Елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүние жүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат жəне сирек кездесетін тауар түрлері əкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан əрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.
Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркəсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нəтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50 %-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20 %-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.
Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дəрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72 %-ы — Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17 %-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тəн бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4 %-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға əлемдік экспорттың 10 %-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының əлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9 % болса, импорты — 2,6 %; Сингапурдың үлесі сəйкесінше 2,3 жəне 2,2 %-ға тең.
XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға əлемдік экспорттың — 84 %-ы, импорттың 82 %-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2 %-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік жəне тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP əсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тəн болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мəнге ие.
Сыртқы сауданы халыкаралық дəрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімде аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Қазіргі кезде құрамында 132 ел бар бұл Ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар, қызмет көрсету, инвестиция жəне ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді əрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы Сауда мен даму жөніндегі комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда [1; 379–436].
Халықаралық экономиканың дамуының ең басты құралдарының бірі — халықаралық сауда. Оның көмегімен еңбектің өнімділігі жақсарады жəне көтеріледі, өндірістің көлемі ұлғаяды. Жалпы алғанда халықаралық сауда мамандандыруды жетілдіретін құрал болып табылады, өз қорларының өнімділігін жоғарлатады жəне сол арқылы өндірістің жалпы көлемін үлкейтеді. Егеменді мемлекеттер, жеке тұлғалар жəне өңірлер, елдер бұйымдарды мамандандырулардың арқасында ұтып алады, олар көп есе салыстырмалы тиімділікпен өндіріп ала алады.
Елдер бірнеше себептер бойынша сауда жасап жатыр. Біріншіден, экономикалық қорлар — табиғи, адамгершілік, инвестициялық тауарлар — əлем елдері арасында өте бір қалыпты үлестіріліп жатыр; экономикалық қорлар жағынан өзгешеленеді. Екіншіден, əр түрлі тауарларды тиімді өндіру түрлі технологияларды немесе қорлардың комбинацияларын қажет етеді.
Сыртқы сауда экономикалық өсудің факторы ретінде экономиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Елдердің өндіріс факторларындағы, табиғи-географиялық жағдайларға монополия сияқты дəстүрлі салыстырмалы артықшылықтары емес, инновациялық үдерістермен, жаңа ақпараттық технологиялармен, тұтынушыны таңдаумен, оның табысының деңгейімен байланысты артықшылықтары шығады [1; 379–436].
Біздің пікірімізше, Қазақстандағы экономикалық өсудің бəсеңдеуінің маңызды себептерінің бірі экспорттың өсу қарқындарының төмендеуі. Импорттың жылдам өсуінің сақталуы барысында экспорттың өсуінің айтарлықтай бəсеңдеуі тұрғысынан, ІЖӨ-дегі таза экспорттың үлесі 2013 жылдың өзінде-ақ болымсыз болып қалды. Сол шақта ішкі сұраныстың өсуінің баяу қарқыны барысында, Қазақстанның əлемдік нарықтарға қатысуын кеңейту экономикалық өсуді жеделдетудің ең бір маңызды тəсіліне айналып отыр.
Əлемдік сауда туралы деректер Қазақстанның негізгі экспорттаушы ел екенін растайды, алайда ол бірқатар елдерден əлдеқайда артта қалып келе жатыр. Бұл ретте Қазақстанның əлемдік экспорттағы экспорт үлесінің өсу қарқындары бойынша рейтингтегі орныққан орны тұрақты емес. Көбінесе бұл — экспорттың құндық көлемдерінің өзгеруі энергия қорларына, металдарға жəне шикізатқа бағаның құбылмалы динамикасымен анықталатынымен байланысты.
Есептеулер Қазақстанның əлемдік нарықтағы бəсекелес жайғасымдары, жалпы алғанда 2002– 2013 жылдар ішінде бекігенін көрсетеді — экспорттың өсу қарқыны əлемдік орта көрсеткіштен асып жығылатын. Бұл ретте Қазақстан экономикасының экспорттық бағдарының деңгейі (ІЖӨ-дегі экспорттың үлесі) біртіндеп төмендей бастады, оның ішінде ішкі нарықтың озық дамуының салдарынан да. Əлемдік экономикадағы экспорттың үлесі, керісінше, қорлардың салыстырмалы құнының көтерілуі жəне өндірістердің дамыған елдерден дамушы елдерге ауыстырылуының есебінен сауданың жандануы себепті өсті.
Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «2009 жылдан бастап Қазақстанның еуропалық экономикалық кеңістік жəне Кедендік одақ бойынша əріптестерімен арадағы сауда айналымы 88 %-ға 24,5 млрд долл. өскенін» атап өтті. Біздің Ресей мен Белорусияға шығаратын экспортымыз 63 %-ға өсті, оның ішінде өңделген тауарларды шығару екі есеге артты.
Сарапшылар жаһандану үдерісіне жəне инновацияларға экономикалық өсу факторлары ретінде жеткілікті көңіл бөлмейді. Соңғы жылдары жаһанданудың жаңа үрдістері байқалуда. Əлемдік экономиканың жалғасып келе жатқан өсуі жаңа өткізу нарықтары үшін, бұрынғыларын кеңейту үшін күреспен ілесе жүруде. Көбінесе бұл күрес жасырын, бүркемеленген сипатқа ие, бірақ оған бола ол өзінің өткірлігін жоғалтпайды.
2013 жылы əлемдік сауда көлемі 18,2 трлн долл. асып түсті. Қытай 4,16 трлн долл. көрсеткішімен АҚШ-ты (3,57 трлн долл.), Жапонияны (1,7 трлн долл.), ЕО (1,7 трлн долл.) артқа тастап, бірінші орынға шықты. Шекарасыз саудада онлайн-сауданың жетістіктері көрнекті, оның көлемдері 2013 жылы 1,25 трлн долл. жетті. Əлемдегі еларалық, блокаралық сауданың өсуімен қатар, блоктардың, одақтардың ішіндегі өзара сауда қарым-қатынастары айналым алуда. Əр түрлі аймақтық блоктар құрылып, нығаюда, оның ішінде — Еуропалық одақ (ЕО), НАФТА, МЕРКОСУР, АСЕАН, Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) жəне тағы басқа одақтар [2].
Сауда-экономикалық одақтарының, еркін сауда аймақтарының жəне ортақ нарықтардың саны 290-нан асады. Іс жүзінде түгелге дерлік елдер əр түрлі деңгейде оларға тартылған. Мұндай қауымдастықтардың ішіндегі өзара сауда көлемдері өсу үстінде. Мысалы, НАФТА Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағындағы (АҚШ, Канада, Мексика) өзара сауда көрсеткіштері 2013 жылы 1,14 трлн долл. асса, АСЕАН Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің еркін сауда аймағында бұл көрсеткіш 750 млрд долл., МЕРКОСУР Оңтүстік Америкалық ортақ нарықта (Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Уругвай, сондай-ақ Боливия, Колумбия, Перу, Чили, Эквадор) 54 млрд долл. жеткен. Əлемдік сауда көлемдерінің 10,7 %-ы тек осы үш еркін сауда аймағының үлесіне ғана келеді.
Еуропалық экономикалық одаққа мүше-елдер ішіндегі (Ресей, Қазақстан, Беларусь) аталған көрсеткіш 2013 жылы 64,1 млрд долл. құрады. Бұл ретте Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа (ЕЭҚ) мүше-елдердің Ресей сыртқы саудасындағы үлесі — 6,9 %-ды, Қазақстанның сыртқы саудасындағы үлесі — 18,4 %-ды, Беларусьтің сыртқы саудасындағы үлесі 50,6 %-да құрады. Жалпы, ЕЭҚ мүше-елдерінің сыртқы саудадағы айналымын жиынтықтағанда 1 077,5 млрд долл. құрайды (Ресей — 865,9 млрд долл., Қазақстан — 131,4 млрд долл., Беларусь — 80,2 млрд долл.), өзара сауда үлесі 2013 жылы 11,6 %-ды құрады.
ЕЭҚ-ның Беларусиядан басқа мүше-елдерінің өздері үшін, олар басым болып табылмайды. Мысалы, Ресей саудасында аса маңызды əріптестері 2013 ж. Қытай (88,8 млрд долл.), Нидерланды (76,0 млрд долл.), Германия (75 млрд долл.), Италия (53,8 млрд долл.), Украина (38,2 млрд долл.) болды. Қазақстан үшін жетекші əріптестері ЕО (53,3 млрд долл.), Қытай (28,6 млрд долл.), Ресей (23,5 млрд долл.) болды. Беларусь 738,8 млн долл. өзара сауда айналымы көлемімен 2013 жылы Қазақстанның бүкіл сыртқы саудасының небары 0,6 %-ын құрады [3].
Осылайша, біздің елдеріміз өзара сауда-экономикалық қатынастарын жандандыра жəне оларды барынша жоғары деңгейге ауыстыра отырып, өзге елдермен де өзара əрекеттестігін қысқартпайды.
Соңғы жылдары өңдеуші салаларды, əсіресе жаңа инновациялық салаларды үдемелі дамыту бағдарламаларын іске асырумен байланысты, жаңа өнімді өткізу нарықтары туралы мəселе бас көтерді. Бұл ретте, ел халқының санын, отандық нарықтың тарлығын ескергенде, көптеген өндірушілер үшін қандай да бір өнімді шығаруды меңгеру тиімсіз болып отыр. Бұл ұлттық экономиканы əртараптандырудың табиғи шектеуіші болып табылады. Өндірісті бірден үлкен көлемдерден бастау жəне біздің жаңадан бастаған кəсіпкерлік үшін өткір бəсекелес болып табылатын нарыққа шығу үлкен тəуекелдің ісі болар еді. Отандық бизнестің жинақталған əлеуеті əлемдік нарықта өзімізді салыстырмалы түрде емін-еркін ұстауға əлі де мүмкіндік бермейді.
Бəсекелестіктің қатаң қыспағы жағдайларында дұрыс болып табылатын жалғыз нəрсе — ықпалдастық. Біздің Елбасымыз бұл мəселелерді бірнеше мəрте көтерген жəне еуразиялық ықпалдастық идеясын табандылықпен қозғап келе жатыр. Бұл идеяны іске асыру үшін барынша салмақты дəйектер бар. Ең алдымен, орталық əріптес ретінде неліктен Ресей таңдалып алынды. Бірінші дəйек — бұл табиғи артықшылықтары. Бұл елмен бізде ең ұзаққа созылған шекара — 7 мың км. Ресей Федерациясының 12 субъектісі, оның ішінде Ресейдің өнеркəсіптік жағынан дамыған аймақтары — Самара, Волгоград, Челябі, Омбы губерниялары — Қазақстанмен шектеседі, ал біз жағымыздан Қазақстанның 8 облысы, яғни ел аймақтарының жартысы. Бізде бұрыннан қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстар бар. Бірақ шекаралас аймақтар барынша белсенді қызметтестікте [3].
Қазақстанның Ресеймен сыртқы саудасы 2012 жылғы 23,1 млрд-тан 2013 жылы 23,5 млрд долл. дейін артты жəне Қазақстанның бүкіл сыртқы сауда айналымының 17,9 %-ын құрады. Бұл ретте Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық қатынастарындағы теріс сальдо көлемі өсуде. Мысалы, 2012 ж. бұл көрсеткіш 10,8 млрд, 2013 ж. — 11,9 млрд долл. құрады. Беларуспен арада да осыған ұқсас жағдай. 2012 ж. сауда айналымының 791,5 млн долл. көлемі барысында теріс сальдо 608,3 млн долл. құраса, 2013 ж бұл көрсеткіштер, тиісінше, 738,8 млн долл. жəне — 624,6 млн долл. құрады. Бір жыл ішінде Қазақстанға кірген белорустық экспорт 97,4 %-ға дейін кеміді, ал Қазақстан тауарларының импорты 62,3 %-ға дейін қысқарды [4].
ЕЭҚ елдерінің өзара сауда көлемі 2014 жылдың бірінші тоқсанында $13,2 млрд долл. құрады.
2013 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда ол 12,6 %-ға кеміді.
ЕЭҚ-ға мүше-мемлекеттердің үшінші елдермен сыртқы сауда көлемі қаңтар-наурызда 213,4 млрд долл. құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,1 %-ға аз. Бұл ретте үшінші елдерге экспорт 141,5 млрд долл., импорт — 71,9 млрд долл. деңгейінде қалыптасты. Тауарлармен сыртқа сауда сальдосы оң, 69,6 млрд долл. мөлшерінде. 2013 жылдың қаңтар-наурызында оның көлемі 65,4 млрд долл. құраған.
Ресей экспорты 2,3 %-ға, 114,9 млрд долл., импорты — 5,4 %-ға, 62,4 млрд долл. құлады, сыртқы сауда теңгерімінің сальдосы 52,5 млрд долл. деңгейінде болды. Қазақстанда экспорт 14,5 %-ға, 21,4 млрд долл. дейін өсті, импорт 6,5 %-ға, 5,5 млрд долл. дейін төмендеді, оң сальдо 15,9 млрд долл. құрады.
Беларусь Республикасының статистикалық қызметінің дерекқоры бойынша, (кестені қара) Беларусь Республикасының ЕЭҚ-ның барлық мүше-елдерімен жəне негізгі сауда əріптестерімен жалпы сауда айналымы, экспорты жəне импорты туралы мəліметтер келтірілген (жалпы сауда айналымының 1 %-ынан астамы) [5].
Қазақстанмен сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 22,7 %-ға, немесе 39,4 млн долл., артты жəне 213,5 млн долл. құрады; сыртқы сауда сальдосы 162,9 млн долл. көлемімен оң қалыптасты. Экспорт 21,2 %-ға өссе, импорт 34,4 %-ға артты.
Ресей Федерациясымен сауда айналымына келер болсақ, 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда, 6,8 %-ға азайды жəне 8,9 млрд долл. құрады, сыртқы сауда сальдосы 1,6 млрд долл. көлемінде теріс қалыптасты. Экспорт 4,4 %-ға, импорт 8,4 %-ға кеміді.
Сыртқы сауданың басым бөлігі небары 4–5 елдермен шектелген (РФ, ҚХР т.б.). Сондықтан халықаралық экономикалық немесе саяси ахуал күрделі болғанда туындайтын тəуекелдер мен қауіптіліктерді болдырмау мақсатында Үкімет сыртқы сауданы елдер бойынша барынша диверсификациялау керек.
Диверсификацияның жаңа бағыттары ретінде түркі тектес елдер мен Орталық Азия мемлекеттері болуы ықтимал. Мəселен, түркі тектес елдердің Қазақстанның сыртқы саудадағы үлес салмағы небары 6 %.
Экспортта, негізінен, шикізаттардың үлес салмағы əлі де мол. Мемлекеттік индустриалдық- инновациялық бағдарлама аясында шикізаттық емес тауарлардың үлес салмағын экспортта көбейту жөнінде қосымша шаралар қабылдаған орынды.
Кеден одағына мүше-мемлекеттерде экспорт кезінде пайда болатын əкімшілік немесе өзге де заңсыз кедергілер əлі де сақталып отыр, əсіресе Ресей Федерациясы. Сол себептен Үкімет оларды алып тастау немесе жою жөнінде РФ Үкіметімен бірлесе отырып, кейбір қадамдар жасаулары қажет [6].
Қазіргі таңда отандық экспорт инвестициялық белсенділіктің сипаттарының белгілерінің пайда болуымен Қазақстан экономикасының тұрақтануы үрдісінде дамып жатыр.
Экономиканы модернизациялаудың жəне оның экспорттық əлеуетін нығайтудың маңызды тетігі болып капиталдар салымы көлемінің үздіксіз артуы болып табылады. Экспортқа бағытталған өндірісті жəне экспортты ынталандырудың қосымша көзі ретінде халықаралық лизингті пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды аралас мемлекеттік коммерциялық қаржыландыру болып табылады [7].
Сыртқы жағдаятты жақсартудың жəне Қазақстан экспортының кірістілігін көтерудің қосымша факторы ретінде отандық өнімдерді шет елдерге жеткізудің географиясын кеңейту, экспорт кезіндегі тауарлардың кедендік құнын анықтаудың, оны негізсіз төмендетуін болдырмау мақсатында жүйені жасау, өндірушілер мен экспорттаушылардың салалық одағының ұсынған төменгі экспорттық бағаны бекітудің тəжірибесін кеңейту керек.
Бүгінге дейін Қазақстан экспортына тежегіш əсерін тигізетін факторлар мыналар:
- отандық өнеркəсіп өнімдерінің бəсекеқабілеттілігінің төмендігі;
- өндіруші өнеркəсіптің көптеген кəсіпорындарының қаржылық жағдайының ауырлығы, бұл ішкі ресурстар жəне бəсекеге қабілеті бар өндірістің коммерциялануы есебінен келешегі зор экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялауға мүмкіндік бермейді;
- экспорттық өнімдердің саласын бақылау мен сертификациялаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;
- Қазақстан экспортының қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілдірілмегендігі;
- Қазақстанның көптеген кəсіпорындарының экспорт саласындағы жұмыс тəжірибесінің жəне арнайы білімінің жетіспеуі жəне олардың сыртқы рынокқа шығуының координациялануы;
- бұрынғы кеңестік кеңістіктегі дəстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;
- табиғи монополиялардың қызметтері мен өнімдеріне деген бағаның өңдеуші өнеркəсіптің өнімдеріне деген бағаның өсуімен салыстырғанда асып түсуі;
- несие мен инвестициялар үшін Қазақстанның халықаралық рейтингінің төмен болуы.
Бұл Қазақстан экспортын дамытуда шетел қаржысын пайдалануды қиындатады. Қазақстан экспортының келешегі мен жағдайын анықтайтын факторлардың жиынтығын есепке алып, бір жағынан, экспортық қызметтегі бар кедергілер мен қиындықтарды тиімді жеңе білуге, екінші жағынан, экспортты дамыту үшін Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен экономикасындағы болып жатқан жағымды өзгерістерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экспортты ынталандырудың мемлекеттік шаралардың біртұтас жүйесін құру қажет.
Осыған байланысты экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерін құру келесі арнайы бірқатар мəселелерді шешуді көздейді:
- мемлекеттің қатысуымен экспортты сақтандырумен несиелердің механизмдерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;
- Қазақстанның экспорттық өнімдерін белсенді жылжыту мен отандық кəсіпорындардың мүддесін шетелде қорғау бойынша мемлекеттік органдардың жедел жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен, таяу жəне орта мерзімдік болашақта Қазақстан экспортында шикізаттық бағыт сақталады, ал мəселе сəйкес салалардың материалдық-техникалық базаларын бекіту болып табылады. Осы бағыттағы маңызды қадам болып отын-шикізат салаларындағы инвестициялық қызметті жандандыру болып есептеледі. Отын-шикізат экспортының тиімділігін арттыру ерекше мағынаға ие болады.
Атап айтсақ, өңдеудің тереңдігін ұлғайту жəне шетелге шығарылатын шикізат тауарларымен жартылай фабрикаттардың сапасын жақсарту, келісімнің бағалық жəне өзге де шарттарын үйлестіру, сыртқы рыноктағы жағдаятқа байланысты шикізат салаларының біртұтас экспорттық əлеуетін икемді шебер пайдалану, сонымен қатар мемлекеттің қаржысынан əлемдік бағаның өзгеруіне қарсы, экспорттық резервтерді тұрақтандыратын қор құру; экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында көлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Қазақстан экспортындағы отын-шикізат тауарларының басымдығы халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның нақты жəне аса маңызды бəсекелік артықшылықтардың объективті бейнесі болып табылады. Қазақстанның əлемдік экономикаға тең құқықты əріптес ретінде ықпалдасуы, дайын өнімнің үлес салмағын арттыру пайдасына сыртқы экономикалық айырбастың пропорциясының құрылымын жақсартуынсыз, өндірістік ғылыми-техникалық кооперация, инвестициялық достастық, инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асыру сияқты достастықтың тиімді нысандарын меңгерусіз мүмкін емес. Осындай себеппен Қазақстанның ұзақ мерзімді негізгі экспорттық стратегиясы болып жоғары дəрежеде өңделген тауарлардың экспорты болып табылады.
Ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементі ретінде еліміздің экспорттық əлеуетін дамыту үшін халықаралық экономикалық достастықтың əр түрлі нысандарын қолайлы пайдалану болып табылады [8].
Соңғы жылдары мынандай нысандар, шетел инвестицияларын тарту жəне біріккен кəсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру, компенсациялық негіздегі достастық, несиелік келісімдер, лицензиялық сауда, халықаралық лизинг, инжиниринг, еркін экономикалық аймақтарды құру кеңінен таралып отыр.
Экспортты дамытудың шешуші факторы ретінде тауарлардың құрылымын жетілдіру мен ассортименттерді кеңейтуге мүмкіндік туғызатын ұлттық шаруашылықтың бəсекеқабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да өзекті мəселе ретінде отандық өнеркəсіп өнімдерінің бəсекеқабілеттілігін арттыратын, кешенді мемлекеттік бағдарламалар мен алдынғы қатарлы технологиялар мен өнімдерді меңгеруге жеке, соның ішінде шетел капиталдарының құйылуының ұйымдастыру-құқықтық жəне өзге де шарттарын белгілейтін мемлекеттік коммерциялық жобаларды дайындап шығару болып табылады.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы мен оның сыртқы-экономикалық қызметінің дамуының өзекті қиындықтарын есепке алып, экспортқа қаржылық көмек беру саласындағы бірінші кезектегі мəселелерге мыналар жатады:
- экспортқа бағытталған ұйымдар мен өндірістің айналым қаражаттарын қамтамасыз ету үшін тартылған өкілетті банктердің несие ресурстары бойынша кепілдік міндеттемелерді беру;
- экспорттаушыларды қорғауды қамтамасыз ету үшін коммерциялық жəне саяси тəуекелдерден экспорттық несиелерді сақтандыру мен мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау.
Қазақстан экспортын ынталандыратын қаржылық көмек берудің басқа да бағыттарының арасынан мынадай шараларды қарастыруға болады:
- экспорттық жеткілізімдерді қаржыландыратын банктерге мемлекеттік кепілдіктерді табыстау;
- халықаралық саудаға қатысу үшін берілген несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік беру;
- сыртқы рынокты игеруге байланысты операцияларды сақтандыру;
- өнеркəсіппен, одан əрі тауарлар мен қызметтердің экспортына байланысты шағымдарды арбитраждық сотта қарау кезіндегі мемлекеттік баждардың көлемін төмендету.
Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде, ашық нарықтық шаруашылықтың түпкілікті жаңа құқықтық жəне институционалдық негізін қалыптастырудың белсенді процесі жүріп жатқанда, мемлекеттің экспорттық қызметті ұйымдастыру жəне өзге де қамтамасыз ету шаралары, нормативті базаны жетілдіру бойынша мақсатты күш салуы ерекше мағынаға ие болады.
Сайып келгенде, шығатын қорытынды: экспортты ынталандыру — экономиканы дамытудың басымдылықтарының бірі қазіргі уақытта маңызды. Анығында, таза экспорттың өсу жылдамдығының төмендеуі ЖІӨ-нің өсуінің төмендеуі басты себебі болды.
Қазақстанның экспорттық саясаты жаһандану экономикасында елдер позициясын күшейтуге, сыртқы экономика саласының жоғарлауына үлес қосу, ұлттық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған. Бірігу процесі Қазақстанға экономикалық кеңістікке қатал күрес кезеңінде сенімді серіктестікті қамтамасыз етеді [9].
Əлемде күнде сауда тартысы болып жатыр. Кеше барлығы ƏСҰ-ке мүше болғанда, дағдарыс кезінде дамыған елдер жақтау саясатын жүргізді. Экономикалық кеңістік үшін талас үлкен сипат алады, əлем күрделі бола бастады. Əлемдік сауданың көлемі өсе бастады. Бұл байланыста біз одақты, сенімді əріптесті қажетсініп жатырмыз.
Əдебиеттер тізімі
- Manova K., Zhang Z. Export Prices across Firms and Destinations // Quarterly Journal of Economics. — 2012. — № 127 (1).— Р. 379–436.
- Алшанов Р. Казахстан. Live. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.kazakhstanlive.ru/news/news-economy/news-id- 1000
- Алшанов Р. Экономическая политика и развитие взаимных бизнес-процессов в условиях евразийской интеграции //Казахстанская правда. — 2014. — 14 апр.
- Қазақстанның ішкі сауда статистикасы // ҚР-ның Статистика бойынша агенттігі. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://kazdata.kz/11/2014-01-export-import-kazakhstan.html
- Нурша А. Эволюция политической мысли в Казахстане по проблемам евразийской интеграции: «Евразооптимисты»и «евразоскептики» Казахстана. — Астана–Алматы, 2014. — С. 96–136.
- Schott P.Across-Product versus Within-Product Specialization in International Trade // Quarterly Journal of Economics. — 2004. — № 119 (2). — С. 647–678.
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жəне экспортты ынталандыру жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы.
- Мəскеуде еліміздің тауарларын Ресейге экспорттау мəселесі талқыланды // Егемен Қазақстан. — — 18 тамыз.
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жəне экспортты ынталандыру жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы.
- Исекешев Ə. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://inform.kz/rus/article/2440763, Ағымдағы жылы қазақстандық экспортты ынталандыру саясатын жүзеге асыру жалғасатын болады. — 14 ақп.
- Индустриаландырудың екінші бесжылдығы ел экспортын өрістетеді // Егемен Қазақстан. — — 3 шілде.