Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі Жапония мен АСЕАН елдерінің ынтымақтастығы

XXI ғасыр басында халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі тұрақтылық пен қауіпсіздік беріктігіне қатаң сынақтан өтуде. Бір жағынан, Кеңестік блоктың ыдырауымен жəне Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен құрылған биполярлы жүйенің құлауымен біртекті халықаралық қатынастар жүйесін ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы либералды-идеалистік болжамдар ақталмады, жаңа біртекті халықаралық қатынастар жүйесінің негізінде оның барлық қатысушылары үшін ортақ либералды мүдделер жəне жалпыадамзаттық құндылықтар жату қажет еді, ал олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы мүмкін емес еді. Екінші жағынан, əлемде жаңа имперлік типтегі халықаралық жүйе қалыптасуда, онда жалғыз супердержава жинақтық қуаты бойынша қалған барлық мемлекеттерден асып түсіп, оларға өз ойын шарттарын тануға тырысуда. Қалыптасушы халықаралық қатынастар жүйесінде бұрынғыдай «менікі» немесе «сенікі» деген тура бөлу шекарасы жоқ [1], одақтастар мен дұшпандар өмір сүрмейді, кіші мемлекеттердің, аймақтық орта жəне ірі державалардың қимылдары тіпті беймəлім бола түсуде. Əлем сенімі сіздік жолағына жəне халықаралық лаңкестік іс-əрекеттерімен, ядролық, химиялық, бактериологиялық жəне тағы басқа қарулардың таралуының жалғасуымен шиеленісе түсудегі өсуші тəуекелдер кезеңіне аттап басуда. Бұрынғы социалистік еуропалық жəне азиялық мемлекеттердегі батыстық құндылықтардың кең таралуы (мысалы, нарықтық экономика, плюралистік демократия, адам құқықтары, индивидуалды бостандықтар, өмір сапасы) гомогендік деңгейін арттыру арқылы ойлағандай тек жаһандық халықаралық жүйенің тұрақтылығын бекітпей ғана қоймай, керісінше, мəдениеттердің қақтығысуымен, құндылықтардың жоғалуымен, ұлттық дəстүрлердің бұзылуымен туған жаңа қақтығыстарға əкелді.

Осындай жаһандық тұрақсыздықтың өсу шарттарында бүгінгі таңда аймақтық деңгейдегі жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мəселелер, əсіресе Шығыс Азия аймағындағы күштер тепе-теңдігінің орнау өзгешеліктері өзекті сұрақтарды танытады. Мұнда «қырғи-қабақ соғыс» аяқталуынан кейін дəстүрлі түрде АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей сияқты ұлы державалардың мүдделері тоғысады, ал соңғы кезде аймақтық интеграциялық блоктар да маңызды геосаяси ойыншы ретінде белсенділік таныта бастады. Аталған ядролық державалармен қатар, ядролық емес державалардың жаппай қарулану арқылы аймақтағы өз мүдделерін қорғауға тырысуы, аймақтық үстемдікке ұмтылуы Шығыс  Азиядағы қауіпсіздіктің əлсірей түсуіне ықпал етуде.

XXI ғасырда əлем мемлекеттері дəстүрлі қауіп көздерінің тізімін жаңа қауіп көзімен, атап айтқанда, халықаралық лаңкестіктің қатерлі салдарымен толтыра түсті. Лаңкестік əлемде жаңа құбылыс болмағанымен, жаңа мыңжылдықта бұрынғыдан да үлкен көлемдерге ие болды, енді лаңкестік топтар тек кіші нысаналарды ғана емес, бейбіт халыққа қарсы бағытталған  өмірлік маңызды нысаналарды көздеумен ерекшеленді.

2001 жылы 11 қыркүйекте Аль-Каида ірі халықаралық лаңкестік ұйымы американдық Нью- Йорк, Вашингтон, Пентагонда үлкен ғимараттарды толығымен жойды, сол арқылы мыңдаған адам жанын қиды. Сол арқылы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірді, дүние жүзі халықтары ешкімнің де, ешқандай   қуатты   мемлекеттің   де,   тіпті,   əлемдегі   жалғыз   «супердержава»   Америка    Құрама Штаттарының да лаңкестік əрекеттерден қорғана алмайтынына көздерін жеткізді. Сондықтан халықаралық лаңкестік топтарға қарсы күресуде, лаңкестік əрекеттердің алдын алу, болжауда жеке мемлекет көп жетістіктерге жете алмайды, мұндай əрекеттер екіжақты, көпжақты ықпалдастықты қажет етеді, осы мақсатта бүкіл халықаралық қауымдастық өз күш-жігерлерін жұмылдыруға тырысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, «Сегіздік» тобы (G8) жəне тағы басқа көпжақты келісімдер, Оңтүстік- Шығыс Азия ұлттарының қауымдастығы, Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы ұйымы, Азия- Еуропа кездесулері сияқты халықаралық, аймақтық жүйелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық механизмдері халықаралық лаңкестікке қарсы тұруды басты міндет ретінде алға қойды.

Соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы мемлекеттері  біртұтас  интеграциялық ұйым ретінде əрі Шығыс Азиядағы Америка Құрама Штаттарының стратегиялық əріптесі ретінде халықаралық лаңкестікке қарсы күресте американдық үкіметке өзінің жан-жақты қолдауын көрсетті. 2001 жылы қарашада өткен АСЕАН мемлекет басшыларының Брунейдегі кездесуінде халықаралық лаңкестік топтардың іс-əрекеттерін қатты сынға алып, американдық қыркүйек оқиғаларынан зардап шеккен отбасыларына өз көңілдерін білдірді жəне лаңкестікке қарсы күресте АСЕАН елдерінің барлық механизмдерін белсендендіру туралы декларация жариялады.

АСЕАН-ға мүше-мемлекеттері халықаралық лаңкестікке қарсы күресте белсенді шараларды іске асыруға мəжбүр, себебі Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы осы күрестегі «екінші майдан» болып табылады.

Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында əлемдегі ірі лаңкестік ұйым Аль-Каидадан кейінгі екінші топ Джаама-Исламия аймақтық ұяшық шоғырланған. Джаама-Исламия — жан-жақты ұйымдастырылған, түрлі салалар бойынша жақсы қамтамасыз етілген, Аль-Каидамен тікелей байланысты аймақтық ұйым, негізгі ошағы Индонезияда шоғырлана отырып, бұл лаңкестік топ бүкіл Оңтүстік-Шығыс  Азия елдерінде бөлімшелері арқылы байланысқан, сонымен қатар аймақта тағы да басқа лаңкестік ұйымдар, атап айтқанда, Ласкар Джихад, филиппиндік Əбу-Саяф, малайзиялық топтар қызмет етеді [2; 28–34].

Джаама-Исламия жəне оның бөлімшелері арқылы 2002–2003 жж. Оңтүстік-Шығыс Азия Нью- Йорктік сауда орталығынан кейінгі ірі лаңкестік оқиғалар индонезиялық Бали аралында «Сари» түнгі клубында жəне Индонезия астанасы Джакартада «Боил-Мариотт» қонақ үйінде орын алды, осындай лаңкестік жауыздық əрекеттер нəтижесінде жалпы 202 адамның өмірі қиылды [3].

Оңтүстік-Шығыс Азияның халықаралық лаңкестік топтарының ірі ошақтарының біріне айналуы бұл аймақтың халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі де ірі ошақтардың біріне айналуын қажет етті. Осы бағытта 2002 ж. 3 қарашада өткен АСЕАН саммитінде лаңкестік бойынша Пномпень декларациясы қабылданды. Декларацияда аймақтағы халықаралық лаңкестік топтарға қарсы күресте АСЕАН мүшелерінің жеке жəне ұжымдық күш-жігерлерін біріктіретіндігін, қауымдастық мүше- мемлекеттері лаңкестікпен күресті іске асыру барысында келесі шараларды ұйымдастыратынын жариялады:

  • Лаңкестікке қарсы туризмді жəне қалпына келтіру бойынша Манила халықаралық конференция (Манила, желтоқсан, 2002);
  • Заңсыз ақша айналымына жəне лаңкестік топтарды қаржыландыруға қарсы аймақтық конференция (Бали, желтоқсан, 2002);
  • АСЕАН Аймақтық форумының лаңкестік бойынша сессияаралық кездесу (Кота Кинабалу, Сабах, наурыз, 2003);
  • АСЕАН Министрлерінің Қытай, Жапония, Корея Республикасы министрлік əріптестерімен трансұлттық қылмыскерлік бойынша кездесу (Бангкок, қазан, 2003);
  • Аймақтық лаңкестікке қарсы күрес орталығы (Куала-Лумпур, қараша, 2002) [4].

Сонымен қатар Декларацияда АСЕАН елдерінің халықаралық лаңкестікпен  күресте халықаралық қауымдастық пен аймақтық əріптестерін бірігіп қимылдауға шақырулары да орын алды. Келесі кезеңде Оңтүстік-Шығыс Азия ұлттарының Қауымдастығы Шығыс–Азиялық серіктестерімен жəне тағы да басқа əріптестерімен халықаралық лаңкестікке қарсы бірлесе күресу бойынша құжаттарды қабылдады.

АСЕАН елдерінің маңызды серіктесі əрі жанашыры ретінде Жапония алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды.

2004 жылы 13 қарашада Жапония-АСЕАН саммитінде «Халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастық бойынша АСЕАН-Жапония Бірлескен декларациясына» қол қойды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы мен Жапония арасындағы қауіпсіздік,    құпиялылық жəне құқықты сақтау салаларындағы кең ынтымақтастығын трансұлттық қылмыскерлік бойынша АСЕАН Министрлері кездесулері арқылы лаңкестікке қарсы күреске таратуды қолдай отырып, АСЕАН-дық жəне жапондық басшылық аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзара ықпалдастықты іске асыруды шешті. Құжатта Токио мен Қауымдастықтың лаңкестікке қарсы ынтымақтастығының мақсаттары, ынтымақтастық шекаралары мен аумағы, қатысу, ақпарат құпиялылығы мен іске асыру жолдары қамтылды [5].

Халықаралық лаңкестікке қарсы күресте АСЕАН мен Токио ынтымақтастығы БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы резолюциялары мен шешімдері шеңберінде, ақпаратпен алмасу, кедендік бақылауды күшейту, заңсыз ақша айналымдарын бақылау мен ондай іс-əрекеттерді болдырмау саларында жүргізілетіндігі мақұлданды.

Жапония-АСЕАН лаңкестікке қарсы ынтымақтастығы алғашқы кезеңде айтарлықтай белсенділігімен ерекшелінген жоқ, жапондық ықпалдастық дəстүрлі түрде ақша бөлу арқылы, қаржыландыру арқылы сипатталды.

Халықаралық лаңкестікке күрестің келесі кезеңі ретінде 2006 жылдан бастап Лаңкестік бойынша Жапония-АСЕАН диалогының ұйымдастырылуын айтуға болады. Бұл шешім 2005 жылы қарашада Куала-Лумпурде өткен Жапония-АСЕАН саммитінде қабылданды, осында Токио басшылығы лаңкестікке қарсы диалогты өткізу туралы ұсыныс жасады [6].

2006 жылы 28–29 маусым аралығында Токиода лаңкестікке қарсы күресу АСЕАН-дық — жапондық алғашқы диалог өткізілді. Диалог лауазымды тұлғалардың қатысуымен орындалып, ашық талқылаулар мен кеңесу орнына айналды. Халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі келесі салалар

  • транспорттық бақылау;
  • шекаралық бақылау/иммиграция;
  • заңды сақтау;
  • теңіз қауіпсіздігі;
  • лаңкестікке қарсы күрестегі қоғам ролі;
  • құқықтық қатынастардағы ұсыныстар бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептер көрсетілді, сол арқылы алдағы мақсаттар, қажетті шаралар анықталды [7].

Халықаралық лаңкестік іс-əрекеттерін алдын алу, болжау, ондай əрекеттердің салдарымен күресудегі Жапония Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығынан ынтымақтастығының бірден- бір ерекшелігі ретінде түрлі құжаттарды қабылдаумен қатар, олардың іске асырылуын жіті бақылап отыруын айтуға болады, 2006 жылы қаңтарда Жапония Сыртқы істер министрі Киохико Тояманың ел парламентіне тапсырған есебінде халықаралық лаңкестікке қарсы күресудегі АСЕАН елдерімен ықпалдастық шаралары айтылды: «Саяси күш-жігерді» күшейту үшін қабылданған конвенциялар мен хаттамаларды ратификациялау үрдістерін жеделдету өте маңызды болып табылады. Осы бағытта АСЕАН басшылары мен премьер-министр Д. Коидзумидің 2004 ж. қарашада бірінші кезектегі мəселе ретінде 12 конвенция мен хаттамаларды ратификациялағанына назар аударған дұрыс болар.

Бұл мəселеден басқа, лаңкестікке қарсы күресті қаржыландыру үшін Жапония кабинеті Ресми даму көмегі бағдарламаларының шеңберін кеңейтті, бағдарламалар келесі салаларда жүргізілуде:

  • полициялық жəне құқықтық мəжбүрлеу;
  • айлақтық жəне теңіз қауіпсіздігі;
  • əуе қауіпсіздігі;
  • иммиграция;
  • лаңкестікті қаржыландыруға қарсы шаралар;
  • химиялық, биологиялық, радиоактивті жəне ядролық лаңкестікке қарсы күрес;
  • кеден;
  • экспорттық бақылау» [8].

Жоғарыда көрсетілген жапондық министр орынбасарының есебінен Жапония мен АСЕАН халықаралық лаңкестікке қарсы ынтымақтастығы қауымдастықтың АҚШ-пен ықпалдастығынан мүлдем өзгеше екендігін байқауға болады, яғни американдық əскерлер Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы лаңкестік топтарды ұстауға, қарулы операциялар өткізуге тікелей араласқан болса, жапондық əскерлер мен эксперттер ондай қызмет шараларға атсалыса алмайды, оның себебі жапондық конституция баптарында жатыр, дегенмен, жапондық көмектің АСЕАН елдері үшін мəні зор. Ең алдымен, жапондық қаржылық көмекті шешуші ресурс ретінде қарастыруға болады, 2006 ж. халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бойынша Жапония-АСЕАН қоры ұйымдастырылды, қордағы алғашқы жапондық үлес 7,5 млрд. иенге (немесе 70 млн. АҚШ долл.) тең келеді [9].

Халықаралық лаңкестікпен күрестегі жапондық көмек жобасы лаңкестікке қарсы жəне қауіпсіздікті күшейтуге көмек көрсету бойынша бөлінген қаржы көлемі келесі көрсеткіштермен сипатталады: қаржылық жыл көрсеткіштерімен 2006 ж. — 62 млн. АҚШ долл., 2007 ж. — 65 млн. АҚШ долл. бөлінді [10].

Осы бағдарлама негізінде Индонезияға жіберілетін көмек көлемін ұлғайту шешілді, 2006 ж. шілдеде 17,24 млн. АҚШ долл. көлеміндегі сома «Қарақшылық, теңіз лаңкестігі жəне таратуға қарсы кемелер құрылысы» жобасына бөлінді.

2006 жылы тамызда Лаңкестікке қарсы жəне көмек көрсету бағдарламасы бойынша Камбоджаға да жіберілетін қаржы көлемі ұлғайды, нəтижесінде Камбоджаның басты халықаралық айлақтарындағы қауіпсіздік шараларын нығайтуға жəне құрал-жабдықтармен қамтамсыз ету жобасына 9,27 млн. АҚШ долл. бөлінді.

2007 жылы маусымда филиппиндік Теңіздік қорғаныс жəне қауіпсіздік жобасы шеңберінде жапондық үкімет тарабынан 8 млн. АҚШ долл. жұмсалды [11].

Сондай-ақ жапондық салымдар мен Ресми даму көмегі қаржы ресурстарының көлемінің қаншалықты мөлшерде өссе, соншалықты деңгейде қоғамдық  инфрақұрылымды жақсарту, əлеуметтік салаларға бағытталған жобалар мен шаралар саны өсті, оның ішінде дамушы елдердегі экономикалық жəне білім реформаларын іске асырудағы ықпалдастық; қақтығыстардың бейбіт жолмен шешілуі жəне бейбітшілікті нығайту; тұрақты даму жəне кедейлікті жою; өркениеттер арасындағы диалогты алға жылжытуға жəне кеңейтуге көмек мақсаттарындағы жапондық күш- жігерлерді ерекше бөліп көрсетуге болады [12].

Жапондық ықпалдастықтың, ең алдымен, қауіпсіздік жəне қорғаныс салаларында емес, əлеуметтік, ғылым-білім, мəдени салаларда іске асырылуы лаңкестіктің алдын алу, себептерін түсінуге бағытталғандығымен айқындауға болады. Аналитикалық орталықтардың мəліметтері бойынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі халықаралық лаңкестіктің кең таралуы,  лаңкестік топтар санының көптеп өсуі, арандатушылардың халық арасында қолдауға ие болуы себептері əлеуметтік теңсіздік, халықтың тұрмысының нашарлығы, əлеуметтік наразылықтардың тууында жатыр, лаңкестік тенденциялар, əсіресе осындай əлсіз қоғамда тез дамиды, өйткені əлеуметтік- экономикалық қиындықтар лаңкестердің насихаттау мүмкіндіктерін жеңілдете түседі.

Сонымен қатар халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі жапондық-АСЕАН-дық ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлікпен, атап айтқанда, қарақшылық қауіпі, ақшаның заңсыз айналуы, қару-жарақ айналымы, есірткі мен адамдар саудасын жою күресімен тығыз байланысты. Бұдан халықаралық лаңкестік қауіпі ұлттық, аймақтық, дүниежүзілік қауіпсіздік жүйесінің барлық салаларын қамтитынын байқауға болады, сəйкесінше, мұндай қауіп көздерімен күрес екіжақты қарым-қатынастардың барлық тақырыптарын көтеретіндігін айту қажет.

Сонымен, 2004 жылы АСЕАН мен Жапония арасындағы халықаралық лаңкестікке қарсы декларацияның қабылдануынан кейінгі кезеңдегі ынтымақтастықты барынша жемісті деп бағалауға болады.

Халықаралық лаңкестікпен күрестегі Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ықпалдастық ролі төмендегі салаларда іске асырылды:

  1. Иммиграция — иммиграциялық бақылау бойынша семинар; құжаттық тексеру бойынша семинар; иммиграциялық бақылау органдарындағы тəжірибелік дəрістер; куəліктік саясат бойынша азиялық орталық; Таиландтық иммиграциялық бақылауды жақсарту бойынша көмек жобасы (семинар жəне құжаттық тексеру бойынша сарапшылардың жіберілуі).
  2. Əуе қауіпсіздігі — индонезиялық айлақтарды жəне басқа да əуежайларды қажетті құрал- жабдықтармен (рентген, детектор жəне т.б.) қамтамасыз ету; əуе қауіпсіздігі бойынша семинар; Индонезиядағы басты əуежайлар қауіпсіздігі жүйесін күшейту бойынша зерттеулер.
  3. Айлақтар жəне теңіз қауіпсіздігі — Индонезиядағы айлақтар құрылысы жəне олардың қауіпсіздігін сақтау құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілуі; Камбоджа айлақтарының қауіпсіздік дайындықтарының күшейтілуі, теңіз қауіпсіздігін сақтау бойынша ААФ (ASEAN Regional Forum) орталығы; теңіздегі заңнамалық жүйені нығайту бойынша тəжірибелік дəрістер; Филиппиныдағы жағалауды қорғау, адам ресурстарын дамыту бағдарламасы (эксперттерді жіберу жəне оқыту курстары); Малайзияны қорғау жəне қорғаныс эксперттерін жіберу; Индонезия мен Филиппиныға теңіз қауіпсіздігін нығайту бойынша эксперттер қызметі; Жапондық жағалау қорғанысы академиясына жаттығушыларды қабылдау; азиялық жағалау қорғанысы органдары басшыларының кездесуі; айлақтық қауіпсіздік бойынша семинарлар жəне эксперттерді жіберу; АСЕАН-Жапония айлақ қауіпсіздігі эксперттерінің кездесуі; Айлақ қауіпсіздігі бойынша АСЕАН-Жапония іс-əрекет ету жоспары; Айлақтық қауіпсіздік бойынша жаттығулар өткізу туралы АСЕАН-Жапония Бірлескен декларациясы.
  1. Кеден — Кедендік əкімшіліктің қызмет сапасын жоғарылату бойынша оқыту курстары; басқаруды нығайту бойынша оқыту курстары; контрабандаға қарсы оқыту курстары; кедендік қызмет көрсету сапасының дамуы бойынша жылдық қорытынды есептерін беру.
  2. Экспорттық бақылау жəне ядролық қаруды таратпау — теңіздік қауіпсіздік тақырыбындағы азиялық ядролық қаруды таратпау семинары; Азия лауазымды тұлғаларының ядролық қаруды таратпау келіссөздері: ASTOP; Азиядағы экспорттық бақылауды іске асыру сапасын жоғарылату бойынша оқыту курстары; азиялық экспорттық бақылау семинары (Токио); Азия елдеріндегі экспорттық бақылау бойынша семинарлар.
  3. Полиция жəне заңнамалық жүйені күшейту — халықаралық лаңкестікті зерттеу бойынша талқылаулар; полиция офицерлеріне арналған семинарлар; қылмыстық зерттеу бойынша семинар; полициялық ақпараттармен алмасу бойынша семинарлар; Индонезиядағы азаматтық полиция өкілдерінің қызметін нығайту (эксперттерді жіберу жəне үйренушілерді қабылдау); Индонезиядағы азаматтық полиция мүмкіндіктерін кеңейту жобасы (2004 ж. 518 млн. иен бөлінді); филиппиндік ұлттық полицияның ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатындағы эксперттердің жіберілуі.
  4. Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күресу — лаңкестікке қарсы халықаралық конвенциялардың қабылдануын кеңейту бойынша семинарлар; Азия даму банкі ұсынысымен аймақтық сауда жəне қаржылық қауіпсіздік қоры ынтымақтастық шеңберіндегі жапондық үлес (1млн. долл.).
  5. Химиялық, бактериологиялық, радиоактивті жəне ядролық лаңкестікке қарсы күрес — 2004, 2005, 2006 жж. Малайзиядағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы лаңкестікке қарсы орталықпен бірге химиялық /биологиялық лаңкестіктің алдын алу жəне жою семинарлары. 2006 жылы семинар Токиода өткізілді.
  6. Лаңкестікке қарсы халықаралық конвенциялар мен хаттамалар — «Лаңкестікке қарсы заңды режимді күшейту» бойынша семинарлар; Индонезиядағы лаңкестікке қарсы күреске жапондық қаржылық көмек:

-    30,000 АҚШ долл. (2005);

-    50,000 АҚШ долл. (2006);

-    46,000 АҚШ долл. (2007) [13].

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық лаңкестік əлемнің басқа бөліктеріндегі лаңкестік құбылыстармен салыстырғанда қауіптілігі жағынан еш кем түспейді. Мұнда ең жоғарғы мақсаттар алға қойылған жəне оны іске асыруда барынша қауіпті құралдар қолдануда. Аймақтағы тіркелген ірі лаңкестік топтар басты мақсаты ретінде қазіргі Индонезия, Малайзия, Филиппины, одан кең қарастырғанда Папуа-Жаңа Гвинея аумағында мұсылмандық мемлекет құруды көздейді [2; 9–12]. Бұл тек Джаама-Исламия тобының ғана мақсаты, ал қалған лаңкестік ұяшықтардың қандай мақсаттарды көздейтіні беймəлім. Сондықтан аймақ мемлекеттерінің халықаралық лаңкестікпен күресте Шығыс Азия жəне əлем мемлекеттеріне дабыл қағуы орынды. Осы орайдағы жапондық- АСЕАН-дық ынтымақтастығы өміршеңдігін көрсетуде, алғашқы «Жапония мен АСЕАН елдерінің лаңкестікке қарсы ынтымақтастық декларациясына» қол қойылғаннан бергі кезеңде көптеген келісімдер, конвенциялар қабылданды жəне ратификацияланды, көптеген жобалар іске асырылды, мұндай шаралардың барлығы лаңкестікпен қарсы күресудегі барлық тіректердің қызмет  етуін, барлық мүмкіндіктердің қолдануына ықпал етті. Негізінен Жапония мен АСЕАН елдерінің ынтымақтастығының сəттілігі олардың сан-саланы қамтуында деуге толық негіз бар. Жапония мен АСЕАН-ға мүше-мемлекеттердің қарым-қатынастары екіжақты «АСЕАН-Жапония» диалогы деңгейінде жəне көпжақты сипатта «АСЕАН+3» пен Шығыс–Азиялық қауымдастық шеңберінде дамуда. 1977 жылы құрылған «АСЕАН-Жапония» диалогтары форумдарының қызметі саяси мəселелермен қатар, көптеген экономикалық мəселелер де шешуге бағытталған. Мəселен, «АСЕАН- Жапония» диалогы шеңберінде Ассоциацияның осы мемлекетпен сауда дефициттері, Жапониядағы АСЕАН-нан келетін бірқатар тауарлардың импортына қойылған шектеулер, жапондық  қаржы көмегін Ассоциацияға мүше-мемлекеттер арасында бөлісу сияқты мəселелер талқыланады.  Сондай- ақ «АСЕАН+3» шеңберіндегі байланыстар 1997–1998 жылғы азиялық қаржы дағдарысынан кейін АСЕАН-ға мүше-мемлекеттердің Жапония, Оңтүстік Корея жəне Жапониямен мемлекет  басшылары жəне үкіметаралық деңгейде тұрақты кездесулерді өткізу бастамасынан бастау алды. Осы уақыттан бастап «АСЕАН+3» форумы негізінде келесі деңгейдегі жыл сайынғы кездесулер өткізіліп тұрады: АСЕАН+3 мемлекеттің үкімет басшылары кездесулері, тараптардың сыртқы істер министрлері, сауда мен инвестиция министрлері арасындағы кездесулер. Бұл кездесулер АСЕАН-ның Жапония, Қытай жəне Оңтүстік Кореямен экономикалық байланыстарды дамыта отырып, аймақтық деңгейде интеграциялануына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «АСЕАН+3» шеңберінде Қытай мен Жапония арасында  аймақтағы экономикалық жетекшілікке қатысты бəсекелестік те орын алуда. Қытай мен Жапония екіжақты деңгейде Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын іздестіруде. Соған дəлел Жапония мен Қытайдың АСЕАН елдерімен еркін сауда аймақтарын құру туралы келісімдерге келуі. Яғни 2002 жылдың қарашасында Қытай мен АСЕАН-ға мүше- мемлекеттердің басшылары Қытай мен АСЕАН арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімнің негізгі мəнісі тараптардың арасындағы еркін сауда аймағын құру болып табылады. Келісім бойынша оның құрылуы 2010 жылы аяқталуы тиіс. Осы құжаттың қол қоюылуы нəтижесінде АСЕАН мен Қытай арасындағы екіжақты сауда айналымының өсіп, азиялық нарықтағы жетекші ұстанымдарға ие болуына ықпал етті. Қазіргі таңда Қытай АСЕАН елдерімен экономикалық салада төртінші орындағы əріптес мəртебесіне ие, алайда Қытайдың экономикалық өсуінің жалғасуы жағдайындағы оның АСЕАН-мен сауда байланыстарында алдыңғы үштіктің қатарына қосылатындығы туралы болжамдар да пайда болуда. Жапония да Қытайдан қалыспай, аймақтағы экономикалық жетекшілікті сақтау мақсатында АСЕАН-ға мүше- мемлекеттермен екіжақты деңгейде еркін сауда аймағын құруды ұсынуда. Мəселен, 2002 ж. қаңтардағы бұрынғы жапон премьер-министрі Дз. Коидзумидің ісспары нəтижесінде Сингапур мен Жапонияның арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Жапония Сингапурден өзге АСЕАН-дық мемлекеттермен 2003 ж. «Жаңа ғасырдағы Жапония мен АСЕАН əріптестігін жалғастыру бойынша Токио декларациясына» қоcылуы арқылы экономикалық қарым- қатынастарын нығайтуға тырысып отыр. Яғни, Жапония Қытаймен қатар, АСЕАН мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды дамытуда бəсекелестікке түсіп отыр. Атап өтерлігі, «АСЕАН+3» форумының құрылуының өзі де Жапонияның аймақтық интеграциялық үрдіске қосылу ниетін ғана танытпайды, екінші жағынан, Жапонияның Қытайды тежеу арқылы аймақтық арасалмақты сақтауға деген ұмтылысын да байқатады. Яғни Жапония Шығыс Азиядағы Қытай факторын тежеуші құрал ретінде «АСЕАН+3» саммитін пайдаланады. Осы бағытта Жапонияның жүргізіп жатқан сыртқы саясаты ерекше белсенді. 2005 жылы Куала-Лумпурде өткен «АСЕАН+3» саммитіне  Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістанның шақырылуын Жапонияның Қытай қарқынын тежеудегі дипломатиялық жеңісі деп айтуға болады. Жапонияның Қытайды тежеуге деген ұмтылысы 2005 ж. құрылған Шығыс–Азиялық қауымдастық шеңберінде де назарға алынып отыр. Бұл ұйым 2005 ж. 14 желтоқсандағы Куала-Лумпурдегі АСЕАН-ға мүше 10 мемлекет жəне Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландияның қатысуымен құрылды. АҚШ саммитке қатысудан бас тартты, себебі қатысушы-мемлекеттер аймақта əскери күштерді қолданбауды қарастыратын достық жəне ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймады. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, «АСЕАН+3» саммитін Шығыс–Азиялық қауымдастығына үлкейтудегі АСЕАН мақсаты Қытайдың экономикасын басқа Шығыс–Азиялық елдер экономикасымен араластыру арқылы оның үстемдік ұстанымдарын тежеумен түсіндіріледі. АСЕАН мен Жапонияның мұндай саясаты олардың  стратегиялық серіктестері  АҚШ-тың да  көңілінен шығуда. Себебі  осы  саясат АҚШ  пен Жапонияның    Қытайды «қатыстыру саясатының» құрамдас бөлігі болып табылмақ, яғни ол бойынша Жапония Қытаймен бірге интеграциялық бірлестікте əрекеттесе отырып, сонымен қатар бір уақытта басымдыққа ие болуына кедергі болуға тырысып бағуда. Осылайша Жапония мен АСЕАН-ның экономикалық байланыстарын дамытудағы негізгі институционалдық механизмдердің қызметін «АСЕАН — Жапония» диалогы», «АСЕАН+3» форумы мен Шығыс–Азиялық қауымдастық атқаруда. Ал осы механиздердің негізіндегі Жапония мен АСЕАН-ның экономикалық қарым-қатынастары келесі бағыттар бойынша дамуда: сауда мен инвестициялар бойынша, ресми даму көмегі негізінде.

Жапония АСЕАН-ның АҚШ-тан кейінгі ірі сауда əріптесі болып отыр. 1991–1996  жж.  АСЕАН мен Жапонияның жалпы сауда айналымы 683, 226 млн. долл. құрап, Ассоциацияның жалпы сыртқы саудасында жапондық үлес 6,7%-ды көрсеткен, ал 1993–2001 жж. арасында Жапониямен сауда 15%-ға дейін жетті. 2001 жылы АСЕАН елдерінің жалпы экспортындағы Жапонияның үлесі 16%-ды құраса, импортында  16%-ға  тең  болды.  2001  жылғы  мəліметтер  бойынша,  Оңтүстік-Шығыс  Азия елдерінің қауымдастығы аймағына кеткен Жапонияның тікелей инвестиция көлемі 18%-ды құрады, яғни АСЕАН сияқты интеграциялық топ пен Токионың өзара тəуелді жүйе екендігін байқауға болады. Жапон инвестициялары негізінде біріккен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мəселен, 1993 жылғы жапондық «JETRO-ның инвестиция бойынша Ақ кітабының» мəліметтеріне сəйкес, 1991–1992 жж. аралығында өнеркəсіптік ынтымақтастық саласында Жапония мен АСЕАН елдері бірлесе отырып, 215 жобаны іске асырған. Жобалар келесі салаларға жіктеледі: көлік құрылысы, автомобиль, электроника жəне электрондық жабдықтар, тоқыма. Аталған секторлар Жапония мен АСЕАН-ның ғылыми-технологиялық жетістіктерімен алмасу, ноу-хау, лицензиялар, тəжірибелерімен алмасуы үшін өндірістік ынтымақтастық саласындағы маңызды жаңалыққа айналды. Жапонияның АСЕАН аймағындағы ғылыми-технологиялық салаларындағы инвестициялары Жапонияның барлық инвестицияларының 64 %-ын құрады. Ассоциация мүшелері аумағындағы жапондық инвести- циялардың көп болуы, ең алдымен, АСЕАН-дық мемлекеттердің табиғи қорларға бай болуымен, жұмысшы күшінің арзандығымен, аймақтық нарықтың сыйымдылығымен, сауда қарама- қайшылықтарының жоқтығымен, технологиялық қамтамасыз етумен жəне жергілікті үкіметтердің тікелей қолдауының барлығымен түсіндіріледі.

Осы көрсетілген мəліметтердің өзі Жапония мен АСЕАН-ның ынтымақтастығы халықаралық лаңкестік сияқты қауіппен күрес қатар, тараптардың экономикалық дамуы үшін де тиімді екендігін көрсетеді. Сол себепті Жапония мен АСЕАН-ның ортақ экономикалық мүдделері болуының өзі олардың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікті сақтауға да ниеттестігін артыра түседі. Əсіресе лаңкестік сияқты қауіппен күресте тараптардың арасындағы ынтымақтастықтың арта түсетіндігі даусыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Крупянко М.И., Арешидзе Л.Г. Новая расстановка сил в Восточной Азии: значение для интересов безопасности России // Восток. — 2003. — № 6. — С. 80–88.
  2. Гусев М. «Джаама-Исламия» — собрат Аль-Каиды в ЮВА // Азия и Африка сегодня. — 2004. — №1
  3. Другов А. Кому на руку теракт на Бали // Азия и Африка сегодня. — 2003. — № 2. — C.17
  4. ASEAN-Japan relations // aseansec.org/15258.htm
  5. Japan-ASEAN relations // mofa.go.jp/region/asia-paci/asean/pmv0411/joint.html
  6. ASEAN-Japan relations // aseansec.org/67514.htm
  7. ASEAN-Japan relations // mofa.go.jp/region/asia-paci/asean/dialogue/summary0606.
  8. Japan’s foreign policy // mofa.go.jp/policy/terrorizm/index.htm
  9. ASEAN-Japan relations // mofa.go.jp/policy/region/asia-paci/asean7601.htm
  10. Japan’s foreign policy // mofa.go.jp/policy/terrorizm/coop0710.htm
  11. Abuza Z. Funding terrorizm in Southeast Asia: The financial network of Al
  12. Qaeda Jemaah Islamyah // nbr.org/publications/chapter/aspx?ID=337
  13. Japan’s foreign policy // mofa.go.jp/policy/terrorizm/coop0170.htm
  14. Japan’s foreign policy // mofa.go.jp/policy/terrorizm/assist0710.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.