Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан аймақтарының жаңартпашылық технологияларға көшуі үшін кадрлық əлеуетті қалыптастыру: жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен бағыттары

Қазақстан шаруашылық жүйесінің өзгеруі жаңа экономикалық заңдылықтарын, кез келген жүйенің ұдайы өндірістік циклі жүзеге асырылуының тəжірибелік қалыптарын жəне аймақтық ерекшеліктерін сөзсіз анықтайды. Сондықтан шаруашылық қызметін жүргізудің заманауи қалыптарын игеру қажет, яғни бөлек əкімшілік-экономикалық қалыптасулар мен сауда ұйымдарының жаңартпашылық даму болжамын анықтайтын тəсіл, ереже жəне əдістерді ұғыну. Сауда ұйымдары үшін нарық мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі өз кезегінде кадрлық қордың тиімді ұдайы өндірістілігін қажет етеді.

Заманауи шарттарда Қазақстан дамуындағы экономикалық өсуінің негізгі факторы ретінде бейімді, икемді, жедел кадрлық саясат жəне заманауи ұйымның кадрлық əлеуетінің қалыптасу процесі болып табылады. Сол себепті ұйымның кадрлық əлеуетінің қалыптасу мəселелерін зерттеу өзектілігі жаңартпашылық экономика шарттарында оның дамуының жетілдіру қажеттілігімен анықталады.

Қазақстанда күшейтілген индустриалды-жаңартпашылық дамудың бағдарламасы тек негізгі капиталдың түбегейлі жаңартпашылық өзгеруін, жаңартпаға басымды инвестицияларды жұмсау ғана емес, сонымен бірге жаңа технологиялық құрылымдарды игеру үшін кем дегендегі қажетті меншікті ғылыми жəне кадрлық əлеуетті құру.

Республикада құрылған демографиялық үрдісті ескерсек, алты жыл ішінде 2020 жылы еңбекке жарамды жасқа 3 млн адам бар. Демек, кəсіптік білім беру мен жұмыс орындарын құру мəселелері бірінші орынға шықты. Бұл байланыста жаңа жоғары деңгейге көшу жəне жұмыс істеу үшін технологиялық құрылыстың ауысуы шарттарында кадрлардың дайындық деңгейі ерекше маңызды мəнге ие, себебі кəсіптік кадрлардың сапасы, олардың жеделділігі жəне бейімділігі экономиканың жаңартпашылығын анықтайды.

Қазақстанда жəне оның аймақтарында 5- жəне 6-шы технологиялық құрылысқа сəйкес келетін кадрлық əлеует əлі құрылған жоқ. Тіпті республика аймақтарының экономикалық дамуы заманауи кезеңде жаңа технологияларды тиімді өңдеу, игеру, өндіру жəне пайдалануға қабілетті кадрлардың тапшылығымен сипатталады. Сөз технологиялық тізбектің барлық деңгей кадрлары туралы қозғалып отыр:

  • ғалым-зерттеуші;
  • ҒЗТҚƏ саласындағы құрылысшы жəне өңдеушілер;
  • жоғарғы технологиялық өндірістердегі инженерлер, техниктер, білікті жұмысшылар;
  • ҒЗТҚƏ саласында ұйымдастыру, басқару жəне жоғарғы технологиялық өндірістерді жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкерлер, менеджерлер [1].

Бүгінгі күні ғылым жəне білім беруде, инженерлік салада жəне бизнесте басым ғылыми, инженерлі-техникалық жəне жұмысшы кадрларын дайындау жүйесі уақыты соңына жеткен жартылай жақсартылған индустриалды технологияларға ғана бағытталған. Ғылым жəне білім беруді шамадан тыс коммерциялау экономика үшін 5- жəне 6-шы технологиялық құрылыстың кадрларын дайындау мүмкіндігін кемітіп, ғылыми жəне жаңартпашылық ізденіс салаларын қысқартады.

XXI ғасыр жаңа талаптары белсенді кадрларды дайындаусыз, ғылым жəне білім беру, бизнес, мемлекет жаңартпа серіктестігісіз болуы мүмкін емес өндірудің постиндустриалды технологиялық тəсілдерінің жаңартпашылықтарын игеру бастапқы капиталының жоғарғы деңгейдегі ірі масштабты міндет етеді. Əзірше негізгі ғылыми-техникалық жəне жаңартпашылық əлеует алдағы өркениеттерде шоғырланған — Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Жапония. Олар ҒЗТҚƏ-ге 1,92–3,15 % ЖІӨ шығындайды (халықтың жан басына шаққанда 1726-тен 3690 долл. дейін), жоғарғы технологиялар экспортында негізгі орындарды алуда (əлемдік экспортта Евроаймағы — 29,8 %, АҚШ — 17,0, Жапония — 9,9 %). Қытай жоғары технологиялық тауарлар экспорт көлемі бойынша АҚШ-пен теңелді (ал Гонконгты ескерсе, АҚШ-ты басып озды), бірақ ҒЗТҚƏ-ға шығын үлесі бойынша ЖІӨ əлдеқайда артта қалуда (1,44 % 2,68-ге қарсы).

Ресей мен Қазақстан қайта құрылу жəне дағдарыс уақыты ішінде ғылыми-зерттеу саласында жетекші орындардан айырылды. Ресейде ғылым саласына шығын үлесі орта əлемдік деңгейден төмен (1,17 % пайыз 2,28 %-ға қарсы), ал əлемдік жоғарғы технологиялық экспортта шығын үлесі 0,3 % жоғары емес. Қазақстанның жағдайы бұдан да нашар, мұнда зерттеулер мен өндіріске деген шығын үлесі еліміздің ЖІӨ тек 0,28 % құрайды.

Қазақстанда 90 жж. басында ҒЗТҚƏ-да қамтылған адамдар саны 40 мың адам болса, 2011 жылы 18,0 мың адамға төмендеді, немесе 1084 зерттеуші не өндіруші 1 млн тұрғынға, бұл тіпті 1965 ж. деңгейімен тең (18,2 мың адам). Қазіргі уақытта Қазақстан ғылыми кадрлармен қамсыздандыру бойынша тек əлем жетекшілерінен ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінен де артта қалуда. Мысалы, 1 млн халық тұрғындарына зерттеушілер саны Украинада 1774, Белоруссияда 1871 ал Ресейде 3319 адам құрайды. Сондықтан ғылым жəне технологияда Қазақстан үшін негізгі жəне басым бағыттарда ғылыми мектептерді нығайту қажет.

Қазақстан аймақтарының экономикасын зерттеу оның жаңартпа кадрлық əлеуетінің дамуында біркелкі еместігін көрсетті. Осылайша Алматы қаласының республикада зерттеумен жəне өндіріспен айналысатын мамандар-зерттеушілер бір бөлігі 48,2 % (8689 адам), Астана қ.– 9,4 % (1703 адам), Шығыс Қазақстан облысында — 10,3 % (1853 адам) жəне Қарағанды облысында– 4,4 % (794 адам) құрайды, яғни 2 облыста жəне 2 қалада ғылыми орталықта 72,3 % республиканың жаңартпа əлеуеті шоғырланған. Республиканың басқа аймақтарында жаңа технологиялық құрылысқа көшу үшін кадрлық əлеуеттің басымды жетіспеушілігі бақыланады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 0,4 % республиканың маманды зерттеушілері жұмыс істейді, ал Қызылорда облысында — 0,8 %. Бұл көрсеткіштер аталған облыстар аймағында жаңартпа технологиялық ашылым үшін өте төмен. Бұл мəселені шешу үшін жаңартпа білім берудің ұзақ мерзімді жəне тиімді бағдарламасы қажет.

Республиканың ірі қалаларында жұмыссыздар мен төмен білікті жұмысшылардың санын көбейтіп жүруге мəжбүр болған жергілікті халықтың кəсіптік жəне аймақтық жеделділігін арттыру еліміз бойынша, əсіресе оңтүстік аймақтарда, арнайы оқу орындарының жүйесін жедел жəне қарқынды ашылуын талап етеді.

Егер 2001 ж. жергілікті халыққа 6–24 жас аралығындағы білім берудің жалпы қамтылу саны халық санының 72,5 % құраса, 2011 жылы мектеп, техникалық, кəсіптік жəне жоғарғы білім берудің қамтылуы 74 % адамды құрды. Бұл маңызды түрде білім беру саласында реформалау жүргізумен түсіндіріледі (1-сур.).

  1-сурет. 2001–2011 жж. жергілікті халыққа 6–24 жас аралығында білім берудің қамтылу санының динамикасы 

XXI ғасыр ғылыми экономикалық дағдарысы жаңа технологиялық құрылысты игеруде қажетті жеке ғылыми, кадрлық жəне инвестициялық əлеуеттің жоқтығы елдер арасындағы үзілісті күшейте түседі. Мəселені шешу жолы — əлеуметтік жəне экономикалық даму деңгейлерін жақындастыру мақсатында алдыңғы қатарлы, дамушы елдер жəне артта қалған өркениеттердің серіктестігі.

Əлеуметтік саясат нəтижелілігінің көрсеткіші халық өмірінің деңгейі мен сапасы болып табылады. Соған байланысты талданған уақыт ішінде халық саны мен өсу серпінін қарастырайық. 2- суретте көрсетілгендей, соңғы 11 жыл ішінде республикада халық санының өсуі 2 млн адамға дейін көбейіп, 2012 жылдың басына 16,9 млн адам санын құрды. Қазақстанның халық жиілігімен ерекшеленетін дəстүрлі облыстар — Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары, онда республиканың 16 жəне 11 % халқы тұрады. Неғұрлым халық жиілігі төмен аймақтар — Атырау, Маңғыстау облыстары — онда Қазақстан халқының 3 % тұрады.

2-сурет. 2000–2012 жж. Қазақстан Республикасы халық санының серпіні

 Елімізде экономикалық белсенді халық (ЭБХ) саны бірыңғай екпінмен өсуде жəне 2012 жылдың басында 8,8 млн адам құрды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны — 8,3 млн адам, жұмыссыздар — 473 мың адам. 2000–2011 жж. ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 2,1 млн адамға көбейді, немесе 33 %, жəне жұмыссыздар саны 433,4 мың адамға азайды. Бұл жұмыссыздықты 13 %- дан 5 %-ға кемітуге мүмкіндік берді. Жұмыспен қамтылғандар құрылымының серпіні жалдамалы жұмыскерлер санының өсуімен жəне өз бетімен жұмыспен қамтылған халық санының қысқаруымен сипатталады. Осылайша талданған уақыт ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 57 %-дан 67 %-ға дейін өсті, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны 43 %-дан 32 %-ға қысқарды.

2012 жылға экономикалық белсенсіз халық саны 3,4 млн адам құрды. Экономикалық белсенсіз халық (ЭБХ) серпіні кішігірім тұрақты үрдіс көрсетуде: көрсеткіштің ең төмені 2002 жылға келді жəне 3,1 млн адам құрды, одан кейін ЭБХ саны өсе бастады. Соңғы 11 жыл ішінде экономикалық белсенсіз халық саны басым көпшілікте 1,8 млн адамға төмендеді.

2002 жылдан кейін Қазақстан халқы санының елеулі көбеюін ескере отырып, экономикалық белсенсіз халық санының 2002 жылдан бастап өсуін жағымсыз үрдіс деп санау дұрыс емес, себебі көрсеткіш қатыстылық көрінісімен төмендейді.

Қазақстанда туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығы орташа өсу екпінімен көбеюде. 2000 ж. ол 65,5 жас, ал 2011 ж. — 69 жас құрды, осылайша 11 жыл ішінде 3,5 жасқа артты. Аймақ тұрғысынан ең үлкен болжалды өмір ұзақтығы Астана қ. (73,3 жыл), Алматы қ. (71,6 жыл) жəне Маңғыстау облысында (70,5 жыл) бақыланады. Ең төмен болжалды өмір ұзақтығы Солтүстік Қазақстан (66,5 жыл), Ақмола (66,7 жыл) жəне Қарағанды (67,3 жыл) облыстарында белгіленді. Барлық үш облыста болжалды өмір ұзақтығына жағымсыз əсердің жиынтығы халық табысының төмен деңгейіне əкелуі мүмкін, ауыр табиғи-климаттық жағдай мен халық табысының саралануы (ең төмен 10 % жəне ең жоғары 10 % қамсыздандырылған халық санының арақатынасы бұл аймақтарда Қазақстан бойынша ең жоғары).

Астана жəне Алматы қалаларында өмір сүру ұзақтығының ең жоғарғы деңгейі анықталғанын ескерсек, Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында өмір ұзақтығының төмендеуі ең бастысы ауыл халқының жоғарғы үлесімен байланысты. Ауыл аймақтары көбіне əлеуметтік-экономикалық дамуда артта қалады, бұл нашар өмір көрсеткіштерінде, ауру санының көбеюінде жəне т.б. көрсетіледі.

Серпіністе бір жұмысшының орта айлық атаулы жалақысы жəне халықтың жан басына шаққанда орта атаулы табысы үнемі өседі. Қазақстан бойынша бір жұмысшының орта айлық атаулы жалақысы 2012 жылы орта есеппен 99,5 мың теңге құрды.

2012 ж. мəліметі бойынша, Атырау жəне Маңғыстау облыстарында атаулы жалақы деңгейі еліміз бойынша орта деңгейден екі есе артық. Əдетте бұл аймақтардағы жалақының жоғарғы деңгейі мұнай жəне табиғи газ өндіру салаларына байланысты. Жалақының ең төмен көрсеткіштері ауыл халқының қомақты үлесі бар аймақтарда анықталды, бұл — Жамбыл жəне Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қазақстан аймақтарын жаңартпашылық əлеует бойынша шаруашылықтың жалпы шарттарымен, қорлы-өндірістік əлеует, шешілетін міндеттердің ерекшелігі мен сипатымен ажыратылатын төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ жоғары технологиялық-ғылыми өндірістерді жасауға қолайлы жоғары ғылыми- өндірістік əлеуетті жəне жеткілікті жағымды экономикалық шарттарды құрайтын аймақтан тұрады. Бұл аймақтар техника-технологиялық ашылымда үлкен тірек бола алады. Өйткені 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспардың [3] ұстанымдарын орындау жəне 2010– 2014 жж. Республиканың жеделдетілген индустрийлды-жаңартпашылық дамуының мемлекеттік бағдарламасын [4] жүзеге асыру тұрғысында индустриалды-жаңартпашылық дамудың ең жоғарғы бастапқы деңгейді иемденеді.

Екінші топқа стратегиялық сипатты өнім қаржыларының ерекше қорларын жəне ғылыми- өндірістік əлеует дамуының жоғарғы деңгейін иемденетін аймақтар кірді. Бұл топта халық шаруашылығының аса тиімсіз салалық құрылымы (өнімдік шикізатты өндіру жəне жартылай жасау бойынша салалардың сөзсіз басымдылығы).

Үшінші топқа республиканың азықтық əлеуетін қалыптастыруда бастаушы орын алатын агроөнеркəсіп кешендері бар аймақтар жатады.

Төртінші топты экономикалық бұлтарыстың мүмкіндігін, аса тиімсіз салалық құрылымды жəне де экологиялық дағдарыс аудандарын аяусыз шектеуші айрықша техника-технологиялық шарттарды иемденетін облыстар құрайды.

Ескеретін бір жай, экономиканы қарқынды дамытуда аймақтардың əр түрлі бастапқы мүмкіндіктері кедергі бола алмайды. Жоғарыда айтылғандай, ғылыми-технологиялық дамуда аймақтардың əр түрлі шарттары бар. Бұл жағдай əлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын таңдаудағы жол іздеуінде сараланған тəсілмен шартталады. Біршама жоғары ғылыми-өндірістік əлеуетін Шығыс жəне Орталық Қазақстан аймақтары иемденеді, орташа — Батыс жəне Солтүстік Қазақстан, өте төмен — Оңтүстік Қазақстан.

Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық үлгіленуінің басты шарты Қазақстан аймақтарының қазіргі экономикалық жағдайының ерекшеліктерін, жаңартпашылық ойларды тудыру процесінің жəне оны өрлету тəжірибесінің əлсіз үйлесімдігін ескеретін аймақтық жаңартпа жүйесінің басқару үлгісі болып табылады.

Ғылыми-техникалық əлеуеттің саналық жəне сапалық өсіммен қамсыздандырудың жетекші элементі. Бұл дамыған елдердің тəжірибесін зерттеу көрсеткендей, экономиканың барлық аймақтарында жəне қоғамдық өмірде білім беретін, ғылыми, кəсіпкерлік жəне коммерциялық емес ұйымдар мен жүйелердің ара қатынасын қамсыздандыратын құқықтық, қаржы жəне əлеуметтік сипатты институт кешенін, технологиясын жəне білімін коммерциялық жүзеге асырумен жəне (немесе) өндірумен айналысатын бір-бірімен байланысты ұйымдардың (жүйелердің) жиынтығын көрсететін ғылыми көлемде бəсекеге қабілетті ұлттық жаңартпа жүйесінің (ҰЖЖ) қалыптасуынсыз мүмкін емес.

Заманауи шарттарда аймақтардың ғылыми-техникалық əлеуетінің үлгіленуін ұйымдастырмалы- экономикалық қамсыздануы келесі екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • біріншіден, тікелей жəне жанама мемлекеттік қолдау, соның ішінде жаңартпа дамудың үлгіленген бағдарламасын жəне оның қатысушыларына жеңілдікті жүзеге асыру мен өндіруге бюджеттік қаражат бөлінуі түрінде;
  • екіншіден, кəсіпкерлік, банктік, қаржы жүйесі, өнеркəсіп құралдары қорларын толық қолдану, аймақтың жəне де елдің басқа да аймақтарынан, сонымен бірге шет елдерден инвестицияларды жұмылдыру жолы арқылы.

Бірақ кез келген жағдайда ғылыми-техникалық əлеуеттің жəне жаңартпа қызметтің жетілдіруінде аймақтар елеулі инвестициялар шығаруы керек. Əңгіме тек ұзақ мерзімге республикалық бюджет қаржысынан ғылымды дамытуға арналған шығынның белгіленген пайызын нормативті бекіту мүмкіндігі туралы ғана емес, сонымен бірге аймақтардың əлеуметтік- экономикалық дамуын жеделдетуге тиімді əсер етуге қабілетті жəне жаңартпа бағдарламаға кіретін келешегі зор жəне орташа мерзімді жобаларды кепілденген қаржыландыру көлемі туралы. Үлгілендіруді сəтті өткізу аймақтарда əлеуметтік саясатты жүзеге асырудың ұстанымдары, бағыттары жəне механизмдері бар өзгерістерді талап ететін адам əлеуетінің сапасын кеңейтусіз мүмкін емес.

Аймақтардың сəтті дамуында олардың ынтасы ерекше орынға ие. 2015 жылға дейін ЖИЖД МБ жүзеге асырудың басты құралы аймақтық ынта болып табылатыны атап өткен жөн. Əр аймақ бірегей, сондықтан əр облыстың мəселесін шешуде жеке тəсілді қолдануды талап етеді.

Аймақтық ынталар аймақтың экономикалық дамуымен, адам өмірін арттыруға бағытталған жергілікті қорларды тиімді қолданумен тығыз байланысты. Бүгінгі күні аймақтардың жаңартпалық дамуы жəне нарықтық өзгеруі жалпы жүйелі-инвестициялық процесінің сиықсыздалуымен жəне аймақтардың өзін-өзі қаржыландырудың əр түрлі мүмкіндіктерімен тоқтатылуда. Сондықтан жаңа жағдайдағы əр аймақтың негізгі міндеті — инвестициялық ортаны құру.

Шығыс жəне Орталық Қазақстанның кəсіпорындарын жаңартпа дамудың үлгісін өндеу үшін полигон ретінде таңдалуы əбден анық. Мұнда индустриалды кешеннің жетекші салалары шоғырланған, көрнекі ғылыми-өндірістік əлеует жинақталған, білікті инженерлі-техникалық ұжым сақталған.

Болашақта технологиялық тізімнің тереңделуі аймақтың бəсекеге қабілеттілігін жəне табыстылық деңгейін жоғарлатуға көмек етеді. Оңтүстік Қазақстан тоқыма өнеркəсібінің орталығы болады.

Щучинск-Бурабай аймағы жəне Шығыс Қазақстан көркі мықты жəне заманауи ішкі құрылымы бар туристік кластердің орталығы болуға барлық алғышарттары бар.

Каспий жағалауындағы елді мекендерде жəне Ақтау қаласында Каспий теңізі арқылы жедел жəне сапалы жүк транзиттері үшін заманауи технологиялармен жабдықталған негізгі көлік торабы болуына барлық мүмкіндігі бар.

Республика аймақтарында индустриалды-жаңартпашылық мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жағдайы. Қазақстан Республикасы аймақтарының дамуы, соңғы жылдары экономикалық өсімнің нық қарқынмен, негізгі капиталға инвестицияларды көбейту жəне жергілікті халықтың нақты табысының жоғарылауымен сипатталады. Аймақтардың өнеркəсіптігінде резеңке, пластмасс бұйымдары, целлюлозды-қағаз өнеркəсібі жəне басылым ісі мен металлургия өндірісі қамсыздандырады. Өндіруші салаларда сонымен бірге сапалы өзгерістер де бар.

Үкімет бекіткен индустриалды-жаңартпашылық дамуды жүзеге асыру бойынша шараларға сəйкес өнеркəсіптік, ғылыми жəне кадрлық əлеуетті түгендеу бойынша, жаңартпа бизнес-ортаның орнауы, инвестициялық жобалардың қалыптасуы мен жүзеге асырылуы бойынша, кең ғылымды жəне жоғарғы технологиялық өндірісті, қосылған бағаның артуымен тауар жəне қызмет көрсету пайдасына экспорттық əлеуетті əртараптандыруын ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыстарда дамудың қала құрылысының жобалары өңделуде, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарлар жүзеге асырылуда жəне т.б.

Ерекше атап өтетін жайт, жаңартпашылық даму мəселесінде Қазақстан өзінің 20 жылдық мəресіне нақты нəтижелермен жетті. Осылайша, бүгінгі күні елімізде жаңартпашылықты қолдау бойынша қажетті инфрақұрылым жасалды. Ұлттық жаңартпа қоры, Ғылым қоры, Еншілес қор, Аймақтық технопарк, Коммерциялау кеңселері, Салалық құрылымдық бюролар, Халықаралық технология трансферті орталығы сияқты дамыту институттары жұмыс істеуде. Алғашқы 2010 жылдан бастап жаңартпашыл гранттарды беру жобасы іске қосылды. Оның тиімділігі 2011 жылы өтініш берушілердің 2 есе көбеюімен жəне 7,5 млрд теңге бөлінген қаражатына 65 млрд теңге көлемінде өтініштер берілуімен анықталды [5].

Сонымен бірге аймақтық технопарктердің тиімділігі өсті, технологияларды коммерциялау толық жүйесі іске қосылып, білім беруді тарату орталықтары жасалды.

Мемлекеттің жаңа білімді сіңдіру ғылымды дамыту ғана емес, сонымен қоса республиканың бөлек аймақтарында барлық əлемнен алынған алдыңғы қатарлы технологиялар мен білімді тиімді енгізуде де маңызы зор.

Жалпы қазіргі Қазақстанның жаңартпа жүйесіндегі даму жағдайы үлкен үш бөлімнен тұрады. Жаңартпашылықты қолдау бойынша инфрақұрылымды жəне институционалды «қаңқа» жасалды — ойдан бастап өнеркəсіптік өндіріске дейін; отандастық бизнес сұранысына бейімделген жаңартпашылық қызметті мемлекеттік қолдаудың тиімді құралдар қоржыны өндірілді; бейімді, тиімді жəне бекем ұлттық жаңартпашылық жүйенің қалыптасуы үшін таяныш дайындалып, орта белсендірілді.

Қазақстан аймақтарында индустриалды-жаңартпашылық қызметті белсендірудің алдағы жолдары. Мемлекеттік жаңартпашылық саясаттың аймақтық көрінісі өндірістік саясат қалыптасуының негізі болып табылады. Жəне де болашақта орындарда тек жаңартпашыл өндірісті жасау ғана емес, сонымен қатар жоғарғы технологиялық өнімді өндіруге бағдарланған кешендерді жасау көзделуі қажет. Бұл мемлекеттен аймақтарда жаңартпашылық қызметті реттеудің институционалды механизмдерін өндіруді, оның ішінде бірінші қатарлы қолдау үшін нысандарды таңдаудың əсерлі өлшемі жəне сол қолдаудың механизмдерін талап етеді.

Мұндай əсерлердің ең тиімді əдістері ретінде жергілікті өкіметке бөлек өндірістік кəсіпорындар мен фирмалар деңгейінде жаңартпашылық белсенділікті бақылау ғана емес, басқару тəртібін қамсыздандырудың жəне қолдаудың нақты бағыттарын анықтау есебімен жүзеге асырылатын аймақтық индустриалды-жаңартпашылық бағдарламалар болып табылады. Аймақтық индустриалды- жаңартпашылық бағдарламалар аймақтардың əлеуметтік-экономикалық бағдарламасы негізінде қалыптасуы керек жəне жаңартпа инфрақұрылым мен жаңартпашылық əлеует дамуының негізгі артықшылықтарын, оған қоса кадрлардың дайындығы мен шығарылуын анықтауы керек.

Аймақтық зерттеушілерді қолдау бойынша арнайы бағдарламаны өндіру қажеттілігі бар. Оның ішінде коммерциялау орталықтарында, кəсіпорында, университетте, шет елді ғылыми-зерттеу ұйымдарда жəне жетекші əлемдік өндірушілердің зауытында тəжірибелік білім алу арқылы жəне халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияға қатысу арқылы.

Жаңартпашылық қызметтің беделі мен жағымдылығын арттыруға бағытталған аймақтарда, салаларда жəне ұлттық ұйымдарда жаңартпашылық қызметтің ақпараттық дамуын белсендіру. Сəйкес саладағы технологиялық жəне ұйымдастырмалы жаңартпаның дерек қорын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның жариялануы мен талқылануы үшін қажетті ғаламтор- қорын жасау.

Болашақта жаңартпашылық қызметтің көтерілуінің маңызды бөлшегі бұқаралық ақпарат құралдарында жаңартпашылық кəсіпкерліктің насихатталуы, қоғамда тəуекелге «шыдамдылық» бағдарын жасау болып табылады. Ғылымның əр түрлі саласында жəне жоғарғы технологияларда заманауи көрме кешендерін, үйірмелерді жəне оқыту орталықтарын құру, жаңартпашылық қызметке бірінші кезекте жастар мен балалардың қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізетін ғылыми- көпшілік кітап пен журналдар басылымдарын тарату.

Мұндай тəсіл қатысушылардың өзара міндеттері мен экономикалық қызығушылықтарына негізделген аймақтарда жаңартпашылық қызметтің дамуына жағдай туғызуға көмектеседі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нурланова Н.К. Повышение конкурентоспособности человеческого капитала в Республике Казахстан. — Алматы: ҚР БҒМ экономика институты, 2010. — С.
  2. Статистический сборник «Регионы Казахстана в 2011 году». — Астана, 2012. — 400 с.
  3. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 года. Утв. Указом Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 г. № 922 // Мысль. — 2010. — № 3. — С. 15–42.
  4. Новое десятилетие — новый экономический подъем — новые возможности Казахстана: Послание Президента Рес- публики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана // Мысль. — — № 3. — С. 2–14.
  5. Турежанова М. Ставка — на эффект со смелыми идеями // Казахстанская правда. — — 9 дек. — С. 8.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.