Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлемдік туристік ағындағы отандық туризмнің даму жағдайы

Қазақстан Республикасы əлемдегі елдердің ішінде аумағы бойынша тоғызыншы орында, қарлы мұздақтардан бастап құмды бархандар мен тау шыңдарына дейін барлығы бар. Қазақстанның жеке аймақтарында таңқалдыратын түрлі табиғи ландшафттар мен адам қолы тимеген жабайы табиғат, бай тарихи жəне мəдени мұрасы, белсенді демалудың таусылмайтын мүмкіндіктері бар. Осының бəрі Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың жəне шетелдік туристерді қабылдаудың үлкен əлеуеті бар екендігін көрсетеді.

Республика нарықтық экономика жағдайында алға қарай даму үстінде, оны 2015–2016 ж. The Global Competitiveness Index қорытындысы бойынша 2015 жылы 42 орында болуы көрсетеді [1].

Алайда елдің мұнай өндіру мен металлургия саласы үстінде. Туризм саласына келсек, ұзаққа созылған пайда болу кезеңінде деп айтуға болады, ел экономикасына туризм саласының ықпалы онша мардымды емес. Елдің ЖІӨ-гі үлесі шамамен 1,7 %, басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда əлдеқайда төмен.

Туристік инфрақұрылымның дамымауы, қызмет көрсету сервис сапасының төмендігі, Қазақстан туралы жоғары қауіпті ел деген мифтің тұрақты болып қалуы, азаматтардың материалдық мүмкіндіктерінің шектеулігі, мемлекет пен жеке сектор мүдделерінің келіспеушілігі туризм саласының дамуын тежейді, бұл елге əлемдік туристік ағынның 1 %-дан төмен болуының себебі болып табылады [2].

Қазақстандағы туристік сала негізінен сыртқа шығу туризмінің дамуына бағытталған. Ал сырттан кіру жəне ішкі туризмді дамытуға назар қойылмаған. Осы жоғарыда айтылғандар негізінде зерттеу тақырыбы өзекті деп қорытынды жасалып, нəтижесі берілген мақалада келтіріледі.

Маңызды теориялық-əдіснамалық базаның болуына қарамастан, Қазақстандағы туризмнің бəсекегеқабілеттілігі мен тиімділігін жүйелі арттыру мəселесі əлсіз зерттелген деп ойлаймыз жəне авторлық жаңалық, теориялық ой түю, əдіснамалық негіздеуге кең мүмкіндіктер береді.

Осыған байланысты мақаланың мақсаты — Қазақстанда туризмнің заманауи жағдайын зерттеу жəне осы саланы дамыту бойынша ұсыныстар беру. Халықаралық туризм нарығы түрлі елдердің экономикасы үшін шешуші сала болып табылады, ал туристік қызмет барған сайын сұранысқа ие болып келеді.

World Tourism Organization (UNWTO) мəліметтері бойынша, туристік қызметтерді экспорттаудан түскен жалпы əлемдік кіріс жылына 1 трлн АҚШ долл. құрайды. Саяхат пен туризм секторында ғаламдық ЖІӨ-ң 10 %-н құрайды, əрбір 11-і жұмыс орны. Жыл сайын халықаралық шекараны бір миллиардтан астам турист өтеді екен. 2030 жылға қарай бұл сан 1,8 млрд туристке жетеді деп болжанады [3].

Туризм саласы — елдер мен аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуының басты катализаторы, себебі ол экономиканың басқа маңызды салаларын, көлік пен байланыс, сауда, К.А. Кирдасинова, А.А. Дүйсембаев, Г.И. Джемпеисова құрылыс жəне басқаларын дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар бюджетке шетелдік валютаның түсуінің маңызды көзі [4].

Əлемдік экономикадағы созылған дағдарыстық жағдайға, осыған байланысты экономикалық өсу қарқынының төмендеуі, экспорт пен импорт көрсеткіштерінің нашарлауы, макроэкономикалық тежелу мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің болуы сияқты құбылыстардың қатар жүруіне қарамастан, халықаралық туризм нарығы салыстырмалы түрде тұрақтылықты сақтауда.

2013–2014 жж. туризм салсы өндіріс саласының, қаржылық қызмет көрсету, бөлшек сауда салаларының өсу қарқынынан озып отырды, əлемдік ЖІӨ жалпы көлеміндегі үлес салмағының өсуі байқалады. 2014 ж. əлемдегі туристік қызметтер арқылы 4 млн жаңа жұмыс орындары құрылды.

Туризм саласындағы өсуге деген үдеріс, ең алдымен, дамушы елдер экономикасының күшеюімен түсіндіріледі, осы елдерге туристер ағыны өсуі байқалады.

UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымдар мəлеметтері бойынша, 2014 ж. бірінші жартысында туристік келу саны өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 25 млн адамға, немесе 5 %-ға, өскен жəне 500 млн адам шамасында құрады. Жəне де туристік жол жүру серпінінің өсу қарқыны экономикасы дамушы елдерде — 6 %, ал дамыған елдерде небəрі 4 % құраған.

Қалыптасқан əлемдік экономикалық конъюнктураның тұрақсыздығы сақталған жағдайда барлық аймақтарда оң нəтижеге жеткен. Айталық, Азия-Тынықмұхиттық аймақтардағы елдерге туристік сапарлар серпінінің өсу қарқынының 6 % болуы Оңтүстік-Шығыс Азияда (+12 %) жəне Оңтүстік Азияда (+7 %) туризмнің қарқынды дамуы арқасында орын алды. Еуропа елдеріне туристік бағытта келушілердің саны 5 %-ға өскен, оның ішінде Орталық жəне Шығыс Еуропада 10 %-ға, Оңтүстік жəне Жерортатеңіздік Еуропада 6 %-ға артқан. Африкадағы туристер саны 4 %-ға, Американдық аймақта 2 %-ға (Оңтүстік Америка мен Кариб бассейні елдерінің қалуы арқасында) өскен [5].

Туристік келу санының өсуі туристердің демалуға жіберетін шығындарының өсуімен қатар жүреді. Туристер шығындарының сомасы бойынша бірінші орынды Қытай (+31 %) жəне Ресей (+22 %) алады. Салыстыру үшін: Францияда 2 %-ға өскен, Жапония, Австралия жəне Италияда туристер шығыны кеміген.

Халықаралық туризм дамуы тұрғысынан елдерді сипаттауға Саяхаттар мен туризм бəсекеге қабілеттілік индексі (Travel and Tourism Competitiveness Index, TTCI) қолданылады, оны белгілі бір елдің туризм тартымдылығын қамтамасыз ету үшін факторлар мен саяси əрекеттерді өлшеу мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum) əзірлейді.

Берілген индекс ірі халықаралық ұйымдарда сауалнама жүргізу негізінде дайындалады, үш субиндекстен тұрады:

  • экономиканы реттеу субиндексі;
  • инфрақұрылым мен бизнес-орта субиндексі;
  • адами жəне табиғи ресурстар субиндексі.

World Economic Forum’s 2015 Travel and Tourism Competitiveness Index-ке сəйкес, туризм салсында əлемдік рейтинг көшбасшылары Испания (индекс = 5,31), Франция (5,24), Германия (5,22), АҚШ (5,12), Ұлыбритания (5,12), Швейцария (4,99), Австралия (4,98), Италия (4,98), Жапония (4,94) жəне Канада (4,92).

Алдыңғы қатарлы туристік дамыған елдер қатарында екінші ондыққа Азия-Тынықмұхиттық аймақ елдері мен аумақтары кіреді, атап айтқанда, Сингапур (11 орын; 4,96), Гонконг (13 орын; 4,68), Жаңа Зеландия (14 орын; 4,67), Қытай (17 орын; 4,54).

Қазақстан туризмнің даму деңгейі орташа елдер қатарына жатады, осы рейтингте 85-і орында (3,48). Осы топқа (70–95 орындар) Азия-Тынықмұхиттық аймақ елдері мен аумақтары кіреді, атап айтқанда, Филиппин (74 орын; 3,63), Вьетнам (75 орын; 3,60), Гватемала (80 орын; 3,51), Гондурас (90 орын; 3,41), Сальвадор (91 орын; 3,41), Никарагуа (92 орын; 3,37).

Қазақстан алған орын туризм дамуында жүзеге асырылмаған потенциалды мүмкіндіктерді көрсетеді. Оны жеке көрсеткіштер дəлелдейді, соның негізінде ғаламдық индекс қалыптасады.

Айталық, «Бизнес-климат» көрсеткіші бойынша Қазақстан 44 орында (бірінші үш орында Сингапур, Гонконг, Катар), «Қауіпсіздік жəне қорғалу» көрсеткіші бойынша 72 орында (бірінші үштікте Финляндия, Катар, Біріккен Араб Эмірліктері), «Халықаралық ашықтық» көрсеткіші бойынша 124 орында (көшбасшылар — Сингапур, Чили, Жаңа Зеландия). «Мəдени ресурстар жəне іскерлік туризм үшін инфрақұрылым» жəне «Экологиялық тұрақтылық» көрсеткіштері бойынша Қазақстан төменгі орындарда — 101 жəне 91 орындар сəйкесінше.

Қазақстан рекреациялық туристік ресурстардың өте үлкен потенциалына ие, оларға төмендегілердің болуы жатады:

  • тартымды табиғи объектілер, оның ішінде адам қызметі жетпеген;
  • бірегей тарихи-мəдени ескерткіштердің болуы;
  • туризм инфрақұрылым базалық объектілерінің болуы (əуежайлар, автокөлік жəне теміржол магистральдары, байланыс инфрақұрылымы).

Қазақстандық туризм даму деңгейін төмендегі кесте мəліметтерімен бағалауға болады, бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитет мəліметтері негізінде берілген [6].

Төмендегі кестеден көргендей, созылмалы ғаламдық экономикалық дағдарысқа жəне осыған байланысты техникалық-экономикалық көрсеткіштер қатарының нашарлауына қарамастан, қазақстандық туризм жалпы алғанда табысты дамып келеді.

Қазақстан Республикасында туризм дамуының индикаторлары, 2012–2014 жж.

Қазақстан Республикасында туризм дамуының индикаторлары, 2012–2014 жж.

  Туристік-рекреациондық қызметтер саласында шаруашылық субъектілер санының қысқаруы оларды ұтымдыландыру жəне осы нарықтан бəсекеге төтеп бере алмайтын кəсіпорындар мен жеке кəсіпкерлердің кетуімен туындаған. Оның ішінде туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 20,4 %-ға өскен жəне 70,7 мың адамды құраған.

Осымен қатар туризм саласындағы шаруашылық субъектілер өндірген өнім мен қызмет көлемі үш жылда 1,1 млрд АҚШ долл. асып, 20,7 %-ға өскен. Бұл J.E. Austin Associates Inc. Консалтинг фирмасының вице-президенті Мартин Вебер болжамының дұрыстығын көрсетеді, ол болашағы бар кластерлерді анықтаумен айналысып, «Қазақстанда туризм экономиканың пайдалы секторына айналу ықтималдылығы жоғары сала екендігін» айтқан болатын [7].

Аумақтық белгісі бойынша, туризм ішкі жəне халықаралық болып бөлінсе, халықаралық туризм өз кезегінде кіру жəне шығу туризмі деп бөлінеді.

Халықаралық туризм өнеркəсіптік дамыған жəне дамушы елдер үшін валюталық түсімнің маңызды көзі болып табылады. Айталық, Кипрде тауарлар мен қызметтерді экспорттаудан түскен түсімдегі шетелдік туризмнен алынатын табыстардың үлес салмағы 52 %, Грецияда — 36, Испанияда 35 %. Көпшілік дамушы елдерде шетелдік туризмнің үлесіне тауарлар мен қызметтерді экспорттаудан түсетін түсімнің 10–15 %-ы келеді.

Халықаралық туризм:

  • елдер арасындағы саяси, экономикалық, мəдени байланыстардың дамуына елеулі əсерін тигізеді;
  • экономикалық өсу локомотиві болып табылады;
  • ұлттық экономиканы əртараптандыруға ықпал етеді.

Бұл Қазақстанда халықаралық туризмді дамыту өзектілігін көрсетеді.

Қазіргі кезде қазақстандық халықаралық туристік бизнес шығуға басымдықпен бағытталып дамып келеді. Көпшілік туристік фирмалар өз клиенттерін шетелге жіберумен айналысқанды жөн көреді, ал ол ұлттық экономикаға кері əсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер елден ақшаны шығарып, барған мемлекеттің экономикасына құяды, сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді, ал осы кезде шетелдік туристер Қазақстанға валютаны енгізіп, біздің еліміздің экономикасына салады. Осыған байланысты кіру мен шығу туризмі арасындағы теңсіздікті жоюға, сондай-ақ ішкі туризмді дамытуға ұмтылу қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитет мəліметтеріне сəйкес, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шетелге шыққан туристер ағыны 15,3 %-ға өсіп, республика халқының 17,4 млн адам жалпы санында 10,4 млн адамнан асқан. Сонымен, Қазақстан халқының жартысынан астамы жыл ішінде шетелге сапарға шыққан.

Осы кезең ішінде Қазақстанға келген резиденттер еместердің саны 2,7 %-ға өсіп, 6,3 млн адамды құраған, бұл біздің еліміздің туристік тартымдылығының өскендігін көрсетеді. Жоғарыда айтылған мəліметтерге сүйенсек, республика ішінде сапар шеккен 4,2 млн адамды қосса, 2014 ж. туристердің жалпы саны 20,5 млн адам болып, республика халқының саны 17,8 %-ға артқан.

Қазіргі кезде шетелде Қазақстанды бірегей туристік мүмкіндіктері бар ең тұрақты ел ретінде қарайды. Республиканың əлемдік туристік нарықтағы оң имиджі бар құрамдас элементтерге қазақстандықтардың қонақжайлығы мен тілектестігі, табиғи көзтартарлық жəне тарихи ескерткіштері, бірегей мəдени жəне этникалық əртүрлілік жатады.

Қазақстанға 2014 ж. келген 6332734 шетелдік туристердің ең көп үлесін (81,6 %) мына елдердің азаматтарына тиесілі:

  • Өзбекстан — 2107177 адам, немесе 33,3 %;
  • Ресей — 1757721 адам, немесе 27,6 %;
  • Қырғызстан — 1308139 адам, немесе 20,7 %.

Алыс шетелден Қазақстанға келген туристер санына келсек, Қытайдан көп туристер келеді (228617 адам, немесе 3,6 %), Түркиядан (104986 адам, немесе 1,7 %), Германия (79572 адам, немесе 1,3 %), АҚШ (25824 адам, немесе 0,4 %), Ұлыбритания (23036 адам, немесе 0,4 %), Корея Республикасы (20445 адам, немесе 0,3 %), Грузия (14758 адам, немесе 0,2 %), Италия (14596 адам,немесе 0,2 %).

Келтірілген мəліметтер алыс шетел бойынша Қазақстанның туристік тартымдылығы жеткілікті деңгейде еместігін көрсетеді, оны келесідей факторлармен түсіндіруге болады:

  • туризм инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сəйкес келмеуі (жоғары жабдықталған қонақүйлердің жеткіліксіздігі, автомобиль жолдарының нашарлығы, жол бойындағы сервистің жоқтығы немесе дұрыс дамымауы);
  •  саланы толық қаржыландырмау, соның саладарынан инвестициялық тартымдылық деңгейінің жеткіліксіздігі, бұл өз кезегінде, келесідей факторлармен көрінеді: шетелде елдің жəне оның аймақтарының инвестициялық туристік əлеуетінің тиімсіз жылжуы; бизнес-жобалардың шала аяқталуы; туристік əлеуеті бар аумақтардың инфрақұрылымдарының (көлік байланыстары, коммуналдық жабдықтау жəне т.б.) нашар дамуы; туризм индустриясына инвестициялауда отандық кəсіпкерлердің қызығушылығының жоқтығы;
  • туристік қызметтер мен оларды құраушылардың (авиабилеттер, отельдерге орналастыру, экскурсиялық қызмет көрсету) құнының жоғарылығы;
  • ұсынылатын қызметтер ассортиментінің шектеулігі;
  • теңіз бен жағажай демалысының жоқтығы. Ал Каспий жəне Арал теңіздері болғанымен, су сапасы, жағажай мен сервис тіпті қазақстандықтардың өзін қанағаттандырмайды;
  • əкімшілік кедергілер (шетелдік туристерді тіркеу жəне шекаралық аймақтарда оларға рұқсат беру процедураларының ұзақтығы);
  • Қазақстан мен оның аймақтарының халықаралық нарықта туристік өнімдерін жылжыту белсенділігінің төмендігі;
  • туристік фирмалардың қызметтеріне мемлекеттік бақылау деңгейінің төмендігі;
  • туристік нарықтағы қатысушылардың бытыраңқылығы;
  • кəсіби кадрлардың, оның ішінде шет тілді меңгерген мамандардың жеткіліксіздігі [8, 2, 9].

Көрсетілген мəселелерді шешу үшін ел ішінде ұлттық туристік брендті жылжыту жəне халықаралық туристік қауымдастықта Қазақстанның оң имиджін жасау керектігі қарастырылған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасына сəйкес, ішкі жəне сыртқы туризмді дамытуға бағытталған түрлі жобаларды əзірлеу мен жүзеге асыру, елдің туристік имиджін қалыптастыру үшін республикалық бюджеттен 2013 ж. 1,9 млн долл., ал 2014 ж. — 1,8 млн долл. бөлінді.

Кіру туризмі мына жағдайларға ықпал ететіндіктен, Қазақстан басшылығы тарапынан кіру туризміне ерекше назар аударылады:

  • жолдамаларды сатудан жəне шетелдік туристердің тауарлар мен қызметтерді сатып алуынан елге шетелдік валютаның түсуі;
  • қонақ үй мен жергілікті экономиканың басқа секторларының (сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру жəне т.с.с.) дамуы;
  • көлік инфрақұрылымының дамуы;
  • қосымша жұмыс орындарын жасау жəне т.с.с. [9].

Шығу туризмі көлемінің өсуі Қазақстанның төлем балансындағы кері туристік қалдықтың қалыптасуына əкеледі, нəтижесінде республика туризм индустриясы жоғары қарқынмен дамып жатыр, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындарының əл-ауқат деңгейі өсіп жатқан Түркия, Қытай, Біріккен Араб Əмірліктері, Таиланд сияқты елдер үшін «төлем доноры» болып табылады [8].

2014 ж. шетелге шыққан 10449972 қазақстандық туристердің ішінде көбірек сұраныс болған:

  • Ресей — 4519534 адам, немесе 43,2 %;
  • Қырғызстан — 3557520 адам, немесе 34,0 %;
  • Өзбекстан — 1206772 адам, немесе 11,5 %.

Осы үш елге қазақстандық туристердің 88,7 %-і барған.

Алыс шетел бойынша туристік саяхат жасаған адамдар саны: Түркия (351121 адам, немесе 3,4 %), Қытай (336736 адам, немесе 3,2 %), Біріккен Араб Əмірліктеріне (112211 адам, немесе 1,1 %), Таиланд (52445 адам, немесе 0,5 %), Германия (48536 адам, немесе 0,5 %), Нидерланды (34754 адам, немесе 0,3 %), Ұлыбритания (21694 адам, немесе 0,2 %), Корея Республикасы (20715 адам, немесе 0,2 %),Грузия (18584 адам, немесе 0,2 %), Үндістан (17055 адам, немесе 0,2 %), Малайзия (15275 адам,немесе 0,15 %).

Көрсетілген бағыттар бойынша туристер ағынының өсуі байқалады. Бұл қолжетімді бағамен, қазақстандықтардың Еуразия елдеріне тұрақты қызығушылығымен түсіндіріледі.

Қытай еліне туристік ағынның өсуі, бір жағынан, шоп-туризмнің дамуымен түсіндірілсе, екінші жағынан, қазақстандықтардың жалпы алғанда осы елге деген қызығушылығының өсуімен де байланысты.

Республика азаматарының шетелден тауарлар сатып алу, оны кейіннен сату мақсатында баратын жол сапарлары бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тəжірибесінің жəне білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның тұтыну нарығының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады жəне, тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд АҚШ долл. құрайды.

Сонымен, бір мезгілде шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері əсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі əсер ете қойған жоқ.

Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Сапар мақсатына қарай шығу туризмі санын былай ажыратуға болады:

  • еңбек демалысы мен демалу — 39,8 %;
  • достары мен туысқандарына бару — 32,9 %;
  • іскерлік жəне кəсіби бағытта — 13,9 %;
  • білім алу жəне кəсіби дайындық — 1,6 %;
  • емдеу жəне сауықтыру процедуралары — 5,9 %;
  • дін жəне қажылық — 0,3 %;
  • дүкендерге бару — 5,1 %;
  • транзит — 0,1 %;
  • басқа мақсаттар — 0,4 %.

Сонымен, қазақстандықтардың шетелге бару санының көпшілік бөлігін демалыс өткізу, достары мен туысқандарына бару, кəсіби мақсатта сапарға шығу алады. Соңғы уақытта туристердің демалысқа қатынасы сапалық өзгеріске ұшырауда, спорттық жəне экстремалды саяхаттан гөрі, экскурсиялық жəне жағажайлық туризм саны өсуде. Қазақстандық экономиканы қайта құрылымдау іскерлік туризмнің дамуымен қатар жүруде, шетелге шыққан туристердің 14 %-н іскер туризм бойынша барғандар алады.

Жүргізілген зерттеулер нəтижесі Қазақстанда республиканы Еуразиядағы тартымды туристік объект ретінде алға тартудың қажетті алғышарттары мен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді. Ол үшін келесідей міндеттерді шешу керек:

  • қазақстандық туристік өнімдерді туристік қызметтердің ішкі жəне халықаралық нарықтарында алға жылжытуда елдің еуразиялық тарихи даму факторын жəне қазақстандық қоғамның көпұлттық, көпконфессиялық жəне мультимəдениеттік сипатын, оның құндылықтарын, дəстүрлерін, асханасын, мəдениетін белсенді қолдану;
  • туризм индустриясын мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру;
  • əлемдік туристік нарықта Қазақстан бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасайтын туризм инфрақұрылымын дамыту;
  • туризм индустриясына жұмыс жасап жатқан туристік объектілер мен орналастыру құралдарын қайта құру жəне жаңаларын құру үшін шетелдік инвестицияны тарту;
  • аймақтық туристік кластерді қалыптастыру жəне дамыту;
  • туристерге сапалы қызмет көрсету арқылы туристік қызмет өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында жəне шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тəжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік əлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кəсіпорындары пəрменді көмек көрсете алады;
  • шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық жəне аудиобейне жарнама материалдарын шығару жəне белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының web-сайттарын құруға айрықша мəн беру қажет;
  • туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап, Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қазақстандық туристік нарықты дамыту мен жетілдіру жолындағы кедергілер мен мəселелерді шешу бірнеше кезеңмен біртіндеп жүзеге асырылуы қажет, үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл туризмнің барлық түрлерін дамытуды жеделдетеді, сондай-ақ əлемдік туристік қызметтерде Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. The Global Competitiveness Index 2015–2016. — [ER]. Access mode: http://reports.weforum.org/global-competitiveness- report-2015-2016/competitiveness-rankings/.
  2. Шилибекова Б. Анализ современного состояния туристской отрасли в Республике Казахстан // Экономика и стати- стика. — 2013. — № 2. — С. 66–70.
  3. Global Travel & Tourism leaders hopeful for positive outcome at COP21 talks. — [ER]. Access mode: http://media.unwto.org/news/2015-11-30/global-travel-tourism-leaders-hopeful-positive-outcome-cop21-talks.
  4. Рынок международного      туризма:      основные      тенденции       2013      года.      —      [ЭР].     Режим      доступа: http://провэд.рф/analytics/research/7035-turizm.html.
  5. Новые тенденции в развитии международного туризма // Коринф. — 2007. — № 11. — С. 15–19.
  6. Туризм Казахстана 2010–2014: Стат. сб. — Астана: Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан, 2015. — 82 с.
  7. Prideaux B., Dallen T., Kaye Ch. Cultural and Heritage Tourism in Asia and the Pacific. — Oxon: Routledge Advances in Tourism, 2008. — 433
  8. Ашимбаева А. Потенциал развития туризма в Казахстане // Казахстанская правда. — — 13 сент.
  9. Исабеков С.Б. Проблемы развития туризма в Республике Казахстан (2014). — [ЭР]. Режим доступа: http://yvision.kz/post/482773.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.