Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы саяси репрессия

Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі.

1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында   И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.

1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.

Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.

Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.

1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. «Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің» кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар,  ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде «Халық дауысы» айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.

Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай — ОАК) И.Сталин қол қойған «Социалистік меншікті нығайту туралы» Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің «заңнамалық базасы» болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде «Отанды сату  туралы»,  1934  жылы  1  желтоқсанда  «Террористік  актілер  туралы»,  1937  жылы  2    қазанда

«Зиянкестік пен диверсия туралы» Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай — ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға «физикалық əсер ету шараларын» қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, «Үштік», одан кейін «Екілік» деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі [1, 6].

1937–1938 жж. репрессия науқанының күшеюіне 1936 жылғы 29 шілдедегі Б (б) КП ОК барлық партия ұйымдарына жіберген «сақтық пен жауды тани алмау» барысында жіберген қателіктер мен олқылықтарды тез арада жоюды талап еткен Жабық хаты ықпал етеді. Бұл құжатта контрреволюциялық жұмыстардың ұйымдастырушылары ретінде кезінде Қазақстанда жұмыс істеген И.Рейнгольд пен С.Мрачковскийдің аттары кездеседі. Аталған хат басқа одақтас республикалардан «халық   жауларын»  табу  бойынша  артта  қалып  жатқан  Қазақ   Өлкелік  комитеті  (əрі  қарай     — Қазөлкеком) басшыларының жұмыстарын жеделдетуге түрткі болады [1, 6].

Б (б) КП Қазөлкеком жоғарыдағы хат бойынша 1936 жылдың 5 тамызында (№ 1 құжат) [2, 430-п.] жəне 43 контрреволюция өкілдері табылып, жұмыстан шығарылды деген көңіл жұбатарлық сан пайда болған 1 қарашада 2 рет жиналады [3, 501–503-п.]. Жиналысты барлық облыстық жəне аудандық, қалалық партия комитеттеріне Б (б) КП ОК 29 шілдедегі Жабық хатын жан-жақты талқылау жəне партия ұйымдарында қырағылық пен жауларды тани алмауға байланысты олқылықтарды жою, сонымен қатар əр 5 күн сайын Жабық хатты талқылау барысы туралы Қазөлкекомға жəне С.Нұрпейісов пен Г.Асриевқа хабарлап тұру міндеті жүктеледі [2, 430-п.].

Партия арасынан «ұлтшылдарды», «халық жауларын» табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар «халық жауларын табу» сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен «кез келген жерде жəне кез келген жағдайда» жүргізуге бұйырады [3].

Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық  ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т.б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында «халық жауын» анықтайтын  жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.

Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек  айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан «өсек айту» мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926–1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т.б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. «Өсек айту» індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар «өсекшіліктің» негізгі сипатына «халық жауларын» ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың,   таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады [4].

Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды «жоғарыдан» берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.

Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: «Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын», — деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс «рұқсат» деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37–38 адамнан, ал наурызда 53–54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы «жау» элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды [5].

  Ерекше папка


КСРО ІІХК 1937 жылы 31 шілдеде бекітілген бұйрығымен республикалық, өлкелік жəне облыстық «Үштіктер» құрылады. Оның төрағалығына — ішкі істер халық комиссарлары, өлкелік жəне облыстық ІІХК басқармаларының басшылары, мүшелігіне — одақтас республикалардың орталық комитеттерінің, өлкелік жəне облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен республикалық, өлкелік жəне облыстық прокурорлар енгізіледі. «Үштіктер» — ату, жер аудару, 8   —

10 жыл мерзімге лагерге жіберу немесе түрмеге қамау туралы шешім қабылдап отырады. Осы бұйрықпен Қазақстан облыстары бойынша «үштіктердің» құрамы бекітіледі. Оның құрамына бастапқыда енгізілген 24 адамның кейіннен 15-і қуғын-сүргінге ұшырайды [6].

1937 жылы 30 шілдеде Қ (б) КП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда «ұлттық- фашистік ұйымдардың» қамауға алынған жəне көзге түскен мүшелері туралы хат жолдап, қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін береді. Сонымен қатар өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көліктер мен əр түрлі облыстық, аудандық мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізеді. Хатта ҚОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов мəскеулік (Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов) орталықтың басты өкілі, Қазақстандағы контрреволюциялық қозғалыстың ұйымдастырушысы деп көрсетілсе, сол кездегі Алматы обкомының хатшысы Ж.Сəдуақасов пен Батыс Қазақстан обкомының хатшысы С.Сафарбековтің контрреволюциялық ұйымдарға қатысы туралы тексеріліп жатқандығы туралы хабарланады [7, 24–27-п.].

Л.Мирзоян И.Сталинге жазған осы хатында: «...Некоторые арестованные в своих показаниях приводят фамилии многих старых казахских работников, в частности упоминаются в двух показаниях фамилии нынешнего секретаря Алма-Атинского обкома Садвакасова и секретаря Западно-Казахстанского обкома Сафарбекова. Сейчас выясняем правильность этих материалов насчет этих двух секретарей...», — деп жазады. Сонымен қоса Ұ.Құлымбетовтың қамауға алынуына байланысты, Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, С.Ходжановтың берген жауаптарынан «ұлтшыл- фашисттік ұйымның» нақты мүшелері туралы ақпараттарды тезірек алуға мүмкіндік бар деп көрсетеді [7, 27-п.].

Партия      отырыстарының         күн     тəртібіне       айналған       басшылар   арасынан   «халық   жауын», «тыңшыларды» іздеу 1937 жылы 1–5 тамыз аралығында өткен Қ (б) КП ОК Пленумында да талқыланады. Пленумда Қазақстандағы троцкшіл-оңшыл жəне ұлтшыл-фашистік элементтерді əшкерелеу мен анықтау бойынша Б (б) КП ОК мен ҚКСР ІІХК өткізіп жатқан іс-шараларды жалғастырып, барлық контрреволюциялық элементтерді түбегейлі жою туралы шешім қабылданады [8]. Республика басшылары арасынан халық жауларын іздеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бюроның əрбір отырысында партия қатарынан шығарылған жəне қызметінен босатылып, қамауға алынған басшылар туралы ақпараттар артады. 1937 жылы 21 тамыздағы Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің кезекті бюро отырысында Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Сəдуақасов туралы мəселе қаралып, оның контрреволюциялық ұлтшыл элементтермен байланысы барлығы туралы бірқатар материалдардың анықталуына байланысты, Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босату жəне қалалық комитеттің бюро құрамынан шығару туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, бірқатар партия мүшелері, Т.Жүргенев, С.Есқараев сияқты мемлекет басшылары «халық пен партия жауы» ретінде партия қатарынан шығарылады. Кеңес үкіметін орнатуға атсалысып, партияға адал қызмет еткен басшылар бірінен соң бірі қамауға алына бастайды [9].

Партия қатарынан шығарылған мемлекет басшыларына жалған жала жауып, халық алдында қаралау саясатын мерзімдік басылымдар ерекше қарқынмен жүргізіп, қамауға алынған жəне қамауға алынуға тиісті «халық жауларына» арналған негізсіз мақалалар көбейеді. Осындай жалған жалаға толы мақалалардың бірі 1937 жылы 22 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде жарияланған К.Пуховтың «На поводу у буржуазных националистов» мақаласы репрессияның жаңа толқынын туғызады. Мақала авторы Қ (б) КП ОК бірінші хатшысы Л.Мирзоян мен белгілі республика басшыларын буржуазиялық ұлтшылдарды анықтауға салғырттық білдіріп, «халық жауларын» қорғайды жəне бүркемелейді деп айыптайды. Мақала авторы əсіресе республика басшылары Ж.Сəдуақасов пен Ұ.Құлымбетовке көп тоқталады. Ол ҚОАК бұрынғы төрағасы Ұ.Құлымбетовты əшкерелеудің ұзаққа созылғандығын айта келіп, оны Ж.Сəдуақасовтың қатты бүркемелегенін айта келіп, оны пленумда Ұ.Құлымбетовтың қылмысын көрген азаматқа сөз бермей, əдейі тосқауыл болды деп  айыптайды.  Мақала  жарыққа  шығардан  сəл  бұрынырақ,  яғни  17  қыркүйекте,  Ж.Сəдуақасов

«халық жауы» деген жалған жаламен қамауға алынған болатын. Сондықтан, К.Пухов Ж.Сəдуақасовтың партияға қарсы ұлтшыл топтардың белсенді мүшесі болғандығының əшкереленгендігін, оны Л.Мирзоян бастаған республика басшыларының қолдауына қарамастан, партияға қарсы қылмысын тергеу туралы шешім қабылданғандығын қуана хабарлайды [1; 96–99].

Жалған жала мен жазықсыз қаралауға толы мақалада былай делінген: «...На августовском собрании партийного актива Ленинского района в Алма-Ата коммунисты во весь голос заговорили о том, что Кулумбетов не случайно укрывал секретаря Алма-Атинского обкома партии Садвакасова. Сам Садвакасов был активным участником ряда антипартийных националистических  группировок в Казахстане. Сидя в президиуме собрания, Садвакасов, пользуясь своим высоким положением, пытался грубыми, «начальническими» окриками заткнуть рот коммунистам. Не удалось! На активе открылась острая борьба.

Нажим руководителей собрания, поддержавших Садвакасова, не помог. Большинством голосов было принято решение расследовать преступление Садвакасова против партии. Два дня спустя республиканская газета «Казахстанская правда» робко заикнулась было о решении партактива. Не понравилось это т.Мирзояну. В день выхода злополучного номера газеты он громогласно, на заседании бюро ЦК, разнес заместителя редактора за «необоснованные», по его словам, нападки газеты на Садвакасова. ЦК КП (б) Казахстана волей-неволей должен был убрать Садвакасова с поста секретаря Алма-Атинского обкома и горкома партии» [1; 98].

Жоғарыдағы мақала жарияланғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 1937 жылы 29 қыркүйекте, Л.Мирзоян Қ (б) КП бюросының отырысында журналисттің барлық беделді партия қызметкерлеріне, мемлекет қайраткерлеріне, танымал басшыларға күйе жаққандығын айта келіп, барлық айыптарды жоққа шығарады. Ол мақаланың тек жалған фактілерден тұратындығына өзінің таңданысын жасырмай: «Я должен сказать, что, когда прочел эту статью, был немало удивлен, но не тем, что написали, писать, можеть быть, надо было и почаще. Надо писать о недостатках нашей работы, в частности, о недостатках на этом участке, но почему врут, причем, во многих местах буквально нахально врут...», — деп республикаға танымал басылымды қатты сынға алады. Ол өзімен бірге қызмет етіп, сенімді серігіне жəне адал досына айналған, сол сəтте «халық жауы» деген жаламен қамауда отырған Ж.Сəдуақасовқа қатысты айыптауларға сенгісі келмей: «...Что мы поддерживали кандидатуру Кулумбетова — это верно. Что мы поддерживали Садвакасова, да еще как поддерживали — я никогда не откажусь от этого. Считали его партийным человеком и крепко в нем ошиблись. Я не помню, чтобы так крепко ошибался, как в Садвакасове. Отношение к Кулумбетову. К нему было отношение, как мало партийному человеку. Мы об этом не раз говорили, но о Садвакасове было впечатление, что он один из партийных людей. Ошиблись...», — деп бірнеше мəрте қынжыла қайталауы оның Ж.Сəдуақасовтың адалдығына ешқашан шек келтірмегендігіне қарамастан, сол кездегі сталиндік саясаттың репрессия механизмнің көп дəлелді қажет етпейтін негізсіз, жалған айыптарымен, жабылған жалаларымен еріксіз келісуіне, оны қоштауына ықпал етті деп ой түюімізге негіз болады [10; 199–203].

К.Пуховтың жалған мақаласы барлық партия ұйымдарының алдағы жұмыстарына басшылық ететін негізгі құжатқа айналады. Осы бюро отырысында К.Пуховтың аталған мақаласы туралы сауалнама жүргізу жолымен Қ (б) КП ОК № 45 шешімі шығады. 29 қыркүйекте Қ (б) КП ОК бюросы барлық партиялық ұйымдары мен баспасөз органдарынан сын айту мен өзара сынауды арттыруды, буржуазиялық ұлтшылдар мен «халық жауларын» əшкерелеуде сақтық танытып, қырағылық көрсетуді талап етеді. Партия ұйымдарын «халық жауларын» тазартып, жаңа, партияға берілген, сенімді, тексерілген жас мамандарды тартуға шешім қабылдайды жəне барлық партия ұйымдарының 1937 жылғы 22 қыркүйектегі тілші К.Пуховтың «Правда» газетінде жарияланған «На поводу у буржуазных нациналистов» атты мақаласы мен Қ (б) КП ОК осы шешімін кеңінен, жан-жақты талқылауды тапсырады. Республиканың мерзімдік басылымдары партия ұйымдары мен ІІХК органдары жүргізген сақтық жұмыстарының нəтижесінде Ұ.Құлымбетов,  Ж.Сəдуақасов, І.Құрамысов, С.Есқараев сияқты «ұлтшыл-фашисттердің ұясы» анықталды деп жар салады [11].

Жоғарыдағы аталған шешім бойынша Қазақстанның барлық аймағында К.Пуховтың мақаласы қызу талқыланады. Мысалы, 1937 жылдың 5 қарашасында Алматы қаласының Фрунзе аудандық комитеті бойынша 79 ұйымда партия жиналысы өткізіліп, оған 793 адам қатысады. Партиялық жиналыстар асқан белсенділікпен өтіп, қатысқан 793 адамның 374 адамы талқыда сөз сөйлейді. Жиналыста К.Пуховтың мақаласы мен Қ (б) КП ОК осы шешімін бір ауыздан дұрыс деп танып, барлық партиялық ұйымдарын «халық жауларына», «ұлтшыл-фашисттерге», «шетел тыңшыларына» қарсы күшті жұмылдыратын негізгі құжат ретінде мақұлдайды [12].

Ал, 26 қазандағы Қ (б) КП ОК ІІІ пленумында Ж.Сəдуақасов, Н.Сырғабеков, К.Таштитов т.б республика басшыларын «халық жауы» ретінде Қ (б) КП ОК мүшелігінен шығару жəне олардың істерін ІІХК органдарына беру туралы шешім қабылданады [13].

Қ (б) КП Алматы обкомының 1938 жылғы 8 маусымдағы ІV облыстық партия конференциясына дайындаған есептік баяндамасының материалдарында И.Сталиннің тікелей нұсқауымен Қазақстанда Қ (б) КП ОК-ң бұрынғы басшылығы обком хатшыларын тағайындауда Ж.Сəдуақасов, О.Исаев, А.Киселев сияқты «ұлтшыл-фашисттік бандалардың» жұмыс істеулеріне жол берілгендігін жəне бұл əрекеттің сталиндік саясатты қолдаушы Н.Ежовтың көреген басшылығымен əшкереленгендігі туралы жазылған. Онда И.Сталиннің қатаң нұсқауына қарамастан, Л.Мирзоянның Қазақстанда өз жақтастарынан құралған «артелін» құрғанын жəне олар қатардағы «адал» коммунистердің ащы сындарын жаншып отырғандығы туралы айтылады. Ал, 1937 жылғы конференцияда обком хатшылары Ж.Сəдуақасов пен Н.Юсуповтың бұйрықтары бойынша конференция делегаттарының қарсылықтарына қарамастан, кейін «халық жаулары» екендіктері анықталған Д.Карманов, Ш.Құдаманов, І.Құрамысовтарды аудандық партия комитеттерінің хатшылары етіп тағайындағандарын жазады [14].

1938 жылы 3 шілдедегі Қ (б) КП партияның «Капиталистік агентураның күйреуі жəне Кеңес мемлекетінің əрі қарай нығаюы» ІІ съезінде жасалған есептік баяндамада Кеңес Одағына қарсы соғысқа əзірленіп, жапон жəне герман штабтарына сатылған кеңестік билікке қарсы барлық күштер жойылды деп жарияланады. Троцк-бухариндік агентурамен қатар, Қазақ республикасында да Л.Мирзоян,  О.Исаев,  Ж.Сəдуақасов,  Ұ.Құлымбетов  жəне  т.б  басқарған  контрреволюциялық жəне буржуазиялық ұлтшылдар ұйымы жұмыс істеп, Қазақстанды КСРО-дан бөліп алып, оны жапон империясының отарына айналдыруға əрекет еткендігі туралы жар салады. Қамауға алынған республика басшыларының əр түрлі физикалық күш көрсетулер мен азаптаулардың əсерінен жазылған жалған жауаптарын жариялайды. Мəселен, бұрмаланған фактілерді Л.Мирзоянның тергеу барысында берген жауабынан көруге болады: «...Особо активную вредительскую диверсионную деятельность я развернул в 1935 г. после установления связи с Бухариным, от которого я узнал об установке центра правых на объединение сил в стране и о сговоре с фашистскими государствами. По директиве Бухарина, я тогда же установил контакт с руководителями антисоветской националистической организации Казахстана в лице Исаева, Садвакасова, Кулумбетова, Курамысова, Сыргабекова и др. Надо сказать, что о существовании националистической организации мне было известно еще в 1934 г. от Кабулова и Садвакасова...». Ал, мемлекет басшыларының бірі болған О.Исаевтың жауабында: «...Мой арест пресек мою вражескую работу и я понимаю, что теперь, когда я поставлен лицом к лицу с фактами своей измены и предательства, было бы более чем бессмысленно запираться и пытаться что-либо скрыть. Почти 20 лет я обманывал партию и народ. Ложь и двурушничество было моей второй и подлинной натурой и благодаря этому мне удавалось в течение долгих лет играть роль честного коммуниста, преданного делу партии. Я до ареста был одним из руководителей антисоветской националистической организации в Казахской ССР, действовавшей по директивам центра правых. Наша организация ставила своей целью отторжение Казахстана от Советского Союза во время войны и установление в Казахстане буржуазного строя. Для достижения этих целей мы не остановливались перед применением самых подлых средств борьбы. Мы подрывали благосостояние своего народа путем широко организованного вредительства и диверсий во всех отраслях промышленности и сельского хозяйства», — делінген. Жоғарыдағы жауаптардың қайсысында болмасын күш көрсетулер мен мəжбүр ету фактілері айқын көруге болады [15].

Аталған съезде тыңшылардың, диверсанттар мен зиянкес террористердің  жойылуы 1937 жылдың ең маңызды қорытындысы деп атап көрсетіледі. Қ (б) КП ОК ұлтшыл агентураның күйреуі фашисттік державалардың барлық жоспарларын жоққа шығарып, контрреволюциялық ұйымдарға соққы бергендігін баса атап көрсетеді. Қинау мен азаптаудан тұратын сот процестері кеңес халқына ондаған жылдар бойы басқа мемлекетке қызмет етіп, халыққа сатқындық жасаған буржуазиялық ұлтшылдарды əшкерелеуге мүмкіндік бергендігін жəне герман-жапон империализмінің алдыңғы қатарлы жəне қауіпті жасағын күйрете жою кеңестік патриотизмді нығайтып, елдің күші мен қуатын тасыта түсетіндігін атап көрсетеді [15; 404–408-п.].

Сталиннің жендеттері нағыз ұлтжанды азаматтарды «Отанды сату» мен «зиянкестігі» үшін айыптайды. Əміршіл-əкімшіл жүйенің саясатына иланған жұмысшылар, ғалымдар, колхозшылар мен мұғалімдер, командирлер мен солдаттар «Сатқындарға кешірім жоқ», «Сұрқия бандаларды жою керек», «Тыңшыларға — өлім» жəне т.б ұрандармен шерулерге шығады, басылымдарда мақалалар жариялайды. Тіпті, «полярлықтар» Қиырдағы мұзды аймақтардан өз қарғыстарын радио арқылы жеткізіп жатады. 1938 жылдың ақпан айынан бастап 13 наурызға дейінгі аралықтағы 10 күн ішінде Қазақстанның барлық басшылары ең жоғары жаза — ату жазасына кесіледі. Əскери Алқа арқылы 650 адам атылып, Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасынан бастап, оның орынбасарлары, барлық облыстық жəне қалалық, аудандық партия комитеттерінің хатшылары атылады.

1938 жылы 25 ақпанда Алматы қаласында 13 сағат 30 мин саяси қуған-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған мемлекет жəне қоғам қайраткері Ж.Сəдуақасовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот ісі басталады. КСРО Жоғарғы Сотының Əскери Алқасының көшпелі сессиясының жабық отырысына диввоенюрист А.Д.Горячев төрағалық жасайды. Сот отырысының мүшелері Г.А.Алексеев, А.И.Микляев жəне əскери заңгер Н.И.Шапошников болады. Ж.Сəдуақасовтың үстінен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2, 7, 8 жəне 11-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ж.Сəдуақасов 1929 жылдан бастап Қазақстанда əрекет етуші буржуазияшыл-ұлтшыл, террористік жəне диверсиялық-зиянкес, контрреволюциялық ұйымның басшыларының бірі, ол кеңес билігін құлатып, Қазақстанды КСРО-дан бөліп алып, Жапонияның басшылығымен буржуазиялық Қазақ мемлекетін құруға əрекет жасады жəне ҚКСР аудандарында қарулы көтеріліс ұйымдастыруға белсене қатысып, ұлтшылдардың мəскеулік жетекшілері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақовтармен ұйымдастыру байланыстарын орнатты деген айыптар тағылады. Сотқа төрағалық етуші айыптау қорытындысын жариялағаннан кейін, Ж.Сəдуақасовтан үкімде көрсетілген қылмыстарды мойындауын талап еткенде, ол алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын растамайтындығын жəне  өзін  кінəлі  санамайтындығын  жеткізеді.  Бұл  Ж.Сəдуақасовтың  қамауда  көрсеткен  əр түрлі азаптау мен қинаудың салдарынан тергеу барысында, жалған жауаптарға қол қоюға мəжбүр болғандығын дəлелдейді. Ол ажал сағаты жақындаған сəттегі жалғыз ауыз, ақтық сөзінде өзінің кінəсіз екендігін қайыспай мəлімдейді. Ж.Сəдуақасовты ату жазасына кесу үкімін орындау туралы акті КСРО ІІХК-ның Бірінші ерекше бөлімінің Ерекше мұрағатындағы № 8 томда, № 451 бетте сақтаулы [16].

Репрессия қармағына тек мемлекет басшылары емес, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мəдениет жəне өнер, білім қызметкерлері ілігеді. Сталиндік қанды «механизм» интеллигенцияны толық жоюға бағытталады. Қамауға алынған, атылған «халық жауларының» əйелдері 5–8 жылдан кем емес мерзімге лагерлерге қамалады. Ал, балалары еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне    жіберіледі.    Тергеу    барысында    берілген    жауаптардың    көпшілігінде Қазақстандағы «контрреволюциялық ұйым» Ж.Сəдуақасовтың, Н.Нұрмақовтың, С.Сейфуллиннің, Ұ.Құлымбетов сияқты «халық жауларының» нұсқауы бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрсейітов, М.Гатаулиндермен құрылғандығын көрсеткен. Аталған республика басшыларына «Қазақстандағы Кеңес  үкіметін күшпен құлатып, буржуазиялық мемлекет құруды мақсат етті», — деген айып тағады. Тергеу барысында берілген жауаптарда Ж.Сəдуақасовтың, Т.Тоғжановтың, Қ.Сармолдаевтың, А.Лекеровтың аты-жөндері жиі кездеседі [17].

1938 жылы 26 ақпанда КСРО Жоғары Сотының əскери алқасының көшпелі сессиясының төрағасы А.Горячев ҚКСР Ішкі істер халық комиссары С.Реденске: «Жоғары қылмыстық жаза — атуға кесілгендердің үкімін орындау үшін Сіздің өкіміңізді сұраймын», — деп хат жолдайды.

Адам өмірін бір оқпен ғана шешуге негізделген жоғарыдағы шешімдерді жүзеге асыру жəне тоталитарлық режимді нығайту үшін арнайы мекемелер «желісі» қажет болады. Қазақстанның табиғи-географиялық ерекшелігі мұндай «желілер» құруға сəйкес келеді. 1939 жылдың аяғына қарай КСРО-да 600-ден аса жалпы жəне ішкі түрмелер болады, оның ішінде Қазақстанда 23 жалпы жəне 11 ішкі түрмелер орналасады. Жалпы, Қазақстан мен Орта Азия территориясында орналасқан сталиндік 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар əр түрлі өнеркəсіп салаларында жұмыс істейді [18].

  1. Ақтөбе лагері. Сотталғандар құрылыс жұмыстарымен, оның ішінде химия зауытын салумен айналысады.
  2. Алжир — Отанын сатқандардың əйелдерінің Акмолалық лагері (Акмолинский лагерь жен изменников Родины)
  3. Алматы лагері. Құрылыс жұмыстары.
  4. Андижан лагері (Өзбекстан). Құрылыс материалдары.
  5. Ашхабад лагері (Түркіменстан). Цемент карьері.
  6. Балқаш лагері. Мыс өндіру жəне құрылыс жұмыстары.
  7. Жамбыл лагері. Гипс жəне цемент өндіру.
  8. Жезқазған лагері. Марганец пен мыс өндіру. Құрылыс жұмыстары.
  9. Ырғыз лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  10. Қазалы лагері. Кірпіш зауытында жұмыс.
  11. Камышинск арнайы лагері.
  12. Карлаг. Лагерь басшылары Долинкада орналасады. Көмір, түсті металдар шығару. Ауыл шаруашылығы. 1932 жылы құрылады.
  13. Кеңгір лагері.
  14. Қызылорда лагері.
  15. Көкшетау лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  16. Красноводск лагері (Түркіменстан). Құрылыста, химзауытта жұмыс істеу.
  17. Қостанай лагері.
  18. Ленинабад лагері (Тəжікстан). Канал құрылысы.
  19. Луглагерь. Арнайы лагерь.
  20. Песчанлаг. Арнайы лагерь. Марганец пен мыс шығару. Бұрынғы Жезқазған облысында орналасқан.
  21. Петропавл лагері.
  22. Семей лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  23. Степлаг. Арнайы лагерь. Лагерь басшылары Жезқазғанда орналасады.
  24. Ташкент лагері (Өзбекстан).
  25. Түркістан лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  26. Орал лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  27. Өскемен лагері. Қорғасын шахтасында жұмыс, полиметалл өндіру.
  1. Фергана лагері (Өзбекстан). Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауытында жұмыс. Темірбетон өндіру.
  2. Фрунзе лагері (Қырғызстан).
  3. Чарджоу лагері (Түркіменстан).
  4. Шымкент лагері.
  5. Екібастұз лагері. Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауыттарында жұмыс.

Қазақстандағы партия ұйымдарында тазарту жұмыстарын жүргізіп, жазықсыз жандарды ату жазасына кескен сталиндік жүйе бұл қанды қырғынмен толастамайды. 1938 жылы 15 мамырда республика басшысы Л.Мирзоянға И.Сталиннен «жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз», — деген жеделхат келеді. Жеделхатты алысымен жолға шыққан Л.Мирзоянды 23 мамырда Мəскеуге бара жатқан жолда Коломнада қамауға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атады [10, 11–12]. 1938 жылы 16 мамырда Б (б) КП ОК өкімі бойынша шыққан Қ (б) КП ОК № 123 шешімінде Л.И.Мирзоянды қызметінен босату туралы шешім қабылданады. 1938 жылы 17 мамырда өткен ҚазПИ партия ұйымдарының жиналысында қазақ халқына адал қызмет еткен Л.Мирзоянның атына қатаң сын айтылып, оны Қазақстанға «өз адамдарын», «өз артелін» əкеліп, оның көпшілігі нəтижесінде «халық жаулары»  болып шыққандығын, оның сын-пікір айтуға əрқашан тосқауыл болғандығы туралы айыптар тағады [10; 240–241].

Осы тұста «мыңдаған жазықсыз жанның өмірін қиған «қанды қырғын» Кеңес мемлекетіне не үшін қажет болды?» деген орынды сауал туындайды. Мемлекеттің түрме, лагерлердегі бірнеше миллиондаған адамдарды ұстауға артық қаражаты болды ма? Əрине, жоқ. Қамаудағы адамдар ең алдымен, кеңес экономикасын көтеретін «өзін-өзі ақтайтын» құрал болды. Шын мəнісінде, өте қысқа мерзім ішінде орасан зор өнеркəсіптік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергендіктен, репрессия индустрияландыру  саясатының  тиімді  бөлігі  болып  табылды.  Мəселен,  зерттеуші М.Əбдікəрімов:

«ГУЛАГ экономикалық субъект ретінде ХХ ғасырдың ең тиімді жобасы болды. Асырауға шамалы шығын ғана кететін қамаудағылардың, ақшаға емес, өлім қауіпінен қорқып жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбектері ГУЛАГ ресурстарымен өркениетті экономикалық тəсілдермен он шақты жылды қажет ететін жұмыстарды 5–6 жылда жасауға мүмкіндік берді», — деп жазады. Осылайша, бүгінде репрессияның экономикалық жасырын сыры айқын болды.

Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997  жылы «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Политические репрессии в Казахстане 1937–1938 гг. История Казахстана: исследования и документы. — Алматы: Қазақстан, 1998.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (əрі қарай — ҚР ОММ). — 141-қ. — 1-т. — 10592-іс.
  3. ҚР ОММ. — 141-қ. — 1-т. — 10599-іс. — 501–503-п.
  4. Рыбаковский Л.Л. Роковые тридцать седьмые // Социология, исследования. — № 5. — 2003. — С. 125. 5.
  5. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 53-іс. — 12-п.
  6. Известия ЦК КПСС. — 1989. — № 10. — С. 81,82.
  7. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 82-іс.
  8. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 25-іс. — 2–4-п.
  9. ҚР ОММ. — 412-қ. — 5-т. — 21-іс. — 20-п.
  10. Левон Мирзоян в Казахстане: Сб. документов и материалов. — Алматы: Қазақстан, 2001. 11.
  11. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 37-іс. — 544–547-п.
  12. ҚР ОММ. — 412-қ. — 11-т. — 1917-іс. — 109–115-п.
  13. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 28-іс. — 2–3-п.
  14. ҚР ОММ. — 8-қ. — 1-т. — 830-іс. — 1–9, 32–34-п.
  15. ҚР ОММ. — 708-қ. — 2/1-т. — 4-іс. — 404–408-п.
  16. Дело по обвинению Д.Садвокасова.
  17. Кульбаев Т. Жертвы сталинизма // Евразийское сообщество: общество, политика, культура, — 2000. — № 2. —С. 112,113.
  18. История Казахстана. — 2002. — 2 февр. — С. 58,59.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.