Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы «қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» дерегінің ішкі құрылымы

«Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» қазақ қоғамын жан-жақты арнайы түрде зерттеген Ф.А.Щербина экспедициясының нəтижесінде жарыққа шықты. Сондықтан да ең алдымен бұл деректің ішкі құрылымы, жариялау, баспаға дайындау мəселесіндегі атқарылған істерге талдау жасаудың маңызы зор деп есептейміз. Ф.А.Щербина экспедициясы нəтижесінде жинақталған «Материалдар...» жарыққа 13 том ретінде шықты. 12 том экспедицияның зерттеген ХІІ оязына  арналған:  Ақмола  облысының  Көкшетау,  Атбасар,  Ақмола,  Омбы,  Петропавл;        Семей облысының Павлодар, Қарқаралы, Семей, Зайсан, Өскемен; Торғай облысының Ақтөбе жəне Қостанай. 13-ші том барлық 12 ояз бойынша бюджеттік зерттеу мəліметтерінің жинағын көрсетеді. Томдарды басып шығаруда экспедиция басшылары біршама қиыншылықтарға кездесті: типографиялық базаның жоқтығы, қаржы, біліктілігі жоғары мамандардың жетіспеушілігі т.б. Дегенмен ең маңызды материалдарды талдаудағы болса да, сол секілді жарыққа шығаруда да қиыншылық тудырған жағдай — экспедиция жұмысының практикалық міндеттерге тəуелділігі, яғни қоныс аударушылар үшін жаңа бос жерлерді табу мақсаты. Əрине, бірінші кезекте том мəтіндерінің жерге орналастыру шенеуніктеріне қажетті бөлімдерін талдау жəне баспаға дайындау жүргізілді. Бұл ең алдымен статистикалық кестелермен оған ескертулер жəне рулық схемалар болды. Бұл материалдар экспедиция тағайындаған қауымның пайдалануындағы жерлердің шекарасын    көрсетіп «артық жерлерді» көрсетуге мүмкіндік берді. Сондықтан 1-ші томмен жұмыс жасау барысында (Ақмола облысының Көкшетау оязы) алдымен «Ақмола облысының жерге орналастыру партиясының шенеуніктерінің жұмысы үшін талап етілген алдын ала дайындалған статистикалық кестелер басылды», — деп жазады Ф.А.Щербина. «Бұл экспедиция зерттеулерін жариялау тəртібі, қоныс аудару учаскелерін негіздеу ісінің ағымдық қажеттіліктеріне байланысты, басқа барлық ояздар үшін де тағайындалды», — деп мəлімдейді өз жазбаларында экспедиция басшысы. Жерге орналастыру партиялары үшін табылған мəліметтерді дайындау барысында экспедицияның ағымдық жұмысы кешенді болды, сондықтан көп жағдайда уақыт тапшылығына байланысты бағдарлама бойынша жүргізілу керек нағыз қажетті еңбек талдаусыз да қалып отырды [1; 105–107].

Деректің жалпы құрылымы бастапқы экспедицияның бағдарламасында қарастырылған мəселелерге сай келгенімен, əр облыс пен ояздың өзіне тəн ерекшелігіне сай деректің құрылымы өзгеріске ұшырап отырды. Мəселен, қажетті жағдайларда жаңа кестелер қосылып немесе мəтінде бұрын қаралмаған тақырыптар да əр өлкенің өзгешелігіне сай дерекке қосылып отырған.

Басылымның құрылымына талдау жасау əр томдағы бар мəліметтердің арасындағы нақтылы айырмашылықтарды анықтауға негіз болады. «Мəліметтердегі...» ХІІ томның əрқайсысында бір оязға сипаттау бар. Сондықтан бірегей құрылымда ХІІІ том бюджеттік сипаттауға арналған жəне тіптен бөлек принципте құрылған. Томдардың құрылымы зерттеліп отырған ояздың ерекшелігіне байланысты кейде өзгеріске ие болған. Дегенмен, мұның бəрі əр томға қажетті қаңқаға байланысты құрылған. Мысалға алып қарағанда əр том негізгі екі бөліктен құрылған: мəтіндік (жалпы) жəне кестелер. Оның алдында «Алғысөз» бар.

«Алғысөз» (V–ХІІ томдарда — «Кіріспе») — томның маңызды құрамдас бөлігі жəне барлық томдарда бар. Бірақ əр томда өзіндік сипатта. Егер І-томда, мысалы, «Алғысөз» көлемі жағынан үлкен болып нақтылы оязды зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне толық түсіндірме жасаса, ал ХІІ- томда «Алғысөз» қысқаша бір бетке ғана жазылған жəне сондай да бір құнды ақпарат қамтылмаған. Мұндай айырмашылық басқа да томдарда бар. Бұл кей жағдайда əр түрлі авторлардың əр томға алғысөз жазуымен де түсіндіріледі. Негізінен алғысөзді экспедицияның басшысы жазған, ал басшылардың өзгеруіне орай алғысөздің авторы да өзгерген. «Алғысөздің» басты құндылығы ояздың ерекшелігіне  қатысты  зерттеудің  əдістемесін  анықтаудағы  өзгерісті  көрсетуінде.  Ереже бойынша

«Алғысөзде» экспедицияның құрамындағы нақтылы оязды зерттеуге қатысқан қызметкерлер тізімі, экспедиция басшысы көрсетіліп, сол сияқты томның мəтінін жазудағы əр автордың қатысын анықтауға   қажетті   мəліметтер   де   берілу   қажет   болды.   Өкінішке   орай,   мұндай   толыққанды «Алғысөзді» тек I, V, VII, Х-томдарға қатысты айтуға болады [2; 3–5].

Томның жалпы, немесе мəтіндік, бөлігі өз мазмұны бойынша əр қилы жоспарда. Томдағы бұл бөлімдер де əр түрлі авторлардың қолымен жазылған. Жалпы бөлімде, бірінші кезекте, ояздың шаруашылық суреттемесі мен ерекшелігі көрсетілген. Жерді пайдалану формасы, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын сипаттау барлық томдарға тəн. Ояздың шаруашылық ерекшеліктерін анықтау негізгі бөлімде орын алған (VIII-т.) немесе шаруашылықтың салаларын сипаттаумен бірге болып, əрине, авторға байланысты болды. Бұл көпшілік томдарға тəн. Ояздың шаруашылығына талдау жасауда маңызды орынды жерді жалға алу мəселесі алады. VI, IX, XI-томдарда кəсіпшілік пен жерді жалға алуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл қызығушылық Л.К.Чермактың томдардағы мəтінді жазуымен түсіндіріледі. IV-том да Л.К.Чермактың редакциялауымен жазылған. Кəсіпшілікті сипаттау жерді жалға алуға қарағанда аз жазылған. Мəтіннің жалпы бөлімде бұлай жазылуының себебін Семей облысының Павлодар оязының ерекшелігімен түсіндіруге болады, себебі жерді жалға беру бұл аймақта кең тарады. Бұл мəтінді жазған И.Ф.Гусев болғанмен, Л.К.Чермактың тапсырмасымен жазылғандығы көрінеді. Шаруашылықтың кəсіпшілік деп аталатын саласына авторлардың көзқарасының əр түрлі болғандығын жəне оның мəтіннің құрылымына қалай əсер еткендігін келесі мысалдан көруімізге болады. Ф.А.Щербина жазған І-том мəтінінде кəсіпшілік жер шаруашылығы деген мақаламен біріктірілген, яғни оған маңызды роль берілмеген. Қазақ шаруашылығының негізгі сипатын анықтаудағы авторлардың көзқарасы негізгі бөлімдегі берілген мəліметтердің құрылымын анықтады, сол сияқты шаруашылықтың əр саласын сипаттауға арналған мəтіннің көлемін де көрсетті [3; 12–15].

Статистиктер мал шаруашылығына қазақ шаруашылығындағы маңызды сала ретінде қарады. Шаруашылықтың бұл саласына сипаттама берген кезде зерттеушілер отардың құрамын анықтауға тырысып, малдың бұл түрінің шаруашылықта басым болуының себептерін іздестірді. Мысалы, Ақмола облысының Атбасар оязын 1897 жылы экспедицияның екінші жылы зерттегенде бұл ояздың шаруашылығында түйенің негізгі орын алғандығы белгілі болған. Бұл бірнеше себептермен түсіндірілді, оның ішінде ең алдымен Атбасар оязының табиғи жағдайымен Көкшетау оязын зерттегенде отардағы түйе малының санын анықтауға бағдарламада аз орын берілді,  ал Атбасар оязын зерттегеннен кейін статистиктердің кейбір аудандарда түйе малының шаруашылықта құнының ірі қара малға қарағанда жоғары екеніне көздері жетті. Сондықтан түйе малын есепке алып, оның шаруашылықтағы үлес салмағын анықтап алғаннан кейін Ақмола облысының Ақмола оязын, Семей облысының Павлодар оязын, Торғай облысының Қостанай оязын, Семей облысының Қарқаралы оязын зерттеген кезде оған ерекше көңіл бөлінген (III–VI-т.) [1; 88].

Статистиктер мұнымен қоса, отардағы қойдың, жылқы малының, ұсақ жəне ірі қара малдың үлес салмағын анықтады. Бұл мəліметтер отардың құрамы мен жер шаруашылығы мен отырықшылық арасындағы байланысты анықтауға пайдаланылды. Осы мақсатпен жалпы бөлім мəтініне арнайы құрастырылған кестелер енгізілді. Экспедиция қызметкерлері қазақ қоғамындағы əлеуметтік өзгерістерді зерттеу мақсатында шаруашылықтағы малдың саны мен батрақтардың арасындағы байланысты анықтауға тырысты. Мəтіндегі кестелерге автордың пікірі білдірілген қорытындылар жасалды.

Барлық кестелерде міндетті түрде мал шаруашылығының «техникасын» суреттеу кездеседі. Бұл деген малды бағудың əдістерін, жайылымға, қысқы күтімге, саууға, қырқуға жəне оның тұқымын сұрыптауды жақсартуға қатысты дəйекті сұрақтар. Осы арада мал өнімдерін шаруашылықта пайдалану мəселесі де қарастырылады. Қазақтардың тамақты пайдалану мөлшерінде сүт өнімдерінің көп пайдаланатын ескере отырып, статистиктер биенің, сиырдың, ешкі, түйе, қойдан алынатын сүт өнімдерінің дəрежесін нақтылы анықтауға көңіл бөлді. Зерттеушілердің бұл сұрақтары қарастырудағы  жан-жақтылығы  тіптен  де  таң  қалдырады.  Бұл  арада  земстволық статистиктердің «статистикалық кретинизмі» деп жазған В.И.Лениннің пікірі көрінеді. Жалпы алғанда, бұл мəліметтер бүгінгі зерттеуші-этнографтар үшін үлкен маңызға ие, себебі шаруашылықты жүргізу əдістері жөнінде көп ақпарат береді [4].

Жер шаруашылығын суреттеу мал шаруашылығы секілді əр томда кездеседі. Жер шаруашылығы отырықшылық барлық ояздарда бірдей дамымаса да, экспедиция қызметкерлерінің тарапынан мал шаруашылығын қарастырғандай дəйекті зерттеуге ие болды. Олардың пікірі  бойынша, отырықшылық қазақтар үшін мал шаруашылығына қарағанда перспективті іс деп есептелді. Ең алдымен, статистиктер ояздағы ең алғашқы жер өңдеудің қалыптасуынан басталған  кезеңнен тарихын қарауды жөн деп есептеді. Олар жер шаруашылығымен, отырықшылықпен айналысудың қазақтар үшін тұрақты норма ма, əлде қашан да басқаша сипатта болды ма деген мəселені анықтауға тырысты. Мұнымен қоса олар егістіктен алынған өнім мен олардағы бар мал санының арасында өзара байланыс бар ма деген мəселеге көңіл аударды. Жер шаруашылығының жағдайын анықтау маңызды орынға ие болды. Еңбек құралдары, өнімнің сурыптары, жұмыстың маусымдық айналымы, табиғи жағдайлар, бұл істегі қиыншылықтар — мұның бəрі экспедиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Тек ғылыми мақсат қана емес, практикалық мақсат та басшылыққа алынды. Тек осындай жолмен, олардың есептеуі бойынша, орыс шаруаларын қоныс аударуға арналған аудандардың жер шаруашылығын жүргізудің тиімділігін анықтауға болды. Сирек кездессе де, статистиктер бау-бақша өсіру мəселесіне арналған сұрақтарды да қамтуға тырысты. Бұл арада ормандар мен оған жақын жатқан шабындық алқаптар да суреттелді. Келесі міндетті түрде жалпы бөлімде қарастырылған əр томға қатысты сұрақ жерді пайдалануды сипаттау болды. Бұл сұраққа экспедиция қызметкерлерінің еңбектерінде көп көңіл бөлінгендігі көпшілікке мəлім. Бұл мəселені теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізуге тырысып, өткен дəуірдегі жəне өзге халықтардағы жерді пайдаланудың ережелерімен қатарласа қарастырған. Өз бағдарламаларында қарастырғандай, статистиктер қазақ қоғамындағы жерді пайдаланудың ережелерін көрсететін мəліметтерді практикада жинақтады. Олар жерді иемденудің  маңызды  формасын  тағайындады.  Жалпы  пайдаланатын  жайылымдық,      шабындық, қыстаулық т.б. жер аудандарына көп көңіл бөлінді. Келесі жағынан олар ауылдың қарамағындағы жерді пайдаланудың аудандарын нақтылы анықтауға тырысты, бірақ бұл көп жетістіктерге əкелмеді, себебі «шекара» ұғымы қашанда тұрақты болмады. Дегенмен зерттеушілер жерді бөлуге негіз боларлық сұрақтарға ерекше зейін қойды. Бұл көп жағдайда өзен аңғарларымен, тау шатқалдарымен, шұңқырлармен есептелді, тіпті шекара шартты түрде де көрсетілді. Экспедиция қызметкерлерінің өздері зерттеген аудандардағы жерді пайдалану мəселелеріне қатысты үлкен жұмыс атқарғандығын айтуымыз керек. Далалық өлкенің əр түрлі ояздарына жүргізілген жұмыстар барысында кейбір қауымдарда «қой-бөліктер» деп аталатын қой малын қыста ұстауға арналған тиімді орындардың бар екендігіне көп көңіл бөлді.

Қой бөліктер жеке меншікте болып, көбінесе мұрагерлікке қалдырылған. Статистиктер мұны жеке меншіктің ерекше формасы деп бағалап, оны қауымның дамуындағы жаңа саты деп сипаттады. Бұл құбылыстың сипатын анықтап статистиктер 1898 жылдан бастап, қой-бөлікті жерді пайдалану бөлімшелерінде сипаттап көрсеткен [1; 91].

Қазақтардағы қауымдық жерді пайдалану мəліметтері ояздарды зерттеу барысында толықтырылды, сондықтан жерді пайдалануға байланысты бөлімдер уақыт өте келе құнды қорытындылар жасаған толықтырулармен ерекшеленеді. Бұл əсіресе бірінші Ф.А.Щербина жазған жерді пайдалану бөлімдерімен салыстырғанда ерекше байқалады. Л.К.Чермак жерді пайдалану жөнінде жазғанда тақырып атауының өзін өзгертіп, нақтылы «қауымдық жер формалары мен жерді пайдалану ережелері» деп қарастырған, мысалы, IV-IX томдарда. Əрине, əр томға қатысты бұл өзгертулер тек жерді пайдалану мəселесіне қатысты емес, мал шаруашылығындағы отырықшылық формасының əр түрлілігін көрсетеді. Ал жалпы мазмұны бірдей томдағы бұл бөлімдердің мазмұны тақырыпқа сай мəліметтерге сүйенген. Мысалы, «Қырғыз шаруашылығының жалпы жағдайын суреттеуге арналған бағдарламаларды» алып қарасақ, оны томның жалпы бөлімдеріндегі мəтінімен салыстырсақ, мəліметтерді баяндаудың өз негізінде бағдарлама пункттеріне сүйенгендеріне көз жеткіземіз. Бұл əсіресе «Мал шаруашылығы», «Жер шаруашылығы» жəне «Жерді пайдалану» бөлімдеріне ерекше тəн. Осындай жолмен бұл жалпы бөлімдердегі негізгі бөлімдер барлық томдарда бір жоспармен құрылған. Бағдарламада орын алған оязды қоныстану сұрағына келсек, ол əр томда əр қилы қарастырылғаны көрінеді, ал VIII-томда тіптен де қарастырылмаған. Бұл бөлімде  көбінесе оязды мекендеген рулар, рулық қатынастар, рулық туыстық қатынастар, тағы басқа сұрақтар зерттелген. Көшіп-қону мəселесіне қатысты рулар арасындағы өзара байланыс анықталды. Мұндай мəліметтер экспедиция қызметкерлеріне рудың жерді пайдаланудағы сипатын тағайындауға қажетті таза практикалық мақсаттарға байланысты қажет болды. Бұған кейбір томда орын алған рулық схемалар ұштастырылды (ІІ, ІІІ, І-б., IV, VIII, IX-т.) «Мал шаруашылығы», «Жер шаруашылығы»,«Жерді пайдалану», «Оязды қоныстану», «Аренда», «Кəсіпшілік», бөлімдері əр томның жалпы бөлімінің негізін құрайды.

І-томның жалпы бөлімінде «Зерттеу кезінде кездескен қиыншылықтар», «Жұмыс бағдарламалары жəне ұйымдастыру», «Бюджеті мен сұраныстары» деп аталатын бөлімдер бар екенін көрсетуіміз керек. Өзге томдарда кездеспейтін осы І-томда ғана бар бұл бөлімдердің болуын түсіндіруге болады. Алғашқы том аз зерттелген проблемаға арналған үлкен басылымды ашты. Сондықтан экспедицияның өзі жөнінде, оның құрылу тарихы мен зерттеуші аймағы жөнінде алдын ала мəлімдемелердің болуы қажетті жағдайдан туындалды [2; 18–25].

Барлық томдарда (І-томнан басқа) қазақ шаруашылығына қажетті шөптің есебі берілген. Шөп есебі əр томда əр жерде көрсетілген: IV, VII, Х-томдарда жалпы бөлімде, ал қалғандарында (ІІІ, 2-б., ХІ, ІІ-т.) «Арнайы бөлім» деп аталатын бөлімге енгізілген. Омбы облысының Петропавл оязына арналған ХІІ-томында шабындық нормалар «Арнайы бөлімге» енгізіліп, оған 20 беттік  мəтін берілген. Осы томда басқа томдарға енгізілмеген «Қысқы малды ұстауға арналған арнайы санақ мəліметтердің нұсқасы» деп аталатын кесте бар. Қазақ шаруашылығына қатысты шөп нормаларын анықтауға деген экспедиция қызметкерлерінің ерекше назарын олардың анықтау əдістемесінің жергілікті əкімшілік тарапынан, сол сияқты басқа да ғалым-статистердің тарапынан сынға ұшырауымен түсіндіруге болады. Сондықтан экспедиция қызметі бұл мəселеге қатысты кең түсіндірме жасауды қажет деп тапты.

«Мəліметтер» жаратылыстану ғылымының облыстарындағы мамандар үшін қызықты болып табылатын мəліметтерді де қамтыған. Бұл, ең алдымен, əр томда бар оязды геоботаникалық суреттеу мəселесіндегі топыраққа, өсімдікке, суды пайдалануға, климаттық жағдайға т.б. сұрақтарға қатысты. І-томда зерттеліп отырған ауданның табиғи жағдайын игеруге байланысты экспедиция жұмысын толықтыру  үшін  арнайы  гидротехникалық  есептен  үзінді  берілген.  Осыған  қарап  та  экспедиция қызметінің жүргізілген зерттеулерді толыққанды етуге тырысқандығын көруімізге болады. Экспедицияда геоботаник-мамандар жұмыс жасады. Экспедиция қызметі үшін мұндай суреттеулер ояздың бөлінуіне негіз болған жайылымдық аудандарды сипаттау үшін қажет еді. Əр томда аудандарды табиғи-тарихи суреттеу бар. Том соңында əдетте бұл ауданның картасы берілген.

Аудандар мен ондағы артық жерлердің кестесі» деп аталатын кесте міндетті түрде əр томда бар, бұл барлық томдағы мəліметтер біріктіріліп, экспедиция жұмысының негізгі қорытындысын көрсетеді, яғни артық жерлер тағайындалады. Бұл кесте «Түсіндірме жазбамен» бекітілген. Оны əдетте экспедиция меңгерушілері жазып, қазақ шаруашылығына қажетті нормасын тағайындауға түсіндірме жасап, жер параметрін есептеп көрсетеді. Негізінен алып қарағанда «Материалдардағы...» қарастырылған бөлімдер осылар. Осындай жолмен, «Материалдардың...» мəтіндік бөлімі əр томға қатысты өзіндік сипатта. Бұл айырмашылық қарастырып отырған ояздың ерекшелігін жəне мəтіннің авторына да байланысты. Мəтіндік бөлім алынған мəліметтерге қажетті түсініктеме бере алатындықтан, томдағы кестелерге талдау жасауда жоғарғы мəнге ие [1; 92–94].

«Материалдардағы...» келесі құрылымдық бөлім — кестелер. Олар əр томда міндетті түрде ауылдық, қауымдық, аудандық кестелер деп берілген жəне жылқы малының санын есепке  ала отырып шаруашылықты топтаған статистикалық мəліметтерді қамтиды. Мұнымен қоса, томдарда əр түрлі спецификалық кестелер де ұшырасады. Əрбір мұндай кесте анықталған практикалық міндеттерден туындалған. Ф.А.Щербинаның сөзі бойынша, «Материалдар...» «жерге қатысты шаруашылықтың практикалық қажеттілігін көрсететін басылым» болып табылады.

«Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» дерегінің екінші бөлігі кестелерден тұрады деп жоғарыда атап көрсеттік. Олар əр томда міндетті түрде кездеседі. Сонымен қатар əрбір зерттелген ояздың өзіндік ерекшелігіне сай басқа да кестелер қосылып отырған. Олардың бірқатарын төмендегі кестеден көруге болады. Бұл кестелер жер өлшеушілер мен статистиктердің белгілі бір практикалық міндеттерін жүзеге асырудағы қажеттіліктерінен туындалған. Сондықтан деректе бір-біріне ұқсамайтын кестелер де кездеседі [5; 9–10].

  Деректегі статистикалық кестелердің түрлері

 Деректегі статистикалық кестелердің түрлері

Негізінен кестелерде статистикалық материалдар сақталған. «Қырғыздардың  (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» дерегінде кездесетін карталардың деректік мағынасы өте зор. Олар тарихи деректердің ішінде ерекше, əрі əлі де зерттелмеген дерек түріне жатады. Оған бөлек аймақтар мен  облыстар,  ояздар,  қалалар  жəне  белгілі  бір  территорияның  картасы  жатқызылады.       Қазақ жерлерін зерттеген экспедиция мүшелерінің ішінде арнайы ояздар мен болыстарды картаға түсірген топографтар болды. Бұл экспедицияда олардың ролі өте зор еді. Деректегі карталарды 1) рулардың орналасу картасы; 2) ояздардың жалпы картасы; 3) зерттеліп жатқан ояздағы болыстар мен ауылдардың картасы деп бөліп қарастыруға болады. Қазақстанның сол кезеңдегі территориялық бөліністі, ру-тайпалардың қоныстанған жерлерін анықтау үшін бұл карталардың маңызы зор. Ол туралы экспедиция басшысы Ф.А.Щербина «До работь экспедиціи также не существовало никакихь матеріаловь по этому предмету. Схематическія чертежи площади фактическаго киргизскаго землепользованія и во многихь случаях болье или менье точное нанесеніе такихь площадей на карты Военно-топографическаго Отдела дали возможность какь для приблизительнаго исчисленія распределенный между отдельными общинами земли, так и для правильной постановки дальнейщихь работь землеустройтельныхь чиновь вь этомь направленіи», — деген болатын. Бұл картаны жəне ру- тайпалардың кестесін Ə.Н.Бөкейхан жасаған болатын [5; 12,13].

Ауылдық кестедегі статистикалық мəліметтер шаруашылық санын, тұрғылықты халық санын, əр ауылдағы мал санын көрсету үшін қажет болып арнайы бағаналардан орын алды. Кестеде ауылдың орналасқан жері жөнінде, ауыл ақсақалдарының аты, тегі жазылған, көрші елді мекендермен, сауда пунктері мен ояздық қала арасындағы арақашықтық жөнінде мəліметтер де бар. Осы жерде ауылдың негізі қаланған мерзім, қыстау қарамағындағы су көздері көрсетіледі. Келесі бағана тұрғылықты халыққа арналған жəне ауылдағы шаруашылық санын көрсетеді. Бұл бағана жыныстық-жастық топтарды көрсететін бөлікке бөлінген. Мысалы, І-томда бұл бағана тек бір «Жұмыс жасындағылар» деп  берілсе,   қалған  томдарда   жасқа  бөлу   тиянақты  көрсетілген.  Мысалы,  ІІ,   VII–XI-томдарда «Жұмыс   жасындағылар   (еркектер   үшін  18–60  жас,  əйелдер   үшін  16–55)  деп  берілген      жəне «Жартылай жұмыс жасы» (еркектер үшін 14–17 жəне 60-тан жоғары, əйелдер үшін 14–15 жəне 55-тен жоғары деп берілген). Бұдан кейін тұрғылықты жай-киіз үй, жертөле, ағаш баспаналар жөнінде мəліметтер кездеседі.

Келесі бағанада ауыл экономикасы жөнінде мəліметтер бар. Ең алдымен бұл бағана мал шаруашылығы жөнінде жəне мал түріне байланысты өзге бағаналарға бөлінген. Бұл барлық томдарда кездеседі жəне жылқы, ірі қара мал, түйе, қой, ешкі деп көрсеткен. Малдың барлық түрі жасына қарай берілген себебі статистиктерге бұл барлық малды бір бірлікке аудару қажет болды. Мал шаруашылығы жөніндегі кестеге «Малды бағу», «Мал бағушылар мен жұмыскерлерді жалдау» (тек-І томда «Мал бағушыларды жалдау» деп көрсеткен). «Сүт жəне жүн үшін өзгенің малын пайдалану» деген бағаналар қосылған. Бұл бағананы жазу зерттеу барысына байланысты қалыптасқан.

Уақыт өте келе, «Малды бағу» бағанасы өзгертілген V, VII-томдарда оның орнына «Сүт пен жүн үшін малды дайындайтын шаруашылық» деп, оның ішінде сиыр, бие, қой, ешкі деп бөлінген. VIII– XI-томдарда тек саууға қажетті мал шаруашылығы деп көрсетілген. Бұл арада ауылдастарына сауу мен қырқуға малды беру, сол сияқты бағуға беру көшпенділердегі эксплуатациялаудың ерекше түрі деп  көрсетеді.  «Мал  бағушылар  мен  жұмыскерлерді  жалдау»  бағанасы  бастапқыда  2-ге  бөлінді:

«Шаруашылық саны» жəне «Мал бағушылар саны». ІІ томнан бастап жылдық, жарты жылдық жұмыскерлердің санын есепке алатын қосымша бағана қосылды. VIII томнан бастап, бұл бағана

«Жалдамалы еңбекте пайдаланған шаруашылық», «Мерзімді жəне айлық жұмыскерлерді пайдаланатын шаруашылық», «Жылдық жұмыскерлері бар шаруашылық» деп өзгертілген. Бұл мəліметтер қазақ ауылындағы эксплуатация деңгейі жөнінде ақпарат береді деп есептеді.

Жұмыстың жүргізілу барысында қазақ шаруашылығы жөнінде түсінік кеңейген сайын жер шаруашылығына қатысты бағаналар көбейтілді. Егер 1-томда қарапайым «Егін себу» бағанасы екі бөлікке ғана бөлінсе: егін себу шаруашылығының саны, егін себудегі десятина саны, ал ІІ-томда бұл жерге қанша жыл егін салынды; алқаптан қыстауға дейінгі арақашықтық; ауылдағы орақ, соқа т.б. құралдардың саны; егін себудің əдістері өз күшімен бе, əлде жалдамалы еңбекті пайдаланды ма, аралас па деген мəліметтер қосылған.

VI–X-томдарда қазақтардың жер шаруашылығындағы агромəдени дақылдар жөнінде мəлімдемелер кездеседі, бұл сұлы, арпа, жүгері, асбұршақ т.б.

Ауылдық кестенің соңынан кездесетін бағана «Пішен шабу» шөпті пайдалану есебін анықтау əдістерінің өзгерісіне сай нақтылы көптеген өзгерістерге ұшырады жəне бүкіл кестеден қиын салыстырылған бағана болып есептелді. Тіпті өлшеу бірлігі де əр қилы: VII-томның бір өзінде есеп біресе көпене, шөмеле деп алынса, кейде арбамен жүргізілген. Жалпы алғанда бұл бағанада (шаруашылықтың саны жөнінде) шөпті жинау (өз жерінде ме, əлде жалға алынған жерде ме); қанша шөмеле жинаған; қанша көпенені сатып алған; қашаннан бері пішен шабумен айналысқан; пішенді қалай пайдаланады — бірлесе ме, ауламен бе, пішен шабуға дейінгі арақашықтық деген мəліметтерді қамтыған шаруашылықтың саны жөніндегі мəліметтер бар [1; 95,96].

Келесі əр томда кездескен міндетті кесте — бұл «Статистикалық мəліметтерге арналған қауымдық кесте». Бұл кестедегі бағаналар ауылдық кестені қайталайды. Ауылдық кестедегідей, бұған «Тұрғындар», «Құрылыс», «Кəсіпшілік», «Мал шаруашылығы», «Малды бағу», «Жалдамалы мал бағушылар мен өзге жұмыскерлер» деген бағаналар енген. Əр бағананың өзі көп жағдайда кішкене бағаналарға бөлінген. Жалпы жерді қауымдық пайдалану тəртібін сипаттау үшін жаңа бағаналар қатары да қосылған. Бұл əсіресе «Жерді пайдалану» бағанасы, қысқы қыстаудың, күзгі жер жайылымы — күзеудің ауданын десятинамен көрсетуге арналған. Шаруашылыққа арналған əр адамның жан басына шаққандағы малдық жайылымның есебі. Мал шаруашылығы жөніндегі барлық мəліметтер «Жылқы малына қатысты мал саны» деп аталатын кестеге шоғырланған. Барлық қауым мүшелерін мал санына қатысты топтастыру көрсеткіші үлкен қызығушылық туғызады. Бұл арнайы бағанада келесі шаруашылықтың бірден-бірге сатыланушылығы (градация) бар; жылқы малының; 2- ден 5-ке дейінгі жылқысы бар; 6-дан 10-ға дейінгі; 11-ден 25-ке дейінгі; 26-дан, 50, 51-ден 100; 100- ден асқан. Тек І–VI, ХІ-томдарда топтау 101-ден-300-ге дейінгі жылқыға жеткізілген. Бұл Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қостанай, Омбы ояздары бойынша томдарда 100-ден 300-ге дейінгі жылқы малын есептеген топтау бай шаруашылықты топтастыруға мүмкіндік туғызған. Көптеген бай шаруашылықтың мың басқа дейін отары болғаны белгілі. «100 жылқыдан астам» бағанасы қауымдық кестеде қазақ қоғамының шаруашылық жағдайының шынайы бейнесін бүркемелеген [6].

Ауылдық кестедегідей, қауымдық кестеде қазақ ауылындағы эксплуатацияның түрі мен көлемін саралауға мүмкіндік беретін бағаналар бар. Бұл «Малды бағу», «Жалдамалы мал бағушылар мен жұмыскерлер» бағаларында кездесетін мəліметтер. Ауылдық кестедегідей, өзгерістерге ұшыраған.

«Пішен шабу» бағанасы ауылдық кестедегіні қайталап сəйкестендірілген. Тек өзгеріс толықтыруларда, мысалы, қауымдық кестеде пішен шабуға дейінгі аралық (барлық томдарда), шөпті жинау əдісі (ІІ–VI томдарда кездеспейді) бағаналары бар.

Қауымдық кестеге қарап пішен шабумен айналысатын шаруашылықтың жалпы санын анықтап жəне жиналған көпене саны жөнінде мəлімет алуға болады. Қауымдық кестедегі жер өңдеуге арналған бағана нышаны ауылдық кестедегіге қарағанда қарапайым. Тек V-томда жер шаруашылығы дамыған Қостанай оязы суреттелгенде қосымша бағана енгізілген, онда соқа мен тырма, малалаудың шаруашылықтағы саны енгізілген. VI-томда «Егін себу десятинасының саны» бағанасы «Сұлы пұтымен     есептегендегі     егін     себу     көлемі»     бағанасына     алмастырылған.     Мұндай      атау Материалдардың...» өзге бөлігінде кездеспейді [1; 99].

Қауымдық кестеде ауылдық кестеде кездеспейтін бағаналар бар. Бұл жерді арендалау, шөпті шабу, есептесу, көшіп-қону жөніндегі бағаналар. Дегенмен олар үнемі кездеспейді.

«Жерді жалға алу» кестесі жайылымдық жерді жəне шөпті шабуға арналған жерді жалға алуды екі жақты қарастырған (шаруашылық саны мен десятина санына сəйкес). І-томда мұнымен қоса, «Шөп шабуды тапсыру» бағанасы кездеседі. Ол «Шаруашылық саны» жəне «Шөп көпенесі» деп аталатын бағаналарға бөлінген. Сол сияқты тек осы І-томдағы қауымдық кестеде «Төлем төлеу» бағанасы енгізілген. Онда түтін салығы, облыстық земстволық жинақ, земстволық тəуелділік (барлығы сом, тиын есебімен) есептелген. ІІ-томнан бастап кестелерде көшіп-қону жөніндегі бағаналар кездеседі. Ол статистиктерге шаруашылық ауыл мен қауымды топтастыру үшін қажет болды. Мұндай топтастыруға негіз болған нышан ол бірлесіп көшіп-қону мен белгілі бір территорияны қысқы жайылым (қыстау) үшін бірлесе пайдалану болды. Бұл арада міндетті түрде қыстаудың территориясында болған күндер мен одан тыс мерзімдегі күндер есепке алынды. IV–VI- томдардан басқа жеке томдарда барлық көшіп-қону жолын шақырыммен есептеген бағаналар; қыстаудан шыққаннан оған қайтып келгенде дейінгі тұрақтар; жолға кеткен күндерді есептеп көрсеткен бағаналар кездеседі.

III, IV жəне VI-томдарда бұған қоса «Қысқы табындағы жылқы есебі» жəне «Қыстау территориясындағы табының өткізген күндерін» есепке алған бағаналар кездеседі. Бұл мəліметтерді бағаналарға енгізудің себебін экспедиция қызметкерлері былай түсіндіреді: қыста жылқы малын бірлесе бағу қауымдық жерді пайдаланудың басты белгілерінің бірі деп көрсетеді. Сондықтан бұл бағаналардың қауымдық кестеде болуы түсінікті жəне қажеттіліктен шықты деп көрсетеді [1; 100].

«Кестелерге қажетті түсініктемелер», немесе «Кестелерге ескертулер» (ауылдық жəне қауымдық), А.А.Кауфманның көрсетуі бойынша, «зерттеу жазбаларының шынайы төзімділігін» көрсетеді. Мəтінге оларды енгізудің өзіндік себептері болды: жерді бөлуші партиялардың қызметкерлері экспедиция соңынан жүріп, олар тағайындаған артық жерлерді планшетке, яғни бетіне сызба сызатын қағаз керілген кішігірім тақтаға, енгізді, жəне бұл кестелерге статистиктердің мəтіндік түсініктеме, нақтылы түсінікті болу үшін ескерту жасауын қажет етті. Олар үшін арнайы келесі пункттерді қамтыған бағдарлама жасалды.

  1. Қыстау маңындағы жайылым. Топтың өз ішінде бөлу (жеке қыстаудың ішінде өзінің қой бөліктері, яғни қыстаудан бөлек қой жайылымы бар, жоқ екенін анықтау). Жайылымды пайдалану дəрежесі: оның құнды, маңызды бөлігі; көп пайдаланатын ерекше маңыздысы. Су көздері, көшіп- қону жолы, малды қабылдау, айдау. Жайылымдық жерді арендаға беру. Көршілермен болған дау себептері.
  2. Шөп шабу, пішен ору. Оның сипаттамасы, орналасуы. Малды шөппен азықтандыру мерзімі. Ескі шөптің қалғаны бар ма. Шабындық жерлерді тапсыру.
  3. Айдалған жер. Егістік. Олардың орналасуы (қыстау ішіндегі территорияда ма, əлде маңында ма). Суландырылған жайылым. Жайылымды тапсыру.

Бұл бағдарлама қауымдық кестеге ескерту жасау үшін құрастырылғаны көрініп тұр. Осындай статистер жинаған нақтылы материалдарды шенеуніктер пайдаланып, қауымдық бланктерден таңдап алып, жекеленген қауым құрамын зерттеп, олардың жерді пайдалану ауданын есептеген. Əсіресе бұл қауымнан «артық жерлер» қиып алынған кезде жəне жергілікті тұрғындармен конфликт (қайшылық) туындалған кезде қажет болды. Нақтылы материал қауымдық кестені қарастырған кезде өте құнды болып есептелді [7].

Дегенмен А.А.Кауфманның осы мəселеге қатысты бағасымен келісуге тура келеді. «Ескертулер» мазмұны үнемі бір жолда емес, кейде онда сапасыз материалдардың пайдаланылғаны көрінеді, кейбір жергілікті жерлерде «Ескертулер» жер шаруашылығының қатынастарын нақтылы сипаттаған, ал кейбір жерлерге қатысты алғанда ескертулерде асығыстық орын алған. Сол секілді «Ескертулер» бір орындарға қатысты алғанда белгілі бір сұрақты жүйелілікпен қарастырса, кейбір елді мекендерге қатысты қараған кезде тіптен де асығыстық орын алған.

Үшінші міндетті кесте — «Жылқы малы бойынша əр томға енген шаруашылықты топтауға арналған статистикалық мəліметтердің аудандық кестесі». Оның негізіне экспедицияның зерттеуіндегі əр оязды ауданға бөлу алынған, ол жердің сапасына қарай анықталған. Аудандық топтық кестелер əр өлке бойынша əр түрлі мүліктік топтарды анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұл арада тағы да бұған дейінгі кестелерде болған: «Тұрғылықты халық», «Тұрғын үй», «Жалдамалы жұмыскер», «Мал», «Жайылымдық жерлер», «Шабындық жерлер», «Кəсіпшілік» бағаналары орын алған, тек көптеген басқа, жаңа ұсақ сипатталған нышандарға ие болған. Жаңа бағана ет пен ұнды пайдалану мөлшеріне арналған.

Осы үш негізгі кестеде ауылдық, қауымдық жəне аудандық, экспедиция мүшелері əр ауданның орта шаруашылығына қажетті жерді пайдалану нормасын есептеп шығарды. Сондықтан əр томда «Аудандар мен артық жерлердің кестесі» берілген. Бұл кішігірім кестелерде жер нормалары, жалпы жер аудандары мен артық жерлер немесе жайылымның жетіспеушілігі көрсетілген. Бұл міндетті кестелермен қоса, əр томда ерекше кестелер бар.

І, ІІ-томнан басқа барлық томдарда жалпы пайдалануға берілген жер көлемімен қоса жеке пайдаланылған тұрақтар жөнінде мəліметтер келтірілген. Кейбір жекеленген ояздар бойынша, мысалы, Қарқаралы оязы бойынша, «Қауымдық-ауылдық топ аудандарын өзге шаруашылық ауылдарының жазғы жайлауға кеткенде пайдалануы жөніндегі статистикалық мəліметтер» кестесі бар. Бұл арада ауылдар мен шаруашылықтың саны жөніндегі мəліметтер, олардың көшіп-қонуы əр табиғи межеде болатын уақыты жөніндегі мəліметтер кездеседі. Мұнымен қоса, ояздың руларының схемасы, олардың көшіп-қону жолы, рулық байланыстары орын алған. Экспедиция қызметкерлері зерттеудің соңында кəсіптік қызметі жөнінде жекеленген кестелерді құрастырған.

Кəсіпшілік жөніндегі кестелер барлық ояздар бойынша кездеседі жəне ауылдық, қауымдық кестелерге енгізілген. Зайсан, Өскемен, Семей, Ақмола ояздары үшін (ІІІ, VIII–X) арнайы кəсіпшілік кестелері берілген. Бұл кестелер əр топқа бөлінген (əйелдер, еркектер, кəсіптік дайындықты қажет ететін жəне т.б.). Зайсан, Ақмола, Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл ояздары бойынша (II–IV, VIII, X, XII) күрделі қисынды үш нысанды кестелер құрастырылған:

  • жалдауға жəне жұмысшыларды жіберу қатынасына байланысты;
  • отырықшылыққа байланысты;
  • жылқымен қамтамасыз етілуі. ХІІ-томда бұл кесте «Қырғыздардағы əр түрлі экономикалық жəне шаруашылық топтарды сипаттау жөніндегі мəліметтің жинағы» ретінде нақтылы анықталған.

Онда шын мəнінде шаруашылықтағы мал саны, отырықшылықпен өзара байланысы жөніндегі, жер шаруашылығы мен жалдамалы жұмысшыларды эксплуатациялау дəрежесі жөніндегі мəліметтер кездеседі [1; 101–103].

Экспедиция өз жұмысының барысында əр ояздың ерекшелігін есепке алуға талпыныс жасады. Осының нəтижесінде жекеленген томдарға басқа жерде қайталанбаған арнайы кестелер енген. Мысалға алып қарасақ, Павлодар оязында жердің үлкен бөлігін казак жерлері алған. Осыған орай бұл оязды қарастырғанда, «Сібір казак əскері құрамындағы жерлері қырғыздардың жалға алуы жөніндегі сатистикалық мəліметтердің кестесі», сол сияқты Алтай таулы округі құрамындағы жерлерді қырғыздардың жалға алуы жөніндегі статистикалық мəліметтердің кестесі» құрастырылған. Ақтөбе, Қостанай ояздары үшін қазақ шаруашылығының көшіп-қону кестесі берілген. Бұл арада жалпы пайдаланудағы жайылым түрлерін əр рудың, ауылдың қалай пайдаланғандығы, ол үшін қанша малдың өсірілгендігі жөніндегі мəліметтер келтірілген [3; 89–103].

Экспедиция қызметкерлері зерттеу барысында Қарқаралы оязында шаруашылықтың қарама- қарсы 2 формасының орын алғандығын анықтаған: отырықшы шаруашылық пен мал шаруашылығы. Ояздың шаруашылық сипатын нақтылы зерттеу үшін отырықшы аудандар арнайы зерттеуден өткізілген. Қостанай оязы үшін жеке кестеге жылқының қысқы табыны жөніндегі мəліметтер келтірілген. Бұл статистер үшін жылқыны бағу құбылысын детальді түрде зерттеуге қажет болды, себебі бұрын таныс болмағандықтан, түсініктеме қажет болды. Тағы бір ерекше кесте Ақтөбе оязына қатысты. Бұл «1898–1899 жж. малды жем-шөппен қамтамасыз етудің ұзақтығы мен жем-шөптің саны жөніндегі мəліметтерді қамтитын статистикалық кесте». 849 шаруашылық кестеге енген. Басылым мəтіндеріндегі жинақталған мəліметтердің көпшілігінің пайдаланылмағандығы да айтылады. Мысалы, Омбы губерниясының рудниктеріндегі батырақ-қазақтар жөніндегі қызғылықты мəліметтер енбеген. Талдаудың жүргізілмеу себебін «мұндай жұмыстың экспедиция міндетіне енбегендігімен» түсіндіреді. Сол секілді Ақмола оязындағы ауылдардың сипаттамасының, əсіресе қазақтардағы егіннен өнімді алу мəліметтерінің қалып қойғандығы көрсетілген. Өскемен оязына қатысты мұндай мəліметтердің талданып, кестеге енгізілгендігі көрсетіледі. Бірақ жоғалғандығын атап көрсетеді. Өскемен оязындағы қазақтардың кен орындарындағы жұмыс жағдайы жөніндегі жазбалардың да жоғалғандығы көрсетіледі [1; 104–105].

Кейінгі жылдары осы тақырыппен айналысып жүрген зерттеушілердің бірі Н.Тасилова осы мəселеге қатысты өз ойын былай деп тұжырымдайды: «Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» ең алдымен екі ғасырдың тоғысындағы бүкіл қазақ қоғамының шаруашылық, əлеуметтік-экономикалық жағдайынан, географиялық орналасуы мен рулық-тайпалық құрылымынан құнды-құнды мəліметтер беретін жазба деректің түрі. Көптеген зерттеушілер бұл деректің мəліметтерін өз еңбектерінде кеңінен пайдаланады, бірақ та əлі күнге дейін экспедиция материалдары кешенді түрде деректанулық талдаудан өткен жоқ. Сондықтан да «Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» мəліметтерін деректанулық сыннан өткізудің маңызы аса зор екендігін атап өтуіміз қажет» [5; 9–10].

Автор Н.Тасилова бұл деректің ерекшелігі мен құндылығына байланысты мынандай пікір білдіреді: «Біріншіден, Қазақстан жерін зерттеу экспедициясы жұмысын аяқтамай-ақ, бүкіл материалдар сұрыпталып, жүйеленіп кітап болып басылып шығуында, яғни дерек сол кезеңнен алшақтамайды. Екіншіден, бұл деректің материалдарын кітап етіп құрастырып, баспаға даярлаған авторлардың өздері сол экспедицияның бел ортасында жүріп, басынан соңына дейін қатысқан білімі жоғары зерттеушілер болған. Ол деректің объективтілігін жоғарылатады. Үшіншіден, дерек басылып шыққаннан кейін қайта өңделмеген, басылмаған. Демек, дерек бұрмалаушылыққа ұшырамай, түпнұсқа күйінде жетуімен де ерекшеленеді» [5; 9].

Автордың зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты пікірін қолдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады: «Материалдардың...» барлық басылымы өз негізінде мəтіндік, кестелік бөлімде болсын бір текті құрылымда. Зерттеудегі əдіс-тəсілдердің өзгерісіне сай жəне жекеленген ояздың өзіндік ерекшелігіне байланысты барлық томдарда өзіндік өзгертулер орын алып, жаңа мəтіндер мен кестелер енгізілген. Сондықтан басылымның І-томы көп жағдайда өзгелерінен бөлектеу. Осы ерекшелікті жəне ұқсастықтарды есепке алған кезде басылымның томдарын салыстыруға толық негіз бар.

«Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары...» арнайы ғылыми түрде зерттелмеген үлкен деректер кешенін құрайды. Оларды жүйелеп, деректанулық талдаудан өткізіп, практика жүзінде пайдаланудың маңызы аса зор.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Волкова Т.П. Материалы по киргизскому (казахскому) землепользованию, собранные и разработанные экспедицией цо исследованию степных областей: Дис. ... канд. ист. наук. — М., 1982. — 170 с.
  2. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных об- ластей под руководством Ф.А.Щербины. Акмолинская область. Кокчетавский уезд. – Т. І. – Воронеж, 1898. — 860 с.
  3. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных об- ластей под руководством Ф.А.Щербины. Семипалатинская область. Павлодарский уезд. – Т. ІV. — Воронеж, 1903. — 762 с.
  4. Портреты. Степь глазами извне. От Геродота до Гумбольдта / Автор. колл.: А.Х.Касымжанов и др. – Алматы, 2000. — С. 115.
  5. Тасилова Н. «Материалы по киргизскому землепользованию...» дерегінің ішкі құрылымы мен сақталу формасы //ҚазҰУ хабаршысы. — Тарих сер. — 2006. — № 4 (43).
  6. Очерки по экономической истории Казахской ССР (1860–1970 гг.). – Алма-Ата, 1974. — С.
  7. Кауфман А.А. Переселенцы-арендаторы Тургайской области. — 2-я часть Отчета старшего производителя работ Кауф- мана по командировке в Тургайскую область. — СПб., 1897. — С. 72–77.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.