Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңшығару билігінің бастаулары

Заңшығару билігінің қайнар көздері — формалды жəне мəндік тұрғыдан қарастыруды қажет ететін мəселе. Формалды түрде заңшығару билігінің қайнар көзі ретінде ерік иесі танылады. Заң əдебиетінде заңшығару билігінің қайнар көзі ретінде тікелей халықты немесе монархты қарастырады. Халық түптамыр ретінде қарастырылатын мемлекеттерде демократиялық дəстүрлер дамыса, монарх ие ретінде көрсетілетін мемлекеттерде монархиялық дəстүр орын алады. Кейде аталған қайнар көздердің ұштаса əрекеттесуі де байқалады [1].

Халық қандай да болмасын биліктің қайнар көзі ретінде танылады, соның ішінде биліктің бір тармағы ретіндегі заңшығару билігінің де қайнар көзі болуда.

Заңшығару билігінің қайнар көздерін мазмұндық сипаттаудың бірі оны тану мəселесіне келіп тіреледі. Басқаша айтқанда, не себепті заңшығару билігі болуы керек жəне неліктен оның талаптарын өзгелер — жеке тұлғалар мен ұйымдар орындауы қажет деген сұраққа жауап іздейміз.

Билік қайнар көзі ретінде жағдай танылады, ол биліктің қайдан нəр алатындығын көрсетеді. Ал билік институты материалданған, формалды ресми құрылым. Кейде қайнар көз мəселесі мен нысанды аралас қарастыру байқалады. Олар, əрине, өзара байланысты, бірақ біртұтас ұғым емес. Заңшығару билігі өзіндік нысандарға ие, соған байланысты олардың қайнар көздерін анықтау қажет.

Дəстүрлі көзқараста Қазақстан халқының күрделі əлеуметтік ұйымдастырылуын есепке ала отырып, тұрғындардың ұлттық, діни, мүліктік, страттық, кейде тіпті таптық жəне өзге де өлшемдерімен санаса отырып, заңшығару билігінің қайнар көздері ретінде келісімді, бірігуді тану туралы айтылатын ойдың заңдылығымен келісу қажет [2].

Тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы көрінетін, қоғамдық ұйымдардан — ассамблея, форум, съезд, одақтардан, саяси институттардан — партиялардан, қозғалыстардан, мемлекет органдары актілерінен көрінетін ұлтаралық, стратаралық, конфессияаралық келісім заңшығару билігінің қайнар көзі деп саналады.

Заңшығару билігі жəне оның қайнар көздері тақырыбы мемлекеттік реттеу мен қазіргі Қазақстандағы заңдық база мен заңдық реттеудің құқықтық шектеріне ерекше маңыз берілетіндігімен тығыз байланысты. Мемлекеттік реттеудің бір бөлігі заңшығару билігі болып табылатын билік институты көмегімен жүзеге асырылады. Заңшығару билігінің ерік білдіруінің негізгі нысаны заң – қатынастарды реттеуші құбылыс, практикалық жағдайға зияткерлік, тиімді қосымша, осыған сай жағдайдың өзгеруі орын алады. Заңшығару билігі əр түрлі қоғамға маңызды қатынастарды жүзеге асырудың тəртібін, барысын жəне шартын тағайындайды. Заңшығару билігі заң көмегімен атқару билігімен жүзеге асырылатын биліктік қатынасқа жата тұрып, осы қатынастың іске асырылуының тəртібі мен шартын анықтайды.

Заңдық реттеу мүмкіндіктері туралы мəселені қарастыру екі тұрғыдан жүргізіледі: басқармашылық жəне институционалдық. Олар қоғамдық ойдың жəне соған сəйкес практиканың дамуының бағыттарына сəйкес келеді. Басқармашылық бағыт əлеуметтік үрдістерді түбегейлі реттеуге болатын, оларды жеткілікті дəрежеде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілсе, жеткілікті деп санауға негізделеді. Бұл бағыт тұтас қоғам мен оның бөлшектерінің өмірін жаппай ұйымдастыру жəне басқару мүмкіндігін негіздейді. Онда заңдарға биліктік өкілеттіліктерді жеткізудің құралының, тəсілінің бірі ретіндегі маңызды орын беріледі. Бірақ осыдан билік органдарының барлық əрекетіне бұйрық ретінде қарау, яғни, одан бас тарту қатаң түрде жазаланатын келеңсіз жағдай қалыптасады [3].

Аталған бағыт бұрынғы кеңестік заң əдебиетінде барынша кең таралып, қарастырылған еді. Онда заңдарға басымдылық берілгені, заң үстемдігін танығаны рас, бірақ заңдар сол қоғамның мəдениетінің шартсыз көрінісі жəне онда қалыптасқан құқықтық нормалардың бейнесі ретінде қаралмады. Заңдарға кеңестік қоғамды коммунистік бағытта дамытатын, жаңартатын құрал ретінде баға беру орын алды. Заңдар жəне өзге актілер мəні бойынша бұйрықтың нысаны ретінде ғана қарастырылды. Оларды орындау актілердің заңдық күшіне байланысты емес, оны қабылдаған органның, бастықтың шынайы күшіне байланысты қарастырылды. Бұл көзқарас тоталитарлық жүйедегі заңдардың өмір сүру ерекшеліктерін көрсететін құбылыс екені бүгінде танымал. Сондықтан да, басқармашылық бағытта қалып, қоғамдағы өзгерістердің жалғыз тірегі ретінде заңшығаруды ғана қарастыру дұрыс емес. Өйткені заңдардың мазмұны саяси, таптық, ұлттық жəне өзге күштердің арақатынасымен, жоғарғы басшылардың, парламентарийлердің білімділік дəрежесімен жəне белгілі бір идеалдарға бой сұну дəрежесімен анықталады.

Институционалдық көзқарас либералды-демократиялық идеяларды ұстанатын елдердің — АҚШ, Франция, Германия тəжірибесінде іске асқан. Қазіргі қоғамда басқармашылық бағыттың дағдарысқа ұшырауына байланысты қазақстандық қоғамның болашақ қажетті құрылымы мəселесі жан-жақты қарастырылып отырған кезеңде ескі жүйе демократияландырудың нəтижесінде қозғалысқа келіп, өзгере бастаған тұста, бостандыққа ие болған теоретикалық жəне практикалық ой-қуат жаңа бағытта құқық үстемдігі, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағытында дами бастады. Құқық үстемдігі, құқықтық мемлекет қалыптастыру идеялары қоғам өмірінде маңызды стратегиялық құжаттарда бейнеленді. Оның алғашқы қарлығашы ретінде «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егеменділігі туралы» Декларацияны атауға болады.

Заң əдебиеті, əсіресе басылымдық əдебиет, бұл мəселені «құқықтық» немесе «құқықтық емес» заңдарды, «билікті бөлісу», заңшығару билігінің рөлі жəне маңызы мəселелерін талдау дəрежесіне ауыстырып жіберді. «Құқықтық емес» заңдар ұғымы дұрыс емес тəрізді, себебі ол заң ұғымын өмірді құқықтық ұйымдастыру құралы ретінде емес, басқа мағынада қарастыруға мүмкіндік береді. Социалистік құқықта заңдар партия, тап еркін жүзеге асырудың құралы ретінде қолданылды, сөйтіп оның құқықтық мазмұны жойылды. Сондықтан да кеңестік қоғамда заң, декрет, жарлық, нұсқау немесе бұйрықтардың арасындағы айырмашылық болмауы осыған байланысты. Құқықтық емес қоғамда құқықтық заңдарға орын жоқ.

Қоғамда қалыптасқан ереже, тағайындалымдарға, дəстүрлерге сүйенетін заңдар да құқықтық деп саналмайды. Заңдардың бұл типі өз негізінде қоғамдық санада жəне қоғамның өмір сүру бейнесінде тамырланған əрекет етудің дəстүрлі, əдеттік, діни бейнелеріне сүйенеді. Əрине, əдет-ғұрыптың, дəстүрдің, діни нормалардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын заңдардың болуы мүмкін, бірақ олар құқық идеясынан басқа идеяларды қарастырады. Сондай-ақ атқару билігі мен əкімшілік құрылымында қабылданатын актілер де заң болып саналмайды. Олар жедел-жарлық ету сипатында болады. Олардың келесі бір ерекшелігі, олар тиістілік талаптарын көздейді, нақты əрекеттерге, заттарға, жағдайларға сілтейді.

Құқықтық заңдар, дұрысы, ұйымдастырылуы құқық идеясына бағынатын қоғамда қабылданатын заңдар өзге актілерден ерекшелендіретін белгілі бір қасиеттерге ие. Құқықтық қоғамда заңдар адамдардың өзара əрекеттестігінің шынайы кеңістіктегі, əлеуметтік мағынадағы тұрақтылығын емес, сана тұрақтылығының шартын қалыптастыруды мақсат етеді. Заң тірегі болып халықтың, ұлттың, өзге əлеуметтік қауымдастықтың адамгершілігі, рухы, менталитеті саналады. Сондықтан да заң шартсыз болып табылады, табиғи жолмен, өз ретімен орындалады. Бұндай заңдар адам өмірінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің мəндік сипатын арылтады. Құқықтық заңдардың мəні олар бағытталған адамдарға белгісіз болуы да мүмкін, бірақ адамдар олардың табиғилығына байланысты өздігінше орындай береді, анықтайды.

Қазақстандық заңшығарудың тағы бір ерекшелігін атап өтуге болады: дамыған батыстық мемлекеттерде заң мемлекет пен саяси институттардың, азаматтардың кең дəрежедегі қатысуымен өзара əрекеттестіктің нəтижесінде қалыптасады жəне саяси институттар заңшығару құқығын мемлекетке ұсына отырып, оның легитимділігін, заңдылығын үнемі бекітіп отыратын болса, Қазақстанда легизм (заңдылық), немесе мемлекеттің, сөзсіз, легитимділігі, танылған. Бұндай ерекшеліктің болуы саяси институттардың жеткілікті дамымағандығымен əлеуметтік мінез-құлықтың жəне қабылданған əлеуметтік рольдер жүйесінің дəстүрлі нормаланғандығымен түсіндіріледі.

Құқық идеясы адамдардың құндылықтарының əр түрлілігін, бірдей еместігін есепке ала отырып, қалыптасқан. Адам əрекетінен көрініп тұратын олардың ішкі мазмұнын, моральдік принциптерін жəне тағайындауларын назарға ала отырып, құқықтық заң қоғамдастықтың тұтастығына жету мүмкіндігі идеясына құрылады. Олар өмірдің «дұрыс» нысанын бағалауға бағытталмайды, əр түрлі нормалар мен құндылықтардың қатар өмір сүруіне жағдай жасайды. Егер заң басқару құралы ретінде қолданылса, яғни «барынша дұрыс» идея, құндылық, норма, идеал тағайындау құралы ретінде болса, ол құқықтық қасиетінен айырылады [4].

Құқықтық заңдар əртектес өмір бейнелерінің əлеуметтік қасиеттерінің сипатына қарамастан, ұлттық, діни, мүліктік, таптық ауызбіршілікті, теңдікті қамтамасыз етеді. Заңдарды орындау табиғи, өздігінше орын алса, олардан бас тарту кездейсоқ болатын құбылысқа айналады. Егер құқықтық емес құрылымдарда заңдарды жүзеге асырудың күзетшісі ретінде мəжбүр ету, жазалау аппараты тұратын болса, құқықтық заңдар адамдардың терең ішкі бағалаулары тұрғысынан мүмкін болатын жағдайларға бағытталады. Заң бұл жағдайда берілген қоғамның құқықтық деп танылатын мүмкін болатын жəне типтік жағдайларының жинағын енгізуге құрылады, болуы тиісті жағдайларды тағайындайтын тікелей биліктік əрекеттерді жүзеге асырудан бас тартады.

Құқықтық заңдар адамдардың өмірлік жолдарының мəні мен бағытын анықтайтын шынайы үрдістердің көрініс табуы мен бекітілуіне мүмкіндік береді. Əрекеттегі қалыптасқан қатынастарды формалды бекітуге немесе қатынастардың, оларды детерминдеуші факторларды есепке ала отырып, құрылымын өзгертуге мүмкіндік жасайды. Соңғы нысанда заңдар қоғамдық үрдістердің өзгеру бағытын анықтайтын саясаткерлер мен құқықтанушылардың бірлескен əрекеттестігінің күшімен заңдастырылуы қажет. Себебі осы жерде заңшығарудың заңдарды орындамауға апарып соғатын қателіктері қылаң беріп қалуы мүмкін. Осы тұрғыдан заңнама əлеуметтік қайта құрылу тəжірибесінің есебінен пайда болған қауымдастық өмірінің негізінде жататын құндылық ретінде қалыптасқан бөлу мен ұжымдықтың құрылымын бекітуге мүмкіндігі бар. Соның ішінде осындай үрдіс тəуелсіз Қазақстанға да тəн. Ол қоғамдық прогреске жету жолында кездесетін қиындықтардың бетін ашып, олардың алдын алу жолында. Қазіргі таңда кəсіпкерлік қуатқа сүйенетін шаруашылық жүргізудің өзіндік экономикалық тəсілін қалыптастыру үрдісімен, шынайы демократиялық құндылықтар мен нормаларды бекітумен, адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен анықталады. Бұл үрдіс заңшығарушылардан шынайы тарихи жауапкершілікті талап етеді.

Заң құқықтық кеңістік ішіндегі қорғаушы жəне реттеуші құрал ретінде көрінеді. Заң белгілі бір өзіндік құндылық пен дербестікке ие: біріншіден, құқықтық кеңістікті анықтайды жəне бекітеді, екіншіден, белгілі бір шиеленіс барысында бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Бұндай сипаттарға заң құқықтық мəн мен шығу тегіне ие болған жағдайда ғана жетеді. Заңның құқықтық мазмұны заң қабылдайтын субъектінің (органның немесе жеке тұлғаның) легитимдігі мен заң қабылдау рəсіміне байланысты. Легитимдік əр түрлі субъектілердің саяси еркін келістіретін азаматтық қоғаммен жəне құқық принциптерімен, басынан бастап барлығына берілетін жəне барлығымен танылатын адам құқығы идеясымен анықталады. Онсыз заң құқықтық болмайды, яғни қуатты құрал бола тұра, құқықты қолдаудың орнына, белгілі бір топтың мүддесіне қызмет ету құралына айналады.

Заң ретінде заңшығарушы орган қабылдаған барлық конструкциялар саналмайды, оның ішінде жалпы сипатта болатын, яғни қоғамдық қатынастардың барлық аймағын қамтитын бөлігі ғана заң деп есептеледі. Бұндай қатынастардың субъектілері басынан бастап тең құқылы болып табылады.

Заңды субъектілердің қатынасын реттеу (өзгерту) құралы ретінде тануға ықпал ететін үш белгісібар:

  • қатынастар аймағына байланысты жалпылығы. Заң жалпы жалпылық сипатта емес, ол текөзіне бағынатын оқиғаларға байланысты;
  • реттелуші қатынастардың субъектілерінің теңдігі;
  • заңның формалды өкілеттіліктерге ие субъектілермен (органдармен) қабылдануы. Заң қабылдаушы субъект қалыптасқан қоғамдық қатынастарды белгілі бір аяда өзгертуге мүдделі.

Қоғамдық үрдістерді реттеуге бағытталу, олардың əрі қарай даму бағыттарын анықтау заң шығарушыларға белгілі бір дəрежедегі талаптар жүктейді. Талаптар өтіп жатқан қоғамдық үрдістердің мəнін түсіну жəне белгілі бір əлеуметтік-мəдени, тарихи өзін-өзі анықтаудың болуымен сипатталады. Заң белгілі бір дəрежеде заңшығарушылардың əрекетінің нəтижесі болып табылады,себебі парламентарийлердің түсінігінің деңгейін, шекарасын жəне шектерін бейнелейді. Түсінік қолданбалы жəне стратегиялық зерттеулерге, концептуалды жұмыстарға, талдауға, сұрауға, сараптамаға, кеңес алуға жəне өзге де қоғамда болып жатқан құбылыстардың мəндік сипатын анықтауға мүмкіндік беретін үрдістерге сүйенуге тиісті, сонда заң мазмұны дұрыс əрі тиімді анықталады [5].

Заңшығарушының əлеуметтік-мəдени жəне тарихи анықталуы құқық идеясымен, яғни, құқықтық қоғам қалыптастыруға ықпал ету бағытымен байланысты болуы мүмкін. Егер оның қоғамдық үрдістерді бағалауы дұрыс емес болса жəне теңдік, əділеттілік, əр түрлі құндылықтар мен тағайындауларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау тəріздес құқықтық принциптерді есепке алмай əрекет ететін болса, бұндай заңшығару органы ерте ме, кеш пе, міндетті түрде легитимсіз (заңсыз) деп танылады.

Қоғамдық үрдістер əсер етудің еріксіз объектілері емес, олар белгілі бір мерзімі ішінде құзыретсіз, бассыз əрекеттерге өзіндік қарсылығын көрсетеді. Заң қабылдау барысында осы реакцияның күші мен сипаты да есепке алынуы керек.

Сонымен, заңшығару билігі мен қабылданатын конструкциялар заң деп саналатын жəне бұндай заңдар қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкіндік алатын үш формалды жəне бір мазмұндық шарт бар екен. Осыған сəйкес заңшығару билігінің қайнар көздері ретінде мыналар танылады:

  • нақты аймақтағы қоғамдық үрдістердің объективті, келелі сипаты;
  • əлеуметтік-мəдени жəне тарихи өзін-өзі анықтау жəне заңшығару билігін жүзеге асыратын субъектінің еркі;
  • заң қабылдаудағы құқық қабылдаушылық дəстүрі, заңшығару нысаны мен саясатының өтпелілігі.

Бірінші қайнар көз белгілі бір қоғамдық қатынастардың жалпы əлеуметтік-мəдени кеңістіктен «бөлініп қалуымен» жəне оны реттеу (өзгерту, жаңарту) құштарлығымен сипатталады. Өмірлік жағдайдың осы бір таңдаулы бөлігі заңшығарушының еркіне, тəуелсіздікке ие. Осы шындықтың объективті сипаты заңшығарудың қайнар көзінің бірі болады.

Қоғамдық үрдістердің мазмұны белгілі бір зерттеулерге байланысты анықталады. Зерттеу жəне соған байланысты реттеу келесі сатыларды қамтиды:

  • бірінші құқықтық (заңдық) реттеу аясын (пəнін) суреттеу;
  • екінші — заңшығарушыны реттеуге итермелейтін кейбір оқиғалардың жасалынуы жəне көрініс табуы, бұл жерде заңшығарушының өзі осы оқиғалардың тікелей немесе жанама қатысушысы екендігін естен шығармау керек;
  • үшінші — реттеу кеңістігінің үйлесімдігі, яғни реттеу пəнінің элементтерін жағдайды өзгертуге қажетті тəртіпте суреттеу. Егер бірінші жəне екінші сатыдағы үрдістер реттеу аймағын анықтауға мүмкіндік беретін болса, үшінші саты өзгеру міндеттеріне сай осы аймақтың компоненттерін, элементтерін қайта топтастыру əрекеттерін біріктіреді;
  • төртінші саты заңдық конструкциялар құрумен жəне оларды енгізу салдарын талдаумен байла- нысты. Басқаша айтқанда, реттеу пəнін анықтап алып жəне одан қажетті элементтерді ажыратып, олардың өзара əрекеттесу сипатын тағайындап, заңшығарушының осы кеңістіктегі орнын белгілеп таңдалған аймақты өзгерту мақсатында өзгеру, соның есебінен жүретін элементті құрастыру қажет. Бұл элемент құқық нормасы, оны заң мəтініне жəне кеңістікке енгізу керек. Ары қарай заңшығару билігінің əрекетіне дейін болмаған элемент пайда болған кезде кеңістікте қандай өзгерістер болатындығын модельдеуге тырысу қажет;
  • заңдық реттеудің бесінші сатысы — жүзеге асыру актілерін жасауды жəне саясатты қалыптастыруы қажет. Бұл сатыда заңда көрініс тапқан құқықтық нормаларды жүзеге асыру жəне жаңа қатынастардың пайда болуы немесе қолданыстағы қатынастарды өзгерту орын алады.

Заңшығару билігінің екінші қайнар көзі əлеуметтік-мəдени жəне тарихи өзін-өзі анықтау жəне билік құрушы субъектінің еркі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанда бұл заңшығару билігі органдарының өздерінің Қазақстанды тəуелсіз, дербес мемлекеттік субъект ретінде қалыптастыру бойынша тарихи миссияларын, жаңа типтегі мемлекеттілік қалыптастыру барысындағы, демократиялық қоғамның жəне құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық қағидаларын бекітудегі жəне нарықтық экономикалық шаруашылық жүргізудегі өзінің маңызын терең сезініп, түсінуі қажеттігін білдіреді [6].

Қазақстандық қоғамның өмір сүруінің экономикалық, саяси, əлеуметтік жəне рухани аяларындағы əр түрлі өзгеру үрдістеріне жалпы көз жүгіртудің өзі олардың барлығының мемлекеттік реттеу шартымен өтіп жатқандығын байқауға болады. Бұл əсіресе қазіргі кезеңде өзгерістердің бары- сы қарқын алған тұста айқын көрінеді. Біздің ойымызша, Қазақстанның мемлекеттік өзін-өзі анықтауын қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  • сыртқы факторлар, яғни дүниежүзіндегі жалпы жағдай. Ол ешқандай да мемлекеттің халықаралық-құқықтық реттеумен анықталған тəртіппен қалыптаса қоймағандығымен сипатталады. Ешқандай мемлекет дүниежүзілік қауымдастықпен танылған жалпы адамзаттық құндылықтарды аяққа баса алмайды. Қазақстан Республикасының халқы да осы қауымдастықтың өкілі болғандықтан, оның қағидаларына сəйкес əрекет етеді;
  • идеологиялық факторлар, ол Қазақстанның жаңаруының мақсаттарын айқындайды. Өзекті мақсаттар қатарында демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, либерализм, дəстүрлік жəне дамудың өзіндік жолы идеялары танылады;
  • ішкі əлеуметтік-экономикалық, мəдени факторлар, ол ескі құрылымдардың жойылып, орнына жаңа заман талабына сай құрылымдардың келуін теңдестіріп отыруды, елдің өмір сүруін қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық, мəдени жағдай жəне оны мемлекеттілік субъектісі ретінде қалыптастыру үрдісі мыналардан көрінеді:

  • қазақстандық патриотизмді мемлекеттілік қағидасы ретінде ұсыну;
  • өзіндік мемлекеттік идеологияны жариялау, оның өзегінде бірігу, қоғамдық прогресс, əлеуметтік серіктестік болуы қажет;
  • геосаяси акцент берілген өзіндік сыртқы саясаттың болуы;
  • заңдық реттеуді өзіндік түсіну;
  • өзіндік институттармен қамтамасыз етілген экономикалық бағдарламалардың болуы;
  • өзіндік жазба тарихтың, білімділік саясатын, мемлекеттік қызметкерлерді дайындау құрылымын қалыптастыру.

Сонымен, Қазақстандағы заңнаманың сипатына мыналар жатады:

  • заңнама қоғамдық қатынастарды қорғау шектерін жəне күштеу құрылымдарын қолдануды анықтайды;
  • ірі құрылымдардың əрекет ету аймағының бостандығы шектерін реттейді, оларды мемлекеттің төңірегінде ұстауға күш салады;
  • мемлекет пен ірі құрылымдардың арасында шешім қабылдау барысындағы келісім ережелерін тағайындайды;
  • мемлекет пен ұсақ құрылымдардың арасындағы əрекеттестіктің ережелерін жəне ұсақ құрылымдардың өзара əрекеттестігінің тəртібін анықтайды.

Қазақстандағы заң шығару билігінің өзін-өзі анықтауын қалыптастыру ерекшелігі дамыған саяси институттардың болмауы жағдайында əр түрлі қоғамдық мүдделерді есепке алу мен бір жүйеге енгізудің нысандарын тауып, негізгі қайнар көзі жəне бастаушысы мемлекет болып табылатын əрекеттер түріне енгізуден көрінеді. Бұл тұста, əрине, мемлекеттің өкілдік тетігін енгізуі, мемлекеттік идеология мен функцияға ықпал ету арқылы өзін-өзі шектеуі қажет. Азиаттық елдер үшін білім мен мəдениеттің мемлекеттік құрылымдарға ықпалы тетігі өкілдіктен маңыздылығы жағынан кем түспейді. Заңдық реттеуде өзін-өзі анықтаудың бұл факторы мыналарда көрініс табады:

  • мемлекет пен ірі құрылымдардың арасында шешімдер бойынша келісімге келу барысында қоғамдық мүддені есепке алудан көрінеді. Қоғамдық мүдделерді анықтаудың тұрақты əрекет ететін тетіктер, оларды анықтаушы жəне қалыптастырушы əлеуметтік институттар қажет;
  • ірі құрылымдардың əрекетін реттеу саясатын анықтау барысында керек;
  • мемлекет пен əр түрлі құрылымдардың, азаматтардың арасындағы əрекеттестіктің ережелерін анықтау барысында оның тек мемлекетке ғана пайдалы емес, жалпы қоғамға тиімділігін қалыптастыру қажет.

Мемлекеттің ұлттық сипаты құқықта реттеулі түрде формалды құқық (заң нормаларында көрініс тапқан) пен рухта, дəстүр мен мəдениетте анықталған құқықтың бөлігі мен арақатынасында көрініс табады. Айырмашылық құқықтық қатынас деңгейінде жүзеге асырылады: бір бөлігі заңмен реттеледі де, екінші бөлігі құқықтық сананың қарауына қалдырылады. Құқықтық сана мен жазба құқықтың,«рух» пен «əріптің» ара-жігін толықтыру өзара құрметтеудің, өзара түсіністіктің, өзара келісімнің қағидаларына сүйенеді. Себебі мəдениетте бар құбылыстардың барлығы бірдей формалды заң түріне айналдырылуы мүмкін емес.

Заңшығару билігінің келесі қайнар көзі заңшығару нысанының жəне саясатының құқықтық сабақтастығы болып табылады. Заңдық реттеудегі құқық сабақтастығы қалыптасқан тəжірибеге сүйене отырып, қоғамдық өмірдің құбылыстарын бағалаудан, саясатты қалыптастырудан көрінеді. Қазақстандық мемлекеттіліктің институттары қалыптастырылу жəне заңдық бекітілу дəрежесінен өтуде. Заңдық реттеудегі құқық сабақтастығы заңшығару органдары қабылдайтын актілердің заң деп аталуынан, романо-германдық құқықтық жүйенің ұстанымдарын қолданудан, нормативтік актілерді жариялау мен қолданысқа енгізу тəртібінің сақталуынан жəне тағы басқалардан көрінеді.

Заңшығару нысандары мен саясатының құқық сабақтастығы белгілі бір дəрежедегі тұрақтылық пен заң шығару билігінің легитимділігін қамтамасыз етеді. Қатынастардың белгілі бір аймағын реттейтін заңдардың болуы жəне оларды жүзеге асыру тəжірибесі əлеуметтік-мəдени жағдайды өзгертуге ықпал етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Парламент — Казақстанның заңшығару билігі / Жауапты ред. А.А. Таранов. — Алматы: Жеті жарғы, — 5-б.
  2. Əбділдин С. Қазақстан парламенті: одақтан ордалы елге бет түзеп... — Алматы: Қазақстан, — 65-б.
  3. Зиманов С.З. Конституция и парламент Республики Казахстан. — Алматы: Жеті жарғы, — С. 31.
  4. Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран (общие вопросы).
  5. Алматы: Баспа, — С. 56.
  6. Саиров Е. Особенности казахстанских и российских парламентских выборов 1999 года // Евразийское сообщество.— 2000. — № 4. — С. 34.
  7. Абдыкаримов О. Развитие парламентаризма — развитие демократии // Юридическая газета. — — № 15. — С. 3.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.