Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылдық aймақтар экономикасының даму деңгейлері

Аймақтық басқарудың экономикалық негізінде мыналар жату керек: коммуналдық меншікке аймақтың құқы жəне барлық аймақтық қорларға ие болу, қолдану жəне жұмсауға республика берген өкілдігі. Ең алдымен, аймақтық органдардың мемлекеттік басқару функциясын, өз іс-əрекетінде республиканың мүдделерімен анықталатын артықшылықты жүзеге асырады.

Аймақтық басқарудың жалпы түріндегі ең басты мəселесі аймақтың экономикалық кеңістік арнасында экономикалық қорлардың айналымын реттеу жəне осының негізінде тиімді қайта өндірістік үрдісі жатыр. Экономиканың негізін екі іргелі ақиқат құрайды жəне олар шын мəнінде экономиканың барлық мəселелерін қамтиды.

Аймақтың қабілеттеріне жауап бере алатын, көліктік жəне ауылшаруашылық машина жасауды дамыту, жоғары сапалы металдар шығару, сондай-ақ жеңіл жəне тамақ өнеркəсібіне өндірістік жабдықтарды шығару ең бастысы болуы мүмкін. Ауыл аумақтардағы жəне ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің əлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы демографиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді.

Əлемдік жəне қазақстандық тəжірибе ауыл шаруашылығы кəсіпкерлігін дамытудың түрлі үлгілерін ұсынады, олар соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға жəне агроөнеркəсіп кешенін құруға негізделген əр түрлі біріктірілген корпоративтік құрылымдарға бағытталады.

Соңғы онжылдық ішінде аймақтық теорияларды зерттеуге (соның ішінде аймақтық саясат теориясына) аз көңіл бөлінді. Бұған қарамастан, аймақтың экономика туралы шығарылған кітаптар аз емес, аймақтық экономикасының теориялық негіздері тек кейбірінде ғана қарастырылған. Аймақтық саясат теориясының аймақтардың экономикалық дамуының мемлекеттік реттеу бағытын түзеді. Аймақтық өсім теориясын құрудың екі жолы бар [1]. Біріншісі — жалпы мемлекеттің жалпы экономикасының өсуін түсіндіруі үшін жасалған аймақтарға қолданылатын экономикалық өсім үлгілеріне баламалы болатын. Екінші — жеке кəсіпорындардың немесе фирмалардың іс-əрекетінің талдауына негізделген, өйткені олардың іс-əрекеті аймақтық дамуды анықтайды.

Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу теориясы екі негізгі сұраққа жауап беруі керек: Аймақтық саясаттың мақсатымен объектісі қандай болуы керек? Таңдалған аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру тəсілдері қандай болуы керек?

Бірінші сұраққа жауап аймақтардың экономикалық дамуының реттеу объектілері мен мақсаттарының қажеттіліктері аймақтың өсім теориясынан шығады. Себебі, классикалық емес теориясының негізгі тұжырымы бойынша, уақыт өткен сайын аймақтардың экономикалық даму деңгейі теңеледі, аймақтық теориясының дамуының бастапқы кезеңінде бұл ғылыми мектептің жақтастары мынадай тұжырымға келді аймақтардың экономикалық дамуына мемлекет араласқан дұрыс емес.

Кумулятивтік өсім теориясының жақтастары өсуден немесе кем дегенде аймақтың экономикалық даму деңгейлерінің сəйкессіздік сақтаудан шығады, керісінше, аймақтың саясатын белсенді жүргізуді ұсынды. Аймақтардың экономикасының даму деңгейлерінің айырмашылықтарын азайту секілді аймақтық саясаттың мақсатын оларға тиесілі. Бұл бойынша мемлекет ең нашар дамыған аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру керек.

«Территориялық əділдіктің» қажетті минималды деңгейіне жету проблемасы, проблемалық аймақтарға ағындық қаржылық көмек беру арқасында негізінен шешілу мүмкін жəне керек. Аймақтардың экономикалық дамуының мемлекеттік реттеу əдістер жиынтығы бір теориялық тұжырымдамаға бағынбайды жəне мемлкеттің нақты проблемаларына байланысты əр елде айрықша болады. Мұнда жеке инвесторлар үшін аймақтардың тартымдылығын көтеру үшін қолданылатын тəсілдер принципиалды түрде əр түрлі екі топқа бөлінеді:

а) теория қасиеттерін жақсарту — инфрақұрылымды жетілдіру;

ə) аймақтарға келетін инвесторларға белгілі бір жеңілдіктер жиынтығын беру.

Таңдау кезінде мынаны ескеру керек, инфрақұрылымды дамыту, аймақтың экономикасының ұзақ уақытта перспективада өсіміне жақсы жағдай жасайды, ал қаржылық көмек бірқатар жағдайларда уақышта тиімділік береді. Жалпы экономикалық дағдарыс жағдайында салааралық, аймақаралық өндірістік байланыстардың іштей күрделенуін, халық шаруашылық салаларының арасында өзара тəуелділіктің өсуін байқаймыз. Республика экономикасының жəне оның аймақтарының жəне облыстарының керектіліктерін үйлесімдіктерін қамтамасыз ету тапсырмасы осыған байланысты үлкен мағынаға ие болады, өндірістік инфрақұрылымы бір халық шаруашылық кешенінің арнасында ықшамдау.

Кеңес Одағын ведомстволарының мүдделерінен шығатын республикалар мен аймақтар дамытуының тəжірибесі олардың кешендік дамуының міндеті қажеттіліктерімен сəйкес келмейді жəне қазіргі кездегі халық шаруашылық кешенінің экономикалық тепетеңдігінің бұзылуы өтпелі кезеңнің объективтік қиындықтарымен қатар, қоғамдық өнідіріс саласындағы дағдарысты күрделендіреді [2].

Табиғи қорлар, өндірістік күштер, өндірістік қатынастардың əр аймақта өз ерекшеліктері бар, сондықтан қалыптасқан өндірістік құрылымында да өндірістік тиімділік деңгейінде де айырмашылықтары үлкен, олар аймақтардың əлеуметтік жəне экономикалық, тарихи, табиғи ерекшеліктерімен объективті жағдайлармен түсіндіріледі. Біздің ойымызша, олардың ең маңыздысы қамтамасыз ету болып табылады:

  • əр түрлі қорлармен, олардың құрылымымен санымен, сапасымен, еңбек қорларымен, кəсіби жəне квалификацияланған құрылымымен;
  • өндірістің құрылымы жəне мамандырылған өндірістік еңбектің бөлінуі;
  • қалыптасқан экологиялық жағдай жəне қоршаған орта жағдайы.

Жоғарыда аталған аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жеке салалармен өндірістердің аймақтың даму жолын анықтау, қоғамдық шығындарын көп көлемде үнемдеуге мүмкіндік береді жəне экономиканың қарқынды дамуына əсер етеді. Жалпы өндірістік территориялық құрылымын рационалдау осы немесе басқа аймақты қажетті масштабтарында көмекші өндірістерді дамуын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға жəне табиғи қорларды рационалды қолдануға бағдарланған өндірістік инфрақұрылымның салааралық объектілерін құруға бағытталған.

Экономиканың оңтайлы құрылымын құру нарықтық шаруашылыққа көшу қажетті шарты жəне оның жақсы функциялануына жағдай жасайды. Қазіргі кездегі күрделілігі Солтүстік Қазақстанда да, жалпы республикада да, халық шаруашылық кешенінің мамандануының қалыптасқан деформациясының тереңдігі, өндірістік инфрақұрылымын экономика жолындағы негізі кедергісі, ол нарықтық механизмдерге негізделген қоғамдық өндірістерді ұйымдастырудың жаңа формасында оның негізінде республиканың экономикалық егемендігі жəне оның аймақтарының кешенді даму принципі жатыр [3].

Жаңа түсінік бойынша аймақтың дамуы — бұл экономикалық, өндірістік техникалық, əлеуметтік, этнодемографиялық, табиғи-экологиялық жəне басқа да үрдістердің өзара байланысқан, тығыз тəуелділіктегі белгілі бір аймақтың шекарадағы локализацияланған динамикалық жиынтығы. Осы өзара байланысқан үрдістердің даму жиынтығының өз заңдылықтары бар, оның жан-жақты толықтай тіркеу негізінде аймақтың саясат жасалу керек.

Аймақтық басқарудың жалпы түріндегі ең басты мəселесі аймақтың экономикалық кеңістік арнасында экономикалық қорлардың айналымын реттеу жəне осының негізінде тиімді қайта өндірістік үрдісі жатыр.

Жоғарыда аталған Қазақстанның жəне оның аймақтарының өндірістік құрылымында өндіруші салалары басым. Республиканың экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларында мұндай сəйкессіздікті жою қарастырылған, ол белгілі бір уақыт бойы сақталады.

Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды жəне олар шын мəнінде экономиканың барлық мəселелерін қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз. Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Кəсіпкерлік қызметтің факторларына экономикалық ресурстар жатады. Экономикалық ресурстар — тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам жəне адамдардың өндірген құрал- жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт жəне ауыл шаруашылық құрылыстары, əр түрлі жабдықтар, құралдар, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар, əр түрлі көлік, байланыс құралдары, материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер жəне қазбалы байлықтар.

Ол ресурстар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:

  1. Материалдық ресурстар — жер, оның табиғи байлығы жəне капитал.
  2. Адамдар ресурсы — еңбек жəне кəсіпкерлік қабілеттілік.

Кəсіпкерлік қабілеттілік — адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кəсіпкердің 4 қызметін түсіну керек, атап айтқанда:

  1. Кəсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал жəне еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді.
  2. Кəсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады жəне кəсіпорынның (фирманың) іс бағытын айқындайды.
  1. Кəсіпкер — бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
  1. Кəсіпкер — бұл тəуекелге баратын кісі. Тəуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатынын білген жөн (капитализм кеңес өкіметі емес, ешкім жай ғана көмек көрсетпейді).

Кəсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тəуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің жəне өзінің қоғамдық инфрақұрылымын қайта құру үрдісінде басқа жолдарды бір уақытта бекіту қажет, өндіруші салаларға жаңа технологияларды енгізу керек. Осы салалардың өнімі халық шаруашылық кешенін модернизациялау үшін ішкі қаржы қорларын жинаудағы негізгі жолы болып табылады жəне қалыптасқан өндірісті ұйымдастырудың экстенсивті сипаты қоғамдық өндіріс сферасының басты проблемалардың бірін түрлендіреді.

Республикалық халық шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде аймақтың рационалды өндірістік инфрақұрылымын құру мақсаты, əлеуетіне сəйкес Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі облыстардың рөлі мен орнын анықтау керек. Осыған қарап облыстарда өндірілуі, қандай көлемде дамуы қажет екені жəне экономикалықең тиімді өнім саласы қандай екенін анықтау қажет.

Қазіргі кезеннің басты мақсаты өнеркəсіп өндірістің тұрақтандырылуы жəне модернизация болып табылады. Оның маңыздысы металлургиялық-машина жасау технологиялық байланысы болу керек.

Металлургия өндіруші жəне өңдеу салалар дамуының негізі болып табылады. Солтүстік Қазақстанда көп салалы машина жасауды дамыту үшін қажетті жағдайлар бар: жергілікті шикізат, энергетикалық жəне су қорларына бағадарланған, дамыған металлургиялық база, өндірістік база, кваликациялаған кадрлар.

Осы проблеманы дұрыс шешу мақсатының ең басты шарттарының бірі, біздің ойымызша, аймақтың өндірістік инфрақұрылымын жасаудың мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Республиканың сыртқы экономикалық саясаты болып табылады.

Соңғы жылдардың жақсы экономикалық өсімі көбінесе конъюнктуралық сипатта жəне өндірістік-техникалық базаның дамуы мен өсуіне іс жүзінде тікелей əсері жоқ факторларға байланысты.

Тұрақты өсім траекториясына шығу үшін, ең алдымен, халықаралық нарықта жақсы бəсекелесе алатын инновациялы-белсенді шаруашылық құрылымдарын жасау керек, ғылыми техникалық дамудың басты бағыттарына қорларды жинастыру қажет, инновациялық белсенділікті нығайтуға бағытталған экономикалық саясат керек. Бұл проблеманы шешу екі өзара байланысқан жазықтықта жатыр. Біріншіден, инновациялық дамуға жақсы əсер ететін сыртқы ортаны құру қажеттілігі, екіншіден, ғылыми-техникалық өндірістік жəне əлеуетті ескере отырып, инновациялық типті шаруашылық құрылымын түзетін механизмін жасау керек [4].

Кəсіпорындардың территориялық жақын орналасуы ғылыммен өндірісті толықтай жəне тиімді байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғылыми жəне өндірістік базаны рационалды қолдануға, жарық техника кадрларының деңгейін көтеруге, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуді жылдамдатуға, Республикамыздағы ғылыми-техникалық жəне инновациялық салаға қосымша бюджетті жəне бюджеттік емес инвестицияларды тартуға, ғылыми зерттеуге бөлінетін бюджеттік қаражаттарды тиімді қолдануын көтеріп қайтаруын қамтамасыз етеді.

Нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы кезеңінде тауар өндірушілер мен қайта өңдеу кəсіпорындары жəне сауда ұйымдарының арасындағы қарым-қатынастардың қайшылықтары асқына түсті. Осы нарықта субъектілер арасындағы кəсіпкерлік байланыстар қауіп-қатерде болды. Ең тиімсіз жағдайға өнім өндірушілер қалып отыр. Монополистік кəсіпорындар шикізатты қайта өңдеу өнеркəсібінде төмен бағамен сатып алатын айналым қорларының жетіспеушілігіне, инвестициялардың қысқаруына, оның салдары тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолданудың азаюына, техникаға жүктеменің көбеюіне, нақты жалақы деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

Ауыл аумақтардағы жəне ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің əлеуметтік-экономикалық хал- ахуалы демографиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына əрекет етуші қаржы-несиелік механизмдердің несиені пайдаланғаны үшін жоғары пайызы оңтайлы əсерін тигізбеді. Аталған жағдайлардағы қатынастарда банктер ауыл шаруашылығына қаражат салуға қызығушылық танытпайды, себебі онда қор айналымы басқа салаларға қарағанда едəуір төмен.

Ауыл шаруашылығының нарықтық қайта құрылуы кезінде аграрлық кəсiпкерлiк ерекше дамуда, əр түрлi кəсiпкерлiк құрылымдар, шағын, орта жəне iрi кəсiпкерлiктердің дамуына ерекше көңіл бөлінген, агроөнеркəсiптiк өндiрiстердің бəсекеге икемді, теңгерілімді, аяғынан нық тұрған, тұрғындарды азық-түлiкпен қамтамасыз ету жəне олардың тұрмыс сапасы көрсеткіштерінің оң динамикасын орнықтыруға бағытталған, аграрлық экономиканың жұмыс жасауының жүйелiк тəртiбі мұның негізі деп түсiнеміз.

Қазақстан үшін алда көптеген мəселелер тұрды, болашақта дамыту процестерінде пайда болатын еліміздің шикізатқа бағытталған экономикалық өсу қарқынын тоқтатты, оны дамыту үлгілерінің тиімділік жақтарын, пайдалану мүмкіндіктерін жəне, керісінше, құтылу мүмкіндігін де көрсетті, дамыған елдердің саясаттары, экономикалары жəне күштері өзара байланыстылығын байқатты.

Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сұраныстың азаюы, сыртқы саудада əріптес елдердің қаржылық тұрақсыздануы, ұлттық валютаның құнсыздана бастауы, елдің сауда жəне төлем балансының төмендеуі, экономикалық ішкі дағдарыс құбылыстарының артуы: бюджет тапшылығының өсуі, төлем дағдарыстары жəне басқа да мəселелер байқалды.

Əлемдік жəне қазақстандық тəжірибе ауыл шаруашылығы кəсіпкерлігін дамытудың түрлі үлгілерін ұсынады, олар соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға жəне агроөнеркəсіп кешенін құруға негізделген əр түрлі біріктірілген корпоративтік құрылымдарға бағытталады [5].

Ауыл шаруашылығында кəсіпкерліктің негізгі субъектісі — шаруа қожалығы. Шаруа қожалығы — өзінің қызметтерінде толық экономикалық еркіндігі бар жəне тауар өндірушілерге тəуелді емес. Қазіргі кезде шаруа қожалықтарын дамытудың мəселелері жөнінде толық баяндау үшін, ең алдымен, кəсіпорынның бұл түрінің түсінігіне тоқталып өткен жөн. Ауыл шаруашылығының тəжірибесінде жəне ғылыми əдебиеттерде кең көлемде қарастырылған жəне оған əр түрлі ой-пікірлер келтірілген [6].

Кейбір зерттеушілер былайша тұжырымдайды, шаруа қожалығы — бұл өз алдына бір түсінік, ал қожалық — мүлдем басқаша ұғым, ол тауарлық деңгейін арттырады жəне шаруа қожалықтарының өндірген өнімінің көлемі тек қожалықта қалыптасады. «Шаруа қожалығы» деп натуралды шаруашылықты да айтуға болады, ал шаруа қожалықтарында жоғары тауарлы кəсіпкерлік қызмет əрекет етеді. Ал кейбір жағдайда шаруа қожалығы — бұл өмірдің əлеуметтік бейнесі, яғни отбасының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады, ал басқа жағынан, қожалық — бұл ауыл шаруашылығы агробизнесінің əлеуметтік-экономикалық түрі.

Елімізде шаруа қожалықтарының көбі əлі де қалыптасу кезеңін бастан кешіруде, сол себептен олар мемлекет тарапынан қомақты экономикалық қолдауды қажет етеді. Адамдар меншікті істі тек нағыз бастамашыл жандар ғана, көмексіз бастай алатын тəуекелге бас тігу екенін түсінеді. Осы тəуекелді азайту үшін үкіметтік жəрдемнің арнайы тетігі қажет, ал соңғы кезде Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтік актілерде ол ішінара қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Шаруа қожалықтары жөнінде» Заңына сəйкес, «шаруа қожалығы бұл адамдардың жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыруы, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен жəне өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі» деп танылады. Шаруа қожалығының субъктісі болып, заңды тұлға құрмай жəне заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кəсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар табылады.

Қазақстанның экономикалық іс-əрекеті республиканың мемлекеттік органдары мен министрліктері мен жəне комитеттерімен реттеледі. Экономикалық байланыстардың дұрыс жəне мақсатты дамуы үшін ең бастысы негізделген экономикалық саясат болып табылады. Экономикалық саясат мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бөлігі болып табылады.

Қазақстанның экономикалық саясатының тиімді болуына əлемдік ТНК мен қарым-қатынасының дамуы үлкен əсер етуі мүмкін, егер бүгінгі күннің өзінде экономикалық жəне құқықтық сипаттағы барлық жағдайларға ие болып отырған жеке қазақстандық фирмалардың ынтасы болса. Бұл шаруашылық бірліктерінің халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға ену формалардың түрлендіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайды сыртқы экономикалық саясатының мақсаты тек қана ынтасын білдіру үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар əлемдік тауар нарығына бəсекелестігі жоғары өніммен шығуды ынталдандыру болып табылады.

Аймақтық саясат халықты еңбекпен қамтамасыз етуді жəне экономикалық өсуге жағдай жасауға бағытталған, аймақтың еңбек нарығында жағдайды жақсартуға жəне құрылымдық түрлендіруді жеңілдету үшін, ұзақ уақытта жəне бəсекеге қабілеті жұмыс орындарын құрумен, құрылымдық нашар аудандарын экономикалық өсімін жақсартуға ерекше назар аударады.

Мемлекеттің экономикалық іс-əрекетін тиімділігі жəне реттеу мемлекеттің аймақтың саясатының бөлінбес бөлігі болып табылады.

Экономикалық іс-əрекетті мемлекеттік реттеу саны да жəне мазмұны бойынша елдің даму деңгейі мен жағдайына, халықаралық экономикалық саясаттың өзгеруіне жəне əлемдік нарықтың конъюнктурасына, экспортты-импортты операциялар облысындағы мемлекет жүргізетін саясаттың сипатына жəне шетелдік инвестицияларды ынталандыруға байланысты өзгеріп отырады.

Қазақстанда шетелдік инвесторларды тарту үшін жəне отандық кəсіпкерлердің жұмыс істеуі үшін жəне өнімді экспорттау жəне импорттау бойынша тауар өндірушілерге арналған көптеген спецификалық жағдайлар жасалған. Қазақстандағы саяси тұрақтылық жəне сыртқы сауданың либерализациясы үшін экономикалық реформаларды тереңдетуге қатыстылығы шетелдік инвесторларды жəне кəсіпкерлер үшін заңдарды ыңғайлы қылып тұрақты түрде жетілдіріп жаңа заңдарды енгізу жақсы таныс. Экономикалық қарым-қатынаста экспорттық-импорттық операциялар ең көп тараған, оларды жүзеге асыру сұрақтары қарастырылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  • Омурзаков Т. Особенности национальной инновационной системы Казахстана // Саясат. — — № 1. — С. 38–43.
  • Нұрғалиева А.А. Ауылдық аудандарда əлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі: Монография. — Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. — 176 б.
  • Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кəсіпорын экономикасы жəне кəсіпкерлік. — Алматы: Бастау, — С. 98–113.
  • Evenson R.E. Economic Impacts of Agricultural Research and Extension. [ER]. 2001. Access mode: http://escop.ncsu.edu/infobook/evensonhandbookchapter1.pdf. — Date of access: 08.2013.
  • More and Better Investment in Agriculture//World Bank [ER]. 2010. Access mode: http://web.worldbank.org/WBSITE/EXTERNAL/EXTDEC/EXTRESEARCH/EXTWDRS/0, contentMDK:23092384~pagePK: 478093~piPK:477627~theSite PK:477624,00.html.-Date of access: 09.2013.
  • FAO Statistical Yearbook 2013// Food and Agriculture Organization of the United Nations [ER]. 2013. Access mode: Mode of access: http://www.fao.org/docrep/018/i3107e/i3107e00.htm.-Date of access: 09.2013.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.