Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ кср халық шаруашылығының дамуы

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7].

Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киім-кешекпен, қару-жарақ қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде əскери экономиканың дамуы мен жағдайының мəселелері, Қазақстан Компартиясының ұйымдастыруының негізгі бағыттары, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы жүргізілген шаралар да кешенді қарастырылады. Жұмыстар деректік жəне мұрағаттық деректерге негізделді.

Берілген мақалада соғыс жылдарындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының дамуының түрлі сұрақтарын қарастыру бойынша отандық ғалымдардың кейбір еңбектері қарастырылады.

Соғыстан кейінгі екі онжылдық бойында өткен соғыстың қазақстандық тарихнамасында жауынгер-қазақстандықтардың майдандағы ерліктері мен қазақстандық əскери құрамалардың шайқас жолы, Коммунистік партия басшылығының қазақстандық тылды нығайту мен республикада əскери жағдайға бейімделген шаруашылықты жасаудағы жұмысын зерттеу жетекші орында болды.

Соғыс жылдарындағы республика халық шаруашылығының тарихы бойынша өнімді еңбекті Қаз КСР ҒА корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ч.Чулановтың басшылығымен экономист-ғалымдар ұжымы жасады. Нəтижесінде «Очерки народного хозяйства КазССР» 1963 жылы жарық көрді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1946–1955 жж.) жинақталып жүйеленген, бірақ əлі де болса мардымсыз мұрағат құжаттары мен мерзімдік басылымдардағы материалдар базасына сүйене отырып, А.Байшин, Ж.Құрамбаев, Б.Ысқақов, А.Көкетаев, Т.Мырзабекова, Л.Файнның кандидаттық диссертациялары жазылып, қорғалды [2; 8]. Оларда жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбектерін, МТС пен совхоздардың саяси бөлімдерінің қызметін көрсетуге ұмтылыстар жасалды.

Соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхозшы шаруаларының Жеңіске қосқан үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркəсіпті шикізатпен жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мəселеге де ерекше назар аударды. Т.Б.Балақаев «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны» атты еңбегінде эвакуацияланған тұрғындардың ауылшаруашылық өндірісіндегі қосқан үлесі, малды эвакуациялау жəне орналастыру, республика колхоздарының азат етілген аудандарға көрсеткен көмегі кеңінен көрсетілген [3, 12]. Ауыл мен қала арасындағы байланыс түрлеріне, бақташылық мал шаруашылығы мəселелеріне, колхоз саудасына, сонымен қатар соғыс жылдарындағы колхозшылар арасындағы партиялық-саяси жұмыстардың формалары мен əдістеріне көп көңіл бөлінген.

Т.Б.Балақаев  пен  Қ.Алдажұмановтың  «Қазақстан  еңбекшілері  майдан  қызметінде  (1941– 1945 жж.)» атты еңбегінде соғыс жылдарында республикадағы жасақталған əскери құрамалар, Отан қорғау қорының жасалуы, қазақстандық еңбекшілердің Одақтың қорғаныс қуатын нығайтуға қосқан үлесі, майданға көрсеткен патриоттық көмегі, майдан мен тылдың байланысы, азат  етілген аудандарға көмек көрсету туралы соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен сол кезде жарияланған соны деректердің негізінде баяндалады. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында майданға берген көмегінің жалпы мөлшері өте көп, олар соғыс жылдарында жүргізілген төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд. сомнан астам қаражат берген, ал елдің əр жерінен патриоттар танк жəне самолет жасауға өз жанынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген [1; 20]. Тек Отан қорғау қорына, əскери техника мен қару-жарақ жасауға республика еңбекшілерінің жинаған қаражаты 1 млн. сомнан асқан.

Майдан мен тылдағы қазақстандықтардың ерлігі мəселесі соғыс кезінің өзінде-ақ мерзімді басылым беттері мен жекелеген ғылыми басылымдарда қарастырылған. 1943 жылғы «Қазақ КСР тарихы (ерте дəуірден бүгінге дейін)» бірінші басылымы жəне «Қазақстан неміс-фашист басқыншыларына қарсы Отан соғысының бірінші жылында» деген еңбектер жарық көрді. Қазақ мемлекеттік   баспасы   1943   жылы   КСРО   ҒА   корреспондент   мүшесі   К.В.Островитяновтың екі кітапшасын  —  «Колхозы  Казахстана  в  борьбе  за  укрепление  обороноспособности  СССР»   жəне «Колхозники Казахстана фронту и стране» басып шығарды. Оларды алғаш рет соғыстың бастапқы кезеңіндегі республиканың колхозшыларының еңбегін сипаттауға талпыныс жасалды. Колхоз өндірісінің кейбір мəселелері Е.С.Карнаухованың «Казахстан — новая база свеклосеяния и свеклосахарной промышленности» 1944 жылы жарық көрген еңбегінде қарастырылды [3].

А.Шошенконың «Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны» атты еңбегінде партияның соғыс жылдарындағы тылды бекітудегі, эвакуацияланған кəсіпорындарды, адамдарды қабылдау мен орналастыру, эвакуацияланған зауыттарда əскери өнімдерді шығару үшін жағдай жасаудағы ұйымдастырушылық рөлі туралы кеңінен жазған. Ол Ақмола «Казахсельмаш» зауыты 1944 жылы бір мың ауылшаруашылығы машиналарын шығара бастады жəне осы жылы республиканың ауыл шаруашылығының қарқынды дамығанын атап көрсетеді [4]. Бұл пікірді Т.Б.Балақаев жоғарыда аталған еңбегінде терістеп, шындығында Ақмола зауытының құрылысы 1942 жылы басталғанын жəне ол соғыстың аяғына дейін бітпегенін айтады [3; 19]. Ал ауыл шаруашылығы осы уақытта белгілі мөлшерде артта қалған, 1944 жылы 1 сəуірде БКП (б) ОК ауыл шаруашылығының артта қалушылығын жою үшін Қазақстанға іс- тəжірибелік көмек көрсету үшін «Қазақ БКП (б) ОК жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдап, республикаға 1944 жылдың мамырында БКП (б) ОК саяси бюросының мүшесі А.А.Андреевті жібереді. 1944 жылғы, жалпы соғыс жылдарындағы ауыл шаруашылығының дамуы туралы сандық жəне есептік мəліметті мұрағат құжаттары береді, мысалы, онда ҚазКСР ет жəне сүт өндірісінің халық комиссариатының соғыс жылдарындағы дамуы, мемлекеттік жоспарды орындау деңгейі, себептері, жалпы көрсеткіштер туралы сандық жəне фактілік мəліметтер берілген [5]. 1942 жылы мал шаруашылығы, егін шаруашылығы жақсы нəтиже көрсетсе, 1944 жылы мал басының азаюы, сүт өнімдерін өндіруде, егін шаруашылығында жоспардың біршама орындалмағаны туралы айтылды.

И.Спиридоновтың «Комсомол Казахстана в дни Великой Отечественной войны» еңбегінде соғыс жылдарындағы республиканың жастар ұйымдарының қызметі, комсомол-жастар бригадасының құрылуы, майдан мен тылды қару-жарақпен, мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша үкіметтің тапсырмаларын   орындауда   комсомолдың   рөлі   мен   маңызы   қарастырылған   [6]. Г.Чулановтың «Промышленность Казахстана за годы советской власти» революцияға дейінгі Қазақстанның экономикасын, азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, 20–40-жылдардағы экономикалық дамуды қарастырады. Тараулардың бірі Қазақстанның өнеркəсібіне арналған жəне оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рөлі туралы айтылады. Мұнай өнеркəсібі майдан мен халық шаруашылығын мұнай өнімдерін қамтамасыз ету міндетін алды жəне мұнайшылар біздің ортақ Отанымыздың қуатын бекітуге ықпал етті. Сонымен қатар бұл еңбекте түсті жəне қара металлургия энергетикасының маңызы қарастырылады. Соғыс жылдарында Қазақстанның ірі өнеркəсібінің жалпы өнімінде, құрылымында одан арғы өзгерістер жүрді. Егер 1940 жылы өндіру қаражатындағы өндірістің үлестік салмағы ірі өнеркəсіптің барлық жалпы өнімінде 51,1 % құраса, онда 1944 ж. — 66,0 % құрады [7].

Қазақстан мұнай өндірісіндегі стахановшылар қозғалысының туын ұстаушы С.Зурбаев пен С.Жанбатыров, тағы басқалардың тəжірибелері сол жылдары газет-журнал беттерінде жиі жарияланып отырды. Қазақстан мұнай өндірісінің дамуы соғыс жылдары қорғаныс өнеркəсібінің бір саласы ретінде зерттеле бастады. Сол жылдары жарық көрген А.Кучкин, Н.Н.Михайлов, Н.Скворцов, Н.Тимофеев, А.Нүсіпбеков, Г.Чуланов, тағы басқалардың еңбектерінде Ембі мұнай өнеркəсібінің дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі көрсетілген екен. Бұл авторлардың еңбектерінен біздер Ембі мұнайшыларының тəулігіне 13 мың т мұнай өндіргенін, ал жылдық жоспарды Байшонас кəсіпшілігі 26 қазанда, Жақсымай 14 қарашада, Ескене 25 қарашада, Мақат 27 желтоқсанда мерзімінен бұрын орындағанын көреміз. Қазақстан мұнайшылары қан майданда жаумен соғысып жатқан жауынгерлерге қолдарынан келген көмегін аямағаны туралы ірі зерттеушілер — академик М.Қозыбаев, Қ.Темірғалиев, Қ.Досқалиев, тағы басқалардың еңбектерінде Ембі мұнайшыларының соғыстың қызған кезінде өздерінің жеке қаражаттарынан «Нефтяник Казахстана» атты танк колоннасын құрап, Қызыл Əскерге сыйға тартқанын көруге болады [2; 16]. 1942 жылдың күзі мен қыс айларында жау əскері Еділ бойына таяп келген, Кавказ мұнайлы ауданымен қатынас үзілген шақта Мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) Ембі мұнайын игеру шараларын жасаған болатын. КСРО ҒА жанынан құрылған М.А.Капелюшников басқарған комиссияның Ембі ауданын зерттеген.

Г.Əбішевтың «Казахстан в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг.» кітабы Қазақстанның тарих ғылымындағы тұжырымды еңбектердің бірі болып табылады. Онда халық шаруашылығын соғыс  жағдайына  бейімдеп  қайта  құру,  республиканың  ауыл  шаруашылығын,  көлік байланысын, өнеркəсіпті мамандармен қамтамасыз ету, эвакуацияланған адамдар мен құрал-жабдықтарды қабылдау мен орналастыру қарастырылады. Республиканың мұнай өнеркəсібіне майданның тылдағы басты мұнай базасы ретінде барынша маңызды міндет қойылды, ол жау Сталинград түбіне жеткенде, Солтүстік Кавказдың бір бөлігін басып алғанда, Баку мен Грозныйдың мұнай кəсіпшіліктеріне қауіп төндірген уақытта жəне кавказдық мұнайдың Кеңес Одағының орталық бөлігіне шығатын жолы уақытша кесілген уақытта маңызды рөл ойнады. Бұл кезеңде Қазақстан майдан мен Одақты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті, ал 1943 ж. Ембідегі мұнай кəсіпшіліктерінің пайда болған кезеңінен бастап жұмыс жасаған уақытындағы ең жоғарғы өніміне қол жеткізді, 1940 ж. 41 %  деңгейге ұлғайтты [8].

В.Я.Басин «Тяжелая промышленность Казахстана в годы Великой Отечественной войны» кітабында мұрағаттық жəне жарияланған деректерді зерттеу негізінде республиканың ауыр өнеркəсібінің Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі дамуын, өнеркəсіптің жұмысын əскери мақсатқа қолдануда қайта құру, тəсілдері, эвакуацияланған кəсіпорындарды қолданысқа енгізу мен орналастыру, кəсіпорынның жаңа салаларын жасау, мамандар дайындау жəне басқа сұрақтар бойынша партияның ұйымдастырушылық қызметін қарастырып өтеді. 1941 жылдың екінші жартысының сипаттық ерекшелігі болып мұнай өндірудің үздіксіз өсуі болды. Мұнайшылар жауды жеңу үшін қаншалық керек болса, соншалықты жұмыс істейтіндігін мəлімдей отырып, демалыс күндерінен де бастартып жұмыс істеді [9].

Т.Шаукенбаев «Урало-Эмбинский нефтеносный район» атты еңбегінде Ембіні экономикалық меңгерудің даму тарихы мен басымдықтарын қамтиды, Қазақстанның маңызды-экономикалық аудандарының бірі — Орал-Ембі бассейнінің табиғи байлықтарын игерудің мəселелеріне арналған алғашқы монографиялардың бірі. Жекеленген тарауы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мұнай өнеркəсібінің дамуына арналған. Онда мұнай өнеркəсібін əскери жағдайға бейімдеу, мұнай кəсіпшіліктерінің жағдайын зерттеу бойынша М.А.Капелюшников басшылығымен КСРО ҒА кешенді бригадасының жұмысы, ішкі резервтердің мəселелері қарастырылады, Ембі мұнай кəсіпшілігін техникалық базасының дамуына арналады [10]. Автордың келесі «Экономика нефтяной прмышленности Казахстана» атты еңбегінде мұнай өнеркəсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін КСРО басқа мұнайлы аудандарының көрсеткіштерімен салыстыра отырып талдайды [11].

С.Қаймолдиннің «Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны» еңбегінде Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарындағы Қазақстанның жергілікті Кеңестерінің жан-жақты қызметін ашып көрсетеді. Елдегі жауды талқандауға материалдық жəне адам ресурстарын жұмылдыру бойынша, əскери жағдайға бейімдеуде жергілікті өнеркəсіпті қайта құрастыру бойынша, қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде, эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру бойынша жүргізілген салмақты жұмыстарда барлық деңгейдегі кеңестер үлкен рөл ойнады [12].

К.Оразов «Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне» еңбегінде Қазақстан өнеркəсібін жұмыс күшімен қамтамасыз ету мəселесін, соғыс жағдайындағы өнеркəсіптік жұмысшылардың санының құрамындағы өзгерістер мəселесін зерттейді. Жұмысшы мамандарды қайта қалыптастыру үрдісін автор республика өнеркəсібін қайта құрудың жалпы үрдісімен, эвакуацияланған кəсіпорындардың жұмысын бастаумен, жаңа өнеркəсіптік ошақтарды қалыптастырумен органикалық байланыста қарастырады. Автор нақтылы міндетті алдыға қояды — Қазақстан өнеркəсібінін жұмысшы мамандармен қамтамасыз ету мəселесінде соғыс жылдарындағы олардың құрамындағы жəне санындағы өзгерістерді талдау арқылы шешу жолдарын көрсету. 1941– 1945 жж. еңбек резервтерінің оқу орындары 165 мамандық бойынша 96235 адамды дайындап шығарған [13].

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының жалпы мəселелерін жасауда белгілі отандық тарихшы М.Қ.Қозыбаев елеулі үлес қосты. Автор өз еңбектерінде кең деректік негізде республика еңбекшілерінің жаумен күреске жұмылдырылуы, соғыс кезеңіндегі экономиканы əскери жағдайға бейімдеп  дамытудағы  Қазақстан  Компартиясының  қызметін  кешенді  қарастырады.     М.Қозыбаев «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.)» Ұлы Отан соғысы кезеңінің бай фактілік материалдарымен Қазақстан Компартиясының халық шаруашылығын əскери жағдайға қайта құру бойынша, қала мен ауыл еңбекшілерін жұмылдыру, республиканы майдан арсеналдарының біріне айналдырудағы жан-жақты қызметін дəлелді түрде көрсетеді. Автор партияның өнеркəсіптің жұмысын майдан қажетін қамтамасыз ету үшін қайта құру бойынша, ауыл шаруашылығын қайта құруды басқару бойынша, социалистік жарыстарды ұйымдастыру мен басшылық жасау бойынша тəжірибесін жалпылап қарастырады. Мəселелердің бірі болып республиканың  халық  шаруашылығының  1943–1945  жж.  дамуы  болып  табылады.  Бұл     сұрақты қарастыра отырып, автор отын-энергетикалық базаның дамуын жəне түсті металдар өндірісінің ұлғаюын, соғыстың аяқталатын кезеңіндегі өнеркəсіптің жəне көлік саласының дамуын талдайды. Ауыл шаруашылығы, көлік пен өнеркəсіп үшін мамандарды қалыптастыру үрдісі талданады. Майдан мен азат етілген аудандарға көмек көрсету, тылдың майданмен байланысын бекіту бойынша мəселе зерттелген. Партияның ғылымның өндіріспен байланысын нығайтудағы, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру бойынша жүргізген шаралары, ғылым, əдебиет, өнер, халыққа білім беруі жəне денсаулық сақтаудың соғыс жылдарындағы дамуы талданады [2; 12].

М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан — арсенал фронта» монографиясында Қазақстан Коммунистік партиясының республика ресурстарын жұмылдыру, жауға лайықты соққы беру, мамандар туралы, əйелдер арасындағы жұмыс туралы, əйелдер кеңесін құру, қаражаттарды жұмылдыру  бойынша, жылы киімдерді жинау, майдангерлердің отбасыларына көмек көрсету айлықтарын өткізу, комсомол, профсоюздар, социалистік жарыстарға басшылық ету, еңбекке қоғамдық қарау, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мəселелері қарастырылады. Партия соғыс басталғанда майданға көмекке ресурстарды жұмылдыру мен жағдайды анықтау үшін республиканың түрлі аудандарына жіберілген бригадаларды ұйымдастырды. 4-тарауда республиканың халық шаруашылығын соғыс жағдайына көшіру қарастырылады, бұл өте ауыр жағдайда өткендігі ескеріледі. Соғыс жылдарында үлкен маңызға ішкі резервтер мен ресурстарды рационалды қолдану ие болды. Партиялық ұйымдар шикізат, материалдар есебінің жағдайын, олардың кəсіпорындарда жұмсалу тəртібін тексерді. Монографияда шаруашылық салаларының жұмысшыларының еңбектегі ерліктері, стахановшылар мəселесі, өндіріс екпінділері, екіжүздікшілер мəселелері жақсы ашылған. 1942 жылы батысқазақстандық облыстардың жұмысшыларының майданды барлық қажеттіліктермен жабдықтау, Сталинград майданы үшін тапсырысты орындау үшін күндіз-түні жұмыс жасап, қойылған мақсатқа жетудегі қажырлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлінген [14; 318]. М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінде түрлі деректердің негізінде республика өнеркəсібін дамыту, ресурстарды майдан қажетіне жұмылдыру бойынша шараларға облыстық партия комитеттері мен аудандық жауапты қызметкерлердің қатысуы, үкімет пен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімдерін орындау бойынша партияның қызметі кеңінен көрсетілген.

Қазақстан еңбекшілерінің Жеңіске қосқан үлесі туралы əңгімелейтін қазақ тілінде шыққан əдебиетке тоқталсақ, бұл мəселе М.Қозыбаевтың «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарында»  (Алматы,  1960),  «Ұлы  ерлік»  (Алматы,  1980),  Н.Едігеновтың  1970  жылы  шыққан «Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында» еңбектерінде, Б.Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасында» (Алматы, 1977), Қ.Досқалиевтің «Батырлық эпопеясы» деген кітапшаларында, жекелеген көптеген мақалаларда айтылады [1; 15]. Соңғы уақытта бұл тақырыпқа қатысты жаңаша көзқарастар, соны пікірлер бірқатар отандық тарихшыларымызды, мəселен, М.Қ.Қозыбаевтың, Т.Балақаев, Қ.Алдажұманов жəне тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі.

Елдің қорғаныс жүйесіне қызмет еткен республиканың көп салалы өнеркəсіп орындары мен транспортының соғыс кезіндегі майдан талабына сай атқарған қызметі туралы Н.Едігенов, С.Жақыпбековтың, тағы басқалардың еңбектерінде жан-жақты айтылады [1; 10]. Мұрағат құжаттарында ҚазКСР жеңіл өнеркəсіп халық комиссарының орынбасары А.Захаровтың жинақтық есебінде «Конъюнктурный обзор о работе легкой промышленности КазССР за период 1941–1945 гг.» Қазақстанның жеңіл өнеркəсібі халық комиссариатының соғыс жылдарындағы дамуын, ондағы салалық кəсіпорындардың құрамы, соғыс жылдарында республикаға эвакуацияланған кəсіпорындардың үлесі, олардың майдан қажетіне қызмет етуі туралы кеңінен суреттеледі. 1936– 1940 жж. арналған бесжылдықта өндірілген жалпы өнім 178,5 млн. руб. құраса, есептік бесжылдықта (1941–1945 жж.) соғыс кезеңінің қиындықтарына қарамастан, 465,5 млн. руб. өнімін шығарған, бұл 2,5 еседен көп өсімді құрайды. Соғыс жеңіл өнеркəсіптегі еңбекшілерден барлық күштерін жұмысты қайта құру мен майдан қажеті үшін өнім өндіруді бірнеше есеге көбейту өндірісіне ауысуды талап етті. Осы кезеңде жұмыс істеген 28 кəсіпорынның 18-і əскери тапсырысты орындаған [15; 4]. Соғыс жылдарындағы қиындықтарға, шикізат пен отынның, жұмыс күшінің жетіспеуіне қарамастан, стахановшылар мен екпінділердің, инженер-техниктердің ерен еңбегінің нəтижесінде Қызыл Əскерді киім-кешекпен, тағы басқаларды жабдықтауда қажырлы еңбек етті. Сонымен қатар осы  салаға қажетті мамандарды қайта даярлау, жеңіл өнеркəсіп орындарындағы социалистік жарыстар, салынған құрылыстар, тағы басқа мəселелер кеңінен қарастырылған.

Соғыс жылдарындағы Қазақстан əйелдерінің өнеркəсіп пен ауыл шауашылығындағы  ерлік еңбегі Г.Нұрбекова мен Е.Сегізбаеваның, республика жергілікті кеңестерінің қызметі С.Қаймолдиннің,  Ү.Абдоллаевтың,  комсомолдар  мен  жастардың  ерлік  еңбегі  Т.Сарбақанов    пен К.Майғарапова жəне басқаларының зерттеулері мен мақалаларына негіз болды [1; 12]. Зерттеуші Г.Б.Бырбаеваның көрсетуінше, соғыс жылдарындағы Қазақстан əйелдерінің өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерен еңбегі туралы мəселе соғыс уақыттан бері қарайғы кезеңде М.С.Ефремова, М.С.Зинич, В.С.Мурмонцева, Л.А.Мерцалов, Д.А.Əлімова жəне тағы басқа зерттеушілердің мақалалары мен еңбектерінде қарастырылғанын айтып өтеді [16; 12]. Онда автор Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихына қатысты жазылған еңбектерді келесідегідей үш топқа бөледі:

  • бірінші топ — аталған кезеңдегі тарих ғылымының тарихы туралы еңбектер тарихнамалық даму үрдісінің жалпы көрінісін береді. Оған Ұлы Отан соғысы туралы ұжымдық еңбектерді жатқызады;
  • екінші топ — Ұлы Отан соғысы кезеңінің тарихнамасы бойынша жарық көрген басылымдар. Олардың қатарында А.Н.Нүсіпбеков, С.Н.Покровский, М.Қ.Қозыбаев, Т.Б.Балақаев, П.С.Белан, К.С.Алдажұманов, тағы басқалар бар. Бұл зерттеушілер өз еңбектерінде Қазақстан тарихы бойынша пайымдаулар мен талдаулар, қорытындылар жасаған;
  • үшінші-топ — Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда соғыс пен тыл жұмысына əйелдердің қатысуы туралы, соғыс жылдарындағы ауыл мен деревня еңбекшілерін идеялық- саяси тəрбиелеу мен еңбек белсенділігін арттырудағы Қазақстан Компартиясының тəжірибесі жарияланған отандық басылымдарда, ғалымдардың жеке зерттеулерінде қарастырылады [16; 18].

А.Д.Қожабекова «Кеңес өкіметінің əйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тəжірибесі: нақты тарихи зерттеу (Қазақстан мысалында 1917–1990 жж.)» атты кандидаттық диссертациясында аталған мəселеге қатысты тарихнамалық талдау жасайды. Əйелдердің еңбектегі ерлігі, соғыс кезіндегі партизандық-саяси жұмысты сипаттап, оған қазақ əйелдерінің қандай белсенділік көрсеткенін сипаттаған. Отандық тарихнамада қазақ əйелдерінің азаматтық қорғаныс жылдарындағы ерлігі туралы айтарлықтай еңбек жоқ деген пікір айтады [17; 56].

Жалпы алғанда қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы Қ.Аманжолов, П.С.Белан, А.Алданазаров, Ə.Қалшабеков, И.Маляр, А.Мұхамеджанов, К.Стамбековтың, тылдағы қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлесі Ғ.Əбішев, Т.Балақаев, Т.Көлбаевтың, У.Абдуллаев, М.Ақынжанов, А.Бисенбаев, А.Жұмасұлтанов, Е.Ыбыраев, Б.Ысқақова, тағы басқалардың кандидаттық диссертацияларында қарастырылады [18].

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктері, соғыс тақырыбына қатысты басқа да мəселелер əлі талай зерттеушілердің басты тақырыбына айналары анық.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. — Алматы: Ғылым, 1985. — 320 б.
  2. Козыбаев М.К. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.). — Алма-Ата: Казахстан, 1964. — 265 с.
  3. Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны. — Алма-Ата: Казахстан, 1971. — С.6.
  4. Шошенко А.В. Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны (по материалам Казахской ССР). — Алма-Ата: КазГИС, 1951. — С.15.
  5. Орталық мемлекеттік мұрағат. — 1507-қ. — 1-т. — 94-іс. — С.5.
  6. Спиридонов И. Комсомол Казахстана в дни Великой Отечественной войны. — Алма-Ата: КазОгИЗ, 1948. — 325 с.
  7. Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы Советской власти. — Алма-Ата: КазГИС, 1951. — С.72
  8. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне (1941–1945 гг.). — Алма-Ата: КазГИС, 1958. — С.66.
  9. Басин В.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк). — Алма-Ата: Наука, 1965. — С.
  10. Шаукенбаев Т. Урало-Эмбинский нефтеносный район. — Алма-Ата: КазГИС, 1958. — С.146.
  11. Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. — Алма-Ата: Казахстан, 1974. — 167 с.
  12. Каймолдин С. Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны. — Алма-Ата: Казахстан, 1969. — 176 с.
  13. Оразов К.Ю. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. — Алма-Ата: Наука, 1975. — С.45
  14. Козыбаев М.К. Казахстан — арсенал фронта. — Алма-Ата: Казахстан, 1970. — 471 с.
  15. Орталық мемлекеттік мұрағат. — 1488-қ. — 2-т. — 9-іс. — 4-б.
  16. Бырбаева Г.Б. Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны: Канд. дис. — Алматы,
  17. Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің əйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тəжірибесі: нақты тарихи зерттеу (Қазақстан мысалында 1917–1990 жж.): Канд. дис. — Алматы, 2006. — 56-б.
  18. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас. — Алматы: ҚазҰУ, — 21-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.