Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру

Біз өмір сүріп жатқан XXI ғасыр жан-жақты дамыған, өз ісіне жəне өзгенің ісіне əділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның əлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тəрбиелеуді талап етіп отыр.

Қазір білім беру стандарты талаптарына сай тарих пəнінің оқытылуына, тарихшы мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктелді. Өйткені жас ұрпақтың бойына ұлтжандық сезім мен сана, дүниетаным қалыптастыруда тарих пəні басты рөл атқарады.

Мектепте тарих пəнін оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері:

  • оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
  • бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мəдени-тарихи тəжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
  • тұлғаның жеке мүддесін, оның бейімділігі мен танымдық мүмкіндіктерін барынша ескере отырып, оқушылардың өз халқы мен басқа да халықтардың мəдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мəдени мұрасын сақтауға жəне байытуға үлес қосуға тəрбиелеу;
  • оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, адамзаттық сезімді дамыту;
  • оқушыларға эстетикалық, экономикалық тəрбие берудің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тəрбиелеу;
  • оқушылардың басты назарын қоғам тарихына: адамдардың өмір тіршілігіне, қызметіне, салт- дəстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу.

Еліміздің «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттері қойылған. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындауда стандарт талаптары негізінде білім сапасын жетілдіру маңызды орын алады. Ол үшін қазіргі педагогиканың соңғы жаңалықтарын, оқу-əдістемелік тəсілдің тиімді жолын таңдау, оқытуда үздіксіз ізденіс жасау, оқулықпен шектелмей тың деректерді пайдаланып, білім сапасын жақсарту көзделіп отыр [1].

Мұғалім еңбегі үнемі шығармашылық ізденісті, əдістемелік шеберлікті жетілдіруді талап етеді. Сондықтан тарих пəнін оқыту барысында оқушылардың таным белсенділігі мен ойлау қабілетін, ізденісін дамыту үшін сабақтың əр түрлі типтерін ұйымдастыру нəтижеге жетудің негізі бола алады.

Қазіргі мектепте тарих сабағын жетілдірудің тағы бір жолы — интерактивті тақта мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдану əдістері.

Қазіргі кезде аctivstudio (активстудио) бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы интерактивті тақтамен оқыту технологиясы — оқу үрдісін белсенді, қарқынды етудің бірден-бір жолы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Ол əр  түрлі түспен көркемделіп, дыбыстармен, мультимедиалық-операциялық ортамен құрылған сабақ.

Activstudio бағдарламасының көмегімен жасалатын дыбысты, суретті сабақ көрнекілігі флипчарттарды сабақ барысында тиімді қолдану сабақ үрдісінің сапасын арттырып, оқушылардың қызығушылығы мен ақпараттық мəдениетін арттыруына жəне мұғалімнің сабақ кезеңдерін жүзеге асыру уақытын үнемдеуіне септігін тигізетініне көзіміз жетіп отыр [2]. Оқушы танымын арттыру мақсатында «нысандарды мағынасына қарай топта», «тиісті орынға апар» деген сияқты  тапсырмалар жиі кездеседі. Осыны жүзеге асыру үшін Activstudio бағдарламасында объектілерді  контейнер ретінде пайдалануға мүмкіндік қарастырылған.

Оқушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіруде электрондық оқулықтың көмегі зор. Білім беру жүйесін ақпараттандыру — бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені ол — берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кəдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу жəне дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары қолға алынып отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қауіпін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана əкеліп соқтыратыны белгілі. Міне, осы тұрғыдан білім беру мəселесін алға тарта отырып, ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.

Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық əлеуметтік аймақтармен əрекеттесуі жəне олардың бір-біріне əсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу құралдары мен əр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар жатады. Қазіргі кезде электрондық басылымдарды əзірлеу жəне пайдалану мəселелерін зерттеу өзекті іске айналды.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты — ХХІ ғасырдың талаптарына сəйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу. Осыған сəйкес жаңа білім жүйесінің ерекшеліктеріне оның іргелігі, алдын алу сипаты жəне осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Болашақта ақпараттандыру ісі білім беру жүйесін түбегейлі түрде өзгертеді деп  күтілуде. Мұндай жағдайда алдыңғы сапқа оқыту материалдарын элетрондық құралдарда өрнектейтін жəне соларды дер кезінде жеткізу мүмкіндіктеріне сүйенетін жаңа педагогикалық технологиялар шығады. Алғашқы тəжірибелер көрсетіп отырғандай, білім беру жүйесінің тиімділігін пайдаланылатын ақпараттық технологияларға емес, оларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын педагогикалық жұмыстардың сапасына байланысты болмақ.

Электрондық оқулық — дисплей экранында көрінетін жай ғана мəтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Ендеше оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап игеру тəсілі мен логикасына да өзіне тəн етіп таңдап алып, осы сəтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулық төмендегіндей жағдайлар жүзеге асқанда тиімді болады:

  • жедел кері байланыс;
  • анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі;
  • демонстрациялық мысалдар мен модульдер;
  • бақылау (тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау).

Электрондық оқулықтың құрылуының бірнеше ұстанымдары мыналарға саяды:

  • оқу ақпаратын сызықты емес жəне көп деңгейлі көрсету;
  • өз бетінше орындау жəне жеке жұмыстарға бағытталу.

Электрондық оқулықтың екі түрі бар: жабық электрондық оқулық жəне интернет оқулық. Біріншісі тəуелсіз жəне тұрақты болып табылатын пəндік облыста дəстүрлі оқулыққа айналған. Ол жеке дербес компьютерде немесе локалды желіде қолданылады. Интернет-оқулық — ол ашық оқулық. Ол сыртқы ақпарат көздеріне сілтейді жəне глобалды желінің серверлерінің бірінде орындалады.

Электрондық оқулықтың басқарушы модулі қиындық деңгейінен тəуелді мазмұнының динамикалық құйылуын қамтамасыз етуі керек. Ядро ақпаратты (оқулық мəтіні, суреттер жиынтығы, зертханалық модельдер мен бақылау есептерінің қиындық деңгейі) дифференциалдап шығаруды қамтамасыз етуі қажет.

Электрондық оқулықты құрайтын ең қажетті бөліктердің бірі — курстың барлық тақырыптарын қамтитын гипермəтінді оқулық. Оқулықты оқу құралы немесе конспект-анықтама ретінде қолдануға болады. Оқулық төмендегі жағдайларды қамтамасыз етуі керек:

  • курс бойынша түсінікті навигация;
  • бұрын ағылшын тақырыпқа қайта оралу мүмкіндігі;
  • курстың іздеу кешеніне көшпей-ақ берілген тақырып бойынша іздеу.

Электрондық оқулықта иллюстрация болуы керек. Мультипликациялар мен бейне- иллюстрациялар (анимациялар) — электрондық оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі. Анимация — қозғалыстың əр түрлі кезеңіне сəйкес кесіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тəсілі. Электрондық оқулыққа көптеген анықтамалық материал кіруі тиіс. Ал тестілеу кешені — есеп шығару дағдыларын қалыптастыруға, бақылау жұмыстарын өткізуге арналған электрондық оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі. Кешен, негізінен, төменднгілерден тұрады:

  • қиындық деңгейлерін басқару жүйесі;
  • сұрақтар мен есептердің мəліметтер қоры;
  • жаттықтандырушы блок;
  • тестілеу блогі;
  • бақылау жұмысын басқару жүйесі;
  • курс бойынша өзін-өзі бақылау сұрақтары.

Электрондық оқулықта қарапайым оқулыққа қарағанда қосымша, біріншіден, күшті өз білімін тексеру жүйесі; екіншіден, аралық бақылау жүйесі болуы керек. Өз білімін тексеру жүйесіне қойылатын негізгі талап — тест сұрақтарының көп болуы. Тест сұрақтары оқулықтың бүкіл материалын қамтитындай көп болуы керек [3].

  1. Сұрақтар кездейсоқ ретте берілуі керек.
  2. Сұрақтар нөмірден немесе басқа символдық белгілеуден басталмауы тиіс. Сынақтан өтуші əрқашан сұрақты оқып, ұғынуы керек, яғни сұрақты оның реті немесе символы емес мағынасы бойынша еске сақтау.
  3. Мүмкін болатын жауаптар да кездейсоқ ретпен берілуі керек.
  4. Жауап беруге уақыт шектелуі болуы қажет. Бір сұраққа жауап беруге кететін уақыт бір минут деп көрсетіледі.
  5. Тест сұрақтарының жиынтығы əр тақырыпты оқығаннан кейін оқу материалын қаншалықты меңгергенін тексере алатындай, тақырыптар бойынша орналастырылуы керек.
  6. Тестілеу жүйесіне оқушының сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты бағалау кіруі тиіс.
  7. Компьютерлік тест қолдану қарапайым болуы қажет. Тест сұрақтары жəне оларға жауап мағынасы жағынан түсінікті болуы керек.

Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың инновациялық əдістері ретінде қашықтан оқыту үрдісіне енгізіліп келеді. Қашықтан оқытудың технологиялық базасының негізі — компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы желілер. Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:

  • белгілі бір пəнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы;
  • электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дəріс конспектісін қамтитын негізгі, зертханалық жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тест; материалды дайындауда пайдаланылған əдебиеттер бөлімдерін қамтуы;
  • электрондық оқулықтың кəдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауы, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты əрі қысқа берілуін ескеру керек;
  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2–3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мəтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі жəне мəтінді жоғары — төмен, оңға — солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да əсер етеді;
  • бір қатардағы мəтін 62–65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
  • оқулықты шектен тыс иллюстрациялық. Анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері əсерін тигізуі мүмкін [4].

Электронды оқулық оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістіктеріне сəйкес жетістіктерге жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектеседі.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. — Алматы, 2007. — 134-б.
  2. Қараев Ж. Білім беру процесіндегі танымдық əрекеттің белсенділігі. — Алматы: Жазушы, 2005. — 176-б.
  3. Қараев Ж., Қобдикова Ж. Технологиялар негізінде педагогикалық жүйені модернизациялау мəселелері. — Алматы: Жазушы, 2005. — 98-б.
  4. Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. — Алматы, 1999. — 78-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.