Бүгінгі таңдағы туристік индустрия əлемдік шаруашылықтың қарқынды дамушы саласы бола отырып, жиынтық ішкі өнімнің қалыптасуында ауқымды үлестілікті қамтиды, мемлекеттің төлем қабілеттілігін арттырады, əлеуметтік мəселелерді шешеді, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Бұдан басқа, туристік сала тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтитын жəне де экономиканың аралас секторлары өнімдеріне сұранысты қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан елеулі түрде мультипликативтік ықпалдылықты иемденетін сала болып табылады.
Қазіргі заманғы əлемде туризм мен демалудың рөлі ерекше, ол экономиканы, мəдениетті, əлеуметтік өмірді қоса алғандағы бүгінгі кездегі қоғам қызметінің барлық саласын қамтиды. Бизнестің бұл түрі құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, көлік, байланыс жəне де ұлттық нарықтың т.б. салаларының дамуын ынталандырады [1].
Соңғы жиырма жыл бойы туризм жəне демалу əлемдік шаруашылықтың табысты жəне қарқынды дамушы салаларының біріне жатады. Осының дəлелдемесі ретінде туризм мен демалу үлесіне əлемдік жиынтық ұлттық табыстың 10 % жуық көрсеткішінің сай келуін атап өтуге болады [2]. Бүгінгі таңда бүкіл əлемде туристік бизнес капитал салымының неғұрлым табысты əрі келешектік саласы бола отырып, өзінің даму қарқынын энергетикалық, валюталық жəне экономикалық дағдарыс кезінде де сақтай алған.
Туризм жəне демалудан əлемдік деңгейдегі табыстың жыл сайынғы өсімі 2,7 % шаманы құрайды жəне де келешекте экономиканың бұл секторы əлемдік шаруашылықтың экспорттық тобы арасында сөзсіз озат болып танылатындығы айқындалуда [3]. Сондықтанда əлемнің экономикалық дамыған елдерінің туризм саласының жандануына қатысты елеулі мəнділікті байқатып отырғандығы негізсіз емес.
Нарық конъюнктурасы мен туристік сұраныстың өрістеуіне туристік сала дамуының аймақтық ерекшеліктері ықпал етеді. Төмендегі сызбада туризмнің аймақтық дамуының əртараптандырылуы сипатталған (1-кесте) [4].
Жоғарыдағы кесте көрсеткіштер, ең алдымен, туристік фирмалардың теңдік жағдайда үлестірілмей, олардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланғандығын байқатады (1-сур.).
Бұл қалада 690 туристік фирмалар қызмет атқарып, пайыздық қатынаста республика бойынша фирмалардың жалпы санынан 57,36 % құрайды. Саны бойынша Астана қаласы екінші орынды, ал үшінші орынды Қарағанды облысы иеленеді. Қарағанды облысының қалаларында 76 туристік фирмалар қызмет атқарып, республикалық мəнде 6,32 % құрап отыр.
Республика аймақтарындағы орналастыру объектілерінің теңсіздік жағдайдағы үлестірілімі 2-ші суретте көрсетілген.
Жоғарыдағы сурет мəліметтерін талдай отырып, 2009 жылы орналастыру объектілерінің басым көпшілігі Алматы қаласында шоғырланғандығын байқауға болады. Бұл қалада 89 орналастыру объектілері қызмет атқарып, республика бойынша жалпы санының 17 % шамасын құрайды. Əрі қарай саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы орын алса, үшінші орында Қарағанды облысы тұрақтанған. Қарағанды облысының қалаларына 60 орналастыру объектілері сай келіп, жалпы республикалық көрсеткіштің 11 % құрайды. Аймақтар бойынша республикалық көрсеткіштен пайыздық қатынаста орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілердің саны төмендегі сызбада көрсетілген(3-сур.).
Орналастыру объектілерінің саны бойынша облыстардың рейтингісіне қарамастан, республикалық көрсеткішке қатысты облыстардың салмақтық үлесі келесідей орналасқан: бірінші орында — Алматы қаласы (21 %), екінші орында — Атырау облысы (16 %), үшінші орында — Астана қаласы (15 %), төртінші орынды Маңғыстау жəне Шығыс Қазақстан облысы өзара бөліссе, ал Қарағанды облысы 6 % көрсеткішпен бесінші орынға тұрақтанған.
Төмендегі сызбада сатылған жолдамалар құны бойынша аймақтық айырмашылықтардың əртараптандырылуы көрсетілген (4-сур.).
Осы суреттегі мəліметтерді талдау нəтижесінде басым үлесті 68,22 % көрсеткішпен Алматы қаласы иемденсе, келесі кезекте Астана қаласы — 4,39 %, үшінші орында Қарағанды облысы 4,1 % көрсеткішпен сипатталған.
Жоғарыдағы сызба нəтижелерін талдай отырып, ішкі туризм бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны көрсеткішіне қатысты бірінші орын Ақмола облысына тиесілі (32 %), екінші көрсеткіште — Алматы қаласы (20 %), үшінші — ШҚО (14 %), төртіншіде — Астана қаласы (11 %), бесіншіде — Алматы облысы (8 %), алтыншыда — Қарағанды облысы (6 %) орналасқандығы айқындалады. Қарағанды облысында шығу туризмі (резиденттердің) бойынша туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілердің үлесі 6-шы суретте көрсетілген.
Сызба мəліметтері бойынша елеулі үлесті Алматы қаласы иемденсе, екінші орында Астана қаласы, ал үшінші көрсеткіш — Маңғыстау облысына, төртінші орын Қарағанды облысына тиесілі екендігін байқаймыз.
Туристік нарықтың конъюнктурасын құрушы факторларды талдай отырып, Қарағанды облысы туризмінің дамуы бойынша республикада Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі төртінші орынды иемденеді.
Қарағанды облысы бойынша туризм саласының типтері бойынша дамуы жəне шығу туризмінің географиясы келесі сызбада көрсетілген (7-сур.). Жалпы сегментте елеулі үлесті шығу туризмі иемденіп, 60 % жуық көрсеткішті құрайды. Шығу туризміндегі демалушылардың негізгі ағымының бағдарлану пунктісі ретінде Түркия, Германия, БАƏ, Қытай, Тайланд мемлекеттері таңдалуда [5].
Жалпы республика бойынша туристік агенттіктердің шектен тыс көп болуы негізінен тек қана бір бағыт — шығу туризмін дамытуда. 1000 туристік компанияның тек 14,5 % келу туризмін ұйымдастырумен айналысуда, əрине, бұл жағдай еліміздің бюджетіне жағымсыз əсер етеді. Осымен бірге келуші туристердің басым бөлігінің Қазақстанға іс-сапармен келетіндігін атап өткен жөн. Туристердің біздің мемлекетке келген мемлекеттік тиесілігі бойынша қарастырылған мемлекеттердің бастапқы бесеуі көп жағдайда іскерлік туризмге қатысты болса, ал Қырғызстанға қатысты көп жағдайда жұмыс іздеп келушілердің санының артуымен байланыстырамыз (8-сур.) [6].
Қарағанды облысындағы келу туризмін құраушы қызмет көрсетілген туристердің келген мемлекеттердің арасында алғашқы нəтижелілікті Түркия мемлекеті құраса, ал екінші көрсеткішті — Германия, үшінші көрсеткішті — БАƏ, келесі кезекті — Қытай, ал бесінші жəне алтыншы орындарды Тайланд, Қырғызстан құрауда.
Қарағанды облысы бойынша ішкі туризм жалпы туризмнен түсетін барлық табыстың 3 % құрайды. Салыстыру үшін қарастыратын болсақ, дамыған елдердегі осыған ұқсас көрсеткіш 50 % дейінгі көрсеткішті қамтамасыз етуде. Елімізде осы мəселені шешу үшін шетелдік саяхаттарды ұйымдастырушы туроператорларды өз қызметтері табысынан ҚҚС төлеуді міндеттейтін Салық кодексіне өзгерістер енгізілген болатын. Осы іс-шарасыз шығу туризмін ұйымдастырушылар пайызы, мүмкін оданда жоғары болар ма еді.
Төмендегі сызбада Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласының инфрақұрылымы көрсетілген (2-кесте) [4].
Кестеден көріп отырғанымыздай, осы сала құрылымында ең көп үлесті — 37,4 % көрсеткішпен туристік фирмалар қамтыған. Қарағанды облысында туроператорлық, турагенттік қызметтерді жəне туризм инструкторы қызметін іске асыруға лицензияларды иемденуші 76 туристік фирмалар мен агенттіктер бар. Олардың барлығы облыстың төрт қаласында шоғырланғандығын атап өткен жөн: Қарағанды қаласында — 61, Балқашта — 1, Жезқазғанда — 3, Теміртау қаласында 11 туристік фирмалар орналасқан.
Туристік құрылым — 29,6 % көрсеткіште орналастыру объектілерін қамтыған жəне де оларға қонақ үйлер, демалу үйлері, пансионаттар, тағы басқа келушілердің жатын орынын, оларға қызмет көрсететін басқа да ғимараттар мен құрылғыларды жатқызамыз. Осылардың қатарына келесілерді енгіземіз: «АрселорМиттал» АҚ-на қарасты «Шахтер» демалу үйі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы-орман оазисы), «АрселорМиттал» АҚ-на қарасты «Жартас» санаторийы (Абай ауданы, Жартас кенті), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не қарасты «Сосновый бор» демалу үйі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы-орман оазисы), «Тасбұлақ» таулық отелі (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы таулы- орман оазисы), «Бүркітші» аңшылық үйі (Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы), тау-шаңғылық кешені (Теміртау қаласы, Гагаринское ауылы) жəне т.б.
Қонақ үйлік инфрақұрылымға келесілерді жатқызамыз: «Космонавт», «Достар Əлемі», «Алатау», «Чайка», «Созвездие», «Премьер-отель», «Меридиан», «Қарағанды», «Грация», «Турист», «Тұлпар», «Металлург», «Байқоңыр», «Бизнес-Центр», «Азия», «Бота», «Спутник», «Теміртау», «Жасмин», КПИт ПО «БГМК», «Жемчужина», «Досжан», «Альпина Treastars», «Балқаш» жəне т.б.
Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласы инфрақұрылымының төрттен астам бөлігін (33 %) туристік қызметпен айналысушы жəне де келушілерді, туристерді орналастырушы қызметтерімен айналысатын жеке кəсіпкерлер қамтиды.
Қарағанды облысы бойынша туристік қызметтерді қаржыландыру көлемі 2010 жылы 4769 мың теңгені құраған. Туристік саланың 2010 жылға бюджеті 4769 мың теңгені құрай отырып, 2011 жылы 8 % индексациясымен 5126 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр.
Аймақтағы экологиялық туризм 6 экологиялық маршруттардың əзірленуіндегі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағымен сипатталынады. Қарағанды облысында туризм түрлері бойынша қалаулысы болып танымдық, емдік жəне спорттық саналады.
Сонымен қатар облыста 2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың тамызы аралағында «Экологиялық туризм жəне Орталық Қазақстандағы қоғамдық хабардар болушылық» (ETPACK) жобасы іске асырылды. Бұл жоба «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚҰ-ның «Табиғатты жəне жан-жақтылықты қорғау Немістік одағымен» (NABU) ынтымақтаса отырып атқарылды.
Жоғарыдағы қарастырылған мəліметтерді жинақтап, талдау нəтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады:
- туризм құрылымында басым үлесті — 37,4 % көрсеткішімен туристік фирмалар жəне де 29,6 % көрсеткіште орналастыру объектілері қамтиды;
- Қарағанды облысының туристік-рекреациондық саласы инфрақұрылымында төрттен астам бөлігін (33 %) туристік қызметпен айналысушы жəне келушілерді, туристерді орналастыру қызметтерімен айналысатын жеке кəсіпкерлер қамтиды;
- 2009 жылы Қарағанды облысы туристік-рекреациондық сала объектілерімен 2311,5 млн. теңгеге қызметтер көрсетілген. Осымен бірге туризм саласындағы кəсіпорындар санындағы айырмашылықтарға қарамастан, талдаулар көрсетілетін барлық қызметтердің 75 % орналастыру объектілерінің үлесіне тиесілі болып табылады. Туристік фирмалармен тек 139,7 млн. теңге сомасы көлемінде қызметтер көрсетілген жəне де олардың үлесі 6 % құрайды;
- 2009 жылы Қарағанды облысы туристік-рекреациондық саласымен 247889 адамға, орналастыру объектілерімен олардың 90332-не қызмет көрсетілген, 13704 адам туристік фирмаларға сұраныс білдірген, жеке кəсіпкерлермен 143 мың адамнан астамына қызмет көрсетілген;
- Қарағанды облысының ішкі туризм үлесіне 88,0 % қызмет көрсетілген туристер сай келген, олардың 7,8 % келу туризмін жəне де 4,2 % шығу туризмін қамтыған;
- Қарағанды облысында туризм түрлері бойынша тұтынушылардың қалайтындарына танымдық, емдік жəне спорттықты жатқызамыз;
- туристердің 70 % жуығы саяхат жасаудың іскерлік мақсатын көздеген жəне де туристердің 30 % жуығы Қарағанды облысына демалу мақсатында келетіндерін білдірген;
- облыс көлемінде туристік бизнестің дамуына тежеу болатын жалпы қызмет көрсету сапасының төменділігі, əсіресе шағын қалалар мен облыс аудандарында ол айқын байқалуда.
Əдебиеттер тізімі
- Драчева Е.Л. Экономика и организация туризма. Международный туризм. — М.: Кнорус, — 576 с.
- Малахова Н.Н., Ушакова Д.С. Инновации в туризме и сервисе. — М.: ИКЦ «МарТ», — 224 с.
- Всемирная туристская организация — UNWTO // www.unwto.org.
- 2005–2009 жылдарға Қазақстан туризмі: Стат. жин. // www.stat.kz
- Статистика туризма — Агентство Республики Казахстан по статистике // www.stat.kz/trening
- «Мастер-план развития туризма в Карагандинской области на 2011–2015 годы // www.vizitkazakhstan.kz