Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа институт: тергеу судьясы жəне оның өкілеттіктері

Ұлы ғұлама Əбу-Насыр əл-Фараби бабамыздың «Дұрыс əрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» деген даналық сөзі Елбасының тағылымды таңдауға толы əрбір ісінен айқын көрініс тапқанын өмірдің өзі дəлелдеп беруде. Елімізді ұлы жетістіктерге жетелеп келе жатқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы қай тұрғыдан айтсақ та, жарасады. Президент мемлекет басына ел мен ұлт мүддесін көздің қарашығындай сақтап қалуда, халық шаруашылығын қақыратып алмауда өте қиын мəселелер қат-қабат шиеленіскен аса жауапты кезде келді.

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Судьялардың кезекті VI съезіне 2013 жылы 20 қарашада қатысып, өзінің көкейге түйген ойларын жəне сот төрелігін одан əрі жетілдіру туралы келелі ұсыныстарын білдірді. «Біз «Қазақстан – 2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мəселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отырғаным сондықтан», — деп айтқан сөзі соттарға тың күш берді. Сонымен қатар: «Судьялардың V съезінен бері өткен төрт жылда Қазақстанның сот жүйесі «соттардың тəуелсіздігі» өлшемі жөнінен Бəсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісіндегі өз көрсеткішін бірден 23 орынға күрт жақсартты», — деп атап өткен еді. Заңдардың сақталуы, азаматтық сот төрелігі, қылмыстық сот төрелігі жəне басқа да көрсеткіштер бойынша да Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерден алда келеді. Мəселен, мұны World Justice Project Халықаралық үкіметтік емес ұйымы ұсынған 2014 жылғы Заңның үстемдік құру индексінен көруге болады. Бұл рейтингіде Қазақстан 71-ші орынды иеленген [1].

Еліміздегі Судьялар қауымдастығы, Елбасының əр жылдардағы съезд қорытындысында берген тапсырмаларына сəйкес, жалпы сот жүйесін дамытуға белсене атсалысып келеді.

Сот жүйесінің қызмет ету сапасы, ең алдымен, білікті де тəжірибелі судьялар корпусын кадрлық қамтамасыз етуге тікелей байланысты болып отыр. Жалпы, құқық мамандары арасында «Судья — заңгерлердің ең таңдаулысы» деген ұғым бар. Бұл ұғым олардың шынайы, адал еңбектеріне, кəсіби біліктілігіне, шеберлік деңгейлеріне берілген баға деп санаймыз. Аудандық соттардың судьялары еліміздегі сот істерінің тоқсан сегіз пайызын атқарады. Яғни, бұл — бейнеті көп қиын істерді қарауда, сондай-ақ салмағы басым жүктемелерге мойымай қызмет көрсетудің ең төзімді үлгісі.

Біз Қазақстан қоғамына етене жақын сот төрелігін қалыптастыру тұжырымдамасына сүйенеміз. Даулардың бейбіт жолмен реттелуіне көмектесуге бағытталған жұмыстары — судьялар қызметінің бір саласы деу керек. Əлем елдерінде дауларды баламалы түрде шешу рəсімдерінің белсенді қолданылғаны бізге де үлгі, əрі оның тиімді тұстарын алғанымыз жөн.

Біздің халқымыз — қашанда əділ билікті, шынайы заңды ардақ тұтқан, ақиқатын айтып, ақ жүруді қалаған өте турашыл ұлт. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еліміздің əр азаматы өз көкейінде сақтап жүруі үшін айтқан: «Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға тапталған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды, кім қолдайды» деп ойлауы керек» деген сөзінің мəні өте терең, өте тағылымды [1].

Президенттің «Қазақстан жолы» атты кітабында: «…соттық-құқықтық жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету экономикалық проблемаларды шешуден бірден-бір кем соқпайтын міндет еді», — деп атап көрсетілген. Елімізде əлеуметтік жағдайдың жақсарып, экономиканың тұрақтануы, ең алдымен, Елбасының құқық қорғау, соның ішінде сот саласындағы реформаларды жүргізудегі сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқаны баршамызға аян. Құқықтық саланы реформалау жұ- мыстары елеулі қиындықтар туғызғаны белгілі. Өйткені кеңестік жүйенің бірнеше жылдар бойы ой- санаға сіңіріп кеткен психологиялық ахуалын бұзу оңайға түспеді. Дегенмен, Елбасының жаңашыл ой-мақсаттары құқық қорғау органдары мен заңгерлердің көңіліне бірте-бірте сенім ұялатты. Бір сөзбен айтқанда, тəуелсіз сот жүйесін құру, құқық саласының тиімділігін арттыру, оларды заң- дық тұрғыдан бекітіп алу, ел ішіндегі сотқа деген жаңаша көзқарасты қалыптастыру, сол арқылы соттардың беделін көтеру — қыруар күш-жігерді, еселі еңбекті қажет еткен өрелі істер еді.

Нұрсұлтан Əбішұлының «Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді» деген сөзінде терең мəн-мағына бар. Елімізді экономикалық тұрғыда дамытуда, сот саласын реформалауға ерекше мəн беруінің арқасында көптеген жетістікке қол жеткіздік. Атап айтқанда, қазіргі экономикалық, банктік, əлеуметтік, тағы басқа салалардағы қол жеткен табысымыз, уақтылы өткізілген құқықтық реформа болмаса, осындай деңгейге көтерілуі мүмкін емес еді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қылмыстық процесін жүргiзу тəртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексi қазір қолданыста. Қылмыстық кодекс адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтитын, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгiлейтін конституциялық құжат. Яғни адамның дүниеге келгенінен бастап, өмір бойы бірге жасайтын құндылық. Сондықтан бұл құжаттың халық арасында талқылануының, құқықтық түсіндірілуінің маңызы зор. Кодекстің тағы бір жаңалығы — Тергеу судьясы институтының енгізілуінде.

Сотқа дейінгі қылмыстық процесінде тергеу судьясы институтының қылмыстық істер қарау өндірісі бойынша құқық субъектілі ұғымы объективті тұрғыда қалыптасты. Ол өз кезегінде бірінші инстанцияның судьясы бола отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі» туралы Конституциялық заңның жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің нормаларының аясында қорғауда болады [2].

Тергеу судьясы — сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық- тардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез жəне толық ашу, тергеп тексеру, оларды жасаған адамдарды əшкерелеу жəне қылмыстық жауаптылыққа тарту, əдiл сот талқылауы жəне қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды жəне мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады.

Тергеу судьясының өкілеттіктері:

  1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы Қылмыстық-процессуалдық кодексінде көзделген жағдайларда мынадай:
  • күзетпен ұстауды санкциялау;
  • үйқамақты санкциялау;
  • лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;
  • жақындауға тыйым салуды санкциялау;
  • экстрадициялық қамақты санкциялау;
  • күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;
  • кепілді қолдану;
  • мүлікке тыйым салуды санкциялау;
  • күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру;
  • бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;
  • мəйітті эксгумациялау;
  • күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мəселелерін қарайды.
    1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы:
  • анықтаушының, анықтау    органының,   тергеушінің   жəне    прокурордың   əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
  • тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мəні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дəлелдемелерді өткізу туралы мəселені қарайды;
  • сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жəбірленуші мен куəның айғақтарын сақтауға қояды;
  • адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;
  • прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мəселені қарайды;
  • сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез кел- ген мəліметтерді, құжаттарды, нəрселерді талап етіп алдыру жəне қылмыстық іске қосып тігу туралы мəселені қарайды;
  • қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мəселені қарайды;
  • қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық ту- дыратын, бұрын өздері жауап алған куəні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мəжбүрлеп əкелу туралы мəселені қарайды;
  • осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
    1. Тергеу судьясының Қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тəртіппен шағым жаса- луы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары:

  1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына жəне тиісті бап- тарында көзделген ерекшеліктерге сəйкес жүзеге асырады.
  2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мəселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.

Егер заңды жəне негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мəн-жайларды зерттеу қажет бол- са, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың жəне прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді.

Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) жəне 8) тармақтарында, екінші бөлігінің 1), 2) жəне 6) тармақтарында көрсетілген мəселелерді қарау кезінде сот отырысын өткізуге міндетті. Сот отырысын өткізу міндетті болған жағдайда, қорғаушы тарап пен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күні бұрын хабарланады.

Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізілуі мүмкін.

Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

  1. Тергеу судьясы:
  • сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мəселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;
  • тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға жəне оларды зерттеуге;
  • процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға жəне олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.
  1. Тергеу судьясы осы Кодекске сəйкес істі мəні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысана- сы болуы мүмкін мəселелерді алдын ала шешуге, тергеп-тексеру бағыты жəне тергеу əрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың жəне қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мəні бойынша қарайтын соттың орнына əрекет жасауға жəне шешім қабылдауға тиіс емес.
  1. Күдікті өзіне азаптау жəне басқа да заңсыз əрекеттер қолданылғаны туралы арызданған неме- се онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.
  2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мəселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады [3].

Жоғарғы Сот судьясы Төлебай Қожан: «Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тəртiбi адамды жəне азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал, кiнəсiз адам заңсыз айып тағылған немесе сотталған жағдайда, оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тəртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуі тиiс», — дейді.

Жаңа институттың маңызы неде?

Тергеу судьясы — бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын кодексте көзделген тəртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын (судьяларын) сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін. Тергеу судьясы лауазымына судьялардың ішінен тəжірибесі мол, кəсіби деңгейі жоғары тұлғалар тағайындалуда. Азаматтар үмітінің ақталуы тек судьялардың қызметіне байланысты. Бүгінде соттардың əлеуметтік жəне құқықтық жағдайы толығымен жақсартылды. Сондықтан қоғам соттан сапалы жұмысты, кəсібіне адалдықты, пара алмаушылықты жəне турашылдықты талап етеді. Судья антына берік болуға, заңды бұлжытпай орындауға, судья мəртебесін сақтауға, адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, заңға сəйкес шешім қабылдауға міндетті. Бұл ретте тергеу судьясы лауазымына өмірлік жəне кəсіби тəжірибесі мол, пайым-парасаты жоғары, дүниетанымы кең, ары таза адамдардың іріктелуі маңызды. Тергеу судьясы сот билігінің тəуелсіздігі мен беделін нығайтуға, оны құрметтеуге, өз кəсібінің қадірін арттыруға ұдайы əрекет жасап отыруға тиіс лауазымды тұлға жəне жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің тиімді жұмыс жасап, сот төрелегінің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады деген ойдамыз. Тергеу судьясының өкілеттіктері 55-бапта көзделген. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы күзетпен ұстауды, үйқамақты, лауазымынан уақытша шеттетуді, жақын дауға тыйым салуды, экстрадициялық қамақты, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзартуды, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялауды жүзеге асырады. Сондай-ақ күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мəйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мəселелерін қарайды. Қамауда ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптамаларды жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру туралы, қабірдегі мəйітті қазып алу, мүлікке тыйым салу, халықаралық іздеу туралы, кəмелетке толмаған тұлғаны арнайы мекемеге орналастыру, уақытша қызметтен шеттету жəне жақындауға тыйым салу туралы қолдаухаттарды қарайды. Сотқа дейін іс жүргізу кезеңінде, соның ішінде қинау туралы тараптардың шағымдарын жəне өтініштерін қарау жатқызылды. Адвокат тергеу судьясына айғақтарды сақтауға беру туралы, тиісті заң көмегін көрсету жəне лауазымды тұлғалар сұрауды орындаудан бас тартқан жағдайда қорғалушының мүдделерін қорғау үшін қажетті мəліметтерді, құжаттарды, заттарды талап ету хаттамасымен өтініш білдіре алады. Қорғау тарапының қылмыстық істен кез келген мəліметті алуға, соның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып, көшірмесін түсіріп алу құқығы (мемлекеттік құпиялары бар мəліметтерді қоспағанда), қорғалушының қатысуымен іс жүргізу əрекеттерінің өту уақыты мен орны туралы күні бұрын хабар алу, қорғалушы адамға бұлтартпау шарасын қолдану жəне тергеуге байланысты басқа да мəселелер бойынша барлық жиналған материалдармен танысуға, құжаттардан өзіне қажетті мəліметтерден үзінді алу немесе көшірмесін түсіру құқығы көзделген. Тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жəбірленуші мен куəнің айғақтарын сақтауға қояды. Прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мəселені қарайды. Сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қоспағанда), қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мəліметтерді, құжаттарды, нəрселерді талап етіп алдыру жəне қылмыстық іске қосып тігуге тергеу судьясы құқылы. Қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса, не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мəселені бекітеді. Қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куəні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мəжбүрлеп əкелу туралы мəселені шешеді. Кодекстің 56-бабы тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттарын белгілейді. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мəселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Егер заңды жəне негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мəнжайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың жəне прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізуге құқылы. Сот отырысын өткiзу мiндеттi болған жағдайда, қорғаушы тарап пен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күнi бұрын хабарланады. Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі. Мұндай жағдайда тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мəселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге, тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға жəне оларды зерттеуге, процеске қатысушыларды сот отырысына шақыртуға жəне олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы. Бірақ тергеу судьясы кодекске сəйкес, істі мəні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мəселелерді алдын ала шешуге, тергеп тексеру бағыты жəне тергеу əрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың жəне қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мəні бойынша қарайтын соттың орнына əрекет жасауға жəне шешім қабылдауға тиіс емес. Күдікті өзіне азаптау жəне басқа да заңсыз əрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті. Кодекс адвокаттардың құқықтық мəртебесін арттырады. Қылмыстық-процессуалдық кодексте тергеу судьясының өкілеттілігіне адвокаттардың талап ету құқығын қанағаттандыру нормасы берілуі адвокаттардың қызметін айқындап отыр.

Қазақстан Адвокаттар одағының президенті Əнуар Түгелдің айтуынша, бұрын адвокаттардың сұратқан қажетті құжаттарын көптеген мемлекеттік жəне мемлекеттік емес құзырлы органдар он күннің ішінде бермек түгілі, жауапсыз қалдыратын. Енді тергеу судьясы адвокаттардың сұратқан құжаттарына құзырлы органдардың үш күннің ішінде жауап беруін қарастырып отыр. Адвокаттар ала алмаған құжаттар, керекті мəліметтер сот арқылы сұратылатын болады. Адвокат тергеу судьясы алдында куəнің жəне жəбірленушінің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат беруге, тергеу судьясы алдында айғақ беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын куəні қылмыстық процесті жүргізетін органға мəжбүрлеп əкелу туралы өтінішхат беруге құқылы. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мəселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда жəне сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Іске қатысатын адамдар өмірінің интимдік жақтары туралы мəліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында кəмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша, жəбірленушінің, куəнің немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі, мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уəжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауы өткізіледі. 95-бапта көзделгендей, судья, тергеу судьясы, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы, сол сияқты олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады. Осы санамаланған адамдарға мемлекет сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізуге байланысты олардың өмiрiне қолсұғушылыққа немесе өзге де күш қолдануға қарсы қауiпсiздік шараларын қолдануды заңда көзделген тəртiппен қамтамасыз етедi. Қаулыға шағым жасау шарттары Тергеу судьясының Қаулысына Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 107-бабында көзделген тəртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жəбірленуші, оның заңды өкілі тергеу судьясының күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімдеріне шағым жасауға құқылы. Сондай-ақ экстрадициялық қамаққа, кепілге санкция беруден бастарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бастарту туралы, санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бастарту туралы, мүлікке тыйым салу, эксгумациялау туралы, халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысына шағым жасауға құқық берілген. Сот-медициналық жəне (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру не одан бастарту туралы, прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі қаулысына шағым жасауға, ал, прокурор наразылық білдіруге құқылы. Тергеу судьясының шығарған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тəулік ішінде облыстық жəне оған теңестірілген сотқа шағым жасалуы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Дəлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін. Шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, наразылықпен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл туралы арыз иесіне жəне əрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға жəне прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, наразылықты қарау нəтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады. Облыстық немесе оған теңестірілген сот заңда көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, наразылық сотқа келіп түскен кезден бастап үш тəуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығын жəне негізділігін тексеруді жүзеге асырады. Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, наразылықты қарау нəтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді. Жабық сот отырысына прокурор жəне күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа, сондай-ақ, күдікті, оның заңды өкілі, жəбірленуші, шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа тұлғалар да қатыса алады. Шағымның, наразылықтың қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы соттың шағымды, наразылықты қарауына кедергі болмайды. Сот тараптардың дəлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап, аудандық немесе оған теңестірілген сот тергеу судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру, тергеу судьясының қаулысын өзгерту немесе тергеу судьясы қаулысының күшін жою жəне жаңа қаулы шығару туралы уəжді қаулылардың бірін шығарады. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға жəне адамды күзетпен ұстау орны əкімшілігінің өкіліне жіберіледі жəне дереу орындалуға жатады. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау жəне оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі де Қылмыстық- процессуалдық кодекстің 92-бабында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты шығарылған қаулысына сəйкес, кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді жəне оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады. Сот тергеуiнiң аяқталуы 381-бапта нақтыланған. Төрағалық етушi дəлелдемелердi зерттеу аяқталғаннан кейiн, тараптарға — олардың сот жарыссөзiнде, ал соттың үкiм шығару кезiнде тек сот тергеуiнде қаралған дəлелдемелерге ғана сiлтеме жасауға құқылы екендiгiн түсiндiредi. Тараптардан олар сот тергеуiн толықтыруды қалайтынын, қаламайтынын жəне немен толықтырғысы келетiнiн сұрайды. Сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхаттар мəлiмделген жағдайда, сот бұл өтiнiшхаттарды талқылайды жəне оларды шешедi. Өтiнiшхаттарды шешкеннен жəне қажеттi сот əрекеттерiн орындағаннан кейін, сондай-ақ сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхат қозғалмаған немесе сот оларды уəждi түрде қабылдамаған жағдайларда, төрағалық етушi сот тергеуiн аяқталды деп жариялайды [4].

Көп судьялардың ішінен тергеу барысында, яғни, қылмыстық іс қозғалғаннан бастап сотқа түскенге дейінгі аралықта, сот бақылауын жүргізіп отыратын судья. Оған бүгінгі судьялардың ішінен тəжірибесі мол, кəсіби деңгейі жоғары, тергеу амалдарын жетік меңгерген мамандар тобы таңдалады. Яғни, «тергеу судьясы» тергеушінің, прокурордың жəне басқа да сотқа дейінгі жүргізілген тергеудегі азаматтардың əрекеттеріне арыз-шағым бере алады.

Сотқа барғанда кейбіреулер өздерінің берген жауаптарынан бас тартып, кейбіруі тергеу барысында зорлық-зомбылық көрсетілгенін көлденең тартады. Жалпы, тергеу процесі дұрыс жүрмеді деген əр түрлі себептердің кесірінен істің қаралуы баяулай түседі. Осыларды мейілінше азайтып, сотқа барғанда істің таза болуын қамтамасыз ету мақсатында осы мəртебелі судья енгізіліп отыр. Тараптардың мүддесін шешіп беруге жұмыс істейтін бұл судья қылмыстық іс сотқа өткеннен кейін бақылауын жоймайды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мəми Қ.Ə. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы «Елбасы бастамалары — сот реформасының қайнар көзі» // Егемен Қазақстан. — 2014. — 18 маус.
  2. Когамов М.Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части(извлечения). — Алматы: Жеті жарғы, 2015. — 352 с.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексі: Тəжірибелік құралы. — Алматы: Норма-К, 2014.— 368 б.
  4. Ахметжанова Т. Тергеу судьясының құзыры кең // Заң. — № 13. — 2015. — 28 қаңт.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.