Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əбу Мансур əл-Матуридидің Құран мəтіндерін интерпретациялаудағы əдістері

Мақалада ислам əлеміне танымал, жоғары дəрежеге ие кемеңгер ғалым Əбу Мансур əл-Матуридидің «Тəуилату əһли сунна» атты еңбегінде Құран мəтіндерін интерпретациялаудағы əдістері кеңінен қарастырылып, талқыланды. Маңызды əрі ең үлкен еңбек саналған «Тəуилатул Құран», кейде «Тəуилату əһлис сүннə» деп те аталатын. Бұл еңбек Құран аяттарымен жəне хадис мəтіндерімен түсіндірілген. Сондай-ақ ғалымның Құран мəтіндерін түсіндіру барысында тəпсір, хадис, ақида, фиқһ, фиқһ əдіснамасы жəне логика сынды көптеген ислам ғылым саласын қамтығанын көре аламыз. Матуриди еңбегі аяттарды жан-жақты талқылауымен əрі оқырманға түсініктілігімен ерекшеленеді. Бұған қоса оның ақыл мен нақылды (діни мəтіндерді) бір еңбекте керемет ұштастыруымен де еңбектің құндылығын көрсетеді. 

«Əдіс» деген сөз гректің «metodos» (зерттеу, немесе таным жолы) деген сөзінен шыққан. Бұл сөз араб тілінде «мəнһаж» (көпше түрі «манаһиж») кейде осы сөзден түрленіп «минһаж» деп те қолданылады. Яғни мəнһаж сөздікте — «анық жол», «айқын жол» жəне «ашық», «түсінікті жол» деген мағыналарды білдіреді [1; 995].

Құран Кəрімде Əр үмбетке өзіне тəн шариғат һəм жол белгілеп бердік [2; 5/48-аят] деп «минһаж» сөзі «жол» мағынасында келеді.

Ал терминдік мағынасы: «Қандай да бір ілім саласын егжей-тегжейлі түсіну үшін қойылған қағидаларға негізделіп, сол заңдылықты сақтай отырып, жақсы нəтижеге жету» [3; 33] дегенді білдіреді.

Бүгінгі əлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса, олардың жартысынан көбі Ханафи мəзхабын ұстанады. Ал олар Əбу Ханифаның ізбасары, үлкен теология мектебінің құрушысы Əбу Мансур əл-Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады.

Бұл сенім негіздері — Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пəкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Əсіресе бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек таралған. Əрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар.

Ендігі кезекте осы кемеңгер ойшыл, ғалым Əбу Мансур əл-Матуридидің Құран мəтіндерін интерпретациялаудағы əдістеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Ғалым Əбу Мансур əл-Матуриди өзінің «Тəуилат əл-Қуран» атты еңбегінде қолданған əдіснаманы мына екі тақырып негізінде қарастыруға болады:

Бірінші: Құран Кəрім мəтіндерін интерпретациялаудағы сүйенген дереккөздер.

Екінші: Дереккөздерді пайдалануда қолданған əдісі.

  1. Құран Кəрім мəтіндерін интерпретациялауда сүйенген дереккөздері.

Қандайда бір ғалым Құран Кəрім мəтіндерін интерпретациялау/тəпсірлеу (түсіндірілуі) барысында міндетті түрде өзінен бұрынғы тəпсір еңбектеріне жүгінері белгілі. Сондай-ақ əр тəпсірші міндетті түрде екі қайнаркөзге сүйенеді, ол Құран Кəрім мен Пайғамбар сүннеті.

Құран Кəрімді Құранмен тəпсірі:

Құран Кəрімнің ең керемет тəпсірі Құран екенінде еш күмəн жоқ. Ғұламалар да бір ауыздан Құранды тəпсірлеудегі бірінші негіз ол — Құран Кəрім деген. Себебі Алла Тағаланың кəлəмін Өзінен артық білетін ешкім жоқ. Сондай-ақ Құранда кей жерде жалпы айтылған нəрсе екінші жерде жалқыланған, бір жерде қысқаша баяндалғаны, екінші бір орында кеңінен тарқатылған. Сондықтан Құран тəпсірінде бірінші орынға Құранды қою заңдылық əрі дін негіздерінен саналады. Себебі Құран – Ислам дінінде бірінші қайнар көз [4; 285].

Əбу Мансур əл-Матуриди Құран мəтіндерін интерпретациялауда алдымен аятты толықтай талдап, кейін айтқандарына дəлел ретінде Құран Кəрімнен осы аятқа қатысты басқа аяттарды келтіреді. Мəселен:

Құранның «Əнфал» сүресінің 24-аятында Алла Тағала: Уа, иман еткендер! Алла елшісі сендерді өздеріңді (мəңгілік өмір сыйлайтын) иманға шақырғанда, Алла мен елшісінің шақыруын қабыл алыңдар деген аят бар. Бұл аятты Матуриди былай тəпсірлейді: «Бұл аятта Алла Тағала тек мұсылмандарға ғана тіл қатқан болуы əбден мүмкін. Яғни, «Уа, иман еткендер! Алланың əмірлерін орындап, тыйғандарынан толық бастартыңдар. Сондай-ақ Оның елшісінің айтқандарын да толық орындаңдар. Өйткені ол (Алла елшісі) сендерді ақырет мекеніне шақыруда». Соңғы сөзімізді келесі аятпен қуаттандырсақ: «Алла құлдарын бейбітшілік пен есендік мекені Жұмаққа шақырады жəне қалағанын тура жолға салады» [2; 10/25-аят]. Жоғарыда ақырет мекені деп мəңгі тіршілік мекенді айтуда. Бұл сөзімізге дəйек мына аят: ...Ал ақырет мекені болса, міне, сол нағыз шын өмір. Кəпірлер соны білсе ғой! [2; 29/64-аят]. Бұл жерде Алла Тағала құлдарына: «Аллаға жəне Оның елшісіне толық жауап беріңдер! Расында Расулалла сендерді мəңгі тіршілік мекеніне шақыруда. Ал шақыруға жауап қатпаған кəпірлер ақыретте өлмейді де, тірілмейді» [5; 317].

Бұл жерден Матуридидің Құран Кəрім мəтіндерін түсіндірудегі ерекшелігін анық көруге болады. Яғни, алдымен, тəпсірленетін аятты талдап, артынан тəпсірлеуші аятқа талдау жасайды. Талдаудың артынша былай деп қорытындылайды: «Тəпсірлеуші аят тəпсірленетін аятты толық ашпауы мүмкін». Бұл — Матуридидің «тəуил» түсінігінің жемісі. Өйткені ол өз көзқарасын білдірумен қатар, оның соңғы сөз емес, Құран аятын түсіндірудің бір тəсілі ретінде ғана ұсынып, басқа көзқарастарға да жол ашық екенін көрсетеді.

Сондай-ақ Матуриди аятты толықтай емес, кейде аятта келген жалғыз сөзді де келесі бір аятпен аша түседі. Мысалы: Сондай-ақ араларыңдағы өз-өзіне қиянат жасаған азғындардың ғана басына келетін алапат фитнадан сақтаныңдар аяттындағы «фитнадан сақтаныңдар» [2; 8/25-аят] деген сөзді: «Залымдардың жасаған пиғылдары үшін ақыретте тозақ отына салынып, азапталатын оттан бізді де сақтандыруда. Бұл тəпсірімізге дəлел: «…Ендеше, кəпірлер үшін əзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ отынан сақтаныңдар!»» [2; 2/24-аят] деп түсіндіреді.

Құран тəпсірінде аят-сүрелердің түсу себептерін қолдануы:

Əбу Мансур əл-Матуриди тəпсірінде Құран аяттарының түсу себептерінде қолданған. Кейде бір аяттың түсуіне байланысты бүкіл риуаяттарды келтірсе, кейде бір ғана риуаятпен шектелген. Мəселен, «Əнфал» сүресінің 1-аятының тəпсірінде: (Уа, Мұхаммед! Мүміндер) сенен соғыстан түскен олжа жайлы сұрайды. Оларға: «Соғыстан түскен олжа Алла мен Пайғамбарға тиесілі (оны бөліп-үлестіру Алла Тағала мен Расулының қолында) — деп айт…». Матуриди аяттағы мəселені екі түрлі мағынада қарастыруға болады деген:

  1. Мүминдер соғыстан түскен олжадан үлес алу халал ма, əлде харам баекенін білу үшін Алла елшісінен (с.а.у.) сұраған. Өйткені алғашқы кезде олжадан алу харам болып саналған. Ал бір деректе: бір жерге жиналып қойылған олжаға кенеттен от тиіп өртенген, сол кезде адамдар оның үкімін Алла елшісінен (с.а.у) сұрайды. Осыған жауап ретінде жоғарыдағы аят түскен.
  2. Сондай-ақ аяттың соғыс олжасын бөлісуге қатысты сахабалар арасында түрлі пікірлер туындаған кезде түскендігі айтылады. Бəдір оқиғасында сахабалар үш топқа бөлінген. Бірінші топ жау алдында, екінші топ арттарында қорған болған, үшінші топ Алла елшісінің (с.а.у) жанында болған. Алла Тағаланың кеңшілігімен жеңіске жетіп, олжаны бөлісуге келгенде бірінші топтағы сахабалар: «Жау майданының алдыңғы шебінде соғысқанбіз. Сондықтан бізге олжадан көбірек үлес тиесілі», — десе, екінші топтағылар: «Біз артқы жақты қорғамағанда бұл жеңіске жетпейтін едік», — деген. Пайғамбар жанындағы сахабалар: «Біз Алла елшісін (с.а.у) қорғадық, олжаның көбісі бізге тиесілі», — деп, Алла елшісінен (с.а.у) мұның үкімін сұрап барады. Сол кезде Құранның «Əнфал» сүресі түскен болатын.

Бұл мəселеге табиғин Əбу Усама əл-Бəһили: Убада ибн Самиттен (р.а.) «Əнфал» хақында сұрағанымда, Ол (р.а.): «Əнфал сүресі Бəдір оқиғасына қатысқандар, яғни біздерге, қатысты түскен. Көп олжаға кенеліп, оны бөлісуде сөзге келгенімізде Алла Тағала қолымыздан алып Өзінің елшісіне (с.а.у) берді.Осылайша Ол (Алла елшісі) арамызда теңдей бөлді» [6; 409], — деген.

Құран мəтіндерін түсіндіруде хадистерді қолдануы:

Əбу Мансур əл-Матуриди Құран Кəрім мəтіндерін түсіндіру барысында кейде хадис мəтіндеріне де сүйенген. Айта кететін жайт, Матуриди кейде хадистерді мағынасымен де береді. Бұл оның хадис жинақтарынан тікелей алмай, жадынан жазғанын көрсетсе керек.

Құрандағы «Ағраф» сүресінің 55-аятында Алла Тағала: Раббыларыңа іштей (яғни, бəсең дауыспен) жалбарынып дұға етіңдер. Шүбəсіз, Ол шектен шыққандарды ұнатпайды деген. Матуриди бұл жерде «дұға етіңдер» деп адам баласының күнделікті дұғасын айтуда. Алла елшісі 

 (с.а.у): «Дұға — ғибадаттың өзегі» [7; 369 б.], — деген. Ғибадат өзгеге еру, соның жасағанын қайталаумен де орындалып жатады. Ал дұға кез келген жағдайда, яғни, пенде өзінің əлсіздігін сезініп Аллаға жалбарынып, шынайылықпен мұң-мұқтаждығын танытады. Осылайша дұға ғибадаттың нақ өзі болып есептеледі.

Аят соңында: Шүбəсіз, Ол шектен шыққандарды ұнатпайды деген аятқа кей ғалымдар Алла Тағалаға серік қосумен шектен шыққандар десе, екінші бір тəпсір ғалымдары дұғада шектен шыққандар деген. Дұғада шектен шығу дегеніміз: «Уа, Раббым! Мені пайғамбар қыл немесе періште!», — деп айту сияқты, не «Уа, Раббым! Мені жəннаттың мына жеріне, мына кісілердің жанына қой! — деп дұға жасау деп түсіндіреді» [5; 318]. Бұған қатысты хадис кітаптарында мына хадис келген.

Абдулла ибн Муғаффалдан жеткен риуаятта, ол өзінің ұлының: «Уа, Раббым! Мені Фердауыс жəннатына кіргіз! Уа, Раббым! Маған мынаны-ананы бер...» — деп дұға жасап жатқанын естіген кезде Абдулла: Ұлым, жəннатты сұра жəне тозақтан пана тіле. Расында, Алла елшісінің (с.а.у): Сондай бір қауымдар келеді. Олар дұға жасауда жəне таһарат алуда шектен шығады [8; 637] дегенін естідім, — деген. Матуриди дұғада шектен шығуды осы хадиске негізделе отырып, Алладан өзі лайық болмаған нəрселерді тілеу [5; 319 б.] деп түсіндіреді.

  • Кейде Матуриди хадистің қажетті жерін ғана келтірумен шектеледі Раббың Адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куə етіп: Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? — дегенде, барлығы бірауыздан: Əлбетте біз бұған куəлік етеміз! — деп жауап берді. Біз мұны қиямет күні: Расында, біз бұдан бейхабар едік», — деп сылтау айтпауларың үшін істедік [2; 7/172-аят]. Имам Матуриди бұл аятты Əрбір сəби фитратпен (таза болмыспен) туылады [9; 92 б.] деген хадистің бір бөлігімен түсіндірумен шектелуде [5; 308].

Имам Матуридидің Құран мəтіндерін интерпретациялаудағы хадистерді қолдану тəсілін қысқаша былай түсіндіруге болады:

  • ол хадистерді сəнəдтарымен (хадисті жеткізуші рауилардың тізбегімен) бірге өте сирек береді;
  • кейде ол хадистерді мағынасымен жазады;
  • ол хадистерді құр жазып қоймай, аяттармен бірге ол хадистердің де түсіндірмесін баяндайды;
  • сондай-ақ ол бір мəселеге қатысты қажет болған жағдайда бірден көп хадис келтіреді.

Матуридидің алдыңғы тəпсір ғалымдарының пікірлерін қолдануы:

Əбу Мансур əл-Матуриди Құран Кəрім мəтіндерін интерпретация жасау барысында өз кезегімен сахаба, табиғин жəне одан кейін келген буындардың атақты тəпсіршілерінің сөздерін де қолданған. Матуриди тəсілі олардың Құранды жəне сүннетті қолданудағы тəсілімен сəйкес келеді. Яғни, кезектегі аятты толығымен талдау жасап өз тəпсірін бергеннен кейін, сол аятты тəпсірлеген ғалымдардың сөздерін қатарымен тізіп айтады. Кейде бірнеше ғалымдардың сөздерімен ғана шектеледі. Ал кейде өз пікіріне қайшы пікір айтқан ғалымдардың сөздерін келтіріп, оларға көркем түрде жауап береді.

Мысалы, «Тəубе» сүресінің 8-аятында: (Уəдеде тұрмайтын) бұзақы мүшріктермен қандай келісім болмақ? Егер олар сендерден үстем түссе, сендермен арадағы келісімге де, берілген антқа да қарамайды, деген.

Матуриди алдымен аяттың жалпы мағынасын Оларға қалайша келісім бересіңдер, олар келісім жасайтын адамдардың қатарынан емес, егер олар сендерден үстем түссе, сендермен арадағы келісімге де, берілген антқа да қарамайды, — деп келтіреді.

Кей тəпсіршілер бұл аятты былайша тəпсірлеген: Неге олармен соғыспайсыңдар?! Егер олар сендерден үстем түссе, сендермен арадағы келісімге де, берілген антқа да қарамайды. Бұдан кейін көптеген тəпсір майталмандарының сөздерін келтірген. Сосын, жоғарыда аятта өткен «إِل» (ил) сөзіне кеңінен тоқталып, «Ғалымдарымыз «إِل» — сөзін түрлі мағынада түсіндірген:

«إِل» «Алла» мағынасында болса, «مة ِذ » (зиммат) сөзі «келісім» деген мағынада, ал Құтби деген ғалым; «إِل» «ант» деген мағына береді, — десе, Əбу Усажа: «إِل» сөзі «туыстық» деген мағына береді. Əбу Убайда: «إِل» сөзі «ант» мағынасын берсе,«مة ِذ » сөзі «ұялу, келісім» деген мағынаға келеді, — десе, Ибн Аббас болса: «إِل» «Алла» мағынасына келеді, — деген.

Тағы бір тəпсір ғалымы; إِل» сөзін «харам» мағынасын береді деген. Яғни, Қалайша оларға келісім бересіңдер?! Егер олар сендерден үстем түссе, туыстыққа да харам айларына да қарамайды. Себебі бұрындары араб тайпалары арасында қандайда бір келіспеушілік туындаса, туыстарына барын салып демеуші болған. Ал, егер туыс тайпалар алауыздыққа душар болса, харам айлардың құрметіне, «масжид харамның» құрметіне татуласып отырған. 

Бұл жерден байқағанымыздай, Əбу Мансур əл-Матуриди кейде тəпсіршінің аты-жөнін айтса, кейде тек «кей ғалымдар бұл мəселеде былай деген», — деп шектелген [5; 320].

Құран мəтіндерін интерпретациялауда ақида ілімі:

Матуриди тəпсірі ақида саласындағы ауқымды мəселелерді қамтыған жəне «Əһлу сунна уал- жамаға» ақидасын қуаттандырып, жаңсақ пікірдегі ағымдардың ұстаным, сенімдерін жоққа шығаратын дəлелдерге бай. Мəселен: «Бақара» сүресінің 258-аятында келген Алла берген биліктің буына мас болып, Ибраһиммен Раббысы жайлы сөз таластырғанды көрдің бе?! Ибраһим оған: Менің Раббым (қалағанына) жан бітіріп, өмір сыйлайды əрі (қалағанының жанын алып) өлтіреді, — деді...» осы аяттың тəпсірінде имам Матуриди: «Бұл аят тікелей ақида саласында диспут жасауға рұқсат беруде. Себебі біздер (мұсылмандар) ислам дініне өзге дін өкілдерін жəне дінсіздерді де шақырып Алланың бар жəне бір екенін ұғындыруға міндеттелгенбіз. Сол сияқты бүкіл пайғамбарлардың да негізгі міндеті «Серігі болмаған, тек жалғыз Аллаға» шақыру болған. Сондықтан өзге дін өкілдері мен дінсіздерге ислам дінін жеткізу барысында олар міндетті түрде біздерден дəлел- дəйектер сұрайды. Кейде «Алланың бар жəне бір екенін» дəлелдеу оңайға соқпайтыны да сөзсіз. Нəтижеде үлкен диспутқа айналары анық. Сол себепті біз: «Аятта диспут жасауға ашық дəлел бар», деп айттық» [5; 244], — дейді.

Сондай-ақ «Əһлу сунна уал-жамаға» ақидасындағы имам Ашғаримен де кей жерлерде түрлі пікірлерді ұстанғандығын осы еңбектен көруге болады. Мысалы:

  1. Құранның «Əнғам» сүресі 36-аятында: Анығында, еститіндер ғана шақыруға құлақ асады. Ал өлілерге келсек, Алла оларды қабірде қайта тірілтеді, содан кейін бірі қалмай Аллаға қайтарылады, — деген аят бар.

Имам Матуриди «Адам өмірі екіге бөлінеді: 1) кəсіп етілген өмір, яғни, тағатпен, һидаятпен кəсіп ету арқылы болатын өмір; 2) бастама өмір, яғни, жатырда жан бітумен басталған дене тіршілігі. Кəпір адамда кəсіп етілген өмір болмайды. Тек бастама өмір болады. Ал, мүмін адамда екі түрлі өмірде бар» [5; 323], — дейді.

Бұл жерде қозғалып жатқан «кəсіп ету» мəселесі ақида саласындағы ауқымды тақырыптардан. Сондай-ақ «кəсіп мəселесінде» Матуриди мен Ашғари арасында түрлі пікір бар. (Мақала көлемін ескере отырып, оқырманды түптұсқаға сілтей отырып, екі имам арасындағы пікір айырмашылығына тоқталмадық).

  1. Сондай-ақ имам Матуриди Муғтазила ағымының пікірлерін талдап, олардың бұрыстығын, «Əһлу сунна уал-жамағатқа» қайшы екенін баяндаған.

Құран мəтіндерін интерпретациялауда фиқһ ілімі:

Имам Матуриди Əбу Ханифаның дəуірінен кейін өмір сүрсе де, оның озық шəкірттерінен есептеледі, яғни Əбу Ханифа еңбектерін оқып, ғұлама шəкірттерінен сабақ алып, ханафи мəзхабының негізін жақсы меңгерген. Ол əрі Ханафи мəзхабын жандандырушы ретінде саналады. Имам Матуриди Ханафи мəзхабының шариғат аясында ақылды қолдану тəсілін меңгеріп, өз еңбектерінде (тəпсір, фиқһ, ақида салалары) қолданғанын анық көреміз.

Сондай-ақ «үкім аяттары» тəпсірлері берілген жерлерде Əбу Ханифаның есімін жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар «үкім» аяттарын тəпсірлеуде фиқһ саласына кеңінен тоқталғанын көре аламыз. Бұл арада да алдымен; «үкім» аятын толық талдап, артынша осы аятқа қатысты фиқһ ғалымдардың сөздерін келтіріп, соңында өзінің фиқһи пікірлерін қоса кеңінен тəпсірлейді. Мəселен: Зекет-садақалар тек қолы қысқа пақырларға, мұқтаждарға, зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге, Исламға тарту немесе жоқ дегенде дінге дұшпан болмауы үшін көңілдерін аулау көзделген жандарға, тұтқыннан немесе құлдықтан азат етілетіндерге, қарызға батқандарға, Алла жолында жүргендерге жəне елінен жырақта жүрген немесе жолда қалған жолаушыларға арналады. Алланың парыз еткен кесімді үкімі, міне, осы. Алла бəрін білетін шексіз ілім иесі, əр ісі мен əрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі, — деген. «Тəубе» сүресінің 60-аятын имам Матуриди тəпсірлеместен бұрын алдындағы аятпен байланысын көрсетіп барып аят тəпсіріне кіріседі. Осы аятқа байланысты Хузайфа, ибн Аббас, Омар, Али (р.анһум.) сынды бірнеше сахабаның пікірлерін келтірген. Сосын аяттағы фиқһ үкімдеріне кеңінен тоқталып, тіпті кей пікірлеріне келіспейтін ғалымдардың да сөздерін келтіріп бұларға жауап берген. Соңында аяттағы зекет-садақа берілетін сегіз кісіге жеке-жеке тоқталған. Сондай-ақ бұл сегіз топты баяндауда хадистерге жүгінгенінде көре аламыз [5; 327]. 

  1. Дереккөздерді пайдалануда қолданған əдісі.

Жоғарыда айтылғандардан Əбу Мансур əл-Матуридидің Құран мəтіндерін интерпретациялауда қолданған тəсілдерін қысқаша былай көрсетуге болады:

Құран тəпсірінде Əбу Мансур əл-Матуридидің тəсілі өте ерекше. Ол аяттарды жан-жақты талқылауымен əрі оқырманға түсініктілігімен ерекше, өзгелерден өзгеше жол таңдаған. Хижри төртінші ғасырда жазылған еңбек заманымызда жазылғандай, қарапайым оқырманның өзі еш қиындықсыз түсіне алады.

Имам Матуридидің өзінен бұрынғы тəпсіршілерден ерекшеліктері:

Бірінші: Сəлəф (Алғашқы үш ғасырда келген ғалымдар (һижри жыл санағы бойынша)) ғалымдардың тəпсір кітаптары риуаяттан тұрады. Олар риуаяттарды жинаумен ғана шектелген, яғни «масур» тəпсірі. Ал, имам Матуриди «масур» тəпсірі мен «рай» тəпсірін біріктірген.

Екінші: Матуридиден бұрынғы тəпсіршілер Құран тəпсірінде қолданған хадистерді, сахабалардың немесе табиғиндердің сөздерін келтіргенде оларды сəнадпен / тізбекпен айтатын. Бұған мысал ретінде, Жарир Табаридың жəне сегізінші ғасырда жазылған ибн Кəсирдың кітаптарын айтуға болады. Ал, имамның тəпсірінде бұндай сəнадтар келтірілмеген. Бұл жері қазіргі заманда жазылып жатқан кітаптарға өте ұқсас.

Үшінші: Имам тəпсірінің жан-жақтылығы. «Тəуилат əһли сунна» еңбегінде ақида, фиқһ мəселелерін жəне лингвистика ілімін жетік меңгергенін көруге болады. Сондай-ақ аяттың тек сыртқы, тілдік мəселелерін емес мазмұнын тəпсірлеуге негізделгенін байқауға болады. Яғни, Замахшари сияқты тек тілдік немесе имам Қуртуби сияқты фиқһ саласымен шектелмей, бүкіл саланы біріктірген [5; 330].

Матуридидің аяттарды талдағанда қолданған тəсілдері:

  1. Аятқа қатысты айтылған көзқарастарды жеке-жеке «Пəленше былай деді», «Төленше бұл аятты, былай баяндады», — деп келтіреді. Сондай-ақ кей аяттарды ақылмен емес нақылмен тəпсірлегенде ғалымдардың сөздерін берумен шектелмей, арасынан таңдау жасайды.
  2. Ғалым аяттарды нақли (аят-хадис) емес ақли дəлелдермен тəпсірлегенде бірден көп көзқарастарды «бұл жерде ықтималдық бар» немесе «бұл жерде бірден көп мағына шығады», — деп береді.
  3. Ақида жəне фиқһ қамтылған аяттарды тəпсірлегенде кейде аятта соншалықты мəселе қамтылмаса да өте тереңге кіреді.
  4. Кейде Матуриди аяттардың тəпсіріне кіріспестен бұрын, бұл аятты «қырағат» ғалымдары əр түрлі оқығанын айтады. Мəселен, «..ُروا كفَ سبَ ﱠن ال ِذين ْح تَ ال» («лə тахсабəнна əл-лəзина кафəру») аятының оқылуында қырағат ғалымдары екі топқа бөлінген; бірі «та» əріпімен оқылады десе, екіншілері «иа» əріпімен оқылады деген («Та» əріпімен оқылуы          (ﱠن  ْحسبَ تَ ال) («лə тахсабəнна»), «иа» əріпімен оқылуы(ﱠن  ْحسبَ يَ ال) («лə иахсабəнна»)). «Та» əріпімен оқылса, Алла елшісіне (с.а.у) қаратып айтылуда, ал «иа» əріпімен оқылса, онда кəпірлерге қаратылып айтылуда деген.
  5. Сондай-ақ Матуриди аяттардың түсу себептерінде (асбаб нузул) баяндайды. Алайда бұндай жерлер өте сирек.
  6. Ғалым Құран тəпсірінде кейде араб тілі грамматикасын қолданады. Алайда өзге тəпсіршілер сияқты арабтардың өлең, жырларын келтірмей, хадис жəне сахабалардың сөздерімен шектеледі.
  7. Матуриди хадистерді келтіргенде сəнəдімен жазбайды. Сондай-ақ ол хадистерді толығымен жазып жатпай, тəпсірге керекті жерін ғана алады. Кей-кейде хадисті мағынасымен де жазып кетеді.
  8. Матуриди тəпсірге бастамас бұрын өзге тəпсір ғалымдары сияқты сүренің артықшылығын, Меккелік немесе Мединалық екенін жəне аяттардың «насих мансухын» баяндамайды [5; 332].

Жоғарыдағы айтқандарымыздан түйетініміз, Матуридидің «Тəуилату əһли сунна» тəпсірі ерекше кітап екенін, ішінде тəпсірден бөлек ақида, фиқһ, фиқһ əдіснамасы жəне логика сияқты көптеген ілімдер саласы қамтылғанын көре аламыз. Бұларға қоса оның ақыл мен нақылды (діни мəтіндерді) бір еңбекте керемет ұштастыруынан, «Рай» мектебінің əдісін қолдайтын жаңашыл ғалымдардың қатыранда екенін байқауға болады. Ислам дініндегі ақыл мен қисынға негізделген «рай» əдісінің негізін Əбу Ханифа қалаған болса, оның ілімін таным теориясына негіздеп, философиялық əрі теологиялық тұрғыдан ғылыми сипатта одан ары дамытқан Əбу Мансур əл-Матуриди болды.

Матуриди «Тəуилат» кітабын жазбастан бұрын өзіне дейінгі тəпсірші ғалымдардың еңбектерін толықтай оқып шығып, керегін алып, оған қосатынын қосып керек емесін алмағанын жəне бұнымен шектелмей келіспейтін көзқарастарды қанағаттандырарлық дəлелдермен сынға алып жан-жақты талдау жасағанын толық көреміз. 

Сондай-ақ талдау Матуриди Құран Кəрімге біртұтастық принцип шеңберінде қараған. Оның методологиялық əдісі бойынша сүре мен аяттар арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан ол Құранды біржақты қарауға келмейтін абсолютті Кітап деп атады. Сондықтан да Матуриди Құранды дұрыс түсініп, өзгелерге түсіндіру мақсатында бар күш-жігерін жұмсап еңбек еткен. Нəтижесінде Тəуилатул Құран атты еңбек өзінен кейінгі дəуірлердегі тəпсірлерге үлгі болып, ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпаған. 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. ал-Муъжам ал-уасит. — Каир: Һандасия, 1985. — II-т. — 1111 б.
  2. Құран Кəрім қазақша түсіндірмелі аударма. — Медине, 1991. — 604 б.
  3. Ахмед Бадр. Усул бахс илми уа минһажуһу. — Кувейт: Қалам, — 522 б.
  4. Жалаладдин ас-Суюти. ал-Итқан фи улум ал-Құръан. — Египет: Мустафа Баби Халаби, — II-т. — 3216 б.
  5. Əбу Мансур əл-Матуриди. Тауилат аһли сунна. — Бейрут: Кутуб илмия, 2005. — I-т. — 638 б.
  6. Ахмад ибн Ханбал. Ал-Муснад. — Каир: Дарул хадис, 1995. — 639 б.
  7. Мухаммед ибн Иса Абу Иса ат-Тирмизи. Сунан ат-Тирмизи. — Рияд: Маъариф, — 756 б.
  8. Ибн Мəжа. Сунан ибн Мəжа. — Рияд: Мағариф, 2000. — 849 б.
  9. Бухари Абу Əбдиллаһ Мұхаммед ибн Исмаил. Сахих ал-Бухари. — Бейрут: Кутуб илмия, — I-т. — 162 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.