Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі заманғы мəдениеттің жетекші факторы ретіндегі ғылым мен білім

Қазіргі заман мəдениетінің негізін құратын жетекші форма — ғылым мен білім. Ғылыми- техникалық революция заманында ғылым — мəдениеттің шын мəніндегі жетекші формасы, онсыз қазіргі материалдық жəне рухани игіліктерді өндіру мүмкін емес. Тарихтың белгілі бір кезеңінде қоғамдық байлықты өндіру адамның ғылыми білімдер жиынтығын игеру деңгейіне тікелей тəуелді болады деген Маркстың ойы ХХ ғасырда шындыққа айналып отыр.

Ғылым дегеніміз — дүниені танудың қайнар көзі. Ғылымның мəнін түсіну үшін ең алдымен ғылым мен білімнің арасындағы айырмашылыққа назар аударсақ, білім — материалдық жəне рухани құбылыстар туралы нақты мəліметтер жиынтығы жəне олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білімнің өзі қарапайым жəне ғылыми болып екіге бөлінеді. Қарапайым білім іс-əрекет пен тіршілік барысында жинақталады. Ол құбылысты тек сипаттап, оқиғаның қалай өтіп жатқандығын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды, ол құбылысты тек сипаттап қоймай, оның себебін, өткені мен болашағын түсіндіріп, олардың ішкі табиғатын, мəнді жақтары  мен маңызды байланыстарын ашып, оның даму заңдылықтарын айқындайды.

Ғылыми білім жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдастырылуымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылым көптеген қиындықтар мен қайшылықтарға толы мол ізденістер мен шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындады. Ғылымның даму тарихына келсек, танымдық форма ретінде оның өз тағдыры мен тіршілігі бар.

Ғылымның дамуы ғылымдағы мəліметтер көлемінің ұлғаюымен сипатталмайды, оның дамуы глобалдық сипатқа ие. Əрбір кезеңде оның мазмұны мен мақсаты, қоғамдағы маңыздылығы, таным логикасы өзгеріске ұшырап отырады. Ертеректе ғылымдардың ғылымы жəне патшасы саналған философия Көне Үнді, Қытай жəне Грек елдерінде пайда болған. Барлық білім салалары философияға қатысты болып, философия барлық білім салаларының басын біріктіріп, жүйелеген.

Философия мен ғылыми білімнің мұндай қарым-қатынасы философияның əлі дами қоймаған кезіне сəйкес келеді. Алғашқы кезде философтар тек таза философиямен ғана айналысып қана қоймай, соған сүйене отырып білімге ұмтылған, білімді даналықтың көзі деп таныған, табиғатты да, қоғамдық өмірді де танып-білуге күш жұмсаған. Философия мен ғылымның мұндай қарым-қатынасы Жаңа дəуірде ғылымның күрт дамып, дербес əлеуметтік институт пен арнаулы танымдық қызметтің формасы ретінде бөлініп шыққанына дейін жалғасып келген.

Сөйтіп, философия əлі буыны қата қоймаған ғылыми білімге арқау болып, оған, бір жағынан, жаңа идеялар ұсынып, байытып отырса, екінші жағынан, ғылыми ойдың рационалдық негізін қолдап, ақыл, ой, зердені, жалпы танымның қайнар көзі ретінде дамытып, рационалды ойлау мəдениетін дамытуға дем береді [1, 85].

Орта ғасырдағы Батыс елінде қоғамдық өмірдің барлық сфераларында дін үстемдік құрғандықтан, мəдениет, философия мен ғылыми білім діннің құрсауында болды. Осы дін мен ғылым арасындағы айырмашылықты ашып беруге тырысқан араб-мұсылмандық философияның өкілі Ибн Рушд екі түрлі ақиқат идеясын қалыптастырып, сенімнің өз ақиқаты жəне ақыл-ойдың өз ақиқаты болады деп тұжырымдады. Ол діни ойлау мен рационалдық ойлаудың арасындағы қайшылықты осылай шешеді.

Осы ғылымның қашан пайда болғандығы жөніндегі сұраққа келсек, оған ғылыми əдебиеттерде екі түрлі пікірлер берілген. Бір көзқарас бойынша, ғылым көне заманнан бері келе жатыр, мысалы, Эвклидтің геометриясы, Птоломейдің астрономиясы, Аристотельдің логикасы мен физикасы. Бірақ бұл кезде рухани қызметтің жəне əлеуметтік өмірдің дербес бір саласы ретінде ғылым əлі бөліне қоймаған еді. Екінші бір көзқарас бойынша, ғылым тек XVI–XVІI ғасырларда белгілі бір əлеуметтік жағдайларда ғана туындаған.

Толыққанды ғылымның пайда болуын растайтын, оның тұтас болмысын сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар, олар: біріншіден, ғылыми зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі, ғылыми білім белгілі бір жүйеге келтіріледі. Жүйелілік дегеніміз — ғылымның ең басты сипаты.  Екіншіден, ғылыми əрекет — бұл адамзат қызметі.

Қоғамда ғылыммен айналысатын адамдар, яғни ғалымдар болады. Үшіншіден,  ғылым əлеуметтік институт ретінде қалыптасады. Жүйеленген ғылыми білімді өндіретін ғылыми іс-əрекет əлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылып, ғылыми мамандар дайындап, ғылыми зерттеулерді топтайтын — жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, ғылыми орталықтар сияқты арнайы мекемелер мен ұйымдар пайда болады.

Ғылымның төрт ғасырдан астам тарихы бар, оны үш түрлі кезеңге бөлуге болады. Бірінші  кезең — XVІI ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезең. Бұл кездегі ғылымды классикалық ғылым деп атаймыз. Классикалық ғылымның дамуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен, оның ішінде механиканың дамуымен ерекшеленеді. Ғылым дамуының классикалық емес ғылым деп аталатын екінші кезеңі ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың 60–70 жылдарына дейін созылады. Классикалық емес ғылым ең алдымен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған революциялық ғылыми жаңалықтарға байланысты [1, 250].

Мысалы, атомның күрделілігі анықталды, микробөлшек — электрон ашылды, Эйнштейннің қатынастылық теориясы жарыққа шықты, кванттық механика мен биологиядағы генетика ашылды. Ғылым дамуының постклассикалық емес деп аталатын қазіргі кезеңі ХХ ғасырдың 60–70- жылдарынан басталып, əлі осы уақытқа дейін жалғасуда. Мұнда ғылым өте күрделі тарихи дамитын жүйелерге назар аударады.

ХХ ғасырды ғылымның ғасыры деп атауға болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір «білім» деген ұғым көбінесе «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең қолданылуда. Бірақ бұл дұрыс емес, адам білімінің көптеген түрлері ғылыми  емес, мысалы,  күнделікті  тұрмыс  барысындағы  қалыптасқан  білім,  діни  білім  жəне  т.с.с.  Ғылым     — адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық жүйесі.

Ғылым — дүниені тану процесі, бірақ ол күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол теориялық білімдер жүйесі.

Ə.Х.Тұрғынбаев өзінің «Қазіргі жаратылыстану концепциялары» деген еңбегінде ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталады, олар:

1) ғылыми білім жүйелілігімен ерекшеленеді;

2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;

3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып-білуші адамның мақсат-мүддесіне тəуелсіз, объективті ақиқат болуы тиіс;

4) ғылым қайталанушы құбылыстарды зерттейді, жеке дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, ол белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бəріне тəн жалпы заңдылықтарды іздейді [2, 130].

Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылыс.

Ғылымның мақсаты — заңдылықтарды ашу, ал заңдылықтар дегеніміз — құбылыстардың арасындағы жалпы, мəнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар. Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың əрқайсысына тəн жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармау, жалпы ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. «Абстракция» деген сөздің өзі көңіл аудармауды білдіреді. Ғылымның қоғамдық сананың басқа да формаларынан ерекшелігі, мұнда жаңа білімді қорытып шығарудың əдіс-тəсілдері шешуші роль атқарады.

Білімдердің жүйелілігі мен негізділігі — ғылыми білімді күнделікті қарапайым білімдерден айырып тұратын басты мəнді белгісі. Ғылым тарихында жалған ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра білу үшін бірнеше принциптер өңделген. Солардың бірі — верификация принципі. Бұл принцип бойынша, қандай ұғым мен пікір болмасын тікелей тəжірибеде, эмпирикалық жолмен тексеріліп, расталса ғана ақиқат деп танылады. Ал фальсификация принципі бойынша, тек логикалық жағынан бекерге шығаруға болатын білімді ғана ғылыми білім деп атауға болады [2, 90].

Сонымен, ғылым дегеніміз ең алдымен шындық дүниені танып-білудің нəтижесінде қалыптасқан, бір жүйеге келтірілген теориялық білімдер жүйесі болғандықтан, шындық дүниенің өзі алуан түрлі жəне сан салалы. Қазіргі заманғы ғылымдар күрделі білімдер жүйесін құра отырып, ең алдымен мынадай теориялық білім салаларына бөлінеді, олар: жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, гуманитарлық жəне т.б. жаратылыстану ғылымы — табиғат құбылыстары мен заттары жайлы, олардың себепті байланыстары мен заңдылықтары жайлы ғылым. Қоғамдық ғылымдар қоғам өмірінің заңдылықтарын, қоғамдық құбылыстар мен процестердің себепті байланыстарын ашады.

Техникалық ғылымдар жеке адамдар мен бүкіл адамзат өмірдің түрлі салаларында қолданатын құрал-саймандардың жүйесі техниканың заңдары мен оларды жасаудың əдіс-тəсілдерін зерттейді. Гуманитарлық ғылымдарға қоғамдық құндылықтарды зерттеудің нəтижесінде қол жеткен білімдерді жүйеге келтіруші ғылымдар жатады. Қоғамдық құндылықтар дегеніміз — мақсат-мүдделер, ойлау нормалары, мінез-құлық нормалары жəне т.б.

Ғылым дамуының ХХ ғасырға дейінгі сипаттамасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім үздіксіз өсіп жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып, табиғатты танып-білудің түрлі бағыттарына аса күшті əсер етуі тиіс деп қарайтын. Ал, қазір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды. Ғылым жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нəтижесінде ғана күн сайын дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарастар мен түсініктерді түбірінен өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен.

Ғылым əрбір тарихи дəуірде қол жеткен ғылыми жетістіктерді мұқият жинақтап, адамзаттың мəдени қорына қосып отырады, оларды жаңадан ашылған жаңалықтар тұрғысынан талдап, түсіндіруге тырысады. Мұнсыз ғылымда ғылыми сабақтастық пен ғылыми прогресс болмас еді.

Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір заңдылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы мен дифференциациясы. Интеграция мен дифференциация процестерінің бірлігі, əсіресе жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдарының шекарасында айқын көрініп отыр. Аристотельдің заманында бар ғылымдардың саны 10–15 шақты еді, мысалы: философия, геометрия, астрономия, медицина.

Жаңа пайда болып, қалыптаса бастаған ол ғылыми білімдер əлі бір-бірінен бөлінбеген біртұтас еді. Олардың қосындысы натурфилософия ғылымын құрады. Сол кездегі қоғамдық өмір натурфилософияның жеке ғылымдарға жіктелуін талап етпеді, тек XVII ғасырда капиталистік өндірістің тууы, техниканың күшін  қолдану  қажеттігі  табиғатты  жан-жақты терең  талдап   зерттеу қажеттігін тудырып, біртұтас ғылымның жеке білім салаларына — жеке ғылымдарға бөлінуін, дифференциациялануын тудырды [3].

Сонымен, ХХ ғасырға дейін ғылым логикалық-гносеологиялық тұрғыдан дамудағы білім жүйесі ретінде қарастырылып келді. Бұл уақытта ғылым əлеуметтік контекстіде қаралмады. Тек ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылымның əлеуметтану жəне ғылым философиясындағы əлеуметтік мəдени феномені зерттеле бастады.

Осыдан бастап қоғамдағы ғылымның алатын орнына назар аударылды. Қоғамдағы əлеуметтік- мəдени факторлар ғылымға, ғылыми теорияның қалыптасу процесіне əсер етеді. Ғылым болса философия мен дүниетаным арқылы танымдық процеске, ғылыми теорияның қалыптасуына əсер етеді.

Ғылым философиясының қазіргі уақыттағы жағдайына келсек, оның парадигмалық мазмұны жаңаруда. Өйткені адамзат болмысының барлық сфераларында түбірлі өзгерістер байқалуда, мысалы, эпистемология, тарих, мəдениеттану жəне ғылым методологиясының əлеуметтік, мəдени жəне көзқарастық негіздемелері сыни тұрғыдан қайта қаралуда.

Ғылымға философиялық талдау жасау қазіргі уақыттың талабына айналуда. Ғылымның даму шапшаңдығы, ғылыми-зерттеу масштабының үздіксіз ұлғаюы философия мен жаратылыстану ғылымындағы қалыптасқан көзқарастар мен түсініктердің терістелуіне əкелді. Осы мəселеге қатысты Ф.Ф.Саттарова өзінің «Ғылыми білім синтезі» деген еңбегінде алуан түрлі философиялық көзқарастарды диалектикалық логикалық принцип негізінде талдауға ұмтылыс жасаған  болатын. Шын мəнінде диалектикалық логика — ойлаудың жалпы принциптерінің жүйесі. Философия өз қызметін əлемнің тұтастығы жөніндегі алуан түрлі түсініктерді өңдеп, жеке ғылыми ойлауды диалектикаландыру жолымен атқарады [4].

Жаңа философияның арманы — ғылыми немесе ғылымға ұқсаған болу. Ресми философтардың ешқайсысы философияны қайтсе де ғылыми пəнге айналдыру керек деген бұл ұмтылыстың дұрыстығы мен зандылығына шындап күмəнданбайды. Позитивистер мен метафизиктер, материалистер мен сыншылдар да осыған тоқтайды. Кант пен Гегель, Конт пен Спенсер, Коген мен Риккерт — бəрі де философияның ғылым болғанын немесе ғылымға ұқсас болғанын қалайды. Философия ғылымға мəңгілік қызғаныш сезімде.

Ғылым — философтардың мəңгілік көзқызарлығын қоздыратын нəрсесі. Философтар өздерімен- өздері болуға тырыспайды, олар бəрінде де ғылымдарға ұқсағанды, ғылымдарға еліктегенді қалайды. Философтар философиядан гөрі ғылымға көбірек сенеді, өздеріне жəне өз істеріне күмəнданады, сөйтіп бұл күмəнді принцип дəрежесіне көтереді [5, 150].

Философтар танымға ғылым фактісі болғандықтан ғана сенеді: ғылыммен аналогия бойынша олар философиялық танымға да сенуге əзір. Мұны позитивистер мен сыншылдар туралы ғана айтып қоя салуға емес, жаңа уақыт метафизиктерінің көбісіне де бұл əбден қолдануға жарайды. Бұл оның қолынан соншама келмей жатқанымен метафизика да ғылым болғысы келеді, бəрінде де ғылымға ұқсағысы келеді. Философияның қандай да болмасын тəуелділіктен босануын қазіргі философтар философияның ерекше бір ғылымға түпкілікті айналуы деп түсінеді. Бірақ мұнда асқан жаңа дерлік ештеңе жоқ: бұл тек ескі схоластикалық идеяның жаңартылған көрінісі ғана.

Метафизикалық философияның да өзінше ғылыми болғысы келген жəне де өз уақыты үшін ғылыми болғандай, тіпті шартты түрде ғылыми болды да. Декарт пен  Лейбництің ғылыми философтар екендігі Коген мен Гуссерльден еш кем емес. Ғылымилықтың аңғал  жақтаушысы Геккель ғылыми монизм жасамақ болғанда, өзіне үлгі есебінде байырғы метафизик Спинозаны алған- тын. Спинозаның геометриялық əдісі де Канттың трансценденталдық əдісі сияқты философиядағы ғылымилыққа деген ұмтылыс болып табылады.

Схоластикалық ортағасырлық философия да түгелімен философияны ғана емес,  тіпті теологияны да, формалдық ғылым тəріздес пəнге айналдыруға деген қажырлы да  жаппай ұмтылыспен қомданған болатын. Орта ғасырлардың ғылыми санасының өзі қазіргіден аса өзгешеленетін еді, дегенмен схоластика өз уақытының ғылымилығына бейімделді. Көне заманның ең ғылым тəріздес философы Аристотельдің сол кездегі ақыл-ойдың пірі болуы тегін еместін. Фома Аквинский де Коген сияқты, дəл сол өлшемдегі «ғылыми» философ, бірақ əрқайсысы өз уақыты үшін, өз уақытының «ғылымилығының» критерийі бойынша ғылыми болып табылады. Когеннің ғылыми философиясы дегеніміз — схоластикалық философияның тікелей мұрасы. Неокантшылдық дегеніміз — таным мəселесін трагикалықтың шыңына жеткізген неосхоластика... Бұл ғылыми философия, схоластикалық философияның өмірге үстемдік жүргізуге емеуірінденгені сияқты, ол да соған емеуірін танытады.

Схоластикалық принцип дегеніміз — философияның жəне өз уақытындағы күллі мəдениеттің үстінен мектепшілдік, ғылымилық, ғылым тəріздес рационалдықтың принципінің үстемдігі. Ғылым тəріздес рационалдықтың мазмұны өзгереді, алайда сол принцип қалады, Аристотель, Фома Аквинский, Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Спенсер, Авенариус, Коген, Гуссерль — осы соншама əр түрлі философтардың бəрі философияны ғылым тəріздес схоластикаға айналдырады. Философияның өз уақытының əмбебап ғылымы болуға деген тілегі əрқашанда схоластикаға жатады...

Философия ешқандай мағынада да ғылым емес жəне ешқандай да мағынасында ғылым болмақ емес. Философияның ғылымға ұқсап бағуға, ғылым болуға тіленуінің себебі түсініксіз деуге болады.

Өнер, мораль, дін ғылыми болмауға тиіс. Не себептен философия ғылыми болуға тиіс?

Жарық дүниеде ғылымның өзінен басқаның ешқайсысы да ғылыми болуға тиіс емес екендігі соншама анық сияқты-ақ. Ғылымилық ғылымның айрықша бір қасиеті жəне де тек ғылым үшін ғана критерий болып табылады [5, 153].

Моральдың — моральдық, діннің — дінилік, өнердің көркемділік болуға тиіс екендігі сияқты, философияның философиялық, тек қана философиялық болуға тиіс екені соншама анық сияқты-ақ. Философия ғылымға қарағанда бұрынырақ туған, көнерек, ол Софияға жақынырақ; ол ғылым əлі болмағанда да болған, ол өзінен ғылымды бөліп шығарған. Алайда бұл ғылым өзінен философияны бөліп шығарады-ау деп тосумен аяқталды.

Философиядан ғылымды бөліп шығарған дифференциациялану философияны оның өзіндік ерекше саласының бостандық алуы ретінде қуантуға тиіс.

Алайда бұл дифференциация жол-жөнекей философияны құлдыққа салуға апарды. Егер философияны басқа ғылымдар қатарындағы арнайы ғылым деп (мысалы, танымның принциптері немесе бар болудың (сущее) принциптері туралы ғылым деп) мойындасақ, онда философия рухани өмірдің өзіндік ерекше бір саласы ретінде мүлдем құрдымға кетеді. Онда ғылыммен, өнермен, моральмен жəне т.б. қатар философия туралы айту мүмкін болмай қалады.

Философия туралы басқа ғылымдармен, математикамен, физикамен, химиямен, физиологиямен жəне т.б. қатар айтуға тура келеді. Бірақ философия ғылымның дербес бір саласы емес, мəдениеттің дербес бір саласы ғой. Философтарда философияны ғылым қылудан гөрі, ғылыми қылуға деген ұмтылыс басым. «Ғылымилық» дегеніміз не? Ғылымның құндылығына ешкім де шынымен күмəнданбайды. Ғылымның адамға керектігі талассыз нəрсе. Бірақ ғылымилықтың құндылығы мен керектігіне күмəндануға болады.

Ғылым мен ғылымилық — мүлде өзгеше заттар. Ғылымилық рухани өмірдің ғылымнан алабөтен басқа салаларына ғылым өлшемдерін апарып таңу болып табылады. Ғылымилық ғылыми рухтың бүкіл өмірінің жоғарғы өлшемі болып табылады, барлығы да сол құрған тəртіпке бағынуға тиіс, оның тыйым салуы мен рұқсатының барлығында да шешуші маңызы бар деген сенімде жатыр.

Ғылымилық бірегей əдістің бар екендігін тұспалдайды. Ғылымда ғылымилықты талап етуге ешкім де қарсы келмейді. Бірақ мұнда да ғылымдар плюрализміне сай келетін ғылыми əдістердің плюрализмін атап өтуге болады. Жаратылыстану ғылымдарының əдісін, мысалы, психологияға жəне қоғамдық ғылымдарға өткеруге болмайды. Неміс гносеологтары мұны көптеген рет көрсеткен де, дəлелдеген де еді. Бірақ сол гносеологтардың өзі ғылымилық идеалын бекіндіруге көп жағдай жасады...

Бірақ ғылымилық ғылым емес жəне де ол ғылымнан қазбаланып алынған жоқ. Ешбір ғылым өзінен алабөтен салаларға ғылымилықтың нұсқауларын бермейді. Астрономия, физика, геология немесе физиология философияның ғылымилығына, мəдениеттің ғылыми тəртіптілігіне ешбір құныққан емес [5, 155].

Ғылымилық болмыстың төменгі салаларына рухтың құлшылығы, қажеттіліктің əмірін, əлемдік қысымға деген тəуелділікті жалықпай да жаппай сезіну болып табылады. Ғылымилық шығармашылық рухтың еркіндіктен айрылғандығының бір көрінісі ғана болып табылады. Бұл мағынасында ғылымилықтың терең симптомдық мəні бар. Германдық сыншылдық рухты ғылымилықпен тəртіптілендіруді, рухты хаостан құтқаруды армандайды...

Ғылым адам рухының дүниеге деген айрықша бір реакциясы болып табылады жəне де ғылымның жəне дүниеге ғылыми қатынастың табиғатын талдаудан адамның дүниеге басқадай қатынастарына ғылымилықты апарып таңу рухтың құлдық тəуелділігі екендігі анықталуға тиіс.

Өзінің айрықша мəні бойынша ғылым дүниелік өмірдің қараңғы тоғайында жоғалған адамның озін-өзін сақтауға деген реакциясы.

Өмір сүріп, дамуы үшін адам жан-жақтан оған төніп тұрған дүниелік берілгендікте танымдық бағдар ала білуге тиіс. Осы оны қорғайтын бағдар үшін адам өзін дүниелік берілгендікпен, оны қоршаған дүниелік мылқау құдіретпен сəйкестікке келтіруі тиіс. Ғылым берілген дүниеге, тықпаланған қажеттілікке бейімделудің жетілдірілген құралы. Ғылым дүниелік барлыққа бейімделу арқылы қажеттілікті тану жəне қажеттіліктен тану болып табылады. Ғылымды тағы бағдар алу жəне өзді-өзін сақтау реакциясы мақсатында берілген дүниелік қажеттілікті қысқартылған, экономикалық суреттеу ретінде анықтауға болады. Ғылыми ойлау əрқашанда дүниелік қажеттілікке терең сəйкестікте, бейімділікте болады, ол берілгенде бағдар алудың құралы [5, 160].

Ғылыми логика қажеттілікке бейімделудің құралы, оған дүниелік қажеттілікке деген бағыныштылық тəн, жəне де онда осы қажеттілікпен, осы берілгендікпен шектелгендіктің табы жатыр... Ойлаудағы қажеттілік дүниенің қажеттілігіне бейімделудегі оның өзді-өзін сақтауы ғана. Дүниенің қажеттілігі танылуға тиіс, ал ол үшін соған сай ойлаудағы қажеттілік қалыптастырылуы тиіс.

Прагматизмнің кейбір көріністеріне сыни қатынас орынды, бірақ ғылымның прагматикалық табиғатын, оның өмірлік пайдакүнемдік, биологиялық сипатын жоққа шығару қиын...  Тек философтар ғана əмбебап ғылым туралы армандайды — ғалымдар əрқашан кішіпейілдірек болған. Ғалымдар дүниелік барлықты жекелеген, арнайыланған салаларға мүшелеп, табиғат зандары деген атаумен жекелеген салалардың үнеммен қысқартылған суреттемесін берген. Табиғаттың ғылыми зандарының құндылығы ең алдымен табиғатта практикалық бағдар алуда, табиғатты оның өз құралдарымен, яғни бейімдеу арқылы, иеленуде болатын. Шынтуайтында, ғылымда əрқашан екі жан өмір сүріп, бір-бірімен таласып отырған жəне де соның бірі дүниелік құпияны тануды аңсайтын. Бірақ ғылымды жасаған бұл жан емес, бұл жан əрқашанда философияға, теологияға, магияға қарай иілетін. Кейінірек ғылымның магиямен байланысы көріне жатар.

Ғылыми философияның мүмкін де қажет еместігі анықтала түсуі үшін, ғылым дегеніміз қажеттілікте мойынсұну деген қорытындыны баса айтудың маңызы зор. Ғылым — шығармашылық емес, ол мойынсұну, оның стихиясы — еркіндік емес, қажеттілік. Ғылым өзінің діни мəні бойынша көне өсиетшіл жəне күнəмен байланысты.

Ғылым ешқашанда адам рухының азаттығы болған емес жəне бола алмайды. Ғылым əрқашан адамның қажеттілік алдындағы еркінсіздігінің айғағы болып келді. Бірақ ол қажеттіліктегі құнды бағдар жəне адам жасаған күнəнің салдарларына деген қасиетті танымдық мойынсұну болды. Ғылым өз мəнінде жəне өз мақсаты бойынша əрқашанда дүниені қажеттілік сыңайында таниды, сондықтан қажеттілік категориясы — болмыстың бар күй-жағдайына бағдарлы бейімделу ретіндегі ғылыми ойлаудың негізгі категориясы.

Ғылым дүниедегі еркіндікті шайдай аша алмайды. Ғылым ең ақырғы құпияларды білмейді, өйткені ғылым — қауіп-қатерсіз таным. Сондықтан ғылым Ақиқатты білмейді, тек ақиқаттарды ғана біледі. Ғылымның ақиқаты болмыстың тек жеке бір жағдайларына ғана жəне ондағы жеке бір бағдар алу үшін ғана маңызды.

Ғылым өз шындығын жасайды. Ал философия мен дін мүлде басқа шындықтарды тудырады. Егер ғылым дүниелік барлыққа экономикалық бейімделу жəне дүниелік қажеттілікке мойынсұну болса, онда философия қай мағынада ғылымға тəуелді жəне ғылым болуы тиіс? Ең алдымен жəне қай жағдайда да болмасын философия болмыс жиынтығындағы жалпы бағдарлау болып табылады, бірақ болмыстың жекеленген күй-жағдайларындағы жекеленген бағдарлау емес. Философия ақиқаттарды емес, Ақиқатты іздейді [5, 163].

Философия даналықты сүйеді. София шынайы философияны алға бастырады. Философиялық сананың шыңдарында София адамға бойлап енеді. Ғылым өзінің негіздерінде жəне принциптерінде философияға тəуелді бола алады, бірақ ешқалай да керісінше емес. Ғылым философиясы болуына рұқсат, ал ғылыми философияға рұқсат жоқ. Өз мəнінде жəне өз міндеттері бойынша философия ешқашанда қажеттілікке бейімделу болған емес, ешқашаңда шынайы, туа біткен философтар дүниелік берілгендікке мойынсұнған емес, өйткені философтар бар дүниеден асып түсетін даналық ақиқатын іздеді.

Философияның қастерлі мақсаты əрқашанда еркіндікті тану жəне еркіндіктен тану болатын. Философияның стихиясы — қажеттілік емес, еркіндік. Философия əрқашан адам рухының қажеттілікке деген құлдықтан азаттығы болуға ұмтылып келді. Философия ойдың дүниелік қажеттілікке бейімделуі болып табылатын логикалық аппаратты зерттей алады, бірақ ол өзі бұл аппаратқа құлдық тəуелділікте бола алмайды.

Даналық таным логикалық танымнан жоғары. Философия дегеніміз ғылыммен салыстырып қарағанда   дүниеге   деген   принципті   басқа   сападағы   реакция,   ол   басқадан   туындап,   басқаға бағытталады.  Философияны        ғылымға   бағындыру  еркіндікті       қажеттілікке   бағындыру  болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сидоров Н.Р. Философия образования. — М., 1989. — 520 с.
  2. Аксиологические аспекты историко-педагогического образования, стратегии и развития отечественного образования / Под ред. З.И.Равкина. — М., 1994. — 400 с.
  3. Гершунский Б.Е. Философия образования для ХХІ века. — М.: Совершенство, 1998. — С.
  4. Саттарова Ф.Ф. Значение социокультурных факторов динамики научного знания // Казахстанская философия в канун ХХІ века. — Алматы, 1998. — С.
  5. Батыс философиясының антологиясы: Хрест. — Алматы, 2002. — 465 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.