Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды талдау

Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан–2050» Стратегиясында инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым, табыстылық қағидаттарына негізделген жалпы экономикалық прагматизмді экономикалық саясаттың жаңа курсы деп анықтады [1]. Жаңа курсқа сəйкес экономикалық əлеуетті арттыру мақсатында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал жасалуы керек. Тиімді мемлекеттік инвестициялық саясат мемлекет экономикасының даму прогресіне əсер етеді. Бұл прогресс, ең алдымен, макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына, яғни, ЖІӨ өсімі, мемлекет азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады. ҚР-ның статистикалық мəліметтеріне сəйкес, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарғаны байқалады. Осылайша, Қазақстанда соңғы 8 жылда ЖІӨ-нің деңгейі 62,6 %-ға өсті, айтарлықтай күнкөріс деңгейінен кем тұратын халықтың үлесі қысқарды, шамамен 1 % кедейлік деңгейі төмендеді. Яғни бүгінде осы проблемаларға ҚР-ның Президенті ерекше көңіл бөледі жəне осы проблемалардың оң тенденциясы инвестициялық қызметпен анықталады.

Қазіргі кезде мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі экологиялық, əлеуметтік, саяси, экономикалық жаһандану жəне дағдарыс жағдайындағы елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты озық экономиканы, жаңа экономикалық тұтқаны жəне елдің даму тұрақтылығын қалыптастыру үшін инвестициялық даму жобаларын пайдалану қажеттіліктерін анықтау керек [1]. Ел экономикасының стратегиялық мақсаттары мемлекеттімізге шетелдік инвестицияларды тартуға, интеграциялану қажеттілігі жаһандық экономикада модельдерді əзірлеуге қажеттілікті өсірді.

Қазақстан минералды ресурстарға, ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерге, білікті кадрларға бай. Елде айтарлықтай өнеркəсіптік əлеуеті бар. Бірақ табиғи жəне еңбек ресурстарын одан əрі тиімді пайдалану үшін ірі капитал қажет. «Стратегия – 2030» бойынша экономикамызға шетел инвестицияларын тарту міндеті қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Дүниежүзілік банк республикамызды əлемдегі 20 елдің қатарына қосты.

ҚР-ның инвестициялық саясатын талдау арқылы мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын айта кеткен жөн. Қазақстан бүгінде ТМД елдер арасында жан басына шаққандағы тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша жетекші орынға ие. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан əрі — ТШИ) көлемі жан басына шаққанда 2013 жылы 1350 долл. / адам болды, ол 2006 жылғы көрсеткішті 2,5 есе жоғарлатады. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемін салыстырсақ, Беларусь Республикасында — 1090 долл. / адам, Ресей Федерациясында — 130 долл./ адам құрады [2; 24].

Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы мен имиджін көрсетеді. ҚР-ның Ұлттық банкінің мəліметтеріне сəйкес, 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін ел экономикасына 196 млрд АҚШ долл. астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (1-сур.). Өнімнің жалпы көлемі бойынша Ресей, Қазақстан ТМД елдер арасында ЖІӨ үлесі бойынша жан басына шаққандағы тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша көшбасшы болып табылады [3].

1-сурет. ТШИ жалпы ағынының құрылымы жылдар бойынша (млрд долл.)   

  Диаграммада 2008–2009 жылдары, яғни əлемдік қаржы дағдарысы кезінде, əлемдік тікелей шетелдік инвестиция ағынының екі есеге дейін төмендегенін жəне Қазақстан, керісінше, олардың кірістерін күрт ұлғайтқанын көруге болады. Сонымен қатар 2008 жылы көрсетілген рекордтан $ 131 млн жоғары, яғни, 2009 жылы олардың көлемі $ 19.76 млрд жетті.

Есепті кезеңде елдердің тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны құрылымында Нидерланды (жалпы ТШИ түсуі 39,9 %) көш бастап тұр, одан кейін Франция (7,8), Қытай (5,9), АҚШ (5, кейін 2 %), Ұлыбритания (4,6), Ресей (3,9), Виргин (British) аралдары (3,3) жəне Жапония (3,1) (1- кесте). Қазақстан экономикасына инвестицияны 120-дан астам ел құяды [3].

Маңызды инвестициялық елдердің ТШИ жалпы ағынының құрылымы

 Инвестиция ағыны динамикасынан əртараптандырудың болмағанын көруге болады. Қазақстанның салалық құрылымын талдауда 100 ірі инвестор-компаниялардың көпшілігі əлі күнге дейін мұнай-газ секторында жұмыс істейтінін көрсетеді. Қазақстан экономикасының нақты секторларына    қарағанда     отын-энергетикалық    пен     минералдық     шикізат     секторларына инвесторлардың белсенділігі əлдеқайда жоғары.

Атап айтқанда, 2006–2014 жылдары $ 196,633 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды. $ 56,7792 млрд (38,7 %) — геологиялық барлау жəне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, $ 44,8839 млрд (30,6%) шикізат ресурстарын өндіруге бағытталған. Өңдеуші салаға шетелдік корпорациялар $ 15,4118 млрд (10,5%) инвестиция салды. Одан кейін саудаға — $ 7,3227 қызметке — $ 7,155 млрд (4,88%), құрылысқа — $ 3,3355 млрд (2.27%), млрд (5%), қаржылық сондай-ақ көлік жəне байланысқа — $ 2,3912 млрд (1,63%) инвестиция салынды. Экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне тікелей шетелдік инвестициялардың тек 1% тиесілі (2-сур.) [3].

2-сурет. 2014 жылы қызмет түрлері бойынша жалпы ТШИ ағынының үлесі 

 Капитал   салымының   əр   түрлі   бөлінуі   аймақтардың  экономикалық   даму   деңгейіндегі үйлеспеушілікті ұлғайтады. ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша, Астана жəне Алматы қалаларына, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстарына 60 %-ға жуық инвестициялық салым салынған. Осы аймақтарда 80 % астам кəсіпорындарында шетелдік инвесторлардың үлесі бар [4; 29].

Сонымен қатар инвестицияның қолайлы жағдайы шикізаттық емес секторда қарастырылған. ҚР- ның заңына сəйкес, жоғары қосылған құн бойынша өнімді шығаруға, салаларға капитал салымын салуға қарқынды түрде өсуіне жағдай жасалмаған. Тиімді жəне жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру жоғары инвестициялық тəуекелді қажет етеді. Осындай жобаларға инвесторларды тарту мақсатында олар үшін қолайлы жағдай жасау жəне тəуекелді азайту бəсекелестікте тікелей шетелдік инвестициялар тарту бұл оңай шаруа емес.

Шетел инвесторларымен жүргізілген сауалнамаға сəйкес, олардың Қазақстандағы шикізаттық емес жобаларға қатысуын тежейтін факторлар келесідей:

  • мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу жүйесінің болмауы;
  • заңнама мен механизмнің болмауы, заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуының тұрақсыздығы;
  • инвестицияны тартуда елдің бəсекеге қабілетсіздігі (валюта жəне қосқанда);
  • инвестицияны тартуда инфрақұрылым мен қызмет көрсетудің дамымағаны (қаржы, банк, ақпараттық-талдау, консалтинг, көліктік т.б.);
  • инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы;
  • визалық режим болуы [5; 31].

Осыған байланысты 2003–2015 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторлармен өзара қарым-қатынас жүйесін орнатты. Мəселен, 2010 жылдың қазан айында арнайы экономикалық аймақтарды   жəне   2010–2014  жылдарға   арналған   экспортты   ынталандыруды  дамыту   үшін инвестицияны тарту бағдарламасы қабылданды. Осыған сəйкес бірден 200 инвестициялық бастамалар   бойынша   ірі    шетелдік   компаниялармен  жұмыс   істеу   басталды.   Трансұлттық корпорациялардың қатысуымен 2 жыл ішінде 20-дан астам халықаралық бизнес форум ұйымдастырылды. Егер 2010 жылы Қазақстанда 5 мың шетел инвесторлары болса, онда 2011 жылы олардың саны 10 мыңнан астам болды.

Сонымен қатар 2010 жылы 12 тілде бизнесті жүргізудің шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болатын ұлттық инвестициялық веб-сайты www.invest.gov.kz іске қосылды [6].

2011 жылы инвестициялық заңнаманы жетілдіру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, ағымдағы жеңілдіктер пакетін кеңейту, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін рұқсат етілген шараларды оңайлату үшін арнайы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң қабылданды. Онымен қоса 2011 жылы ҚР Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі 1994 жылдан 2004 жылға дейінгі, бірақ қазіргі таңда тек өндірістік сектор үшін жұмыс істейтін «Инвестициялар туралы» ҚР-ның Заңына қайта қалпына келтіруді ұсынды.

Қазақстанның инвестициялық əлеуеті жеткілікті өсуде. Тек экономиканың бəсекеге қабілеттілігінің өсуі мен тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық ағыны неғұрлым тиімді пайдалануы $10 млрд долл. ұлғаюы мүмкін. Бұл мүмкіндікті іске асыру мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты дамытуға, инвестицияны тартуға министрлікпен ұлттық инвестициялық жоспар қарастырылған жəне ол 2011 жылдың 23 желтоқсанда ҚР-ның Үкімет Қаулысымен бекітілген болатын.

Ең алдымен жоспар шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасауды қарастырады. Осы мақсатта 6 салалық өндірістік секторлар жəне көлемі бойынша берілген салаларға инвестиция салған 20 инвестор елдер анықталды. Осылайша, 2014 жылға дейін жалпы 78 халықаралық корпорациялармен жұмыс жүргізілді, жəне 2015–2020 жылдары олардың саны 81 трансұлттық корпорацияларға өседі.

Сонымен қатар əрбір ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізіледі. Бұл тəсіл басым елдерде road-show, сондай-ақ «Жол картасын» əзірлеу жəне іске асыру инвесторлармен өзара қарым-қатынас үшін жүзеге асады. Мұнда Қазақстанда бизнестің ашылуы мен жүргізілуі, саяси көшбасшылар мен жетекші отандық компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесулер ұйымдастыру қамтылады; инвестициялық жобаны əзірлеу оны іске асыру сатысында жəне инвестициядан кейінгі қолдауда кеңестік қызметтер аясында көрініс табады.

Инвесторлармен жұмыс істеудің маңызды факторы Қазақстан өңірлерінде қолдауы болып табылады. Шетелдік инвесторлармен жедел жəне жақсы қарым-қатынаста болуға, шын мəнінде, «KAZNEX INVEST» аймақтық бюро агенттігі экспорт пен инвестиция ретінде қызмет ететін болады, ол үшін əр өңірлерде инвесторлар қызметін көрсету орталығы құрылады.

Сонымен қатар қазір облыс əкімдіктерінде, Астана жəне Алматы қалаларында инвестициялық ахуалға үйлестіру кеңесін құру сұрағы қарастырылуда. Олардың басты міндеті — мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жəне инвесторға проблемаларды шешуге көмек көрсету.

Алдағы жылдары шетелдік тікелей инвестициялардың құрылымын өзгерту процесінде мемлекеттің рөлі шешуші, сондықтан үкіметпен енгізілген жаңа құралдар «шикізаттық емес» инвесторларды тарту болып табылады. Дұрыс бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде басталды, шет елдерде біздің ресми делегациялардың өндірістік секторда жаңа меморандумдар мен келісімдерге қол қою аяқталды. Соңғы Халықаралық даму институтының мен KPMG бірлесіп дайындалған Change Readiness Index 2013 рейтингіне сəйкес, Чили, Тунис, Йордания жəне Тайвань елдерінен кейін Қазақстан 60 елдің ішінде 5-ші орынға ие болды. Бұл рейтинггте мемлекеттің əлемдік экономиканың тез өзгеретін жағдайларына бейімделу қабілеті бағаланады, біз айтарлықтай Қытай, Малайзия, Үндістан, Бразилия, Түркия жəне Оңтүстік Африка елдерін арта қалдырдық. Ал ТМД біздің көршілес елдерін айтсақ, Украина 37 орында, Ресей тек 51-ші орынға ілікті [7; 15],

Соңғы екі жылда дамушы елдер одан əрі тікелей шетелдік инвестицияларды алушы ретінде өз инвестицияларын арттырды, Қазақстанның басты тенденциясы ТШИ саласында сыртқы инвесторларды тарту болып табылады. Халықаралық өндіріс орталығында əлемдік инвесторлар барған сайын өтпелі экономикасы бар елдердің нарықтарын дамыту үшін жобаларға өз ақшасын құяды. Атап айтқанда, 2010 жылы алғаш рет дамушы нарықтар көбірек ғаламдық тікелей шетелдік инвестициялық ағындары жəне алты өтпелі елдердің жартысынан астамы жиырма ең ірі инвесторлар қатарына кірді. Дамушы экономикасы бар елдердің трансұлттық корпорациялардың динамикасы шетелдік инвестициялары əлі дамыған елдерден корпорациялардың инвестициялық белсенділіктің төмендігі фоны 2008 жылы жартысына жуығы құрайды.

Сонымен қатар жаһандық экономикалық ынтымақтастық бүгінгі күні тікелей шетелдік инвестициялар жəне сауда есебінде қарастырылмайды. Соңғы жылдары СНУК капиталына қатысты емес халықаралық өндірісті ұйымдастыруда аралық звеноның рөлі артты. Трансұлттық корпорациялар жаһандық өндірістік-өткізу тізбегіне өнеркəсіптік өндірісті жəне ауыл шаруашылығын, қызмет көрсетуді, аутсорсинг, франчайзинг, лицензиялау, басқару шарттары мен тағы басқалар түрдегі келісім-шарттарын қосады. СНУК оларға өндірістік функция арқылы жергілікті компаниялар лицензия арқылы өнімдерін шығаруға рұқсат беруге жəне өндірістік филиалдарды құруға мүмкіндік береді. Осыған сəйкес СНУК жобалары инвесторлар үшін бастапқы да төмен капитал мен тəуекелді сипаттайды. Өз кезегінде қабылдаушы елдердің жаһандық өндірістік- өткізу тізбегін интеграциялауға мүмкіндігі бар. UNCTAD мəліметтеріне сəйкес, негізінен дамушы елдерде тек 2010 жылы ғана сату көлемі $ 2 трлн долл. өсті [8; 483].

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, СНУК шетел инвесторларымен қарым-қатынасы сияқты Қазақстанда өзіне табысты болатын жақтарын белгілеу қажет. UNCTAD сарапшылардың ұсыныстарына сəйкес, осы тетіктің əлеуетін пайдалану, инвестициялық саясаты əзірлеу үшін жауапты мемлекеттік органдар ең алдымен келесідей негізгі сұрақтарға жауап беруі керек. Біріншіден, қалай ұлттық даму стратегияларын СНУК саясатымен ұштастыруы тиіс. Екіншіден, қалай отандық компаниялардың өндірістік əлеуетін дамыту жаһандық өндірістік өткізу тізбектерінің қолдауына ие бола алады. Ал, үшіншіден, СНУК қалай көтермелеу жəне ынталандыру құралдарын əзірлеуі қажет.

Минералдық-шикізат кешені Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуының негізі жəне инвестициялар үшін ең тартымды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы 12 жылда пайдалы қазбалар, жер қойнауын пайдалану əр түрлі түрлері салынған инвестицияның жалпы көлемі

$ 200 млрд долл. асты. Алайда геологиялық зерттеулер үшін қолданыстағы кен орындарын қарқынды пайдалануда мемлекеттің рөлін күшейтуді талап етеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық қызметі Қазақстанның əлеуметтік- экономикалық көрсеткіштеріне оң əсерін көрсетеді (2-кесте) [9].

2002–2013 жж. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен төлемдерді төлеу құрылымы, млрд тг

 Сондықтан соңғы 12 жыл ішінде əлеуметтік саланы жəне жергілікті инфрақұрылымды дамыту үшін $ 2,3 млрд долл. (2012 жылы $ 317,5 млн), технологияларды сатып алуға — $ 308.1 млн, мамандарды оқытуға — $ 905,5 млн долл. көлемінде қаржы бөлді. Осы уақыт ішінде МСК жұмыспен қамтылғандардың саны 2001 жылы 175 мың адамнан 2012 жылы 181 мың адамға дейін өсті.

Қазақстан бюджетіне жер қойнауын пайдаланушылар 2001–2013 жылдары 13 844, 7 млрд теңге көлемінде салықтар мен төлемдер төлеген. Ал өткен жылы ғана бұл көрсеткіш 3 653.6 млрд теңге құраса, оның ішінде 1172,2 млрд теңге (немесе салықтар мен төлемдердің жалпы сомасының 32%) — НДПИ-ға, 908,6 млрд теңге (25%) — корпоративтік табыс салық, 39,6 млрд теңге (1%) — əлеуметтік салық, 18 млрд (1% кем) — ҚҚС, 3,3 млрд ҚҚС — бонустар, 1 511,9 млрд теңге басқа салықтар мен төлемдерді құрады [9].

Осылайша, ел экономикасына инвестицияны тарту соңғы 11 жылда заңдар мен нормативтік актілердің қалыптасуын, экономиканың басым салаларын, инновациялық құрамдас кəсіпорындарды, жаңа жұмыс орындарын құру жəне т.б. дамыту үшін құрылған саяси шаралар инвестицияны тартудағы ел имиджінің қалыптасуына үлес қосты.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Стратегия «Казахстан – 2050»: новый политический курс состоявшегося государства. Послание Президента Респуб- лики Казахстан — Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Астана, Акорда // Казахстанская правда. — 2012. — 15 дек.
  2. Гендер М.И. Инвестиционный климат стран СНГ // Business central — 2013. — December, 15. — 7. — С. 24–27.
  3. Официальный сайт Национального банка Республики Казахстан. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.nationalbank.kz
  4. Нурланова Н.А., Бейсенбина А.К. Оценка потенциальных инвестиционных возможностей регионов // Капитал, инве- стиции, технологии. — 2013. — № 11. — С. 29–32.
  5. Марченко Г., Мачульская О. Рейтинг инвестиционной привлекательности Казахстана // Эксперт. — 2014. — 8 окт. — № 11. — С. 31–34.
  6. Национальный инвестиционный веб-сайт. — [ЭР]. Режим доступа: http://invest.gov.kz Дейнеко А.В. Привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: состояние и развитие процесса // Ка- питал, инвестиции, технологии. — 2013. — № 1. — С. 15–19. Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций: учеб. пособие. — Алматы, — 632 с. Официальный сайт Агентства Республики Казахстан по статистике. — [ЭР]. Режим доступа: stat.gov.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.