Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ шенеуніктерін қалыптастырудағы империялық биліктің саясаты

XIX ғасырдың I жартысында шенеуніктік төрт топқа бөлінді. Біріншісі (1-шіден 5-ші класс бойынша) үкіметтік саясат бағытын анықтайтын жоғары бюрократия өкілдерін біріктірді. Оларға жататындар: министрлер, Мемлекеттік кеңес мүшелері, сенаторлар, елшілер, губернаторлар жəне жауапты қызмет атқаратын басқа адамдар. Оларды сановник деп атады. Олар жоғары мөлшерде ақшалай ақы алды, оған асханалық ақша түрінде (маңызды адам мен бағынышты адамдардың столына өкілдікті шақыру үшін), пəтерлік (немесе қазына пəтерін беру) жəне сапарақы т.б. ақша түрінде қосымша ақша қосылды. Сановниктер көптеген жеңілдіктерге ие болды: ел ішінде қызметтік іссапарларда жүрген кезінде олар пошта станцияларында ат ауыстыруды кезексіз жүргізуді талап етуге құқылы болды, түрлі салтанатты жиындарда құрметті орын алды, сонымен қатар театр, ас беру жəне бал кештерінде де олардың өздеріне жəне əйелдеріне де тиісті құрмет көрсетілді. Бұл рангадағылар шендері жоғары мемлекеттік марапатқа ие бола алатын еді, сондықтан тек солардың мундирлерін жұлдыздар мен ордендік ленталар əрледі.

Екінші топқа (6–8-ші класс шенеуніктері) атқарушы сипаттағы қызметкерлер енді. Оларға министрлік аппаратта жəне губерниялық мекемелерде басшылық қызмет жасайтын шенеуніктер жатты. Олардың жалақысы мен қоғамдық мəртебесі лауазымына, қызмет орны мен оның түріне байланысты болды.

Кеңселік жəне төменгі атқарушы қызметтегі 9–14-ші кластағы шенеуніктер, яғни үшінші топ өкілдеріне қиын соқты. Орталық аппаратта олардың жоғары емес, орташа лауазымдары болды, бірақ уездік басқармада олар жауапты қызмет атқара алуы мүмкін еді. Бірақ олардың да, басқалардың да жалақысы көп емес еді жəне қосымша кіріссіз оларға қиын күй кешті. Олардың жалақысы қолөнерші немесе жұмысшы жалақысының мөлшерінен аспады. Кіші шенеуніктің арманы 8-ші класты шенге дейін немесе орденге дейін қызмет ету еді, ол оған 1845 жылға дейін əулеттік дворяндыққа құқық берді. Бірақ оған дейін 30–35 жыл ауыр қызмет жолынан өту керек болды. Бірақ ең қиын жағдай Ранг туралы табельден тыс тұрған жəне хат-қағаз жазумен айналысқан кеңсе қызметшілерінде еді. Олар өздерінің жарытымсыз жалақысына қайыршылық күн кешті. Табельдік шені болмағасын олар іс жүзінде шенеунік қатарына жатқызылған жоқ, бірақ шенеуніктердің көпшілігі өз қызмет жолдарын кеңсе қызметшісі ретінде бастады. Олар тек техникалық жұмыс үшін пайдаланылатын табельден  тыс шенеуніктер, яғни, төртінші топты құрады. Шенеуніктердің сандық құрамының тез өсу жағдайында бұл топ табельдікті толықтыру резерві болды.

XVIII–XIX ғасырларда шенеуніктер құрамына сонымен қатар ғалымдар, суретшілер, сəулетшілер, университет профессорлары, гимназия мұғалімдері жəне мұражай, мұрағат, кітапхана қызметшілері де енді. Олардың бəрі статтық қызметте тұрып, қазынадан жалақы алды, шендері болды. Шендері кейде жоғары да болды (профессорлар мен академиктер 3–4-ші класты шендерге дейін жетті). Өз қызмет түрі бойынша еркін мамандық иелері өздерін шенеунік деп есептеген жоқ жəне қызметінде жалпы шенеунік қызметіне тəн қатал тəртіптен өзін салыстырмалы түрдегі еркіндікте ұстады.

Шенеуніктің мансабы (карьера) шығу тегіне байланысты маңызды болған көптеген факторларға тəуелді еді. Əулеттік дворянның кезекті деңгейдегі шеніне тез өтуге заңды жеңілдіктері болды, сонымен қатар ол жоғары басшылықтың көз алдындағы қызметтерді алуға мүмкіндік беретін байланысты пайдаланды жəне шендік сатының төменгі басқышындағы қызметін армиядағы қызықты қызметпен ауыстыру мүмкіндігін пайдаланды. XVIII ғасырда жас шағынан қызметке тіркеліп қою үрдісі кеңінен тарады. Сондықтан XIX ғасырдың ортасында төменгі шендегі əулеттік дворян 20 % болса, жоғары қызметте олардың үлесі 80–100 % дейін көтерілді.

Сəтті қызметтік өсу сатысының басқа маңызды факторы — білім алу. Университет немесе лицейді бітірісімен, түлек өз мансабын бірден класты шендердің бірін алудан бастады (магистрдің немесе доктордың ғылыми дəрежесі 9-шы немесе 8-ші класс шеніне сəйкес құқық берді). Жоғары жəне орта білім қызметте тезірек алға жылжуға көмегін тигізді, сондықтан XIX ғасырдың ортасында- ақ жоғарғы шенге жоғары жəне орта білімі барлар ие болды, ал ол кезде бастауыш білімі бар төменгі кластағы шенеуніктер 80–90 % құрады.

Қызметтік өсудің сəттілігі көп жағдайда шенеуніктердің тырысушылығына, олардың атқарушылығы мен тəртіптілігіне жəне, əрине, басшылыққа жағу, көңілінен шығу сияқты қабілеттеріне де байланысты еді. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Ресейдің империализм кезеңіне енуімен монополиялар үкіметтік мекемелермен тығыз байланыс орнатты. Монополия өкілдері сауда жəне өнеркəсіп, жол, қаржы, əскери, теңіз министрліктерінің жекелеген кеңес жəне жер қатынасы, егін шаруашылығы сатыларының құрамына да енді. «Ерекше кеңестерде» патша шенеуніктері мемлекеттік аппараттың империалистік монополиялармен бірігудің бастапқы кезеңін жүзеге асыра отыра, буржуазия өкілдерімен белсенді ынтымақтасты.

Шенеуніктер төңкеріске дейінгі Ресейде əлеуметтік топ болды, олар азаматтық қызметке келуімен жəне шенінің бар-жоқтығымен анықталған топ еді.

XIX ғасырдың I жартысында мекемелер саны жедел өсті, олардың штаттары көбейді, іс қағаздарын жүргізу мен хат-хабар алысу көлемі де біршама көтерілді. Соның нəтижесінде ғасырдың ортасында шенеуніктер саны 90 мыңға жетті. XIX ғасырдың соңында шенеуніктер саны 400 мың адамға жетті жəне олардың тоқтаусыз өсімі қоғамда қауіп туғызды. Олар бюрократия алып күшке айналып, билікті бақылаусыз пайдаланады деп қауіптенді. Шын мəнінде, қоғам өміріндегі шенеуніктердің ролі өсіп жатты. Əлеуметтік өмірдің өзіндегі қиындық шамасы бойынша мемлекет оның түрлі салаларын реттеуді, əлеуметтік тəртіпті қолдауды өз мойнына алды.

XIX ғасырдың ортасынан бастап алғашқы төрт кластағы азаматтық шендері барлардың тізімі жүйелі түрде басып шығарылды. «Рангтер туралы табельде» шығу тегі дворяндыққа жатпайтын адамдар 14-ші класқа өткен соң жеке дворяндық, ал 8-ші класқа өткен соң əулеттік дворяндық алды. Ол шенеуніктердің қызметін ынталандырды жəне артықшылықтары жоқ таптардан шыққандар үшін алға жылжуға біршама мүмкіндік берді. 1856 жылы 9 желтоқсандағы Заң əулеттік дворяндықты тек 4-шіден (əскерилер үшін 6-шыдан), ал жеке дворяндықты 9-шы кластан алуды анықтады.

«Табель» пайда болған соң титулдау жүйесі қалыптаса бастады, яғни шені бар адамдарға арнайы қарым-қатынас қалыптасты. 1-ші жəне 2-ші класс шендері «жоғары мəртебелі» титулын алды, 3-ші, 4-ші класс шендері — «мəртебелі», 5-ші класс шені — «жоғары текті», 6–8-ші класс шендері — «жоғары ізгілікті», ал 9–14-ші класс шендері «ізгілікті» титулдарына ие болды.

1905–1907 жылдардағы төңкеріс самодержавиені барлық тап (кейбір орыс емес халықтарды қоспағанда) өкілдеріне мемлекеттік аппаратта қызмет ету құқығын беруге мəжбүрледі. Іс жүзінде таптық кедергі жəне сауаттылық бақылау кедергісі күшінде бұл құқық жұмысшылар мен шаруаларға қолданылмады. 1903 жылдың өзінде-ақ В.И.Ленин шенеуніктерді «...қарапайым жұмысшы адам ешқашан өте алмайтын...» ну, қалың орманмен теңестірді [1].

XX ғасырдың басында шенеуніктердің əлеуметтік құрамының өзгеруі оның кейбір бөлігінің саяси «сенімділігінде» көрініс берді. 1908 жылы 30 сəуірдегі Сенаттың ерекше анықтамасы мемлекеттік қызметтің революциялық жəне оппозициялық қызметімен үйлесімсіздігін бекітті. Жоғарыдағылар 1905–1907 жылдардағы төңкерістен соң да дворяндық-помещиктік бюрократия сипатын  жəне  көптеген  элементтерін  сақтады.  В.И.Ленин  1911  жылдың  соңында  былай   жазды: «... бюрократия рекрутируется... из старого, совсем старого, не только дореволюционного (до 1905 г.), но и дореформенного (до 1861г.) поместного и служилого дворянства », «такая бюрократия дает чисто крепостническое, исключительно крепостническое направление и облик буржуазной деятельности» [2]. Сонымен қатар басқару аппаратына қызмет ететін ерекше тап — ресейлік шенеуніктердің тұрақтылығын, орнықтылығын, салыстырмалы біртектілігін айтуға болады. Ресейлік шенеуніктердің қалыптасуындағы маңызды елеулі кезеңді анықтауға болады: петрлік кезең, «Ранг туралы табель», 1802 жылы министрліктердің құрылуы, нəтижесінде XX ғасырдың басында кəсіби шенеуніктердің ерекше тобы пайда болған 1860–1870 жылдардағы реформалар. XIX ғасырдың ортасына таман шенеуніктіктің орасан үлкен дамуы болды, жоғары деңгейде азаматтық жəне əскери қызметті шектеу, қызметке кірердегі материалдық молшылық деңгейі мен отбасылық байланыс мəнінің төмендеуі жəне осының орнына білім сияқты объективті өлшемнің шығуы болды. Осы кезеңде бұрын дəстүрлі егіншілікті элитаның қолында болған саяси бақылау қызметі көшкен жаңа бюрократиялық элитаның қалыптасуы болды [3].

Шетел тарихнамасында шенеуніктердің бұл тобы XIX ғасырдың 60-жылдарындағы реформаға дайындықта маңызды роль атқарған «білімді бюрократия» деген атақ алды. Олардың алдына қойған мақсаты — бірінші кезекте самодержавие сияқты негізгі қаймақтарын сақтай отыра, қоғамды жаңарту. Сонымен қатар білім деңгейі, қызмет бойынша алға жылжу қабілеті ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық бағыттары бойынша да ерекшеленген орталық жəне жергілікті əкімшіліктегі шенеуніктікті ажырата білу керек.

XVIII–XIX ғасырларда Қазақстанды интеграциялауға бағытталған патша өкіметінің стратегиялық саясаты тек саяси-əкімшілік реформаларды ғана емес, сонымен қатар ұлттық қоғамдардың дəстүрлі əлеуметтік құрылымына жəне жаңа əлеуметтік топтың құрылуына  ықпал ететін шаралар жиынтығын енгізді. Жаңа аумақтарды интеграциялаудың маңызды құралы жергілікті элиталардың басқару жүйесіне жинақталуы болып табылады. Біріншіден, орыстың қызмет ететін дворяндығы ашық тап болды. Ұлттық элитаның кез келген өкілі қызметке барып, шен алып, орыс истеблишментінде соған сəйкес орын ала алатын еді. XIX ғасырдың II жартысында қазақ халқына қатысты дамытылған əлеуметтік жəне мəдени орыстандыру қызметтік өсу үшін қосымша мүмкіндіктер берді. Қазақ шенеуніктерінің қалыптасуында империялық билікке тəн нəрсе — ұлттық сананың психологиялық аспектілерін менсінбеу жəне тек заңды формаларды есепке қабылдау еді. Бұл саясаттың мақсаты — билікке көнбіс, сенімді, орыс емес халықтардың жаңа жəне жаңартылған элитасын қалыптастыру жəне Ресей мемлекетінің фискалды қажеттіліктерін толықтыру үшін шаруаларды қалыптастыру.

Патша үкіметі сонымен бір мезгілде билікке тəуелді жергілікті халық өкілдерінің ішінен шенеуніктерді қалыптастыру процесін де бастады. Осыдан көретініміз, патша əкімшілігі жаңадан қалыптасып келе жатқан элитаның артықшылықты жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған таптық- құқықтық сипаттағы шаралар жасады. Біріншіден, бұл — орыс емес халықтардың дəстүрлі қоғамына шенеуніктердің қызмет сатысы бойынша біртіндеп алға жылжу механизмі қаланған Петрдің «Ранг туралы табелін» тарату. Табель негізінен үш қызмет түрін қарастырды: əскери, штаттық, сарай маңы (придворный), олардың əрқайсысын 14-класқа бөлді. «Табельге» сəйкес əрбір шенеунік қызметіне байланысты класқа ие болды. Мысалы: коллеждік тіркеуші қызметі — 14-ші класқа, ал коллеждік асессор 8-ші класқа сəйкес келді. Екіншіден, жергілікті ақсүйек өкілдерінің мемлекеттік қызметке келуі олардың Ресей империясының дворяндық табына кіруіне мүмкіндік берді. Офицер шені бар барлық мемлекеттік қызметкерлер жеке дворяндық құқығын пайдаланды, 8-класс (майор)  шені барлар əулеттік дворяндыққа таласуға құқылы болды.

Ресей империясы мемлекеттік қызметі жүйесіне енген аймақтың түркі тілдес халықтарының əлеуметтік билік өкілдері регулярлы (тұрақты) (прапорщик, поручик, капитан, майор, подполковник, полковник жəне т.б.) жəне иррегулярлы (зауряд-хорунжий, зауряд-сотник, зауряд-есаул) əскерінің əскери шендеріне сəйкес қызмет атқарды. Мұны мынадан көре аламыз: Орынбор кадет корпусының Азиялық эскадронында ғылым курсын аяқтаған қазақ, башқұрт, татарлар обер-офицер шеніне (капитаннан прапорщикке дейін) тағайындалуға құқығы болды. Осылай, подпоручик 13-класс шеніне сəйкес келді, ал поручик — 12-класс шеніне. Қазақ жігіттерінің негізгі контингенті Орынбор кадет корпусын прапорщик (14-класс) шенімен аяқтады. Бұл оларға жеке дворяндыққа ие болу құқығын берді жəне саты бойынша жоғарыға жылжу үшін бастама нүкте болды. Келесі əскери шенге өту төмендегідей өлшем бойынша жүзеге асырылды:

а) еңбек жылы бойынша;

б) қызметтегі ерекшелігі үшін;

в) вакансия (бос орын).

Кадет корпусын прапорщик шенімен аяқтаған Əлмұхамед Сейдалин қызмет сатысымен жақсы көтерілді. Ол 18 жыл қызмет етіп майор шеніне (8-класс) дейін жетті. Ресей империясының бюрократиялық жігіне енудің бір мысалы Салих Биглов мырзаның мемлекеттік қызметі болды. Ол өз қызметін 1837 жылы Орынбор губерниялық кеңсесінде коллеждік тіркеуші (14-класс) шенінен бастады. 9 жыл бойғы мінсіз қызметі арқасында шенеунік сатысымен жоғары көтеріліп, губерниялық хатшыға (12-класс) дейін барды. Қызметте 50 жылдан астам уақыт болып, əулеттік дворяндық алды. 1884   жылы   қыркүйекте   С.Бигловқа   мемлекеттік   қазынадан   жылына   400   сом        көлеміндегі «күшейтілген» зейнетақы тағайындалды [4]. С.Бигловтың ұлдары (Мұхамед-Рахым жəне Мұхамедияр) əке жолын қуды. Олар заң бойынша біліміне қарамастан, мемлекеттік қызмет атқарудың тиесілі құқықтарын пайдаланды. Олар қызмет сатысымен өсуді əкесіне қарағанда тез жасады. Солай, Биглов Мұхамед-Рахым Салихұлы үш жылдың ішінде губерниялық хатшы шеніне жетті [5].

Еникеев Темір-Болат Сүлейменұлы Торғай облыстық басқармасында 18 жыл қызмет етіп сарай маңы кеңесшісі шенін алды, ол «Табель» бойынша 7-класқа сəйкес еді жəне əулеттік дворяндық құқығын алды [6].

Мемлекеттік аппаратты қайта құруға байланысты шенеуніктердің сапалық құрамы (білімі, біліктілігі, əлеуметтік тегі, мүліктік жағдайы) мен саны да өзгерді. Əдебиеттерде берілген шенеуніктердің саны жөніндегі мəліметтердің бір-бірінен айырмашылығы — шенеунік деп кімді санайтыны жөніндегі ортақ пікірдің болмауынан. Шенеунік деп тек мемлекеттік қызметтегі жəне тікелей мемлекеттік басқарумен айналысатындарды ғана емес, сонымен қатар шенеунік деп аталса да, шын мəнінде басқару қызметінде жасамайтындар, мысалы: дəрігер, мал дəрігері, қайырымдылық мекемелерінің қызметкерлері де саналды. Б.Миронов халықтың өсуіне байланысты шенеуніктер санының өзгеруінің жалпыимпериялық бейнесін көрсетті. Солай, XVIII ғасырдың I жартысында бюрократия халыққа қарағанда — 1,5 есе, XIX ғасырдың I жартысында 3,5 есе өсті жəне тек II Екатерина тұсында шенеуніктер саны халық санының өсіміне пропорционалды көбейді. XIX ғасырдың II жартысында халық саны бюрократияға қарағанда 1,1–1,4 есе тез өсті. XX ғасырдың басында шенеуніктер саны қайтадан халық санына қарағанда 1,3 есе тез өсті [7].

Негізінен қазақ қызметкерлерінің 58,3 %-ы оқу қызметімен айналысты. Бұл болыс жəне ауылдарда орыс-қазақ мектептерінің ашылуымен байланысты еді. Солайша, өлкедегі мектеп ісін жақсы жолға қою, орыс сауаттылығын кеңінен тарату жəне қазақтарда аты шыққан, «бірақ орыстардың көзқарасынша зиянды» мектеп пен медреселерді ығыстыру, қарсы қою үшін Орынбор оқу аймағы қамқоршысы В.В.Катаринский 1891 жылы Көшпелі ауыл мектептерін ашу туралы ережені жасады. Бұл мектептердің құрылымы қазақтардың тұрмыс жағдайына сəйкес келіп, көшу үшін қолайлы болу керек еді. Олар мұсылман мектептеріне ұқсас, жазда қарапайым кибиткеде орналасып, ауылмен бірге көшіп-қонып, қазақ халқының көшпелі өміріне үйренген жəне ең  бастысы — қаражатты аз талап ететін болуы керек болды. Солай, 25 оқушысы бар əрбір болыс мектебіне жылына 2000-нан 2300 сомға дейін қаражат жұмсалды, ал 30–50 оқушысы бар 2 класты училищеге жылына 4000-ға дейін қаржы жұмсалды.

Ауыл мектептеріндегі оқу жылы қыстау (қазан-сəуір) жəне жайлау (мамыр-қыркүйек) уақытына ыңғайланып құрылды. Оқу курсы бір класты болыс мектебінің 1-ші жəне 2-ші бөлімшесіне сəйкес келді  [8].  Торғай облысының халық  училищелері инспекторы А.Васильев (1861–1943) былай   деді:

«Каждый ордынец с охотою воспользуется возможностью дать своему сыну знания и грамоту и другие полезные сведения, если только это не сопряжено с удалением сына из семьи и с переменою привычных для мальчика условий жизни» [9]. Шын мəнінде де, XIX ғасырдың соңынан бастап енді болыс мектептері ашылған жоқ, ал ауылдық көшпелі мектептердің ашылу процесі белсенді басталды. Солай, Ақтөбе уезі бастығы Тілеу Сейдалин 1892 жылы 31 қарашада Бестамақ болысында № 5 ауыл старшыны Т.Қашалиннің қыстағы жанынан ауыл мектебінің ашылғанын баяндады. Оның мұғалімі Ақтөбедегі 2 класты орыс-қазақ мектебі түлегі Оразбай Қалтынов болды [10]. Бір жылдан соң ауыл мектептері ашылды: Теректі болысындағы бұрынғы болыс Ибрагим Исенов ауылында (Ақтөбеден 100 шақырым жерде); Ойсылқара болысындағы № 3 жəне № 4 ауылдарда, ол Қайыптөре Асанов пен Қалмағамбет Шортановтың қыстағы жанында (Орск-Теректі трактіне жақын,   Ақтөбеден 120–130 шақырым); Ақтөбе болысындағы тарихта Арынғазиевтікі деп қалған зауряд-хорунжий, сұлтан Хұсайын Арынғазиевтің қыстағы жанындағы № 2 ауылындағы мектеп. Дəл осы мектепте 1895 жылы белгілі ғалым-лингвист, Орынбор мұғалімдер мектебінің түлегі Ахмет Байтұрсынов өзінің педагогикалық қызметін бастады. Бөрлі болысындағы Бекеш Дүйсембаевтың қыстағы жанындағы

№ 5 ауылда, Қаратоғай болысындағы Елжан Тастеміров қыстағы жанындағы № 2 ауылда (Ақтөбеден 120 шақырым) мектептер ашылды. Бұл мектептің мұғалімі Орынбор мұғалімдер мектебінің түлегі Иманғали Меңдіханов болды.

1893 жылы Ақтөбе уезінде барлығы 6 ауылдық мектеп ашылды [11].

1894 жылдың 1 қыркүйегіне тағы 7 ауылдық мектептер ашылды, олар: Ақтөбе болысындағы № 2 ауылда (болыс Есентай Қосубаевтың қыстағы, онда И.Меңдіханов мұғалім болып тағайындалды), Ақтөбе болысының № 4 ауылында (Женебай Яхчин қыстағы); Қобда болысының № 3 ауылы (Жұмабай Тұрымов қыстағы) жəне № 4 ауылында (Тоқмағамбет Жантейісов қыстағы), № 10 ауылында (Бекмағамбет Бекбауов қыстағы); Аралтөбе болысындағы № 1  ауылында (уезд бастығының кіші көмекшісі Д.Беркімбаевтың қыстағы, онда Орынбор мұғалімдер мектебі түлегі Беркалиев мұғалім болды) [12].

Көріп отырғанымыздай, ауыл мектептері қазақ халқы арасында сұранысқа ие болды. Егер 1892 жылы Торғай облысында барлығы 4 ауылдық мектеп болса, ал 1898 жылы 63-ке жетті, онда 892 оқушы оқыды, осылай əрбір мектепке 14 оқушыдан келді [13].

Сонымен бір мезгілде лауазымды адамдардың ерекшелігіне сəйкес ынталандыруға бағытталған шаралар қабылданды. Оған материалдық (жоғары мəртебеліден сыйлық, алтын жəне күміс қарумен марапаттау) жəне ақшалай марапат (бір жолғы ақшалай сый) жатады; моральдық — ең абыройлы ордендер мен медальдарға немесе жаңа шенге ұсыну; салықтан босату; жоғары алғыс тағайындау жəне т.б.

Жергілікті ақсүйек өкілдерін Ресей империясының жеңілдікті таптық құрылымы құрамына қабылдау куəсі оларды «Ранг туралы табель» класына теңестірілген ордендермен марапаттау болып табылады. Жоғарғы ордендер — 1–3-класты шендерге, 2-ші дəрежелі Владимир ордені, 1-ші дəрежелі Анна ордені — 4-кластан төмен емес шенге, ал 1-ші дəрежелі Станислав ордені жəне 3-ші дəрежелі Владимир ордені 6 класты шенге берілді. Аймақтың жергілікті ақсүйектерінің  көптеген өкілдері əулие Станислав орденімен марапатталды, ол əулеттік дворяндық алуға жол ашты, ал 3-ші дəрежелі Анна орденімен марапаттау жеке дворяндық алу құқығын берді.

Халық ағарту ісі саласындағы патша үкіметінің саясатын зерделей отыра, XIX–XX ғасырлар басындағы қазақ қоғамының рухани үндестігінің стратегиялық жоспарында ағарту ісі саласы отарлау тактикасының басты аспектісінің бірі болды деп айтуға болады, өйткені əсер етудің саяси, экономикалық рычагтарының əсері аз болып шықты.

XVIIIғ. – XIX ғ. I жартысы. Шенеуніктіктің сандық өсімі бұл Ресей империясы аумағын кеңейтумен байланысты, жалпы ресейлік заңдылық дамуына із қалдырған жаңа бюрократиялық элитаның қалыптасуы. Бұл кезеңнің 1-ші сатысына (XVIII ғ.) қазақ ақсүйектері өкілдерімен (хан, сұлтан) ынтымақтастықты орнату тəн, сонымен қатар ру ақсүйектерінің (старшындар) ықпалды өкілдерімен де. Ресейлік əкімшілік үшін көшпелі мəдениет өкілдерімен ынтымақтастық желісін құру қиынға соқты. Көшпелі мəдениет өкілдерінің өмірі, тұрмыс-тіршілігі отырықшыларға қарағанда біршама басқа жəне қазақ қоғамы өмірінде ру старшындары ролі шешуші болған рулық құрылым дəстүрлерімен анықталды. Патша саясатының ендігі басымдық бағыты дəстүрлі құрылымды біртіндеп құлату жəне патша мен оның əулетіне қатысты «сенімді», көнбіс, жаңа немесе жаңартылған əлеуметтік тапты қалыптастыру еді. Патша саясатының осы бағытының себептерінің бірі империя шабуылдық саясатының қарсыластық жетекшілері болып жергілікті қоғамның əлеуметтік жоғарғылары, көбінесе қауымдық жер иелену күшінде қатардағы көшпелілермен тығыз байланыстағы старшындар мен сұлтандардың болу фактісі еді. Сондықтан империялық саясат үшін маңыздысы биліктің дəстүрлі құрылымын бұзу (Қазақстанда хандық институтты тарату, басқарудың жаңа институттарын, əсіресе дистанциялық старшындарды, қамқоршыларды т.б.  енгізу) жəне аймақта өз билігін жүзеге асыру үшін əлеуметтік тірек құру еді. XIX ғасырдың I жартысында əкімшілік реформа барысында қазақ даласында «сенімді, адал» ауыл старшындары, болыстары, дистанциялық бастықтар жəне аға сұлтандар арқылы əкімшілік-басқару жүйесі құрылды. Осы саясаттың салдары: жаңа əлеуметтік таптардың (дворяндық, көпестік) пайда болуы жəне қоғамның жіктелуі, мемлекеттік қызметтегі орыс емес халық өкілдерінің империяның таптық-бюрократиялық жүйесіне енуі еді. Жаңа элитаға патша саясатының сенімді серіктесі мен жол көрсетушісі болған қазақ шенеуніктері де қосылды. Əрине, бұл əзірше саусақпен санарлық еді, бірақ біз үшін ең маңыздысы: XIX ғасырдың I жартысының өзінде-ақ қазақ халқын басқару органдарында əскери училищелер түлектері, алғашқы қазақ шенеуніктерінің пайда болу фактісі еді.

XIXғ. II ж. – XX ғ. басы. Шаруашылықты босату, индустрияландыру, білім беруді дамыту халықтың əлеуметтік құрылымын дамытудың жаңа динамикасын келтірді. Əсіресе əлеуметтік құрылымның өзгерісінен, жаңа əлеуметтік таптың қалыптасуынан XIX ғасырдың II жартысынан бастап 1916 жылға дейінгі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тоқтау себептерінің бірін көруге болады.

Жергілікті қоғамдардың əлеуметтік құрылым эволюциясы процестері баяу қарқынмен дамыды жəне бірыңғай институттар мен билік құрылымдарды енгізу қарқынына байланысты еді. Саясаттың бұл бағыты келесідей аспекттермен жүргізілді: жалпы империялық заңдарды, жергілікті басқарудың бірдей жүйесін енгізу; іс-қағаздарын жүргізуге жəне оқытуға негізгі тіл ретінде орыс тілін біртіндеп енгіздіру. Солай ғасырлар бойғы көшпелі қазақ қоғамындағы əлеуметтік нормалар ұсақ азаматтық жəне қылмыстық істерді қарастыруға арналған бірінші инстанция болып табылатын орыс емес аймақтарда жергілікті соттардың тəжірибесі жөніндегі заңға интеграцияланды. XIX ғасырдың 60–90- жылдарында əкімшілік реформалар билердің «халықтық соттары» шаруашылық болыс соттары туралы жалпы империялық заңдарды сəйкестікке келтірді. Түрлі құқықтық нормалардың болуы жəне жалпы империялық заңдарға дағдылы құқықты инкорпорациялау төменгі деңгейдегі «империялық азаматтылықты» қалыптастыру мүмкіндігін туғызғанын айта кету керек. Сонымен қатар Ресей империясында империя аймақтарының əкімшілік құрылымдарында біршама айырмашылықтар болғанын айту қажет. Себептерінің бірі, əрине, шет аймақтарды басқарудың біртұтас саясатының болмауы, сонымен қатар мамандарды іріктеудің жүйелі саясатының жоқтығы. Ұлттық шеткері аймақтарды басқару орыс емес халықтарға қатысты, соның ішінде қазақтарға қатысты, үкіметтік курсты жасау сияқты мəселемен байланысты. Қабылданатын шаралар мен заңдардың арасында біршама қайшылық, түрлі мəдениеттер арасындағы өзара түсіністіктің болмауы, тиісті қаржыландырудың жоқтығы жəне т.б. жағдайлар орын алды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ленин В.И. К деревенской бедноте. — Полное собрание сочинений. — Т. 7. — С.
  2. Ленин В.И. Старое и новое. — Полное собрание сочинений. — Т. 21. — С.
  3. Большакова О.В. Российская империя: система управления. Современная зарубежная историография: Аналит. обзор. —М.: Новое обозрение, 2003. — С. 10, 11.
  4. ҚР ОМА. — 25-қ. — 2-т. — 116-іс; 5-т. — 245-іс. — 128-п.
  5. Миронов Б. Социальная история России периода империи (ХVІІІ – начала ХХ в.): В 2-т. — СПб.: Наука, 2003. — Т. 2. — 201 с.
  6. ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-і.с — 2-п.
  7. Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное его состояние. — Оренбург: Изд-во Тургайского обл.статкомитета, 1896. — С. 79.
  8. ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-іс. — 66-п.
  9. ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-іс. — 63-п.
  10. ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-іс. — 69-п.
  11. ҚР ОМА. — 25-қ. — 1-т. — 3804-іс. — 221-п.
  12. ҚР ОМА. — 25-қ. — 5-т. — 245-іс. — 186-п.
  13. ҚР ОМА. — 25-қ. — 5-т. — 245-іс. — 186-п.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.