Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарих пəнін оқытуда проблемалық əдістерді қолдану

Білім беру бағытында заман талабындағы өзекті мəселелердің бастысы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу, олардың біліктері мен іскерлігін  қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тəжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндік аумағын кеңейту болып табылады. Бұл процестерді жүзеге асыруда тарих пəнінің міндеті мен қызметі, əрине, ерекше.

Тарих оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қолайлы шарттарды, əдіс- тəсілдерді, алуан түрлі дидактикалық, түрлендіру жолдарын беретін пəндердің бірі жəне бірегейі болып табылады [1].

Оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ процесіндегі мұғалімнің тəрбиеші, зерттеуші, психолог ретіндегі ролі, оның теориялық білімі, тəжірибесі, сабақты ұйымдастыру шеберлігі — сабақтың сапасы мен нəтижесіне тікелей əсер ете отырып, сабақты белсендіру жолдарын іздестіруге, оқушының танымдық қабілетін дамытып, білім-біліктілік деңгейін анықтап, соған сəйкес əрекет етіп шыңдауға бағытталады.

Оқыту процесінде — тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдау, оларға баға беру барысында — дайын тұжырымдар мен қорытындыларды таңбай, оқушының осыған деген көзқарасы мен тұжырымына алып келу керек, яғни догмалықтан таза қабылдаудан бастап, ойлана отырып, салыстыру негізінде белгілі бір қорытындыға, түйінге өз бетімен жету [2].

Тарих пəнін оқытып-үйретудегі жылдар тəжірибесіне сүйене отырып, оқушының білім-біліктілік дəрежесін бағалауда, міндетті, мүмкін, жоғары, шығармашылық деңгей өлшемдерін (критерий) анықтау мүмкіндігі туады [3].

І-деңгей — міндетті:

Оқушылардың материал мазмұнын толыққанды дəрежеде баяндап бере алуы, тарихи терминдердің мəнін айқындау мүмкіндігі мен хронологиялық даталарды білуі. Оқулықпен жəне құжат материалдарымен жұмыс істей алу қабілеті, яғни тақырыптық жоспар, тезис жасай алуы, графикалық тапсырмаларды орындай білуі.

ІІ-деңгей — мүмкін:

Оқушының тарихи идеяларды меңгеруі, таңдау элементтерін білу, тарихи құбылыстар арасындағы заңдылықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды ашып көрсету, тарихи құбылыстарға, тарихтағы адамдар қызметіне баға беру, белгілі бір тарихи мəселелер бойынша өз пікірін айта білуі жəне дəлелдеу қабілеттілігі.

ІІІ-деңгей — жоғары:

Оқушының тікелей ізденушілік əрекеті нəтижесінде шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасқандығы, логикалық тапсырмалар мен проблемалық ситуациялық мəселелерді қиындықсыз шешуге жаттыққандығы, белгілі бір тарихи құбылыстар мен оқиғаларға өз тарапынан  балама көзқарас пен ұсыныс жасауға бейімділігі жəне осыны тарихи заңдылықтарға сүйене отырып, тұжырымдап дəлелдей алуы.

ІV-деңгей — шығармашылық.

Оқыту процесінде түрлі əдіс-тəсілдерді шығармашылықпен қарастырған жағдайда оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатында өте тиімді пайдалануға болады. Осы орайда оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық ойлау тапсырмаларын беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты əдіс, тəсілдерді ұтымды пайдалануды оқыта отырып, дамыту талабын жүзеге асыруға үлес қосады, яғни бұл жағдай оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыратын тиімді тəсілдерді пайдалана отырып, тарихи  оқиға, құбылыс, фактілерді талдауға, ізденуге, дəлелдеуге үйрету, қайшылықты проблеманы шешу, оқушының ой-пікірі дербестігі мен еркіндігін барынша кеңейту, сабақта проблемалық жағдай жасау міндетін қояды.

Сабақтың үй тапсырмасын сұрау, жаңа оқу материалын үйрету жəне сол материалды пысықтап- бекіту сияқты аса маңызды кезеңдері мүмкін болғанша оқушылардың көпшілігінің белсене қатысуымен, олардың өз жұмыстарын ұйымдастыруымен, ал жаңа оқу материалын оқып-үйренуге оқушылардың өздерін тікелей қатыстыруымен ерекшеленуі тиіс. Мұндағы негізгі міндет — оқушының ойлау қызметін дамытуға басты назар аудару.

Сабақ процесінде проблемалық оқытуды, яғни проблемалық ахуал туғызуды оның барлық кезеңдерінде, жаңа материалды оқытып-үйретуде, пысықтап-бекітуде, үй тапсырмасын сұрауда, жүзеге асырып отыру тиімді [4]. Мұндай əдіс сабақтың түрлі тұрпаттарында саналуан əдістер арқылы жүргізіледі. Мысалы, біз өзіміз жиі қолданатын мəтін мазмұнына байланысты проблемалық сұрақтар қою жəне оған ауызша жауап беру арқылы шешумен қатар проблемалық əдісті құжат материалдарын талдау негізінде, оқулықпен жұмыс жүргізу барысында мəтін мазмұны бойынша əрбір бөлімге тақырыпша, ат қою, топтық проблемалық жұмыс тапсырмалары, тарихи көркем əдебиетті пайдалану негізінде іске асыруға болады.

Жалаң сөзді болмау үшін практикалық іс-əрекеттен мысалдар келтіруге болады: «Қазақстан тарихы» пəні бойынша «Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы» тақырыбын проблемалық ахуал тудыра отырып, кесте жұмысы арқылы жалпы ұжымдық əдіс негізінде жүргізуге болады. Жаңа тақырып айтылып, мақсатымен танысқан соң оның мазмұны баяндалмас бұрын, оқушыларға алдын ала проблемалық тапсырма беріледі.

Бірінші проблемалық тапсырма — Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуына қандай саяси, əлеуметтік, экономикалық жағдайлар кері əсерін тигізді? Оны қалай шешуге болатын еді? Өз ұсынысың. Екінші проблемалық тапсырма — ауыл шаруашылығының артта қалушылығын жойып, дамыту қандай тəсілдер арқылы жүзеге асырылды? Материалдың мазмұны түсіндіріліп болған соң тапсырманы орындап, жауап беру үшін 3–4 мин уақыт беріледі. Жауаптардың ішіндегі дұрыс, нақты жауап тақтаға жазылады. Осыған орай оқушылар тарапынан туындайтын ұсыныс, пікірлер айтылып, оңтайлы деп танылған шешім де тақтаға жазылады. Оқушылар тақтадағы  мəселелерді дəптерлеріндегі кестеге толтырып отырады.

«Тың жəне тыңайған жерлерді игеру» тақырыбында сынып жеке екі топқа бөлінеді. Əр топ проблемалық тапсырмалар жазылған карточкалар алады.

1-топ — Тың игерудегі жетістіктер, республиканың экономикалық өркендеуі. 2-топ — Тың игеру: қайшылықтар, зардаптар, салдары.

Əр топтан айтылған нақты дұрыс жауаптар ғана тақтаға жазылып отырады. Оқушылар оны өз дəптерлеріне жазып отырады.

 Жетістіктер.республиканың экономикалық өркендеуі.

 Бұл кесте топтарға тапсырмалар таратылып берілген соң тақтаға жазылады.

Немесе 11-сыныптың «Адам жəне қоғам» курсындағы «Қазіргі замандағы экологиялық проблемалар» тақырыбының практикалық бөлімін проблемалық іс-əрекет ойынын ұйымдастыру арқылы өткізуге болады [5]. Сыныпты үш топқа бөліп, мұғалім «Қалашық» деп аталатын оқиғаны əңгімелеп береді. Бұдан соң əр топқа өз рольдері көрсетілген тапсырма қағаз таратылып беріледі жəне 10 мин уақыт ішінде — осы мəселелерді шешу жолдарының тізімін жазу керек. (Əр топтан оқушылар өз шешімдерін тақтаға жазады, барлық топ тақтаға өз тапсырмаларын орындап болған соң, əр топ бір оқушы шығып өз тұсау кесерін (презентация) өткізген соң, ең маңызды, қабылдауға болатын шешімнің асты сызылады.)

1-топ — Əкімшілік қызметкерлері — Сендерді қаладағы жағдай қобалжытып отыр. Бір жағынан, əлеуметтік сала осы кəсіпорынға қарап отыр, екінші жағынан, осы қалада сендердің отбасыларың тұрады. Ең бастысы — қаладағы қоғамдық ұйымдар болып жатқан жағдай туралы республикалық газеттерге жариялап жатыр.

2-топ — Өнеркəсіп иелері — Сендер «Бақыт» АҚ-ң өкілдерісіңдер. Екінші жағынан — сендер үшін талас-тартыстан бизнес маңыздырақ. Басқа жерге көшу немесе жұмыстан кету бұл мəселені шешпейді. Өйткені кəсіпорынды жабдықтауға көп қаражат жұмсалды.

3-топ — Қоғамдық ұйым — «Жасыл қала» өкілдерісіңдер. Жағдай толғандырады. Əрекет етуге дайынсыңдар. Бірақ билікпен келіспеушілік, демонстрация, кəсіпорынды жабу — басқа да мəселелерді тудыруы мүмкін екенін жақсы білесіңдер.

Бұдан соң — келесі тапсырма беріледі — бұл жалпы ұжымға (ұжымдық) берілетін тапсырма:

— Туындаған жағдайлармен ең алдымен кім күресе алады? (Дəрігерлер, ата-аналар, белсенді азаматтар, мəселеге қатысты адамдар).

— Адамдарды шешім қабылдауға не итермелейді? (Жеке мүддесі, кəсіби қызығушылығы, белсенді өмір позициясы).

— Əкімшілік қызметкерлерін, өнеркəсіп иелерін, қоғамдық ұйымда жұмыс істеуге не итермелейді?

а) мемлекеттік органдардың басты міндеті — тұрақтылықты сақтау (экономикалық, əлеуметтік, құқық, тəртіп);

б) коммерциялық құрылымдардың басты міндеті — пайда түсіру;

в) қоғамдық ұйымның басты міндеті — əлеуметтік маңызды мəселелерді шешу, қоғамда жағымды өзгерістер жасау [6].

Əрине, мұғалімнің тəжірибелік іс-əрекетінде оқытудың проблемалық əдісін қолданудың жолдары алуан түрлі. Мұны əр ұстаз өз тəжірибесінде тиімді пайдалануға ұмтылады. Бірақ бір шындық бар — ол оқушыларды түрлі тың деректі материалдармен, құжаттармен, естеліктермен жабдықтап, яғни хабарландырып отыру, қысқаша айтқанда — оқушылардың арнайы қосымша əдебиеттерді оқып, таныс болуы, яғни олардың əр түрлі көзқараспен таныс болуы.  Осы қарама- қайшы көзқарастан, пікірден жаңа проблема, сұрақ пайда болады, ал оның дұрыстығын, шындығын анықтау арқылы іздену, талпыныс жасауда оқушы жаңа ойларды тауып, проблемасын талдауда жаңалық ашады, өзіне қызықты пікірлерді салыстырып, танымдық, шығармашылық белсенділігі арта түседі. Сөйтіп, оқушы алдымен мұғалімнің көмегімен, кейіннен өздігінен түрлі деректегі əр түрлілік пен қайшылықтан дұрыс қорытынды жасап, түрлі мəліметтерді сыни жəне аналитикалық талдауға, ой-пікірін жаңа жағдайда, дұрыс дəлелдей білуге, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік алады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. — Алматы,
  2. Назарбаев Н. Заманның сыншылы да, тарихшысы да — бүгінгі жастар // Егемен Қазақстан. — 2001. — 22 қазан.
  3. Азаматтық білімге кіріспе. — Алматы,
  4. Əбдіғұлова Б. Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. — Алматы,
  5. Көпекбай Ə., Воронянская О. Қазақстан тарихын оқыту əдістемесі. — Алматы,
  6. Жексенбина Ү.К. Жеке тұлға дарындылығы. — Алматы,2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.