Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы сыбайлас қатысу институтының новелласы

Жеке бір адамның қылмыстық əрекетімен салыстырғанда, қылмыстық əрекеттерді біріге отырып жасау криминалды жүріс-тұрыстың ең қауіпті нысаны болып табылатыны бəріне мəлім. Жүзеге асырылуы қиын, яғни, аса ауыр немесе ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жататын ауыр қылмыстарды іске асыру үшін сыбайлас қатысушылардың күштерін біріктіруге итермелейді, оларға қылмыстық мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңіл айналып өтуге жəне криминалды əрекеттің ізін мықты жасыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас қатысу институты қылмыстық заңнама институтының жəне нормалар жүйесінің ажырамас, органикалық бөлігі болып табылады, сондықтан оның мақсаттары жəне міндеттері жалпы қылмыстық заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес анықталады. Бірақ оның өзіне сəйкес міндеті бар, ол келесі сипатқа ие: біріншіден, оның заңда бекітілуі тікелей қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған, бірақ белгілі бір дəрежеде оның жүзеге асырылуына себептес болған адамдардың жауаптылығын заңмен негіздеуге мүмкіндік береді; екіншіден, сыбайлас қатысушылардың əрекетін саралаудың ережесін анықтауға мүмкіндік береді; үшіншіден, заңмен бекітілген сыбайлас қатысушылардың нысаналары, сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын жіктеу үшін маңызды құрал болып табылады; төртіншіден, олармен өңдірілген өлшемдер сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын жəне жазасын жеке дараландыруға мүмкіндік береді.

1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бірнеше адамдардың біріге күш салу арқылы жасалатын қылмыстардың қоғамға аса қауіптілігін ескере отырып, жалпы қабылдады жəне кеңес қылмыстық құқық ғылымымен құрастырылған сыбайлас қатысу теориясының доктриалды қағидаларын дамытты. Сыбайлас қатысудың реттемелеу түсінігі, сыбайлас қатысу нысаны, сыбайлас қатысушылардың түрлері, олардың жауаптылығының негізі жəне шекарасы, сыбайлас қатысушының бұзақылығы, сыбайлас қатысу арқылы жасалған қылмыс үшін жазаны тағайындау түрі атты нормалары бекітілді.

Бірақ сыбайлас қатысуды саралау барысында пайда болатын мəселелер, топпен жасалатын қылмыстар санының өсуі жəне бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстардың трансұлттық деңгейге шығуы, сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын бекітетін нормаларды жетілдіру қажеттілігін өзектендірді.

2009 жылдың 24 тамызында № 858 ҚР Президентінің Қаулысымен бекітілген, ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының 2.8 тармағында басымды бағыттар ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында немесе қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қарастырылған.

 Осы себептен 2014 жылғы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде сыбайлас қатысу институты, оның ішінде топпен жүзеге асырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты бекіту бөлігі бірқатар өзгерістерге ұшырады.

Қазақстан Республикасының жаңартылған қылмыстық құқығында «қылмыстық құқық бұзушылықта сыбайлас қатысу» термині бірнеше адамдардың қылмыстық əрекетінің ерекшелігін қамтиды. Сыбайлас қатысу түсінігі, сыбайлас қатысушылардың түрлері туралы нормалары, олардың жауаптылығының негіздері мен шекаралары түсініктері өзгеріссіз қалдырылды.

Қолданыстағы Қазақстанның қылмыстық заңнамасындағы ең негізгі жаңа енгізу — ол «қылмыстық құқық бұзушылардың», қылмыстық əрекеттерді жазалау жүйесінің екі бөлімді енгізілуі —«Қылмыстық теріс қылық» жəне «Қылмыс». ҚР ҚК 10-бабының 1-бөлігіне сəйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік жəне жазаланушылық дəрежесіне қарай қылмыстар жəне қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Қылмыстық заңның келесі новелласы — «сыбайлас қатысу нысанасы» терминінің жоқтығы: 31- баптың аталуы «Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық». Бірақ бұл сыбайлас қатысудың нысаны жоқ екендігін білдірмейді. Қылмыстық құқық бұзушылықты біріге атқару үшін біріккен адамдардың арасындағы өзара əрекет ету сипатымен жəне тəсілдері, бұрыңғыша əр түрлі болып қалады. Заңнама, əрине, бұл деректі жоққа шығара алмайды.

Біздің пікірімізше, қолданыстағы қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқық бұзушылықтағы сыбайлас қатысу нысанасы туралы жəне жеке дара, сыбайлас қатысудың ұйымдасқан нысаналары туралы айту орынды. Қылмыстық құқық бұзушылықта сыбайлас қатысудың нысанасы деп екi немесе одан да көп орындаушымен (ҚК 31-б. 1-б.) жəне алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасаған (ҚК 31-б. 2-б.) қылмыстық құқық бұзушылық таңылады.

Сыбайлас қатысудың басқа барлық нысаналары «қылмыстық топ жасаған қылмыс» түсінігіне біріктірілген. ҚК 31-б. 3-б. сəйкес қылмыстық топқа енетіндер: қылмыстық ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз əскерилендірілген құралым.

Ұйымдасқан қылмыстық əрекеттердің барлық тізбектелген сыбайлас қатысудың нысаналарының нормативті анықтамалары ҚР ҚК 3-б. берілген. Кодексте мазмұндалған негізгі түсініктердің мағынасын ашатын арнайы баптың болуы ҚР ҚК новелласы болып табылады. Қолданылатын терминдерді заңнама деңгейінде түсіндіру қылмыстық заңды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету үшін маңызды. Алдағы өткен қылмыстық заңдарды қолдану көрсеткендей, қылмыстық-құқықтық терминдердің белгісіздігі, түсініксіздігі, көпмағыналылығы соттық-тергеу тəжірибесіне жаңылыс енгізеді, заңдылық қағидасында дөрекі қателіктерге ұрындырады.

Екi немесе одан да көп орындаушы жəне алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған сыбайлас қатысу нысаналарының белгілерін анықтау қиындықтар туғызбайды. Сыбайлас қатысудың үшінші нысанасы — қылмыстық топ жеке дара талдауды қажет етеді [1; 132], себебі қылмыстық əрекеттің ұйымдасқан нысаналары алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстан жоғары дəрежеде ұйымшылдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ҚР ҚК «Қылмыстық топпен жасалған қылмыс» көптеген баптардың жауаптылықты аса күрделі ауырлататын жағдай ретінде бекітілген.

Бір жағынан, осындай заңнамалық тəсіл құқық қолданушыны қылмыстық топтың нақты түрін анықтау қажеттілігінен босататын сияқты. Бірақ ҚР ҚК 31-б. 4 жəне 5-б. Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда қылмыстық топты ұйымдастырғаны жəне оған басшылық еткені үшін, қылмыстық топ жасаған барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады, қылмыстық топтың басқа қатысушылары Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда, оған қатысқаны үшiн қылмыстық жауаптылықта тартылады деген келесі ереже бекітілген. Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларға əр түрлі сипаттағы қылмыстық топтарды ұйымдастырғаны, басшылық еткені жəне қатысуы үшін жауаптылықты бекіту 182, 262–286-б. көрсетілген. Яғни қылмыстық топқа қатысушылардың əрекетін дұрыс саралу үшін заң қолданушы осындай топтардың нақты түрін бекітуі міндетті.

Қылмыстық топтардың түрлерінің заңнамалық анықтамаларын талдау көрсеткендей, олардың бірқатары біртекті, ал басқалары оған қатысты оның түр асты болып келеді. Мысалы, трансұлттық ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз əскерилендірілген құралым  ұйымдасқан топтың түр астылары болып табылады. Олардың барлығында ұйымдасқан топтың белгілері бар, бірақ сонымен қатар қосымша ерекшелендіретін белгілері де бар. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, өз кезегінде, қылмыстық қоғамдастықтың түр асты болып табылады.

ҚР ҚК 3-б. 36-т. сəйкес ұйымдасқан топ — бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы.

ҚР Жоғарғы Соты 2001 жылғы 21 маусымдағы Жоғарты Соттың «Соттардың бандитизм жəне қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы» нормативтік Қаулысының 11-тармағында түсініктеме берген, яғни «ұйымдасқан қылмыстық топ пен банданың тұрақтылығын, атап айтқанда, оның құрамының тұрақтылығы, оның мүшелерiнің өзара тығыз байланыстылығы, олардың келiсе отырып iс-əрекет жасауы, қылмыстық қызметтiң формалары мен тəсiлдерінің тұрақтылығы, оның өмiр сүруiнің ұзақтығын байқатады».

Заңда қарастырылған тікелей ұсыныстың күшіне орай, ұйымдасқан топ бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мақсатында құрылуы мүмкін. И.Ш. Бoрчaшвилидің пікірі бойынша, заңшығарушының ұйымдасқан топтың бір немесе бірнеше қылмыстарды жүзеге асыру үшін ғана ұйымдастырылатыны туралы көзқарасымен келісуге болмайды. Автор негіздеп атап өткендей, осы түрдегі талдауда ұйымдасқан топ жəне алдын ала сөз байласу арқылы адамдардың тобы арасындағы нақты шекарасы жоғалады, ал шекараның жоғалуы қателіктерді тудырады, кейбір жағдайларда құқық қолдану іс-əрекет үрдісінде қызметті теріс пайдалануды тудыруы мүмкін [2; 79]. Жоғарыда аталғандарға сəйкес, ғалым ұйымдасқан қылмыстық топ деп «бірнеше қылмыстарды жүзеге асыру ниетімен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобын» түсіну қажет деп ұсынады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы мен жəне ұйымдасқан топ арасындағы айырмашылықты олардың жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың санына қарай ажырату қажет емес, ол басқа белгілерге қатысты. Ұйымдасқан топтың алды ала сөз байласу арқылы қылмысты жасаған адамдардың тобынан ерекшелендіретін негізгі белгілерге жататындар, ол олардың ұйымдастрылыуы жəне тұрақтылы болып табылады [3; 67]. В.Кoнoвaлoв атап өткендей, «алдын ала сөз байласу алдын ала сөз байласқан адамдар тобына жəне де ұйымдасқан топқа да сəйкес қасиет болып табылады. Ұйымдасқан топтың қажетті бөлігі ретінде берілген белгі белгілі бір шарттарда алдын ала ұйымдастырушылыққа өзгертіледі» [4; 213].

Біз өз кезегімізде, бұл белгі тек қана ұйымдасқан топқа ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтардың барлық түрлеріне сай белгі болып келеді. Ұйымдастырылғанға енетіндер: екі немесе одан да көп адамдардың бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру жоспарын дайындау, алды ала рөлдерді бөліп беру, құралдарды бейімдеу немесе мүмкін болатын кедергілерді жою, іздерді немесе қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамдарды жасыру жəне ұрланғандарды өткізу не жасыру шарттарын алдын ала дайындау.

Қылмыстық топтың келесі түрі — қылмыстық қоғамдастық. ҚР ҚК 3-б. 25-т. сəйкес қылмыстық қоғамдастық — бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды бiрлесiп жасау, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенiнiң бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды өз бетiнше жасауына жағдайлар жасау үшін сөз байласқан екi немесе одан да көп қылмыстық ұйымның бірігуі.

Байқап отырғандай, заңшығарушы қылмыстық қоғамдастықты ұйымдасқан топтың бір түрі (түр асты) ретінде қарастырады. Яғни ұйымдасқан топты сипаттайтын барлық белгілер, толығымен қылмыстық қоғамдастыққа да қатысты болады. Қылмыстық қоғамдастық ұйымдасқа топтардың басқа түрлерінен жоғарғы дейгейде ұйымшылдығымен ерекшеленеді, ол нақты көрсетілген құрылымдық бөлімдердің бар болуымен көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдер бірнеше белгілермен оңашаланады:

  • ұйымдастырылуы (бригада, буын, оңтайлы топтар жəне т.б.);
  • 2) қызмет ету (атқосшы, қалташы, жарушы, киллер жəне т.б.);
  • 3) аумақтық (жергілікті, бөтен, шет елділіктер жəне т.б.);
  • 4) «жеке құрамы» бойынша (көшелік ұры-қара, спортсмендер, құқық қорғаушы органдардың бұрынғы қызметкерлері жəне т.б.).

Ұйымдасқан топтың келесі түріне трансұлттық ұйымдасқан топ жатады. ҚР ҚК 3-б. 35-т. сəйкес ұйымдасқан топтың трансұлттық сипатына келесі жағдайлар көрсетеді:

  1. қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылады;
  2. қылмыстық құқық бұзушылық бір мемлекеттің аумағында жүзеге асырылады, бірақ басқа мемлекеттің аумағында дайындалады немесе оның жүзеге асырылуы басқа мемлекеттің аумағында біріктіріледі;
  3. қылмыстық құқық бұзушылық бір мемлекеттің аумағында жүзеге асырылады, бірақ ұйымдасқан топтың құрамына бірнеше мемлекеттердің азаматтары енеді.

Көрсетілген белгілер трансұлттық қылмыстық ұйымға да сəйкес келеді, ол дегеніміз — екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында іс-əрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматтары қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін қылмыстық ұйым (ҚР ҚК 3-б. 34-т.).

Ұйымдасқан топтың келесі түр астыларына террористік топ жəне экстремистік топ енеді — олар жасалатын қылмыстың сипатына қарай бөлінген. Террористік топ — бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-б. 31-т.). ҚР ҚК 3-б. 30-т. террористік қылмыстардың барлық түрлерінің тізімі берілген.

Экстремистік топ — бір немесе бірнеше экстремистік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-б. 40-т.). Экстремистік қылмыстардың тізімі заңмен бекітілген (ҚР ҚК 3-б. 39-т.) жəне, бір жағынан, террористік қылмыстар тізіміне ұқсас келеді. Терроризм экстремизмнің соңғы көрінісі болып табылатындығымен түсіндіріледі. Осы жағдайға байланысты бір уақытта террористік жəне экстремистік қылмыстарды жүзеге асыруды мақсаты деп таныған ұйымдасқан топты қай қылмыстық топқа жатқызамыз деген сұрақ туындайды.

Банда басқа ұйымдасқан топтардан екі белгісімен ерекшеленеді:

1) қаруланғандығымен;

2)азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтіні (ҚР ҚК 3-б. 7-т.).

Сонымен қатар жаңа қылмыстық заң банданың қарулануы белгісін кең талдауға негіздеме береді, себебі банданың мүшелері қару ретінде пайдаланатын заттармен де қарулануы мүмкін. Қару ретінде қолданатын заттар деп нені түсінуге болатын сұраққа жауап алу үшін 2003 жылғы 11 маусымдағы

«Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тəжірибесі туралы» Жоғарғы Соттың нормативті қаулысына жүгінеміз. Қарақшылық шабуыл құрамына қатысты ҚР Жоғарғы Сотының түсініктемесі бойынша «қару ретінде пайдаланылатын заттар деп жəбірленушінің денсаулығына немесе өміріне қауіпті зиян келтіруі мүмкін (тұрмыста қолдануға арналған пышақтар, ұстара, балта, бұрағыш, арнайы бейімделген құралдар: шоқпар жəне т.с.с.) құралдар танылады».

Біздің көзқарасымызша, банданың қарулануын кең көлемде түсіндіру бандитизмді, қаруды жəне басқа да қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану арқылы ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылықтан шектетуге мүмкіндік бермейді.

Қылмыстық топтың ерекше түріне — заңсыз əскерилендірілген құралым жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген, əскерилендірілген типтегі ұйымдық құрылымы бар, жеке-дара басшылыққа ие, соғысқа қабілетті, қатаң тəртіпке бағынған құралым (ҚР ҚК 3-б. 18-т.).

Қылмыстық заңда «құралым» түсінігі берілген, бірақ оның түрінің үлгілі тізімі көрсетілген — бірлестік, жасақ, дружина немесе өзге де топ. Арнайы əдебиеттерде құралым деп əскери бөлім немесе негізгі көрсеткіштері соған ұқсас əскери ұйымдар түсіндіріледі (мүшелерінің саны, қарулануы, əскери операцияларды жүргізуге дайындығы жəне тəртібі) [5; 44].

Топтың құралым ретінде танылуы үшін, мүшелерінің қажетті минималды саны заңмен анықталған — ең аз дегенде үш адам. Мұндай құралымның ұйымдастырылуы қатаң басқару жəне бағынушылықпен, міндеттерді бөліп берудің нақты нұсқамасымен белгілі бір тəртіппен, формалданған қарым-қатынастармен, іштегі жүріс-тұрыс нормаларымен жəне оларды бұзғаны үшін санкцияларымен жəне жалпы айрықша белгілерімен (формасы, таңу белгілері жəне т.б.) ерекшелінеді. Құралымдар əр түрлі аталуы мүмкін, оның ішінде ресми қаруланған құралымдар болуы мүмкін.

Заңсыз құралымның міндетті белгісіне оның қарулануы жатады. Бұл жағдайда қарулану дегеніміз — құралымда штаттық кестеге жəне бекітілген нормативтермен сəйкес қарудың болуы. Саралау үшін қарудың түрлері жəне саны маңызды емес жəне құралымның алдында қойған міндеттеріне байланысты [6; 145].

Бандаға қарағанда берілген жағдайда қаруланы белгісі тар көлемде түсіндіріледі. Қару — конструкциялық жағынан алғанда тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға арналған құрылғылар мен заттар. Ол зауыттық немесе қолдан жасалғанына қарамастан, атыс қаруы (винтовкалар, автоматтар, аңшылық қарулар, карабиндер, пистолеттер жəне т.б.), суық (кинжалдар, кастеттер, найзалар, нунчактар, қол шоқпарлар жəне т.б.), лақтырылатын (арбалеттер, лақтырылатын пышақтар жəне т.б.), газды болуы мүмкін (револьверлер, пистолеттер). Қаруланған құралымдар деп оқ-дəрі қаруларымен жабдықталғанда танылады (миналар, снарядтар, гранаталар,атыс қаруларына келетін патрондардың барлық түрлері жəне т.б.), жарылғыш заттармен (аммониттар, пластиттар, эластиттар, тротилдер, түтінмен жəне түтінсіз дəрі, қатты зымыран отыны жəне т.б.) немесе жарылғыш құрылғылар.

Өзінің пайда болуында ешқандай нормативтік базасы жоқ, сонымен қатар заң асты нормативті құқықтық актілер негізінде пайда болған құралымдарды заңсыз деп танимыз.

Заңсыз əскерилендірілген құралымның басқа қылмыстық топтардан ең бір маңызды айырмашылығы ол əрдайым қылмыстық мақсатты қудаламайды. Қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету мақсатын қудалау үшін құрылған заңсыз əскерилендірілген құралымдардың пайда болу оқиғалары бізге таңымал. Бірақ оған қарамастан, олар заңды бола алмайды.

Сыбайлас қатысудың ең бір қауіпті нысанасына қылмыстық қоғамдастық жатады — бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды бiрлесiп жасау, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенiнiң бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды өз бетiнше жасауына жағдайлар жасау үшін сөз байласқан екi немесе одан да көп қылмыстық ұйымның бірігуі (ҚР ҚК 3-б. 23-т.).

Берілген анықтама ТМД елдерінің Модельдік Қылмыстық кодексінің 38-б. 4-т. берілген түсініктемеден ерекшеленеді, оған сəйкес қылмыстық қоғамдастық «заңсыз табыстарды алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың біріккен ұйымы» деп мазмұндалған.

Салыстыру үшін 1997 жылғы ҚР ҚК алғашқы басылымында қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) деп «ұйымдастырылған қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) оның ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылған немесе сол мақсаттар үшін ұйымдасқан топтардың ұйымы не біріктірілуі», ал соңғы басылымда «бір немесе бірнеше қылмыстарды жүзеге асыру мақсатында құрылған ұйымдасқан топтартың бірігуі». Қылмыстық қоғамдастықты анықтау ережесінде көрсетілген айырмашылықтардың бар болуы қазіргі таңдағы Қазақстанның қылмыстық- құқықтық доктринасында бұл əлеуметтік қауіпті құбылыстың нақты критерийлері мен көрсеткіштерінің жоқ болуын дəлелдейді.

Қылмыстық қоғамдастық тұрақты құрылымды ұйым ретінде кез келген ұйымдасқан топтарда пайда болмайды, ал тек қана қылмыстық ұйымдарда ғана. Яғни қылмыстық қоғамдастықтың құрамына тек қана қылмыстық ұйымдар-мүшелері жекеленген топтарға бөлінген ұйымдасқан топтар (құрылымдық бөлімшелерге).

Қылмыстық ұйымдарды біріктіру тек қана оған енетін адамдардың қызметтері мен рөлдерін нақты бөлу ғана маңызды емес, сонымен қатар, ең маңыздысы, осындай қоғамдастықтағы ішкі құрылымдардың арасындағы өзара байланыс белігі бір күрделі байланыс жүйесінің болуы.

Бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру мақсатында құрылғандығы туралы қылмыстық қауымдастықтың сипаттамасы, оның арнайы ерекшелігін көрсетпейді. Қауымдастықтың құрамына енетін барлық қылмыстық ұйымдар бұл құқық бұзушылықты жүзеге асыру үшін қатыса алады деген жағдайдың заңда көрсетілуі басты маңызға ие.

Бір немесе бірнеше қылмыстық ұйымдармен қылмыстық құқық бұзушылықты өз бетінше жүзеге асыру үшін шарттарды жасау, кейбір жағдайларда бірнеше қылмыстық ұйымдардың бірігуінің мақсаты болуы мүмкін.

Қылмыстық топтың соңғы түрі — трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (ҚР ҚК 3-б. 33-т.). Ол өздігінше «екі немесе одан да көп трансұлттық қылмыстық ұйым бірлестігін» құрайды. Яғни қылмыстық қауымдастықтың трансұлттық сипаты қылмыстық ұйымға енетін трансұлттық сипатпен анықталады. Атап өту қажет, қылмыстық топтардың қылмыстық-құқықтық белгісін криминологиялық жəне психологиялық белгісімен араластыруға жəне шатастыруға болмайды. Бір жағынан, криминологиялық жəне əлеуметтік-психологиялық белгілерді жоққа шығаруға болмайды, себебі олар жиі қылмыстық топтың қылмыстық-құқықтық белігісінің бар екендігінің дəлелі болып табылады. Ал кейбір жағдайларда бұл белгілерсіз ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтардың қылмыстық-құқықтық белгілерін ашу мүмкін емес.

Танымал болғандай, топтар ұйымдасу деңгейі, құрылымы жəне қылмыстық бағыттылығы жағынан біркелкі емес [7]. Ол экономикалық, əлеуметтік, географиялық жəне этникалық факторлармен байланысты. Сондықтан ұйымдасқан қылмыстылықтың деңгейін ескеру қажет, ол оның белгілі бір аумақта қалыбын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Криминологиялық критерийді қолдана отырып, Қазақстанның жаңа қылмыстық заңнамасында ұйымдасу деңгейіне байланысты қылмыстық топтардың келесі түрлері бөлінген, олар ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-б. 36-т.), қылмыстық ұйым (ҚР ҚК 3-б. 25-т.) жəне қылмыстық қоғамдастық (ҚР ҚК 3-б. 23-т.). Ең жоғарғы деңгейде желілік құрылымды криминалды ұйымдармен ұсынылған.

Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарды əрекетінің аумақтық қарқындылығына сəйкес аумақтық, аумақаралық, барлық елдер аумағында əрекет етуші жəне транұлттық (халықаралық) деп бөлуге болады [8; 61]. Яғни, қылмыстық топтардың түр астылары, трансұлттық ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-б. 35-т.), трансұлттық қылмыстық ұйым (ҚР ҚК 3-б. 34-т.) жəне трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (ҚР ҚК 3-б. 33-т.) əрекетінің аумақтық қарқындылығына қарай халықаралыққа, ал қалған басқаларын — мемлекет ішілікке жатқызуға болады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды əрекетінің бағытына қарай саралауға болады — қандай түрдегі қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыруға байланысты біріктірілуі. Қазақстанның қолданыстағы қылмыстық заңына сəйкес берілген саралау критериі бойынша ұйымдасқан топтардың келесі түр астылары бөлінген, олар террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз əскерилендірілген құралым.

Көрініп отырғандай, 2014 жылғы ҚР ҚК сыбайлас қатысу институтын жетілдіру қылмыстық қол сұғушылықтан қоғамның жəне мемлекеттің мүддесін қорғау туралы маңызды əлеуметтік міндетті шешуге мүмкіндік беруге арналған. Сонымен қатар қолданыстағы қылмыстық заңнамада қарапайым жəне күрделі сыбайлас қатысу түсінігін бекітетін норма қарастырылмаған, ол, яғни, біршама негізделген болып табылады, себебі ол типтес бөлу тек қана доктриналды мағынаға ғана ие емес, сонымен қатар сыбайлас қатысу арқылы жасалған əрекеттерді саралау үшін тікелей əсер етеді. Сондықтан, біздің пікірімізше, сыбайлас қатысу нысанасын қылмыстық құқық бұзушылықта жəне сыбайлас қатысудың ұйымдасқан нысанасы түрінде заң түрінде бөлу ойға қонымды.

Қылмыстық құқық бұзушылықта сыбайлас қатысу нысанасы ретінде адамдардың тобы (бірлесіп орындаушы) жəне алдын ала сөз байласқан адамдар (рөлдерді бөлу кезінде сыбайлас қатысу) тобы танылады. Қылмыстық топтардың барлық түрлері жəне түр астылары сыбайлас қатысудың ұйымдасқан нысанасына жатқызылуы тиіс.

Топтық қылмыстарды құқық қолданушы органдардың дұрыс саралауы үшін 2001 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Соттардың бандитизм жəне қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мəселелері туралы» нормативті Қаулысы көмек болу қажет. Сонымен қатар берілген қаулы жаңадан қабылданған қылмыстық заңның ерекшелігін ескермейді жəне тəжірибенің қажеттіліктеріне жауап бермейді.

Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу саласында қазіргі таңда қалыптасқан жағдай берілген мəселенің теоретикалық түрде толығымен жеткіліксіз пысықталмауының салдары болып табылады. Сыбайлас қатысу туралы қылмыстық-құқықтық нормалардың тұрақсыздығы заңшығарушы тарапынан, сонымен қатар ғылыми қауым тарапынан ұйымдасқан сыбайлас нысанасына қарсы əрекет етудің стратегиясы жəне тактикасы туралы нақты түсініктің жоқ екендігін көрсетеді. Құқықтық, криминологиялық, криминалистикалық жəне жедел-іздестіру концепциясында жəне сəйкес келетін анықтау, ашу, тергеу, алдын алу жəне ескерту туралы ғылыми негізделген жəне тəжірибелік тексерістен өткен ұсыныстарда анық вакуум байқалатыны көрініп тұр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Апенов С.М. Научная обоснованность уголовно-правовой нормы как условия их эффективности (или теоретические вопросы классификации форм соучастия) // Вестн. КазНУ. Сер. Международные отношения и международное право. — 2015. — № 1. — С. 131–138.
  2. Угoлoвнoе прaвo Республики Кaзaхстaн: учеб.-метoд. пoсoбие. — Кaрaгaндa: КaрЮИ МВД РК, — 278 с.
  3. Өзбеков Д.Ө. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық сыбайластық ұғымының кейбір мəселелері // Қарағанды ун-нiң хабаршысы. Құқық сер. — 2013. — № 3. — 60–69-б.
  4. Прoблемы oтветственнoсти сoучaстникoв преступления // Угoлoвнoе прaвo. Oсoбеннaя чaсть. — М.: Триaдa, 2006. — 562 с.
  5. Мaльцев В. Oтветственнoсть зa oргaнизaцию незaкoннoгo вooруженнoгo фoрмирoвaния или учaстие в нем //Рoссийскaя юстиция. — 1999. — № 2. — С. 41–52.
  6. Курс угoлoвнoгo прaвa: в 5 т. — Т. 4. Oсoбеннaя чaсть / Пoд ред. Г.Н. Бoрзенкoвa, В.С. Кoмисaрoвa. — М.: Зерцaлo, 2002. — 436 с.
  7. Aбисaтoв М.Х. Сoвременнoе сoстoяние oргaнизoвaннoй преступнoсти в Кaзaхстaне: Предвaрительные итoги криминoлoгическoгo исследoвaния. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.law.edu.ru/doc/document.asp?docID=1234958#_ftn– 16.02.2016 г.
  8. Максимов С.В., Васин Ю.Г., Утаров К.А. Организованная преступность и проблема моделирования борьбы с ней //Государство и право. — 2015. — № 10. — С. 54–65.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.