Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХХ ғасырдың 60–90 жж. Орал-Ембі аймағының мұнай құбырлары жүйесінің дамуы

Орал-Ембі мұнайлы аймағы үлкен территорияны — батыста Еділдің төменгі жағынан бастап, шығыста Мұғаджарға дейінгі аралықты алып жатыр. Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібін дамытудың қазіргі кезеңнің сипатты ерекшелігі — жұмыс ауқымының едəуір ұлғаюы.

50–60 жж. аясы Батыс Қазақстандағы ірі кен орындардың ашылуымен ерекшеленеді — Кеңқияқ (1959) Ақтөбе облысы, Прорва (1961) мен Мартыши (1962) Атырау облысы, Жетібай, Өзен (1961) қазіргі Маңғыстау облысы. Аталған кен орындарды игеру Батыс Қазақстандағы  мұнай өндірудің ілгері аяқ басуының қазығына айналуға жол ашты. Аймақтағы мол байлық қоры Каспий маңы ойпатының шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланды. Кеңқияқ кен орнын игеру қолға алынған соң (1966) «Каспий-Орск» арнасына жалпы ұзындығы 122 шақырымға созылатын  «Кеңқияқ № 6 МАС» мұнай құбыры салынып, қосылды [1].

Елімізде құбырлық тасымал жүйесі Маңғыстау түбегінің кен орындарының игерілуіне байланысты, əсіресе 60–70-жылдары күшті қарқынмен дамыды. Өз кезегінде ол мұнай құбырлары арқылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді.

Нəтижесінде 1965 жылдың 16 маусымында Батыс Қазақстанның мұнайын тасымалдау үшін екі басқарма: Гурьев магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Гурьев ММӨҚБ) мен Шевченко магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Шевченко ММӨҚБ) құрылды.

Гурьев ММӨҚБ құрамына: диаметрі 12 мм, ұзындығы 726,193 км болатын «Каспий-Орск» магистралды мұнай құбыры; түрлі диаметрлі, жалпы ұзындығы 680,590 км-ден асып жығылатын құрылыстары аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары жүйесі; айдау станциялары Гурьев, Сағыз, Комсомол, Қосшағыл кəсіпшіліктерінде орналасқан ұзындығы 684,638 км «Гурьев-Қосшағыл- Қаратон-Сарықамыс-Мұнайлы» су құбыры қарады.

Гурьев ММӨҚБ-ның міндеті Ембі мұнайын Гурьев, Орскі жəне Ярославтың МӨЗ-на жеткізумен тікелей айналысты, тасылған мұнай көлемі 1968 жылы 1583,2 мың тоннаға жетті [2].

Ал Шевченко ММӨҚБ-на: ұзындығы 141км, диаметрі 529х7 мм болатын алты қыздыру пункті бар «Өзен-Жетібай-Шевченко» мұнай құбыры (1966 ж. қыркүйегінде қолданысқа берілді); «Өзен МАС (№ 1 алаң) — Бас МАС»; 6 артезиандық скважиналы «Сауысқан» САС; «Шевченко-Өзен- Сауысқан» телефон желісі жəне т.б. нысандар қаралды.

Өзен мұнайының басым бөлігі құбыр арқылы «ысытып айдау» əдісімен Шевченко қаласына дейін жеткізілініп, одан əрі теңіз жолымен Волгоград МӨЗ-на тасымалданды. Сонымен қатар Ақтау қаласында мұнай қабылдайтын айлақты салу да қатар жүрді, ол дегеніміз — Ақтау, Астрахан, Махачкала, Баку, Волгоград қалалары аралығында теңіздік коммуникацияның қалыптасуы — Маңғышлақ мұнайын тасымалдауға жағдай жасады.

КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің 1964 жылы Мемлекеттік  тасымалдау комитетіне жолдаған хатында Маңғышлақтың мұнайлы кен орындарын тез арада игеру үшін оны темір жол желілерімен байланыстырудың қажеттілігін мəлімдей келе, КСРО Министрлер Кеңесінің 1965 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 952 қаулысы жəне 1963 жылдың 7 қыркүйегіндегі № 53–12 қаулысы негізінде Маңғышлақ түбегін еліміздің ең ірі мұнай өндіретін аймақ, қойма есебінде қолдануды көздеді.

Мұнай өндірудің еселеп артуы 1967 жылы «Өзен–Құлсары–Гурьев–Куйбышев» магистралды мұнай арнасы құрылысын жүргізуге жəне құрылысты 1970 жылы аяқтап, шаруашылыққа пайдалану көзделді. Құрылыс алаңдарын жоспарлау мен қолданысқа беру міндеттерін «Южгипротрубопровод» институты қолға алады, бірақ олар кейбір құжаттарда (атап айтсақ, жұмыс сызбалары мен жоспарлау жұмыстарының материалдарын) уақытылы тапсырмады, Сай-Өтес пен Құлсары алаңдарындағы мұнай қыздыру пунктерінде кейбір олқылықтар орын алды. Айдау станциясы мен қыздыру пунктердегі алаңдарда тиісті жұмыстар атқарылмаған, бұл дегеніміз қажетті нысандардың  дер кезінде жүзеге асырылып, аяқталуына едəуір тежеу жасады [3].

Дейтұрғанымен, «Южгипротрубопровод» институты — негізгі жоспарлау ұжым ретінде Газ өнеркəсібі министрлігі мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 18 тамыздағы № 1995-р бұйрығына сəйкес, 1967 жылдың желтоқсан айының соңында «Өзен-Құлсары-Куйбышев» магистралды мұнай арнасының жоспарлау сызбасын аяқтады [4; 18-п.].

«Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев» магистралды мұнай құбырының жобасы мен құрылысын ұйымдастыруда атқарған маңызды жұмыстары үшін «Южгипротрубопровод» институтының авторлық ұжым мүшелерінің жұмыстары 1969 жылы үздік деп танылып, Одақ көлеміндегі  аса жоғары Мемлекеттік сыйлық табыс етілді [4, 42–50-п.].

1970 жылдың 25 тамызында 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев «ыстық» мұнай құбырының іске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті.

1969 ж. 30 тамызда Мұнай өндіру министрлігінің бұйрығы бойынша Гурьев қаласында Оңтүстік магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Оңтүстік ММӨҚБ) құрылады. Басқарма құрамына: Гурьев ММӨҚБ, Маңғышлақ ММӨҚБ, Орал аудандық МҚБ, «Арнайықұрылысжөндеу» басқармасы, Автокөлік кеңсесі, «Өзен-Гурьев-Куйбышев» мұнай құбыры құрылысына жауапты ұжым енді. Оңтүстік ММӨҚБ қарамағында жалпы ұзындығы 2914 км болатын қолданыстағы магистралды жəне құрылысы аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары болды [5].

Оңтүстік ММӨҚБ (Магистралды мұнай өнімі құбырлары) міндетіне «Өзен-Жетібай-Ақтау»  мен «Өзен-Гурьев» екі ірі магистралды мұнай құбырын іске қосу жүктелді. Төмендегі кестеде екі құбырдың 1972 жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі көрсетілген.

«Өзен-Жетібай-Шевченко» мұнай құбырының жолы Үстірттің жоғарғы жəне орта коррозиялық топырақ қабатын кесіп өтеді. Құбыр трассасы дерлік тас төселген автомобиль жолымен шектесіп жатыр. Құбыр бойы өз жолында 139 шақырым тұсында су ағатын каналды, шойын жолды да, автомаги- стральды да кесіп өтеді. Өткелдер жобаға сəйкестендірілген жəне қанағаттанарлық жағдайға сай деп есептелінді.

Мұнай құбырларының өткізу мүмкіндігі  

 «Өзен-Гурьев» мұнай арнасы Гурьев облысының шөлді аймақтарының үстіне салынған. 140– 550 км дейінгі аралықта құбыр Маңғышлақ-Мақат темір жол бойымен жəне Орта Азия — Орталық газ құбырымен де жанасып жатыр. Аталған мұнай трассасының бойын 42 табиғи жəне жасанды кедергілер бөгеуде, оның 11 — сулы тежеулер (өзендер, каналдар), 23 — сорлы аудандар, 4 — темір жол жəне 4 — автомобиль жолдары. Шөлді зонаға тəн құрғақшылық, аптап ыстық пен судың тапшылығы да осы аймақта кездеседі.

1971 жылы қазанда Орал өзенінің түбінен құбырды салуды «Главтранснефть» тұсында арнайы экспедициялық топ су астында техникалық зерттеу жұмыстарын жоспарға сай жүргізеді.

«Өзен-Жетібай-Шевченко» мен «Өзен-Гурьев» мұнай құбырларының өндірістік мүмкіншілігін арттыруда мұнай айдау станциялары салынды, ол 2-кестеде көрсетілген.

 мұнай айдау станциялары

Өзендегі № 1; 4 мұнай айдау станциялары Өзен-Шевченко құбырына мұнайды жеткізуге арналған. Ал Шевченкодағы № 2 айдау станциясы Өзен-Жетібай-Шевченко құбырынан мұнайды кейін айдауға арналып салынған [6].

Жетібай мен Өзен кен орындарының ашылуы КСРО пайдалы қазбаларды жобалау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы тек Өзеннен барланған қор 400 млн.т құрайды десе, оның ішінде 316 млн.т В жəне С категориясына жататыны анықталды. Демек, Өзен мұнай кен орны сапалы өнімге өте бай.

Мұнай өндіру Мемлекеттік комитетінің  есебінше,  аталған  аймақтан  мұнай  өндіру  1970 ж. 10 млн.т жетсе, ал 1980 ж. оның көлемі 40 млн.т. құрайды. Маңғышлақтың кен орындарында еңбек ететін жұмысшылар саны да еселенетіні рас, 1970 ж. 25 мың адам жұмыс жасаса, келесі жылдары олардың саны 40 мың адамға дейін көбейеді. Аталған өңірге жылына 1,1 млн.т құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізу қажет жəне бұрын қолданыста болған магистралды мұнай құбырлары қайта іске қосылғанға дейін мұнайды темір жол арқылы 1,0 млн.т мұнайды тұтынушыларға жеткізу жоспарланды.

Осыған сəйкес Маңғышлақ түбегінің кəсіпшіліктерін транспорттық қызмет көрсету сызбасына қоса, құбырлардан бөтен темір жолдар мен автомобиль жолдарының инфрақұрылымдарын дамыту қатар жүрмек.

Мұнай құбырларымен бірге салынатын Ақтау (Гурьев-20)-Ераливо-Жетібай-Өзен темір жол желісі Жетібай мен Өзен кен орындарынан мол өнім алуға жəне өнімді уақытылы игеруге мүмкіншілік жасайды. Темір жол желісі құрылысының жобасы «Гипровостокнефть» институтына жүктелді [7].

70-ші жылдардың орта тұсында Бозащы түбегінде (Маңғыстау түбегінің солтүстік мүйісі) — Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы мұнай кенорындары ашылды. 300–1000 м  тереңдікте мұнай көзі табылды. Ол жабысқақ, жоғары асфальттысмолалы қосындыларға бай, ванадий  мен никель металдарының да мөлшері едəуір. Оларды өндіру, өңдеу жəне тасымалдауға мүлде жаңа техникалық құрал-жабдықтар қажет болды. Кен орындардың географиялық орналасуы Бозащы мұнайын Ақтау порты арқылы тасымалдау негізделді, осы мақсатта Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының жобасы жасалынды.

Бір топ ғалымдар мен бірлестіктің мамандары (А.А.Дергачев, А.И.Каширский, Н.К.Надиров, Б.У.Оразғалиев, В.В.Хуторный) Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбырының құрылысы кезінде құбыр транспортының экономикалық тиімділігіне қол жеткізетін жаңа технологиялық схеманы енгізуге бірлесе жұмыс атқарды. Бұл Өзен-Самара құбыры бойына салуға жоспарланған екі МАС мен төртаралық қыздыру пунктерін салмай-ақ жүзеге асыруға мүмкіншілік жасады.

Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры желісі бойында жалғыз Қаламқастағы бас МАС салынып, 1979 жылдың қарашасынан бастап іске қосылынды. Бұл жоба авторларына 1980 ж. Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық табыс етілді.

Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры (ұзындығы 264,5 км, диаметрі 426 жəне 720 мм) құрылысы межеленген уақытынан бұрын (18 айға жоспарланған жұмыс 10 айда орындалды) аяқталып, 1979 жылдың 29 желтоқсанында пайдалануға берілді. Қаламқас МАС салу мен іске қосу жұмыстарына Оңтүстік басқарманың қас шебер-мамандары З.Б.Əбдірахманов, М.А.Нұрғалиев, В.А.Ульченков, Ф.Г.Мулюков, Х.А.Үмбеталин, П.П.Волик, Л.Журавлев, Н.Миронов жəне тағы басқалар атсалысып, тер төкті.

Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының соңғы бөлімшесі Шевченко қаласының маңында (Өмірзақ ауылы) салынды, ол Өзен-Жетібай-Шевченко құбырының № 3 бөлімшесімен қиылысып жатыр. Бозащы түбегінің кен орындарынан өндірілген мұнай өнімдері соңғы қабылдау бөліміне жеткізілініп, танкерлерге тиелініп, Ақтау порты арқылы мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Ақтау портының ең жоғарғы өнім өткізу күші жылына № 3 бөлімшеде 7–8 млн.т мұнайды құрайды.

 Шевченкоға бағытталған мұнай көлемі

Жоғарыдағы кестеде 1980 жылдан бастап Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбыры арқылы ағылатын тауар айналымы көлемі қысқарғаны анық, ал Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай өнімі едəуір артқанын байқаймыз.

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау құбыры арқылы Бозащы мұнайы бірден танкерлерге құйылып, мұнай өңдеуші зауыттарға тасылды. 1980 жылдың 10 қаңтарында «Ильич» портынан Қаламқастың алғаш мұнайы Бакуге жөнелтілді, 1985 жылдың соңында жылдық өнім 5,7 млн.т жетті.

Шексіз ағылған мұнай № 3 бөлімде 1990 жылға дейін жылына 8,0 млн.т аспады.  Ақтау портының мүмкіншілігін біле отырып, оны кеңейту, ұлғайту туралы мəселеге ешқандай көңіл бөлінбеді [8].

1988 ж. Оңтүстік басқарма қарамағында 27 бөлімше мен бірнеше қызмет түрлері болды. Аталған бөлімшелерде маңызды рөлді мұнай құбырларын пайдалану мен тауар-көлік бөлімдері иемденді.

1989 ж. КСРО Мемлекеттік кəсіпорындары жөніндегі заңының өзгеруіне сəйкес, Оңтүстік басқармада жаңадан бірнеше бөлімдер құрылады:

  • Астрахан аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ААМБ);
  • Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасы (БАМБ);
  • Құлсары аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ҚАМБ);
  • Гурьев су даярлау мен сумен жабдықтау басқармасы;
  • Гурьев құрылыс-жөндеу басқармасы;
  • Маңғышлақ құрылыс-жөндеу басқармасы;
  • Апаттық жағдайлардың алдын алуға арналған арнайы басқарма;
  • Өндірістік қызмет көрсетудің орталық базасы;
  • Өндірістік-техникалық қызмет көрсету жəне қондырғылармен жабдықтау базасы [9].

1990 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Маңғышлақ АМБ, Теңіз су даярлау мен сумен жабдықтау басқармасы жойылып, орнына Астрахан АМБ мен Апаттық жағдайлардың алдын алу басқармасы дүниеге келеді [10]. Қазіргі кезде Оңтүстік ММӨҚБ мұнайды жəне Еділдің, Оралдың, Əмударияның суын қабылдау мен жеткізуді тікелей өз міндетіне алды.

Оңтүстік   басқармаға   мұнай   жеткізуші   ірі   кəсіпорындар   қатарында    «Маңғышлақмұнай», «Ембімұнай», «Теңізмұнай», «Қаражанбасмұнай» болды. Алынған өнім Гурьевтің, Ярославтың, Орскінің мұнай өңдейтін зауыттарына, Еділ бойы жəне Кавказ маңы магистралды мұнай құбырларына, сонымен қатар жергілікті материалдарды өңдейтін Құлсары зауыты мен жалпы отын ресурсына зəру тұтынушыларға жеткізілінеді.

Ол мəселе тек құбырмен шектелген жоқ, мұнай темір жол, теңіз жəне өзен жолдары арқылы да тасымалданады. Шөлді аймақтарда, елді мекеннен тым қашық аудандарда, құмды сусыз ен даланы басып өтіп, Үстірт таулы қыраты мен Бозащы түбегінің қатаң климатына қарамастан, салынатын құбыр жолы құрылысшылардың тер төгуімен салынып, халыққа, елімізге ұзақ жылдарға қызмет ететіндігі сөзсіз.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңына таман мұнай өндіру басқармаларында мұнай қабылдаудың азайғандығы байқалды, ол скважиналарда бұрғылау жұмыстарының қанағаттандырылмауынан, сол себепті де мұнай өндіру күрт төмендеп кетті. Бұған қоса мұнай саласына  бөлінген  қаражаттың  көлемі  де  мардымсыз  болды,  тіпті  80-ші  жылдардың  соңындағы КСРО-дағы саяси тұрақсыздық та əсерін тигізгендігі анық. Бұл ұлтаралық қақтығыстардың болуына жол берді, орталық пен аймақтардың бір-бірімен қарсылықтары күшейді. КСРО-да экономикаға оң бағытталған қайта құру бағдарламасы болмады, одақтас республикалардың егемендік пен тəуелсіздікке ұмтылған толқулары жиелей түсті, ол, əрине, өнеркəсіпке, əсіресе құбыр транспортының өркендеуіне балта шапты, Одақтың басқа елдермен экономикалық қарым-қатынасты күрт əлсіретті.

Өзіміз көріп отырғанымыздай, қазақ жерінен өндірілетін өнімнің басым бөлігі Орталыққа жол тартты, яғни солтүстіктегі алып державаның территориясына шоғырландырылу одан əрі жалғасын тауып жатты, біздің ел тек мол қазынаның «кілті» болды.

Əйтеуір тəуелсіздік алып, өз алдымызға зайырлы ел болғаннан кейін шет елдермен бір қатарда саудаласуға, өз мүдделеріміз бен ұстанымдарымызды көрсетуге мүмкіндік туды.

Тəуелсіздік жылдарында «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі серпінмен дамыды. Бəсекеге қабілеттілігін жəне сенімділігін арттыруға бағытталған үлкен жұмыстар жүргізілді. Мұнайды тасымалдау мен ауыстырып тиеуге арналған жаңа нысандар салынды, сондай-ақ жол үсті мемлекеттер аумағы арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негіздер жасалынды т.б.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. — 13-қ. — 9-т. — 340-іс. — 17-п.
  2. Ресей мемлекеттік экономикалық мұрағаты (РМЭМ). — 70-қ. — 1-т. — 2381-іс. — 12-п.
  3. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты. — 1092-қ. — 1-т. — 159-іc. — 15-п. РМЭМ. — 70-қ. — 1-т. — 2959-іс.
  4. РМЭМ. — 70-қ. — 1-т. — 317-іс. — 2-п.
  5. Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты (МОММ). — 189-қ. — 1-т. — 170-іс. — 98–100-п. 7. РМЭМ. — 4372-қ. — 81-т. — 772-іс. — 243–245-п.
  6. МОММ. — 186-қ. — 1-т. — 686-іс. — 10-п.
  7. МОММ. — 186-қ. — 1-т. — 974-іс. — 150-п.
  8. МОММ. — 186-қ. — 1-т. — 953-іс. — 121-п.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.