Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдардың кейбір мəселелері

Жүректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағың,

Енді қайда барасың?

Омар Һаям

Бүгінгі таңда бүкіл елімізде жүріп жатқан ұлттық мемлекетті нығайту жолындағы игі істер, жаңалықтар өте көп. Солардың ішінде ең бастысы əрбір халықтың тарихын, тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне, əдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мəселесі болса керек. Міне, осындай қамқорлықтың бір көрінісі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес дайындаған Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы [1] болды.

Онда отандық тарихты оқытудың басымдықтары, негізгі проблемалары айқындалды. Тəуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанда жаңа əлеуметтік-саяси ахуал қоғамда да, оның азаматтарының санасында да үлкен сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егеменді ел болып, іргелі дамуға тұғыр болатын ұлттық сананың ұстанымды ерекшеліктерін айқындау қажеттігі туды.

Біріншіден, қазақтың толыққанды ұлт санатында болатынына, яғни оның өзіндік «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктерінің бар екенін фактілермен дəлелдей отырып оқыту — парыз. Отаршылдықтың ауыр зардаптарына қарамастан, аса тегеурінді этномəдени сананың сақталуының қайнар көзінің бірі дəстүрлі өмір салтының, тарихи маңызы терең талданып, оқу барысында берілуі қажет. Екінші, тарихпен қатар өріліп келе жатқан дəстүрлі құқықтың ел билеудегі, мемлекет пен қоғам үшін атқарар қызметінің ұлт болып ұйысуындағы ролін, нақты мысалдармен оқыту білім берудің ұлттық үлгісінің негізіне айналуы шарт.

Əлемге ғылымы-білімімен атағы жайылған Эллада, Рим, Вавилон, Мысыр, Қытай, Парсы жазба мұрасы, мəдениеті, əдебиеті жəне заңнама ережелері бар мемлекеттермен көрші отырып, сан мəрте экономикалық, мəдени, саяси байланыс орнатқан, империялық пиғылды сол елдердің бұғауына түспей, ел мен жерді қорғау мүддесі үшін жəне оның дəулетін молайту жолында, оларға қарсы əскери жорыққа шығып, ата-бабаларымыз көшпелі мемлекетті басқарып, жауына жем болмай, оларға өз үстемдігін жүргізді. Оның дəлеліне «Күлтегін» жырындағы мына өлең жолдарына назар аударған дұрыс.

Қаның судай ақты,

Сүйегің тау боп жатты...

Бек ұлдарың құл болды...

Пəк қыздарың күң болды...

Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік...

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды [2].

Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тəуелсіздік жайында жазылған тарихи жыр жолдарында ұрпақ үшін ұлтымыздың болашағына қажетті тағылым жеткілікті, яғни ұстаздың осының мəнін терең талдап оқытқаны дұрыс.

Үшіншіден, қазақтың жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алуға тыйым салғандығы, ұлттық сананы шыңдауға белгілі дəрежеде ықпал еткенін, сол дəстүрдің бүгінгі жаһандану заманында қазақ жастары үшін, ұлтымыздың болашағы үшін құндылығы бар екенін түсіндіру, оқыту қажет.

Қазақ елінің көшпелі тұрмыс-тіршілігінен іріктеліп шыққан əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер мыңдаған жылдар бойы сақталып келген. Бастау көзін əдет-ғұрыптардан алатын дəстүрлер, салт- саналар, жол-жоралар, үкім-кесімдердің құқықтық заң нормаларын орындаған функцияларын талдау арқылы оқыту əдет-ғұрыптың белгілі бір уақыт ішінде өмір сүріп, халықтық сипат алып, мемлекет мүддесіне сай келсе, мемлекеттік биліктегі заң нормасы болып танылғандығын, дəстүрлердің озық үлгілері мемлекеттік, саяси күшке ие болып, қоғамдағы билік саласындағы қызметтерді реттеуге, өзінің тыйым салу пəрмені арқылы заңды игіліктерді, оның ішінде жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік құқықтың ең жоғарғы сатысына көтерілгенін көрсету оқытудағы басты бағыт болуы керек.

Халқымыздың ойға орамды, жүрекке жылы икемді, есте сақтауға ыңғайлы сөз тіркестері, ұйқасты əуезбен, шешендік үлгідегі нақыл сөздер заң ережесіне айналған. Олар қазақ мемлекетіндегі дəстүрлі құқықтың бұлжымас қағидасы деп танылған. Нақыл сөздер мен мақал-мəтелдерді бүгінгі күндегі кодекс ретінде қолданып жүрген нормативтік заңдармен салыстыра қарап, талдау арқылы, ұлттық ой-пікірдің ұшқырлығы, ерекшелігін көрсетуде, жас ұрпақ санасына ұлттық мақтаныш, тіліне деген  құрмет  қалыптасуына  ықпал  жасайтыны  сөзсіз.  Мысалы,  сот  ісін  жүргізген  билер туралы:

«Қара қылды қақ жару», «Əділ билік — алтын таразы», «Тура биде туған жоқ», «Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады» жəне қылмыстық істерге қатысты айғақ-дəлелдер мен үкім-келісімдер, азаматтық, шаруашылық істердегі заң нормаларына келетін мақалдар мен нақыл-сөздер; сөз маржандары қазақ қоғамындағы тұрмыс-тіршіліктің өзінен ерекшеленіп шыққан, халықтың ұғымындағы дəстүрлі құқықтарының тұжырымдары. Осы ойы өткір, тегеуріні мықты аталы сөзге тоқтай білген халықтың бүгінгі ұрпағына дəстүр-салттарын тереңірек талдап, қазақтың би-шешендері жөнінде жарық көрген басылымдарды пайдаланған жөн [3].

Отандық тарихты оқыту барысында би-шешендер ерекше тұлға екені баса айтылуы тиіс. Би- шешендер тек қазаққа ғана тəн құбылыс, ол біздің халықтық асыл қазынамыз. Осы феномендік қасиеттерді оқып-түсінетін ұрпақ тəрбиелеу білім берудің ұлттық үлгісінің біріне айналмай отандық тарихты оқыту əдісі жетілмейді [4].

Отандық тарихты оқытуда басты көңіл идеялық тұғырды түсіндіруге аударылуы тиіс. Яғни дербес мемлекеттікті сақтау жəне дамыту жолындағы іс-əрекеттер тарихын, бүгінін, болашағын салыстыра оқыту. Соның бірегейі мемлекеттік тіл арқылы оқылатын тарих, елдің аумақтық тұтастығын сақтау, нақтылы экономикалық, əскери, ақпараттық дербестікке жетудің күрделі жəне ұзаққа созылатындығын түсіндіру. Ол үшін ұлттық мүдде тұрғысынан елді басқаруда ерекше қажыр- қайрат, төзімділік қажет екенін түсіндіру қажет.

Ұлттық мүддеге қызмет етудің ұлы үлгілерін шын мəнінде көрсетіп берген тарихи тұлғалардың, мемлекет басқарушылардың тарихын, солардың өз еңбектерін талдап оқыту арқылы берілуі қажет. Мысалы, Е.Б.Бекмаханов туралы тарихты оқытқанда мына проблемаларға көңіл аударған дұрыс.

Тарихты оқытуда қазақ тарихын жазу үшін қажетті деректердің ішіндегі құндыларының бірі — ұлттық құжатты (ақын, жыраулар шығармалары, шежірелер, ұлттық аңыздар, эпостық жырлар) пайдалану. Яғни бүгінгі біз айтып жүрген ұлттық деректердің, ауызша тарихи дəстүрлердің, фольклордың маңыздылығын жете түсіндіру.

Е.Б.Бекмахановтың еңбегін оқыта отырып, Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мəселесін қозғап, тəуелсіз мемлекет деген тақырыпты оқушылардың зердесіне салу. Сонымен қатар əлі толық зерттелмеген қазақ қоғамының дəстүрлі əлеуметтік құрылымы, саяси-экономикалық мəселелері, жер қатынастарын ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.

Бүгінгі күні өзекті болып отырған ұлттық оқулық жазу мəселесіне баса назар аудару қажеттігін де Е.Б.Бекмаханов алға қойғандығын атап айту керек.

Е.Б.Бекмахановтың Едіге батыр туралы деректер келтіре отырып, еңбек жазуы ұлттық батырларды, ру батырларына бөлмей, олар жайлы ерлердің ерліктері сериясын жазу керектігін, сол арқылы ұлттық сананы оятуды, азаттық қозғалыстағы қазақ батырларының ролін көрсеткендігін оқыту қажет. Ол Қазақстан тарихында тарихшы М.П.Вяткиннен кейін екінші болып ұлттық қозғалыс, тарихи тұлға мəселелерін, теориялық оқыту, методологиялық проблемаларды зерттеуі басқа да тарихшыларға ой салады. Оның еңбегінде Алтын Орда жəне оның Ресеймен қарым-қатынасы, Русь жəне   Дешті-Қыпшақ,   Патша   үкіметінің   Қазақстанда   жүргізген   саяси-əкімшілік   реформалары, Отандық тарихты оқытудағы ұлттық… қырғыз-қазақ қатынастары, ел билеудің дəстүрлі институттары, орыс-қазақ шаруаларының бірлескен күрестері, Қазақстанның Қытаймен, Хиуа, Бұқара, Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары деген күрделі проблемалардың орын алуы — болашақ тарихшылардың бүгінгі күнгі тəуелсіз Қазақстан мемлекетінде сыртқы саяси қарым-қатынасқа негіз болғанын көрсету.

Е.Б.Бекмаханов еңбегі — отандық тарихта тарихнамалық еңбек жазудың үлгісі, оның еңбектерінде келтірілген мұрағат деректерінің өзі Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланатын бір мəселе. Оның түрмеде жазған хаттарынан, көрген азаптарынан 1991 жылға дейін зерттелмеген тарихи проблемада Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген  зорлық-зомбылығы  деген  тақырып ХХ  ғ. 40– 50 жж. өзінде күн тəртібінде тұрғандығын көрсету керек. Оны айыптау құжаттарынан қазақ зиялыларының 1937 ж. кейінгі екінші рет қудалау тарихын зерттеуге қажетті деректер алуға болады.

Қазақ зиялылары туралы тақырыптарды оқытқан кезде Ə.Бөкейхановтың қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысты еуропалық, демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолы арқылы тəуелсіздікке жетуді жақтағанын жəне А.Байтұрсыновтың ұлт-азаттық қозғалысқа гуманистік, ұлттық сипат бергендігін, оқу-ағарту арқылы ұлттың өзін-өзі билеуге жетуге шақырғандығын баса айту керек. Яғни қазақ зиялыларының идеялары тəуелсіздіктің ұлттық тұғырнамасы болғандығын терең түсіндіру парыз.

Ұлы реформатор А.Байтұрсынов туралы материалдарды түсіндірген кезде оның мынадай мəселелерге көңіл бөлгендігін баса айтуға тиіспіз. Оның кəсібилікке көңіл бөлгендігі. Оның айтуынша, «мал бағатындар мал бағуын жақсы білуге керек», «ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек», «бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуі керек» дей келе, «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын» азаматқа «ұлт намысы» екі ауылдың, я екі рудың намысы емес екендігін ескерткендігін көрсету қажет.

«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» — дей келіп ол: «Баланы ұлша тəрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы», — деп пайымдайды. Рухани отаршылдықтың сырын терең түсінген халықты құлдықтан, «соқыр санадан», «адамдық айуандықтан» құтқарудың жолын іздейді. Осы ой-пікірдің мəнін ашып, бүгінгі күнмен байланыстыра түсіндіру абзал.

А.Байтұрсынов ұлы ұстаз-теоретик ретінде бала тəрбиесінен бастап ұлттық санаға дейінгі педагогикалық проблемаларды жан-жақты зерделеген. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, бізде өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік», — деп армандайды, соның концептуалдық мəнін ашып түсіндіру керек.

А.Байтұрсынов ұлт ұстазы ретінде, М.Əуезов айтқандай, «елшілдік ұранын» көтерді, ұлттың мұң-мұқтажына, мүддесіне тоқтала келіп, «заманына қарай амалы» барын айтып, «талап жоқ, үміті мол» қазаққа «ғамалыңды түзет, түзелмесең ешкімге кінə қойма!...Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тиын жұғымды» екенін дəлелдеді, ХХ ғ. басындағы нарықтық экономикаға халық пейілін бейімдейді.

Ол ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып, ағартушылықты планетарлық масштабта  қарады, өз халқын білім жарысына түсетін күнді жақындатты. Бұл бүгінгі күні Елбасымыз Н.Назарбаевтың «бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу» идеясымен ұласып жатқандығын түсіндіруге міндеттіміз.

А.Байтұрсыновтың шəкірттері ішінде М.Дулатов, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, башқұрт Заки Валиди Тоган, қырғыз И.Арабаев, Ə.Сыдықов «Қазақ» мектебінен өткен зиялылар ретінде олардың еңбектерінде талдап оқыту қажет.

Ресейлік отаршылдық қанаудан, кеңестік ұжымдастырудан, саяси қуғыннан, ұлтшыл деп жойылудан, орны толмас мəдени шығындардан, қазақ халқының бір бөлігі мəңгүрттенуге жақындаған, ұлттық киесі күйреген, кезеңінен де мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың психологиялық тығырыққа тірелмей, өздерін ұлы өркениеттің мұрагері, өзінің ұлттық «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін алып шығып, оны жаңғырта білгендігі жəне ұлттық мəдени дамуды тежеу ешкімнің қолынан келмегендігін терең талдау бүгінгі таңдағы оқытудың басты міндеті болмақ.

Өлмейтін, өміршең қазақтың рухани əлемі ауызекі поэзия дəстүрін тарих пəнінде оқыту арқылы, қазақтың терең дүниетанымдық қасиеттерін берудің маңызы зор.  Рухани төлтумалықтың темірқазығы тек зиялылар ғана емес, қара халықтың өзі болғандығын түсінген ұрпақ қана құлдық психологиядан арылады. Малшысы мен манабының бір деңгейде сөйлейтініне мақтанған халықтың, ұрпағына қазақ тілінде өз тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіру ойлаудың ұлттық   ерекшелігі болып шығады. «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі  ұйытқы болған — оның ғажайып тілі» [5].

Отандық тарихты оқытуда ұлттық ұстанымның бірі ретінде қазақ болмасының ерекшелігі оның тарихшылдығы, шежірешілдігі болады. Сондықтан да далалық ауызша тарихнама терең талданып, білім стандарты бойынша оқытылуы қажет.

Тарих дегеніміз өмір, қоғам жəне адамтанудың ұлы мектебі екендігіне көніл аудара отырып, қазақтың қоғамдық құрылымында жеті ата ғана емес, тұтас елді саралап танып, сабақтап тарата білу кез-келген қазақ үшін өмір салтына, əрі өмірлік қажеттілігіне, əрі кісілік нормасына айналғанын түсіндіру керек. Сондықтан да отандық тарихты оқытуда бұл мəселеге көп көңіл бөлу, бүгінгі тек тест жаттап, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін білімділікпен қатар өз халқын сүюге  де тəрбиелейтіні сөзсіз.

Тарихымызды оқыту да, жаңаша жазу да бүгінде күрделі. Солардың бірі тарихты кезеңдеу мəселесі. Бұл жөнінде əлі орныққан методологиялық шешімдер жоқ [6].

Қазақ халқының тарихы «ұлттық тарих жылы» деп аталған кезеңде кеңірек зерттеле бастады, алайда басшылыққа алатын методологиялық принциптер жоқтың қасы. Бұл қиындыққа қарамай, ұлт болып қалу үшін ұлттық тарихымызды оқытуда ұлттық ұстаным жəне білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру міндеті тұр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы. — Алматы,
  2. Жолдасбеков М. Асыл арналар. — Алматы, 1986. — 40, 41-б.
  3. Қазақтың жүз би-шешені // Қазақ əдебиеті. — — 23, 30 сəуір; 7, 14, 28 мамыр; Билер сөзі — ақылдың көзі. — 4, 11, 18, 25 маус.
  4. Нысанбек Төреқұл. Даланың дара ділмарлары. — Алматы, 2001.
  5. Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы,
  6. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас. — Алматы,2006ж.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.