Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мəселелері

 Бүгінгі таңда балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды мəселелердің бірі бала асырап алу проблемасы болып табылады. Бұл халықаралық бала асырап алу институтының пайда болуымен байланысты. Мұның себебі халықаралық бала асырап алу институты ерекше құқықтық реттеуді талап етеді.

Халықаралық бала асырап алу институты əлемдік тəжірибеге өткен ғасырдың орта тұсынан ене бастады. Біршама уақыт өткеннен соң шетелдіктердің бала асырап алуы үйреншікті іске айналды. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-да бала туу көрсеткішінің төмендеуі жəне Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі экономикалық жағдайдың нашарлауы сияқты бірқатар теріс факторлар ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басында əлемде халықаралық бала асырап алу құбылысының кең таралуына себепші болды [1].

Қазақстанда халықаралық бала асырап алу 1999 жылдан бастап тұрақты тəжірибеге айналды. 1999 жылы шетелдіктер 196 баланы асырап алса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 883 балаға жетті, 2005 жылы 1022 бала шетелге қоныс аударды. Елімізге бала асырап алуға АҚШ азаматтары жиірек келеді..., одан кейін бала асырап алушы елдер тізімінде Ирландия, Канада, Бельгия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль жəне Франция тұр [2].

«Халықаралық бала асырап алу» ұғымына сипаттама беру үшін алдымен құқық ғылымында қолдынылатын «бала асырап алу» ұғымына талдау жасау керек. Бала асырап алу (қыз баланы асырап алу) — асырап алынған бала мен оны тəрбиелеуге алған тұлға немесе тұлғалар арасында ата-ана мен бала арасында орын алатын жеке жəне мүліктік қатынастарды орнататын құқықтық акт.

«Халықаралық бала асырап алу» термині шартты сипатқа ие, мұнда асырап алушы мен асырауға алынушы тұлғалар түрлі мемлекеттердің азаматы болып табылады немесе бала асырап алу фактісі шетелде орын алады [3].

Шетелдік элементтің қатысуымен күрделене түсетін мұндай отбасы құқықтық қатынастар осы сала бойынша бірнеше мемлекеттің құқықтық тəртібімен байланыс орнататын халықаралық жеке құқық нормаларымен реттеледі. Егер бала асырап алушы мен асырап алынушы тұлғалар түрлі мемлекеттердің азаматтары болып табылса немесе бала асырап алу фактісі шетелде орын алса жəне шетел мемлекетінің заңнамасына сəйкес жүзеге асырылса, «халықаралық» немесе «шетелдік бала асырап алу» ұғымы қолданылады.

«Шетелдік бала асырап алу» ұғымы 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған «Балаларды қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Конвенциясында (əрі қарай — Гаага конвенциясы) қолданылды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға 2010 жылғы 12 наурызда қосылған болатын [4].

Қазақстан Республикасының отбасы жəне неке заңнамасында «халықаралық» немесе «шетелдік бала асырап алу» арнайы термині қолданылмайды. «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің (əрі қарай — ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексі) 1-бабының 9-тармағында жалпы «бала асырап алу» ұғымының анықтамасы берілген. Соған сəйкес «бала асырап алу» дегеніміз нəтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес жəне мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тəрбиелеуге берудің құқықтық нысаны болып табылады.

Сондай-ақ ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінде асырап алуға жататын балаларға қатысты ережелер бектілген. Кодекстің 84-бабының 2-бөліміне сəйкес жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

  • қайтыс болған;
  • баладан бас тартқан;
  • ата-ана құқықтарынан айрылған жəне олар қалпына келтірілмеген;
  • баланы асырап алуға келісім берген;
  • сот тəртібімен əрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
  • белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінде бала асырап алуына тыйым салынатын тұлғалардың тізімі де бекітілген. Олардың ішінде сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдар; сот біреуін əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптылар; сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар; өзiне ҚР-ның заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар; егер сот олардың кінəсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушылар; денсаулық жағдайына байланысты ата- ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар; тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар; дəстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар; бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдар; азаматтығы жоқ адамдар; анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тəрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар; асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚР-ның заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар; наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар бар.

Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуын рұқсат ететін нормалар Кодекстің 84-бабында бекітілген. Онда: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана, шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін», — деп көрсетілген.

ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінде Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуда шетел мемлекеттерінің азаматтарының алдында басымдығы бекітілген. Мұндай норма ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінің 84-бабының 4-тармағында көзделген. Сонымен қатар ҚР азаматтары үшін бала асырап алу үдерісі жеңілдетілген: бала асырап алуға тілек білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық органына өтініш, тұлғаны куəландыратын, отбасы жағдайы туралы құжаттарды, денсаулық жағдайы туралы, соттылығының жоқтығы туралы анықтамалар, жақын туыстарының келісімі, тұрғын үйінің болуы, жалпы табыстары туралы анықтамаларды тапсырады. Қорғаншылық органдары тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттегеннен кейін бала асырап алуға үміткер болуы немесе болмауы туралы қорытынды беріледі. Баланы таңдағаннан кейін екі апта бойы үміткерлер онымен араласуы керек, балаға бауыр басқаннан кейін ғана сотқа құжаттар тапсырылады. Бала асырап алу туралы соңғы шешімді сот қабылдайды.

Ал шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.

«Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мəнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі» [5].

Қазіргі таңда шетелдіктердің бала асырап алуының келесідей тəртібі қалыптастырылған. Шетелдердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиялары қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетел азаматтарын есепке алады, содан кейін аккредиттелген агенттіктер өз филиалдары арқылы шетелдіктердің досьелерін ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетіне жолдайды, осында бала асырап алғысы келетіндердің тұлғасы, олардың қандай баланы асырап алғысы келетіні қаралады жəне нақты бір балаға қандай отбасы сəйкес келетіні сараланады. Содан кейін нақты бір баланың құжаттары оларға таныстыруға жіберіледі.

Егер олар Қазақстанға келетін болса, ата-ананың екеуі де бір ай бойы арнайы келген баламен ғана араласа алады. Мұнда араласу үрдісіне бақылау жасалады, барлығы жетімдер үйінің арнайы журналында бекітіледі.

Шетелдіктердің бала асырап алуы елімізде өзекті мəселелердің біріне айналды. Бұл мəселеге келгенде қоғам екі топқа бөлініп отыр, олар шетелдіктердің бала асырап алуын жақтаушылар жəне оған қарсылық білдірушілер.

Шетелдіктердің бала асырап алуын жақтаушылар қазақстандық жетім балалардың лайықты болашаққа қол жеткізуін, олардың шетелде сапалы білім алуын, денсаулығы нашар балалардың тиісті медициналық көмек алуын алға тартады. Мысалы, «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры А. Саин шетелдіктердің қазақстандық жетім балаларды асырап алуына тыйым салуына қарсылық білдіреді: «Шетелдік асырап алуға тыйым салуға мүлдем жол беруге болмайды, себебі егер ол заңды түрде жүргізілсе, денсаулығында ақау бар балалар шетелде тиісті ем алуға мүмкіндік алады» [6].

Ал шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алуына қарсылық білдірушілер асырап алынып, басқа мемлекетке қоныс аударған балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіреді.

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жəне Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өмір сүретін отбасыларға асырауға берілетін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау халықаралық бала асырап алу үдерісіне мұқият қадағалау жүргізуді талап етеді. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеудегі бұрын орын алған кемішіліктер балалар құқықтарын бұзуға жол беріп отырды, балалар іс жүзінде коммерциялық қызметтің объектісіне айналды.

Мұнымен қоса, соңғы жылдары шетелдіктердің қазақстандық асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жүргізу жұмысы бойынша біраз қиындықтар бар. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А. Дауылбаевтың айтуынша, асырап алған жаңа отбасыларда асырап алынған балалардың өмір сүру, оқу, тəрбиелену жəне денсаулық жағдайларына бақылауды қамтамасыз ету көкейкесті мəселеге айналды.

Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстанда 50 мыңға жуық бала асырап алынған. Осындайда əрбір бесінші баланы шетелдіктер асырап алып, басқа мемлекетке алып кеткен. Ол біздің 9 мыңға жуық қазақстандық балаларымыз. Осындайда балаларды асырап алған отбасылардағы балалардың өмір жағдайларына бақылау орнату жөніндегі жұмыс сəтсіздікке ұшырады.

Асырап алушылар өз есептерін уақытылы тапсырмайтындыққа байланысты 3,5 мың асырап алынған балалардың өмір сүру жəне тəрбиелену жағдайлары туралы ақпарат жоқ.

Нəтижесінде бүгінгі күні бізде шетел азаматтарына асырау мақсатымен берілген 673 қазақстандық балалардың қайда жүргендігі туралы еш мəлімет жоқ [7].

Мұндай алаңдаушылық білдіруге толық негіз бар. Мəселен, 2013 жылы Қазақстаннан бала асырап алған АҚШ елінің азаматтары ерлі-зайыпты Джозеф жəне Линда Мэйотт кəмелетке толмаған өгей балаларына қатысты жыныстық сипаттағы əрекеттер жасағандары үшін қылмыстық жазаға тартылды [8]. Сондай-ақ 2012 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Голливуд актері Майкл Дугластың бұрынғы əйелі Диандра Дугластың Қазақстаннан асырап алған қызы Имараға қатысты дұрыс тəрбие бермейтіні туралы ақпарат тарады [9].

Осындай жағдайлар қоғамда шетелдіктердің қазақстандық бала асырап алуы бойынша кері пікір қалыптастыратыны анық. Сондықтан шетелге қоныс аударған жетім балалардың жат мемлекетте құқықтарының қорғалуына бақылау жасау еліміз үшін аса маңызды міндет болып отыр.

Балаларға қамқорлық еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев: «Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар — балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыəлемдік үрдіс жəне жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды жəне отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет. Балалар – қоғамымыздың ең əлсіз жəне қорғансыз бөлігі, жəне олар құқықсыз болуға тиіс емес» [10], — деп атап айтты.

Стратегияда еліміздің Президенті əлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын айқындап, балалықты қорғауды елдің дамуының таяу жылдарға арналған маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді жəне мемлекеттік органдардың оны іске асыру жөніндегі қызметінің негізгі басымдықтарын айқындады. Мемлекеттік əлеуметтік саясат Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына жəне халықаралық міндеттемелерге сəйкес физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік жəне əлеуметтік тұрғыдан баланың толыққанды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының 8-тармағының 1-тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы сыртқы саясаттың гуманитарлық өлшемін дамытуға басым мəн береді. Осыған байланысты Қазақстан шетелдерде болатын Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер асырап алған, шет елдерде тұратын қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмысын күшейтеді [11].

Қазақстан аумағында нормалары қолданыстағы бала құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы аса маңызды халықаралық құжаттарға Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі конвенция [12] жəне Балаларды қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция жатады.

Шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық балалардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауда 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған Балаларды қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялаудың [4] маңызы ерекше болды. Оның 2010 жылы 1 қарашада заңды күшіне енуінен кейін республикамыздың балалардың құқықтарын қорғау мəселелерінде құзыреті арта түсті, себебі құжат балаларды қабылдайтын мемлекеттерге жауапкершілік жүктейді жəне баланың одан арғы тағдырын бақылауға мүмкіндік береді. Конвенцияның елімізде кеш ратификациянуының себептері АҚШ тарапының аталмыш конвенцияны ратификациялауын күтуімен байланысты болды, себебі қазақстандық жетім балаларды АҚШ елінің азаматтары көбірек асырап алады.

Гаага конвенциясында БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының бала асырап алуға қатысты баланың құқықтары жөніндегі ережелері нақтылана түсті жəне мұндай бала асырап алудың бірқатар жаңа ережелері бекітілді, мысалы, бала асырап алуды тану (23–26 б.) жəне оның құқықтық салдары (2-баптың 2-т., 26, 27-б.), Конвенцияға сəйкес жиналған жəне табысталған жеке мəліметтерді тек тиісті мақсатта пайдалану туралы (30 жəне 31-б.) жəне т.б. Конвенция нормаларының қатысушы- мемлекеттің ұлттық заңнамасымен (28-б.) жəне халықаралық шарттармен (39-б.) қатынасы жөніндегі, өз аумағында екі жəне одан да көп құқық жүйесі бар мемлекеттердің Конвенцияны қолдану жөніндегі ережелері (6, 36–38-б.) ерекше маңызға ие.

Конвенцияны ратификациялағаннан кейінгі маңызды жаңашылдықтардың ішінде бала асырап алу бойынша агенттіктерді аккредитациялау үдерісі болып табылады (бұл халықаралық тəжірибеде бар). Аккредиттелген агенттіктердің шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың өмір сүруі, тəрбиесі, денсаулық жағдайы жөнінде есептерді уақытылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік шегі анықталды. Осы туралы нормалар ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінің 114-бабының 4-бөлімінде қарастырылады.

Бұрын шетел азаматтарының мүдделерін көбіне кездейсоқ адамдар білдіріп келген болатын, олардың қызметтері біздің заңнамамен реттелмейтін, бейберекет сипатта болатын жəне əр түрлі теріс пайдаланушылыққа жол беретін. Мұндай «дербес асырап алу» тəжірибесі Гаага конвенциясында көзделген қауіпсіздік шаралары жүйесіне сəйкес келмейді. Мұндай теріс жағдайларды жою үшін, бала асырап алу үдерісінің тазалығы мақсатында агенттіктерді аккредитациялаудың арнайы ережелері дайындалды.

Аккредитацияны енгізу «дербес асырап алуды» жоя отырып, шетелдік бала асырап алу үдерісінің тазалығын сақтауға, мүмкін болатын жемқорлық əрекеттерінен азат болуға, бала саудасы мен өзге де қиянатты əрекеттерді болдырмау мақсатында мемлекеттер арасында əріптестіктің мүлдем жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашады.

Гаага конвенциясы аясында АҚШ, Бельгия, Испания жəне Франция елдеріндегі контрсеріктестермен жедел ақпарат алмасу бойынша жұмыс топтарын құру туралы жəне бала құқықтарын бұзудың əрбір жағдайы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді [13].

Аккредиттелген агенттіктер бала асырап алғаннан кейінгі есептерді тапсыруға міндетті. Агенттіктердің жəне олардың филиалдарының қызметіне ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті, сондай-ақ тиісті құқыққорғау органдары бақылау жасайды. Қандай да бір құқықбұзушылық жасаған жағдайда Қазақстан аумағында агенттік филиалының қызметі тоқтатылады. ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы кодексінің 113-бабының 5-бөлімі бойынша Агенттіктің филиалдары жəне (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда:

  • балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сəйкес жүзеге асырмаса;
  • агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға əкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
  • агенттіктің филиалы жəне (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
  • агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе жəне аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.

Жоғарыда келтірілген құқықтық механизмдер шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алғанынан кейін олардың (балалардың) қоныс аударған мемлекетте өмір сүруі жағдайына, денсаулығына, білім алуы мен тəрбиеленуі жағдайына халықаралық деңгейде бақылау жасауға мүмкіндіктер берді.

Соңғы жылдары ұлттық заңнамамыздың шетелдіктердің бала асырап алуы саласында болған өзгерістерден кейін шетел мемлекеттері азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу фактілері азайды. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті соңғы мəліметтері бойынша, 2013 жылы шетелдіктер барлығы 66 қазақстандық баланы асырап алған. Асырап алушылар Испания, Италия, Бельгия, Германия, Канада жəне Швеция елдерінің азаматтары. Мақаламыздың басындағы 1999 жылдан бергі шетелдіктердің бала асырап алуы статистикасымен салыстырсақ, көрсеткіштер бірнеше есеге төмендеген. Бұл бірінші кезекте «дербес бала асырап алу» институтының жойылуымен, сондай-ақ шетелдік бала асырап алу істері бойынша қызмет ететін агенттіктерді аккредитациялау талаптарының күшеюімен байланысты. Сонымен қатар бұл жағдайға Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алу процедурасының жеңілдетілуі де ықпал етті. Аталмыш өзгерістер шетелдіктердің бала асырап алуы саласындағы үдерістердің тəртіпке түсірілгенін көрсетеді.

Дегенмен, шетелдіктер асырап алған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың халықаралық-құқықтық механизмдерін күшейту мақсатында:

  • бала құқықтарын қорғау саласында халықаралық-құқықтық нормалар мен ұлттық заңаманы сəйкестендіру бойынша қызметті одан əрі жалғастыру керек;
  • Қазақстан Республикасымен тең мəнді халықаралық міндеттемелері бар мемлекеттердің Прокуратура органдарымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арасында халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайту керек деп санаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Звеков В.П. Международное частное право: Курс лекций. — М.: Норма-Инфра, — С. 364.
  2. Айманова Н. Международное усыновление. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.adilet.gov.kz/ru/node/10959
  3. Кашевский В.А. Международное частное право: Учебник. — М.: Междунар. отношения, — C. 543.
  4. Балаларды қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификация- лау туралы: Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000253_
  5. Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІVКодексі. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518
  6. Жумжумина А. Аружан Саин против запрета на усыновление казахстанских сирот иностранцами. — [ЭР]. Режим доступа: http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/arujan-sain-protiv-zapreta-usyinovlenie-kazahstanskih-sirot-250847/
  7. Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың жетім балаларды жəне ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларды асырап алу мəселелері туралы алқа отырысындағы сөзі (Астана, 2014 жылғы 21 ақпан). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuror-ashat-daulbaevtyn-zhetim-balalardy-zhne-ata-analarynyn-kamkorlygysyz
  8. Семейная пара в США осуждена за насилие над детьми из Казахстана. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.nur.kz/282920.html
  9. Экс-супруга Майкла Дугласа показала удочеренную в Казахстане девочку. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.zakon.kz/4483343-jeks-supruga-majjkla-duglasa-pokazala.html
  10. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya
  11. Концепция внешней политики Республики Казахстан на 2014–2020 годы. Утверждена Указом Президента Республи- ки Казахстан от 21 января 2014 года № 741. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.mfa.kz/index.php/ru/vneshnyaya- politika/kontseptsiya-vneshnoj-politiki-rk-na-2014-2020-gg
  12. Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994жылғы 8 маусымдағы Қаулысы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/B940001400_
  13. Правчас в Мажилисе: о реализации Концепции внешней политики Казахстана на 2014–2020 годы. — Астана, 16февраля, Дом Мажилиса. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id24080/1/1

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.