Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандану феномені жəне мəдениет мəселесі

Жаһандану қазіргі заманның басты құралы, басты мəселесі болып отыр. ХХІ ғасырда адамзат баласы ғылыми-технологиялық негізде ғаламдық тұтастыққа, əлемдік бірігуге аяқ басып отыр. Ол интернационализацияның жаңа сапалы кезеңі. Бұл кезең өндірістік күштерді, материалдық жəне рухани өндірістің қазіргі замаңғы деңгейін өмірге əкелді. Жаһанданудың көшбасшысы ретінде ақпаратты революцияның жетістігін пайдалануда жəне дамуында үлкен жетістікке жетіп отырған батыс өркениеті елдері танылады. Осыған қоса, батыс өркениеті өз кеңістігіне əр түрлі мəдениеті бар халықтарды тартады. Жаһандану біздің уақытта қоғамдық өмірдің барлық салаларында байқалады. Əсіресе экономикада нақтылана түсуде. Қоғамда болып жатқан процестерге қарап отырсақ,    əлемдік экономика жасалып болған тəрізді. Бүгінгі күнде бұрыңғы уақыттағыдай əр елдің өз ұлттық нарығы деген жоқ, бəріне ортақ, бүкілəлемдік трансұлттық шаруашылық.

Жаһандануды тек экономика жəне экономикалық қатынастарды ғана емес, елдер мен халықтардың саяси өмірін анықтаушы фактор ретінде алуға болады. Глобалды халықаралық-саяси жүйеде ұлттық мемлекеттердің суверенитеті жəне əлеуметтік қызметінде өзгеріс болады. Əлемдік саяси процестің маңызды субъектілері қатарына мемлекетпен қоса, үкіметаралық халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар, халықаралық саяси элита, мафия, диаспора, əлемдік өркениет орталықтары кіреді.

Жаһандану, əсіресе мəдениет аймағында кең қанат жаяды. Ақпараттық жүйе масштабы жағынан жалпығаламдық, ақпараттарға, білімдерге толы. Қазіргі замаңғы ақпарат құралдары адам санасынан əлдеқайда тез, жоғары қарқында қоғамдық дамуға əсер етеді. Жаһандану халықтарға үмітпен қатар қорқыныш сезімін ұялатады. Адамзат үшін жалпығаламдық жақсылық, еркіндік, үйлесімдік сыйлаумен қатар, бүкілəлемді түрлі апатқа ұшыратуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, жаһандану апатты жасамайды, апат оның жетістіктері жəне мүмкіндіктерінен шығатын жайт.

Жаһанданудың қазіргі кезеңі батыс либерализмі құндылықтары негізінде жасалып отыр. Оларға нарықты билеу, өзімшілдік, материалдық байлықтың артынан дамылсыз қуу, руханисыздық, адамдарды жəне қоғамдық қатынастарды билеп-төстеуге құмарлық жатады. Қазіргі замаңғы батыс мəдениетінің көрінісі адамдыққа қарсы əрі əділетсіз сипатта.

Қазіргі заман адамы — мəдениет адамы емес, өркениет адамы. Егер «мəдениет» түсінігіне ерекшелік, көпжақтылық тəн болса, өркениет біртұтастық, біржақты мəнге ие. Хантингтон көрсеткендей, өркениеттер арасындағы айырмашылық нақты шындық. Өркениеттер тарих, діл, тіл, мəдениет, дəстүр, дін бойынша өзгешеленеді. Əрбір өркениет адамдарының құдай мен адам, индивид пен топ, азамат пен қоғам, ата-ана мен бала, əйелі мен ері арасындағы қатынастарға деген көзқарастары əр түрлі болып келеді. Бұл айырмашылықтар сан ғасырлар бойы өмір сүрді жəне жойылып кетпей болашақта өз орнын табады. Олар саяси-идеологиялық жəне саяси жүйелер арасындағы айырмашылықтарға қарағанда тұрақты. Демек, американдық саясаткер Хантингтонның пікірінше, ХХІ ғасырдағы ең басты жəне қанды қақтығыстар экономикада жəне идеологияда емес, өркениеттер арасында болмақ [1; 71].

ХХІ ғасыр басында адамзат дамуында бүкілəлемдік бірігуге өту жағдайы болғаны бəрімізге мəлім. Ақпаратты өркениет индустриалды қоғам орнына жүріп, адам шығармашылығы, кемелдікке жетуі анықталады. Адам əлеуметтік қоғамдағы басты мағынаға ие болады. Ендігі жерде адамның жаңа жоғары сатыға өтуі жаһандану жолымен жүреді. Дамудың бұл сатысы адамдардың бүтін ғаламдық əлемін тудырумен тікелей байланысты. Жаһандану табиғаты бойынша гуманды немесе антигуманды болуы да мүмкін. Сондықтан да біз өзіміздің философиялық-антропологиялық зерттеуімізде гуманистік, яғни адамдық, жағын қарауымыз керек.

Бұл бізге жаһанданудағы адами аспектіні дұрыстап анықтап алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі замаңғы мағынада «жаһандану» термині ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында қалыптасты. Бұл терминнің пайда болуын Т.Левит есімімен байланыстырады. Оның ойынша, жаһандану — ірі көпұлтты корпорациялар, өндіруші əр түрлі азық-түлікті рыноктардың қосылуы.

Шетелдік ғылыми əдебиеттерде қазіргі уақытта «глобализация» түсінігі əр түрлі мағынада берілген. Солардың біразына тоқталып өтелік.

А.В.Мироновтың жазуынша, «жаһандануды біз экономика, саясат, мəдениетке əсер етуші күрделі əрі көпжақты процесс ретінде түсінеміз. Бұл жерде шекара бұзылып, əлеуметтік-мəдени өмір ұйымдасады» [2; 11].

М.В.Ильин жаһандануды «біртұтас əлемнің құрылуы» ретінде анықтап өтеді [2; 12].

В.Л.Иноземцев жаһандануға мынадай анықтама береді: «Қазіргі замаңғы жаһандану — аймақтық əлеуметтік-экономикалық жүйелердің байланысы, арақатынасы, бүкілəлемдік біртұтас жүйеге өту» [2; 12].

Жаһандық өркениеттің қалыптасу барысында осы өркениет төңірегіндегі трагедиялық қарама- қайшылықтардың, яғни, бірде адам барлығының үстінен жоғарыдан өз үстемдігін жүргізуге ұмтылса, енді бірде аштық, кедейшілік, ауру-сырқау басты орынға шығатындығын аңғару қиынға соқпайды. Олай болса, нақ осы қарама-қайшылықтар жаһандық өркениет тұтастығына қауіп-қатер төндіретін бірден-бір алғы шарттар болып табылады.

Бір кездері батыс əлемі постиндустриалдық қоғамды басынан кешіріп жатыр десе, енді бір кезеңде ақпараттық қоғам алға шығуда деген алып-қашты əңгімелер адамдар арасында өзіндік əлеуметтік сипатқа ие болғандығы рас. Əрине, қоғамда басқа да ақпараттардың болғаны анық, бірақ осылардың барлығын біріктіріп тұрған бір ғана методология, енді ғана қалыптасып келе жатқан жаңа өркениеттің бірегейлігі жаңа технологиямен, жаңа экономикалық құрылымға келіп саяды. Сондықтан болар ақыл-ой еңбегімен, əлеуметтік қабаттармен байланысты қызмет көрсету саласының өсу деңгейі көп жағдайда социум болмысын өзгеріске ұшыратады. Бүгінде қоғамымызда басты орынға ие болып отырған ақпараттарды алмастыру тəсілдері мен «компьютерлік революция» тек қана экономика сферасында ғана емес, адамзат өмірінің барлық саласына аса күшті əсер етіп отырғандығы дау тудырмаса керек. Олай болса, жоғарыда аталып отырған қомақты өзгерістер жаңа өркениеттің қалыптасуына негіз болуы сөзсіз.

Қазіргі мəдениеттің экрандық сатысында адам мен əлеуметтің арақатынасы түбегейлі өзгеретіндігі белгілі. Алайда постиндустриалды қоғамда мəдениеттің əлеуметтік мəнісі кемиді деген ой өрісі тар. Осыны көптеген мəдениеттанушылар жете түсінген. Мысалы, мəдениеттің əлеуметтік динамикасын ақпараттар ағыны мен кибернетикалық əдістерді қолдана отыра зерттеген француз ғалымы Абрам Моль мəдениет математикалық сипатқа енді, бұрыңғы дəстүрлі гуманитарлық мəдениет өзгеріп кетті дейді. Бұл жерде индивидуалдық пен əлеуметтік мəдениетті ажыратады. Соңғысын Моль «əлеуметтік-мəдени кесте» деп атап, ондағы əлем мен қоғам суреттемелері жеке адам үшін «экран» қызметін атқарады дейді.

Қазіргі əлемдегі батыстандыру үрдістерін көрсететін тағы бір ілімге коммуникация   құралдарын «ыстық» жəне «суықтарға» бөлетін М.Маклюэннің теориясы жатады. «Ыстық» коммуникация құралдары ақпаратқа толы жəне ол қатысушының белсенді араласуы мен ұйғарымдарын керек қылады.

Соңғы кездері ақпараттық өркениеттік толқынға қатысты бұқаралық мəдениетті зерттеудің социометриялық əдістерінің ұтымдылығы жөнінде көптеген дəлелдер келтірілді. Жеке-дара мəдени субъекті семиотикалық ілімдер тұрғысынан да табысты талданып келеді. Бірақ рухани мəдениет пен оның субъектісін формалық əдістермен зерттеудің шектілігін де ескерген жөн. Əрине, символикалық логика түсіну мен білдірудің толық концепциясын қалыптастыра алмайды. Мəдени ақпаратты беру мен сақтауда жеке адамның экзистенциалдық болмысы ескеріле бермейді.

Бұл қайшылықты шешудің маңызды құралы ретінде соңғы кезде постмодерндік мəдениеттану идеялары ұсынылуда. Постмодернизмді талдауда осы бағыттағы индивидуализм мен əлеуметтік мəдениеттің арақатынасына байланысты кейбір идеяларға тоқталып өтейік.

Постмодернизмге жақын ілім постструктурализмде əлеуметтік құрылымдар мен тұтастықтың тұйық негізінен шыға алатын индивидуалдылықтың пəрмендігіне үлкен көңіл бөлінеді. Франциядағы 1968 жылғы толқуларда кейін постструктуралистер «əлеуметтік бірлестіктер көшеге шыға алмайды» деген қорытындыға келеді. Яғни құрылымдағы маңызды нəрсе тұтастық емес, сол құрылымды өзгертетін жеке жігер мен еркіндік. Плюрализм мен орталықсыздандырылған тұлға жаңа əлеуметтік мəдениетті қалыптастыра алады делінеді. Дүниені жаңаша түсінуде эгоцентристік сана ерекше рөл атқарады. Позитивистік мағынадағы оның девизіне «Мен болмасам, кім?» сұранысы айналады.

Постмодернизмде адамдық қатынастарды «интимдендіру» жəне стандартты «орташа адамнан» арылу маңыздылығы алға қойылады. М.Бахтин мен Ю.Лотман концепцияларында Мен тек Басқаға баға беріп қана қоймай, сол Басқаның Мен туралы бағасын ескеру қажеттілігі айтылады [3].

Енді индивидуалдылықпен қатар «қауымдастық» түсінігінің мəні мен мазмұнына тоқталайық.

Əрине, архаикалық қауым адамдық қоғамдастықтың архетипі екендігі даусыз.

Алғашқы қауымды кейде дəстүрлі қоғам деп те атайды. Ресей зерттеушісі Л.Ионин американдық С.Хантингтонның іліміне сүйене отырып, осы қоғамды былай суреттейді: «Дəстүрлі қоғамда адам оған танылатын статустармен айқындалады жəне онда əріптесінің жынысы, жасы, əлеуметтік иерархиядағы орны маңызды болып табылады. Ол əріптес ретінде емес, ал бір қауымның мүшесі ретінде бағаланады» [1; 32,33].

Біз өз мақаламызда «қауымдастық» түсінігін адамдық ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше формасы ретінде қолданамыз. Кезінде Э.Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық организммен салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық ынтымақтастықтың əлеуметтік- мəдени негізінде тұлғалық еркіндік, мүдделер келісімі жəне заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген императивтер аймағында еркін əрекет ете алады. Бұл қоғамның жетекші принципі — дарашылдық.

Əрине, капитализм мен нарық даралық тұлғаны жоғары деңгейге көтереді. Алайда өркениеттіліктің индустриалдық толқыны аграрлық қатаң жіктелген сословиелер мен таптардың орнына    аморфты    «тобырды»,    «орташаланған»,    «стандартталған»    адамдардың      жиынтығын тудырғанын да естен шығармаған жөн. «Тобыр көтерілісі»атты Ортега-и-Гассет еңбегінде осы мəселе жан-жақты қарастырылған. Сол себепті тобыр мен адамдық Меннің мəдени-психологиялық қырлары жаңаша қарастырылған, З.Фрейдтің «Мен жəне Ол» еңбегінде субъектінің ішкі шындығына көбірек көңіл бөлген австриялық ойшыл жіктелген субъектіде Мен, Ол жəне Əсіре-Меннің əрекет ететіндігін алға тартады. Мен қаншама өзіндік құштарлығын жүзеге асырғысы келгенімен, əр уақытта мəдени жəне əлеуметтік кедергілерге тап болады. Осы кедергілердің негізгісі — бейсаналық тобырлық рух. Көп  клеткалы  организм  тəрізді  тобырлық  адам  тұтастықтан  тыс  өмір  сүре  алмайды.     Осындай«коллективтік» ақыл-сана рөлі кеміп, аффектілер мен инстинктердің ықпалы күшейе түседі. Тобыр сыни сезімді жоғалтып алады [4; 287].

З.Фрейдтің пікірі бойынша, тобыр ежелгі мəдениетте ғана емес, сонымен бірге қазіргі қоғамда да пайда болуы мүмкін. Оның басты сипатына, адамдық Менді жоғалтып, еркіндік пен ырықтылықтан айрылу жатады. Тобырда мəдени жəне өркениеттік регресс анық байқалады. Саналы  таңдаудың орнын еліктеу, соқыр сенім, психикалық қозу алады. Сөз магиясы өз шегіне жетеді. Тіпті, білімді адамның өзі тобырда «варварға» айналып кетеді. Тобыр мен тоталды ұйымдасқан көпшіліктің, коллективтің арасында айырмашылық көп. Тобыр бейсаналық түрде қалыптасса, коллектив арнаулы мақсат үшін ұйымдастырылады.

Жоғарыдағы тұжырымның тағы бір дəлелі — қазіргі адамның дене конституциясы мен тəндік ерекшеліктері. Тік жүру, тəннің көп бөлігіндегі түксіздік, оң қолының ассиметриялық дамуы ілкі адамның көп клеткалы организм сияқты тобырдың ажырамас бөлігі болғандығын дəлелдейді.

З.Фрейд былай дейді: «Əдеп бастауы болып табылатын тотемдік екі табу бірдей емес. Олардың бірі ғана: тотемді аяу сезімге негізделген; əкені құртып тынды, енді шындықта ештеңені өзгертпесе де болады. Бірақ басқасы инцестің орнын алмастырудың өмірлік маңызды. Жыныстық құштарлық еркектерді біріктірмейді,  ол,  керісінше,  ажыратады.  Сондықтан  отбасылық  реттеу  қажет  болды [4; 333,334].

Сонымен, тек қазаққа тəн деп жүрген құбылысымыз ежелгі мəдениеттегі əмбебапты феномен екен. Тағы бір ескерте кететін жағдай: этикалық үдерістер мен əлеуметтік құрылымдар əр түрлі негіздерде қалыптасқан: рулық қоғамда жекелену шектеулі болса, осы рулар құрастырған этникалық тұтастық өзіндік келбетке ие болып, бойына даралық мəдениетті қалыптастырады. Яғни, этногенетикалық процестердің өзекті заңдылықтары бойынша, белгілі бір əлеуметтік қауымның этностана бастауы ең алдымен сол қоғамдағы адамдардың заттанған қызметінен айқын көрінеді. Сөйтіп, белгілі бір əлеуметтік қауым этностанған кезде этникалық мəдениет қоғам өмірін тігінен де (мəдени деңгейлер), көлденеңінен де (мəдени айғақтар) біртұтас етеді дейді Ақселеу Сейдімбек.

Əлеуметтану антропологтары Б.Малиновский жəне А.Р.Рэдклифф Браун өздерінің зерттеу барысында мəдени байланыс феноменін, мəдени қақтығысты зерттеу нышаны етіп алады. Бұл құбылыс əсіресе батыс өркениетінің жергілікті мəдениетке енуінде байқалады. Данниэль Чиро ХХ ғасырда əлемде «аз ғана дəстүрлі» қоғамның қалғаны туралы баяндайды. Ғаламшардағы тұрғындардың барлығы жоғары модернизацияланған «батыстық əлемнің» əсерін басынан өткерді. Жергілікті нормалар жəне құндылықтар, дəстүрлер жəне мораль, діни сенімдер, отбасылық өмір үлгісі, өндіріс тəсілдері жəне қазіргі замаңғы батыс институттары астында қалып, жойылып кетеді.

Берілген жағдай екі қарама-қайшы реакциялардың пайда болуына əкелді. Мысалы, антропологтар, «мəдени империализм» жайында айта бастады, бұл өз болмысын жоғалту, түгел мəдени бірігу секілді апатқа ұшырауға алып келмек. Ал «этноорталықтану» батыстандыру, жабайылыққа қарсы шықты.

Қазіргі уақытта батыстандыру қанат жайып келеді. Қоғамдық жəне ғылыми кеңістікте «мəдени синхронизация» салдарынан əлемдік мəдени жүйелердің əр түрлілігі азаюда. Сонымен қатар мəдениет коммерциализациясы, көпшілік мəдениеті «мəдениетсіздікке», жаңа жабайылылыққа əкеледі. Бірақ бұған қарама-қарсы көзқарастар да бар, дамудың батыстық үлгісін ұстану арқылы жоғары дамыған əлем мемлекетінің дəрежесіне жетуге болады. Соңғысын əлеуметтік эмансипация түрінде немесе өркениет белгісі ретінде алуға болады. Бұл пікірді көбіне саясат жəне экономика саласының өкілдері ұстанған болатын. Ақпараттық құралдар біздің ғаламды «үлкен ауылға» айналдырмақ, барлығының мəдени жемі бір. Оған мысал ретінде телеарнаны алуға болады. Дамыған елдерде саяхат жасау, туризм батыс мəдениет бейнесін барлық жарық əлемге таратумен сəйкес.

Бұл  маңызды  процестер  теоретикалық  ой-толғамдар  тудырады.  Соның  бірі  Ульф Ганнерстің «глобалды ойкумендер» теориясы. «Ойкумен» деп ол күнделікті мəдени арақатынастарды, бір мəдениеттің басқасына ауысуын, өтуін айтады. Дəстүрлі мəдениеттер белгілі бір өмір сүріп жатқан кеңістікке,  ортаға  байланысты  жасалып  отырады.  Қазіргі  замаңғы  мəдениеттер,  керісінше, нақты уақыт пен кеңістігі белгілі шекараны коммуникация аймағындағы қазіргі замаңғы технологиялар көмегімен байланыстырып, біріктіреді. Глобалды ойкумен бойынша мəдени ағымдар симметриялы да, екі жақты да емес. Олардың көбісі бір бағытқа бағытталған.

Ганнерстің айтуынша, осындай асимметриялы құрылым орталық-периферия — барлық мəдениет өлшемдерін жəне географиялық аймақтарды бүркеуші тұтас жүйе емес, өз уақыты келгенде əрекет жасаушы жəне өзгеруші мамандандырылған орталықтары бар конгломерат. Қазіргі кезде мұндай орталықтарға АҚШ (ғылым, жаңа технологиялар), Франция (жоғары киім үлгісі жəне дəмді тағам өнімдері), Жапония (корпоративті мəдениет аймағы); аймақтық орталықтарға — Латын Америкасындағы Мексика, араб əлеміндегі Египет, католистік — Ватикан, исламдық — қасиетті Кум жəне Мекке қалалары жатады.

Болашақ жайында айта келе, Ганнерс мəдени унификацияның төрт мүмкін сценарийлерін көрсетеді. Бірінші — «глобалды гомогенизация», мұнда батыс мəдениеті толық жетекшілік етеді, ал қалған əлем батыстық өмір сүру бейнесінің сəтті жемісі болып табылады. Мысалы, əлемнің бүкіл елдерінде бар дүкендерде бірдей тауарлар, театрларда бірдей қойылымдар, газеттерде бірдей жаңалықтар жəне тағы сол сияқты. Осыдан байқасақ, кез келген жергілікті специфика Батыс өркениеті əсерінен жойылып кетпек.

Көрсетілген процестің спецификалық нұсқасы бар, яғни «сутурация сценарийі — толысу». Онда периферия ортаның мəдени бейнелерін баяу сіңіріп, кейін уақыт өте келе жергілікті мəдени формалар жоғала бастайды, яғни тарихта мəдени біртұтастық құрыла бастайды.

Үшінші сценарий, «коррупциямен периферияланған», бейімделу процесінде батыс мəдениетінің орналасуы жəне құлдырауды білдіреді. Периферияға ұрынған жағдайда оның жоғары құндылықтарын қысымға алады. Осы жағдайда екі механизм жұмыс жасайды. Біріншісі ең төмеңгі деңгейдегі мəдени азық-түліктерге орын қалдыра отырып, «жоғары интеллектуалды» жетістіктерді жүйелейді. Екінші механизм батыс құндылықтарын алып, күнделікті өмір сүру бейнесіне икемдейді. Мысалға, дəстүрлі аристократиялық елде демократиялық құндылықтар деспотизмге; теңдік отбасылыққа; сөз еркіндігі — жағымсыз сөздерге; жиналыс еркіндігі — фракционизмге, сансыз топтардың күнделікті күресіне тез əрі жеңіл түрде айналады.

Төртінші сценарий, Ганнерстің жанына жақын, — бұл «жетілу сценариі». Ол тек соқыр қабылдауды ғана емес, енуші мəдениеттің кейбір құндылықтарды қамтып, тең сұхбат алысуды ұсынады. Мəдениет ерекшелігі қалғанмен, дамуына əсер етіп отырады. Перифериялы мəдениет өкілдері өз қалауы мен қажеттілігіне сай нəрселерді алады. Жергілікті мəдени құндылықтар осы жаңа негізде кеңейіп, байып отырады. Ганнерс бұны мəдениет «креолизациясы» (гибридтелу) деп атайды. Бүкіл əлемде барлық мəдениеттер күрделі синтезден тұрады, олар біртекті емес, периферия мен орта арасында тарихи жиналған арақатынас өмір сүреді. Автор сөзі бойынша, мəдениеттердің ортақ глобалды бүтінге бірігуі емес, «олардың арасындағы сұхбат».

Мəдени диффузия, яғни мəдени құндылықтардың біте қайнасуы, жағымды əрі жағымсыз екі жақты аспектіден тұрады. Бір жағынан, халықтардың бір-бірімен көбірек араласып, жақындасуына əкелсе, екіншіден, мұндай белсенді қарым-қатынас мəдени болмысты жоғалтып алуға əкеледі.

Шетелдік əдебиеттерде мəдени жаһандану процесіне үш көзқарас келтірілген.  Біріншіден, мəдени жаһандану объективті жағынан қажетті жəне негізі жағымды. Мұндай ұстанымды швейцарлық лингвист Ж.Молино жақтайды. Оның ойынша, еуропалықтар үшін үйреншікті европоцентризмнен бас тарту қиын, олар мұндайда мазасыздыққа ұшырайды деп есептейді.

Екінші көзқарас бойынша, керісінше, мəдени жаһандануға апокалиптикалық, сыни қатынаста. Бұл əсіресе франкфурттық мектеп өкілі Т.Адорно жəне М.Хоркхаймер философиясында анық көрсетілген. Олар ең алғаш болып көпшілік мəдениеті, бүгінгі күнгі посмодернистікті туғызып, мəдени индустрия феноменін ашты. Олардың ойынша, мəдени индустрия заттарын тарату қоғамның азып-тозуына əкеледі. Кейін бұл ойлар структурализмде (Фуко), ситуационизм (Г.Дебор), потмодернизм (Ж.Ф.Лиотар, Ж.Бодрийяр), тағы басқа қазіргі заман ойлары ағымдарында жалғасын тапты.

Үшінші көзқарас бірінші мен екіншінің арасында, сыни болып саналады. Оның негізін ағылшын социологы Р.Хоггарт қалайды. Оның пайымдауынша, қалалық көпшілік мəдениетке бейімделу автоматты түрде жəне баяу болған емес: жұмыскерлер қарама-қарсылық танытып, бірегейліктен бас тартты. Францияда бұл идеяны тарихшы М.де Серто дамытты. Оның ойынша, стратегия, жүйе жəне тіл экономикалық реттілік жəне билікті басқарушы деп санады.

Өз еліміздің жаһандану үдерісін басынан өткізу жағдайына келер болсақ, Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ мəдениеті үшін бұрын-соңды болып көрмеген тарихи мүмкіндік пайда болды: ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі озық мəдениеттер жетістіктерімен үйлесімді қосу. Бұл ұжымдылық пен жеке-даралықты, үлкенді сыйлау мен тұлға еркіндігін, экологиялық сана мен жасампаздықты, төзімділік пен белсенділікті жəне т.б. үйлесімді қоса білуді талап етеді. Бірақ бұл жүзеге аса ала ма? Əлде көшпелілер ұрпақтары батыстық либералдық құндылықтарды қабылдауға қабілетсіз болып шыға ма?

Өркениеттің ақпараттық толқыны жағдайында жоғарыда аталған адам болмысының стратегиясы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бұрыңғы шешім қабылдаушы субъектінің орнына ұжымдық интеллект ретіндегі ақпарат келеді. Бұл интеллектіден асып түсетін күш əлемде əзірше əзір болмай тұр. Постиндустриалдық өркениетте «адамдық капитал» бірінші орынға шығады.

Қазір батыстандыру саясатында экспансиялық сипат күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл қазақстандық зиялы қауымды толғандырмай қоймайды. Біз осындай экспансияға төтеп бере аламыз ба? Осы жөнінде академик Нысанбаев өз толғаныстарын былай жеткізеді:  «Вестернизация деген ұғым бар, яғни батыстану, — бүкіл əлемді батыстың үлгісімен дамыту. Мысалы, нарыққа көшіп жатырмыз, демократия, сөз бостандығы деп жүрміз — мұның бəрі батыстан шыққан, ал шығыстың құндылығы өз алдына. Жаһанданудың тағы бір көрінісі — америкаландыру. Американың доллары бүкіл əлемді жаулады, Американың стандарттары, тауарлары дүние жүзіне тарап кетті. Бізге жаһанданудың пайдалы жағы, біз Батыстан инвестиция алып жатырмыз, капитал, технология келеді. Ол біздегі тоқтап тұрған өндіріс орындарын жандандыруға септігін тигізеді. Бірақ Қазақстан батыс рыногына, бəсекеге төтеп беретін өз тауарын шығара алмай отыр. Ондай тауар бізде жоқ. Қарап отырсақ, жаһандану процесінде біздің еншімізге тиетін шаруа шикізат өнімдері ғана сияқты. Шетелдіктер бізден шикізатты арзанға сатып алып, өңдеп, пайдалы затқа айналдырып, қайта қымбатқа сатады. Бұл экономикалық жаһандану. Мəдени жаһандану салдары одан да қауіпті. Сөйтіп, біз саяси жəне экономикалық тəуелсіздігіміздің белгілі бір бөлігінен еш соғыссыз-ақ, бейбіт жолмен айрыламыз».

Əрине, ғалым бұл жерде сенімсіздік емес, қазақ мəдениетінің болашақ тағдырына деген өз ойын білдіріп тұр.

Қазіргі қазақстандық рухани мəдениетінің батыстандыру өрісіндегі кейбір үрдістеріне назар аударайық. Саяси-экономикалық батыстандыру процестерінен бөлек, қазақстандық рухани мəдениетте болып жатқан өзгерістер де өз пəрменділігімен, қайталанбайтын ерекшеліктерімен, қайшылықтығымен көзге түседі.

ХХ ғасырдың 90-жылдары ТМД аумағында бұрыңғы жүйенің таралуымен белгілі. Бұл кезде мемлекет мəдениетке деген монополиядан бас тартып, кемпірқосақтың барлық түстеріне  «жол ашты», нарықтық қатынастар рухани мəдениеттің көптеген ұжымдары мен түрлеріне ыңғайсыз болып шықты, мəдениет пен өнердің дəстүрлі емес түрлері (батыстық) қаулап өсті, шығармашылық еркіндігі жарияланды. Бұл кезеңде мəдени саясат негізінен мына бағыттарда жүргізілді:

  • мəдени мұраны жаңғырту;
  • жинақталған классикалық ұлттық мұраны сақтауға қаржылық көмек беру;
  • нарық қыспағына түскен мұражайлар, кітапханалар, театрлар мен басқа да мəдени ошақтарды сақтап қалуға əрекет жасау;
  • ұлтаралық келісім жəне қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға игі ықпалын тигізетін ұлттық мəдени орталықтардың жұмысын қолдау;
  • қоғамның мəдени қуаттылығын арттыратын мəдени инновацияларды қолдау;
  • мəдениет саласындағы кəсіби білім беруді сақтау, жас дарынға жағдай туғызу;
  • мəдени объектілерді жаппай жекешелендіруден қорғау;
  • мəдени коммерциализация тудыратын құндылықтарды (нəпсіқұмарлық, девианттық, садизм, порнография т.б.) шектеу жəне т.б.

Жаһандану мəдени-өркениеттік өзіндік бірегейліктің жаңа, күрделенген типін, өз бойына дəстүрлі этномəдени құндылықтардың тартымдылығы мен модерндеудің космополиттік құндылықтарының пəрменділігін үйлесімді түрде немесе, ең болмағанда, қақтығыссыз күйінде араластыра енгізетін топтық етенелілікті іздестіру мəселесін көлденеңінен қойды.

Мемлекеттік бірегейлікті жоғалту бірқатар себептердің əсерінен жүзеге асады. Біріншіден, азаматтық қоғам ХVІІІ ғасырдағы индустриалдық төңкеріс дəуірінен бері тұңғыш рет мемлекеттен халық еркінің жинақталған институционалдығын бүкіл қуатымен қоғам өмірінің стратегиялық бағыттары мен басымдылықтарын қамтамасыз ететін жетекші жəне əлеуметтік-саяси ұйымның ешқандай  айырбасталмайтын  формасын  көруден  қалды.  Азаматтық  қоғамға  мынадай     анықтама берілген: қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады жəне елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың əл-ауқатының, мəдениеті мен сана-сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру жəне демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Өз бойына ұлттық өкіметтер мен мемлекеттік институттардың құзыретінің үлкен бөлігін қабылдап алған мемлекеттік емес халықаралық ұйымдардың саны өсіп, функциялары көбейіп жəне ықпалы жоғарылауда. Биліктің диффузиясы етенелік, азаматтық тəртіп туралы дəстүрлі көзқарастарды өзгерістерге ұшыратты.

Екіншіден, ақпараттық-коммуникативті тораптар, əлемдік рынок жəне ғаламдық өзара əсердің өзге де тетіктері дəстүрлі мемлекеттің жүргізетін əлеуметтік бақылауының сипатын түбірімен өзгертеді, оның əлеуметтік-нормаландырушы бекітілімдерінің беделін бұзады.

Бұл жайында өз уақытында О.Шпенглер былай деп атап өтті: «Екі адамның байланысы кезінде немесе бір мəдениеттің формаларын қабылдауға көнетін қаңқалары көрінісінде оның өлі əлемін көрген екі мəдениет өзара түйісе алады. Екі жағдайда да тек адам ғана əрекетшіл» [5]. Сондықтан жаһанданудың алдын алуда əрбір адамның ішкі рухани əлемімен үндесіп барып əрекет етуі, ұлт болмысын сақтап қалуы маңызды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. — М.,
  2. Уткин А.И. Мировой порядок ХХІ века. — М.,
  3. Бахтин М.М. Ответ на вопрос редакции «Нового мира». — Т. 6. — М., 2002. — С.161.
  4. Фрейд З. Я и Оно. — Тбилиси,
  5. Шпенглер О. Закат Европы. Очерки по морфологии культуры. — Т. 2. — М., 2003. — С.57.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.