Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орта мектептерде «Қазақстан тарихы» пəнін оқытудың кейбір мəселелері

Қазақстан тəуелсіздік алған осы жылдар ішінде еліміз үлкен өзгерістерге қол жеткізді. Ел ішінде экономиканың салалары барған сайын даму үстінде. Демократиялық үрдістер мен азаматтық қоғамға бастайтын саяси реформалар жүргізілуде. Осылармен қатар білім беру саласы да маңызды реформаларды басынан өткеруде.

Кеңестік кезеңде КСРО тұсында қалыптасқан білім беру жүйесінің өзіндік дəстүрлері, құндылықтары мен артықшылықтарына қарамастан, ұлт республикаларында ана тілдері мен тарихтарына өте аз сағат бөлінді жəне тарих оқулықтары кеңестік идеологияға сəйкес бұрмаланып жазылған. «Қазақ тарихы» жеке пəн ретінде 1960–1961 оқу жылына дейін оқылмай келді.

Қазақстанның білім беру жүйесі еліміздің Конституциясының қағидаларына, «Қазақстан–2030» Стратегиялық бағдарламасына, ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауларына, сонымен бірге халықаралық білім саясатына арналған құжаттарға негізделеді. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі  аталмыш құжаттарды басшылыққа ала отырып, білім беру жүйесін қалыптастырып əрі оны дамытуда.  Аталмыш министрлік «Білім туралы», «Ғылым туралы» ҚР Заңдарымен қатар Білім беруді дамытудың 2005– 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жасап, осы заңнамалық негіздерге сəйкес іс- шаралар атқарылуда. Осы іс-шаралардың ішінде ұлттық мүдде мен идеяны қалыптастыруға көмектесетін «Қазақстан тарихы» пəнін оқыту мен оның оқу құралдарымен қамтамасыз ету де бар.

Ендігі кезде «Қазақстан тарихын» кең көлемде оқитын, сол арқылы келешек ұрпаққа төл тарихымыз бен мəдениетімізді жеткізетін уақыт туған шақта тарихты оқытуда алғашқыда бірқатар қиындықтар кездесті. Біріншіден, орта мектептерге арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарын жазу; екіншіден, оқулықтардың мазмұнының сапалық жағы; үшіншіден, оқу құралына көмекші оқу- əдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Осы мəселелерді қысқаша сараптап қарастырып көрейік.

Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ отандық оқу құралдарын жазуға ерекше көңіл бөліне бастады. «Қазақстан тарихы» оқулықтарын жазуға қазақстандық ғалымдармен қатар тəжірибелі мектеп ұстаздары да қатысты. Нəтижесінде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен оқулықтар əзірленді. Ұзақ жылдар асыға күткен тəуелсіз еліміздің тарихын, оның арттағы көпғасырлық тарихынсыз елестету мүмкін емес еді. Сондықтан «Қазақстан тарихы» оқулықтары Қазақстанның территориясындағы болған жəне қазақ халқының тағдырындағы маңызды тарихи кезеңдер мен оқиғаларды барынша қамтуға тырысты. Соған қарамастан, орта мектептерге арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарының мазмұны ұлттық білім беру үлгісіне сай болмады. Мысалы, № 7 Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ.Қасымбаев əзірлеген жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғ. — 1914 ж.)» оқулығы («Мектеп» баспасынан 2004 жылы шыққан. — Қ.С.) бойынша білім алады. Бұл оқулық бір қарағанда көзге жақсы жазылған кітап болып көрінеді. Жеті бөлімнен тұратын бұл оқулықта көрсетілген мерзім ішіндегі Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы жəне мəдениеті біршама жақсы жазылған. Оқулықтың тағы бір ұтымды тұсы — əрбір тақырыпшалардан кейін оның мəтініне сəйкес берілген түрлі құжаттық материалдардың болуында. Сол сияқты біраз карталар мен соңында хронологиялық шеңбер ішіндегі басты оқиғалардың даталары, оқулықтың мазмұнында жиі кездесетін шартты қысқартулар да берілген. Алайда ұлт мүддесі үшін өмірлерінің соңына дейін күресіп өткен алаш азаматтарына байланысты, олардың қоғамдық-саяси қызметтерінің қырлары, мəдениетке қатысты кейбір мəселелер əлі де болса толықтыруды қажет етеді. Мысалы, қазақтардың Мемлекеттік думаға сайлануын, олардың саяси белсенділіктерінің өсуін, екі Думаға қазақтардан барлығы он екі адам сайланғанын, олардың ішінде үшеуі екі Думаға да депутат болғанын жəне де олардың империяның төріндегі үлкен мінбелерден ұлтының жоғын жоқтаған Алаштың алғашқы азаматтары екеніне ерекше көңіл бөлген дұрыс сияқты. Себебі тарихта олардың іздері ұмытылмастай болып қалды. Қалай болғанда да Алаштан шыққан алғашқы 12 депутатты бөліп-жармай, барлығы туралы қысқаша мəліметтер берілу қажет. Оқулықта Алпысбай Қалмен, Дəуіт Ноян Тұндыт, Тілеулі Аллабергенұлы, Бақтыгерей Құлман, Молда Тайынұлы сияқты депутаттардың аттары да жазылмаған [1]. Тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғалар жайында толық деректер беру мүмкіндігіне қазіргі кезде қол жеткізілді. Олай дейтініміз кезінде мұрағат қорларында «құпия» белгімен сақталып келген құжаттармен ғалымдардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмесе, қазіргі кезде мұндай құжаттармен танысуға толық мүмкіндік туды. Жеке тұлғалар, олардың қоғамдағы орны, бір-біріне əсері, əсіресе ұрпақтар сабақтастығы, оның ішінде ұлт зиялыларының тəуелсіздік пен бостандық жолындағы күрестері сияқты өзекті мəселелерді жаңа буын өкілдері — мектеп оқушыларына жан-жақты жеткізетін кез келді.

Ал осы оқулықтағы «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мəдениеті» тақырыпшасын қарасақ, мұндағы мəдениет тақырыбы да толық ашылмай қалған. Айталық, атақты Əміре Қашаубаевтың жай ғана əнші емес, оның қазақ музыкасын алыс шетелге — Францияға танытқаны  туралы қысқаша жазып кетсе немесе оған байланысты құжаттардан үзінді келтіру керек. Сондықтан оқулықта бұл мəселелердің қамтылмай қалған тұстары, мектеп хрестоматияларында жазылғаны дұрыс. Оқулық баспадан 2004 жылы жарық көргендіктен, оны толықтырып, өңдеп қайтадан екінші рет басып шығаруға əбден болады. Мұндай тілек-ұсыныстардың 5–7 жəне 9 сынып оқулықтарына да қатысы бар. Себебі бұл оқулықтарды да қайтадан қарастырып, толықтыру қажет. Мысалы, Қазақстан территориясы қола ғасырлар ескерткіштеріне өте бай. Осы ескерткіштердің кейбірі ғана мектеп оқулықтарында бар. Ал соңғы жылдары «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаншама жұмыстар жүргізіліп, көптеген тарихи-археологиялық жəне сəулет ескерткіштері  қайта жаңғыртылып, қалпына келтіріліп жатса, кейбір жерлерде археологиялық қазба жұмыстардың барысында жаңадан ескерткіштер ашылып жатыр. Кезінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» ұзақ жылдар бойы жалғыз болып келсе, аталмыш бағдарламаның кешенді жүргізіліп келе жатқан жұмыстарының нəтижесінде «Сармат жауынгері» деп аталған екінші «Алтын адам» Атырау облысынан табылса, олардың қатары Шығыс жəне Орталық Қазақстаннан табылған «Алтын адамдармен» толықтырылу үстінде. Өкініштісі, олар туралы қызық мəліметтерді мектеп оқушыларының алдарындағы оқулықтардан кездестіре алмауы.

«Мəдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты — халқымыздың ұлттық мəдениетін болашақ ұрпаққа таныту арқылы қазақстандық отаншылдыққа тəрбиелеу, сол арқылы ұлт мəдениетін əлемге көрсету. Себебі адамзат тарихының күретамыры — мəдениет. Мəдениет — адамның ақыл-ойы мен қимыл-əрекеті дүниеге əкелген рухани жəне материалдық құндылықтары. Халық мəдениет арқылы танылады.

2007 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысында Президент Н.Назарбаев сөз сөйлеп, баяндама жасаған еді. Сонда сөзінде Елбасы былай деп еді: «Рухани-мəдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Əсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тəрбиелеу — мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс» [2; 1]. Мемлекеттік идеология саласына тікелей қатысы бар мектеп мұғалімдері үшін осы бағдарлама аясында бізге танымал емес рухани жəне материалдық мəдениеттің жəдігерлері туралы мəліметтерді мектеп хрестоматияларына енгізген дұрыс. Мысалы, бағдарламадағы айрықша жобалардың бірі — археологиялық мұра.

Археологиялық мұра мəдени мұраның аса маңызды заттай бөлігі ретінде халықтың материалдық ескерткіші саналып, еліміздің тарихын зерттеумен қатар, тарих жəне мəдениет ескерткіштерін сақтау мен пайдалануда ерекше рөл атқаратыны баршаға аян. Осы орайда Қазақстанның археология ғылымының отандық тарихқа сүбелі үлес қосып отырғанын ескерсек, олармен толықтай таныс болатын  мəліметтер  əзірше  мектеп  оқулықтарынан  сырт  қалды.  Біз,  мектеп  мұғалімдері, бүгінде

«Мəдени мұра» бағдарламасының аясында ұлттың рухани, мəдени-интеллектуалды өсуі, келер ұрпақты ата-баба дəстүрі, адамзат баласының құндылықтары рухында тəрбиелеу тұрғысында орасан зор еңбек жасалып жатыр деп жастарға нық сеніммен айта аламыз. Өйткені ұстаздың міндеті — Орта мектептерде  алдында отырған оқушыға айналаңда болып жатқан жаңалықтарды жеткізу. Сондықтан бірінші дерек көзі жарияланатын орын газет-журналдар, яғни баспасөз құралдары, болғандықтан, мектептердің ұстаздар қауымы осылардан алынған мəліметтерді тек қана ауызша түрде жеткізумен ғана шектелуге мəжбүр. Егер олар туралы шағын материалдарды көмекші құрал ретінде шығарып, мектептерге таратылса, оңды болар еді. Осы жерде тағы да Елбасының мына бір айтқан ойы еске түседі: «Мəдени мұраны игеру — халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Тарихи мəңгүрттіктің осынау екпінін еңсеру жеткіншек ұрпақты тəрбиелеу үшін айрықшы маңызды» [2]. Олай болса «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде орта мектептердің «Қазақстан тарихы» оқулықтарының мазмұнын қайта қарап, оларды толықтыру мəселесін қолға алатын кез жеткен сияқты.

Сол сияқты 9-сыныпқа арналған «Қазіргі заман тарихы» оқулығында (авторлары Аяған Б.Ғ., Шəймерденова М.Ж. — Қ.С.) оқушыларды ғана жаңылтып қана қоймай, мұғалімдердің де күмəнін тудыратын тақырыпшалар кездеседі. Мысалы, оқулықтың төртінші бөлімінде тəуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайына арналған тарауша бар [3]. Мұнда Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде əлемдік қауымдастыққа таныла бастағаны, соның нəтижесінде бірқатар мемлекеттермен екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнай бастағаны, қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдылықтардың айқындалғандығы баяндалып келе, олармен бірге Қазақстанның ішкі саяси мəселелері қабаттасып кеткен. Оқулықтың 336–338-ші беттерінде жазылған 1994 жылғы республика парламентіне сайлау, осыған байланысты қабылданған Конституциялық соттың қаулысы, əрі қарай оған берілген түсініктеме жəне 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануы сияқты мəселелер Қазақстанның халықаралық жағдайын емес, ішкі саясатын көрсетеді. Біздің пікірімізше, көрсетілген беттердің аралығындағы ішкі саяси мəселелерді оқулықта берілген алдыңғы тараушада қарастырған дұрыс еді. Ал оның орнына неге Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы мəліметтерді бермеске? [4]. Дипломатия тілінде мұндай ұсынысты мемлекеттің превентивті, яғни алдын алу дипломатиясы, деп аталатындығы баршаға аян. Немесе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құрудағы рөлі жəне осы бір аймақтық маңызы зор ұйым туралы бір сөйлем де таба алмайсыз. Ең маңыздысы 2002 жылы АӨСШК-ның бірінші саммитінің өтуі, 1996 жылы «Шанхай бестігінің» құрылуы, ал оның Шанхай ынтымақтастық ұйымына айналған жыл — 2001 жыл. Осы фактілерге қарап отырсақ, олардың барлығы да оқулық жарыққа шыққанға дейін болған оқиғалар. Ендеше тəуелсіз Қазақстанның саяси келбетін көрсететін маңызды халықаралық оқиғалардың да осы оқулықтың мазмұнында орын алғаны дұрыс еді. Сол сияқты тəуелсіз Қазақстанның əлемдік қауымдастықта өзінің орнын көрсететін осы айтулы даталардың да оқулық соңындағы «Тарихи анықтамалардың» арасына кірмей қалған.

Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, орта мектептерде «Қазақстан тарихын» оқытудың барысында мектеп мұғалімдерінің алдында туындаған кейбір мəселелер бойынша мынадай ұсыныс туындайды:

  • ұлттық білім берудің үлгісін толық анықтап, мектеп құжаттарында көрсетуден бастаған дұрыс;
  • орта мектептерге арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарының мазмұнын тағы бір қарастырып, оларды толықтырып, өңдеп қайтадан басып шығарған жөн;
  • оқулықтың мазмұнына енгізілетін материалдарды мұқият іріктеп, олардың қатарын тың материалдармен толықтырған абзал;
  • мəтінге сыймай қалатын материалдарды, тараушалардың соңында берілетін «Мəтіндерді көңіл қойып оқыңдар» сияқты жеке айдарлармен берген дұрыс;
  • жыл сайын оқулықтар мен оқу құралдарын жаңадан басып шығару түрлі қиындықтарды келтіретіндіктен, мектеп оқулықтарын əрбір бес жылда қайтадан қарастырып отырса немесе тың жəне көкейкесті материалдарды жыл сайын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей арналған оқу-əдістемелік кешен түрінде əзірлеп ұсынылса т.с.с.

Қорыта келе, бəсекеге қабілетті, интеллектуалды жастарды дайындаудың бірінші сатысы мектептен басталатын болғандықтан, олардың біліміне негіз болатын жаңа буын мектеп оқулықтарының жазылғаны дұрыс дер едік. Сол оқулықтардың арасында «Қазақстан тарихының» болғанын қалаймыз. Жан-жақты, дұрыс білім беруде «жан азығы — кітаптың» қаншалықты маңызды екені баршаға аян. Ендеше «ел болам десең, бесігіңді түзе демекші», ХХІ ғасырдың ұрпақтары білімді, бəсекеге қабілетті болу үшін, ең алдымен білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформалардың ішіндегі отандық  оқулықтардың мазмұны  мен сапасы  үшін жұмыс жүргізу    керек. Сонда ғана жас ұрпақтың алдында ұялмай жұмыс істеуге, оларды патриоттық рухта тəрбиелеуге, өз Отанын сүюге, оның өткен тарихы мен мəдени құндылықтарын барынша қастерлеуге үйретуде жəне оларды осы бағытта шынайы тəрбиелеуде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге болар еді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғ. – 1914 ж.): Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: Мектеп, 2004. — 248-б.
  2. Назарбаев Н. «Мəдени мұра» мемлекеттің соны стратегиялық ұстанымы // Орталық Қазақстан. — — 15 ақп.
  3. Аяған Б.Ғ., Шəймерденова М.Ж. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Жалпы ред. басқ. тарих ғыл. д-ры, проф. Б.Ғ.Аяған. — Алматы: Атамұра, 2005. — 334–340-б.
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген сөзі. АӨСШК бастамасы (Нью-Йорк, 1992 жылғы 5 қазан) / Тоқаев Қ. Беласу. Дипломатиялық очерктер. — Алматы: Дəуір, 2003. — 472–481-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.