзан-римбочи, Цаган номун-хан жəне жоңғарлық ағартушы Зая-пандита да атсалысқан. Құрылтайға тек маньчжурлік жаулап алушылардың қол астында болған Оңтүстік (Ішкі) жəне Шығыс (Хинган) Монғолия өңірінен ешкім қатыспаған [5; 2].

Құрылтай жөнінде монғол, ойрат жəне орыс деректерінде аз мəлімет келтірілген. Толыққанды мəлімет айналымға енбеген тибет деректерінде берілуі мүмкін. Зая-пандитаның биографиясы бойынша құрылтайдың 1640 ж. болғандығы жəне бірнеше ережелердің бекітілгені жөнінде ғана айтылған. Құрылтайға қатысушылар бекітілген ережелерді бұлжытпай орындауға ант берген.

Құрылтайда бекітілген ережелер тарихта «Их Цааз» деген атпен белгілі монғол-ойрат заңы. «Их Цааз» 1640 жылы қыркүйек айында Жоңғар хандығының территориясындағы Тарбағатай тауының етегіндегі Улан-бура жерінде өткен халхалық жəне жоңғарлық ірі ақсүйектерінің құрылтайында қабылданған. Құрылтайға қатысушы ірі, беделді отыз екі адамның аттары «Их Цааздың» кіріспе бөлімінде атап көрсетілген [5; 2].

Бұл заңның бүгінгі күнге ойрат тілінде 1648 ж. Зая-пандита ойлап шығарған тод жазуымен жазылған қолжазба нұсқасы сақталып жеткен. Кейбір ойрат көшірмелерінен аударма жасалған. Заңның түпнұсқасы сақталмағандықтан, жарғының қай бөліктері толық емес екендігін анық білу қиындық туғызады.

Ғылыми ортада жарғының ойраттық жазба аудармасының 3 редакциясы белгілі [6]:

  1. XVIII ғ. 20-жж. Сыртқы істер коллегиясының хатшысы, кейін кеңесшісі болған В.М.Бакуниннің орыс тіліндегі аудармасы. Алғаш рет В.М.Бакуниннің орысша аудармасы 1776 ж.

«Перевод с права мунгальских и калмыцких народов» атаумен граф П.Б.Шереметьевтің жариялауымен шыққан.

  1. 1776 ж. «Монғол халықтарының заңдары» (Gezetze der mongolischen Voelker) деген атпен П.Палластың неміс тіліндегі аудармасы жарық көреді.
  2. 1880 ж. жарық көрген Петербург университетінің профессоры К.Ф.Голстунскийдің орыс тіліндегі аудармасы.

Барлық аудармалар тілдік жағынан нақты емес, негізінен түсіндірушілік сипатта жазылған.

«Дала жарғысы — Их Цааз» атты заңдар жинағының қабылдануындағы басты мақсат сыртқы қытай экспансиясы қаупіне қарсы монғол хандарының билігін күшейту, біріктіру болды.

И.Я.Златкин: «...в их основе лежали три цели: урегулировать внутренние взоимоотношения феодалов и исключить возможность междоусобной борьбы; обеспечить объединение сил и взаимную помощь в борьбе против возможностей внешней опасности; укрепить феодальные порядки и власть ханов и князей над остальным населением» [7] деп Жарғының үш мақсатын атап өтеді.

У.Эрдниевтің «Историческая судьба ойратов» [8] атты очеркінде И.Я.Златкиннің Жарғының қабылдануындағы көрсетілген мақсаттармен сəйкес келеді.

Зерттеуші Г.Е.Марков: «Одной из важнейших задач, стоявших перед сеймом князей и нашедших отражение в принятом законадательстве, была стабилизация политического положения, прекращение усобниц и некоторая координация действий. Прямо этому посвящались статьи закона, воспрещавшие взаимные нападения, грабежи, угон скота и т.п.» [9] деп, Жоңғар хандығындағы əлеуметтік құрылымды реттеудегі Жарғының маңыздылығын атап көрсетеді.

Иакинф Бичуриннің айтуынша, «Их Цааз» құқық негіздерінен жоңғар халқының салт- дəстүрлері, ойлау ерекшеліктері, өмір сүру тəсілдері, ағартушылық деңгейі анық көрінеді [10].

Жоңғар хандығының бірігуі (1635 ж.) мен нығаюы қазақтарға, олардың жайылымдарына қауіп төндірді. Шекарасында Цин империясы белсенділік көрсеткен жоңғарлар оңтүстік пен батысқа қарай жылжыды. Осы жерде өзінің тəуелсіздігін сақтап қалуға тырысқан қазақтар олармен қақтығысып қалды. Жоңғарлармен соғыстан қашып құтылу мүмкін емес еді, сондықтан Қазақ хандығын нығайту қажет болды. Жаңа заңдар шығару, қатаң тəртіп орнату хандықтың қоғамдық құрылысын нығайтып, жаңа өзгерістерге жеткізер еді. Қалалар мен жайылымдар үшін Жоңғария мен Аштарханидтермен болған екі жақты соғыс өте ауыр болды. ХVІІ ғ. соңында қазақтар Жетісу маңындағы жерлерінен айырылды, бұл өз кезегінде қазақтар арасында дау туғызды. Қалыптасқан жағдайда жаңа заңдар жинағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік еді. Нəтижесінде 1680 ж. Тəуке   хан «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарының негізінде Күлтөбеде билердің қатысуымен  «Жеті  жарғы»  атты  заңдар  жинағы  құрастырылды.  С.З.Зиманов  [11],    З.Ж.Кенжеғалиев [12], Н.С.Ахметова [13], Н.Өсерұлының [14] айтулары бойынша, «Жеті жарғы» сол замандағы қазақ халқының қоғамдық жəне саяси өмірін нақты айқындайтын құқықтық ескерткіш болып табылады.

Жоғарыда айтылып өткендей, Эсен тайшадан кейін ойраттардың тарихы саяси беделге ие болуымен сипатталған. Яғни, олар сыртқы саяси бағытын өзгертіп, жаңа аймақтарға қол сала бастаған. Шығысқа қарай жылжу мақсатындағы күресте жеңілгенмен, ойраттар батыс  пен солтүстікте, Шығыс Түркістан, Дешті-Қыпшақ даласы мен Орта Азияда ірі саяси күшке айналып, сол аймақтарда болып жатқан күрделі тарихи этникалық үрдістерге өз ықпалын тигізді. Бұл қазақ-жоңғар этностарының территориялық жақындасуына алып келді. Екі жақты араласудың нəтижесінде туған байланыстар этнологиялық зерттеулерге арқау болып отыр.

Отандық тарихшылар қазақтар мен жоңғарлардың заң құқықтарының шығу уақыттарының сəйкес келетініне көңіл бөледі. Белгілі тарихшы Н.Өсерұлы: «Осы заңдарға сүйенген қазақ билері қоғам ішіндегі дау-жанжалдарды шешіп отырды. Соның нəтижесінде ел іші тынышталып, жұрт бейбіт өмір сүрді; адамдарға береке кірді. Хандық билік əжептəуір нығайды. Сыртқы дұшпандармен тең құқықта сөйлесуге мұрша берді. Тəуке хан сұлтандар үстемдігінің əлсіреп бара жатқандығын дер кезінде көре біліп, билер мен батырларға сүйенді. Əсіресе билер ролін күшейтті. Билер сот қызметінен бастап, ру басшысына дейінгі, қажет болса елшілік қызметті де атқарды» [14; 11] деп мемлекеттің ішкі саясатын тұрақтандыру мақсатындағы Тəуке ханның кезінде іске асқан шараның маңыздылылығын атап өтеді. «Жеті жарғыны» зерттеушілер осы заңға негіз болған ежелгі қазақ құқықтары тарихына назар аударады. К.Ф.Голстунский: «Основываясь на Записках киргизского старшины (Яппаского рода) Кубека Шукуралиева (1804 г.), Спасский утверждает, что еще в древние времена существовали у киргизов законы, которые во второй половине ХVІІ века хан Тявка утвердил в значении общеплеменных киргизских законов» [3; 244],— деп мəлімет береді.

Əрине, ежелгі қазақ құқықтары толығымен Шыңғыс ханның жасағының негізінде құрастырылған деп айту артық. Монғол шапқыншылығына дейін де қазақ  тайпаларында өз құқықтары болды жəне олар Шыңғыс ханның заңдарының қыспағының əсерінен жойылып кетуі мүмкін емес. Ш.Уəлиханов «Жеті жарғы» ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазып, əдет-ғұрып заңдарына негіз болған «туысқандық, ауа райы мен табиғат» туғызған заңдылықтар деген қорытынды жасайды [15]. Қазақстандық тарихшы, заңгер-ғалым С.Зиманов: «Казахское право, основными источниками которого были обычно нормативная система, культурная традиция Великой степи, проявляло... удивительную стойкость в условиях...засилия чужестранных государств» [11; 25], мəлімет келтіреді. Шыңғыс ханның заңдарының əсерін, əрине, жоққа шығаруға болмайды, мысалы, «барымта», «қанды кек» заңдар өз бастауын «Ұлы жасақтан» алған [16].

Сонымен қатар И.Я.Златкин: «Исследуя историю создания «Их Цааз», нужно отметить, что это древнее калмыцкое постановление вобрало в себя ранее утвердившиеся в народе обычаи, которые приобрели силу закона» [7; 93] деп, жоңғарларда да ежелден бері өзіндік заңдарының болғаны жөнінде жазады. Яғни қазақ-жоңғар халықтарының монғол шапқыншылығына дейін (ХІІІ ғ.) өзіндік заңдары мен құқық жүйесі болды. Оның негізін аталмыш халықтардың діни сенімдері мен əдет- ғұрып нормалары құрауы мүмкін. Бұл өз кезегінде толық əрі нақты зерттеуді қажет етеді.

Т.Сұлтанов — қазақ жəне жоңғар заңдарының ұқсастығын зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі. Ол «Жеті жарғы» мəтінін «Их Цааз» мəтінімен салыстырған [17]. Қазақ  жəне жоңғарлардың құқықтық заңдарын оқығанда өте көп ұқсас ережелерді табуға болады. Мысалы, бай адамдарды жəбірлесе, бірдей айыппұл төленген: «Жеті жарғы» бойынша, егер кімде-кім қожаны немесе сұлтанға тіл тигізсе, 9 əр түрлі мал береді, ал егер қол жұмсаса, 26 мал жəне түйе төлейді немесе саусағы кесіледі [14; 43–46]. «Их Цаазда» үлкен князьға тіл тигізсе, бір тоғыздық, ал қол көтерсе, бес тоғыздық төлеу керек болған. Кіші князьға тіл тигізсе — бес мал, ал қол көтерсе — үш тоғыздық, жеңіл жарақат үшін екі тоғыздық мал төлеген [5; 25].

Қазақтар мен жоңғарлардың кісі өлтірген адамдарға қатысты заңдарында да ұқсастық бар. «Жеті жарғыда» бірінші орында кек қайтару заңы тұрады: қанға қанмен жауап беру, жазымға  жазым келтіру, яғни өлген адамның туыстары өлтірушіні өлтірулеріне болады. Жазаны соттың көмегімен немесе екі жақтың келісімімен жеңілдетуге де болады. Құн төлеу арқылы өлтіруші өз өмірін сақтап қала алады. Ол əр өлтірілген ер адам үшін 1000 қой беруі керек. «Их Цаазда» да 1000 қой төлеу керек екендігі жазылған. Екі заңда да қасақана өрт қойғандарға берілетін айыппұл түрі бірдей, яғни 1000 қой түрінде айып төлеулері қажет.

Сонымен бірге негізгі құқықтық нормалары да бірдей. Мысалы, заңдарда келтірілген жаза түрлері ұқсас: өлім жазасы, мүлікті тəркілеу, мал, əскери жарақтар т.б. беру арқылы айып төлеу, «композиция», яғни өлім жазасын айыппұл төлеумен алмастыру, шығынды өтеу. Азаматтық істі қарағанда   қолданылатын  процессуалдық  құқықтар  бір-біріне   ұқсас  болып  келеді.   Жоңғарларда «Элчи» институты болған, оның міндеті сотқа жауапкерді, куəгерді, талапкерді алып келу болды.

Екі халықта да кінəны айқындау үшін басқа əдістермен қатар ант беру əдісі де қолданылған. Н.Өсерұлы былай жазады: «Жеті жарғыда ант беру туралы арнайы заң бар. Мұны ердің құны, жесір дауы, ұрлық, жер дауы секілді күрделі дауларда қолданған» [14; 50].

П.Смирнов қалмақтарда да осындай анттардың болғанын жазып, олардың сот мəселелеріндегі мазмұны мен маңыздылығына тоқталған [18].

Екі заңда да отбасылық қатынастарды реттейтін көптеген баптар бар. Некелік жəне отбасылық қатынастар қатаң заңдастырылған. Жоңғарларда да, қазақтарда да қыз балалар үшін неке жасы ретінде 13 жас белгіленіп, туыстар арасындағы некеге тыйым салынған. Екі  халықта да қалыңмал беру салты бар жəне ол ата-аналардың жағдайына байланысты қатаң сақталған. Құда түсуге де үлкен мəн берілген. Мысалы, «ежелден бергі əдеп-ғұрып заңы бойынша күйеу жағынан құдалар алдымен құдалыққа барып, « құйрық-бауыр жесіп», киіт киеді. «Құйрық-бауыр жесісудің» мəні ерекше. Екі жақтан дау-дамай бола қалғанда, кез келген би: «Құйрық-бауыр жеппе едіңдер?» деп сұрайды. Желінген болса, құдалық заңды деп есептеліп, дауларын қараған. Ал желінбесе, қаралмаған» [19].

Осы орайда Я.Гурляндтың хабарламасы көңіл аударуға тұрарлық: «Жених (қалмақ) имеет право на имущество помолвленной с ним девушки в случае ее смерти,  причем, согласно ст.  37, если не было пиршества, то только на половину» [4; 63]. Яғни, екі халықта да үйлену тойы тек мереке ғана емес, сонымен бірге ол заңды, куəгерлер қатысуымен өтетін акт болған.

Қазіргі заман тарихшысы А.Г.Митиров, Ф.И.Леонтовичке сүйене отырып, қалмақтардың туыстарынан мал айдап əкететін дəстүрін атап көрсетеді [20]. Бұл құқыққа тұрған жерлеріне, уақытына қарамастан, барлық жиендер ие болған. Олар алдын ала малдан үлес алулары туралы ескертетін, егер тілектері қабылданбаса, онда жиендердің малды айдап əкетуге құқықтары болған. Бұндай дəстүр қазақтарда да болған, оны «жиенқұрық» деп атайды [14; 43].

Қазақтар мен қалмақтардың негізгі заңнамалық терминдерінде де ұқсастықтар бар. Мысалы, қазақтың «жарғы» деген сөзі қалмақтарда «зарго» деп айтылады. Қазақша «жөн-жосын», қалмақша «иосун» (құқық), қазақтарда да, қалмақтарда да «заң» деген сөз бар, тек қалмақша ол «салт» деген мағынаны білдіреді.

Қазақтарда да, қалмақтарда да айыптың өлшемі ретінде тоғыздық алынған. Мысалы, жоңғарларда айып құны «тоғыздық түйемен» деп аталса, қазақтарда ол «түйе бастаған тоғыз» деп аталады.

Екі халықтың заңдарында əскери құқық біртекті айтылады. А.И.Левшин: «В дополнение к сим законам должны быть присоединены следующие достопамятные постановления хана Тявки: чтобы сам хан, равно как и все султаны, старейшины и правители родов, собирались осенью в одном месте, в середине степи, для рассуждения о делах народных» [21; 358], — деп жазады.

Ал 1620 ж. жоңғар заңдарында былай делінген: «... если нойон не приедет на съезд, взять с него панцирь, сто верблюдов, тысячу лошадей» [22; 99].

Екі заңда да жер пайдалану мəселесіне көп көңіл бөлінген. С.Өзбекұлының айтуынша, Тəуке хан алдымен ру арасындағы дауларды шешіп, мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуге басты назар аударған [23]. Ол жер, табиғат, климаттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жерлерді үш жүз руларына бөліп берген, жайлау, қыстақтарды, жайылымдарды анықтап берді. Əр жүздің жер шекараларын белгіледі. Əрбір ру өзіне тиесілі жер аумағында көшіп жүруге құқылы болды. Монғол əкімшілігінің де міндеті жайылымдар мен қыстауларды анықтап, пайда болған дауларды шешу еді, заң бойынша өз бетімен қыстауларды өзгертуге тыйым салынған. Егер шекара бұзылса, онда үш тоғыздық көлемінде айыппұл салынатын.

Сонымен қатар екі заңда да егер жауапкер болмаса немесе оның айып төлеуге жағдайы болмаса, онда міндеттер ол адамның туыстарына жүктеледі. «Если ответчик суду не явится или присужденный пени заплатить не может; то оно взыскивается с его родственников или с его аула» [21; 358].

Қазақ-жоңғар халықтарында түрме болмаған. А.Д.Насиловтың айтуынша, көшпенді халықтарда еркіндігін алу арқылы жазалау болмаған [22; 35]. «Қазақтарда түрме деген мүлдем болмаған», — деп тарихшы Н.Өсерұлы [14; 11] өз еңбегінде жазады.

Екі заңда да жазалауды жеңілдету қарастырылған. «Жеті жарғыда» «талион» принципі жарияланған: онда бірінші орынға кек қайтару заңы қойылған, қанға қан, жарақатқа жарақат. Бірақ И.Левшиннің  айтуынша:  «Наказания  могут  быть  смягчаемы  по  приговорам  судьи  или согласию истцов; и тогда преступник наказывается только установленною за всякое преступление платою (принцип «композиции). «Убийца возвращает себе жизнь, платя кун, т.е. отдавая за каждого убитого мужчину — 1000, а за женщину 500 баранов» [21; 358]. Қазақтарда жазаны жеңілдету Есім хан тұсында басталған: « Бізге келіп жеткен деректер бойынша, Есім хан ердің құнына 100 жылқы жəне 6 жақсы (6 түйе) кесім белгілеген», — деп жазады Н.Өсерұлы [14; 43].

Кейбір ғалымдар (С.Д.Дылыков жəне т.б.) жазаның жеңілдетілуін көшпенділердің материалдық жағдайларының төмен болуымен байланыстырады, яғни кінəлілар айыбын төлеу үшін ештеңе бере алмайды. Заңдылықты сақтауда қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайы əсерінің маңыздылығын ескере отырып, жазалардың жеңілдетілуін халықтың жалпы дүниетанымының дамуы, көшпенді қоғамдағы гуманистік принциптердің күшеюімен түсіндіруге болады.

Аталған заңдардың ұқсастықтарын зерттей келе, Т.Сұлтанов Тəуке хан жарғыларының 1640 жылғы ойрат жарғыларына еліктеу емес екендігін айтады [17]. Екі жарғының ұқсастығы қазақтар мен ойраттардың (қалмақтардың) шаруашылық-өндірістік іс-əрекеттер жағдайларының ұқсастығымен түсіндіріледі.

«Жеті жарғыны» «Их Цаазбен» салыстырғанда «1620 ж. он сегіз дала заңдарын» қоса талдау қажет. « Их Цааз» көп жағдайда осы заңдарға жүгінеді, мысалы, 98-бапта егер кімде-кім қасақана өрт қойса, ол Ұлы жарғы («Он сегіз дала заңы») бойынша жазаланады делінген [5; 9].

Қазақ зерттеушілері «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» туралы жазба деректерінің жоқтығын жəне «Жеті жарғының» мəтінінің толық еместігін айтады. Патшалық Ресей, Циндік Қытай мемлекеттері бірнеше жылдар бойы Қазақ хандығына бақылау жасап отырған. Бұл елдердің билеушілері қазақ қоғамының əскери қуатына ғана емес, құқықтық негіздеріне де аса мəн беріп келген. Сондықтан осы мемлекеттердің сыртқы саяси мекемелерінің  мұражайларынан ХV– ХVІІ ғғ. қазақ заңнамалары туралы көптеген мəліметтер табуға болады, соның негізінде олқылықтардың орнын толтыра аламыз.

Жоғарыда «Жеті жарғы» жəне «Их Цааз» заңдары талданып, ұқсастық элементтерінің кездесетіндігі көрсетілді. Екі халықтың заңдарындағы ұқсастықтың болу себебіне төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  • қазақ жəне жоңғар халықтары географиялық жағдайы бірдей аймақта көшпелі өмір салтын ұстанған халық, яғни қоғамдық өмірлерінің əлеуметтік жақындығы екі халықтың құқықтары мен заңдарының ұқсастығына өз əсерін тигізді;
  • қазақ-жоңғар заңдарындағы ұқсастық екі халықтың ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс хан бастаған монғол шапқыншылығы нəтижесінде құрылған Монғол империясының жəне одан кейінгі Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттерінің құрамында болуында. Яғни Шыңғыс ханның «Ұлы жасағын» басшылыққа алуы;
  • ұзаққа созылған этномəдени қарым-қатынас.

Қазақ-жоңғар халықтарының заң шығару мəселесінде өзара əсердің жоғары екендігін айта кету керек. Көшпелі қоғамның күрделі ішкі құрылымын зерттеуде қазақ жəне жоңғар жарғылары үлкен роль атқарады. Екі көшпелі халықтың заңдарының өзара əсері дербес зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар Шыңғыс ханның «Ұлы жасағының» ғасырлар бойы көрші қазақ-жоңғар халықтарының құқығына əсерінің қандай дəрежеде болғанын анықтау шарт.

Қазақ жəне қалмақ зерттеушілері екі халықтың ежелгі заңдарының өзара əсерін зерттеуі — бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты жоңғарлардың «Цааджан Бичиг», «Их Цааз» жарғыларынан бұрын пайда болған қазақтың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жарғыларын зерттеп, олардың жоңғар жарғыларына əсерін түбегейлі анықтау қажет.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Паллас П. Собрание исторических известий о монгольских народах. — СПб.: Изд-во АН, 1776. — 114 с.
  2. Леонтович Ф.И. К истории права русских инородцев. Древний монголо-калмыцкий, или ойратский, устав взысканий (Цааджин Бичик). — Одесса: Ун-т Св. Владимира, 1879. — 24 с.
  3. Голстунский К.Ф. Монголо-ойратские законы 1640 года. — СПб., 1880. — 214 с.
  4. Гурлянд Я.И. Степное законодательство с древнейших времен по XVII столетие. — Казань, 1904. — 198 с.
  5. Их Цааз (Великое уложение). Памятник монгольского феодального права XVII в. — М.: Наука, 1981. — 165 с.
  6. Пучковский Л.С. Монгольские, бурят-монгольские и ойратские рукописи и ксилографы Института востоковедения АН СССР. — М.-Л.: Наука, 1957. — 254 с.
  7. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635–1758). — М.: Наука, 1983. — С.
  8. Эрдниев У.Э. Историческая судьба ойратов. — Элиста: Калм. кн. изд., 1993. — С.
  9. Марков Г.Е. Кочевники Азии (структура хозяйства и общественная организация. — М.: Изд-во Моск. ун-та, — 1976. —С. 97.
  10. Бичурин Н.Я. Историческое обозрение ойратов и калмыков с XV столетия до настоящего времени. — СПб.: Типогр. Мед. департамента, 1854. — С.
  11. Зиманов С. Проблемы казахского обычного права. — Алма-Ата: Наука,1989. — 142 с.
  12. Кенжеғалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. — Алматы: Жеті жарғы, 1997. — 191-б.
  13. Ахметова Н.С. Көшпелі қазақ қоғамының құқығы. — Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2007. — 187-б.
  14. Өсерұлы Н. Жеті жарғы. — Алматы: Жеті жарғы, 1995. — 79-б.
  15. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Собр. соч.: В 5 т. — Алма-Ата: Наука, 1985. — Т. 4. — С.
  16. Едилханова С.А. Казахско-джунгарские отношения в XVII–XVIII вв. — Алматы: Дайк-Пресс, 2005. — С.
  17. Султанов Т. Кочевые племена Приаралья в XV–XVII вв. (вопросы этнической и социальной истории). — М.: Наука, 1982. — С.
  18. Смирнов П. Путевые записи по Калмыцким степям Астраханской губернии. — Элиста: Калм. книж. изд-во, — 201 с.
  19. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. — Омск: Тип. Окружн. Штаба, 1886. — 84 с.
  20. Митиров А.Г. Обычаи права калмыков в трудах дореволюционных исследователей России / Калмыковедение: вопросы историографии и библиографии. — Элиста: Калм. книж. изд-во, 1988. — 255 с.
  21. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. — Алматы: Санат, 1996. — 656 с.
  22. Насилов А.Д. Восемнадцать степных законов 1620 года. — М.: Наука, 2002. — 154 с.
  23. Узбекулы С. Хан Тауке и правовой памятник «Жеті жарғы». — Алматы: Ғылым, 1999. — 179-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.