Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында діни бірлестіктерді тіркеуге қатысты кейбір сұрақтар

Қазақстанда соңғы жиырма жылда қалыптасқан жаңа қоғамдық-саяси ахуалдың көріністеріне назар салсақ, қоғамдағы дін мен діни бірлестіктердің рөлі өзгеріп, дін мен діни бірлестіктердің қоғамдық беделі жəне қоғамдық өмірдің əр түрлі тұстарына ықпалы айтарлықтай өсіп, мəртебесі кеңейді. Аталған мерзім ішінде дінге сенушілердің жəне діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге артып, қоғамда олардың қызметінің белсенділігі жоғарылады, қазақстандық қоғамның əлеуметтік құрылымының маңызды бөлігіне айналды, мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың сипаты өзгерді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы 1 қыркүйектегі Парламенттің төртінші шақырылымының бесінші сессиясында соңғы жылдары əлемде этносаралық жəне дінаралық жанжалдар тəуекелі өсе түскенін тілге тиек етіп, «Дінаралық келісім — біздің халқымыздың бірлігінің негіздерінің бірі», — дей келіп, Қазақстан Тəуелсіздігіне жаңадан берік құқықтық кепілдіктер беретін заңнама қажет екендігін мəлім еткен болатын [1].

Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заңы тəуелсіздігіміздің алғашқы айында — 1992 жылдың 15 қаңтарында мүлде басқа діни ахуал жағдайында қабылданған болатын [2]. 1991 жылы діни бірлестіктердің саны небəрі 671 болатын. Ал 2011 жылы діни бірлестіктер саны 4551-ге жетіп, олар 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды құраған болатын [3]. Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын діни бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу, сондай-ақ əр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, кемшіліктер мен тартысты жайттерді жою жолымен жетілдіру мақсатында 2011 жылғы қазанның 11-інде «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» туралы Заң қабылданған болатын [4].

Əрине, бұл қоғамымызға жаңа серпін əкелді. Аталған Заңның басты жетістігі — діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу рəсімдері мен олардың қызметтерін реттеу. Заңның 24-бабына сəйкес діни бірлестіктер заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жаңа талаптарға сəйкес өздерінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге міндетті [4]. Осылайша бұл ережеде еліміздің аумағында қызмет ететін барлық діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі қарастырылған болатын. Діни ұйымды тіркеу рəсімдерін жетілдіру мақсатында заңның жаңа нұсқасында діни бірлестіктерді тіркеуде назар аударылатын ерекше белгілер де берілген. Төменде діни бірлестіктердің тіркеу тəртібіне кеңірек тоқатылып өтсек.

Қазақстан Республикасында діни бірлестіктерді тіркеу заң бойынша да, практикада қолданылуына қатысты да күрделі сұрақтардың бірі болып табылады. Қазақстандағы діни бірлестіктеді тіркеу институтының маңыздылығы ол діни бірлестіктердің тіркеусіз қызмет жасай алмауында.

Діни бірлестікті тіркеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен [5], «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңымен [4], «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен [6],«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңымен [7] жəне де басқа да нормативтік актілер негізінде жүзеге асырылады.

Діни бірлестіктер жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық акілер негізінде құрылып, ары қарай діни бірлестікті тіркеу келесі тəртіп бойынша жүзеге асырылады.

ҚР-ның «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына сəйкес дiни бiрлестiк деп Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде дiни қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тəртiппен бiрiккен ерiктi бiрлестiгiн айтамыз [4]. Р.Подопригора өзінің ҚР-ның «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына түсіндірмесінде діни бірлестіктің анықтамасына қатысты «діни бірлестіктің анықтамасы шектеліп көрсетілген. Діни танымның ерекшеліктеріне, ішкі ұйымдастырушылық нысандарына жəне əр түрлі басқару жүйелеріне қатысты азаматтардың бірлестіктері əр кез ерікті болуы мүмкін емес. Олардың кейбіреулері басқару орталықтарының шешімімен құрылуы мүмкін..» [8; 13]. Бұл орайда біз Р.Подопригораның пікірімен толық келісеміз.

Қазақстан Республикасында діни бірлестіктердің мəртебесі «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сəйкес анықталады. Қазақстан Республикасында жергiлiктi, өңiрлiк жəне республикалық мəртебесi бар дiни бiрлестiктер құрылуы жəне əрекет етуi мүмкiн.

Жергiлiктi дiни бiрлестiк дегеніміз — Қазақстан Республикасының кемiнде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың шегiнде əрекет ететiн дiни бiрлестiк.

Өңiрлiк дiни бiрлестiк деп кемiнде екi облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан жəне астанадан өкiлдiк ететiн, олардың əрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемiнде екi жүз елу азаматы бар екi жəне одан да көп жергiлiктi дiни бiрлестiктердiң қатысушылары (мүшелерi) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемiнде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған дiни бiрлестiк танылады. Өңiрлiк дiни бiрлестiктер жергiлiктi дiни бiрлестiктердiң қызметi аумағының шегiнде құрылып, өз қызметiн жүзеге асырады.

Республикалық дiни бiрлестiк дегеніміз — барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан жəне астанадан өкiлдiк ететiн, Қазақстан Республикасының кемiнде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылған, олардың əрқайсысында Қазақстан Республикасының кемiнде үш жүз азаматы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар дiни бiрлестiк.

«Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңның 13-бабына сəйкес дiни бiрлестiк он сегiз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезiн, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылып, онда дiни бiрлестiктi құру, оның атауы, жарғысы туралы шешiмдер қабылданып, оның басшылық органдары құрылады [7]. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезiне, конференциясына) өз еркi бойынша жеке түрде қатысады.

Діни бірлестік тек кəмелетке толған азаматтармен ғана құрылады. Азаматтардың құрылтай жиналысында тіркеуге ұсынылатын хаттамада сипатталған келесі сұрақтар қамтылуы қажет:

  • діни бірлестікті құруы;
  • діни бірлестіктің атауы;
  • діни бірлестіктің жарғысын қабылдау;
  • басқарушы органдардың қалыптасуы.

Заңда көзделгендей, азаматтар құрылтай жиналысына өз еркімен қатысады, яғни ешкімнің оларды еркінен тыс жиналысқа қатысуға мəжбүрлеуге құқықтары жоқ.

Дiни бiрлестiктiң келесі белгiлерi бар:

  • ортақ дiни iлiмi;
  • дiни жораларды, рəсiмдер мен уағыздарды орындау;
  • өз қатысушыларын (мүшелерiн) жəне дiн ұстанушыларын дiнге тəрбиелеу;
  • қызметiнiң дiни бағыты болуға тиiс.

Осы белгілерді бекіту жалған діни ұйымдарды тіркеуге қарсы шара ретін қарастыруға болады.

Заң негізінде республикалық дiни бiрлестiктер мен өңiрлiк дiни бiрлестiктер өз жарғыларына сəйкес дiни қызметшiлер даярлаудың кəсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын мекемелер нысанында дiни бiлiм беру ұйымдарын құруға құқылы. Жергілікті діни бірлестіктерге дiни қызметшiлер даярлаудың кəсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын мекемелер нысанында дiни бiлiм беру ұйымдарын құру құқығы берілмеген. Дiни бiлiм беру ұйымдары тек қана діндарларды дайындау үшін құрылады. Мекеме коммерциялық емес ұйымдардың бір түрі болып саналады. Осылайша мекеме формалды түрде діни бірлестік болып табылмайтындықтан, оның құрылуы басқа талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Дiни бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен реттеледі [9].

Дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, дiни бiрлестiктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда дiни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға жəне олардың қызметiне жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, бiлiм беру жəне денсаулық сақтау ұйымдарында дiни бiрлестiктердiң ұйымдық құрылымдарын құруға жол берiлмейдi.

Дiни бiрлестiк оны мемлекеттiк тiркеген сəттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгiне ие болады.

Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес мойнына алады. Мемлекеттiк кəсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы жəне заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн жəне ол заңды тұлғаны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

Азаматтық кодекстің 33-бабында заңды тұлғаға мынадай тұжырым берілген: «Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» [5]. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы, жазылған мөрi болады.

Азаматтық кодекстің 38-бабына сəйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады жəне оның қалай аталатынын жəне ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды [5]. Сонымен қатар заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сəйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға жəне келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Жоғарыда көрсетілген заңнаманы басшылыққа ала отыра, діни бiрлестiктiң атауы ұстанатын дiнi мен мəртебесiн қамтуы тиiс. Қазіргі таңда діндердің көптігін жəне олардың көптеген конфессиялар мен деноминациялардан тұратынын ескеріп, бірлестік атауларында ұстанатын дінін барынша дəл көрсетілуі тиіс. Осылайша діни бірлестіктің толық атауында келесілер көрсетілуі қажет:

  • мəртебесі;
  • ұйымдастырушылық құқытық нысанасын көрсету;
  • діни танымдылығы;
  • территориялық орналасуы мен атауын көрсету керек.

Сонымен қатар, заңда көзделгендей, толық жəне қысқартылған атауы мен оның нышаны Қазақстан Республикасының жəне басқа да мемлекеттердiң мемлекеттiк рəмiздерiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған жəне (немесе) таратылған дiни бiрлестiктердiң атауы мен нышанын толық немесе оның елеулi бөлiгiнде қайталамауға тиiс.

Республикалық дiни бiрлестiктердi жəне өңiрлiк дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Министрлік құрылымында бұл функцияны құқықтық көмек көрсету жəне тіркеу қызмет комитеті жүзеге асырады. Жергiлiктi дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi аумақтық əдiлет органдары жүзеге асырады.

Дiни бiрлестiктi құру туралы шешiм қабылданған сəттен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркелу үшiн тiркеушi органға өтiнiш беру керек. Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2007 жылғы 12 сəуірдегі № 112 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген [10]. Тіркелушілер үшін екі ай мерзімін катаң қадағалау өте маңызды екенін айта кеткен жөн. Себебі берілген уақытты қадағаламауы оның мемлекеттік тіркеудің бас тартуына əкеліп соғуы мүмкін. Өтiнiшке:

  • Дiни бiрлестiк басшысының қолы қойылған дiни бiрлестiктiң жарғысы. Жарғы мемлекттік жəне орыс тілдерінде нөмірленген, тігілген жəне бірлестік басшысымен расталған үш данада тапсырылады. Бірлестік басшысы бірлестіктің жарғысында көрсетілi керек.
  • Құрылтай жиналысының (съезiнiң, конференциясының) хаттамасы. Хаттама мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылып, төраға мен хатшы қолдарымен расталу қажет. Хаттамада құрылтай жиналысында шешілетін мəселелер толық қамтылуы тиіс.
  • Құрылатын дiни бiрлестiктiң бастамашы азаматтарының тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша электрондық жəне қағаз жеткiзгiштердегi тiзiмi.
  • Діни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нұсқаулығы бойынша заңды тұлғаның тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттарды тапсыру керек.
  • Дiни iлiмнiң пайда болу тарихы мен негiздерiн ашып көрсететiн жəне осы iлiмге сəйкес келетiн дiни қызмет туралы мəлiметтер қамтылған дiни баспа материалдары. Бұл орайда заңның негізгі түсініктеріне діни əдебиеттер терминін енгізіп, оған сəйкесінше түсінік беру керек. Дінтану сараптамасын жүргізудің нормативті негізі 2012 жылдың 7 ақпанында № 209 Қаулымен бекітілген дінтану сараптамасын жүргізу қағидасы болып табылады [11]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына сəйкес жүзеге асырылады [12]. Берілген құжаттарға сəйкес, діни сараптама мекемелік құжаттардың, сонымен бірге басқа да құжаттардың, рухани танымдық бағдарламалардың, діни сипаттағы ақпараттық материалдардың сəйкестігін тексеру мақсатында өткізіледі. Сараптаманы жүргізу діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді іске асыратын уəкіл етілген органмен (Діни істер бойынша агенттік) қамтамасыз етіледі.

Сараптама міндеттері:

  • нысанның нақты діни сенімге жататындығын анықтау, діни бірлестік ұсынатын мекемелік құжаттар негізінде нысанның мазмұнын, діни ілім жəне діни рəсімдер негізіндегі мағлұматтарды бағалау;
  • мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) барысындағы діни бірлестік қызметінің көрсетілген формалары мен əдістерінің нақты қызметімен сəйкес келуін тексеру;
  • сараптама нысаны мазмұнының Конституция нормаларына жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін белгілеу.
  • Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар төлемiн растайтын құжат. Мемлекеттік тіркеу үшін алым төлемі 6,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Көрсеткіш көлемі жыл сайын бюджет заңнамасын қатысты бекітіліп отырады [13].
  • Дiни бiрлестiктiң басшысын сайлау туралы шешiм не шетелдiк дiни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уəкiлеттi органмен келiсiлгенiн растайтын құжат қоса берiледi. Егер де шешім құрылтай жиналысында қабылданған болса, онда оның мəтіні хаттамада көрсетілген мəтінге сəйкес болуы керек.

Өңiрлiк дiни бiрлестiктi тiркеу кезiнде тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өңiрлiк дiни бiрлестiктердi құруға бастамашылық жасаған жергiлiктi дiни бiрлестiктердiң əрқайсысының қатысушыларының тiзiмi, сондай-ақ олардың жергiлiктi дiни бiрлестiктерi жарғыларының нотариат куəландырған көшiрмелерi қосымша табыс етiледi.

Республикалық дiни бiрлестiктер мəртебесiн растау үшiн тiркелген күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн тiркеудi жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық əдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға мiндеттi. Егер де заңда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, республикалық дiни бiрлестiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.

Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу жəне олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу, дiни бiрлестiктердi қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту «Діни бірлестіктер» ҚР Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жəне филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртiппен жəне мерзiмде жүзеге асырылады [7].

Мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң) мерзiмiне дiнтану сараптамасын жүргiзу жəне дiни бiрлестiктi құруға бастамашы азаматтар тiзiмiнiң «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының талаптарына сəйкестiгiн тексеру үшiн үзiлiс жасалалып, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей уəкiлеттi органға дiнтану сараптамасын жүргiзу жəне дiни бiрлестiктер құруға бастамашы азаматтар тiзiмдерiн тексерудi ұйымдастыру үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жiбередi. Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сəйкестiгiн тексерудiң, жүргiзiлген дiнтану сараптамасының, дiни бiрлестiктi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмiн тексерудiң нəтижелерi бойынша дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу туралы немесе мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылданады.

Діни бірлестіктің жарғысы тіркеуге ұсынылатын жəне де діни бірлестіктердің қызметіндегі негізгі құжат болып саналады. Жарғыда қандай мағлұматтардың болуы заңда айқын көрсетілген. Сонымен қатар жарғы дайындау барысында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын басшылыққа алу керек [6]. Сонымен қатар азаматтық заңнамамен салалық заңдарды да ескерген жөн.

Дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының негiзiнде жүзеге асырады, онда мыналар:

  • атауы, қызметiнiң мəнi мен мақсаттары. Діни құрылымның атауы, ұйымдық құрылымдық нысаны, мəртебесі, діни танымдылығы, діни бірлестік қызметінің бағыты жəне мақсаттары (ілімді тарату жəне т.б) толық көрсетілуі тиіс;
  • орналасқан жерi жəне оның шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ. Тұрақты қызмет ететін органның тұрғылықты жерін көрсету керек;
  • құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тəртiбi мен олардың құзыретi.

Діни бірлестік кез келген коммерциялық емес ұйым ретінде жоғары, атқару жəне бақылау органдарын қамту керек. Əрине, жарғы да басқа да ішкі құрылымдардың қызмет етуін көздеуі мүмкін. Басқару органдарының қалыптасуы мен қызмет етуін нақты анықтап, оның қызмет етуін тоқтату негіздері де көрсетілу қажет. Сонымен қатар басқару органдарының ұйымдастырушылық сұрақтары жəне де орган құзыреті көрсетілу керек. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңда басқарудың жоғары органының құзыреті анықталған [6]. Бұл дегеніміз тек қана жоғарғы орган келесі мəселелерді шешеді:

  • коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылдау;
  • коммерциялық емес ұйымдардың ерікті түрде өз жұмысын тоқтатуы;
  • коммерциялық есем ұйымдардың басқару органдарының қалыптасуы мен өз жұмысын тоқтатудағы тəртібін анықтау, ұйымдастырыушылық құрылым мен құзыреттілігін анықтау;
  • атқару органдарының қаржылық есептерін тапсыру мерзімі мен тəртібін анықтау. Бақылау органымен өткізілетін тексеріс тəртібін айқындап, оның қорытындыларын бекіту.
  • бекітілген заңнама шеңберінде коммерциялық емес ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың жəне өзінің филиалдары мен өкілдіктерінің құрылуы мен қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау.

Сонымен қатар басқарудың жоғары органы өз құзыреті шегінде қызмет түріне қатысты басқа да сұрақтарды қамти алады.

Жарғыда сонымен қатар діни бірлестік мүшелерінің міндеттері мен құқықтарына тоқталып өту керек.

Ұстанатын дiнi, дiни iлiмiнiң негiздерi жəне осы iлiмге сəйкес келетiн дiни қызметi туралы мəлiметтер. Бұл орайда діни бірлестік негізгі діни ілімдерді, діни бірлестік қызметінің нысандарын, неке мен жанұяға, білімге, дiни бiрлестiктiң мүшелерінің денсаулығына қатысты қатынастарының ерекшеліктері, мүшелері мен табынушыларының конституциялық міндеттері мен құқықтарының орындалуына көзқарасы жайлы мағлұматтың болуын көздейді.

Діни бірлестікке мүшелікке кіру немесе мүшеліктен шығу тəртібінің шарттарын анықтау қажет (мысалы, жас, азаматтығы, діни танымы т.б.).

Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен жəне де басқа нормативтік-құқықтық актілер негізінде діни бірлестіктердің мүлкінің қалыптасу қайнар көздеріне діни бірлестік мүшелелерінен түсетін алымдарды, ерікті түрдегі мүліктік салымдары, акциялардан, облигациялардан жəне басқа да құнды қағаздардан түсетін дивидендтерді жəне басқа да заңмен рұқсат етілген алымдарды айтамыз. Бұл аталған қайнар көздерді жарғыда белгілеп көрсетуге болады.

Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тəртiбiн толық көрсетіп жазу керек. Себебі кейбір өзгерістер діни бірлестіктің қайта тіркелуіне əкеліп соғады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 42-бабы бойынша егер діни бірлестіктің өз атауын өзгертетін болса, қайта тiркелуге тиiс [5]. Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.

Қызметiн қайта ұйымдастыру жəне оны тоқтату шарттары ҚР Азаматтық кодексінің 41-баптың 5-тармағына сəйкес заңды тұлғаның қызметiн қайта құру жəне жою ережелерi белгiленуі тиіс деп көрсетілген [5].

Діни бірлестікті қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уəкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уəкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. ҚР Азаматтық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң бойынша коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда жəне басқа да заң актiлерiнде көзделген негiзде жəне тəртiппен ерiктi түрде (оның мүлкiн иеленушiнiң немесе меншiк иесi уəкiлеттiк берген органның шешiмi бойынша, сондай- ақ бұған құрылтай құжаттарында уəкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша) жəне мəжбүрлеп (сот шешiмi бойынша) таратылуы мүмкiн.

Таратылған жағдайда мүлiктi пайдалану тəртiбi көп жағдайда жарғы негізінде əдетте екінші бір діни нанымы өздеріне жақын діни бірлестіктің құзыретіне өтеді. Сонымен қатар филиалдар мен өкiлдiктер туралы мəлiметтер болуға тиiс.

Дiни бiрлестiктiң жарғысында оның қызметiне қатысты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн. Мысалы, діни бірлестік жарғысында заңмен белгіленген құқықтарды өз қызметімен байланыстырып бекітіп қою керек (діни қызметпен айналысуға қатысты құқықтар, мемлекеттік немесе басқа да ұйымдармен қатынастарын құрудағы қолданылатын құқықтар, əр түрлі қызметтер жүргізу құқығы, мүліктік, ұйымдастырушылық сұрақтармен қатысты құқықтарының болуы). Жəне де дiни iлiм негiздерi мен дiни қызмет туралы мəлiметтерде негiзгi дiни идеялар, дiни бiрлестiк қызметiнiң нысандары, осы дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) жəне басқа да адамдардың неке мен отбасына, бiлiмге, денсаулыққа көзқарасының ерекшелiктерi, оның қатысушылары (мүшелерi) мен қызметшiлерiнiң конституциялық құқықтары мен мiндеттерiн iске асыруға көзқарасы қамтылуға тиiс.

Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы жəне өзге де ұсынылған құжаттардағы мəлiметтер дəйексiз болса жəне (немесе) құрылатын бiрлестiк дiнтану сараптамасының нəтижелерi негiзiнде дiни бiрлестiк ретiнде танылмаған жағдайларда дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартылады.

Осылайша, мемлекеттік тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалпы жəне арнайы негіздер бойынша жүзеге асырылады. Ол:

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабының 5-тармағына сəйкес жəне«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» Заңының 11-бабын бұзылған жағдайда, яғни, заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тəртiбiн бұзса немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сəйкес еместігі анықталса, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға əкелiп соқтырады.
  • «Діни бірлестіктер жəне діни бірлестіктер қызметі туралы» ҚР Заңның 17-бабы 1-тармағы бойынша құрылтай құжаттарындағы жəне өзге де ұсынылған құжаттардағы мəлiметтер дəйексiз болса жəне (немесе) құрылатын бiрлестiк дiнтану сараптамасының нəтижелерi негiзiнде дiни бiрлестiк ретiнде танылмаған жағдайларда дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартылады.

Тiркеуден бас тартылған жағдайда Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27-тарауына сəйкес сотқа шағымдануға болады [14].

Діни бірлестіктер «Əкімшілік рəсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының [15], Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке жəне

«Заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңын басшылыққа ала отырып [16], Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінің құқықтық көмек көрсету орталағымен тіркеу қызметі комитетіне шағымдана алады.

Р.Подопригораның ойы бойынша, діни сараптаманың қорытындысын жауапкер ретінде дін істер жөніндегі агенттікті тартып даулауға болады [8; 73].

«Елімізде діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңның 24-бабына сəйкес діни бірлестіктер заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жаңа талаптарға сəйкес өздерінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге міндетті болғандығын атап өткен болатынбыз. Осыған орай діни бірлестіктер аталған талаптар бойынша көзделген мерзімде діни бірлестіктер тіркеуден өткен болатын. Тіркеуден өткен діни бірлестіктер тізімі төмендегі кестеде көрсетілген [17].

К е с т е

Діни бірлестіктер тізімі

 

 

Е.Қ.Көбеев өз монографиясында аталған мəселені қарастыра отырып, бірінші кезекте мемлекет діни заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету керек, сонымен қатар діни бағыттарының даму тенденцияларын терең зерттеп, діни аядағы негативтік құбылыстардың алдын алуға байланысты жан- жақты жұмыс жасау керек дейді [18]. Заң орындалуымен құнды демекші, біз мақаламызды Діни істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шарифтің сөзімен аяқтағымыз келеді: «Ең алдымен, діни бірлестіктерді қайта тіркеудің əрбір діни бірлестіктің қызметі негізінде құралатын елдегі діни ахуалдың нақты жағдайы туралы мəліметтерді айқындай түсуге жəне жаңартуға мүмкіндік бергенін айтқым келеді. Бұған қоса, діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісінің нəтижесінде Қазақстандағы конфессияларды жіктеу жүйесі жетілдіріліп, олардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 19 маусымында «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестік ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта барлық облыстарда 2228 мешіт қайта тіркеуден өтті. Осылайша, Қазақстанның бірегей жəне біртұтас ислами ұйымы қалыптасты. Қазақстанның Православие шіркеуінде бірқатар құрылымдық өзгерістер болды. 17 қазанда 261 приход пен 9 епархияны біріктірген Митрополиялық округ те республикалық діни бірлестік куəлігін алды. Сонымен қатар жаңа заңға сəйкес православие дінінің аясында Армян апостолдар шіркеуі мен 8 көне əдет-ғұрыптар шіркеуі қызмет ете бастады. Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 79 субъектісі діни қызмет атқарады, 4 иудей қауымы мен 2 буддистік бірлестіктер тіркеуден өтті. Бұрын қызмет атқарған 666 протестанттық діни бірлестіктердің ішінен 462-сі, яғни 69 %-ы, қайта тіркеуден өтті, қалғандары таратылу үдерісінде. Дəстүрлі емес діни бірлестіктердің басым бөлігі қайта тіркелуге келмеді. Дəстүрлі емес 48 діни бірлестіктің ішінен 16-сы ғана қайта тіркеуден өткен, қалған 32 бірлестік, Əділет министрлігінің өтініші бойынша, сот тəртібімен таратылады. Жалпы, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 46 конфессия мен деноминацияларды біріктіретін 4551 діни бірлестік пен заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардан Қазақстанда 17 конфессия өкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік пен олардың филиалдары қалды. Осылайша, діни бірлестіктердің 32 %-ы, немесе үштен бірі, қысқарды» [19].

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы 1 қыркүйектегі Парламенттің Бесінші сессиясында сөйлеген сөзі // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.parlam.kz/ru/presidend-speech/27
  2. «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-ХІІ Заңы. Күші жойылды — ҚР 2011.10.11 № 483-ІV Заңымен // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z920004000_/links
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында Агенттік төрағасы Қ.Л. Шарифтің сөйлеген сөзі, Астана қ., 14 қыркүйек 2011 ж. // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://e-islam.kz/kz/contents/view/444
  4. Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы // Егемен Қазақстан 2011 жылғы 15 қазандағы № 497–500 (26892) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://kz.government.kz/docs/z110000048320111011~1.htm
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысымен қолданысқа енгізілді // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000 (26.11.2013 ж. жағдай бойынша)
  6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы коммерциялық емес ұйымдар туралы № 142 Заңы // Егемен Қазақстан 2001 жылғы 26 қаңтар № 16 (04.07.2013 ж. жағдай бойынша) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://kz.government.kz/docs/ z010000142_20130704~1.htm
  7. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сəуiрдегі № 2198 Заңы (2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51003592
  8. Подопригора Р.А. Комментарий к Закону Республики Казахстан «О религиозной деятельности и религиозных объе- динениях». — Алматы: Налоговый эксперт, 2013. — 212 с.
  9. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2013. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30119920&
  10. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2007 жылғы 12 сəуірдегі № 112 бұйрығы (19.06.2013. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30101493&
  11. Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы жəне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 Қаулысы // Егемен Қазақстан. — 2012. — № 83–84. 7 наур.
  12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Дінтану сараптама- сын жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31276984
  13. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету: Əдіст. құрал. — Астана: «Қазақстан Республикасының заң шығару институты» ЖШС, 2009. — 57-б.
  14. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Астана, 1999 ж. 13 шілде № 411-I) (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zakon.kz/Document/?doc_id=51013921&
  15. «Əкімшілік рəсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы // [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000107_/links
  16. «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы. — 2007. — № 2. — 17-қ.
  17. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.din.gov.kz/rus/religioznye_obedineniya/?cid=0&rid=596
  18. Кубеев Е.К. Теоретико-правовые аспекты развития конституционного строя Республики Казахстан: Монография. —Караганда: Изд-во КарГУ, 2012. — С. 480.
  19. Шəріп Қ.Л. Қазақстанның діни алаңы тазартылды // Егеменді Қазақстан. —2012. — 25 қазан.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.