Инновациялық үрдістегі инвестициялар

Қазіргі уақытта инвестициялық үрдісті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты мəселелерінің бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркəсіптік өндірісті қалпына келтіру жəне сапаны қайта құру үшін əр түрлі көзқарастар мен тəсілдер ұсынылуда.

Инвестициялар деп өнеркəсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына жəне өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде, салынып, ол шаруашылықты əрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады [1].

Жалпылай айтқанда, инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті жəне басқа да заттарды, яғни капиталды, қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кəсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған үрдіспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі — уақыт, ал екіншісі — тəуекелдік (тəуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің əлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың, пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кəсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.

Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды жəне ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кəсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып: кəсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс жəне құрал-жабдықтары саналады. Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды. Сақтық қор инвестициясы фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді біріктіреді.

Халықаралық тəжірибеде инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдаланылуын айту қабылданған: нақтылық инвестиция; қаржылық инвестиция.

Нақтылық инвестиция дегеніміз шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс), өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға жəне басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Жоғарыда айтылған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы нарыққа сата алатын дəрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

1) қысқа мерзімдік — иелену мерзімі бір жылға дейін;

2) ұзақ мерзімдік — иелену мерзімі бір жылдан артық. Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Белгілі болып отырғанындай, кəсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей жəне қоржындық инвестициялар.

Жаңа технологияны пайдалана отырып, бəсекеге төзімді өнім шығаратын, металдар мен шикізатты тереңдетіп өндіретін, сонымен бірге жаңадан құрылған жəне жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың жарғылық капиталына инвестицияны жүзеге асыру. Жеке меншік инвестицияларды экономиканың шикізаттық емес секторына ынталандыру мен инвестициялық қор жобалардың жəрдемімен бірлесе қаржыландыру қордың міндеті болып табылады т.б. Қордың инвестициялық декларациясына сəйкес қордың инвестициялануы атқарылады.

Қор төмендегі шартты сақтай отырып, инвестицияны жүзеге асырады:

  • индустриялы-инновациялық саясаттың негізгі бағытына инвестициялық жоба сəйкес келеді;
  • қаржылық жəне экономикалық параметрлері бойынша да инвестициялық жоба тартымды келеді;
  • инвестициялық жоба ұйымның технологиялық əлеуетін арттыруға қарай бағытталған, қызмет көрсету мен өндірілетін өнім көлемінің өсуі жəне сапасының артуы, жоғары технологиялық өнімді шығару, материалдар мен шикізатты жетілдіре мұқият өңдеу.

Инновация — бұл идеялар мен ойлап шығаруларды тəжірибелік қолдану арқылы өзінің белгілері бойынша жақсы, заманға сай технологияларды, бұйымдарды қалыптасуына əкелетін қоғамдық- техникалық-экономикалық үдеріс. Егер ол экономикалық табысқа, пайдаға бағытталатын болса, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысқа əкелуі мүмкін. Сондықтан инновация зерттеуден маркетингке дейінгі барлық қызмет түріндегі көп аспектілерді қамтиды.

Қоғамдық мақсаттарды сипатай келе, Б.Санто инновацияның келесі түрлерін ажыратады:

а) пайдаға бағытталған экономикалық (мысалы, экспортқа дəрілерді өндіру);

б) пайдаға бағытталмаған экономикалық (энергияны үнемдеу);

в) арнайы (мысалы, əскери, денсаулық сақтау, білім беру саласында). Инновацияларды келесі мақсаттарға ұштастыруға болады:

  • жаңа техникалық шешімін табу-ойлап табуларды ашу;
  • ғылыми-зерттеушілік жəне тəжірибелі-құрылыстық өңдеуді өткізу;
  • өнімді сериялық өндіруін қалыптастыру;
  • өнімді ұйымдастыру жəне параллельді дайындау;
  • нарыққа жаңа тауарды енгізу, нанотехнология арқылы;
  • өнімнің бəсекелік қабілетін арттыру жəне технологияларды үнемі жетілдіру арқылы жаңа на- рықтарда тұрақтану.

Инновация қызметі фирманың маркетинг қызметінің органикалық бөлігін құрайды. Əсіресе бұл ғылым қажетсінетін өнімді өндірумен айналысатын фирмаларға тиесілі. Олар көбінесе ғылыми- зерттеу техникалық конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) маркетингтік қызметімен тығыз қарым- қатынаста болады.

ҒЗТКЖ бөлімшесі тұтынушылардан шығатын идеялар мен зерттеулердің трасформаторлары болып табылады. Олар өнім бойынша маркетингтік бағдарламаларды қалыптастыруда белсенділік танытады. Қажеттіліктерді зерттеу жəне ҒЗТКЖ арасында кері байланыс бар. Сол үрдісте ҒЗТКЖ- дың тұтынушылар талаптарын максималды ескеруі жəне жаңа бұйымды оңтайландыру мақсатында техникалық-экомикалық көрсеткіштерді түзетуі байқалады.

Инновациялық менеджмент фирмалармен əр түрлі инновациялық стратегиялармен қолданылуы мүмкін.

  1. Венчурлы (тəуекелді) фирмалар, яғни техникалық прогреске қатынасы бойынша ілгері жылжыған фирмалар. Осындай фирмалар ойлап табуларды ғылыми ізденушілігін қанықтыруға жəне өсімге жұмыс істейді. Венчурлы фирмалар əдетте табысты фирмаларға жатпайды. Өйткені олар өнім өндірісін ұйымдастырмай, тек қана өзінің табылған жобаларын басқа эксплерент, патиент, виолент жəне коммутант фирмаларға береді. Əдетте венчурлы фирмалар ірі фирмалардың филиалдары болып табылады.
  2. Эксплеренттер — бұл жаңа нарықтарда маманданатын немесе нарықтың ескі сегменттерін радикалды қайта құратын фирмалар. Олар ойлап табулар белсенділігінің максимумды циклдар кезеңінің «аймағында» жəне өнімді бастапқы өндіруде жұмыс істейді. Қазіргі батыс экономикада барлық ірі ғылыми-техникалық жетістіктерінің түптамырында венчурлы жəне эксплерентті фирмалар тұрды. Эксплерентті фирмалар саны жағынан кішігірім жəне табыссыз болып келеді. Венчурлы жəне эксплерентті фирмалардың менеджерлері эвристиканың, əлеуметтік психологияның, прогностиканың, дағдарыс теориясының негізін білуі қажет. Осы білімсіз фирмалардың табысты қызметі екі талай болып келеді.
  3. Патиенттер — бұл нарықтың тар сегменттерінде жұмыс істейтін жəне тұтынушылардың спецификалық, өсетін жəне сəннің əсерінен, жарнамадан немесе басқа да құралдардан қалыптасқан талаптарды қанағаттандыратын фирмалар. Патиенттер өнім өндіруі өсетін этапында жəне бір уақытта ойлап табу белсенділігі төмендеген кезеңдерде қызмет атқарады. Патиенттің ғылыми-техникалық саясаты өнімді өндіріске қойылу мерзімі жəне өнімді одан алып тастау туралы шешімін қабылдауын талап етеді. Осындай фирмалардың өнім мөлшері жəне сапасы бойынша талаптар нарықтарда жеңіске жету мəселесімен байланысты. Сондықтан дағдарысқа əкелетін дұрыс емес шешімді қабылдау осы фирмаларға тəн. Бұл фирмалардағы инновациялық менеджердің көздейтін басты мақсаты болып фирманың өмір сүруінде тəуекелін төмендету жəне қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін жағымды жағдай қалыптастыру табылады.
  4. Виоленттер — бұл ірі бизнес аймағында қызмет ететін жəне «күштік» стратегиясы бар фирмалар. Яғни ірі капиталы бар жəне технологияларды жоғары деңгеймен игерген фирмалар. Олар бағалардың орташа деңгейімен қанағаттанатын жəне сапасы бойынша «орташа» талаптарын ұсынатын тұтынушылардың кең бөлігі үшін бұйымдарды жаппай жəне кең серияда шығарумен айналысады. Виоленттің ғылыми-техникалық саясаты өнімді өндіріске қою, өнімді өндірістен алып тастау, инвестициялар, технологиялық паркті айырбастау жəне т.б. туралы шешімдерді қабылдауын талап етеді.
  5. Коммутанттар — бұл жергілікті-ұлттық қажеттіліктерін нақты қанағаттандыруына бағытталатын орта жəне шағын бизнес атқаратын фирмалар. Олар виолентті фирмаларда бар жетістіктерін қолдану, бейімделу базасында клиенттерге жекелеген бабын қамтамасыз етеді. Коммутанттар өнімді өндіру циклының төмендеу кезеңінде жұмыс істейді.

Фирмалардың инновациялық саясатындағы негізі болып НИОКР-дың негізгі мақсатын қалыптастыру, олардың өткізілу мерзімін анықтау, тəжірибелік мақсат түріндегі нəтижелерді бағалау жəне жаңа өнімдерді шығару мерзімін қысқарту табылады. Жаңа өнімді қалыптастыру облысындағы нақты саясаты ақпараттардың жинақталу бағытын жəне ұсынымның жасалынуына мүмкіндік береді. Соның нəтижесінде жаңа мүмкіншіліктерді іздеуге жəне зерттеушілік топтар үшін мотивациялардың құрылуына жол ашылады [2].

Зерттеушілермен өндіріске инновацияларды енгізудің негізгі 6 кезеңі бөлінеді:

1-кезең. Келіп түсетін идеяларды жүйелеу:

  • соңғы тұтынушылардан (тілектер, талаптар, арыздар), фирманың өткізетін аппаратынан, өндірістік бөлімшелердегі маркетингтік қызметінен, ҒЗТКЖ-ды бөлімшелерден түсетін жаңа енгізулер жəне нарықтағы технологиялық өзгерістері туралы ақпараттарды жинау;
  • өнімді игеру жəне қалыптастыру бойынша фирманың потенциалды мүмкіншілігі туралы ақпараттарды жинау, тəуекел көлемін жəне дережесін анықтау;
  • мақсатты нарықтар   жəне   олардың   дамуының   ұзақ   мерзімді   тенденциялары  туралы ақпараттарды жинау.

2-кезең. Идеяларды сұрыптау жəне жаңа өнімдер идеясын қалыптастыру:

  • идеялардың тəжірибелік жүзеге асырылуын жəне мүмкіншілігін айқындау;
  • жаңа жəне дəстүрлі бұйымдардың жалпы технологиялық дəрежесін анықтау;
  • жаңа өнімнің фирма имиджіне жəне даму стратегиясына сəйкестігін белгілеу;
  • болашақ бұйымның патенттік тазалығын анықтау.

3-кезең. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау — маркетинг бағдарламаларын қалыптастыру:

  • идеялардың нақты жобалар түріне ие болуы кезінде өнімді техникалық қалыптастыру;
  • өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасын жəне тұтынушылық қасиетін бағалау;
  • потенциалды нарықтық сұранымын жəне сату мөлшерін талдау;
  • жаңа өнімді игеру жəне құру бағытындағы шығындарды (инвестицияларды) жəне жаңа өнімнің ақталу мерзімін анықтау;
  • жаңа өнімді өндіру үшін қажетті ресурстардың болуы: технологиялық машиналар мен жабдықтар, шикізат пен материалдар, кадрлар, қаржылар;
  • жаңа өнімді игеру жəне онымен нарыққа шығу мерзімі;
  • жаңа өнімді өндірудегі табыстылықты бағалау жəне талдау, жоба бойынша маркетинг бағдарламасын қалыптастыру.

4-кезең. Жаңа өнімді құру:

  • фирманың бөлімшелері бойынша міндеттерді бөлу арқылы жаңа өнімнің даму бағдарламасын құру;
  • үлгіні құру жəне техникалық сынақты өткізу (қауіпсіздік, экологиялық тазалығы жəне т.б. бойынша тексеріс жүргізу);
  • тауар атауын, оның тауарлық белгісін, таңбасын, бүкпе қорабын анықтау.

5-кезең. Нарықтағы тестілеу:

  • шектеулі нарықта кемінде үш ай ішінде баға жəне басқа коммерциялық жағдайлары бойынша тестілеу (несие беру жəне т.б.);
  • өткізудің оңтайлы жолын таңдау;
  • жарнама əдістері мен құралдарын таңдау;
  • техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

6-кезең. Өнім бойынша маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске (жаппай, сериялық) жаңа бұйымды енгізу туралы шешім қабылдау. Ол келесі ақпаратты бейнелейді:

  • жаңа енгізулерді коммерциялық дəлелдеу: сату мөлшері, өнімнің табыстылығы, сұраным мен ұсынымды қанағаттандыру дəрежесі, өткізудің əдістері мен жолдары, ұқсас тауар өткізудегі тəжірибенің болуы, фирманың нарықта белгілі болуы, сатушы жəне сатып алушылармен байланыстың тұрақтылығы;
  • фирманың өндірістік мүмкіндіктері: қолда бар қуаттарды қолдану, ресурстармен, мамандалған персоналмен қамтамасыз етілгендігі;
  • қаржылық мүмкіндіктер: жаппай өндіріс пен өндіріске инвестициялардың жалпы сомасы, қаржыландыру көздері, болжанатын нəтижелер — есеп айырысу периодына табыстылық немесе шығын;
  • нормативті көрсеткіштерге сəйкестігі — стандарттарға, өнімнің өткізілуі болжанатын мемлекеттегі нормаларға сəйкестігі;
  • жаңа енгізудің патенттік қорғауын қамтамасыз ету.

Егер жаңа бұйым өндірілетін тауарларға технологиялық жақын болса, онда бұл компанияның қолда бар қуаттылықтарын қолдану арқылы олардың тиімділігін жоғарлату мүмкіншілігіне жол ашылады. Осындай басымдылықтар жаңа тауарды өткізу үшін қолда бар өткізу жүйесін пайдалану кезінде жəне жүзеге асыру əдістері игерілген уақытта пайда болады. Бұл кезде жаңа бұйымды өткізу тауар қозғалысына жəне өткізілуіне қосымша шығындарды қажет етпейді.

Инновациялық шешімдер үшін мақсаттардың екі тобы бар олар:

а) айналым мен өткізу көлемімен сипатталатын;

б) жұмсау мен шығындар көлемімен анықталатын [3].

Айналым мен өткізуімен байланысты мақсаттарға жету құралы ретінде əдетте өнім-инновация, ал өндіріс еңбегін жоғарлату жəне өндіріс шығындарын төмендету үшін үдеріс-инновация қолданылады. Бірақ өндіріс шығындарының төмендеуіне өнім-инновацияның əсер ету ықпалының жəне сонымен қоса бағаны төмендету жəне шығындарды қысқарту арқылы өткізудің жоғарлауына үдеріс-инновацияның əсер ету ықпалының болуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Инновацияның əр түрлі түрлері инновациялық менеджментке ерекше талаптар ұсынады. Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа техникалық білімдердің инновациядағы өзгеруі өндірістік үдерістің жақсаруына, өндірістік, жайлы жəне қауіпсіз техниканың қолданылуына, шикізаттың жаңа түрлерін қолдануға, адамның қажеттілігіне жақындататын еңбектің əлеуметтік жағдайын өзгертуге, жаңа жəне жақсарған өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Бірақ инновацияның барлық түрлері бір- бірімен тығыз жəне бөлектенбейтін қарым-қатынаста болады. Сонымен, өнім-инновация өндірістік үдерістердің, технологиялардың, ұйымдық жағдайлардың (жұмыскерлерді қайта оқыту жəне еңбектің ерекше жағдайын құру) өзгеруіне өз ықпалын тигізеді. Ал үдеріс-инновация арқылы бір уақытта өнім-инновациялар үшін қажетті техникалық алдын ала жағдай құруға болады. Сол уақытта өнім- инновация еңбек нəтижелеріне, үдеріс-инновация өндірістік үдерісіндегі өндіруді жоғарлатуға бағытталған кезде, əлеуметтік инновациялар əлеуметтік-техникалық жүйелер облысындағы жоспарланған өзгерістермен байланысты болады. Əлеуметтік инновациялар бір уақытта өнім- инновациясының құралы бола алады. Нəтижесінде барлық инновациялар өндірістің əлеуметтік- экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталған. Кəсіпорынның тұрақтылығы жəне болашақтағы табысты жұмысы көбінесе инновациялық қызметтің нəтижелеріне байланысты болады. Инновациялар инвестициясыз жүзеге аспайды.

Кəсіпорынның инвестициялық қызметі оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кəсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кəсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бəсекеге жарамдылығын арттыратын жəне нарықта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет жəне оны алу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият əзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.

Кəсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі жəне ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа жəне бəсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кəсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар жəне басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кəсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) жəне əлеуметтік нəтижеге жету мақсатына пайдаланады.

Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы — бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы — ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар-материалдық қосалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.

Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау үрдісі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нəтижеге жетуге тығыз байланысты.

Инвестиция — бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нəтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мəні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары жəне нəтижелілік, яғни инвестициялар өз нəтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тəуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік жəне аннуитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал үлкен тəуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кəсіпкерлік.

Тікелей инвестициялау шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне жəне осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестициялар портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) жəне құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.

Аннуитеттік инвестициялар тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс əкелетін, сақтандыру жəне зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру жəне қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сəйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру жəне дамытудың маңызды жолдарының бірі — инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру жəне көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нəтижелерін айқын көруге болады. Мəселен, Халықаралық валюта қорының мəліметтері бойынша, 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың біріне иеленді.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық жəне шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру жəне қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сəйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды жəне қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік баждар жағынан едəуір жеңілдіктер беруге тиіс.

Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996–1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай жəне газ өнеркəсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын жəне орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.

Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кəсіпорындардың санының көбейе түскені мəлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске жəне меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде əзірше жеткіліксіз.

Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа, кеңейтуге, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтау жəне қолданыстағы өндірісті қолдауға, сол сияқты тауар-өндірістік қосалқы қорлар жасауға, айналым қаржыларының өсуіне жəне материалдық емес активтерге қаржы жұмсау.

Күрделі қаржы — капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға жəне негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар. Күрделі қаржы кəсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдайы болып табылады. Күрделі қаржы құрамына кіретіндер: құрылыс-монтаж жұмыстарына кететін шығындар; негізгі қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар (станоктар, машиналар, жабдықтар); ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру жұмыстарының шығындары, еңбек ресурстарын инвестициялау; басқадай шығындар. Сонымен, күрделі қаржы кəсіпорындарындағы инвестициялық қызметін басқарудың басты экономикалық тетігі инвестициялық саясатты анықтаудың негізгі құралы болып саналады. Кəсіпорындарға бөлінетін күрделі қаржы, біріншіден, банктер тарапынан несие беру арқылы, екіншіден, мемлекеттік бюджеттен, үшіншіден, кəсіпорындардың өздерінің қаражаттарынан құралады.

Тəуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада əлемдiк тауар нарықтарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн жəне қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауылшаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда. Өндiрiстiң жəне шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Өнеркəсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту жəне қаржы саласында құрылымдық- институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр сүру деңгейi жоғарылауда жəне ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.

Бүгiнгi таңда Қазақстанды əлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Дүниежүзiлiк банк Қазақстанды əлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тəуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сəйкес Қазақстан бəсекелестiкке жəне əлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды жəне жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады. 2001–2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7,2 % болуы керек. Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру жəне сонымен қатар экономика мен əлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер болып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан отын жəне минерал шикiзатының iрi əлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдайдың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал əрi тəуелдi етедi. Əлемдiк тəжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың əлемдiк тауар нарықтарында жағдайдың өзгерiстерiне тым тəуелдi болып қала бередi. Экономиканың шикiзат секторларынан едəуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi əрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi мəселелер туғызады. Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қауіпiн ескере отырып жəне мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi металдарға əлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады. Бұл шара сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға жəне экспортты ынталандыратын жəне дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Құрылымдық- институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын жəне елдiң экспорттық əлеуметiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркəсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын атап өту керек.

Өңдеушi өнеркəсiпте металлургия өнеркəсiбi ғана сыртқы рынокта бəсекеге түсе алады. Тамақ өнеркəсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi нарықта ғана бəсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркəсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей жəне жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға төмен жəне экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003 жылға дейiн өнеркəсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резенке жəне пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркəсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркəсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн нөлдiк cтaвкa бойынша салынды.

Қарағанды облысында құрылыс пен металлургияға қажетті рудалық емес шикізаттың ірі қорлары бар. Минералды-шикізаттық ресурстарды өндіретін ірі кен көздері мен шикізаттың əр түрлілігіне жəне отынның, энергия мен су көздерінің бар болуына байланысты облыста қара мен түрлі-түсті металдар өндірісі, көмір өндіруші өнеркəсіптер мен химия, энергетика, тағам жəне құрылыс өнеркəсіптері дамып отыр. Себебі металл өндіруші жəне машина жасаушы кəсіпорындардың дамуына ықпал ететін жеткілікті потенциал бар. Сонымен қатар аймақта ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шикізат базасы мен өндірістік қуат бар. 2006 жылы облыста өндірілген өнім мөлшері 717,2 млрд. теңгені құрап отыр.

Қарағанды облысы бойынша кокс өнімі 99 %, рафинадталған мыс өнімі — 95, қорғасын, күміс өнімі — 88, 68 — темір рудаларының концентраты, 60 — мыс концентраты, жалпы жазық жалдық өнім, марганец рудалары, 87 — маргарин, 50 — былғары, əктас, 25 — алтын, 15 — балық, 11 — ет, 12 ұн, республикада өндіріліп отырған энергияның 16 % өндіріліп отыр. 2006 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 147,3 млрд. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 91,3 % болды. 2006 жылы инвестициялардың күрт төмендеп кетуінің негізгі себебі 2005 жылы Қазақстан- Қытай «Атасу — Алашанькоу» (26,8 млрд. теңгелік) мұнай құбырлары бойынша жəне қорғасын құю (34,9 млрд. теңгелік) «МитталСтил Теміртау» ААҚ цехы, «Жəйремдік ГОК» жөндеуге жұмсалған (3,0 млрд. теңгелік) ірі жобаларыныңың аяқталуына байланысты еді. 2006 жылы осы өнеркəсіптер арқылы негізгі капиталға 36,9 млрд. теңге инвестиция тартылды, ол дегеніміз 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 57 % артық болып отыр.

Өндіріліп жатқан қара жəне түрлі-түсті металлургия саласындағы жаңа қондырғыларды орналастыруға, инвесторлардың энергетика объектілерін пайдалануына жəне жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың рудалық базасын кеңейтіп, олардың негізгі қорларын жаңартуға айтарлықтай инвестиция тартылды. Инвестицияның ең жоғарғы көлемін (65,5 %) шетелдік компаниялардың қатысуымен біріккен кəсіпорындар пайдаланды. Ал инвестицияның басқа қалған 34,5 % бөлігі шетелдік кəсіпорындарға тəн. Соның ішінде «МитталСтил Теміртау» ААҚ жəне и «ЖК Эфес Қарағанды пиво зауыты» ААҚ, шет елдік инвестиция арқылы олардың жұмыс істеп тұрған кəсіпорындарына реконструкция жұмыстары жүргізілді.

2006 жылы ұйымдар мен кəсіпорындардың өндірістік қорларды жаңартуға бағытталған жұмыстарына жəне жаңа өнеркəсіптерді іске қосуға жұмсалған қаржы мөлшері 94,7 млрд. теңгені құрады (110,7 % 2005 ж. салыстырғанда).

2006 жылы республиканың барлық облыстарында инновациялық-пəрменді өнеркəсіптер тіркелді. Қарағанды аймағында 51 инновациялық кəсіпорын жұмыс істеп отыр, республика бойынша 132 тіркелген инновациялық кəсіпорындары бар болса, біздің облысымыз Алматы қаласынан кейінгі 2 орынды иеленіп отыр.

Инновациялық өнімнің ең жоғарғы мөлшерін «Миттал Стил Теміртау» ААҚ, «ЗОЦМ» ААҚ, «Балқаш түрлі түсті металл» ӨБ, «Шұбаркөлкөмір» ААҚ кəсіпорындары беріп отыр: қорғасынды үзбей құю бөлімшесі соғылды, ЛПЦ-2 суық прокаткасы орналастырылып, мырыш жəне аллюминийлеу жөніндегі ыстық цех жолақтарын полимермен сырлау бөлімшесі ашылды, № 7 кокстық батареясы реконструкциядан өтті, жез жəне қола, арнайы кокс жəне тағы басқалардың втулкалары жасалды. Сондай-ақ өндірістік көрсеткіштер толығынан инновациялық сипатта деп айта алмаймыз. Алайда облыста нағыз ғылыми-инновациялық потенциал бар, мəселен, Фитохимия институты ең танымал «Арглабин» препаратынан басқа тағы да жергілікті шикізаттан 43 емдік препарат жасап шығарды, сол аталған препараттарға инвестициялар мол болса, онда осы дəрі- дəрмектер шет елден қымбатқа əкелінбейтін еді жəне арзан бағамен дəріханаларда сатылатын еді. Ал ол өз алдына əлеуметтік жағдайы төмен адамдарға тиімді бағамен дəрі-дəрмектер алуға жағдай тудырады.

Органикалық синтез жəне көмірхимия институты «Антилишай» ветеринарлық препаратын жасап шығарды. Облыс бойынша инновация ендіруші кəсіпорындар санының көбеюі байқалады, «Алиан пейнт» ЖШС француз технологиясының негізінде бояу өндіруді ендіріп, «Карат» ЖШС жасанды газон мен спорт алаңдарына жамылғы жасап отырса, «Тибет» пропилен құбырларын, «Онтүстік Қазақстан зерттеу институты» ЖШС жарылғыш заттардың сугельдік түрлерін жасап шығаруда.

Индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша аймақтық деңгейде 2004–2006 жылдар аралығында 61 индустриалды-инновациялық бағыттағы жаңа кəсіпорын бой көтерді, осылайша 2315 жұмыс орны пайда болды, бөлінген қаржы көлемі 66,4 млрд. теңгені құрады.

Облыста халықаралық сапаны басқару жүйесін ендіру бағыты бойынша шаралар жүргізіліп, облыстың 96 кəсіпорнында 01.01.2007 ИСО-9000 стандарты қабылданды. Қарағанды облысында ғылыми білімді жəне қоғамдық өнеркəсіпті дамытуға септігін тигізетін ғылыми потенциал бар. Ғылыми-техникалық потенциалдың ұйымдық құрылымына ғылыми жұмыспен айналысатын тəуелсіз қоғамдар жəне жоғары оқу орындар мен өнеркəсіптік ұйымдар мен кəсіпорындардың ғылыми-зерттеу бөлімдері кіреді. Бірақ əлі олардың тығыз байланыстары керек деңгейге жеткен жоқ.

ҚР индустриалдық-инновациялық стратегиясын 2015 жылға дейін жүзеге асыру мақсатында облыс əкімиатының 2004 жылдың 20 сəуіріндегі № 08/13 қаулысы аясында «Технопарк UniScienTech» ЖШС ашылды. Технопарктың негізгі мақсаты — инновациялық бизнес пен ғылыми- техникалық ресурстарды пайдалана отырып, тиімді иннновациялық орта құру болып отыр. Технопарк лабораториялық орталық ашу мəселесін, жобаны функционалдық бағытта инженерлік жинақтауға арналған (жобалық конструкторлық жұмыс жасау, жобаны техникалық жəне технологиялық жағынан жабдықтау жөнінен) инжинирингтік бөлімшелер ашуды қолға алып отыр. Облыстың жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыс, жоба, зерттеулерге инжирингтік қызмет көрсететін инновациялық орталықтар бар. Техникалық жəне жаратылыстану салаларында ғылыми зерттеулермен айналысатын 33 ұйым бар, оның 5 жоғары оқу орындары, 7 жобалық институттар, 14 ғылыми-зерттеу институттары мен жобалық ізденіс ұйымдары болып отыр, онда 1285 адам жұмыс істейді, олардың 54 ғылым докторлары, 176 — ғылым кандидаттары. Қазіргі уақытта технопарктар баяу дамып жатыр, оған себеп — бюджеттен ақша қаражаттарының жеткіліксіз бөлінуі.

Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі, əрине, əлеуметтік саланы қолдау мен дамыту. 2008 жылы Қарағанды қаласында 10 664 адам жұмыспен қамтылса, соның ішінде 2 031 адам квота бойынша еңбекке жұмылдырылды. 1 145 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып, 1 652 адам кəсіби біліктілік оқуларына жіберілді. Жыл басынан бері 64,1 млн. теңгенің мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмегі, 18,3 млн. теңгенің балалар жəрдемақысы, үйде оқып, тəрбие алатын мүгедек балаларға 3,9 млн. теңгенің жəрдемақысы, 18,2 млн. теңгенің тұрғын үй жəрдемақысы төленді.

Аймақтық «Экономиканың нақты секторы» бағдарламасының шеңберінде былтырғы жылдың басынан бері Қарағандыда жаңадан 11 өндіріс орны іске қосылып, оларда 780 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, олар: «Қарағанды Торгтехника комбинаты» ЖШС (құрылыстардың қоршаулық конструкцияларын монтаждау учаскесі іске қосылды), «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС («Арглабин» препараты субстанциясының, экстракциясы мен синтезі цехы іске қосылды), «Қазақстан Инвест Көмір» ЖШС (кокс пен активтендірілген көмір өндіру учаскесі іске қосылды), «Қазақстан экскаватор зауыты» ЖШС (жол жəне жер қазу машиналарын өндіру зауыты іске қосылды), «Мандриченко» ЖК (алкогольсіз сусындар шығару учаскесі іске қосылды), «Вторпром» ЖШС (құю өнімдерінің цехы ашылды), «Восток» жиһаз фабрикасы» ЖШС — жиһаз шығару, «Эгоформ» ЖШС (жаңа пенаполиуритан өндірісі қолға алынды), «Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» АҚ (желімделген ағаш брустар мен каркастық панель үйлер жасау учаскесі іске қосылды), «СтройКам» ЖШС (фракциялық қиыршықтасты өндеу мен өндіру учаскесі іске қосылды), «Силициум Қазақстан» ЖШС металлургиялық кремний өндірісі зауыты. Қаланың ірі жəне орта кəсіпорындары, ұйымдары негізгі қорға жасалған 55,4 млрд.теңге инвестицияны игерді. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда, 34,1 %-ға артық. Қарағандының 71 мекеме-кəсіпорындарында сапаның халықаралық стандарты енгізілсе, соның 20-сына сертификат 2008 жылы берілді. Қалада шағын кəсіпкерліктің 23 380 субъектісі тіркелген, яғни олардың саны 8,3 %-ға артқан. Шағын кəсіпкерлікпен айналысатын 63 460 адам бар, 2007 жылдағыдан 29,8 %-ға көп. Экономиканың нақты секторы мен шағын жəне орта бизнесті дамыту арқасында бюджетке 13 млрд. 894 млн. теңге кіріс түсті (2007 жылмен салыстырғанда 136,9 млн. теңгеге артық). Қала бюджетінің шығыстары 100 % орындалды. Жергілікті атқарушы органдардың барлық жұмыстары Елбасының тапсырмаларын орындау мен халықтың əлемдік экономикалық дағдарыстан зардап шекпеуін қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатта қаладағы 65 кəсіпорынмен өзара əріптестік, өндіріс тұрақтылығы мен еңбеккерлердің əлеуметтік қорғалуы туралы меморандумдар жасалды. Халықпен кезекті есеп беру кездесуіне келгендегі негізгі көрсеткіштеріміз осындай. Əрине, өз жұмыстарымыздың барысында біз алдымен қарағандылықтардың қолдауына, олардың орынды сындары мен жан-жақты бағамдауларына сүйенеміз.

Елбасының қолдауымен «Қазақстанның 30 көшбасшысы» бағдарламасына кірген «Silicium Kazakhstan» компаниясының металлургиялық кремний өндіретін зауыты болды. Бұл бірегей жоба халықаралық стандарттар талаптарына сай жүзеге асырылды, əлемде мұндай зауыт саусақпен санарлықтай, ал Қазақстанда жалғыз. Жобаның құны 110 млн. евроны құрады. Бұл инвестициялар болашақта көп табыс əкеледі жəне əлемдік нарықта біздің беделімізді көтереді.

Себебі металлургиялық кремний алюминий, химия салаларында кеңінен қолданылады. Кремнийге деген əлемдік сұраныс бүгінгі күні жылына 1 млн. т асса, оның негізінде құрылған өнімдердің əлемдік нарығы ақшалай көрінісінде бүкіл болат құю саласының айналымынан асып түсті. Мамандардың пікірінше, алдағы он жылдықта металлургиялық кремнийге деген сұраныс жыл сайын 5–10 артып отырмақшы. Əлемде өндірілетін металлургиялық кремнийдің 54 % алюминий- силикон құймаларын дайындауға бағытталады. Қайта өңделгеннен кейін қалған көлемі жоғары технологияларда, атап айтқанда, ғарыш саласында, авиацияда, компьютер жасауда қолданылады. Сонымен бірге Қарағандыда кремнийдің өндірілуі жəне павлодардық алюминийдің болуы дамып келе жатқан машина жасау саласы үшін алюминий-кремний құймаларының өндірісін дамытуға кеңінен жол ашады. Кəсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 25 мың т құрайды, кремний тозаңы — 10,5 мың т жəне кремний күлі — 875 т. Осы өнімнің өндірісі үшін жергілікті шикізат Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Ақтас жəне Ақшоқы-3 кен орындарындағы кварц (шынытас) пайдаланылатын болады. Бірінші кезеңнің өзінде 400 жаңа жұмыс орны ашылса, ал 2–4 кезеңдерде тағы да 1100 жұмыс орны ашылмақшы. 15 мердігерлік ұйым қатысқан құрылыс барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының едəуір көлемі орындалды, оның ішінде құрал- жабдықтарды орнату, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Құрал-жабдықтар мен технологияларды герман компаниясы «Thyssen Krupp Mannex GmbH» жеткізіп берді. Зауыттың құрылысына Германия, Ресей, Украина елдерінің мамандары атсалысты. Бұл кəсіпорын — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарағанды облысында жүзеге асырылған сорттық илек өндірісінен кейінгі екінші серпінді жоба. Ол тек Қарағанды облысының экономикасы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін аса маңызды болатындығы сөзсіз.

Сонымен қатар Республика бойынша мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жол картасы» бағдарламасы кең аумақты қамтиды. Бұған жұмсалатын инвестицияның мақсаты тек əлеуметтік объектілерді салу ғана емес, сонымен қатар жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады.

Қарастырылып отырған материалдардан көріп отырғанымыздай, мемлекеттік саясат барлық көз- қарастарды ескере отырып, инвестицияларды сырттан тартуға қолайлы жағдай жасау керек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы.
  2. Орлова Е.Р. Инвестиции: Учеб. пособие. — М.: Омега-Л, 2007. — 232 с.
  3. Инвестиции: Учеб. пособие / Под ред. М.В.Чиненова. — М.: КНОРУС, 2007. — 241 с.
  4. www.karaganda-region.kz
Жыл: 2009
Категория: Экономика