Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан экономикасындағы кəсіпкерліктің қалыптасуы мен түрлері

 Кəсіпкерлік фирмалар жəне оларды басқару

Кəсіпкерлік немесе шағын бизнес, туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725–1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кəсіпкерлік теория əр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кəсіпкерлік бұл адамның тəуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде, жаңа кəсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.

Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тəуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алған адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кəсіпкерлікті өз мойнына тəуекелді алумен байланыстырып, капитал салушы кəсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кəсіпкерді өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кəсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кəсіпкерлердің басты ерекшелігі — олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуі.

Адамзат тарихы көрсеткендей, шаруашылық жүргізу формаларының ең тиімдісі нарықтық экономика екені белгілі. Ол еңбекке ынталылықты тудырады, тауар өндірушілерге экономикалық бостандықты қамтамасыз етеді, өндірушілердің үстемділігін жояды, өндірісті тұтынушылардың тілегіне бағындырады. Бұлай деп айта салу оңай болғанмен, аталған мақсаттарға басқару жүйесін жетілдірмей тұрып қол жеткізуге болмайтыны айдан анық.

Басқару мен өзін-өзі басқару мəселесін біз басқару объектілерінің түрлерінен бастағанды дұрыс көрдік.

Кəсіпкерлік фирмаларды басқару жəне өзін-өзі басқару бизнеспен тығыз байланысты болғандықтан, олар туралы да айтпай кетуге болмайды.

Бұлай дейтініміз, көптеген оқулықтарда осы уақытқа дейін фирмалар, оларды басқару процестері өз орындарын таппаған. Басқаруды кəсіпорындардан бастау олардың экономикалық құрылымдағы байланыстырушы элемент ретінде қызмет атқаратынына байланысты.

Айтылған пікірді түсіну үшін, «Адам–Табиғат–Қоғам» деп аталатын күрделі жəне жан-жақты, өзара тығыз байланысты үшбұрышқа көңіл аударайық. Осы үшбұрыштың арақатысын байланыстырушы түйін ретінде фирманың жəне оны басқару жүйесінің алатын орны бөлек (сур. қара).

 Сур. А — адам; Қ — қоғам; Т — табиғат

 Суреттегі А элементі — қоғамның қызметкері, ішкі ортаның басты компоненті адам екендігін көрсетеді. Қ элементі фирманы барлық сыртқы элементтермен біріктіреді, олар: өндіруші, яғни сатушылар жəне сатып алушылар, үкіметтік жəне қоғамдық ұйымдар, бəсекелестер жəне банктер, тағы сол сияқты көптеген субъектілер. Қ желісі компанияның қоғаммен байланыс жəне басқару бағытын анықтайды. Бұл байланыс əр уақытта басқару жүйесі арқылы, сыртқы факторларды еске ала отырып жүзеге асырылады. А желісі — адам жəне компанияның арасындағы қатыстың символы, немесе бұл ішкі факторларды басқару жүйесі. Маркетинг нысана генераторы қызметін атқарса, менеджмент осы нысанаға жетуді қамтамасыз ететін құрал. Бірақ та басқару жүйесіндегі эволюцияны түсіну үшін табиғат пен қоғамның (адамның) кең өрісті байланыстарын реттейтін Т арасындағы желіні естен шығармауымыз керек.

Кəсіпкерлік ел экономикасының жандануы мен одан əрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің əр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне жəне өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың ұтқыр жəне нəтижелі секторына, сонымен қатар маңызы құрылымдық жəне бəсекелестік нарықтық механизмнің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытудың нəтижесінде ұсақ жəне орта сериялы өндірістер негізінде нарықты тауар жəне қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру жəне халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын жəне жұмыс орындарын көбейту мəселелері тез арада шешімін табады. Əсіресе жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кəсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын жəне жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дəрежеде арттырады. Кəсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру жəне осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде жəне оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған əлеуметтік шиеленістерді азайтады. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кəсіпкерліктің, əсіресе шағын орта жəне ірі бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде.

Шағын жəне орта кəсіпкерлік проблемасының кешенді шешімін табу үшін олардың өзара тəуелді түрде дамуын ұйғаратын жалпы бағдарламаның дайындалуы қажет. Бұл бағдарлама шағын жəне орта бизнес арқылы жүзеге асырылатын кəсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының барлық жағын қамтуы керек.

Кəсіпкерлікті қолдаудағы қызметтегі орталықтарда шағын бизнестің даму мүддесі бойынша арнайы агенттіктер, оқу-іскерлік жəне ақпараттық пункттер, бизнес-инкубаторлар, несие кепілі ретінде жүретін өзара кредит қоғамдарын құру қажет. Институционалды инфрақұрылымда мұндай элементтердің болуы оның маңыздылығын арттырып жəне шағын кəсіпкерлік субъекттеріне көмек пен қолдау көрсетеді. Мысалы, өзара несиелендіру қоғамы уақытша бос құралдарды жинаумен айналысып жəне оларды қоғам мүшелеріне несие ретінде береді. Егер бұл қоғам шағын кəсіпкерлікті қаржыландыруға арналған сақтандыру ұйымы немесе банк болса, онда ол барлық банкілік қысқа мерзімді операцияларды (мақсаттық несиеден басқасы) орындай алады, ең алдымен, тауарлы- комиссиондық есеп жəне вексельдермен қамту қажет. Сонымен қатар бұл қоғам коммерциялық банкілерге жəне қалалық қорларға шағын кəсіпкерлікті несиелендіру бойынша олардың қаржылық жағдайын қажетті тексеруден соң өзінің ұсыныстарын бере алады. Халықтың жеке ішкі сақтауларын шаруашылық айналымға тартумен айналысатын мұндай қоғамдарға ұқсас кəсіпкерлік құрылымында несиелік серіктестік, өзара сақтандыру қоғамын жəне басқа да қызмет түрлерін құруға болады.

Қазіргі жағдайда көптеген кəсіпкерлер шағын жəне орта кəсіпорындар қызметіне қажетті құрал- жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталықтарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын арттырады. Сондай-ақ кəсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру жəне жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық жəне тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі маңызды. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау уақыт талабы болып отыр.

Кəсіпкерлік фирмалардың түрлері

Кəсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың жəне ұйымдардың заңды кəсіпкерлік қызметінің түрі. «Кəсіпкерлік фирма» — заңды экономикалық термин. Қазақстан Республикасындағы барлық кəсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді.

Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек əрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кəсіпкерлік əрекет өнеркəсіп ұжымы болып тіркеледі.

Сөйтіп, кəсіпкерлік фирма — жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кəсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бəрінде де саны жəне сапасы жағынан əр түрлі кəсіпкерлік фирмалар бар. Фирмалардың əр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты. Сонымен қоса кəсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің əр түрлілігімен, одақтарға кіру тəсілімен, бəсеке жүргізу жағдайы жəне бəсекелестік жолы жағынан ажыратылады [1–3].

Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік:

  • жеке меншіктегі фирмалар;
  • жауапкершілігі шектелген ұжымдық кəсіпорындар;
  • мемлекеттік жəне муниципалдық кəсіпорындар (Батыс елдерінде бұған мемлекеттік ұжымдық не мемлекеттік жəне меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркəсіптер де жатқызылады);
  • фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері.

Сонымен қоса фирмалардың сапалық жəне сандық сипаттамалары бар. Кəсіпкерлік фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағынан жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады.

Өнеркəсіптердің сандық параметрі қызметкерлердің санына сəйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы, АҚШ):

  • ең шағын өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 10-нан аспайды);
  • өте ұсақ өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 20-дан аспайды);
  • ұсақ өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 99-дан аспайды);
  • ірі өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 500-ден астам).

Басқа елдердегі кəсіпкерлік фирмалардың түрлерін ажырату сандық параметрлері жағынан осыған ұқсас.

Өнеркəсіптер капиталдың жылдық айналым мөлшеріне сай төмендегідей бөлінеді (Германия):

  • ұсақ өнеркəсіптер (капиталдың жылдық айналымы 25 мың маркадан аспайды);
  • орта жəне ірі өнеркəсіптер (25 мың маркадан жоғары).

Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсақ жəне өте ұсақ өнеркəсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кəсіпорындары тобын айтуға болады. Орта жəне ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады [4–6].

Нарық экономикасы дамыған елдердің бəрінде де кəсіпкерлік фирмалардың əрекеттерін заң қорғайды жəне олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады.

Қазақстан Республикасы экономикасындағы кəсіпкерлік фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кəсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, муниципалдық жəне басқадай меншіктегі кəсіпорындарды сатып алу немесе жаңа кəсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда. Əрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады.

Нарықтық экономика қалыптасқан елдерде меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кəсіпкершілік түрінде болады. Мысалы, Американың ауыл шаруашылық секторында орта жылдық кірістері 50 мың долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар бар.

Тек меншік иелерінің жалпы табысы 3 млн. долларға жететін бөлігі 0,4 % құрайды. Ал олардың əрқайсысының таза пайдасы 200–300 мың долл. шамасында болады. Ірі жəне орта кəсіпкершілік классикалық жеке меншік иелігінде бір мезгілде кездесетін өте сирек жағдай.

Жауапкершілігі шектелмеген ұжымдық кəсіпорын деп ұжымның барлық мүшелері бірлесіп əр іске толық жауап беретін, қалыптасқан, заң жүзінде статусы бар кəсіпкерлік əрекеттерінің түрін айтады. Олардың əрқайсысы фирманың қызмет қорытындысына өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Рынок экономикасы дамыған елдерде кəсіпкерлік фирмалар, серіктестіктер, кооператив жəне ұжымдық (халықтық) өнеркəсіптер түрінде кездеседі. Мысалы, Американың экономикасында серіктестіктердің саны 2 млн. ға жуық (бұл ұсақ кəсіпкерлік сфераның 10 % шамасында). Американың кооперативтік секторы, ауыл шаруашылық саласын қоса есептегенде, тек өндірген өнімнің 5–6 % ғана қамтиды. Америка экономикасының 3–4 % еңбекшілердің өздері сатып алған ұжымдық (халықтық) кəсіпорындарынан тұрады.

Қазақстан Республикасының «Кəсіпорындар жəне кəсіпкерлік туралы» Заңында кооперативтік кəсіпорындар туралы жəне оның даму жолы былай сипатталады.

Болашақта кооперативтік кəсіпкершіліктің жəне ұжымдық (халықтық) кəсіпорындарының даму жолы, шетелдегі сияқты, жауапкершілігіне шек қойылуға тиіс.

Ал жауапкершілігі шектелмеген ұжымдық кəсіпорындарына қарапайым толық серіктестік жатады.

«Қазақстан Республикасының кəсіпкерлік туралы» Заңына сəйкес толық серіктестіктің кооперативтік кəсіпорыннан көп айырмашылығы бар. Кəсіпкершіліктің бұл түрі негізінен уақытша келісім шарты бойынша жұмыс істейді.

Толық серіктестіктің, қарапайым серіктестіктің, кооперативтік, ұжымдық кəсіпорынның жалпы белгісі — олардың құрамына кірушілердің жауапкершілігі шектелмеген.

Мұнымен қатар жауапкершілігі шектелген серіктестіктер де кездеседі. Серіктестіктің бұл түрі Ресейде «үлестік серіктестік» түрінде кең тараған. Қазір жауапкершілігі шектелген қоғам Батыс елдерінде кең өріс алған. Ондай фирмаларда иелерінің жауапкершілігі шектелген деген белгі болады. Мысалы, ағылшын экономикасында «ЛТД» деген белгі əр фирманың атынан соң қойылады. Бұл белгі коммерциялық шарт жасағанда не өндірістік бағдарламаны анықтағанда, фирманың меншік иелерінің құрамын жəне олардың əрқайсысының фирманың кірісіндегі үлесін анықтап қана қоймай, онымен қоса олардың өз міндеттемесін орындау барысында қаржылық жəне мүліктік жауапкершіліктерінің үлесін ажыратуға мүмкіндік береді. Батыс елдері тəжірибесінде жауапкершілігі шектелген фирмалар құрамы құрылтайлық келісім арқылы немесе занды құқы бар мекемелер арасында, сондай-ақ жеке азаматтардың арасында қалыптасады. Егер жауапкершілігі шектелген фирмаларды заңды құқығы бар мекемелер ұйымдастырса, онда фирманы жалдамалы қызметкерлер басқарады. Демек, меншік иесінен басқару жүйесі толық ажыратылады. Егер жауапкершілігі шектелген фирмаларды азаматтар (қоғамның құқықты мүшелері) ұйымдастырса, онда бұл азаматтар фирманың барлық жұмысын тікелей басқара алады.

Жауапкершілігі шектелген қоғамның тобына шаруашылықты бірігіп жүргізетін, заң арқылы бекітілген азаматтардың бірлестіктері немесе заңды құқы бар мекемелер жатады. Жауапкершілігі шектелген қоғамдар барлық меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітілген жарғы негізінде жұмыс істейді. Жиналыста фирма құрамындағы əр меншік иесі, меншік иелерінің арақатынастары құрылтай шартында анықталып, қоғамның қаржысы бекітіледі. Жауапкершілігі шектелген қоғамды құру үшін меншік иелерінің 10 мың теңге капиталы болуы керек. Мұндай қоғамның жұмыс істеуіне байланысты иелерінің жарғылары да өзгеріп отыруы мүмкін. Кейбір меншік иелерінің қатысуынсыз- ақ жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелігінен шығарылуы да ықтимал. Фирманың орталықтасқан мүшелігінен шығару көбіне барлық мүшелердің жалпы келісімі арқылы болады. Мұнымен қоса жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшесі осы қоғамның басқа мүшесінен өзінің алған қарызын қайтарып береді.

Осындай кəсіпкерлік фирманың ерекшелігі, бірін-бірі көптен білетін ортақтастардың жауапкершіліктерінің шектелуінде екенін айтқан жөн. Экономикада ортақтастардың арасында болатын келіспеушіліктер жанжалға барып, сот арқылы даулы мəселені шешу өте сирек кездеседі. Сөйтіп, дау-жанжал фирманың ішінде өзара келісіммен шешіледі. Шектелген жауапкершілігі бар қоғамның ең жоғарғы басқару орны — ұжым мүшелерінің (ортақтастардың) жалпы жиналысы. Жалпы жиналыстың мүшелері, осы қоғамның ортақтастары, не олардың өкілдері, егер қоғам дұрыс деп тапса, еңбек ұжымының өкілі бола алады. Егер жиналыстың шешімі бір немесе бірнеше қатысушылардың мүддесі туралы сөз қозғаса, онда олар дауыс беруге қатыспайды.

Жалпы жиналыс өзінің төрағасын сайлап алып, оның басқару мерзімі мен өкілдігін белгілейді. Жиналысты заңды деп тану үшін мүшелерінің не олардың өкілдерінің 60 % асатын дауыстары, ал бірауыздан қабылдайтын шешім алу үшін барлық мүшелері толық қатысулары керек. Бір ауыздан шешім қабылдау қоғам дамуының негізгі бағытын анықтағанда, жоспар мен есеп беру қорытындыларын бекіткенде, жарғыға өзгеріс енгізілгенде, қоғамның мүшелігінен шығару кезінде керек.

Шектелген жауапкершілігі бар қоғам шешімдерінің орындалуын жүзеге асырып отыратын қатысушылардың жалпы жиналысының алдында жауапты, атқарушы орган болады. Бұл не директор, не бас директор басқаратын дирекция. Қоғамның күнделік жұмысын дирекция басқарады. Бірақ ол қоғамның мүшелеріне міндеттелетін шешімді жеке қабылдай алмайды. Директор қашанда қоғам мүшелерінің арасынан сайланады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам — тек серіктестік кəсіпкерлік фирманың бір түрі. Ал бұдан басқа аралас қоғамдар, акционерлік қоғамдар, сондай-ақ мемлекеттік жəне мемлекеттік емес иелікке негізделген өндіріс кəсіпорындары да бар.

Аралас серіктестік бірнеше азаматтардың жəне заңды құқығы бар мекемелердің бірлескен шарттары арқылы құралады. Аралас серіктестіктердің толық жəне үлестік-салымдарды (коммандиторлар) қосатын мүшелері болды. Аралас серіктестіктердің мүшелері серіктестіктің міндеттемесіне өзінің барлық мүліктерімен, ал үлестерін қосатын мүшелері серіктестіктің міндеттемесіне өзінің қосқан капиталының мөлшерінде жауап береді.

Батыс елдерінде бұл кəсіпкершілік фирманың түріне «коммандиттік серіктестік» деген анықтама береді. Ресей экономикасында фирманың бұл түрі «сенімге негізделген серіктестік» деген атпен белгілі болған. Қазіргі уақытта шетелдік экономикада бұл серіктестік, біріншіден, кəсіпкерлікпен

шұғылданғысы келетін, бірақ та жеткілікті қаражаттары жоқ жеке азаматтардың капиталдарын бір жерге жинақтау үшін, екіншіден, өздерінде нақты іс жүргізу, өздерінде жоқ жобаларды іске асыру үшін əр түрлі фирмалар капиталды пайдаланып, бөлініп кетуге құқылы. Біздің Республикамызда серіктестіктің бұл түрі өз шаруашылығымен емес, мемлекеттік кəсіпорындарының қаржылануы арқасында өріс алып келеді. Мысалы, қазір, бір жағынан, мемлекеттік өнеркəсіп коммандиторлар есебінде, екінші жағынан, осы өнеркəсіптің басшылары не олардың жанұя мүшелері, не серіктестіктің толық мүшесі ретіндегі олардың сенімді адамдары қатысатын аралас серіктестік пайда бола бастады.

Акционерлік қоғамдар

Акционерлік қоғамдар (корпорациялар) жауапкершілігі шектелген фирмалардың түріне жатады. Кəсіпкершілік фирманың мұндай түрі Батыста, əсіресе АҚШ-та тараған. Казір АҚШ-та 3,5 миллионға жуық мемлекеттік емес корпорациялар бар. Айта кететін жайт, өнеркəсіптің барлық салаларында кəсіпорындарының акционерлік түрі басым. 50 миллионға жуық американдықтар əр түрлі бірлестіктегі акциялардың иелері, оның ішінде жартысынан көбін орта деңгейдегі жылдық кірістері төмен адамдар (15 мыңнан 50 мың долл. дейін) құрайды.

Бірлесіп шаруашылық жүргізетін азаматтар мен заңды құқығы бар мекемелердің бірлестігін акционерлік қоғам дейміз. Бұл қоғамның мүлкі ең алдымен акциялар, яғни акционерлік фирманың капиталындағы үлеске көмектер, жеңілдіктер, сыртқы экономикалық операциялар, мамандықты жоғарылату, экономикалық жобаларды даярлау, ғылыми зерттеулер; қоғамдық өмірде қандай болса да бір жобамен іске асыру үшін қоғамның əр түрлі саласындағы ынталы адамдардың мемлекеттік емес бірлестіктер, кəсіпорындар, ұйымдар жəне өнімді өндіру, жəрдемдесу орталықтары жатады.

Қорлар

Қорлар деп ассоциациялардың, бірлестіктердің, кəсіпорындардың, ұйымдастықтардың, мемлекеттік институттардың, шетелдік жəне республика азаматтарының белгілі бір мақсатқа жұмсау үшін ақшалай немесе басқа қорлардың жиынтығын айтамыз.

Ақша қорлары нақтылы статистикалық бақылау жүргізіп отыру үшін арнайы ашылған банктағы есепшотта сақталады. Сөйтіп қорлар консорциумдардың, концерндердің, салалық мемлекеттік бірлестіктердің, акционерлік қоғамдардың, коммерциялық ұйымдардың, салааралық мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың, жеке адамдардың топтарының немесе жеке адамдардың қарамағында болады.

Кəсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың қорларын қалыптастырудың төрт жолы бар:

1) салалық жəне арнайы жиналған ақшалар;

2) субсидиялар;

3) заемдар;

4) міндетті жəне ерікті шаралар.

Қорларды жұмсау əр түрлі субъектілердің немесе жеке азаматтардың белгілі бір тобының немесе жеке азаматтың басқаруы арқылы іске асырылады.

Қорлар өз жұмысын жалпы жиналыста бекітілген өздерінің уставына сай жүргізеді. Қашанда ұйымдасқан қордың құрылтайшылары: өндірістік бірлестіктер немесе одақтар, кооперативтер, арендаторлар, діни немесе саяси қайраткерлер, шығармашылық қызметкерлер.

Фирмаларды құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату

Фирмаларды құру процесінде ең күрделі мəселе меншік түрін анықтау болып табылады. Бұл құрылтайшылардың ішкі мəселесі. Бірақ дұрыс анықталған меншіктің түрі фирма жұмысының тиімділігіне жəне өзара қатыстардың тұрақтылығына пайдалы əсерін тигізеді.

Келесі кезең — құрылтай құжаттарын даярлау. Бұған кəсіпорын жарғысы, құрылтай шарты, тіркеу үшін даярланған құжаттар жатады. Бұл құжаттардың ең негізгісі — жарғы. Онда меншіктің түрі, сол сияқты кəсіпорынның мүддесі, мақсаты жəне бағыты анықталады. Құрылтай шартында құрылтайшылардың өзара қатыстары анықталады.

Фирмалардың мемлекеттік тіркеуін атқарушы үкімет мекемелері жүргізеді. Өкінішке орай, өмірде тіркеу тəртібін бұзу, пара алу сияқты келеңсіз жағдайлар да кездеседі. Атқару комитеттерінде тіркелген соң, фирма салық инспекциясының тіркеуінен өтуі керек, банкте өзінің есеп-шотын ашу, мөрі, фирмалық бланктары, штамптары, тағы басқа дербестігін көрсететін атрибуттары болуы керек. Міне, тек осыдан кейін фирма бизнес жүйесіне кіреді.

Кəсіпкерлік фирмалар қаржы бөлу арқылы өзінің дербес бөлімшесін де ашуы мүмкін. Олар заңды түрде құқығы бар мекеме болып саналады. Сонымен қоса кəсіпкерлік фирмалар занды құқығы жоқ, бірақ ағымда есепшоты бар бөлімшелер мен өкілдіктерді де аша алады.

Фирма қызметі лажсыздан (сот арқылы) немесе өз ықыласымен жұмысын тоқтата алады. Сот шешімі кəсіпкерлердің іс-əрекетін тоқтату жөніндегі банкрот болған жағдайында қабылданып, кəсіпкершілікпен шұғылдану құқын жояды.

Фирманы тарату немесе қайта ұйымдастыру жағдайына байланысты тоқталуы да мүмкін (біріктіру, бөлу, кəсіпкерлердің фирманы басқаша ұйымдастыруы — құқықтық түрінде құруы).

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бусыгин А.В. Предпринимательство: Учебник. — М.: Дело,1999. — 640 с.
  2. Горфинкель В.Я., Швандар В.А. и др. Курс предпринимательства: Учебник. — М.: Финансы; ЮНИТИ, — 439 с.
  3. Хоскинг А. Курс предпринимательства: Практ. пособие: Пер. с англ. — М.: Международные отношения, — 352 с.
  4. Кыдыралина Б.М. Организация малого предпринимательства в Республике Казахстан: макро-, мезо- и микроуровневые аспекты. — Караганда: Болашақ-Баспа, 2000. — 166 с.
  5. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. — Астана: Елорда, 2001. — 308 с.
  6. Кошанов А.К., Жатканбаев Е.Б. и др. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2001. — 188 с.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.