Əлемде жəне Қазақстан Республикасының дамуында бүгінгі таңда инновацияға көп көңіл аударылуда, себебі қазіргі кезде инновациясыз өркениетті жəне бəсекеге төзімді мемлекет құру мүмкін емес, сондықтан қай салада болмасын инновациялардың болуы шарт. Инновация дегеніміз — жаңа, ең алғаш ойлап табылған жəне өндірісті дамытуға, тиімділігін арттыруға тікелей əсер ететін қозғаушы күш деуге болады. Осыған орай біздің мемлекетіміз əрқашан инновацияға ұмтылушы ретінде болады, елдегі 2016 жылдан бастап іске қосылған жаңа заңдар оған куə ретінде бола алады. Қай салада болмасын осы жаңалықты енгізуге байланысты жаңа заңдар қолданысқа берілді [1, 2].
Дамудың инновациялық жолына мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан бері түсті десек, артық айтпаймыз, себебі қабылданып жатқан жаңа бағдарламалар, ұлт жоспары, заңдылықтар, үкіметті электрондылау барлығы жаңалықты енгізуге құштарлығымызды көрсетеді, үкімет қоржынына жылына миллиард теңге ғылым мен инновацияға жұмсалуда. Жылда Елбасының Жолдаулары да елде инновациялық дамуды насихаттайды. Осы ретте елдің ең ірі құжаты Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, ол бірнеше кезеңдерден тұрады, бірінші бастапқы кезеңі аяқталды, елде жаңа зауыттар мен фабрикалар бой көтерді, жаңа өнім түрлері шығарыла бастады. Ендігі кезекте екінші кезеңі аяқ басты, оның басты мақсаты өнеркəсіп саласын жаңғырту болып табылады. Осы бағытта жұмыс жасамайынша, біз дамыған отыз елдің қатарына кіре алмайтынымыз айдан анық. Ал əрбір елде инновацияны жоспарламас бұрын оны жүзеге асыруға қажет əлеуетіміз бар, əлде біз кол жете алмайтын мақсаттарды алға қойып жүрміз бе? деген сұрақтарға жауап беру үшін ең алдымен инновациялық əлеуетті талдауымыз қажет.
Аймақтардың инновациялық əлеуетін талдамас бұрын «инновациялық əлеует» ұғымына тоқталайық.
«Əлеует» сөзі, ең алдымен, «күш» немесе «қолда бар мүмкіндік» ретінде қарастырылады, біздің жағдайымызда инновациялық дамуға қол жеткізу үшін қажет ғылыми, техникалық, материалдық ресурстарымыздың болуы. Оған келесілер жатады:
- Зияткерлік ресурсы (технологиялық құжаттама, жаңалық игеру патенттері, лицензиялары мен бизнес-жоспары, кəсіпорынның инновациялық бағдарламасы).
- Материалдық ресурстары (тəжірибе аспаптық база, заманауи технологиялық жəне ақпараттық құрал-жабдық, алаңдар ресурсы).
- Қаржылық (меншікті, несиелік, инвестициялық, аймақтық, гранттар).
- Кадрлық (жаңашыл-көшбасшы, инновацияға ынталы персонал, қызметкерлердің ғылыми- зерттеу институттарымен жəне жоғары оқу орындарымен əріптестік жəне жеке байланыстары; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибе констукторлық жұмыстар жүргізу тəжірибесі, жобаларға жетекшілік ету тəжірибесі).
- Инфрақұрылымдық ресурстар (меншікті ҒЗТКЖ бөлімшелері, жаңа өнім маркетингі бөлімшесі, патент-құқық бөлімшесі, ақпарат бөлімшесі) жəне т.б.
Аталған ресурстар аймақтың жалпы ресурстық əлеуетінің бір бөлігі жəне оны ғылыми- технологиялық əлеуеті, өндіріс технологиялық əлеуеті, қаржы-экономикалық əлеуеті жəне кадрлық əлеуеті түрінде құрылымдауға болады.
Сонымен бірге инновациялық əлеует ұғымы ресурстардың тек материалдық ресурстар жиынтығын қарастырып қоймайды, ең алдымен, адамдардың өнертапқыштығы, ғылыми зерттеулер жүргізуге ынтасының болуы жəне де осы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтылуды білдіреді.
Сонымен, аймақтың инновациялық дамуы көп ретте инновация жасау мүмкіндігін сипаттайтын инновациялық əлеует пен инновациялық ахуалымен, сондай-ақ аймақтың қолда бар инновациялық əлеуетін пайдалану жөніндегі инновациялық деңгейімен анықталады.
Ел экономикасын инновациялық тұрғыда дамыту үшін, ең алдымен, осы бағытқа жету үшін қолымызда бар əлеуетімізді бағалап алуымыз керек.
Қазақстан экономикасында əр аймақ өзіндік ерекшеліктер тəн, сондықтан инновациялық əлеуетті бағалау үшін негізгі көрсеткіштер жиынтығын қарастырайық.
Қазақстан Республикасының алға қойған мақсаттарына жетуге, ең алдымен, əр аймақтың қосар үлесі зор. Аймақтың экономиканың сəтті дамуы мен бəсекеге төзімділігі инновациялық əлеуетті қолдануды жақсарту мен инновациялық белсенділікті жоғарлатуға тəуелді болып отыр. Қазіргі кезде жаңа техника мен технологияны қолданбай жаңа өнім шығармай аймақ ілгері дами алмайды.
Осы кезде «инновациялық əлеует» ұғымы аймақта инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыру мүмкіндігін сипаттаса, «инновациялық белсенділік» осы мүмкіндікті пайдалану деңгейін көрсетеді, яғни өндіріске шынайы инновация енгізіп, одан нақты экономикалық пайда алуды сипаттайды.
Инновациялық əлеует пен инновациялық белсенділік бағалаумен көптеген ғалымдар айналысып жүр. Бұл қазіргі кезде қай елде болмасын өзекті мəселе. Əр ғалымның бұл көрсеткіштерді бағалауда əдістемелері əр түрлі. Біз сол əдістемелердің ішінен инновациялық əлеуетті бағалаудың əмбебап əдісін қолданамыз.
Ең алдымен, инновациялық əлеует көрсеткіштеріне тоқталайық. Əлеует болғандықтан, жан-жақты қарастырылуы тиіс, біз ең басты деген көрсеткіштерді 3 əлеуеттік топқа бөліп көрсетеміз (1-кесте) [3]:
Аймақтың инновациялық əлеуетін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі
Осы көрсеткіштерді 2010–2014 жж. бойынша əр аймаққа жеке есептеп алып, көрсеткіштер топтарының ортақ мəнін шығару үшін əр көрсеткіштер тобының орташа мəні табылады, яғни əр аймақта əр жылы үш көрсеткіш тобы бойынша мəні шығарылады. Əр аймақ бойынша көрсеткіштер есептеледі.
Ендігі кезекте осы инновациялық əлеует көрсетіштерін жеке-жеке талдап көрейік. Алғашқы көрсеткішіміз облыстар бойынша зерттеулер мен əзірлемелермен айналысатын қызметкерлер саны (2-кесте).
Кестеден аймақтар бойынша зерттеулер мен əзірлемелермен айналысатын қызметкерлер саны жылдан жылға өсіп келе жатқаның байқаймыз, тек Атырау облысында, керісінше, қызметкерлер саны азайған. Енді осы көрсеткіштерді аймақтар бойынша экономикада еңбекпен қамтылғандар санымен салыстырып, үлесін анықтайық.
Сондықтан да аймақтардың инновациялық əлеуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік əлеуетімен, мамандануымен жəне шешілетін мəселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономикалық зерттеулер институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады [4].
І-топ — аймақтар арасында ғылыми институттар шоғырландырылған, жаңашылдыққа тез бейім болатын, оларды өндіріске енгізу жағдайы жоғары облыстар. Олардың ғылыми жəне техникалық əлеуеті жоғары, инновацияға бейім келетін, өнеркəсіп салаласы дамыған аймақтар. Бұл аймақтар белгілі өнеркəсіп саласына бейімделген, бірнеше жылдар бойы осы салада еңбек еткен жəне нақты нəтижелерге қол жеткізген, инновациялық дамыған аймақтарға Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ-топ — инновациялық дамуға потенциалы жеткілікті, бірақ оны толық көлемде қолдана алмаған, табиғи минералды ресурс қорлары бар жəне ғылыми-өндірістік əлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында салалардың белгілі шектеулі көлемі ғана қолданылған, сонымен қатар шикізат өндірумен ғана айналысатын тау-кен саласына бейім аймақтарға Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ-топ — аймақтар көбінесе өндіріске емес, сауда саласына бейімделген, өнеркəсіп үлесі аз, яғни инновациялық əлеуеті төмен аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
IV-топ — бұл əр облыстың құрамында дамуға кері əсерін тигізетін, ешқандай қоры жоқ, тиімсіз аймақтар, яғни инновациялық əлеуеті жоқ аймақтар, оған кіші қалалар — елдегі Моноқалалар бағдарламасына кірген қалалар, сонымен қатар жеке аудандар мен ауылдар, көбінесе ауыл шаруашылығына бейімделген аймақтар жатады.
Сонымен қатар, аймақтардың инновациялық дауына əсер əрқалай, өнеркəсіп саласының, ғылымның дамуына тəуелді болады, осы аймақтардың қаншалықты инновациялық дамуға ұмтылысына байланысты, мысалға, елде осы инновациялық дамуды күшейту үшін əр аймаққа Индустриаландыру картасын жасады, осыған сəйкес, өндіріс пен өнеркəсіпті дамыту көзделіп отыр.
Жоғарғы инновациялық əлеуеті бар аймақтарға — Солтүстік жəне Орталық Қазақстан, орташа Батыс жəне Шығыс Қазақстан жəне ең төмен — Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады.
Ендігі кезекте Қазақстан аймақтарының инновациялық əлеуетін статистикалық көрсеткіштер көмегімен талдайық. Инновациялық əлеует негізін ғылым құрайтындықтан, ең алдымен зерттеулер мен əзірмелерді орындаған ұйымдар санына талдау жасайық (1-сур.) [5].
Суреттен зерттеулер мен əзірмелерді орындаған ұйымдар санының динамикасы бірқалыпсыз екенін байқауға болады, олардың санының ең көп болған кезеңі 2007 ж. 438, ал 2012 ж. олардың саны күрт төмендеп, бірте-бірте көбейіп келе жатқаның байқаймыз, бұл, ең алдымен, ҚР Білім жəне ғылым министрлігімен жүргізген саясат негізінде болып отыр.
Ендігі кезекте екінші топ көрсеткіштерін, яғни техникалық потенциал көрсеткіштерін, жалпы ел мəліметтері бойынша 2-суретте қарастырамыз.
Суретттен көретініміздей, бұл көрсеткіш динамикасы да жылдан жылға өсуде, елде жүргізіліп жатқан Үдемелі инновациялық бағдарлама əсерінен қарқынды түрде негізгі қорлар жаңаруда.
Енді қор қарулану жағдайын сипаттайық, бұл көрсеткіш əрбір жұмысшыға сəйкес келетін негізгі қорлар үлесін көрсетеді, яғни əрбір жұмыс орнының негізгі қорлармен жарақтануын бейнелейді.
4-суреттен жылдан жылға негізгі қорлардың еңбектің қор қарулануы қарқынды түрде жүзеге асып отырғанын көреміз, бұл елдегі инновациялық əлеуметтік-техникалық деңгейінің жеткілікті екеніне куə болып отыр. Ендігі кезекте қаржылық-инновациялық əлеует көрсеткіштерін бір сызбаға келтіріп қарастырайық. Жоғарыда есептелген көрсеткштерді бір сарынға əкеліп, елдің ғылыми жəне техникалық əлеуетін өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны негізінде бағалап көрейік.
5-суреттегі көрсеткіштер өткен жылдарға қарағанда негізгі өсімді сипаттайды, 2014 ж. өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы негізгі қорлардың жаңару коэффициентінің динамикасы 6,6 % төмендеген, сонымен қатар зерттеулер мен əзірлемелерді орындаған ұйымдар санының динамикасы қарқынды өскенімен 15,98 % өскен, ал осы ұйымдарда қызмет ететін ғылыми қызметкерлер санының динамикасы 7,43 % төмендеп отыр, яғни сəйкестік байқалмайды.
Сонымен, талдаулар нəтижесінде Қазақстан аймақтарының инновациялық əлеуеті елдегі инновациялық белсенділікті бағдарламаларда берілген өлшемдерге көтеруге мүмкіндік береді, оған куə ретінде Индустрияландыру картасын келтіруге болады, мемлекеттік қолдау арқасында елдегі инновациялық белсендікті жəне ел экономикасының бəсекеге төзімділігін елдегі жəне əлемдегі дағдарысқа қарамастан, көтеруге мүмкіндігіміз бар.
Елдің инновациялық əлеуетінің бар болуына қарамастан, қазiргi таңдағы экономикасының инновациялық дамуында кейбір мəселелер бар:
- əлі күнге дейін экономиканың шикізат өндіруге тəуелді болуы, яғни өндеуші өнеркəсіп саласының аздығы;
- əлемдiк экономикаға əсер ету жəне барлық халықаралық ұйымдардың ел экономикасына жағымды əсер етпеуі;
- мемлекет iшiндегi салааралық жəне аймақаралық байланыстардың толық жүзеге аспауы, түсініспеушіліктердің болуы;
- елдегі тауарлар мен қызметтерге сұраныстың тұрақсыздығы, нарықтың бірқалыпсыздығы, доллар курсының өзгеруіне байланысты, мəселе шиеленісіп кетті;
- өндiрiстiк жəне əлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дəрежеде дамымауы;
- өнеркəсіп саласында болмасын, шағын кəсіпкерлікте болмасын кəсіпорындардың кластерлерге бірігуі, шоғырлануы мен маманданудың аздығы;
- қай салада болмасын негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуы, бұл, ең алдымен, рухани тозуға да қатысты;
- кəсiпорындардың жаңа техника мен технологияларды енгізуде артта қалуы;
- ғылыми-зерттеу жəне тəжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандарды жəне жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы тиімді жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы.
ЖIӨ-нiң 1 долл. электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7–10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Ел экономикасын инновациялық бағытта дамыту үшін жоғарыда атап кеткендей, Индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы, сонымен қатар «Қазақстан — 2050» Стратегиясы жасалған болатын. Ендігі кезекте осы стратегиялық жоспарларда алға қойған мақсаттарға тоқталайық:
- елде өндеуші өнеркəсіпті дамытуы жəне əр жыл сайын өткен жылға қарағанда өсу қарқының 8–8,4 % жеткізу, он жыл ішінде 2019 ж. еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру жəне жалпы ішкі өнімде энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өнеркəсіп саласында негізгі қорлардың тиімділін арттыру;
- шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту, ел экономикасының дамуына əсер ететін кеңестік қызмет көрсету мекемелерді құру, кəсіпорындардың дамуының қарқындылығын арттыру, қосылған құнның ұтымды көлемін қалыптастыру;
- экспортқа негізделген өнім шығаратын кəсіпорындар үлесін арттыру;
- барлық салада өнім сапасының бəсекеге төзімді əлемдік стандартына қол жеткізу;
- дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық жəне инновациялық процестерге қосыла отырып, елдің инновациялық дамуын жетілдіру.
Қорытындылай келе, инновациялық даму аймақтық деңгейде əр түрлі болып келеді, оған əр аймақтың өнеркəсіптік бағытталуы мен ғылыми əлеуеті тікелей өз əсерін тигізеді. Жалпы алғанда, елде аймақтардың көбісі инновациялық дамуға дайын болып келеді жəне жақсы жүргізілген саясат пен қаржылық қолдау арқасында жоғары жетістіктерге жетеміз деуге негіз бар.
Əдебиеттер тізімі
- Назарбаев Н.А. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz.
- Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2015–2020 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы. — Алматы, — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz.
- Сапарбаев Ə. Инновация — негiзгi қозғаушы күш // Егемен Қазақстан. — — 24 наур.
- Бораш Қ. Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай // Егемен Қазақстан. — 2013.— 23 ақп.
- Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық жəне инновациялық саладағы мемлекеттің орны // Саясат. — — № 2.