Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ресейдегі тарихи географияның қалыптасуы жəне дамуы

Тарихи география, өз атауында көрсетілгендей, тарих пен география арасында  жəне оларды өзара байланыстырып тұрған ғылым саласы. Ғылыми білімнің дифференциациясының бастапқы кезеңінде тарихшы да, географ та бір адам болғандығы белгілі. ХІХ ғасырда француз тарихшысы Элиз Реклю «тарих — уақыт бойындағы география, география — кеңістіктегі тарих» деп жазған болатын [1; 3].

Тарихи географияның ғылым саласы ретіндегі мəнін түсіну үшін оның ғылыми анықтамасын, яғни нені зерттейтінін, білу қажет. Осыдан барып, тарихи географиялық зерттеулердің қалыптасуы мен дамуына байланысты негізгі бағыттарын анықтау керек. Əрине, бұл көтеріліп отырған мəселерді шешу үшін бірінші кезекте Ресейдегі тарихи географиялық еңбектерге сүйенеміз. Себебі ресей ғылымында XIX ғ. 30–40-жылдарынан бастап тарихи географиялық еңбектер пайда бола бастайды (Н.И.Надеждин, Н.П.Барсов). XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде Ресейде тарихи географиялық тақырыптағы көптеген еңбектер жарық көріп, оның тарихи ғылымындағы маңызы арта түседі. Тек Қазан төңкерісінен кейінгі 20 жыл уақытта бұл ғылым саласы біршама тоқырап, XX ғ. 40-шы жылдарынан бастап қайта жандана түседі. Бұл үрдіс бірінші кезекте ғалым В.К.Яцунскийдің есімімен тікелей байланысты. Оның еңбектері Ресейдегі тарихи географияның дамуын жаңа бір деңгейге көтерді жəне əлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Əсіресе тарихи географияның нақтылы пəні мен міндеттерін анықтауы жəне қалыптасуы мен дамуына арналған еңбегі қазіргі ресей білім жүйесіндегі «Тарихи география» оқулықтарында қолданылады. Осы себептен де бірінші кезекте тарихи географияның пəнін, мақсаттарын түсінуде жəне қалыптасуы мен дамуын қарастыруда В.К.Яцунскийдің еңбектерін пайдаланамыз, талдау жасаймыз. Əрине, бұл тек осымен ғана шектелетіндік сөз емес. Мүкіндігінше, тарихи география мəселесіне қатысты Ресейде шыққан кейінгі зерттеулерге де тоқталамыз. Бірақ бір ескертетіні, жұмыста негізінен библиографиялық міндеттер қойылып отырмағандығы, керісінше, В.К.Яцунскийдің еңбектерінде XX ғ. 50-ші жылдарына дейінгі тарихи географиялық əдебиеттерге жан-жақты тарихнамалық шолу жасалғандықтан, сол көрсеткіштерге сүйене отырып, тарихи географияның пəнін, міндеттерін жəне қалыптасуын анықтап, негізінен XX ғ. екінші жартсындағы осы ғылым саласының дамуын қарастырамыз.

В.К.Яцунскийдің «Историческая география как научная дисциплина» (1950) атты мақаласы жəне «Историческая география. История её возникновения и развития в XIV–XVIII веках» (1955) монографиясы тарихи география саласының маңызды сұрақтарын анықтауға мүмкіндік береді [2,3]. Тарихи география мен география тарихының арасындағы айырмашылықты анық түсіну қажет. География тарихы, немесе географиялық білімдердің тарихы, географиялық ашылымдардың, экспедициялар мен саяхаттардың, сонымен қоса əр түрлі тарихи дəуірлердегі адамдардың географиялық түсініктерін зерттейді.

В.К.Яцунскийдің анықтауы бойынша, тарихи география «қоғамның нақты  қалыптастырған халық жəне шаруашылық географиясын, сонымен қатар өткенде осы адамдардың тұрған жағдайын, өзгерткен табиғаттың географиясын» қарастырады [2; 13,14]. Сондай-ақ осы анықтамаға қоса ғалым тарихи   географиялық   еңбектердің   көпшілігіне   тəн   бір   ерекшелігін   ерекше   айтып   өтеді,   ол «авторлардың тарихи өткеннің нақтылы географиясының əр түрлі элементтерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге деген ұмтылысы» деп көрсетеді [2; 13]. Автор Ресейде тарихи географияның XVIII ғасырға дейін көптеген тарихи жəне географиялық еңбектердің болуына қарамастан дамымағанын айта отырып, тек В.Н.Татищевтің еңбектерінде тарихи география көрнекті орын алғанын көрсетеді. Одан əрі тарихи география М.В.Ломоносов, И.Н.Болтов, А.И.Мусин-Пушкин, П.И.Рычковтардың еңбектерінен көрініс тапқанын атап өтеді. Бұл кезеңнің зерттеулерін қорытындылай келе, XVIII ғасырдың тарихнамасы мен географиялық шығармаларындағы тарихи географияның мазмұны негізінен «картадан тарихи оқиғалардың орнын жəне өмір сүруін тоқтатқан қалаларды, басқа да географиялық объектілерді анықтаумен, сыртқы жəне ішкі саяси шекаралардың тарихын жəне өткен кездегі халықтың географиясын зерттеумен шектелеген» деп тұжырымдайды [2; 16].

В.К.Яцунский ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи географиялық шығармалардың ішінде Ходаковский, Надеждин жəне Неволиннің еңбектерін ерекше атап көрсетеді [2; 18]. Жалпы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс тарихнамасының, географиясы мен этнографиясының дамуына байланысты тарихи географиялық мəселелерге арналған зерттеулердің тереңдеуін, жаңа дерек көздерінің айналымға енгізілуін атай отырып, бірақ тарихи географияның мазмұны өзгермегендігін айтады. Мұның себебін осы кезең аралығында тарихтың өзінің де, мазмұныныңда кеңеймегендігінен, тарихшылардың бұрынғыша саяси оқиғалардың тарихымен шұғылдануынан деп түсіндіреді [2, 18].

ХІХ ғасырдың екінші жартысы, əсіресе соңына таман тарихи географиялық зерттеулердің ауқымы арта түскендігі байқалады. В.К.Яцунский осы кезеңде физикалық тарихи географияның үлкен жетістіктерге жеткенін, географтар тарапынан тарихи өткендегі ландшафттар зерттеуге көп көңіл бөлгенін көрсетеді. Оның ішінде мұндай мəселелермен тарихшылардың  айналысқандығын жəне де бірінші кезекте В.В.Бартольдтың еңбектерімен байланысты екенін айтады [2; 19–20].

Бұл жерде бір айта кететін мəселе, тарихи география саласындағы В.В.Бартольдтың сіңірген еңбегі зор. В.В.Бартольд — ірі шығыстанушы, жан-жақты əмбебап ғалым, негізінен Орта Азияның тарихымен шұғылдансада, оның зерттеушілік бағыттары Таяу Шығыс пен Араб елдерін, Орталық Азияны қамтығаны белгілі. Бартольдтың еңбектерінің маңыздылығы мен құндылығы соншалықты, соғыстан кейінгі жылдары оларды қайта басып шығару мəселесі көтеріліп, 9-томдық «Шығармалар жинағы» баспадан жарық көрді. Осы басылымдардың 3-ші томында толығымен тарихи географиялық жұмыстары біріктірілген [4]. Тек «Иранның тарихи-географиялық шолуы» жинақтың  Иран мəселесіне арналған жұмыстарды қамтитын 7-ші томына енгізілген [4; 5]. Бұл жинақта В.В.Бартольдтың «Арал теңізі мен Əмударияның төменгі ағысы туралы көне заманнан XVII ғасырға дейінгі мəліметтер» жəне «Түркістанның суарылуы» деп аталатын екі монографиясы, шағын тарихи топографиялық зерттеулерден жəне томның үштен бірін «Ислам энциклопедиясына» жазған тарихи географиялық мақалалары құрайды.

В.К.Яцунскийдің тарихнамалық шолуы соғыстан кейінгі жылдары марксистік-лениндік принциптердің негізінде жазылғандықтан болар, басқа зерттеулерге қарағанда, В.В.Бартольдтың тарихи географиялық еңбектеріне толық тоқталмайды. Автор бұл ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың   бас   кезін   Ресей   тарихының   капиталистік   кезеңі   деп   қарастырып,   осы   уақыттағы зерттеушілерді «буржуазды тарихшылар» деп атайды [2, 19–21]. Бұл сталиндік уақыттың тарих ғылымы саласындағы əсерінен болуы мүмкін.

Жалпы, В.К.Яцунскийдің ХІХ ғасырдағы жəне ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі тарихи географиялық зерттеулерге тарихнамалық шолуынан тақырыптар аясының кеңейгендігін жəне де жаңа тақырыптар бойынша да зерттеулер жүргізілгенін байқаймыз. Бұған қосымша ХІХ ғасырдағы жəне ХХ ғасырдың басындағы тарихи географияның келесідей басты бағыттарын көрсете аламыз:

  • қатынас жолдары, сауда бағыттары (Ходаковский, Загоскин, Спицын);
  • əкімшілік-территориялық бөлініс,       шекара       мəселелері        (Неволин,    Любавский,        Готье, Дебольский, Насонов);
  • тайпалардың орналасуы мен қоныстануы жəне отарлау мəселелері (Надеждин, Багалей, Буцинский, Соколовский, Бахрушин);
  • тарихи ландшафтар мəселесі жəне тарихи кезеңдердегі географияның өзгеруі (Докучаев, Танфильев, Бартольд, Берг, Кесь);
  • тарихи маңызды оқиғалардың орнын анықтау (Барсов);
  • əр түрлі өлкелердің тарихи географиясы (Перетяткович, Веселовский, Кабо).

Қазан төңкерісінен кейін Ресейде ғылым мен білімге қоғамтану мен қоғамдық-экономикалық формациялар теориясының негізілуіне байланысты тарихи география екі онжылдық көлемінде тарих ғылымы саласынан алынып тасталды. Тек 1940-шы жылдардан бастап тарихи географияның ғылым саласы ретіндегі қажеттілігі туралы мамандар тарапынан бұл сұрақ көтеріліп, жаңадан тарихи географиялық зерттеулер басталады. Жоғарыда атап өткендей, бірінші кезекте бұл В.К.Яцунскийдің зерттеулерімен байланысты жанданады.

В.К.Яцунскийдің ірі еңбегінің бірі Еуропа ғылымындағы тарихи географияның қалыптасуы мен дамуына арналған [3]. Автор тарихи географияның ғылым саласы ретінде тарих жəне география ғылымдарына қарағанда кеш қалыптасқанын атай отырып, алайда оның дамуы ешқашан ғылыми зерттеу объектісі болмағандығын айтады. Бұл көлемді еңбекте антикалық авторлардың шығармаларындағы тарихи географияның элементтерінен бастап ұлы географиялық ашуларға дейінгі итальян гуманистерінің еңбектеріндегі жəне XVII–XVIII ғасырлардағы тарихи географияның дамуын қарастырады. Көлемі жағынан да, хронологиясы жағынанда ауқымды болғандықтан, біз бұл еңбектің тек ең маңызды тұстарына тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

Автор антикалық тарихи еңбектерде тарихи географияның жоқ екендігін көрсете отырып, тек Страбонның «Географиясында» жəне де Павсанийдің «Элладаның сипатамасында» тарихи географияның элементтері кездесетіндігін көрсетеді [3; 22]. В.К.Яцунский тарихи-географиялық сипаттағы бір мəселе, Гиппократтан бастап кейбір антикалық авторлардың климаттың, табиғи жағдайдың адамзат қоғамына əсері туралы ойларын келтіруге болатындығын жəне де бұл антикалық жазушылардың ойлары XVI–XVIII ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде əрқарай өз жалғасын тапқандығын ерекше атап өтеді [3; 22].

Яцунскийдің пікірінше, «тарихи географияның дамуы гуманизммен тікелей байланысты, бірақ гуманизм тарихи географияның алғашқы бағыты ретінде ұзақ уақытқа антикалық дəуірді анықтап берді» дейді [3, 24]. Автор осы тұста Петрарка мен Бокаччио жəне т.б. шығармаларында тарихи географияның элементтері болғанымен, негізінен XV ғасырда тарихи географияның  элементтері анық байқалатын еңбек Биондоның тарапынан жазылғанын айтады [3; 65]. Жалпы алғанда автор тарихи географияның тарихнама мен географияның тікелей əсерімен белгілі бір білім жүйесі ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан да болар, автордың бұл еңбегі көбіне жалпы тарихнамалық сипатта жазылып, негізінен XV–XVIII ғасырлардағы еуропалық тарих жəне география ғылымдарының қалыптасуына көп көңіл бөледі.

В.К.Яцунскийдің еңбектерін қарастыра келе, ең маңыздысы «тарихи география тарихшыға не береді?» деген сұраққа зерттеушінің көзқарасы тарихи географияның ғылым саласы ретіндегі мəн-мағынасын ашуға көмектеседі деп ойлаймыз. Автор «ең бастысы тарихи география тарихи үрдістің кеңістікте орналасуын береді, яғни, біріншіден, тарихи үрдістің əр қырлары туралы біздің түсініктерімізді нақтылайды жəне тереңдете түседі, екіншіден, оның дамуының (тарихтың. — Ж.Ж.) əр түрлі жергілікті ерекшеліктерін аңғаруға жəне түсіндіруге мүмкіндік береді» деп өз ойын қорытындылай отырып, тарихи географияның тарих ғылымы үшін қажеттілігі мен маңыздылығын анықтайды [3; 39].

1950–1960 жылдары Ресейде тарихи географиялық тақырыптар С.В.Бахрушин, Б.А.Рыбаков, А.А.Преображенский, М.В.Витов, Л.А.Гольденберг, А.И.Андреев, А.Н.Насонов, О.М.Медушеская, К.В.Кудряшов, Н.Н.Воронин жəне тағы басқа зерттеулерінде орын алды. Əсіресе М.Н.Тихомировтың еңбектерінде тарихи географиялық сюжеттерге көп көңіл бөлінген [5]. Автор XVI ғасырдағы Ресей мемлекетінің қалыптасуы, əкімшілік-территориялық бөлінісін қарастыра отырып, тарихи облыстарының тарихи географиялық сипаттамасын береді. Онда табиғи жағдайын, территориясын, халқын (орналасуы, этникалық құрамы, көші-қоны), елді мекендерін, сауда жəне қатынас жолдарын жəне т.б. мəселелерді жан-жақты сипаттайды [5].

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі тарихи географиялық еңбектерді үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Бірінші топқа оқулықтар мен оқу құралдарын жатқызуға болады. Ресейде көптеген жоғары оқу орындарында тарихи география қосымша тарихи пəн ретінде оқылатын болғандықтан, жалпылама жұмыстар мен оқу құралдары жариялана бастады. Мысалға, В.З.Дробижев, И.Д.Ковальченко жəне А.В.Муравьевтердің «Историческая география СССР» деп аталатын ұжымдық монографиясы, А.В.Муравьев пен В.В.Самаркиннің «Историческая география эпохи феодализма (Западная Европа и Россия в V–XVII вв.)» еңбегі, «Историческая география России» (В.П.Тофталушиннің редакциясымен) оқулығы жəне т.б. жарық көрді [6–8].
  2. Екінші топқа арнайы тарихи географиясына арналған зерттеулер жатады. XX ғасырдың екінші жартысында Ресейде тарихи географиялық зерттеулер өз жалғасын тапты жəне де тарихи географияға деген қызығушылық арта түсуде. Мысалға, В.Л.Егоровтың «Историческая география Золотой Орды в XIII–XIV вв.» тəрізді іргелі еңбектерді атауымызға болады [9].
  1. Үшінші топты тарихи географиялық мəселелерді қарастырған немесе қоғам мен табиғаттың байланысы, тарихи ланшафтар жəне т.б. мəселелер көтерген еңбектер құрайды. Мысалға, Л.Н.Гумилевтің «В поисках вымышленного царства» тəрізді еңбектерді [10] жəне т.б. зерттеулерді айтуға болады. Бұл арада көбінесе тікелей тарихи географияға арналмаған, бірақ осы мəселеге қатысты тақырыптарды қарастырған еңбектерді топтастыра аламыз.

Тарих ғылымында тарихи география көмекші пəн ролін атқарады. Белгілі зерттеушілер А.В.Муравьев жəне В.В.Самаркин: «Тарихи география тарих ғылымының бір саласы болып табылады. Ол тарихи процестердің кеңістік жағы туралы түсініктерімізді нақтылайды жəне оларды белгілі бір территориялармен байланыстырады, адамзаттың тарихи өткенінің географиясын зерттейді», — деп тарихи географияның тарих ғылымында ролін анықтай түседі [9; 3].Сонымен қатар авторлар «тарихи география тарих ғылымында қалыптасқан кезеңдеудің негізінде белгілі бір уақыт бөлігіндегі тарихи үрдістердің географиялық факторларын сипаттауға мүмкіндік береді» дей отырып, бұл сипаттаманың келесідей негізгі элементтеріне тоқталады: 

1) физикалық-географиялық сипаттама (рельеф, су, өсімдік жамылғысы, жануарлар əлемі, пайдалы қазбалары);

2) халықтың географиясы    пайда    болуы,    қалыптасуы,    орналасуы    мен    орын    ауыстыруы       тұрғысынан;

3) экономикалық география, яғни өндіріс пен шаруашылық байланыстарының географиясы;

4) саяси география, онда саяси шекараларды, тарихи тұрғыдан ерекшеленетін аймақтар мен территорияларды, саяси оқиғаларды картадан анықтау жəне т.б. [6, 3].

Кеңестік дəуірдегі тарихнамадағы ортағасырлық мемлекеттің тарихи географиясына арналған алғашқы еңбектердің бірі — В.Л.Егоровтың монографиясы [9]. Автор ортағасырлық жазба деректердің жəне археологиялық, нумизматикалық мəліметтердің негізінде Алтын Орда мемлекетінің пайда болуынан бастап құлауына дейінгі аралықтағы тарихи-географиялық мəселелерін кешенді түрде қарастырады. Еңбекте Алтын Орда мемлекетінің территориясы, шекарасы,  əкімшілік құрылымы жəне жүздеген қалалар туралы мағлұматтар келтірілген. Сонымен қоса Жошы ұлысының соғыс жорықтарының бағыттары да сипатталады.

Тарихи георафия, автордың ойы бойынша, көшпелі одақтар мен мемлекеттердің уақыт бойында ғана емес, кеңістікте орналасуы туралы анық түсінік бере алады. В.Л.Егоров көшпелі мемлекеттерді зерттеудегі тарихи географияның маңыздылығына тоқтала отырып: «Көшпелілердің иеліктері отырықшыларға танымал бағдарларсыз шексіз дала кеңістігі тəрізді көрінеді. Бұл жағдай барлық белгілі деректердің тарихи-географиялық талдауы барысында өзгереді. Мемлекеттің шекарасы жəне оның ішкі құрлымы анық байқалады; шекара бойлары көрініп, далада отырықшы  елді мекендер пайда болады, көшпелілердің орын ауыстыруы тек табиғи ғана емес, қоғамның əлеуметтік ерекшеліктерімен байланысты нақты заңдылығын иеленеді» деген пікір білдіреді [9, 3].

Зерттеудің тарихнамалық бөлімінде автор бірнеше тарихи-географиялық еңбектерді сыни талдаудан өткізеді жəне көзге ұрар қателіктерін келтіреді. Мысалға, «Историческая география СССР» оқу  құралының  авторлары  «Алтын  Орда  халқы  монғолдар  тарапынан  ассимиляцияланды»  деген тұжырымының дəлелсіз екенін, XIV ғасырдағы деректерде бұл үрдістің, керісінше, жүргендігі туралы мəліметтер бар екенін алға тартады [9, 22].

Сонымен қатар география ғылымында тарихи география мəселесі зерттеушілердің назарын аударып келе жатқаны мəлім. Бұл тұрғыдан алғанда, тарихи география мəселесіне арналған белгілі ғалым В.П.Максаковский «Историческая география мира» атты көлемді оқу құралын айта аламыз [1]. Автордың оқу құралында география ғылымдарының жүйесінде тарихи географияны көмекші пəн ретінде емес, керісінше, тарих пен географияның арасында қалыптасқан шекаралық пəнге жатқызылады. Бұл жөнінде автор «Географиялық энциклопедиялық сөздікте» тарихи  география өткен дəуірлердің географиясын жəне географиялық мəселелерін зерттейтіні жəне бірнеше бағыттарға бөлінетіні жазылғанын келтіреді [1, 3]. Бұл анықтамаларды негізге ала отырып, автор тарихи географияның келесідей сегіз бағытын көрсетеді:

  1. Физикалық тарихи география (тарихи жертану), мұнда тарихи уақыттағы географиялық ортаның дамуы мен өзгеруі қарастырылады.
  2. Саяси тарихи география, өткен дəуірлердің саяси картасын, мемлекеттердің құрылымын жəне шекараларын қарастырады.
  3. Халықтың тарихи географиясы, онда демографиялық, этникалық, діни ерекшеліктер қарастырылып, тарихи даму үрдісінің əр түрлі кезеңдеріндегі халықтардың қоныстануы мен көші-қонын зерттейді.
  4. Əлеуметтік тарихи география, тарихи өткендегі қоғамның əлеуметтік құрамын, əр түрлі қоғамдық қабаттары мен таптарының қарым-қатынасын, қоғамдық формациялардың ауысуын қарастырады.
  5. Экономикалық тарихи география, мұнда өндірістің жалпы жəне оның жекелеген салаларының даму барысы, сондай-ақ кеңістіктегі құрлымдық өзгеруін қарастырады.
  6. Мəдени тарихи география, материалдық жəне рухани мəдениеттің тарихи-географиялық аспектілерін зерттейді.
  7. Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасының тарихи географиясы, мұнда əлеуметтік- экономикалық дамудың қоршаған табиғи ортамен тікелей жəне өзара байланыстарын жəне оның əр түрлі антропогенді ландшафттардың қалыптасуына əсерін анықтайды.
  8. Тарихи географиялық елтану, жоғары да көрсетілген сұрақтарды жекелеген территорияларға қатысты қарастырады [1, 6].

Əрине, Ресей тарихнамасындағы барлық тарихи-географиялық еңбектерге талдау жасаудың үлкен жұмыс екені белгілі. Бұл арада біздің мақсатымыз тарихи-географиялық зерттеулерде қарастырылатын мəселелердің басты бағыттарын анықтау болып отыр. Сондықтан да тарихнамалық шолу толық жəне жан-жақты емес. Бірақ, көріп отырғанымыздай, көптеген тарихи-географиялық еңбектердің негізгі зерттеу принциптері ортақ екені байқалады.

Осыған орай, қазіргі кездегі тарихи география жеке дара ғылыми сала ретінде келесідей элементтерден тұрады: физикалық география, халықтың географиясы, немесе этникалық география, экономикалық география, саяси география жəне мəдениеттің географиясы. Ендігі кезекте тарихи географияның бұл бағыттары қандай мəселелерді қарастыратынын нақтылайтын болсақ.

Біріншіден, тарихи физикалық география өткен дəуірлердің физикалық-географиялық ортасын жəне тарихи кезеңдердегі өзгерістерін қарастырады. Географиялық орта — қоғамның дамуына, оның материалдық өміріне əрдайым қажетті жағдай. Географиялық ортаны зерттеуде тарихи геогафияның алдында келесідей нақтылы міндеттер тұрады: тарихи өткеннің физикалық-географиялық ландшафтын анықтау, белгілі бір тарихи уақыт кезеңіндегі географиялық жағдайдың өзгеруіне талдау жасау, тарихи кезеңдердегі экономикалық жəне саяси географияға табиғи ортаның əсерін зерттеу. Табиғи ортаның адамдардың іс-əрекетінің əсерінен өзгеруін анықтауда қажетті.

Табиғи жағдайлардың əсерін қарастыруда екі мəселеге аса назар аудару қажет. Алдымен, географиялық ортаның қоғамға əсері өндіргіш күштердің дамуына байланысты əлсірейді немесе өзгеріп отырады. Əсер етудің сипаты əрқашан қоғамның техникалық деңгейімен байланысты. Мысалға, жер өңдеу техникасының дамуы бұрын өңдеуге жарамсыз жерлерді шаруашылық айнылымына кірістіруге мүмкіндік береді. Су кеңістіктері — өзендер, көлдер мен теңіздер жаңа жерлерге жетуге, адамдардың қарым-қатынасына бөгет болса, суда қозғалатын көліктердің пайда болуымен қатынау жолдарына айналып, кейіннен олар тіпті кеңейтіліп, жетілдіріледі. Осылайша, бір географиялық ортаның қоғамның дамуына əр түрлі кезеңдерде əр түрлі бола алады. Екінші маңызды мəселе, физикалық-географиялық жағдайлардың ролінің əсері барлық тарихи кезеңдерде үздіксіз қарастырылуы керек.

Екіншіден, халықтың тарихи географиясы түрлі территориялардың халқының қалыптасу үрдісін, этникалық құрамын, орналасуын, қозғалысын жəне басқа да маңызды кеңістіктік-демографиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл арада тарихи географияның жеке саласы ретінде тарихи этникалық географияны (этногеография) бөліп көрсетуге болады. Онда түрлі тарихи кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың қоныстануы жəне миграциясы тəрізді мəселелер қарастырылады.

Үшіншіден, тарихи-экономикалық география (немесе шаруашылық географиясы)  өндірістің жəне шаруашылық байланыстардың географиясын салалық жəне аймақтық ерекшеліктерін есепке ала отырып зерттейді. Ол ішінара қолөнер мен өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, жерді пайдалану, қатынас жолдары, сауда байланыстары географиясы жəне т.б. осы тəріздес бөлімдерге жіктеледі.

Төртіншіден, тарихи-саяси география мемлекеттердің шекарасын, ішкі əкімшілік-территориялық бөлінісін, тарихи тұрғыдан ерекшеленетін аймақтар мен территорияларды, əр түрлі саяси оқиғалардың болған жерлерін, қалалардың, бекіністердің жəне басқа да қорғаныс құрылыстарының орналасуын, жорықтардың бағыттары мен шайқастардың өткен жерлерін анықтаумен айналысады.

Бесіншіден, мəдениет географиясы діннің таралу ареалдарын, тарихи-мəдени маңызы бар нысандардың (мысалға, кесенелер мен мешіттер) орналасуын зерттейді.

Қорытындылай келгенде, жоғарыда берілген классификация тарихи географияның ірі бөліктері болып табылады жəне де тарихнамалық ізденіс барысында қазіргі уақытқа дейін зерттеулер негізінен осы бағыттар бойынша жүргізілетіні анықталып отыр. Əрине, тарихи географияда басқа да бағыттар бойынша зерттеулер кездесетінін атап өтуге болады. Мысалға, елді мекендердің тарихи географиясы, тарихи топография, тарихи картография, тарихи елтану жəне т.б. Бірақ шартты түрде алғандағы бұл бағыттар жекелеген зерттеулердің негізінде көтеріліп отырған тақырыптар жəне, жоғарыдағы топтамада көрсетілгендей, толыққанды зерттеу бағытына айналып кетті деп айта алмаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Максаковский В.П. Историческая география мира. — М.: Экспро, 1997. — 557 с.
  2. Яцунский В.К. Историческая география как научная дисциплина // Вопросы географии. Историческая география СССР. — Сборник двадцатый. — М.: Гос. изд-во географ. лит., 1950. — 356 с.
  3. Яцунский В.К. Историческая география. История её возникновения и развития в XIV–XVIII веках. — М.: Изд-во АН СССР, 1955. — 330 с.
  4. Бартольд В.В. Собрание сочинений. Т. III. Работы по исторической географии. — М.: Наука, 1965. — 712 с.
  5. Тихомиров М.Н. Древнерусские города. — М.: Гос. изд-во полит. лит., — 477 с.; Тихомиров М.Н. Россия в XVI столетии. — М.: Изд-во АН СССР, 1962. — 584 с.584.
  6. Дробижев В.З., Ковальченко И.Д., Муравьев А.В. Историческая география СССР. — М.: Высш. шк., 1971. — 319 c.
  7. Муравьев А.В., Самаркин В.В. Историческая география эпохи феодализма (Западная Европа и Россия в V–XVII вв.): Учеб. пособие для студентов ист.фак-тов пед.ин-тов. — М.: Просвещение, 1973. — 144 с.
  8. Историческая география России: Учеб.-метод. пособие для студентов ист. фак. / Под ред. В.П.Тофталушина. — Сара- тов, 2003. — 97 с.
  9. Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XIII–XIV вв. — М.: Наука, 1985. — 246 с.
  10. Гумилев Л.Н. В поисках вымышленного царства. — М.: Айриспресс, 2002. — 432 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.