Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

1991–2000 жж. ТМД кеңістігіндегі саяси қатынастар

Достастық кеңістігіндегі жас тəуелсіз мемлекеттер ғасырлар бойы Ресей, кейін Кеңес империясының құрамында болғандықтан, саяси қатынастардың практикасын жəне стратегиясын өте қиын жағдайда меңгеруге мəжбүр болды. Сондықтан бастапқы кезеңде осы салада жетістіктер мен қателіктер де аз болған жоқ. Əрине, ең бастысы бұрынғы КСРО территориясында қалыптасқан саяси проблемаларымен жаңа мемлекеттерге жəне олардың басшыларына есептесуге тура келді.

Əр түрлі саяси топтардың арасындағы билік үшін күрес Ресей, Грузия, Əзербайжан, Тəжікстан, Молдова сияқты мемлекеттердегі жағдайды шиеленістіре түсті [1; 521]. Тəжікстанда азамат соғысы басталып кетіп, ол бүкіл Орта Азиядағы жағдайды күрделендіре түсті. Таулы Қарабақ үшін күрес Армения мен Əзербайжан арасындағы жағдайды ерекше шиеленістіріп, Кавказда дау-жанжал тоқтамайтын ахуал қалыптасты [1; 522]. Ал ТМД мүшелерінің екі мемлекетке ұсынған бейбіт баста- малары керекті нəтижеге жеткізбеді. Өйткені Ресей Федерациясы əзербайжан-армян жанжалында Арменияны қолдап, оған саяси, моральдық əскери көмек көрсетті.

Əрине, Достастық кеңістігіндегі саяси жағдайдың тұрақты болуына əскери-экономикалық по- тенциалы зор Ресей ерекше рөл атқаруға мүмкіндігі болды. Бірақ бұл мемлекет ең басынан ТМД кеңістігіндегі  «қос  стандартты»  саясат  жүргізе  бастады.  Бір  кездегі  Ресей  басшысы Б.Ельциннің «қанша шамаларың келгенше егемендікті алыңдар» деген үндеуін Ресейдегі кейбір империялық пиғылдағы күштер қолдамай жаңа тəуелсіз мемлекеттерге қарсы арандатушылық саясат жүргізе бас- тады. Бұған дəлел ретінде Ресей саяси күштерінің Молдавиядағы Приднестровье, Грузиядағы абхаз, аджар, осетин сепаратистерін астыртын қолдауынан көруге болады. Осыған байланысты Ресейдегі кейбір шовинистік пиғылдағы саяси күштердің Қазақстанның солтүстік аймақтарын «орыс жерлері» деп оларды қайтару керек деген мəселе көтерулері де сол белгілі саясаттың жалғасы болды. Сонымен қатар ТМД кеңістігіндегі бұрыңғы Кеңес Одағын қайта құрғысы келген коммунистердің ынтымақтастығы байқалды. Бұл идеяны қолдайтындар барлық бұрыңғы одақтас республикаларда болды жəне халыққа белгілі ықпалын сақтап қалды. Сондықтан тəуелсіз мемлекеттер басшылары «қызыл империяны» жандандырғысы келгендерге де қарсы күресуге өз халықтарын жұмылдыруға мəжбүр болды.

Достастықтың бастапқы кезеңінде Ресейдің жаңа тəуелсіз мемлекеттерді саяси жəне экономикалық жағынан да өзінің ықпалынан шығарғысы келмейтіндігі байқалды. Өйткені ол бұрыңғы одақтас республикаларды өзінің негізгі мүддесі бар территориялар деп есептеді жəне оған сол жерлердегі орыстарды қорғау деген саяси сылтау табылды. Осы позицияны ұстанған Ресейдің ұсыныстарымен ТМД қарулы күштерінің Бас командованиесі құрылып, əскери ынтымақтастық тура- лы бірнеше құжатқа қол қойылды [2; 417]. Сонымен қатар Қара теңіз флотын Ресей мен Украина ара- ларына бөлісу туралы келіссөздер басталып, онда Ресейдің осы аймақта өзінің ықпалын сақтап қалғысы келетіндігі анық байқалды [2; 417]. Осыған байланысты Ресей жағы ТМД мемлекеттеріне ұжымдық қауіпсіздік, Ресейдің кеңістікте бітімгершілік рөл атқаруы жəне Достастықтың сыртқы ше- карасын бірігіп күзету туралы мəселелер қойды. Сонымен қатар кейбір Ресей саяси топтарының бұрынғы одақтас республикалардың мемлекет болуларына күмəнмен қарап, олардың Ресей құрамына өздері сұранады деген саяси мəлімдемелері болғанын атап кеткен жөн.

Дегенмен, Достастықтағы бастапқы саяси жағдай, оған кірген тəуелсіз мемлекеттердің бір- бірімен саяси-дипломатиялық, экономикалық жəне мəдени қатынастарды белсенді түрде дамытуға итермеледі. Өйткені кеңістікте реттелмеген əр түрлі проблемалар өздерінің шешімін күтіп тұрды.

Достастықтың құрылысымен оның мүшелерінің арасындағы саяси қатынастар тез дами бастады. 1992 ж. қаңтарында Мəскеуде, бір айдан соң 14 ақпанда Минск қаласында ТМД басшыларының кездесулері болып өтті [3]. Белоруссия астанасындағы кездесуде олар біріккен мəлімдеме қабылдап, онда «ТМД-ға мүше-елдер арасында бір-біріне күш көрсету арқылы қоқан-лоққы жасамау жөнінде жəне осы елдер арасында пайда болған талас-тартыс мəселелерін бейбіт, келіс сөз арқылы реттеу жөнінде» келісімге келді. Кездесуде басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды, оның ішінде: Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы негізінде бірігіп жұмыс атқару принциптерін сақтау туралы дек- ларация, Ел басшылары жиналысының хаттамасы, Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында Достастық мемлекеттер қарым-қатынастарын реттеу туралы келісім, ТМД мемлекет басшыларының Достастықтың біріккен əскери күштерінің басшысы туралы шешім, ТМД елдері басшыларының Достастықтағы қорғаныс министрлер Кеңесін құру туралы шешімдер, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы стратегиялық күштер мəртебесі туралы келісім, ТМД елдері арасындағы ортақ қорғаныс бюджетін жəне Достастық мемлекеттерінің əскери күштерін қаржыландыруды қалыптастыру туралы келісім, мəдени жəне тарихи құндылықтардың шыққан жеріне қайтарылуы туралы келісім, ТМД-ның электр энергиясы саласындағы мемлекетаралық қатынастар координациясы туралы келісім, ТМД-ның теміржол транспорт органдарын координация- лау туралы келісім, ТМД елдері арасында əскери қызметкерлердің əскери қызметтен босағандардың жəне олардың жанұя мүшелерінің əлеуметтік өміріне жəне құқықтарына кепіл беру туралы келісім болды [3]. Минскідегі кездесуде осындай келісімдерге қол қойылды, бұл құжаттар алдағы уақыттағы Достастық мүшелерінің қатынастарына негізгі бағыт белгіледі.

Аталған келісімдердің негізінде келесі 1993 жылдың 22 қантарында Минск қаласындағы мемле- кеттер  басшыларының  Кеңесінде  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының  Жарғысы  қабылданды [4; 415]. Оның тоғыз бөлімінде ТМД-ның мақсаттары жəне принциптері, Достастыққа мүшелік, ұжымдық қауіпсіздік жəне əскери-саяси ынтымақтастық, таластарды шешу жəне жанжалдан сақтап қалу, экономикалық, əлеуметтік жəне құқық салаларындағы ынтымақтастық, Достастық органдары, Парламентаралық ынтымақтастық, қаржыландыру, жалпылама-қорытынды мəселелері бойынша бап- тар бекітілді. Устав халықаралық дəрежелерге сəйкес құрылды, осыдан кейін ТМД елдерінің саяси- экономикалық қатынастары осы Устав негізінде жүргізілетін болды [4; 415].

1992–1994 жылдары əр түрлі саяси келіспеушілікке байланысты Достастықтың құрамында кейбір өзгерістер болып тұрды. 1993 жылы оның құрамына Грузия кірді. Ал 1992  жылы Достастықтан Əзербайжан мемлекеті шығып, 1994 жылы ТМД құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Осындай кейбір қайшылықтарға қарамастан, Достастық мүшелерінің арасында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. 1993–1995 жылдары ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесімен қатар Достастықтың Атқарушы хатшылығы, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, шекара əскерлері қолбасшыларының Кеңесі жəне тағы басқа органдар құрылды. Сонымен қатар ТМД төрағасы деген қызмет енгізіліп, Мемлекетаралық экономикалық комитет өзінің жұмысын жүргізе бастады [5; 278].

1997 жылдың наурыз айында Мəскеу қаласында Достастыққа кіретін мемлекеттердің басшыла- ры өздерінің кезекті кездесулерін өткізді. Бұл саммитке қатысушылар ТМД құрылғаннан кейінгі жылдардағы бірлесіп жасаған жұмыстың қортындыларын талқылап, көптеген мəселелер бойынша пікір алысты. Сонымен қатар Достастықты дамыту жөніндегі бірқатар ұсыныстар мен шаралар қаралып, олардың басым көпшілігі мақұлданды. Кездесу барысында мемлекет басшылары құжаттардың тұтастай пакетіне қол қойды. Олардың арасында Достастықтың экономикалық интегра- циясын дамыту тұжырымдамасын, «ТМД мемлекеттерінің Тəжікстан мен Ауғанстанның мемлекеттік шекарасы учаскесінде жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы 1993 жылғы 22 қантардағы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы», «ТМД мемлекеттері сыртқы шекараларының тəртібін орнату жəне қолдану принциптері жөніндегі декларация туралы», «ТМД елдерінің қауіпсіздік орган- дары мен арнаулы қызметтері басшыларының кеңесі туралы ережеге толықтырулар енгізу туралы» қаулыларды атап кетуге болады.

ТМД кеңістігінде саяси-экономикалық бағыттары ұқсас кейбір мемлекеттер өздерінің бірлестіктерін құруға дейін барды. 1997 жылдан бастап Украина, Грузия, Өзбекстан, Əзербайжан жəне Молдова кірген мемлекеттердің жыл сайын өтіп тұратын басшыларының Кеңесі, сыртқы істер министрлер Кеңесі, Ұлттық координаторлар Комитеті, Ақпарат орталығы құрылды. ГУУАМ-ға қатысушылар саяси-экономикалық мəселелерді талқылап, оларды бірігіп шешуге келісім-шарттар қабылдады. Бірақ бұл ұйымның құрылуы Ресейдің саясатымен сəйкес келмей отырғаны анық байқала бастады [5; 278].

1991–2000 жж. ТМД кеңістігіндегі саяси қатынастар 1992 жылдан бастап Қазақстан мен Орталық Азия Республикаларының  басшылары: Н.Назарбаев, И.Каримов, А.Акаев, С.Ниязов жəне Э.Рахмонов тұрақты кездесулер өткізіп тұруы ба- рысында Тəжікстандағы саяси дағдарысты шешу, экономикалық қатынастарды дамыту, шекараны делимитациялау, Арал проблемасын қарастыру, халықаралық ұйымдар мен көрші мемлекеттермен қатынастарды өркендету жəне тағы басқа маңызды мəселелер кең түрде қаралып тұрды. Осы қатынастардың дамуына қарай 1997 жылы Қазақстан, Өзбекстан жəне Қырғызстан мəңгілік достық жəне ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, бұл өте маңызды саяси қадамдар еді.

1998–1999 жылдары Мəскеу, Ташкент, Минск, Астана жəне Ашхабад қалаларында Достастық басшыларының маңызды мемлекетаралық кездесулер өтіп, оларда бірқатар құжаттар қабылданды. Сонымен қатар осы кездесулерде ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастардың жағдайы жəне оларды дамытудың болашағы, экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени өмірдің маңызды бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту жəне тереңдете түсу туралы, сондай-ақ өз ара мүдделі болып табылатын халықаралық жəне аймақтық саясаттың кең ауқымды мəселелері бойынша пікір алысты. Аталған кездесулерде Ресей президенті Б.Ельцин ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Достастық құрылысымен оған кірген мемлекеттердің заңдастыру органдары бір-бірімен саяси қатынастарды дамыту жолын іздей бастады. Осыған байланысты 1992 жылдың наурыз айында Алма- ты қаласында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тəжікстан жəне Өзбекстан Жоғарғы Кеңестерінің ұсынысымен ТМД Парламентаралық ассамблеясы құрылды [5;279]. 1993–1995 жылдары осы ұйымға Əзербайжан, Грузия жəне Молдова мүше болып, Украина бақылаушы ретінде оның жұмыстарына қатысып тұрды. 1995 жылдың мамыр айында Армения, Əзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан басшылары Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясы туралы Конвенцияға қол қойды [5; 279]. Ол бойынша Парламентаралық Ассамблея ТМД кеңістігіндегі мемлекетаралық  орган ретінде танылатын болды.

Парламентаралық Ассамблея оған қатысушы мемлекеттердің қаржыландыруымен өзінің қызметін атқарып, барлық мəселені Конвеция негізінде шешуге келісті. Бұл органның штаб-пəтері Санкт-Петербург қаласында орналасты.

ТМД мемлекеттерінің парламент делегациялары жылына екі рет Ассамблеяда отырыс өткізіп, консенсус негізінде шешімдер қабылдайды. Парламент делегацияларының басшыларынан құрылған Ассамблея Кеңесі барлық ұйымдастырушылық қызметті атқарады, ол бір жылда төрт рет жиналып Ассамблеяның пленарлық отырыстары, халықаралық конференциялар мен семинарларды өткізу ту- ралы мəселелерді шешеді. Парламентаралық Ассамблеяның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылығы құрылды. Ол ұйымдастырушылық, аналитикалық жəне техникалық қызметтерді атқарып, тоғыз тұрақты комиссиялардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Парламентаралық Ассамблея Достастықтың жалпы түрдегі заңдар жобасын ұсынатын органның рөлін атқарады. Ол өткізген конференцияларда Азаматтық жəне Қылмыстық кодекстердің модельдері, əлеуметтік-экономикалық проблемалар талқыланып, пысықталады. Құрылғаннан бері Парламентаралық Ассамблеяның негізгі қызметі: ТМД мемлекеттерінің заңдарын жақындастыру, ортақ экономикалық, мəдени жəне білім аймағын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау т.б. жұмыстарға бағытталады.

Достастық кеңістігіндегі парламенттер ақпарат арқылы бір-бірімен қатынастарды дамытуға ты- рысты. Сондықтан Парламентаралық Ассамблея ағылшын жəне орыс тілінде «Ақпарат бюллетенін» жəне халықаралық «Парламентаралық Ассамблеясының хабаршысы» атты журнал шығарып тұрады. Аталған басылымдарда Ассамблея мен оның басқарушы Кеңесінің ресми шешімдері, ұлттық парламенттердің жұмысын көрсететін құжаттар, көптеген конференциялар мен семинарлардың мате- риалдары, саяси қайраткерлердің баяндамалары жəне жалпы парламентаризм тарихына арналған мақалалар шығып тұрады.

Сонымен қатар Парламентаралық Ассамблеяның штаб-пəтерінде «Мир» деп аталған телерадио- компания ашылып, ол Достастық кеңістігіндегі халықтарға Парламентаралық Ассамблеяның əр түрлі жұмысы туралы ақпарат беріп тұратын болды. Компанияның редакциясы ресми ақпаратпен қатар ТМД-ға кіретін мемлекеттердің саяси-экономикалық жəне мəдени жағдайы туралы хабарлар шығаруға көшті.

Атап отырған кезеңде ТМД кеңістігіндегі саяси қатынастардың көптеген қиыншылықтары бол- ды. Бұрын бір мемлекеттің құрамында болған республикаларда тəуелсіз мемлекеттер ретінде бір- бірімен дамыған саяси байланыстардың дəстүрі болмады. Сондықтан Достастық елдердің саяси қатынастарында ең басынан қиын шешілетін проблемалар пайда болды, оның ішінде Ресей мен Украинаның Қырым түбегі жəне Қара теңіз флоты үшін таласуы, Ресей, Грузия, Молдовадағы сепаратистік қозғалыстар, жаңа мемлекеттер араларында шекараны белгілеу, Тəжікстандағы азамат соғысы, коммунистердің көптеген елдерде ұйымдастырған арандатушылықтары жəне т.б. Сонымен қатар жаңа тəуелсіз мемлекеттерде шашырап қалған 20 миллионнан астам орыстардың жағдайы сая- си саудаға айналды.

ТМД елдерінің саяси қатынастарына АҚШ, Қытай, Англия, Германия, Жапония сияқты державалардың жүргізген саясаттары көп əсер етті, өйткені аталған мемлекеттер өздерінің Достастық елдеріндегі позицияларын жəне ықпалын нығайтқысы келді, жəне ТМД кеңістігіндегі саяси жағдайға əсер ететін саяси жоспарларын іске асыру үшін бірқатар қадамдар жасады. Сонымен қатар халықаралық терроризм жəне діни экстремизмді ұстанатын көптеген ұйымдардың жүргізген саясат- тары Достастық халықтарының саяси байланыстарына көп кедергі жасағаны анық байқалды.

Осындай факторларға қарамастан, ТМД кеңістігіндегі саяси қатынастар атап отырған жылдары жаңа деңгейге жетіп осылайша тəуелсіз мемлекеттер арасындағы көптеген проблемаларды шешуге мүмкіншілік жасалды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Верт Н. История Советского государства. — М.: Прогресс-академия, 1995. — 620 б.
  2. Новейшая история Отечества. XX век: Учеб. — Т. 2. — М.: Владос, 1998. — 517 с.
  3. Встреча глав-государств СНГ // Известия. — 1992. — 16 февр.
  4. Новейшая Отечественная история. ХХ век. — Кн. 2. — М.: Владос, 2004. — 534 с.
  5. Адамбеков Б.К. XX ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті жəне ТМД тарихы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 290 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.