Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмдері

 Қазіргі заман жағдайында əлеуметтік инфрақұрылым қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігінің маңызды факторы, адамның ұтымды өмір сүруі үшін материалдық мүмкіндіктерді қолдануының тереңдігі мен кеңдігінің көрсеткіші, сонымен қатар мемлекет экономикасының əлеуметтік бағдарлану деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Заманауи Қазақстан қоғамының алдында экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне рухани дамудың алуан түрлі міндеттері түбегейлі тұр. Экономика мен рухани өмірдің жан-жақты тығыз байланысы толық көлемде көрінеді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында адами факторды ескерудің қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан қоғам өмірінің кез келген жағын қарастырғанда əлеуметтік даму сұрақтары шешуші орында болады. Мамандардың біліктілік деңгейі, іскерлік, шығармашылық орта жəне жағымды əлеуметтік-психологиялық табиғаты, адамдардың тұрмыстық жағдайына көңіл бөлу, мəдени мекемелер мен спорт кешендерін құру – осының барлығы адам өмірін қызықты əрі мəнді етеді жəне оның жұмыс нəтижелеріне жағымды əсерін тигізеді. Экономикалық жəне əлеуметтік факторлардың өзара əсерлерінің мəселелері əрдайым назарда болған. Солардың ішінде инфрақұрылым» мəселелері ерекше орын алады.

Əлеуметтік бағдарланған экономикаға көшу қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарының мəнін толығырақ түсінуді жəне осы ілімдерді жаңа қоғамды қалыптастыру кезінде қолдануды қажет етеді. Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының алдында экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне рухани дамудың алуан түрлі міндеттері түбегейлі тұр. Бұл əлеуметтік үрдістерді басқару теориясын тереңдетуді, қоғамдық өмірдің əр түрлі салаларының мақсатты жəне жоспарлы даму нысандары мен əдістерін жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын əлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған құжат деп айтуымызға болады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттері қарастырылған:

  • шұғыла қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру;
  • индустриялық инфрақұрылымды жəне туристік инфрақұрылымды дамыту;
  • бірыңғай электр энергетикалық жүйе шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;
  • тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығының  инфрақұрылымын  жəне   жылумен,   сумен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту;
  • азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
  • білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;
  • кəсіпкерлік субъектілерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру [1].

Өзінің экономикалық мəні бойынша əлеуметтік инфрақұрылым, бір жағынан, мемлекеттің (қоғамның)   əлеуметтік   саласының   бір    бөлігі   болып   табылады.   Екінші    жағынан,   нарық қатысушыларының арасындағы шаруашылық-қаржылық қатынастарға енуі көзқарасына байланысты, ол əлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтерді өндіру саласы ретінде тұтас экономикалық инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылады.

Осыған    байланысты,   басқа    əлеуметтік   институттар   орындай    алмайтын    əлеуметтік инфрақұрылымның өзіне ғана тəн айрықша қызметтерін зерттеу міндеті тұр.

Əлеуметтік инфрақұрылым қызметтерін саралау барысында əлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты нақты үдерістерді зерделеуге бет бұрдық (кестені қара).

 

 Əрі қарай кез келген институт қызметінің мəселесі оның қандай мақсатпен құрылғанына жəне қоғамдық дамуға қалай əсер ететініне байланысты. Сондықтан үлкен теориялық жəне практикалық мəні бар инфрақұрылымның мақсатты қызметтері туралы сұрақты көтерген дұрыс болар.

Қоғамдық дамуды оңтайландыру міндеттерінің табысты шешілуі, ғылыми-техникалық революция жетістіктерінің жүзеге асырылуы, қазіргі заманғы қоғамның ресурстарының жəне əлеуетті мүмкіндіктерінің тиімді қолданылуы, көп жағдайда, мақсаттың қалай қойылғанына, оған жету жолдары мен мүмкіндіктері қаншалықты нақты белгіленгеніне байланысты болады.

Əлеуметтік инфрақұрылым – экономика салалары, секторлары жəне халыққа қызмет көрсету мен рухани пайда беру бойынша іс-əрекеттер жиынтығы. «Əлеуметтік инфрақұрылым» ұғымы экономикалық əдебиетте кейіннен қолданыла бастады. Оны халыққа қызмет көрсету саласы ретінде қарастырады [2].

Ж.Т. Тощенконың ойынша [3], əлеуметтік инфрақұрылым — əлеуметтік субъект (тұлға, топ, класс, қоғам) байланысатын жəне оның еңбек, қоғамдық-саяси, мəдени жəне отбасылық-тұрмыстық іс-əрекеттерін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтын материалдық элементтер жиынтығы. А.П. Леоновтың көзқарасы [4] сəл ерекшеленеді, оның пікірінше, əлеуметтік инфрақұрылым — халықтың тіршілік етуі мен көбеюіне, оның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын элементтер мен объектілер кешені.

Əлеуметтік инфрақұрылым — бұл əлеуметтік саланың қызмет етуі мен дамуына жалпы жағдайларды қамтамасыз ететін элементтер кешені. Оған денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, дене шынықтыру, спорт жəне туризм, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылысы жəне тағы басқа салалар жатады. Олар өз кезегінде халықтың мəдени, білім, медициналық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын əртүрлі меншік нысандағы кəсіпорындар мен мекемелерді құрады. Əлеуметтік инфрақұрылым адамның қалыптасуына, оның рухани əлеміне, мəдениетіне, өмір салтына, денсаулықты сақтау мен нығайтуға үлкен əсерін тигізеді. Əлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы мен даму деңгейі халық тіршілігінің деңгейі мен сапасын анықтайды. Сондықтанда əлеуметтік инфрақұрылымды мемлекеттік реттеуге əлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу мен жалпы экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ішінде басты орын беріледі [5].

Əлеуметтік инфрақұрылымды тұрғындардың өмір сүру сапасының факторы ретінде зерттеуде, оның жалпы өмір сүру сапасы жүйесінің ішкі факторын ескерген жөн. Берілген құбылыстардың арақатынасы өмір сүру сапасының ерекшеліктері мен көрсеткіштер жүйесіне негізделгенін көруге болады. Бұл жүйенің бірқатар сипаттамасын əлеуметтік инфрақұрылымға жатқызуға болады. Оған жататындар: тұрғын үймен жəне меншікпен қамтылуы; денсаулық сақтау, мəдени, демалыс, объектілерімен, инфрақұрылыммен (инженерлік құрылыстар мағынасы түсінігінде) қамтылуы; физикалық жəне мүліктік қауіпсіздік. Өмір сүру сапасының кейбір сипаттары əлеуметтік инфрақұрылым жұмысының тікелей нəтижесі болмаса да, оның негізінде пайда болады: тұрғындардың ұдайы өндірісінің мəні, жанұялық, білім беру деңгейі, біліктілік, тұрғындардың денсаулығы.

Негізінен əлеуметтік инфрақұрылымның өзіндік мəні жағынан азаматтың ұдайы өндірістік аймағы екенін айта кеткен жөн. Сондықтан өмір сүру сапасының мынадай демографиялық факторларын айтуға болады: еңбек ресурстарының жағдайына, əр түрлі əлеуметтік топтардың санына, түрлі ұрпақ өкілдері арасындағы бəсекелестік деңгейіне əсер ететін тұрғындар санының, өмір сүру ұзақтығының мүмкіндігінің, жыныс пен жас құрамының өзгеруі.

Өмір сүру сапасының əлеуметтік жəне экономикалық факторларынан əлеуметтік инфрақұрылымның мəні ашылады. Мəселен, əлеуметтік инфрақұрылым объектілері шегінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді өсіру экономикалық факторларға тəуелді: əлеуметтік сала мекемелерінің, ұйымдарының қаржылық мүмкіндіктеріне жəне халықтың (əр түрлі əлеуметтік қызметтер сатушыларының жəне тұтынушыларының) табыс деңгейіне. Анықталған аймақта орналасқан əлеуметтік инфрақұрылымның əрбір нысаны тұрғындарды қамтитын қызмет санын ескеруі қажет, ал қызметтер қабылданған стандарттарға (мысалы, тұрмыстық, білім беру жəне тағы басқалар), қолда бар қаржылық жəне материалдық-техникалық ресурстарға сəйкес болуы керек. Əлеуметтік инфрақұрылым өмір сүру қызметінің көптеген үдерістеріне қатыса отырып, оларды жайлы, ұтымды, тиімді етіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсы жағына өзгертеді.

Халықтың өмір сүру сапасын өсірудің салдарын жəне көздерін тек экономикалық факторлармен анықтауға болмайды. Олар өте күрделі, көпсипатты жəне əрдайым қатаң түсіндірілуге келмейді. Əлеуметтік жағынан өмір сүру сапасына еңбек ету қызметіндегі əрбір еңбекке қабілетті тұлғаның өзін көрсете алу мүмкіндігі əсер етеді. Еңбек — адамзатпен пайда болатын ерекше əлеуметтік үдеріс. Еңбек қызметіне объективтік (еңбек ету ынтасы, еңбекақы мөлшері, еңбек жағдайы) жəне субъективтік (білім, дағдылар) факторлар əсер етеді. Кез келген тұлға өзін көрсете білетін жəне ол арқылы адамдық мүмкіндіктерін іске асыра алатын қызмет түрін табуы қажет.

Нақты əлеуметтік зерттеулерге негізделген ғылыми зерттеулерде өмір сүру сапасын жақсарту үшін əлеуметтік инфрақұрылымның маңыздылығы дəлелденген, бірақ олардың көпшілігі қала шеңберінде жүргізілді. Зерттеулер көрсеткендей, əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты əлеуметтік-экономикалық салдарға əкеледі, оның ішінде еңбек өнімділігін арттырады, жұмыспен қамтуды ұлғайтады жəне халықтың бейəлеуметтік деңгейін азайтады, əлеуметтік шиеленісті төмендетеді, əлеуметтік төлемдерді көбейтеді.

Əлеуметтік инфрақұрылымды ұтымды дамыту – көпжақты мəселе, ол ғылыми басқарудың көптеген сұрақтарын шешуді талап етеді. Қоғамдық дамудың күрделенуі адам өмірінің жалпы жағдайының кешені жайындағы басқа көзқарасты талап етті. Жетілдіру үдерістері олардың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар барлық қажетті жағдайлар байланысының жүйелігін көрсетті.

Қоғамның жаңару үдерістерінен əлеуметтік инфрақұрылымның даму бағыттары анықталады. Əлеуметтік инфрақұрылымның көптеген бөлшектері басқару үдерісінде ескерілсе де, көптеген жылдар бойы оның рөлі бəсеңдеу болды жəне ол қоғам дамуының барлық сатыларында игерілген экономикалық жобалардың өндірістік əлеуетінің қызметі ретінде қолданылды.

Қазіргі уақытта əлеуметтік инфрақұрылым моноқалалардың жəне ауылдық аумақтардың даму мəселелерін қарастыру кезінде маңызды орын алады. Бұл үдерістерді тиімді басқару адамдардың мінез-құлқының əлеуметтік негізін қалыптастыру ерекшелігін ескермей елестету мүмкін емес.

Əлеуметтік инфрақұрылымның нысандары қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамның ұтымды қызметін қамтамасыз ететін жағдайлардың нақты элементтерінің тұрақты жиынтығын көрсететін ағымдағы нақты жағдайды сипаттайды. Əлеуметтік инфрақұрылым өндірістік ұйымдардың, еңбек ұжымының деңгейінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда оның əлеуметтік инфрақұрылымының материалдық негізіне арнайы өндірістік үдеріске бағытталған ұйымның əлеуметтік қорлары жатады. Ғылыми əдебиеттерде ұсынылған көзқарас өзінің мəнін толығымен ашқан жоқ, дегенмен əлеуметтік инфрақұрылымның бұл деңгейі теориялық тұрғыда, тəжірибелік талдауда көңіл бөлуді талап етеді.

Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты дамуы экономикалық заңдылықтарына, əлеуметтік үдерістерге, халық өмірінің нақты жағдайларына тəуелді. Бұл заңдылықтарды қолданудың басты рөлі ғылыми-тəжірибелік ілім мен қызметтердің арнайы құралдары болып табылатын əлеуметтік инфрақұрылым қағидаттарының, əдістерінің, нысандардың жəне қаражаттардың жалпы жүйесіне жатады. Ғылыми тұрғыда əлеуметтік инфрақұрылым жүйесін екі жақты қарастыруға болады:

  • теориялық-əдістемелік жəне іргелі ғылым негізінде. Мұнда оның əдістемесі зерттеледі, заңдылықтары, қағидаттары, ұғымдар тізбегі қарастырылады;
  • қолданбалы, əлеуметтік-экономикалық, басқару ғылымы негізінде. Əлеуметтік-тəжірибелік шараларды шешуге арналған теориялық жəне эмпирикалық қосымшалар пайдаланылады.

Мемлекеттің əлеуметтік инфрақұрылымының тұрақты даму механизмінің əдістемелік- тəжірибелік жəне теориялық-əдістемелік негізі əлеуметтік, экономикалық, институционалдық, басқарушылық, ұйымдастырушылық жəне моральды-этикалық шешімдердің нəтижесінде қалыптасады, сондықтан бұл ретте əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмі түсініктемесі түзіледі.

Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механимі қысқа мағынада – халықтың əл-ауқатын жақсартуға арналған салалық əлеуметтік инфрақұрылымның құрылуындағы тепе-теңдіктік қалыптасып жұмыс істеуі.

Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмі кең мағынада — əлеуметтік инфрақұрылымның тиімділігін жоғарылату мақсатында қарастырылатын əлеуметтік-экономикалық, институционалдық, басқарушылық, ұйымдастырушылық жəне моральды-этикалық əдістердің, сонымен қатар көрсеткіштердің жиынтығы.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, ғылыми дəлелденген тұрақты əлеуметтік инфрақұрылым бұл қоғамдық қатынастарды жəне қоғамдық байланыстарды қалыптастыратын, жаңа қоғамдық əлеуметтік бағыттарды құратын жəне əлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін категория болып табылады. Осындай жүйе азаматтардың өмір сүру деңгейіне кепілдік беретін жəне келесі қағидалардың орындалуын: экономикалық тиімділіктің бірлігін, əлеуметтік əділдіктің, өзін-өзі қорғау жүйесін қарастырады.

Қоғамда қалыптасқан экономикалық құбылыс əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақтылығын жоғарылату қажеттілігін, күрделі əлеуметтік мəселелердің шешілуін, əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмдерінің жаңа тетіктерін, қаржылық жəне материалдық ресурстардың тиімді қолданылуын талап етеді.

Мемлекет қаржылық ресурстарды жинақтай жəне қайта бөле отырып, өз қызметін жүзеге асыруда əр түрлі заң қызметтерінің аясында ауылдың əлеуметтік ортасының дамуына, əлеуметтік құрылымдардың бəсекелестік жағдайына, əлеуметтік өмірдің деңгейіне, экономикалық белсенділіктің қызығушылығын артыруда, жергілікті жəне муниципалды білім жүйелерін жүзеге асыруда жəне бизнес ортасынының құрылымына əсер етеді.

Əлеуметтік инфрақұрылымды жүзеге асыру механизмінің негізін ауылдық жерлерге ауыз су тарту, газ жүйесін қалыптастыру жəне құбырларын тарту, электр тораптарын өткізу, байланыс жүйелерін орналастыру, радиоқабылдағыштарды орналастыру, жол құрылыстарын жөндеу жəне тарту барысындағы республикалық мақсатты бағдарламалар құрайды, сонымен қатар əлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз етудегі қалпына келтіру жұмыстары жатқызылады.

Коммерциялық əлеуметтік құрылымдар бүгінгі таңда келесі кедергілерге тап болады: толық түрдегі құқықтық базаның жетіспеушілігі, шағын бизнесті қолдауға арналған ұйымдастыру шаралардың күрделігі, салық жүйесінің жетіспеушілігі, тұрақсыздық мен анықтылықтың байқалуы, əлеуметтік қызмет өндірісінде жеке капиталдың қызығушылығының болмауы. Ауылдың əлеуметтік инфрақұрылымының дамуының тиімділігін жоғарлату өз кезегінде ұйымдастырылған-басқару бағыттары мен экономикалық механизмдерді реформалауды қарастырады, яғни бұрынғы жүйе мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттік қаржылардың тиімді бөлінуіне бағытталған болатын. Əлеуметтік инфрақұрылымның шаруашылық жəне экономикалық жақтарын қатаң түрде талдауда директивті көрсеткіштер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шикізат көздерінің тапшылығы, қосалқы бөлшектерді жабдықтауда, қондырғыларды жеткізуде, өндірістің қуаттылығын есептеуде маркетингтік құралдар көбінесе есепке алынбайды.

Сондықтан маркетинг əлеуметтік инфрақұрылымды ұйымдастырудағы шаруашылық механизмнің бөлімі ретінде қарастырылғандықтан, маркетингтік стратегияны осы қызмет түрінде қолдану қоғамдағы қылмыстық топтардың болуымен, көлеңкелі экономиканың жолдарының тым ұлғайып кетуімен, кейбір салалардағы бəсекелестіктің төмен болуымен, табиғи монополиялардың болуына байланысты оларды жүзеге асыру қиынға түсіп отыр.

Күрделі құрылымдарға сəйкес, оның ішінде ұйымдардағы маркетингтің əлеуметтік- жауапкершілігінің концепциясының күрделі құрылымына байланысты, тұтынушылардың əлеуметтік қызмет түрлеріне байланысты өзгеруі қоғамда бірегей əлеуметтік мəнділікті қарастырмайды.

Əлеуметтік инфрақұрылымның даму тенденциялары мен мəселелерін бағалауда əлеуметтік қызмет нарығының келесі ерекшеліктерін қарастырамыз:

  • ауыл шаруашылық өндірушілерінің жəне төлем қабілеттіліктері жоғары үй шаруашылығының сұранысқа деген қызығушылығын анықтау;
  • ауылдық жерлердегі əлеуметтік кепілдіктің міндетті болмауы;
  • əлеуметтік қызмет нарығындағы тұтынушылардың қорғалмауы;
  • мемлекеттің əлеуметтік қызметтерінің орындалмауы – фискалдық жəне реттеуші.

«Əлеуметтік инфрақұрылым» категориясының анықтамасын зерделей отырып, біз ол ұғымға өзіндік анықтама беруді ұйғардық. Əлеуметтік инфрақұрылым деп азаматтардың əлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, түрлі мүмкіндіктерге сəйкес ұлттық экономикадағы өз орнын анықтайтын көп деңгейлі жүйеде жұмыспен қамту мен экономикалық өсу əлеуетін қалыптастыру үшін, əлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, азаматтардың табыстары мен тұрмыс деңгейін қолдауға байланысты ресурстарды тиімді қолдану бойынша азаматтар арасындағы қатынастар жүйесін айтамыз. Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмі дегеніміз — əлеуметтік инфрақұрылымның тиімділігін жоғарылату мақсатында əлеуметтік-экономикалық, институционалдық, басқару, ұйымдастыру жəне этикалық үдерістерге əсер ететін əдістердің, көрсеткіштердің жəне ынталардың жиынтығы.

Əлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылуының негізгі мақсаты адамның тұрмыстық, рухани жəне мəдени қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, оның толықтай жəне жан-жақты дамуын зерттеу болып табылады.

Қазіргі уақытта əлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, салауатты, шығармашылық белсенді ұрпақтың қалыптасуы мен өсіміне, олардың əл- ауқаты мен ұзақ өмір сүру деңгейін өсіруге бағытталған əлеуметтік саясаттың негізгі шараларын ескереді. Бұл мəселелер тұрғын үй мəселесін шешуге жəне жоғары сапалы тұрғын үйге деген халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Сонымен қатар əлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі мен сапасын өсіру тұрғындардың қызметінің мəдени аймағын қалыптастыру, өмірі мен шығармашылығының экологиялық жағдайларын жақсарту, тауарлар мен қызметтер көлемінің өсуін жəне өнімділігін арттыру үшін негіз ретінде өз қызметкерлерінің кəсіби деңгейін жоғарлату, жастар мен ересектер, соның ішінде халықтың барлық топтарының, əлеуметтік қорғау кепілдіктерін құру, халықтың төлем қабілеттілігі артуына байланысты тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылады.

Сонымен, əлеуметтік инфрақұрылымның дамуын реттеудің тиімділігін өсіру келесідей мүмкіндіктер береді:

  • əлеуметтік қамту жүйесінің нəтижелігін өсіреді;
  • тұрғындардың əлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру сұрақтарын жүргізу мен басқару үшін, мемлекеттік басқару органдарының құқығы мен міндеттерін қамтиды, олардың жұмыс нəтижелерін ұлғайтады;
  • бизнес өкілдерін əлеуметтік инфрақұрылымның даму үдерісіне енгізеді;
  • тұрғындар алдындағы əлеуметтік кепілдемелердің орындалуын қамтиды;
  • жоғары өндірістік жəне ғылыми еңбектің өсуіне қажетті жағдайлар жасайды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 6 сəуіріндегі № 1030 Жарлығымен бекітілген. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: egov.kz
  2. Синельников А.Г. Социальная инфраструктура: вопросы теории и практики. — СПб.,
  3. Тощенко Ж.Т. Социология. Общий курс. — М.: Прометей; Юрайт-М, 2001. — 511 с.
  4. Леонов А.П. К вопросу о понятии «социальная инфраструктура». — Харьков: Высш. шк., — С. 73–79.
  5. Есенгельдин Б.С., Мурзатаева Г.К., Сейталинова А.С. Государственное финансовое регулирование социальной ин- фраструктуры в Республике Казахстан // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Экономика. — — № 4. — С. 141–147.


 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.