Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда моноқалалардың экономикалық жүйесінің ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастыру

Əлем қазіргі таңда үлкен қалалардың пайда болуымен қатар олардың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің саяси үдерістерге əсері мен адамзаттың болашақта өмір сүру мəселелеріне алаңдауда. Өйткені адамның келешектегі тағдыры негізінен провинцияларда емес, осы үлкен де орталық қалаларда шешілуде. Ғалымдар бұл үрдісті урбанизация деп атайды.

Соңғы жылдары қала туралы ғылымның кескіндері пайда бола бастады. Ежелгі грек философы Аристотель қала тұрғындарының бір алаңда жиналып, бір-бірімен танысып, ой-пікірлерімен жəне шешімдерімен бөліспеуі үшін əрбір қаланың тұрғынын 10 мың адаммен шектеуді ұсынған.

Қазіргі уақытта əлемнің көптеген елдерінде, əсіресе экономикасы дамыған елдерде, қала халқының саны жалпы халық санының 85–90 % құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сүйенсек, 2020 жылдарға қарай қала тұрғындары жалпы тұрғындардың — 55 %, ал 2050 ж. жер шарының 85 % қала тұрғындары құрайтын болады деп күтілуде.

Дегенмен дүние жүзі халқының барлығы үлкен қалаларда өмір сүрмейді. Оның ішінде адамдардың бір бөлігі орта, шағын, бір салалы қалалар мен ауылдық аймақтарда тұрады. Мұның өзі аталған аймақтарда елдің əлеуметтік жəне экономикалық дамуын терең зерттеуді талап етеді.

Қазақстан аймақтарында бір салалы (шағын монобейінді, моносипаттағы) қалалардың мемлекетте алатын орны ерекше. Олар əлеуметтік-экономикалық жəне қаланың экологиялық саясатын жоспарлауда ерекше нысан болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2012 ж. 28 қаңтардағы «Əлеуметтік- экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кəсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы — өз алдына бөлек мəселе. Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың əлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын. Онда қаланың экономикасындағы əрбір нақты бағытты əртараптандыру, əлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет», – деген болатын [1].

Қазақстанда аймақтық жəне жергілікті деңгейдегі басқарушылық ұйымның қызметтерін реттеуде «моноқала» ұғымының заңнамалық тұрғыда əлі де толық зерттелмеген мəселе екендігін байқауымызға болады. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты «қала» ұғымын «моноқала» ұғымының негізі ретінде қарастырып талдау зерттеудің ең маңызды бөлігі болып табылады.

Ғылыми жəне тəжірибелік маңызы бар мəселелердің шешілмеуі, бір салалы қалалардың дамуын тиімді басқару, жалпы жəне аймақ көлемінде экономиканы əртараптандыру бойынша аймақтың экономикасына əсері туралы ізденіс зерттеудің маңыздылығын айқындайды.

Қазіргі уақытта əр түрлі саладағы еліміздің жəне шетел ғалымдарының осы моноқалалардың даму ерекшеліктеріне байланысты ұсынған бірнеше ұсыныстары жəне əрбір сала ғалымының көзқарасы мен əлемдік экономикалық теорияда олардың зерттеу жұмыстары арнайы басылымдарда жарияланған. Қала жіктемесінде қала тіршілігінің аграрлық саладан алшақтығы, қала халқының өмір сүру деңгейі, халықтың орналасуы бойынша бір-бірінен ара қашықтығы жəне шоғырлануын атап көрсету болып табылады.

Қалаларды топтастыруда жұмыспен қамтамасыз ету белгілерін ең бірінші Америкадағы 377 қаланың жіктемесін жасаушы Ч.Харрис болды. Ол 9 түрлі қала санатын анықтады жəне олар индустриялды қалалар, индустриялды функциясы аз қалалар, тау-кен өндіріс қалалары, бөлшек сауда қалалалары, көтерме сауда қалалары, байланыс қалалары, демалыс қалалары, мультифункционалды қалалар жəне университет қалалары болып сараланды [2,3]. Əдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында автор қалалардың функционалдық бейінін анықтауда мына формуланы қолдануды ұсынды:

Rregion Rcountry × Pregion / Ecountry

 мұнда, Rregion-  белгіленген аймақтағы(қаладағы) белгілі бір индустрияда жұмыс жасайтын жұмысшылардың саны;

Rcountry — осы аталған индустрияда мемлекет бойынша жұмыс істейтін халықтың саны;

Pregion - аймақтағы(қаладағы) орналасқан халықтың саны;

Ecountry - мемлекеттегі жалпы жұмысшы халықтың саны.

Көрсетілген автордың жолы бойынша біз мультифункционалды қалаға қарсы монофункционалды қаланы атай аламыз жəне, автордың сипаттауы бойынша, белгілі бір мамандануымен сипатталатын қаланы қабылдаймыз. Осылай барлық қала санынан (377 қала) Харрис монофункционалды, немесе монобейінді, қалаларды алып көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл жердегі айта кететін мəселе, «функция» мен «бейін» терминдері қаланың өндірістік қызметінің бейінділігіндегі функциясын анықтауда бірін-бірі жоба алу қабілеттігі. Бұл қалалардың «монобейін» мен «монофункция» ұғымының айырмашылығын анықтауға рұқсат бермейді.

С.Ожегов, Н.Шведова, Д.Ушаковтың түсіндірмелік сөздіктерінде «қала» ұғымын анықтағанда көп халық орналасқан жерді айтады жəне ол өз кезегінде əкімшілік, сауда-саттық, индустриялдық немесе мəдени орталық болып табылады [4, 5] жəне арнайы санатына қарай басқару орталығы бар ұғымды айтады [6]. Қаржылық энциклопедиялық сөздіктерде қаланы көп халық мекендейтінін жəне оның көпшілігі жұмысшылар, ал олар ауыл шарушылық саласында жұмыс істемейтін жұмыскерлер болуы керек. Бұндай белгілерге, яғни, халық санының көрсетікіштері ірі экономикалық сөздіктерде қала ретінде жəне заңнамалық тұрғыда қала халқының санын қарастырады. Бірақ бұл халық санының көрсеткіштері əр мемлекетте əр түрлі ерекшеленеді. Мысалы, Данияда 250 адамнан басталып Жапонияда 30 мың адамға дейін жетеді. Ресейде қала болып саналу үшін 12 мыңнан аса адам өмір сүруі керек жəне оның 85 % ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істемеуі қажет.

Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы бойынша қала мəртебесіне қатысушылар, елді мекен тұрғындарының санының ең төменгі шегін анықтау тетіктері толық əзірленбеген, осы себептерге байланысты белгілі бір дəрежеде халық шаруашылық жəне аймақтық заңдылықтар бойынша көрсетілген категориядағы қалалардың ара жігін анықтауда қиындықтар туындауда. Мысалы, Украина, Өзбекстан, Молдова, Кырғызстан мен Тəжікстанда қала халқының ең төменгі сандық көрсеткіші 10 мың адам, Қазақстанда, Латвияда, Арменияда, Түркіменстанда жəне Эстонияда — 8 мың, ал Белоруссияда — 6 мың, Грузияда, Əзербайжанда — 5 мың адам, Литвада сандық көрсеткіш анықталмаған. Көптеген посткеңестік тəуелсіз мемлекеттерде заңнамада көрсетілген көрсеткіштерден төмен халқы бар қалалар бар [7].

Барлық қалалардың ішінен бейін, мамандану, негізгі индустрия, «функция» ұғымымен қатынасы бар моноқалаларды алып қарастырайық.

Монобейінді сипат қалада жалғыз индустрияның немесе экономикалық саланың басымдылығымен анықталады. «Монобейін» құрылымы ғылыми əдебиеттерде мономамандандырылған, моноқала, «бір компанияның қаласы» деген түсінік береді (1-кесте).

 1 - к е с т е. Шетел əдебиеттеріндегі моноқалалардың сипаттамасы 

 Қазақстанда қалаларды əлуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша зерттеу жұмыстарының тапшылығына байланысты, кейбір сəйкес немесе ұқсас деректерді ресейлік қалаларды жіктеу жүйесінің əдістемесі бойынша қарастыру қажеттілігі болып отыр.

Біздің ойымызша, моноқалаларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде екі деңгейлі басқару — қалалық субъектінің аталып көрсетілуі жəне ол жердегі елді мекендер мен аймақтардың (қала типтес қоныстармен қоса) əкімшілік аумақта біріктірілуі мүмкін. Мұндай тəжірибе Қазақстанның кейбір аймақтарында пайдаланылып келеді. Мысалы, Түркістан, Арыс жəне т.б. қалалар əкімшілік аумағына ауылдық округтердің тікелей енуі мен басқару жүйесінің бірге болуы. Бірақ бұл жүйе жоғары дəрежеде кенттелген қалалардың өздеріне тəн ерекшелік сипаттарын толық есепке алу мүмкіндігіне ие болмайды. Сол себепті Ресейде «кенттелген (қала) аймақ» ұғымының пайда болуы жəне қала ішіндегі аймақтардың онымен əкімшілік негізде біріктірілуі басқару жүйесіндегі шығындарды азайтудың негізі болып табылады [21].

Мынадай категорияларды, яғни тұрғындар категориясын, индустриялдық жəне аграрлық өндірістің үйлесуін, елді мекендердің бірнеше орталыққа орнығуға ұмтылуы, жолдардың жағдайы жəне барлық елді мекендердің коммуникацияларын аграрлық жəне қалалық елді мекендер деп бөлуге болады.

П.Хаггет [22] индустриялды, əкімшілік, сауда, университетті жəне демалыс қалаларын ескеруде қаланың мамандану индексін есептеуді ұсынды. Егер қаланың экономикасының негізгі даму көзін айқындай алатын болсақ, қалаларды жоғарыда аталған қалалар жіктемесіне жатқызуға болады. Мысалы, Ресейде Федерациясының депрессивті аймақтарын қолдау туралы құқықтық құжаттарда қалалардың даму деңгейін анықтауда негізгі индустрия көзіне басты назар аударуды ұсынды. Ол өз кезегінде құрылыс, индустриялды өндіріс, коммуникация, көлік, сауда немесе ауыл шаруашылығы болуы мүмкін жəне ол жерде соңғы он екі жылда халықтың 15 %-нан кем емесі жұмыс жасауы қажет немесе жалпы аймақтық өнімнің 20 %-нан индустрия бөлігі аз болмау керек.

Ю.Сурмин [23] өзінің зерттеулерінде жергілікті құрылымды оның функциялық белгілеріне қарай мультифункционалды жəне монофункционалды (бюджет, индустриялды, демалыс, тағы басқа) деп бөлуді ұсынды. Қалаларды жіктеудегі тағы бір сипатының белгілеріне қаланың негізгі кəсіпорынының индустриялды қызметін анықтайтын мамандану болып табылады.

Г.Кузнецова [24] «мультибейінді» ұғымын қала экономикасының мамандануында бір индустрияның басымдылығы ретінде қарастырды. Г.Кузнецова бұған қоса «монобейінді елді мекен» терминін пайдаланды жəне оны сандық көрсеткіштермен анықтады. Оған қаладағы басымдылық көрсететін индустриядағы өнеркəсіптің өнімі қаладағы жалпы өндірілген өнімнің 50 %-дан жоғары болуымен немесе осы қаладағы халықтың 25 % астамы осы кəсіпорында жұмыс істеуімен сипаттады. Г.Кузнецова бұған қосымша монобейінді елді мекендер тобына аграрлық орман индустриясымен маманданған қоныстарды жəне бірнеше индустриялды емес елді мекендерді, яғни олардың басты функциясы теміржол транспорттарына қызмет көрсету, əскери бөлімдерге, рекреациялық қызметтер жəне ғылыми қалалар болды. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған қоныстар «моноқала» ұғымына сəйкес келмейді.

Ресейдің кейбір əлеуметтік реформалар бағдарламаларында «моноиндустриялды салалы қала» жəне «моноиндустриялды қала» терминдері қолданылған. «Мономаманданған қала» жəне «моноэкономикалы қала» терминдері арнайы əдебиеттерде де қолданылады. Əр терминнің жалпы жəне жекелей сипаттары бар. В.Кожин [25] ұғымдағы моно- (грек тілінде monos — бір дегенді білдіреді) сөзіне ерекше назар аударады, ал бұл өз кезегінде қаланың бір бағытты екеніне сəйкес келеді жəне бір белгілік сипаттың басқаларға қарағанда көп таралғанын (бір қалақұраушы кəсіпорын, бір саладағы экономикалық мамандану, бір басымдылық қызметтің үстемдігі, бір жұмыс беру ортасы) көрсетеді. Бұл жерде «монобейінді», «монофункционалды», «мономамандану», «моноиндустриялды» ұғымдары бір-бірінен алшақ екенін байқауымызға болады жəне функционалды, мамандану, индустриялды, бейінді ұғымдарын бір-біріне жақын деп айтуға келмейді.

В.Кожин «мономамандану» терминінің артық екендігін ескереді, себебі бұл моно сөзіне жақын екендігін аңғаруға болады жəне ол ешқандай артық мағына қоспайды, сосын ол белгілі бір аймақтағы қызмет түрінің бағыты ғана болып табылады. «Монофункционалды» ұғымы, автордың айтуы бойынша, белгілі бір қаладағы бір функцияның басқалардан басым болуын айтады, мысалы, басқарушылық функционалды қала. Моноиндустриялды қала деп бір индустриялы қалақұраушы кəсіпорыны бар ұқсас қаланы айтады. Монобейінді қала — ол бір бағытқа бағытталған жəне бір немесе соның сипаттарына ұқсас белгілері бар қаланы айтады. Біздің пікірімізше, айтылған бірнеше терминдер бір ерекшелікке бағытталады жəне оны біз «моноқала» ұғымына кіргізуіміз қажет. Кез келген арнайы қаланың спецификалық сипаттарында қаланың индустриялық бағыты немесе басты функциясы жəне бейіні мен индустриясы бойынша сəйкес келетін терминдерді пайдалану керек.

Ресейде RWAY мамандары «моноқала» ұғымына келесі анықтаманы ұсынды: «Монобейінді қала» дегеніміз — осы қаладағы қалақұраушы кəсіпорын барлық экономикалық жағдайларды жəне онымен қоса маңызды болып табылатын қаладағы əлеуметтік үдерістерді анықтайды. Бұндай анықтама қалаұраушы кəсіпорынның қаладағы əлеуметтік-экономикалық жағдайындағы рөлінің маңыздылығы туралы мағына береді, бірақ оның қаншалықты əсер ететінін деңгейін анықтау жайлы мүмкіндік бермейді.

Ұлттық тəжірибеде моноқалаға ұқсас тағы бір термин қолданылады, ол «моноөндіріс» термині, бұл қаладағы кəсіпорынмен қала халқының жұмыс жасаудағы бір-біріне жақын қарым-қатынасын бар болуын білдіреді жəне олардың өмірінің негізігі аспектілеріне үлкендей бір əсер етуімен байқалады.

«Моноиндустриялды кəсіпорын», «аймақтық маңызызы бар кəсіпорын», «қалақұраушы кəсіпорын» ұғымдарын салыстыратын болсақ (ал олар өз кезегінде аймақтық индустрияның, аймақтың жəне жалпы арнайы жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады), «қалақұраушы кəсіпорын» термині моносалалы өндірісті қаланың бір бөлігі болып табылады. Егер моноиндустриялды кəсіпорын термині индустрияға бағыттауды дəлелдейтін болса (ғылыми қаланың кəсіпорны емес немесе сервис секторының кəсіпорны емес), қалақұраушы кəсіпорын бұл сипатқа жатпайды. Осыдан шығатыны, біздің пікірімізше, екі ұғымның қарым-қатынасын жалпыдан жалқыға қарай ойлау жолы арқылы анықтауға болады. Бұл жағдайда түсініктерді міндетті түрде ескеру қажет: жүйе құраушы кəсіпорын — аймақтық маңызы бар кəсіпорын — қалақұраушы кəсіпорын — моноиндустриялды кəсіпорын болады.

«Моноқала» ұғымын анықтаудағы мəселе — бірнеше қалаларды моноқала санатына қоса салғаннан, қалалардың моноқалаларға нұсқайтын сипаттық белгілерді анықтау қиын болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысында «моноқала» түсінігіне мынадай анықтама берілген: «Моноқала — бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді жəне шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық жəне əлеуметтік жағдайын айқындайтын кəсіпорындарда еңбекке жарамды халықтың жəне өнеркəсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала».

«Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:

  • қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кəсіпорындарының өнеркəсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 % астамын құрайтын (мономамандандыру);
  • қаланың қала құраушы кəсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
  • қала құраушы кəсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді» [26].

ҚР Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің мəліметтері бойынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 27 елді мекен моноқала мəртебесін иеленген. Олардың басым көпшілігі шын мəнісінде дағдарыстан елеулі зардап шеккен. Жалпы алғанда, Қазақстанның моноқалаларында 1,53 млн адам, немесе елдегі қала тұрғындарының 16,8 %, мекендейді. Олардың ішінде 16 қала өздеріне тиісті аудандардың əкімшілік орталығы болып табылады, ал 11 қала аудан орталығы болып есептелмейді — Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Саран, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстың маңызы бар қалалар болып саналады, ал бір бөлігі аудандардың біріктілуі нəтижесінде аудан орталығы мəртебесінен айырылып қалған.

Қазақстанның моноқалаларының тізімін негізінен 50 мың адамға дейінгі тұрғыны бар шағын қалалар құрайды. Оның ішінде тұрғындар саны 100 мыңнан астам төрт орташа қала да бар — Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз.

 2 - к е с т е. Қазақстанның моноқалалары

Қалалардың экономикалық базасын, олардың салалық құрылымындарын талдау, негізгі қала құраушы кəсіпорындардың мəліметтерін талдау бізге қалалардың үш функционалды типін бөліп алуға мүмкіндік берді:

  1. өндіруші өнеркəсіптің басымдығымен дамитын қалалар — 21 қала:
  • көмір өндіру — Абай, Саран, Шахтинск, Екібастұз;
  • мұнай мен газ өндіру — Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
  • металл кендерін өндіру — Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
  • шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өндіру — Жаңатас, Қаратау, Жетіқара;

      2. өңдеуші өнеркəсіптің басымдығымен дамитын қалалар — 6 қала:

  • химия өнеркəсібі — Серебрянск;
  • машина құрылысы, металлургиялық өнеркəсіп (алтын), уран өндірісі — Степногорск;
  • металлургия өнеркəсібі — Ақсу, Жезқазған, Сəтпаев, Теміртау;

       3. ғылыми-өнеркəсіптік орталық — Курчатов қаласы.

Қала құраушы кəсіпорындардың ағымдағы жағдайы бойынша оларды төмендегіше ажыратуға болады:

  • қала құраушы кəсіпорыны жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) — Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жетіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сəтпаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
  • қала құраушы кəсіпорыны аракідік жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) — Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Саран, Степногорск;
  • қала құраушы кəсіпорыны жұмыс істемейтін моноқалалар (3 қала) — Кентау, Серебрянск, Текелі.

Мысалы, қазіргі уақытта Ресейде «моноқала» ұғымын анықтауға келесі əдістер қолдалынады. Бірінші əдіс: егер қала моноқала болып есептелсе, қалада бір кəсіпорында 5000 жоғары жұмыскер жұмыс жасайтын болса; қала халқының 1/4 (отбасы мүшелерін қоса алған кезде) осы жерде жұмыс істейтін болса болады. Бұны ескеретін болсақ, қала санатының болуы маңызды емес, егер осы сипаттар басқа да халық қоныстанған жерлерде кездесетін болса, бұларды да моноқалаға жатқызуға болады.

Сонымен қатар «монобейінді қала» ұғымы жайында жəне оның сипаттық белгілері жайлы Ресей үкіметінің ресми құжаттарында моноқалаларды сипаттаудағы негізгі белгілері келесідей құрастырылып көрсетілген: қалақұраушы кəсіпорны — қала ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 50 %-на жоғарысын өндіру қажет немесе қала экономикасындағы жалпы халық санының 25 %-дан кем емесі осы монобейінді өндірісте жұмыс жасауы міндетті.

Екінші əдіс «моноқала» ұғымының кеңірек жағдайын қарастырады, яғни оның сəйкестендірілген дəрежеде бюджетке түсетін табыс көзі бір немесе екі кəсіпорынның есептелгенін ескереді. Мысалы, қала бюджетінің 30 % қала кəсіпорнының өндірістегі қызметінен түсетін болса, онда ол қалақұраушы кəсіпорын болып саналады жəне, сəйкесінше, халық орналасқан жер моноқала болып аталады. Бұл нұсқаулар қалақұраушы кəсіпорын туралы ғана емес, моноқала жайлы кеңірек ұғынуға ой тастайды [27–29].

Айта кету керек, қалалардың монобейінді қалаларға сипаттайтын белгілерін жатқызуда, əсіресе олардың мемлекеттік қолдауы кезінде олар айтарлықтай өзегеріске ұшырайды. Осылай Ресей Федерациясының Үкіметі моноқалалардың əлеуметтік дамуындағы қаржылық дағдарыстың кері əсерін тигізетін мəселелерді азайту мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобын құрды жəне осы жұмыс тобы монобейінді қалалардың санатын анықтайтын белгілерді жасап шығарды. Оларды нақтырақ атап өтетін болсақ:

  • бір немесе бірнеше өндірістік технологиялық процесс аясында жұмыс жасайтын кəсіпорындардың қолжетімді болуы жəне осы кəсіпорындарда экономикалық белсенді халықтың 25 % астамы жұмыс жасауы қажет;
  • бір немесе бірнеше өндірістік технологиялық процесс аясында жұмыс жасайтын кəсіпорындардың қолжетімді болуы жəне осы кəсіпорындар қаладағы өнімдердің 50 %-нан жоғары өнімін өндіруі қажет;
  • қосымша моноқала санатын анықтайтын белгілерге бір немесе бірнеше өндірістік технологиялық процесс аясында жұмыс жасайтын кəсіпорындардың қолжетімді болуы жəне осы кəсіпорындардан түсетін жергілікті бюджет құрылымына осы қаладағы барлық кəсіпорындардың бюджетке түсетін түсімдері мен салықтарының 20 % кем болмауы тиіс.

Осы сипаттық белгілерді қарастыра отыр, қалалардың сандық көрсеткіштеріне қарағанда осындағы ерекшеліктер кəсіпорынның қаланың дамуындағы əсеріне маңызды екеніндігін көрсетеді. Бріншіден, моноқалалардың жəне қалақұраушы кəсіпорындарының сандық анықтамасын ресми сипаттары арқылы қаладан моноқалаға жəне жүйе құрайтын кəсіпорыннан қалақұраушы кəсіпорынға нұсқауды жорамалдау арқылы анықтау оңайға түседі. Бірақ бұл ресми сипаттар мемлекеттің экономикалық даму мақсатымен тапсырмаларына байланысты заңнамада өзгертілуі мүмкін. Екіншіден, олар бірнеше кəсіпорындардың қала экономикасына тигізетін əсерінің деңгейін асыра сілтеп жібере алады. Сондықтан біз бұл белгілерді қатып қалған ереже ретінде қабылдауды дұрыс деп санамаймыз, бірақ қала экономикасына кəсіпорынның əсер ету деңгейін бағалауды дұрыс деп ойлаймыз.

Бұл белгілердің басқа да қолайсыз жақтары — олардың статистикалық есепке алу жүйесі. Мысалы, моноқалаларды əлеуметтік-экономикалық даму жобасы қабылданбағанымен, ол идеяны уақытша шектеуге қоюы, белгілі бір уақытында олардың ерекше деңгейде қойылғанының өзі жақсы екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз, тек қалақұрушы кəсіпорынның қала экономикасына əсер ету деңгейінің анықталғаны ғана емес, оның ұзақтығында көрсетеді. Сонымен, егер қала экономикасының саласында өзгерістер тек қалақұраушы кəсіпорынның өнімі бірден төмен түсуінен болса, онда ол жағдайда өзгеріс тудырған себеп анықталып, оның ары қарай дамуы айқындалады.

Бұл талдау қаладан моноқалаға нұсқайтын негізгі белгілерге кəсіпорын (немесе бірнеше компаниялардың) өндірісінің Қазақстанда — 20 %, Ресейде 50 % жалпы өндірістегі алатын үлесін немесе осы кəсіпорында жұмыс жасайтын экономикалық белсенді халықтың 20 % үлесін ескеруді түйіндейді.

Қорытындылай келе, осы белігілердің динамикалық өзгерісін талдау қажеттілігі жəне осы арқылы моноқала экономикасы саласындағы болатын өзгерістерді ықтималдылыққа алуға мүмкіндік береді, себебі нарықтағы тұрақсыз сұраныс пен ұсыныстан, қала құраушы кəсіпорындардың жағдайлары нашарлап, көптеген жұмыс орындарының жабылып қалу қауіпі əлі де сақталып отыр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты // Егемен Қазақстан. — 2012. — 28 қаңт.
  2. Chauncy Harris D. A functional classification of cities. —The United States. Geographical Review. — New York, 1943. — P. 86–99.
  3. Chauncy Harris D. The cities of the Soviet Union, United States — New York, 1945; 1975. — P. 107–121.
  4. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка (включающий более 41089 словарных статей). — М.: Изд-во «Азъ»,
  5. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка (включающий более 70000 слов). — М.,
  6. Ушаков Д.Н. Толковый словарь современного русского языка (100000 слов и словосочетаний). — М.: Аделант,— 800 с.
  7. Мырзалиев Б.С. Социально-экономическое развитие малых и монопрофильных городов: Монография. — Алматы, 2013. — С.
  8. Atlasof Shrinking Cities Edited by Philipp Oswalt and Tim Hatje/Cantz. Ostfildern. — 2006.
  9. Champion A. Urbanization, Suburbanization, Counterurbanization and Reurbanization. Handbook Urban Studies, ed. Paddison R. — 2001. — P. 143–160.
  10. Couch , Fraser C., Persy S. Urban regeneration in Europe. — Blackwell Publishing, 2003. — P. 167.
  11. Graham S. Imagining the real-time city: telecommunications, urban paradigms and the future of Imagining Cities. Edit. by Westwood S., Williams J.Routledge, 1997. — P. 31–49.
  12. Haase A., Steinfûhrer A., Kabisch S. Understanding, Hypotheses and Key Indicators of Reurbanisation with Reference to Demographic Compilation based on the contributions of the project consortium, September. — 2003.
  13. Hall Aged Industrial Countries. Atlas of shrinking cities. Ostfildern: Hatje Cantz Verlag. — 2006.
  14. .Illeris S. Counterurbanization revisited: the newmap of population in central and northwestern Europe. — in: M.J.Bannon, L.S.Bourne and R.Sinclair (Eds) Urbanization and Urban Development. — Dublin: Service Industries Research Centre, 1991. — P. 1–16.
  15. Keeble D. Industrial Decline in the Inner City and Conurbation. Transactions of the Institute of British Geographers, New Series, 1978. — P. 1–3.
  16. Kotkin J. Suburbia: Homeland of the American The next American City. — 2006. — P. 11–19.
  17. Lever F. Deindustrialisation and the reality of the post-industrial city. Urban Studies. 6 (28). — 1991. — P. 983–999.
  18. Lever F. Reurbanisation — the Policy Implications. Urban Studies. — 2 (30). — 1993. — P. 267–284.
  19. Mills Studies in the structure of the urban economy. — Baltimore: John Hopkins. — 1972.
  20. Panebianco S., Kiehl M. Suburbanisation, Counterurbanisation, Reurbanisation? An empirical analysis of recent employment and population trends in Western — Paper presented at the ERSA 2003 conference, Jyväskylä.
  21. Иванец Г.И., Калинский И.В., Червонюк В.И. Конституционное право России: энциклопедический словарь / Под общ. ред. В.И.Червонюка. — М.: Юрид. лит., 2002. — 432 с.
  22. Хаггет П. География. Синтез современных знаний (переводчик: Л.Кудряшева) / Прогресс. — 1979 г. — 688 с.
  23. Сурмин Ю.П. Теория систем и системный анализ: Учеб. пособие. — Киев: МАУП, 2003. — 368 с.
  24. Кузнецова Г.Ю. Социально-экономические трансформации монопрофильных поселений в переходной экономике. Региональные исследования. — 2004. — № 1 (3). — 33–43 с.
  25. Кожин В.А. Управление социально-экономическим развитием моногорода / В.А.Кожин, А.А.Преснецов, В.С.Провалов. — Киров: ВятГГУ, 2008. — 312 с.
  26. Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысы.
  27. Об актуализации перечня моногородов // Приказ Минрегиона России от 23 декабря 2011 г. — № 597. — [ЭР]. Режим доступа: pfo.ru
  28. О критериях отнесения муниципальных образований Российской Федерации к монопрофильным (моногородам) и категориях монопрофильных муниципальных образований Российской Федерации (моногородов) в зависимости от рисков ухудшения их социально-экономического положения // Постановление Правительства РФ от 29 июля 2014 г. — №
  29. О Перечне монопрофильных муниципальных образований РФ (моногородов) // Распоряжение Правительства РФ от 29 июля 2014 г. № 1398. — [ЭР]. Режим доступа: www.government.ru

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.