Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғылым мен инновациялық белсенділік өңірлік инновация жүйені дамытушы факторлар ретінде

Экономикалық-əлеуметтік жағдайды өркендету мен дамыту, оның ішінде экономиканың нақты секторларын дамыту мемлекеттің алға қойып отырған міндеттерінің бірі. Осы тапсырманы шешуде мемлекеттің ұлттық инновациялық жүйені құруы, үдемелі индустриалды-инновациялық дамытуы, инновацияларға қолдау жасау деген сияқты бағдарламалар жасалғаны белгілі. Бірақ, мəселе республикалық көлемде қабылданып, қолданысқа енгізілген шараларға қарамастан, экономикалық тұрғыда нақты ілгерлеу қарқын алмай отырғаны байқалады. Осы жағдайда өңірлік деңгейде нақты шараларды қолға алыну керектігі жəне нақты қолдаудың қажеттілігі арта түсуде. Жоғарыда аталған мемлекеттік шаралардың тиімді жүзеге асырылуының жəне оның өз деңгейінде орындалуының ұтымды механизмі — бұл өңірлік инновациялық жүйені құру жəне дамыту.

Өңірлік инновациялық жүйе тұжырымдамасын ұсынған Уэльс университетінің профессоры Ф.Куктың пікірінше, өңірлік инновациялық жүйелер жаңа білімдерді генерациялау бойынша өзара қатынас жасайтын орталықтардан жəне соларды қолданатын жүйелерден құралады. Олар жаңа білімдерді саудалау мақсатында глобалды, ұлттық жəне басқа да өңірлік жүйелермен байланысты болады [1]. Сонымен қатар өңірлік инновациялық жүйенің екі түрін анықтайды. Институционалды өңірлік инновациялық жүйенің негізін мемлекеттік зертханалар, университеттер, технологиялардың ақша аудару орталықтары, инкубаторлар, инвесторлар, жаттығу орталықтары сияқты жаңа білімдерді генерациялау орталықтары мен институттары құрайды.

Кəсіпкерлік өңірлік инновациялық жүйелерде шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары үлкен рөлге ие. Онда өнім инновациялық үдерістің бастапқы деңгейінен өтеді. Америка Құрама Штаттары кəсіпорынды өңірлік инновациялық жүйенің негізгі үлгісі ретінде келтіреді. Əлемде дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, бүгінгі күні экономиканы өркендетуде тек шикізаттық ресурстарға иек арту түпкілікті нəтиже бермейтіні анық. Экономиканы əртараптандыру, өндіріс саласын дамыту жəне өнеркəсіп кешендерді құру бəсекеге қабілеттілікті көтеру жолында жасалатын шаралардың бір парасы ғана. Ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, оның дағдарысқа қарсы түру қорғанысын күшейту үш негізгі сектор — ғылым, кəсіпкерлік жəне биліктің үйлесімді əрекет ету нəтижесінде қол жеткізуге болатынын отандық жəне шетелдік ғалымдар жиі айтуда. Соңғы он бес жыл көлемінде батыста жаңа үш негіз құраушының (university, business, government) күрделі байланысын зерттеуге негізделген инновациялық дамудың моделі көбірек танымалдылыққа ие болуда [2].

Экономикалық ахуалды жақсарту мақсатында қолға алынып жатқан ел дамуының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында отандық өндірісті инновациялық жолмен өркендетуді басты мақсаттардың бірі ретінде қарастырып отырғаны белгілі [3]. Алайда инновациялық жетістіктерге жетуде бірінші кезекте ғылыми-техникалық жаңалықтар есепке алмай кету мүмкін емес. Осы ретте экономиканың нақты секторларына серпін беретін ғылыми зерттеулер мен əзірлемерді мемлекет тарапынан қолдау олардың өндірісте қолданыс табуына ықпал жасау бүгінгі күннің өзекті мəселесі.

Қазіргі уақытта Қазақстан елдің экономикасының дамудың инновациялық жолына ауысу сұрағы айырықша өзекті болып табылады. Бұл туралы Президент Н.Ə.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген саяси кеңесінде: «Ең бастысы — бұл инновация. Инновация — бұл жаңашылдықтар, ғылымның өндіріске енгізілуі. Еңбек өнімділігінің нақты сезілетін көлемде ұлғаюымен анықталатын іс-қимылдар инновация деп аталады», — деген пікірін қолданған [4]. Қазақстанның əлеуметтік- экономикалық жағдайы үшін, ресурсқа бағытталған, ұлттық экономиканың қайта өңделетін түрі, зиянсыз өсу қарқынына жете алмайтыны, осы тұрғылардың бірі болып табылады. Қазақстанның əлемдік инновациялық экономикалық конъюнктура шарттарында, əлемдік нарықтарда, бəсекеге қабілеттілігінің күшеюіне жəне ЖІӨ көлемінің өсуіне қойылған міндеттердің шешілуіне, мықты ғылыми сектормен қамтамасыз етілген, елдің жоғары экономикалық əлеуетінің қолданылуынсыз мүмкін емес. Алға қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуы үшін, инновациялық экономиканың дамуына ықпалдасу мақсатында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қайта құруға мүмкіндік беретін механизмнің əзірленуі қажет. Өзінің шынайы тұтынушыларын табатын, өнімдер жəне қызметтер, жаңа білімді жаңа технологияға тиімді түрлендіретін, толық жүйелі аймақтарда, сонымен қатар ұлттық жəне əлемдік нарықтарда, экономика біліміне көшу, елдегі қалыптасуды талап етеді. Ұлттық инновациялық жүйенің құрыла бастауы, жекешедегі жалпылай ғылыми-техникалық ортаны, елдің дамуына стратегиялық бағыт ретінде, мемлекеттік деңгейде жарияланған болатын. Содан бері осы жүйенің басқа да жеке элементтері құрыла бастады (мемлекеттік жəне өңірлік қорлар, технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар, венчурлы инновациялық қорлар жəне т.б.), бірақ олар бір-бірімен жəне экономиканың басқа секторларымен байланысында емес (АӨК, өндіріс, құрылыс секілді). Бұл орайда шетелдік тəжірибені пайдалану, жалпы экономикалық механизмдердің жеке элементтеріне көшу жолымен пайда болды, сондықтан да күткен нəтижені бермеді. Ең басты проблема болып, жаңашылдықты енгізуді құруда, сонымен қатар олардың коммерциялизациялануын, инновациялық ортаға инвестициялау ретінде ынталандыратын, əрекетті экономикалық механизмдердің жоқтығы қалады. Берілген контекстте ерекше өзектілікті, мезодеңгейдің экономикалық жүйесінде, инновациялық дамудың механизм құрылғыларын жəне теориялық- əдістемелік негіздерінің əзірлемесіне бағытталған зерттеу алады.

Инновациялар жəне бiлiмдер экономикасы осы заманғы əлемдiк экономиканың негiзiне айналып келедi, сондықтан əлемдiк дамудан қалыс қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық əзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу жəне сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға тиiс.

Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық əзiрлемелердi əзiрлеуге жəне сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:

  • өнеркəсiптiк əзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану жəне қайта өңдеу технологиялары;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы əзiрлемелер;
  • химиялық жəне биологиялық технологиялар;
  • экология жəне энергияның баламалы көздерi саласындағы əзiрлемелер;
  • медициналық əзiрлемелер;
  • ядролық технологиялар;
  • ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар;
  • ғарыштық зерттеулер;
  • əскери-өнеркəсiптiк технологиялар [5].

Қазақстан жағдайында ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерді мемлекет тарапынан қаржыландыру, оларды өндіріс үрдісінде қолдануда мүмкіндіктер жасау əлі де болса жеткіліксіз.

  1-сурет. Зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар    

Жоғарыда келтірілген диаграмма негізінде талдау жасайтын болсақ, 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған шығындардың қолданыстағы баға көрсеткіштерінің 2013 жылды қоспағанда (1-сур.) орташа өсімге қол жеткізгенін көреміз.

Экономистердің бағалауы бойынша, ҒЗТКƏ-ге арналған шығындардың 0,1 % өсуі ЖІӨ-ні ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1,2 % ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған ақша техникаға бағытталған қаржыға қарағанда 8 есе артық пайда əкелетіні есептелген [7].

Əлемдік тəжірибеде жеке секторда ҒЗТКƏ-ны ынталандырудың екі негізгі əдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру жəне салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау.

Өнеркəсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:

  • жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;
  • жиі ұлғаймалы коэффициентті қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерінде табыс салығына жеңілдік;
  • əдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;
  • салық салынбайтын жəне ҒЗТКƏ-ны жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақ- саттағы қорларды құру;
  • зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген ставкалар;
  • төмендетілген ставкалар бойынша табысқа салық салу (шағын кəсіпорындар үшін);
  • ҒЗТКƏ-ны жүзеге асыратын кəсіпорындарға салық кредиттері мен каникулдары.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2012 жылдың қорытындысы бойынша зерттеулер мен əзірлемелерге бөлінген қаражаттың өсуін байқаймыз. Сонымен нақтырақ тоқталсақ, 2008 жылы 34761,6 млн теңге бөлінсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 16491,5 млн теңгеге өсім көрсетіп, 51253,1 млн теңгені құраған. ЖІӨ-нің көлемі 30072,5 млрд теңгені құраған 2012 жылы зерттеулер мен əзірлемелерге бөлінген ішкі шығындар 2011 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 7901,5 млн теңгеге өсіп, 51 253,1 млн теңгені құрады. Бұл өз кезегінде ЖІӨ-ге пайызбен шаққанда 2011 жылы 0,16 пайыз, ал 2012 жыл 0,17 пайызды көрсетіп, соңғы 5 жылдықтағы ең жоғарғы мөлшерде тұйықталған. Ел дамуының негізгі көрсеткіші ғылыми-техникалық саланың нақты қаржыландырылуының ең төменгі шегі болып, ЖІӨ-нің 0,5 пайыздық көрсеткішіне жете алмай отыр. Бұл жағдай дамыған алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда ондаған есеге кемдігін көрсетіп отыр. Айталық, бұл көрсеткіш АҚШ-та ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің — 2,8 %, Германияда — 2,4, Жапонияда — 3,01, Швецияда 37 % құраған.

 1- к е с т е Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері

 Ғылым саласында шоғырланған ғылыми мекемелер мен персонал санында 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қуантарлық жағдай байқалмайды. 2008 жылы зерттеулермен жəне əзірлемелермен айналысушы ұйымдар саны 421 болса, 2012 жылы саны 76-ға қысқарып, 345 бірлікті құраған. Ал зерттеулермен жəне əзірлемелермен айналысушы персонал саны 2008 жылы 16304 адамды құраса, 2012 жылы 20404 деңгейіне өсіп, 4100 адамға ұлғайған (1-кесте). Алайда үкіметтің қолға алған шараларының нəтижесінде жəне 1 кестеден көріп отырғанымыздай, орташа айлық жалақының өсімі салаға импульс беріп, біршама ілгерлеу көрініс орын алған. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ұйымдар саны 412:345 кемігенімен де, персонал саны 18003:20404 қатынасында өсім көрсеткен [6].

Осы көрсеткіштер нəтижесінде елдегі инновациялық жетістіктер мен отандық өндірістің инновациялық белсенділігін талдасақ. Кез келген жаналық, мейлі ғылымда немесе өндірісте болсын, белгілі бір зерттеулер мен ізденістердің нəтижесінде ашылатыны белгілі, осы тұрғыдан алғанда инновациялық белсенділік көрсеткішінің қалыптасқан үрдісте сақталған.

 2-сурет. Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %

Инновациялық-қабілетті бизнестің сындарлы көлеміне қол жеткізу индустриялық дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Салыстыру үшін Қазақстанмен экономика құрылымы мен өзге де факторлар бойынша ұқсас елдер Канада мен Австралияда компаниялардың жалпы санынан инновациялық-белсенді бизнестің үлесі тиісінше 65 жəне 50 % құрайды, Канадада бұл ретте олардың ішінде шамамен 12,2 % əлемдік деңгейдегі бір жаңалықты жасайтын болатын.

Экономикалық дамыған елдердің тəжірибесі жаһандық экономикалық бəсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен əзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Əр түрлі бағалар бойынша, дамыған елдердің 70-тен 100 %-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Инновациялық белсенділіктің ресми статистикалық дерегі жалпы белсенділіктің 4,3 %-да тоқтап, 2008–2009 жж. көрсеткішінен 0,3 % жоғары өсімге қол жеткізілген. Əлемді қамтыған дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен 0,5 % төмен болуы (2-сур.) экономиканың нақты секторында жұмыс жасаушы кəсіпорындар мен ұйымдардың əлі де болса ғылыми-техникалық зерттеулер мен əзірлемелерге деген сұранысының енжар күйде қалып, өз кезегінде зерттеулерге жұмсалған қаржының аздығы да себебін тигізген. 2012 жылды қорытындылаған ресми статистиканың дерегіне сүйенсек, кəсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері төмендегі кесте мəліметтеріне арқау болған (2-кесте).

 К е с т е 2. Кəсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

Республика аумағында облыстар бойынша жекелей алатын болсақ, инновациялық белсенді кəсіпорындардың ең жоғары үлесі Солтүстік Қазақстан облысында — 10,4,8 %, Жамбыл облысында 7,9, Шығыс Қазақстан облысында — 6,2 % өссе, 2012 жылға жоспарланған республикалық межеден жоғары көрсеткіштен төмен деңгейі Қарағанды жəне Маңғыстау облыстарында тіркелген.

 Инновация саласындағы инновациялық белсенділік (технологиялық инновациялар бойынша)

Жоғарыда келтірілген цифрлар мен көрсеткіштердің əлемде дамыған жəне дамушы елдердегі жағдаймен салыстырғанда анағұрлым төмендігі бұл салада əліде болса шешілмеген жəне мемлекет тарапынан шешілуге тиісті мəселенің бар екендігін айқын көрсетеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Cooke, Martin Heidenreich and Hans-Joachim Braczyk Regional Innovation Systems: the Role of Governance in a Globalized World / Еdited by. London; New York: Routledge, 2004. — Р. 9–27.
  2. Etzkowitz H., Leydesdorff L. The Dynamics of Innovation: From National Systems and '‘Mode 2'’ to a Triple Helix of University-Industry-Government Research Policy, 2000. — 29(2). — Р. 109–123.
  3. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарлама. — Астана, 2010. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000121_. — Р.
  4. Салимов Ж.К. Қазақстан       Республикасының       инновациялық       жүйесі.       [ЭР].      Қолжетімділік       тəртібі: http://www.unece.org/fileadmin/DAM/ceci/ppt_presentations/2011/TOS_ICP4/Salimov.pdf. — Р.
  5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы. — Астана, 2006. [ЭР]. Қол жетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P060000641_ — Р.
  6. Қазақстан Республикасның Статистика агенттігінің стат. жин. — [ЭР] Қол жетімділік тəртібі: www.stat.kz. —Р. 107.
  7. Комаров И. Интеллектуальный капитал // Персонал. — 2000. — № 5, 7. — Р.

  

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.