Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортақ үлестік меншік құқықтық қатынастардың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің даму барысында меншік құқығын жүзеге асырумен байланысты мəселелер кешеніне ерекше назар бөлінеді. Меншік құқығының мемлекеттіліктің қалыптасуына тікелей əсер ететіндігін есепке алатын болсақ, тап соның жалпы мемлекеттік биліктің, оның ішінде Қазақстанның материалдық негізін қалыптастыратындығын, оған құқықтық, саяси жəне əлеуметтік тұрақтылық пен бір қалыптылық жəне тəуелсіздік беретіндігін, нарықтық қатынастардың қалыптасуына іргетас ретінде қызмет атқаратындығын көреміз жəне ол мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік қызметін жүзеге асырудың басым бағыты болып табылады.

Ортақ үлестік меншік құқығы меншік құқығының қосалқы институты бола отырып, үлкен маңызға ие. Үлесті меншіктік қатынастарға айрықша қызығушылық бірқатар факторлармен негізделген.

Біріншіден, тəжірибеде үлестік меншік туралы нормалардың қолданылуы жеткілікті түрде таралуына қарамастан, құқықтануда əлі күнге дейін үлестік меншіктің жекелеген теориялық мəселелеріне қатысты даулар жүруде. Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың субъективті құқықтарымен жəне заңды міндеттерінің мазмұны жеткіліксіз түрде зерттелген болып табылады, үлестің мəні мен мазмұны мəселесі даулы болып қалады. Осының барлығы ортақ үлестік меншік құқығын жүзеге асыру барысында пайда болған дауларды шешудің соттық тəжірибесінің тұрақтылығы мен біртұтастығына əрекеттеспейді.

Екіншіден, ортақ үлестік меншік құқығымен біріктірілген нормалардың қызметі келісіммен анықталған шарттарда мүлікті бірлесіп пайдалану жолымен өз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы субъектілердің мүмкіндіктерін құқықтық бекітуінде болып табылады, ол кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда өзекті. Аталмыш мəселелерді толыққанды зерделеу мақсатында ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу мақсаттырақ болмақ.

Ортақ үлестік меншік құқығы меншік құқығының бір түрі болып табылады, сондықтан ол да, меншік құқығы сияқты, заң əдебиеттерінде субъективті жəне объективті мағынада қарастырылады.

Н.И. Коваленконың пайымдауынша, ортақ үлестік меншік құқығы объективті мағынада бұл — «қалыптасқан бір тұтас толық мүліктің бір уақытта белгілі бір үлесте бірнеше тұлғаларға тиесілігі бойынша қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалардың жиынтығы» [1]. Мұндай түсінік заң əдебиеттерінде басымдылыққа ие, ол келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни зерттеулер барысында объективті мағынада ортақ үлестік меншік құқығының бір тұтас ұғымына қол жеткізілген. Аталмыш жағдай, сөзсіз, үлкен ғылыми құндылыққа ие. Сонымен қатар ортақ үлестік меншік құқығын осы қырынан оқу, зерттеу шынайылығына құқықта бекітілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру жолдары мен нысандарын енгізуге мүмкіндік бермейді. Тəртіп бойынша аталмыш мүмкіндіктерді жүзеге асыру құқықтық қатынастар аясында болады, себебі құқық тұтасымен жүйе ретінде қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Кез келген құқықты иеленушілер үшін тəжірибелік қызығушылық өздігінен құқыққа емес, ал оны жүзеге асыру нəтижесіне болады. Құқықпен берілетін мүмкіндіктер шынайы материалдық немесе өзге де құндылыққа тек құқықтық қатынастар аясында ғана айналады. Себебі тек сонда ғана құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерінің өзара байланысы көрініс табады. Тек құқықтық қатынастар абстракты заңдық нормаларды жекелеген байланыстардың жазығына «ауыстыруға» мүмкіндік береді, яғни осы аталмыш субъектілер үшін субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттер деңгейіне.

Құқықтың мəні оның жүзеге асырылуында ашылады. Ортақ үлестік меншікті реттеуші нормаларды талдау, егер зерттеу объектісі ретінде сəйкесінше құқықтық қатынастар түссе, мүмкін болады, себебі құқықтық қатынастар — бұл «құқықтың əлеуметтік жəне мемлекеттік институт ретіндегі əрекет ету салдары, нəтижесі» [2].

Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастарды зерттеуші авторлардың басым көпшілігі оның азаматтық құқықтық қатынастар жүйесіндегі жеке даралығы туралы қорытындыға келеді. Ортақ үлестік меншік құқықтық қатынастар меншіктік құқықтық қатынасы болып табылады. Оған меншік құқықтық қатынас ретінде меншік құқығын сипаттаушы бірқатар белгілер тəн. Сонымен қатар көп субъектілік құрамы тұрғысынан ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар басқада азаматтық құқықтық қатынастардан айрықшалайтын ерекше белгілерге ие.

Меншіктік қатынастарды реттеуші нормалардың жүзеге асырылуы абсолютті деп аталатын құқықтық қатынастар аясында болады, яғни меншік иесі мен міндетті үшінші тұлғалардың анықталмаған топтарымен құқықтық қатынастарында, үшінші тұлғаларға құқық иеленушінің құқықтарына қол сұқпау міндеттері жүктеледі. Меншік құқығының шексіз сипаты құқық иеленуші ретінде меншік иесінің иелігіндегі меншігіне «өз билігінің» толықтығының көрінісі болып табылады, оған басқа тұлғалардың барлығы қарсы тұрады — яғни, меншік иесінің заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыруға кедергі жасайтын əрекеттерден аулақ болу сияқты бəсең заңдық міндет жүктелгендер. Осы мəселені терең зерттеуші болып В.К. Райхер табылады. Əрі қарай бұл мəселе өз дамуын Ю.К. Толстойдың, К.Н. Наменгеновтың, С.С. Алексеевтің жəне басқа да ғалымдардың еңбектерінде тапты.

Азаматтық құқықтық қатынастардың абсолютті жəне салыстырмалы түрлеріне бөлінуі құқықтық қатынастардың субъектілер арасындағы байланыстардың құрылымына байланысты болады. Абсолютті құқықтық қатынастарда құқық иеленуші тұлғаға міндетті тұлғалардың анықталмаған саны қарсы тұрады. Ал салыстырмалы құқықтық қатынастарды құқық иеленуші тұлғаларға міндеттілер ретінде қатаң анықталған тұлғалар қарсы тұрады. Субъективті азаматтық құқықтарды абсолютті жəне салыстырмалыға бөлудің теориялық жəне тəжірибелік мəнін танитын авторлардың көзқарастарын бөлу қажет. Осы жіктелім бойынша меншік құқығы, сөзсіз, абсолютты құқықтар қатарына жатады. Құқық иеленуші субъекті ретіндегі меншік иесіне міндеттілер ретінде барлық үшінші тұлғалар қарсы тұрады, оларға меншік құқығын бұзудан аулақ болу міндеті жүктелген. Бұл тек меншік иесіне ғана мүлікті иелену, пайдалану жəне билік ету бойынша айрықша мүмкіндік берілуімен негізделеді. Басқаша айтқанда, меншік құқығының абсолютты сипаты оның мазмұнымен негізделген.

Алғашқы назарда өз табиғаты бойынша ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастарда абсолютты болып табылады. Бұл ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар меншіктік құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылғандықтан шығады, яғни ол негізінде оған абсолютты сипат беруі тиіс. Алайда ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастарды абсолютты құқықтық қатынастар деп тану — бұл əрбір ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынаста қатаң анықталған көп субъектілі құрамын елемеуді білдіреді. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардағы құқықтық байланыстардың табиғаты маңызды түрде күрделі болып табылады.

Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың құқықтық табиғатын талдау барысында, ең алдымен, оның көп субъектілікпен жəне объектінің бір тұтастығымен сипатталатынын ескеру қажет. Аталмыш құқықтық қатынастардың əр қатысушысына ортақ мүлікке иелену, пайдалану жəне билік ету құқықтары тəн. Алайда ортақ мүлікті пайдалану бойынша əр меншік иесінің заңдық мүмкіндіктері абсолютты сипатта ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынаста шектелген. Аталмыш құқықтық қатынастардың басқада қатысушылары осындай заңдық мүмкіндіктерді иеленуші болып табылғандықтан, олар шектеулі болады. Сондай-ақ осындай құқықтық қатынасқа қатысушылардың тобы қатаң анықталған. Бір тұтас объектіге бір текті субъективті құқықтардың болуы құқықтық қатынас қатысушыларының өзара қарым-қатынастарына үлестік сипатты береді. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың əрбір қатысушысы өз құқықтарын жүзеге асыру барысында өзге меншік иелерінің құқықтарын бұзбауы тиіс. Аталмыш міндетті жүзеге асыру өзге меншік иелерінің құқықтарын қалыпты жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен қатар меншік иелерінің аталмыш құқығына тұлғалардың анықталмаған тобының ортақ үлестік меншік қатысушыларының субъективті құқықтарын бұзудан аулақ болу міндеті сəйкес келеді. Осылардың барлығы ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастарда құқықтық байланыстардың ішкі жəне сыртқы деп аталатын екі түрінің бар екендігіне куəлік етеді.

Осыған байланысты ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастарды талдау құқықтық байланыстардың өзіне тəн жүйесін анықтауға мүмкіндік береді, онда меншік иелері бір-бірімен жəне үшінші тұлғалармен байланыста болады.

Əдетте құқықтық қатынастар туралы ілімде зерттеушінің назары ішкі құқықтық байланыстарға бөлiнеді, себебі құқықтық қатынастарға тəн барлық белгілер осы жерде үлкен нақтылықпен жəне көрнекілікпен анықталған. Алайда осындай жолмен алынған қорытындылар толығымен жоққа шығарылмауы үшін сыртқы тектегі құқықтық байланыстағы олардың дұрыстығын тексеру қажет.

Меншік иелерінің үшінші тұлғалармен заңдық байланыстары абсолютті құқықтық қатынастар тегінде құрылған. Мұндай құқықтық қатынастарда меншік иелері үшінші тұлғаларға қатысты бір тарап ретінде түседі. Осы құқықтық байланыстар бір субъектілі меншіктегі меншік иесінің үшінші тұлғалармен құқықтық байланысымен бірдей болып табылады, осы тұрғыдан ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастың ерекшелігін анықтау үшін аса қызығушылық тудырмайды.

Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастың мəнін оның қатысушыларының ішкі байланысы қалыптастырады. Ол сыртқы құқықтық байланысқа қарағанда салыстырмалы құқықтық қатынасты білдіреді. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастың субъектілік құрамы қатаң анықталған. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастың меншік иелеріне иелену, пайдалану, билік ету сияқты құқықтарынан басқа, ортақ мүліктен үлесін анықтау, оны бөлу жəне сатылатын үлестен сатып алудың басымдылық құқықтары да бар. Соңғы үш құқықтың болуы ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынасқа салыстырмалы сипат береді, себебі ол құқықтарды бұзбау міндеті ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларына жүктелуі мүмкін, ал сатып алудың басымдылық құқығын жүзеге асыру үшін бəсең түрде қалыс қалу жеткілікті емес. Керісінше, олардан ҚР АК 216-бабында көзделген белсенді əрекеттерді жасауды талап етіледі.

Үлестік меншіктік құқықтық қатынастар меншіктік құқықтық қатынастың бір түрі болып табылғандықтан, ол тек абсолютты құқықтық қатынас болып табылады, бекітіліп қалған көзқарас аталмыш құқықтық қатынасты талдауға қате пайымдауды куəлік етеді. Меншіктік құқықтық қатынастың кез келген түрі абсолютты құқықтық қатынас болып табылады дегенді аксиома ретінде қабылдау керек емес. Осы құқықтық қатынастардағы əрекет етуші байланыстарды талдау қажет жəне солардың негізінде аталмыш құқықтық қатынастардың құқықтық табиғатына қатысты қорытындылар жасауға болады.

Субъектаралық байланыстар тұрғысынан ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар салыстырмалы құқықтық қатынастарды білдіреді, себебі меншік иелерінің үшінші тұлғалармен құқықтық байланыстары ғана абсолютті сипатқа ие, бірақ бұл — сыртқы құқықтық байланыстар, ал өз кезегінде олар ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың ерекшелігін анықтауда шешуші маңызға ие емес. Жəне де бұл ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар меншіктік қатынастар болып табылмайды дегенді білдірмейді. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар меншіктік қатынастар болып табылады, себебі барлық меншік иелерінің құқықтарының жиынтығы ортақ мүлікке қатысты мүмкін болатын барлық құзырлығын қалыптастырады. Бұл аталмыш құзырлықтар шектелген өзге де заттық құқықтарға емес, ал тап осы меншік құқығына тəн. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар меншік иелері арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы құрастырылған. Ол меншік иелерінің үшінші тұлғалардың арасындағы абсолютты құқықтық қатынастарды қозғамайтындай етіп құрастырылған, себебі ол қатысушылардың өз араларындағы қатынастарға назарын шоғырландырады.

Жекелеген еңбектерде меншік иелерінің қатынастарының міндеттемелік сипатына көңіл бөлінеді. Авторлар ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардағы міндеттемелік табиғатты ортақ үлестік меншіктегі мүлікті күтіп ұстау бойынша ортақ үлестік меншікке қатысушылардың өзара шығындарында көрсетеді. Мысалы, Р.П. Мананкова былай деп жазады: «Меншік иелері арасындағы құқықтық байланысты жетік зерттеу барысында кейбір қатынастар өзінің табиғаты бойынша міндеттемелік-құқықтық деп танылу керектігі байқалады, мысалы, туындаған шығындар бойынша есеп айырысу барысында пайда болатын қатынастар ...» [3; 16].

Заттық жəне міндеттемелік-құқықтық қатынастарды тəжірибелік ажырату мəні келесіде, яғни заттық құқықтық қатынастар құзырлы тұлғаның өзімен тікелей əрекетімен жүзеге асырылады, ал міндеттемелік құқықтық қатынастар — борышқордың міндеттемесін орындауы арқылы жүзеге асырылады.

Меншік иелері арасындағы құқықтық байланыс салыстырмалы, бірақ оларды міндеттемеліктің қатарына қосу құқыққа сəйкес болмас, себебі бірде бір қатысушыда басқасына қатысты нақты бірде бір міндеттеме пайда болмайды. Қатысушыларда ортақ мүлікті ұстауға байланысты шығындарды көтеру міндеттемелері бар, алайда бұл міндеттеме субъектіге қатысты емес, ал объектіге байланысты туындайды, жəне де шығындар көлемі тəртіп бойынша үлестің көлеміне қарай анықталады. Қатысушылар арасындағы қатынастар қатысушылардың құзыреттіліктерін келістіру негізінде құрылады. Ортақ үлестік меншікке қатысушыларының барлығының құзырлары тең, ал мұндай міндеттемелік-құқықтық қатынаста жоқ. Бір қатысушының құқығын екінші қатысушының нақты міндеті толықтырмайды. Бір-бірлеріне қатысты қатысушыларда нақты міндеттер жоқ, тек құқықтар бар. Сондықтан да ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар — бұл заттық құқықтық қатынастар, себебі меншік иелерінің мүдделері меншік иелеріне міндетті тұлғаның белгілі əрекеттері арқылы материалдық құндылықтарды беруі есебінен емес, ал ортақ заттың пайдалы қасиеттері оның осы затпен тікелей əрекеттесуі арқылы қанағаттандырылады. ҚР АК 215-бабында қарастырылған мүлікті күтіп ұстауға байланысты шығындар бойынша есеп айырысу барысындағы меншік иелерінің өзара қарым-қатынастарының міндеттемелік табиғаты ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынасты міндеттемелік ретінде сипаттауға жеткілікті негіз болып табылмайды, себебі көзделген қатынастар ортақ үлестік меншікке қатысушының тап субъективті құқығымен немесе заңдық міндеттемесімен тікелей негізделмеген. Бұл міндеттемелік қатынастар ортақ үлестік меншікке құқықты жүзеге асырумен байланысты, содан туындайды. Алайда олар заттың ортақ үлестік меншік құқығына тиесілігі дерегінен туындамайды. Сондықтан да ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынасқа қатысушылардың қайсыбірімен ҚР АК 215-бабымен қарастырылған міндеттемесін оның үлесіне түсетін көлемнен артық орындауы нəтижесінде пайда болған қатынас, біздің көзқарасымыз бойынша, ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынас аясынан шығып кетеді, себебі олардың пайда болуы үшін затқа ортақ меншікті иеленумен қатар, қосымша заңды деректер қажет.

Заттық жəне міндеттемелік құқықтар — бұл өздерінің құқықтық табиғаты бойынша əр түрлі. Құқықтық қатынас бір уақытта міндеттемелік те, заттық та бола алмайды. Сондықтан міндеттемелік белгілері бар заттық құқықтық қатынас — бұл жаңсақтық, өз кезегінде ол заттардың шынайы көрінісін айқындауға жол бермейді. Заттық құқықты иеленуші, əрине, міндеттемелік құқықтық қатынасқа түсе алады, алайда бұл екеуі əр түрлі субъективті байланыстағы екі түрлі құқықтық қатынас, оларды бір арнаға тоғыстыруға болмайды. Заттық құқықты иеленуші міндеттемелік қатынасқа түсу барысында екі құқық түрінің қатар жүруі пайда болады. Барлық басқа үшінші тұлғаларға қатысты ол — сəйкес қорғау тəсілдеріне ие заттық құқықты иеленуші. Сондықтан əр түрлі құқықтардың бірігуі немесе жаңа кешенді құқыққа бірігуі туралы сөз қозғау мүмкін емес, ал ол өз кезегінде аралас сипатқа ие болуы мүмкін, яғни сөз заттық жəне міндеттемелік құқықтың түптетілуі туралы болып тұр. Алайда олардың түптетілуі тығыз жəне көлемді болуына қарамастан, ол заттық жəне міндеттемелік құқықтан басқа тіптен жаңа құқықты тудырмайды жəне туындатуы да мүмкін емес. Осыған байланысты заңдық əдебиеттерде көп жағдайда заттық құқықтар абсолютті, ал міндеттемелік құқықтық қатынастар салыстырмалы деген көзқарастар кеңінен тарағанымен, азаматтық құқық саласында қанша тырысқанмен міндеттемелік деп тануға келмейтін салыстырмалы құқықтық қатынастардың бар екендігін мойындаған жөн. Аталмыш құқықтық қатынастарда міндеттемеліктегі сияқты бір-біріне қарсы тұратын екі тараптың арасындағы қатынастар жоқ, қатысушыларды несие беруші деп те, борышқор деп те атауға болмайды, олардың арасындағы келісім ортақ мақсатқа бағытталған — ортақ мүлікке иеленуді, пайдалануды жəне билік етуді жүзеге асыру. Азаматтық құқықта салыстырмалы заттық құқықтық қатынастар тобының бар екендігі туралы М.К. Сүлейменовте өз еңбектерінде атап көрсетеді. Оның пайымдауынша, «азаматтық құқықта міндеттемелік болып табылмайтын бірқатар салыстырмалы құқықтық қатынастар бар» [4]. Солардың қатарында М.К. Сүлейменов виндикациялық жəне негаторлық талаптардан пайда болатын қатынастарды қарастырады, олар негізінде міндеттеме үлгісінде құрылады (мүліктік сипатта, несие беруші жəне борышқор деп атауға болатын құқылы жəне міндетті тараптың болуы), оларға теориялық тұрғыдан міндеттеме түсінігі таралуы мүмкін болғанымен, ондай болып табылмайды. Алайда М.К. Сүлейменовтің көрсетуінше, еш жағдайда да міндеттемелік деп тануға болмайтын салыстырмалы құқықтық қатынастарда бар. Бұлар қосалқы авторлардың арасында пайда болатын қатынастар — авторлық салыстырмалы құқықтық қатынастар, мұрагерлер арасындағы — мұрагерлік салыстырмалы құқықтық қатынастар жəне басқалары. Осылардың қатарына өзінің заңдық табиғаты бойынша, жоғарыда дəлелденгендей, ортақ үлесті меншіктік құқықтық қатынастарда болып табылады.

Осыған байланысты ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастар — бұл заттық салыстырмалы құқықтық қатынастар.

Меншік құқығын сипаттаушы белгілердің бірі өз қалауы бойынша иелену, пайдалну жəне билік ету құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Ол ортақ үлестік меншікке де тəн. Алайда ортақ үлестік меншікте бұл белгі субъектілердің көптігімен қиындатылған. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың барлық қатысушылары өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүлікке қатысты құқықтарын өз қалаулары бойынша жүзеге асыру үшін келісімге келулері қажет (ҚР АК 212-б. 1-т., 213-б. 1-т.) [5]. Келісім арқылы меншік иелері біртұтас мақсатқа жетеді — əрқайсысына тиесілі құқықтарды жүзеге асыру тəртібін орнату. Осыған байланысты аталмыш келісімді оның қатысушыларының ерік білдіруінің бір тұтас бағыттағы мəмле ретінде қарастыруға негіз бар. Құқықтарды жүзеге асыру туралы келісімді жасай отырып, меншік иелері ортақ мақсатқа қол жеткізуді көздейді — əрқайсысы үшін ортақ үлестік меншік құқығын жүзеге асыруға қолайлы құқықтық тəртіп орнату. Келісімнен туындайтын құқықтық қатынас салыстырмалы, себебі əрбір меншік иесі ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларынан белгілі бір əрекетті талап етуге құқылы жəне қол жеткізген келісімді орындауға міндетті.

Меншік құқығының маңызды белгісі мерзімінің шексіздігі болып табылады (ҚР АК 188-б. 4-т.) [1]. И.У. Жанайдаровтың пайымдауынша, мерзімінің шексіздігі қағидасы ҚР-да меншік құқығы оның уақытшалығы шартымен пайда бола алмайтындығын мегзейді, ал ол уақытша меншік иесі болу мүмкін емес дегенді білдіреді [6].

Мерзімінің шексіздігі белгісі меншіктік құқықтық қатынастар үшін ортақ болып табылады. Меншк құқығының бұл белгісі ортақ үлестік меншік құқығы үшін де тəн. Ортақ қағида ретінде бұл жағдай даусыз. С.В. Скрябиннің айтуынша, меншік құқығы «қандай да бір зат болғанға дейін ғана өмір сүреді» [3; 98]. Аталмыш пайымдауды екі жақты талқылауға болады.

Егер ортақ үлестік меншіктік нақты қатынасты, нақты қатысушыларымен жəне нақты объектімен қарастыратын болсақ, онда мерзімінің шексіздігін ортақ үлестік меншіктің белгісі ретінде келесідей талқылауға болады. Айталық, меншік иелері ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі затқа иеліктен шығару арқылы билік ету туралы пікір білдірді. Аталмыш жағдайда затқа ортақ үлестік меншік құқығы нақты меншік иелерінде тоқтатылса да, ол зат болып қала береді. Бұл затқа құқық иеліктен шығарылған соң басқа субъектіде пайда болады. Қарастырылған жағдайда ортақ үлестік меншік құқығының тоқтатылу кезеңі заттың зат ретінде жойылу кезеңімен сəйкес келмейді.

Екінші көзқарасты келесідей талқылауға болады. Айталық меншік құқығы зат болғанша ғана əрекет етеді делік. Бұл жағдайды дұрыс деп тануға болады, егер меншік құқығының əрекет етуі нақты субъектімен байланысты болмаса. Бұл жағдайда сату барысында меншік иелерінің ауысуы маңызды емес. Заттың қандай да бір адамның меншік құқығында бола беруі қажетті. Осы тұрғыда меншік құқығы заттың өмір сүруімен бірге жүреді деген пайымдау дұрыс. Алайда екінші көзқарас дара меншік үшін тəн. Егер ортақ үлестік меншікті қарастыратын болсақ, меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі мүлікті иеліктен шығарғаннан кейін де ол тағы ортақ үлестік меншік режиміне түседі деген кепіл қайда. Мерзімінің шексіздігі қағидасы меншік құқығы оның уақытшалығы шартымен пайда болуы мүмкін еместігін білдіреді, сондықтан белгілі бір уақытқа меншік иесі болуға болмайды. Меншік құқығының мерзімінің шексіздігі қағидасы оның меншік иесінің өз мүддесі үшін жəне өз қалауы бойынша жүзеге асыруын білдіреді. Осыған байланысты ортақ үлестік меншік мерзімі шексіз, себебі меншік иелері оларды осы құқықтың тоқтатылуын айта алмайды.

Осы орайда біртұтас объектінің болуы жəне арасындағы қатынастары үлестік сипатқа ие субъектілердің көптігі ортақ үлестік меншік құқығын жеке бір түр ретінде бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Ортақ үлестік меншік құқығын меншік құқығының бір түрі ретінде меншік құқығының кез келген түріне тəн ортақ белгілермен, сондай-ақ ортақ үлестік меншіктік қатынастарға ғана тəн арнайы белгілермен сипаттауға болады. Ортақ белгілер ретінде, мысалы, ортақ үлестік меншік құқығы материалдық құндылықтарды белгілі бір тұлғаларға тиесілі жағдайын бекітетіндігін, реттейтіндігін жəне қорғайтындығын айтуға болады. Ортақ үлестік меншік қатысушылары өздеріне тиесілі ортақ мүлікті өз қалаулары бойынша иеленеді, пайдаланады жəне билік етеді. Ортақ үлестік меншік құқығы мерзімі шексіз, себебі меншік иелері осы құқықтың оларда қанша нақты тоқтайтынын білмейді.

Сонымен қатар ортақ үлестік меншіктік қатынастарды басқа меншіктік құқықтық қатынастардан айрықшалауға мүмкіндік беретін келесідей арнайы белгілері де бар:

а) бір тұтас бөлінбейтін объектіде субъектілік құрамның көптілігі; ə) қатысушылардың ішкі жəне сыртқы байланыстарының болуы;

б) субъектілерде меншік иесінің əдеттегі құқықтарымен қатар, айрықша құқықтар қосатын бір текті субъективті құқықтардың болуы — үлестерге билік ету құқығы жəне сатып алудың басым құқығы;

в) меншік иелерінің өздеріне тиесілі үлестері көлемінде өзара байланысы;

г) ортақ үлестік меншік қатысушыларының өзара байланысының заттық, салыстырмалы сипаты.

Аталмыш қорытындыға жоғарыда қарастырылған мəселелерді жан-жақты зерттеу нəтижесінде келдік. Осы белгілерге аса ден қойылатын болса, ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың дұрыс дамуына, құқықтық тұрғыдан толық реттелуіне, соттық тəжірибелерде нормалардың дəл қолданылатындығына сеніміміз мол.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тагайназаров Ш. Общая долевая собственность в советском гражданском праве. — Душанбе: Ирфон, 1966. — С.
  2. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учеб. пособие. — Алматы: Жеті жарғы, — С. 93.
  3. Мананкова Р.П. Правоотношение общей долевой собственности граждан по советскому законодательству. — Томск: Изд-во Томск. ун-та, 1977. — 215 с.
  4. Сулейменов М.К. Субъективное гражданское право и средства его обеспечения в Республике Казахстан // Юрист. — 2005. — № 10. — С. 69–81.
  5. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принят Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (с измен. и доп. по состоянию на 26.12.2012 г.). — [ЭР]. Режим доступа: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1006061
  6. Жанайдаров И.У. Комментарий к главе 8 «Право собственности. Общие положения» // Гражданский кодекс Респуб- лики Казахстан (Общая часть). Комментарий (постатейный): В 2 кн. Кн. 2. — 2-е изд., испр. и доп. / Отв. ред. М.К. Сулей- менов, Ю.Г. Басин. — Алматы: Жеті жарғы, 2003.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.