Отандық кəсіпорындардың өндіріс көлемінің динамикалық өсуі жəне тұтынылатын материалдық ресурстардың өсіп жатқан көлемі материалды-техникалық жабдықтауды басқаруға жəне материалдық ресурстарды кейінгі қолдануға жүйелік тəсілдемені қолдану қажеттілігін дəйектейді. Ол өзінің мəнін жабдықтау, өндіріс, бөлу жəне тұтыну үдерістерін біріктіретін логистикалық материалдық ағымдарды құруда табады. Мұнда басты роль осы үдерістердің ақпараттық қамтамасыз етуінде жатыр. Қолда бар жағдайдың талдауы көрсеткендей, Қазақстан экономикасының барлық салаларындағы кəсіпорындарында материалдық ресурстарды басқару жүйесі дамыған шет ел кəсіпорындарымен салыстырғанда дамудың төменгі деңгейінде жатыр.
Отандық кəсіпорындарда бар материалды ресурстарды басқару жүйесін шикізатты сатып алудан өнімді соңғы тұтынушыға дейін қызмет етуді логистикалық операциялар бақылайды: кəсіпорынға шикізат жеткізу, сатуды болжау, өндірістік жоспарлау, шикізатты сатып алу жəне іздеу, шикізат қорларын басқару немесе аяқталмаған өндіріс. Яғни толығымен дамымаған нарықтық механизм, ол бірінші кезекте жетілмеген жəне ықылассыз бəсекелестікте білінеді, материалды-техникалық жабдықтау жүйесіне керісінше əсер етеді. Материалдық-техникалық жабдықтаудың тəжірибесінің талдауы көрсеткендей, жабдықтаудың негізгі мəселесі материалды ресурстарды жабдықтаудың көлемінде (транзиттік жəне қойма арқылы), қойманың бар болуы жəне қажеттілігі, қажетті инвестициялардың көлемінде тұрады. Бұл жерде ешқандай назарсыз келесі мəселелер қалады:
- материалды-техникалық ресурстарды əркелкі жабдықтаған кездегі көшкін түрдегі жоғалтулардың шығындарын төмендету;
- өндіріс, қоймаландыру жəне тасымалдау көлемінің арасында оңтайлы пропорция жүйесін құру;
- бірдей салалы кəсіпорындар үшін өндіріс, сақтау жəне тасымалдау жүйесінде мақсатқа сай кооперация деңгейін бекіту [1].
Кепілдеме беріліп отырған деңгейде маркетинг, сату, өндіріс жəне қаржы операцияларымен логистиканың жоспарлау жəне бақылау операцияларының үдерістері біріктіріледі. Біріктіру компанияның əр түрлі бөлімдерінің бір-біріне қарама-қайшы келетін мақсаттарын біріктіруге көмектеседі.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде логистикалық жүйенің дамуының жоғарғы деңгейге өтуі, материалдық ресурстарды жəне дайын өнімді бөлудің басқару қызметін өндірістік фирмалардан мамандандырылған фирмаларға, яғни сыртқы агенттерге беру негізінде жүзеге асты. Бұл қарқын бірінші Батыс Еуропада жəне Жапонияда, ал кейінірек АҚШ көрінді.
Келісім-шарт немесе үшінші қатысушыны қолдану бойынша логистика, өнімді бөлу бойынша, тасымалдауды, сақтау, қорларды басқару, тапсырыс берушіге қызмет көрсету жəне логистикалық ақпараттық жүйені құруды қоса компания қызметінің барлығын немесе бір бөлігін орындауға дербес көтерме фирмаларды қатыстыру ұйғарылады. Бұнда қоғамдық еңбек бөлінісінің үздіксіз тереңдету үдерісінің бірі көрінеді. Логистика жүйесіне мамандандырылған фирмаларды қосу келесілермен дəйектеледі: біріншіден, оның қызметтерді жүзеге асыру саласында өндірістік фирмаларда жоқ жұмыс тəжірибесі барлығы; екіншіден, өзінің үстеме шығындарын қысқартуға талпынуы жəне негізгі өндірістік қызметтерге шоғырлануы.
Шет ел тəжірибесі көрсеткендей, логистика жүйесінің жоғарғы деңгейіне көшуі өндірістік үдеріс қатынасы бойынша басқару ақпаратының оңтайлы ағымдарының құрылымын кешіктірмей енгізумен шешіледі.
Осыған байланысты, біздің ойымызша, осындай енгізудің тиімділігі материалдық ағымдардың біріктірілген ақпараттық жүйесін құрумен анықталады:
- шағын деңгейде (кəсіпорын ішінде өндірістік тізбек бойынша: жабдықтау-өндіріс-бөлу);
- макродеңгейде, өндірістік кластерлер құру қажеттілігімен дəйектеледі (салалық керек-жарағы бойынша сарапталған материалдық ресурстардың тұтынушыларымен жабдықтаушыларының мағлұматтарын құру).
Екі жағдайда да біріктірілген ақпараттық жүйелердің артықшылықтары келесіде жатыр:
- ақпарат ауыстыру жылдамдығы өседі;
- есептегі қателер саны азаяды;
- өнімсіз, «қағаз» жұмысының көлемі азаяды;
- əр түрлі ақпараттық блоктар біріктіріледі.
Автоматталған біріктірілген ақпараттық жүйелер рұқсат етеді:
- басқару ақпаратының кең спекторына машиналық ұсыныс береді;
- басқару жəне орындау қызметінің бағдарланған түрін ұсынады жəне ЭЕМ санайды [2].
Кестеде материалды ресурстарды шағын деңгейде басқарудың жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуінің негізгі бағыттары көрсетілген.
Материалдық ресурстарды макродеңгейде басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету ең басты жəне маңызды мəселе болып табылады.
Ақпарат логистикалық өндіріс факторы болып табылады. Соның арқасында қоймалау қысқаруы мүмкін (қорларды басқарудың жақсаруы, жабдықтаушы жəне тұтынушы қызметтерінің үйлесімділігі, дайын өнімнің қоймаландыруын жартылай фабрикаттар немесе шикізаттардың қоймалануымен ауыстыру). Ақпараттың арқасында тасымалдауды тездетуге болады (тасымалдау тізбегінің барлық буындарының үйлесімдігі). Қазіргі заманғы ақпараттың жетіспеушілігі материалдардың жиналып қалуына əкеледі, өйткені жабдықтаушының сенімсіздігі сияқты, тұтынушының да сенімсіздігі сақтандыруға қажеттілікті туғызады.
Логистикалық жəне ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ететін материалдық ағым, кəсіпорынның логистикалық жүйесінің құрылымы өзара байланысқан жəне өзара тəуелді екенін айта кеткен жөн. Көрсетілген үш логистикалық қызметті басқару ақпараттық қамтамасыз ету арқасында қамтамасыз етіледі. Осыдан логистиканың — жабдықтаудың — алғашқы кезеңдерінде ақпараттық ағымдардың сапасы, толықтығы жəне өз уақыттылығы өндірістің жəне бөлудің логистикалық қызметінің тиімділігіне əсер етеді.
Материалдық ресурстарды сатып алуды басқаруды ақпараттық қамтамасыз етудің міндеттеріне келесілер кіреді:
- қажетті материалдық ресурстардың номенклатурасын бағалау;
- қоймалық күштің барлығын анықтау;
- арту-түсіру платформаларының барлығын анықтау;
- материалдық ресурстарды сатып алудын ұйымдастыру түрін анықтау;
- нарық жағдайын талдау (нарық түрін, мүмкін болатын жабдықтаушылар санын, бағаны бағалауын, материалдық ресурстар сапасын, жабдықтаушылардың нарықтағы жайғасымын, жабдықтаушылардың сенімділігін жəне кəсіпқойлығын анықтау).
Тапсырыстарды басқару кезеңінде ақпараттық жүйе келесі операциялардың берілгендерімен қамтамасыз ету керек:
- материалдық ресурстарға тапсырыстарды алдын ала өңдеу жəне қабылдау;
- материалдық ресурстардың айрықшаландырылған жəне бекітілген топтары бойынша, қоймаға тапсырыстарды жеткізу жəне айналымдардың орындалу уақытын есептей отырып, тапсырыстардың орындалуын жоспарлау;
- тапсырыстардың жоспарының орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жабдықтаудың сапасын жəне көлемін, мерзімін бақылау жəне мониторинг жүргізу.
Материалдық ресурстарды тасымалдауды ұйымдастыру жабдықтау базисін, көлік құралдарының түрін таңдау жəне көлік тарифтерін анықтау ақпараттарының негізінде орындалуы керек.
Қоймалық қызметті ұйымдастырудың оңтайлы таңдау келесі ақпараттармен толық қамтылу керек:
- қоймалардың саны жəне тұрақты орны;
- қоймалық бөлмелердің мөлшері;
- қоймалау жүйесінің шарты.
Қоймалық технологиялық үдерісті басқару келесі ақпараттар негізінде жүргізілуі керек:
- материалдық ресурстарды қабылдау жəне түсіру;
- материалдық ресурстарды қойма ішіндегі тасымалдау;
- қоймаландыру жəне сақтау;
- материалдық ресурстарды өндіріске жіберу жəне тапсырыстарды жинақтау. Қорларды басқару тиімділігі келесі ақпараттардың толықтығымен анықталады:
- шығындарды бағалау жəне материалдарды сақтаудағы шығындар;
- қорларды басқару жүйесінің көрсеткіштерін талдау;
- қорларды басқару жүйесінің шарттары;
- материалдық ресурстар қорларын топтастыру;
- материалдық ресурстардың қорларын есептеу жəне бақылау;
- қорлардың кепілдік жəне шектік деңгейі (тұтынудың берілгендері негізінде максималды жəне күтілетін тұтынулар есебі, партиялардың оңтайлы мөлшері, жабдықтаудың мүмкін болатын кешігуі жəне жабдықтаудың ұзақтылығы);
- қорлардың түгенделуі (жоғалтуларды, ақауды есептеу).
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде өндірісті оперативті басқару жүргізіледі. Технологиялық үдерістерді басқару кезеңінде ақпараттармен толық қамтылу келесілерді анықтауға мүмкіндік береді:
- материалдық ресурстардың шығындарының нормалық көрсеткіштері жəне нақты тұтынылғаны;
- өндірістік циклдің ұзақтылығы;
- өнімнің партиясының оңтайлы мөлшері жəне өндірістің ырғақтылығы;
- тұтынушылардың талабы;
- сапаны басқару жүйесін таңдау.
Логистикалық ақпараттық жүйелер үш топқа бөлінетін нақты ақпараттық тораптардан тұрады [4].
- Стратегия жəне құрылымы туралы ұзақ мерзімдік шешім қабылдау үшін ақпараттық жүйелер (жоспарлы жүйелер). Олар логистикалық тізбектің буындарын оңтайландыру жəне құру үшін қызмет етеді. Жоспарлық жүйе үшін есептің пакеттік өңдеуі сипатты.
- Орта жəне қысқа мерзімдік болашаққа шешім қабылдау үшін ақпараттық жүйелер қолданылады (диспозитивтік жəне диспетчерлік жүйелер). Олар жолға қойылған логистикалық жүйенің жұмысын қатамасыз ету үшін бағытталған, мысалы, зауыт ішіндегі көлікпен, дайын өнімнің қорымен, материалдармен жəне кезекпен жабдықтаумен қамтамасыз ету, тапсырыстарды өндіріске жіберуге бұйрық (диспозиция). Кейбір міндеттер пакеттік режимде өнделуі мүмкін, кейбіреулері өзекті мəліметтерді қолдану қажеттілігінен интерактивті (on-line) өңдеуді талап етеді. Диспозитивтік жүйе шешім қабылдау үшін барлық бастапқы деректерді дайындайды жəне дерек қордағы өзекті жүйелерді тіркейді.
- Күнделікті жұмыстарды орындау үшін ақпараттық жүйелер (орындаушы жүйелер). Олар басқарудың əкімшілік жəне оперативтік деңгейінде қолданылады, бірақ кейде қысқа мерзімді диспозицияның элементтері де болады. Бұл жүйелер үшін өңдеу жылдамдығы жəне физикалық жағдайдың кешіктірілмей бекітілуі өте маңызды (яғни, барлық деректердің өзектілігі), сондықтан олар көптеген жағдайларда on-line режимінде жұмыс істейді. Мысалы, қоймаларды жəне қорлар есебін басқару, жөнелтулерді дайындау, өндірісті оперативті басқару, автоматтандырылған құрылғыларды басқару. Үдерістерді жəне құрылғыларды басқару коммерциялық сипаттағы ақпараттық жүйелердің жəне автоматты басқару жүйесін біріктіруді талап етеді.
Жəне де ақпараттық техника бұл міндеттерді орындауға едəуір себеп болады. Тиімділіктің нақты өсуіне жеке есептеуіш жүйелердің көмегімен де жетуге болады, бірақ ашықтық жəне икемділік біріктірілген басқарушылық жəне ақпараттық жүйені қолдану арқылы айтарлықтай көтеріледі, олар кəсіпорынның бөлімдерінің арасындағы межені «аттап өтеді».
Сонымен қатар есептеуіш техника логистикалық тізбектің кейбір буындарында, күрделі техникалық үдерістерді басқару жəне оларды бақылау үшін қолданылады. Экономикалық бақылау саласында, керісінше, реттеуші ролін адам өзі атқарады, ал есептеуіш техникасы оған қажетті ақпаратты ұсынады. Оперативті логистикалық үдерістерді басқару жəне оны бақылау үшін, реттеушінің əсерлесу уақытын азайтуға мүмкіндік беретін, ЭЕМ диалогі on-line режимінде маңызды болады. Экономикалық бақылау үшін деректердің кезеңдік пакеттік өңдеуі жеткілікті. Есептеуіш техникасының кішіреюінің жəне арзандауының арқасында орталықтандырылмауы мүмкін болып жатыр, яғни жұмыс орнына жақындауы. ЭЕМ орталықтандырылмауы деректерді берудің уақытын едəуір қысқартады. Логистикалық үдеріс жөніндегі деректердің біразын нақты бөлімнің өзінде автономды түрде өңдеуге болады, мысалы, қоймада. Орталықтандырылмаған деректер қорын құрудың принципиалды ойы болып, барлық орталықтандырылмаған бөлімдердің ақпараттық байлануы кезінде шешімді орнында қабылдау мүмкіндігі табылады. Кəсіпорынның немесе кəсіпорынның бірнеше жақын орналасқан бөлімдерінің арасындағы (мысалы, бір қалада) аймақта есептеуіш техникасының өзара байланыс құралы, тек осы мақсатқа арналған тұрақты бағытта жүзеге асырылады. Жылжымалы құралдарда жəне жеке есептеуіш машиналарының байланыс жолдарының кейбір сызықтары сымсыз болады. ЭЕМ жəне абоненттік бөлімдер локальды тораптармен біріктіріледі. Алыс жатқан кəсіпорындар, поштамен пайдаланылатын жалпыға арналған торапты қолданатын, глобальды коммуникациондық торап көмегімен біріктіріледі.
ЭЕМ базасында логистикалық ақпараттық жүйені құру үшін келесі қағидалар маңызды [1].
Жүйенің аппараттық құрылғысында жəне де бағдарламалық қамтамасыз етуінде модульді құрылымына ұмтылу. Аппараттық модуль дегеніміз — өз еркіндегі зат ретінде жасалған, радиоэлектронды аппаратураның үйлестірген қызметтік буыны. Бағдарламалық қамтамасыз ету модулін үйлестірілген, кейбір жағдайда өз еркімен жасалған бағдарламалық элемент ретінде, жалпы бағдарламалық қамтамасыз етуде нақты қызмет атқаруды орындайтын деп санауға болады. Бағдарламалық жəне аппараттық модульді қолданудың принципін сақтау келесілерге мүмкіндік береді:
- басқарудың əр түрлі деңгейінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жəне есептеуіш техникасының біріктірілуін қамтамасыз етуі;
- логистикалық ақпараттық жүйенің тиімді қызмет етуін көтеру;
- олардың құнын төмендету;
- оларды құруды тездету.
Жүйенің кезеңдік құру мүмкіндігін қамтамасыз ету. ЭЕМ базасында құрылған логистикалық ақпараттық жүйелер, басқа да автоматтандырылған басқару жүйесі сияқты, тұрақты дамушы жүйелер болып табылады. Бұл жобалау кезінде автоматтау объектілерінің санының тұрақты өсуінің мүмкіндігін, ақпараттық жүйенің жүзеге асырылатын қызметінің құрылымын жəне шешілетін міндеттердің санын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет екенін білдіреді. Жүйені құрудың кезеңін анықтау, яғни бірінші кезектегі міндеттерді таңдау, логистикалық ақпараттық жүйенің дамуына жəне оның қызметінің тиімділігіне үлкен əсер ететінін ескеру керек.
Қосылу орнын нақты бекіту. Материалдық жəне ақпараттық ағым қосылатын жер кəсіпорынның жеке бөлімдерінің құқықтылығы мен жауапкершілігінің шегі арқылы немесе өз ерікті мекемелердің шегі арқылы өтеді. Қосылу орнын жай өтуді қамтамасыз ету логистиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Сонымен, сенімді логистикалық үдерісті ұйымдастыру жəне материалдық ресурстарды дайындау, сату жəне оларға сатып алушылармен жабдықтау кезеңінде материалдықпен салыстыр- ғанда алға озып шығатын ақпараттық ағым құруды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандардан ақпараттық ағымның барлық маңыздылығын көруге болады, егер логистикалық тізбектен осы буынды алып тастасақ, онда өндірістік үдеріс тоқтап қалады.
Қазіргі кезде кəсіпорындар ақпараттық ағымдарға көптеген қаражаттар жұмсайды. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС «ЭпикРус» компаниясының Platinum SQL қаржылық-басқарушылық жүйесін қолданады.
1997 жылы «ЭпикРус» компаниясының Platinum SQL қаржылық-басқарушы жүйесінің көмегімен «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-ін кешендік автоматтандыру жобасы басталды. Бірінші кезеңнің қорытындысы болып 1998 жылдың мамыр айында негізгі кəсіпорындарды қамтитын біркелкі корпоративтік жүйені құру болды. 2001 жылы алыс жатқан филиалдарға корпорацияның енгізу топтарының көмегімен енгізу жұмыстары басталды. 2001 жылдың шілде айында корпорацияның барлық кəсіпорындарының материалды-техникалық жабдықтауын автоматтау кешені жүзеге асты. Оның мақсаты болып материалдық қорлардың қозғалысының оперативті есебін қамтамасыз ету жəне материалдық қорлардың бақылау, құжаттарды оперативті өңдеу, бөлімдердің шығындары, сатып алулары, жоспарлауы, бюджеттеуі туралы арнаулы есептерді шешу үшін Platinum SQL жүйесінің функционалдық стандарттарын кеңейту табылды. 2001 жылдың қазан айында енгізу бойынша техникалық жобаны дайындау аяқталды. 2001 жылдың қараша айында тестілік, ал 2002 жылдың қаңтар айынан бастап жүйенің өндірістік қызмет етуі басталды. Корпорацияның материалды-техникалық жабдықтауды басқаруына (МТЖБ) кеңейтілген қызмет етуімен байланысты модульдер енгізілді. Бұл компанияға өзінің бағдарламалық қамтамасыз етуінен бастартуға мүмкіндік берді, одан айына бір рет Platinum SQL-ге деректер импорты жүзеге асырылып отырды. Енді материалдық қорлар бойынша деректер, жоспарланған жабдықтаулар, дебиторлық жəне кредиторлық міндеттемелер, алғашқы ақпаратты енгізгеннен кейін Platinum SQL корпоративтік базасында шығады. Қосымша атқарымдықты келтіру жабдықтаушылардың коммерциялық ұсыныстарынан жəне кəсіпорындардың тапсырыстарынан бастап бөлімдерге тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығаруға жəне беруге, сонымен қатар тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша бюджетті бақылау жəне жүргізуге дейінгі тізбекті жүзеге асыруға мүмкіндік берді [5].
Platinum SQL ірі фирманың (корпорацияның) басқару қызметінің тораптық көп қолданушылық жүйесі болып табылады. Жүйенің икемді құрылымы кəсіпорынның қанша болмасын бөлімдерінде немесе филиалдарында көп жоспарлы есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар экономикалық талдаудың құралдарының бар болғандығынан, жүйе, салық салудың нақты кестесін көрсетуге жəне салықтық артық төлеулер жəне айыппұлдардан қашу мақсатында төлем құрылымдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Platinum SQL жоспарлау, оперативті басқару, бухгалтерлік есеп, бақылау жəне талдаудың міндеттерін атқарады.
Кəсіпорынды оперативті басқару шегінде келесі міндеттер шешіледі:
- сатып алуларды басқару — материалды-техникалық жабдықтау;
- сатуларды басқару — өнімді сату жəне сатып алу;
- айырбас операцияларын жəне өзара есеп айырысуларды басқару;
- қорларды басқару — материалдық құндылықтардың бар болуы жəне қозғалуы;
- келісім-шарт міндеттемелерін басқару, сатып алушылармен, жабдықтаушылармен есеп айырысу;
- өндірісті басқару;
- жобаларды басқару;
- өнімнің, тауарлардың, қызметтердің өзіндік құнын басқару;
- жұмыскерлерді басқару, кадрлар есебі;
- ішкі жəне сыртқы іс жүргізуді басқару.
Басқару міндеттерін шешуде көптеген есептік міндеттер (бухгалтерлік жəне материалдық есеп, салықтық жоспарлау жəне т.б.) оперативтік басқарудың деректерін екіншілік өңдеу жолымен қосымша шығынсыз шешіледі.
Platinum SQL өткізуді ұйымдастыру жүйесі тапсырысты сату, арту жəне фактурлеу үдерісінде деректерді өңдеу кезіндегі көптеген операцияларды автоматтауға бағытталған. Ол өткізу саласында материалды-ақшалай ағымды шоғырландырма есебімен қамтамасыз етеді жəне маркетингті қолдайтын дамыған құрал болып табылады. Бұл модуль өткізу бойынша барлық қызметті белсенді қолдайды. Біріктірілген функциялар бағаны бекіткенде, тапсырысты тез өңдеуге жəне мерзімінде жеткізуге көмек көрсетеді. Сонымен қатар ол варианттардың конфигурациясын интерактивті, көпсатылы, қорытынды жəне өндіріс туралы есеп беруге тікелей байланыс жасайды [6].
Сонымен, Platinum SQL бағдарламалық қамтамасыз етуі келесі қасиеттерімен сипатталады:
- икемділігімен, кəсіпорынның күнделікті қызметінде, сонымен қатар ұзақ уақытқа жоспарлау стратегиясында болып жатқан өзгерістерге тез жəне бара-бар қамтуға, икемді қызмет етуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді;
- есептің жəне есеп берудің, контроллингтің, өндірісті ұйымдастырудың, материалдық ағымдарды басқарудың, сонымен қатар сапаны қамтамасыз ететін, құрылғыларды жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету, сату, жұмыскерлерді жəне жобаларды басқару салаларында бағдарламалық қосымшаларды біріктіруге мүмкіндік беретін, барлық өндірістік салаларды біріктіру;
- логистика облысындағы операциядан, бухгалтерлік есептен шығындардың калькуляциясына дейін толассыз есеп;
- жүйенің жеке компоненттерін оқшаулау қолдануға мүмкіндік беретін, құрудың модульдік принципі, сонымен қатар өндірістік-экономикалық міндеттермен айтылатын олардың комбинациялары;
- қосалқы модульдердің жəне базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің қызметтерін бөлу арқылы құрылымдандыру;
- глобальды мүмкіндіктері: Platinum SQL — бұл бір кəсіпорынның енсіз шегінен шығуға мүмкіндік беретін, абсолютті жаңа ақпараттық-техникалық шешім.
Бұндай есеп кəсіпорынның макродеңгейде салалық құралдары бойынша логистикалық үдерістердің біріктірілген ақпараттық жүйесін құруға мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Бұл жерде ақпараттық үдерістерді шағын деңгейден макродеңгейге біріктіру туралы сөз болып жатыр. Яғни қандай да бір ақпарат дерек қорға бір рет жазылады жəне дайындалады, сонымен қатар ол əр түрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Ақпараттық үдерістер бір дерек қор арқылы өзара байланысқан жəне өзара қызмет етеді. Сондықтан барлық дерек қордың мазмұны мен құрылымын аймақтың кəсіпорындарының барлық ақпараттық жүйесінің талаптарын ескере жобалау керек.
Макродеңгейде логистикалық ағымның біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жабдықтаушылармен, клиенттермен, жабдықтау орындарымен сыртқы өзара байланысты да ескереді. Макродеңгейде логистикалық үдерістің біріктірілген ақпараттық жүйесін стратегиялық жоспарлау келесі қадамдарды қосады:
- біріктірілген ақпараттық жүйеге қосылатын кəсіпорындар саны;
- кəсіпорындардың өзара байланысы жəне олардың арасындағы қатынасы негізінде логистиканың ақпараттық жүйесінің атқарымдық саласының жобасын құру;
- кəсіпорынның жұмысына маңызды объектілерді анықтау (тапсырыс берушілер, материалдарды, құрал-саймандарды жабдықтаушылар жəне т.б.) жəне оларды ақпараттық жүйеде көрсету;
- кəсіпорынның əр түрлі бөлімдерінде жүйенің атқарымдық саласын қолданудың мүмкіндігін анықтау жəне болатын тиімділікті бағалау;
- инновациялық-өндірістік кластерді құру мақсатында логистиканың даму басымдығын əзірлеу. Макродеңгейде біріктірілген ақпараттық-басқарушылық логистикалық жүйені құру үшін,шикізаттардың жəне басқа да материалдардың келуінен бастап жəне дайын өнімді жөнелтуге дейінгі материалдық ағымдардың қозғалысының барлық үдерісін аймақ деңгейінде қамту керек.
Сонымен, біріктірілген ақпараттық жүйенің логистикалық операцияларының бар болуы шағын деңгейде материалдық ресурстардың тиімді қолдануына кепіл береді, макродеңгейде материалдық ағымдардың деректерін жедел алуға жəне аймақта əлеуметтік-экономикалық үдерістерді нақты үлкен дəрежелі реттеуге мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
- Молдахметов Р.К. Совершенствование управления материальными ресурсами в условиях углубления рыночных пре- образований // Вестн. Евразийского гуманитарного ин-та. — № 1. — Астана, 2005.
- Автоматизированные информационные технологии в экономике / Под общ. ред. И.Т.Трубилина. — М.: Финансы и ста- тистика, 2000. — 416 с.
- Алимбаев А.А. Научно-технический прогресс и информационные системы управления. — Т. 1. — Изб. науч. тр. — Ка- раганда: ТОО «Санат-Полиграфия», 2005. — 368 с.
- Алимбаев А.А., Ахметов С.Н., Жунусов К.М. Формирование и развитие информационных систем управления в про- мышленности Казахстана: Концепция комплексного реинжиниринга. — Караганда: ТОО «Арко», — 261 с.
- «ЭпикРус» начал внедрять Platinum SQL в «Корпорацию «Казахмыс» epic.ru.
- Руководство пользователя программы «Platinum SQL». // Фирма «ЭпикРус». — М.