Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру қызметінің принциптері мен əдістері

Əдеби деректерде маркетинг нарықтық қатынастарға қатысушылар философиясы түрінде ұсынылатындығын жиі кездестіруге болады, алайда бұл нақтыланбағандықтан, бұл ұғым көп дəрежеде жұмыс істемейді. Тауар мен қызметтерді өндірушілерде нарық философиясы ретіндегі маркетингтің тəуелділік дəрежесі өндірістіктен нарықтық-маркетингтік бағдарлануға өту деңгейі бойынша іске асырылады. Білім беру саласы үшін бағдарлардың осы түрлері арасындағы негізгі айырмашылық мынада. Өндірістік формада: осы мекеме үшін дəстүрлі болып табылатын қызметтерді ғана ұсынады; білім беру қызметтерінің бағалары шығындардың нормативтері негізінде белгіленеді («пайда» ұғымы білім беру қызметтерінің өзіндік құнына шамаластырылған); басшылардың белгілі бір кəсіби дайындық деңгейі бар; білім беру қызметтерінің ассортименті тар шеңберді қамтиды жəне баяу жаңартады; ғылыми зерттеулердің білім беру қызметтерінің əлеуетті тұтынушыларының сұраныстарымен байланысы əлсіз болады [1]. Нарықтық бағдарларға қатыстыға келер болсақ, аталған аспектілер қарама-қарсы принциптерді мегзейді: білім беру нарығында сұранысқа ие білім беру қызметі ғана көрсетіледі; баға құралымы нарықты талдау есебінен жүзеге асады (бəсекелестерге, сұраныс көлемі жəне т.б. талдау жасау); білім беру қызметтерінің ассортименті кең салалы жəне клиенттің сұраныстарын, ғылыми-техникалық озықтықты ескере отырып, уақтылы жаңартылады; мекеменің коммуникациялық қызметі білім беру қызметін тұтынушылардың мақсатты топтарына бағдарланған; басшылық білім беру қызметі саласында жəне нарықтық экономикада білікті кадрлардан тұрады; мекеменің құрылымында мекеменің жетістіктері мен имиджі үшін жауапкершілік жүктелген маркетинг бөлімі бар.

Нарық философиясы ретіндегі білім беру қызметі маркетингінің мəні, бəрінен бұрын, тұтынушының талаптары бірінші орынға қойылатындығынан көрініс табады. Мұнда клиенттердің нақты мақсатты топтары туралы, сұранысқа қатысты жекелеген мұқтаждықтары бар нарықтың нақты анықталған салалары туралы сөз болып отыр. Бəрінен бұрын, білім беру табыс жəне тұтынушының, яғни оқушының, физиологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажеттілік болып табылады. Сондай-ақ білім беру, тұтынушының мүмкін болатын болашақтағы қауіптерден қауіпсіздігі мен қорғалғандығының кепілі болып есептеледі. Психологиялық жағынан білімді болу — белгілі бір кəсіби статусы, деңгейі бар мағыналы топтың, адамдар шеңберінің мүшесі болу деген сөз. Одан кейін айналасындағылардың тарапынан құзыреттілікті мойындау жүреді. Білімнің ықпалының шарықтау шыңы — тұлғаның өсуі, өзін тану мүмкіндігі мен өзін-өзі дамытуы болып саналады. Егер де білім берушілік қызметке тапсырыс берушілердің мұқтаждықтарын қарастыратын болсақ, кəсіпорынның алға қойған міндеттерін өз бетінше шеше алатын; кəсіпорынның қызметінде əлсіз жерлерді тауып, оларды жоя білетін; белгілі бір алгоритм бойынша басшылықтың қойған бұйрықтарын айқын орындай білетін; кəсіпорынның жағымды имиджін қалыптастыруға қосатын жəне т.б. кадрларға деген қандай да бір мұқтаждықты анықтауға болады. Аталғанның бəрі кəсіпорынның тəжірибесінде маркетингтік философияны іске асыру үшін қойылатын талап болып табылады [2].

Маркетингтің мəні оның принциптерінен көрініс табады. Маркетингтің басты назарға тұтынушыны қоятын негізгі принципі білім беруді адамның құндылығын өсіруге бағдарлау ретінде ашылады. Бұл принцип білім беру қызметін (БҚ) көрсету үдерісінің белсенді серіктес қатысушылары ретіндегі клиенттерге қатынасын, маркетингтік стратегияны қалыптастыру жəне іске асыру, маркетингтік тұрғыда басқаруды жəне ашық жүйелердің жұмыс істеуін сипаттайтын басқа принциптермен нақтыланады жəне толықтырылады. Бұл көзқарастың білім беру саласындағы келешегінің болуы БҚ-не сұранысты оларды тұтынушылардың əр түрлі санаттарының мұқтаждықтар иерархиясын ескере отырып, алуға қарай қалыптастыру жəне өсіру мүмкіндігімен шарттастырылған. Білім беру маркетингінің маңызды принципі қызметтерді өндірушінің қажеттіліктеріне емес, тұтынушының мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ білім беру қызметтерінің маркетингтік қызметінің технологиясы мен басқарылуын анықтайтын басқа да принциптері бар. Оларға жататындар:

  • берушілік қызметтердің оларға мұқтаждықтарды қанағаттандыру критерийі ретіндегі сапасы;
  • нарықтың артықшылықтағы сегменттеріндегі тұтынушылар үшін қажетті білім беру қызметіне баса көңіл бөлу;
  • мұқтаждықтарға кең мағынада талдау жасау, оларды қанағаттандырудың дəстүрлі тəсілдері аясынан тыс. Білім беру қызметі саласында тұтынушыға дипломның өзі емес, оның өзінің тұлғалық құндылығын өз бетінше өсіруі керек;
  • шешуші бағыттар бойынша білім беру қызметі нарығының ұзақ мерзімдік перспективасына бағдарлану;
  • білім беру қызметі нарығының мəліметтерін жинау жəне өңдеу;
  • мультифакторлық болжамдар мен шешімдердің түрлі əдістерін ұсыну;
  • белгілі мерзімде жəне басқа да кедергілер туындағандығына қарай дұрыс шешім қабылдау;
  • жиынтық шығындарға талдау жасау жəне баға құралымы бойынша ұсыныс.

Жоғарыда айтылғанды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ тұтынушылардың мұқтаждықтарына қатысты маркетинг философиясын анықтайды. Екінші топ нарықтық-маркетингтік стратегияны таңдауға бағдарланады. Үшінші топ стратегияны іске асыру кезінде неге жүгіну керектігін көрсетеді [3].

Білім беру қызметі маркетингінің өзара ықпалдастығының негізгі элементтері: сыртқы ортаның ықпалдарына жауап беру жəне білім беру мекемелерінің нарық субъектілерінің талаптарына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететін зияткерлік меншік, мемлекеттің білім берушілік саясаты, əлеуметтік əріптестік тетігі, интеграциялық саясат, ақпараттық орта, инновациялық даму бағдарламасы, білім беру бағдарламалары. Адамдар мен ұйымдар ашық жүйе болып табылғандығының арқасында, яғни бір-бірімен, оларға қатысты сыртқы ортамен ресурстар алмасу үдерісінің арқасында өмір сүреді. Бəсекелестікті білім беру саласында бəсекелестердің ынтымақтастығы жаңа пəндерді ашуда, оқу жəне əдістемелік құралдарды жариялауда, кəсіби кадрларды пайдалануда, қымбат тұратын оқу кешендері мен құрал-жабдықтарды жасауда, жəне т.б. тұрақты əрі тиімді болып табылады. Білім беру саласына қойылатын инвестициялардың тиімділік көрінісі ұзақ мерзімді болады, білім беру қызметтерінің инвесторлары бəсекелес білім берушілік мекемелердің ынтымақтастығын көтермелей отырып тəуекелді барынша азайтуға тырысады. Маркетинг барысында жалпы ғылыми əдістер пайдаланылады, олар нарық туралы ақпаратты (тұтынушылар, бəсекелестер, бағалық саясат туралы жəне т.б. ақпаратты) талдауға жəне жүйелеуге; алынған ақпаратты өңдеуге; білім нарығындағы өзгерістерді қадағалап отыруға; қандай да бір міндеттерді, соның ішінде стратегия мен тактиканы бағалауды жүргізуге; эксперименттің көмегімен нарықтық бағалаулар жүргізуге жəне оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Маркетинг басқа да нақты ғылымдардың əдістерімен өзара тығыз байланысты:

  • экономикалық талдау (нарықты макро- жəне микроэкономикалық талдау) — нарық ахуалын, бəсекелестердің мүмкіндіктерін бағалау, сондай-ақ мекеме мен оның əріптестерінің мүмкіндіктерін бағалау үшін;
  • статистика — білім берушілік нарық ауқымын, қызметтерге сұраныс деңгейін жəне т.б. талдау үшін;
  • математика — алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үдерістерін талдау үшін;
  • социология — қызықтыратын мəселелер бойынша белгілі бір тұтынушы топтарды анықтау үшін;
  • басқарушылық теориясы — білім беру мекемесінің үдерістерін жоспарлау жəне болжау үшін.

Сондай-ақ біз өзекті идеяларды тудыру, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау жəне т.б. үшін маркетингтің нақты əдістерін пайдалана аламыз. Барлық аталған əдістер тікелей маркетингтік зерттеулерді орындау кезінде пайдаланылады. Мекеменің маркетингтік қызметі мен бюджетінің елеулі бөлігі зерттеулер болып табылады, сондықтан да оларды дұрыс жоспарлаған жөн.

Маркетингтік зерттеулердің сатылары:

  1. Зерттеудің негізгі мəселелерін анықтау жəне басты мақсаттарын құрастыру. Ең алдымен іздестіру мақсаттары белгіленеді, олардың көмегімен мəселелер анықталып, нақтыланады. Одан əрі ахуалдың жəне жекелеген маркетингтік факторлардың бағасын болжайтын сипаттамалық мақсаттарды белгілейміз. Жəне соңғы мақсаттар, бұл болжамдарды, мəселелерді шешу жолдарын тексеруді қарастыратын эксперименталды мақсаттар.
  2. Ақпарат көздерін таңдау. Ақпарат жинау тəсілдері мен субъектілері қоса көрсетілген бастапқы мəліметтер. Ақпарат көздері қоса көрсетілген кейінгі мəліметтер.
  3. Бұрынғы деректердің негізінде ақпарат жинау, соның ішінде социологиялық жəне лабораториялық эксперименттердің нəтижелері.
  4. Жиналған мəліметтерді талдау: айнымалылардың орташа мəндерін, факторларды корреляциялау коэффициенттерін анықтау, қозғалысты айқындау жəне т.б.
  5. Мəліметтерді көрнекі түрге келтіру: кестелер, кескіндемелер, үлгілер жəне с.с. даярлау. Зерттеудің гипотезасы төмендегі болжамдардан тұрады:
  • тұрғындар үшін жоғарғы білімге қолжетімділік, жоғары оқу орындарының дамуына қосымша ресурстар тарту үшін нарықтық бəсекелестік жағдайында белсенді маркетингтік қызметті жүзеге асыратын оқу орындарын мемлекеттік басқару жағдайында қамтамасыз етілуі мүмкін;
  • нарық жағдайындағы жоғары оқу орындарының қызметі оқушылардың ерекше білім мұқтаждықтарын болжайтын білім берушілік үдерісінің субъектілерінің өзара ықпалдастығының формасы ретіндегі студенттердің кəсіби-тұлғалық дамуын педагогикалық қолдауды сапалық өзгертуді талап етеді;
  • жоғары оқу орнын басқару жүйесіндегі маркетингтік қызметтің технологиялық инструментарийіне вариациялық технологиялар, соның ішінде сегменттеу, позиционерлеу, білім беру қызметі нарығында жоғары оқу орнының қосымша бəсекелестікті артықшылықтарға жетуге бағытталған сыртқы жəне ішкі маркетинг кіруі тиіс.

Білім беру қызметтерін маркетингтік зерттеулердің негізгі нысандары болып табылатындар: білім беру қызметтерінің бəсекеге қабілеттілігі, соның ішінде кəсіби, экономикалық жəне басқа да салыстырмалы көрсеткіштер; білім беру мекемесінің əріптестері, олардың еңбек қызметіне қатысты тұтынушылар мен бəсекелестер, пайдаланылатын ресурстар шамасы, мінез-құлық стратегиялары жəне т.б.; маркетингтің ықтималды стратегиялары, маркетингтік мəселелерді шешудің түрлі тəсілдері; білім беру қызметтерінің нарықтық айырбас көлемі жəне білім беру қызметтерінің сұранысы мен ұсынысының деңгейлері [4].

Жалпы, жоо маркетинг қызметін матрица түрінде көрсетуге болады (кестені қара). Осындай матрицаның əрбір торы тиісті нарықта маркетинг қызметінің бағытын қамтиды. Нарықта сұранысқа ие бағдарламалар қалыптастырып, жайғастырылып, содан соң олардың нарықта жылжытылуы негізінде білім беру қызметі нарығында маркетинг зерттеулерін жүргізу керек. Осындай іс- шараларды еңбек нарығында да өткізу қажет, яғни маркетингтік зерттеулер еңбек нарығы мен жұмыс беруші қажеттіліктеріне сараптама жасайды, сонымен қатар жоо түлектерін еңбек нарығында жылжыту жұмыстарын жүргізеді. Маркетинг қызметінің осындай іс-шараларына жоо мен ғылыми- техникалық өнім мен қызмет саласында да қажеттілік тудырады.

 К е с т е Жоо маркетинг қызметінің матрицасы 

 Бұл матрица жоо маркетинг қызметінің масштабын көрсетеді. Берілген матрица жалпы жоо үшін білім беру қызметі нарығын, еңбек нарығы мен ғылыми-техникалық өнім мен қызметті қарастыратынын естен шығармайық. Мысал ретінде Санкт-Петербург мемлекеттік электротехника университетінің «ЛЭТИ» (СПбМЭТУ) қызметін қарастырайық. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехника университетінің «ЛЭТИ» миссиясы келесідей қалыптастырылған: «ықпалдасу жағдайында СПбМЭТУ жоғары маманданған деңгейді қамтамасыз ету жəне тұлға бойында азаматтық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Ресейдің жетекші техникалық жоо ретінде əлемдік білім, ғылым жəне ақпараттық қауымдастыққа ендіру. Ол келесі негізде жүреді: электроника, электро- жəне радиотехника, ақпараттық технология, автоматтау жəне басқару, аспап жасау, гуманитарлық ғылымдар облысында білім беру жəне зерттеу үдерістерін тиімді, сапалы түрде ұйымдастыру; табиғат жəне қоғам жайлы білім алу жəне оны мақсатты түрде тарату; қоғамның адамгершілік, мəдени жəне ғылыми құндылықтарын сақтау мен көбейту» (сур. қара).                                  

  Сурет. СПбМЭТУ маркетинг қызметі [5]

Маркетинг қызметі əзірлеген жоо маркетинг зерттеулерінің əдістемелік негізі: жоо маркетингтік зерттеулердің үдерісі мен міндеттері; маркетинг зерттеулерін жоспарлау жəне өткізу əдістемесі; MS Excel жəне SPSS пайдалану арқылы маркетинг зерттеуінде алынған бірінші ақпаратты сараптау əдістемесі; маркетинг қызметінің СПбМЭТУ құрылымдары үшін маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру; маркетингтік зерттеулер бойынша есеп материалдарын құру əдістемесі. Маркетинг қызметі пайдаланатын маркетингтік зерттеулерді өткізу əдістері: сауалнама (жеке, телефон арқылы); электрондық пошта арқылы сұрастыру; тереңдетілген сараптамалық сұхбат; ақпараттың екінші дерек көзін сараптау (БАҚ, Ғаламтор, ақпараттың арнайы көздері).

Осындай қызметтің құрылымы өзге университеттерде қандай болуы мүмкін? Ғалым У.Г.Зиннуров оны құрудың екі нұсқасын атап көрсетті: орталықтанған жəне орталықтанбаған.

Орталықтанған жағдайда сауда бойынша проректор маркетинг бөлімінің бастығы қызметін атқарады, яғни маркетингтің үш бөлімнің жұмысын қамтиды (білім беру қызметі, ғылыми-техникалық жəне сауда қызметінің маркетингі). Орталықтанбаған жағдайда маркетингтің үш бөлімі тиісті проректорларға қарайды: өз өнімдеріне қатысты іс-шаралар жиынтығымен айналысып, бір-бірімен байланысқа түспейді. Демек, екі жағдайда да кез келген кафедрада, кез келген ғылыми-зерттеу жəне қосымша бөлімдерде де маркетинг үшін жауапты қызметкер бар. У.Г.Зиннуров ойы бойынша, орталықтанбаған жағдайда маркетинг қызметінің құрылымын ұйымдастырудың кемшілігі — құрылымдар арасындағы байланыс деңгейінің төмендігі, ал орталықтанған жағдайдағы кемшілік — тəуелсіздік деңгейінің төмендігі. Сипатталған нұсқалардың кемшіліктері басқару табиғатына тəн болып келетіні айдан анық. Сонымен қатар бұл кемшіліктер осымен шектелмейтінін айта кету керек [6]. Бірінші кезекте, маркетингтің тəуелсіз үш секторын ұйымдастыруды, кіші жəне орта білім беру ордаларын айтпағанда, көптеген үлкен жоо қол жеткізе алмайды. Маркетинг штаты бойынша да осындайды айтуға болады. Олардың қоғамдық бастамада өмір сүруі осы жұмыс бағытының маңыздылығына сай емес болып келеді. Демек, бірінші қадам ретінде жұмылдырылған маркетинг қызметі туралы айтуға болады: күш-жігерді біріктіріп, маркетингтегі жалпы стратегия жоғарғы құндылық ретінде алға шығады. Өкінішке орай, осындай зерттелетін құрылымдардың аспектілері түзетулерді қажет етеді.

Сонымен қатар бірнеше маркетинг құрылымдарын бір бөлімге біріктіріп, сауда проректорына бағыну күмəн тудырады. Бұл қызмет маңызды болғанымен де, ол жоғарғы деңгейде оқу орнының негізгі өнімінен алшақ болып келеді. Жəне осындай ұйымдасқан құрылым коммерциялық мақсатқа жету үшін ғана қажет деген ой туындайды. Бұл оны мемлекеттік қаржыландыру көлемінде ғылыми- зерттеу жəне оқу үдерісінен бөліп көрсетеді. Іс жүзінде қазіргі жағдайға маркетинг бөлімі стратегиялық даму проректорына бағынатын ұйымдасқан басқару жүйесі сай келер еді. Мұнда маркетинг бөлімі стратегиялық даму проректорына бағынар еді. Нақты осы жағдайда ғана маркетингтік зерттеулерді жүргізген кезде жоғары деңгейлі кəсібилікті көруге болады. Бұл жерде оқу орнының бейінді жұмысы жайлы толыққанды ақпарат жинақталған, яғни білім беру қызметінің көптеген тақырыптарын беретін оқытушы-профессорлық құрам іске қосылған. Іс жүзінде стратегиялық даму проректоры білім беру қызметі үдерісінің белсенді мүшесі болып қалады, ал ол оқу ғимаратының маркетинг объектілерінің басты санатына қатысты маркетинг қызметі басшыларына кəсіби тұрғыда оң əсер беруі керек.

Демек, маркетингке жауапты қызметкер қажеттілігі жойылады, яғни кафедра ұжымында стратегиялық дамуға жауапты қызметкерге маркетинг міндеттемелері жүктеледі, ал басқа құрылымдарда (шаруашылық жəне т.б.) маркетинг міндеттемелері басшылыққа жүктеледі. Тəжірибе көрсеткендей, егер де білікті маркетолог ешқандай міндеттемелерге жауап бермей, тек қана кеңес беретін қарапайым зерттеуші болса, онда оның болашағы жоқ. Тиісті құзыреттікке ие болмай, жұмыстың нəтижесі үшін жауап бермейтін бөлімнің қарапайым ғана қызметкері іс жүзінде бөлімнің маркетинг бағытын жүргізе алады деп ойлау дұрыс емес. Жоо маркетинг бойынша мазмұнды жəне ұйымдастыру сұрақтарын қалыптастыру мақсатында, ең бірінші кезекте, экономика кафедрасына, маркетинг кафедрасына, педагогика, журналистика, əлеуметтану кафедрасына жүгіне алады. Жалпы осы бөлімдер қызметкерлері арасынан уақытша шығармашылық жоба топтарын (мысалы, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін жасау үшін) немесе белгілі құзыреттілігі бар тұрақты комитеттер (мысалы, стратегия, бюджет жəне маркетинг жоспарын құру үшін) ұйымдастыруға болады. Мамандардың айтуы бойынша, бұндай форма жаңа облыстарда барлық оң жəне теріс жағдайларға сараптау жасағанға тиімді, əсіресе егер де компания бұған дейін маркетингпен айналыспаған жағдайда көп пайдасын тигізеді. Айта кеткен жөн, жұмыстың жоғары деңгейлі өнімділігіне қол жеткізу үшін комитет мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін нақты бөлу қажет [7].

Маркетинг нарықтық қатынастарға қатысушылардың жаппай бағдарын қамтудың жəне зерттеу əдістерінің көмегімен мекеменің жоспарларында немесе бағдарламаларында жүзеге асырылады. Өкінішке орай, қазіргі сəтте білім беру саласында мұндай жұмыстар соншалықты өзекті емес. Ендеше маркетинг принциптері білім беру қызметі нарығы субъектілеріне əсер етпейді, ал əрекеттер бір- бірімен өзара байланысты емес, бұл тиімсіздікке ұрындырады. Нарықта барлық əдістерді меңгерген жəне маркетинг принциптерін тəжірибе жүзінде енгізуге қабілетті мамандар жеткіліксіз. Маркетинг басқа салалармен салыстырғанда білім беру қызметі саласында артықшылыққа ие, өйткені жоғары оқу орындарында əр түрлі бағдардағы озық мамандар жұмыс істейді. Егер де олардың əлеуетін біріктірсек, нəтижеге тезірек қол жеткізуге болады. Кəсіби дайындық жүргізетін мекемелерде əр түрлі маркетингтік мақсаттарды шешу соншалықты қиын үдеріс болып табылмайды, өйткені білікті орындаушылар іздеуге көп уақыт кетірудің қажеті жоқ.

Өкінішке орай, білім беру қызметі саласында шынайы тəжірибе мен жұмыскердің өзінің талпынушылығы жетіспейді. Бұл кадрларда психологиялық шаршау мен пессимизмнің болуымен түсіндіріледі. Бұдан басқа білім беру мекемелеріне бірлесе орындаушылармен жоғары оқу орны ұжымында да, одан тыс жерлерде де өзара əрекет жасайтын мамандандырылған маркетингтік бөлімшелер құру керек.

Білім беру қызметі интеграциясы құралдары мен маркетингті зерттеу негізінде автор Алматыда зерттеліп отырған саланы дамытудың өзекті бағдарларымен анықталған бірқатар принциптерге (кешенділік, инновациялылық, креативті ойлау, құзыреттілік, функционалдылық, динамизм, бейімделгіштің, ғылымилық, оңтайлылық, жөнділік, оперативтілік, басқарымпаздық) негізделетін білім беру қызметі саласын қалыптастыру жəне дамыту тұжырымдамасын ұсынды:

  • өңірдегі, елдегі білім беру саласының негізгі бағыттарына сəйкес кəсіби жəне мəдени- адамгершілік элементтерін ұштастыруды болжайтын кешенділік принципі;
  • инновациялылық принципі білім берушілік қызмет саласының бəсекеге қабілеттілігін көтеру үшін алдыңғы қатарлы тəжірибені, оқытудың жаңа əдістемелерін, əдіснамалары мен технологияларын пайдалануды білдіреді;
  • креативті ойлау принципі бастаманы білдіруді жəне туындаған мəселелерді стандартты емес тұрғыдан шешуді қолдауды білдіреді;
  • білім беру саласындағы кəсіби кадрлар мен мамандардың болуын қамтамасыз ететін құзыреттілік қағидасы;
  • білім беру қызметін алушының мансаптық өсуге кепілдік беретін функционалдылық принципі;
  • динамизм принципі білім беру саласы мекемелерінің үздіксіз инновациялық дамуымен қамта- масыз етіледі;
  • бейімделушілік принципі өңірлік экономиканың арнайы орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білімнің кəсіби кадрларына мұқтаждықтарын қанағаттандыруды білдіреді;
  • ғылыми принципінің мəні білім беру қызметтерінің барлық түрлерін дерлік ғылыми-зерттеу мекемелері базасындағы іргелі ғылыммен тығыз байланыстағы жоғары білікті мамандар беретіндігінде;
  • оңтайлылық принципі білім беру қызметі саласындағы мекемелері қызметінің көрсеткіштерінің мемлекеттік аккредитация жүйесінің критерийлік көрсеткіштеріне үздіксіз сəйкестілігінен көрініс табады;
  • жөнділік принципі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын сақтау кезіндегі еңбек нарығы мұқтаждықтарына бағдарланған;
  • оперативтілік принципіне білім беру мекемелерінің білім беру қызметінің тізімінің сыртқы ортаның талаптарына барынша сəйкестілігімен жəне əлеуетті өзгерістерге икемді жауап беру мүмкіндігімен қол жеткізіледі;
  • басқарымпаздық принципіне сəйкес билік аппараты мен бақылаушы органдардың болуы жəне тиімді жұмысы арқылы қол жеткізіледі;
  • бірлік (холизм) принципі білім берушілік қызметін қалыптастыру, жүйелік сипатта болу керек дегенді білдіреді. Бірлік принципі білімнің сапалық жағын бейнелейді, жоғарғы білімнің шешуші міндеттерін дəйектеуге бір тұрғыдан қарау принципін білдіреді;
  • үздіксіздік принципінің мəні оқу үдерісі белгіленген топтама аясында, үнемі жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдіреді;
  • икемділік принципі үздіксіздік принципімен өзара байланысты жəне білім алу үдерісіне күтпеген жағдайлар туындауына байланысты өз бағытын ауыстыру қабілетін беруді білдіреді. Икемділік принципін жүзеге асыру үшін, оқу жоспарлары оларға өзгеріп отыратын ішкі жəне сыртқы жағдайлармен байланыстыра отыра өзгерістер енгізуге болатындай етіліп құрастырылуы тиіс;
  • білім беруді дамытуды орталықтанған мемлекеттік жоспарлаудың жергілікті бастаманың дамуымен диалектикалық бірлігін білдіретін демократиялық орталықтану принциптері. Ендеше, білім берудегі демократиялық орталықтану жергілікті жағдайларды, мүдделерді барынша есепке алу, білімді дамытудың негізгі бағыттарын анықтауда мемлекеттік жетекші рөлін жəне жоспарларды жасау кезінде билік органдары мен əрбір оқу орнының қатысуын білдіреді. Білім берудегі директивалық-əкімшілік əдістердің саласын шектеуді, экономикалық ықпал ету əдістерін таратуды, дербестілікті кеңейтуді, білім беру жүйесінің барлық тармақтарының қызметтің соңғы нəтижелері үшін мүдделілігін көтеруді талап етеді.

Ұсынылған тұжырымдамалық модель білім беру саласы қызметін қалыптастыруды дамытудың негізгі мұқтаждықтары мен принциптерін жаңғыртады, өңірдің білім беру мекемелерінің оны тұрақты дамыту үдерістеріне инновациялық əсерін кеңейтуге жəне тереңдетуге, ұсынылатын білім беру қызметін диверсификациялауға, инновациялық формалар (технопарктер, технологиялық инкубаторлар, мақсатты бағдарламалар мен жобаларды іске асыру аясындағы ғылыми-зерттеу лабораториялары) арқылы əлеуетті тұтынушыларды тартуға; сəйкес бағыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми, жобалық-ізденуші, өндірістік жəне өндірістік емес кəсіпорындармен, ұйымдармен жəне мекемелермен интеграциялануына; түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің бірыңғай мəліметтер базасын жəне электрондық кітапханасын құрастыруға; басым мамандықтарды дамыту үшін жаңа ресурс көздерін іздеуге жəне т.б. ықпал етеді. Модель орталығында білім беру қызметтерін құру жəне көрсету үдерісінде туындайтын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар көрсетілген. Олар жоғарыда аталған білім беру қызметтерін қалыптастырудың жəне көрсетудің тұжырымдамалық принциптеріне негізделеді. Бұл қатынастарға ішкі ортаның императивтері жəне сыртқы ортаның императивтері əсер етеді, бұл жерде білім беру қызметі сапасының еңбек нарығы мұқтаждықтарына сəйкестігіне қол жеткізу маңызды. Сонымен, автор ішкі жəне сыртқы ортаны құрайтын факторларды ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы маркетингтік зерттеулерді жүргізудің əдістемелік негіздерін, тұжырымдамасын, принциптерін көрсетеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Азоев Г.Л. Қарсыластардың қызметтерінің анализы: Оқу-əдіст. құралы. — М., — 486 б.
  2. Панкрухин А.П. Білім беру қызметін көрсету маркетингі, қағида жəне тəжірибе. — — 178 б.
  3. Амблер Т. Тəжірибелік маркетинг. — СПб.: Питер, 2000. — 213 б.
  4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. — 4 бас., өңдел. жəне толықтыр. — М.: Экономистъ, — 670 б.
  5. [ƏР]. Қолжетімділік тəртібі: http://900igr.net/prezentatsii/obschestvoznanie/LETI/LETI.html.
  6. Зиннуров У.Г. Жоо қызметіндегі маркетинг: қағида жəне тынымның əдістері. — М.; Уфа: УГАТУ баспасы, 1993. — 226 б.
  7. Нормативтік-басқару құжаттамаларының жинақтары. — 7-б. — Алматы: ИПЦ «Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ», УСРМ, 2012. — 117 б.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.