Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прокуратура органдарының қызметін үйлестірудің нормативтік негіздерi

Құқыққорғау органдарының механизмінде прокуратураның орны құқыққорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тəртіпті қызметін үйлестіру кезінде, сонымен қатар қылмыспен күресуді қамтамасыз ету кезінде анық көрініс табады.

Осы уақытқа дейін қазіргі таңдағы заң əдебиеттерінде «құқыққорғау органдарының» түсінігі бойынша түрлі даулы жағдайлар туындаған. Мемлекет бойынша заңнамалық, не басқа да нормативті актілерде құқыққорғау жүйесінің түсінігіне, мазмұнына жəне құрылымына қатысты дұрыс анықтама берілмеген, бірақ көптеген заңдарда жəне басқа да нормативті-құқықтық актілерде бұл терминдер кең таралған.

Мемлекеттік-құқықтық     құрылымдарды     «қауіпсіздікті     қамтамасыз     ету     күштеріне»,«мамандандырылған қызметтерге», «құқыққорғау жүйесіне» сəйкес қатыстырған. Бұл түсінікті жағдай, өйткені осы органдардың міндеттері мен қызметтері əр түрлі терминдерді қалыптастыратын жалпы ортақ белгілерін құрайды. Салыстырмалы түрде, қазақстандық юриспруденцияда, құқыққорғау жүйесі туралы сөз қозғағанда авторлардың көбісі «қылмыстық əділеттің органдары» деген терминді қолдана бастады. «Құқыққорғау органдарының құрамына қатысты нақтылық жағдай қалыптаспаған (оның ішінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес институттарды жатқызамыз немесе қайсысын жатқыздыруға болмайды деген сұрақтар туындаған). Іс жүзіндегі заңнамада, сонымен қатар сот төрелігіне қатысты бұл проблемалық жағдай қараудан тыс қалған болатын» [1].

Осындай ерекше кеңестік заң ғылымындағы маркстік-лениндік идеологиясының басым болу жағдайы құқыққорғау жүйесімен байланысты проблемаларды зерттеу кезінде өз ізін қалдырды. Ұзақ уақыт бойы зеректік аппарат та болмаған. Құқыққорғау органдарын жіктеу бойынша арнайы зерттеулер, А.Г.Братко атап көрсеткендей, тек сексенінші жылдары ғана пайда болды. Оған дейін аталған проблема əлеуметтік заңдылық жəне құқықтық тəртіпті сақтау контексінде қарастырылған [2].

Қазақстанда тəжірибедегі қызметкерлер құқыққорғау органдарына ішкі істер органдарына, қаржы полициясына, ұлттық қауіпсіздік комитетіне, кеденге жатқызылған.

Оқу-əдістемелік кешеннің авторлары құқыққорғау органдарына жəне мекемелеріне Контистуциялық Кеңесті, соттарды, прокуратураны, əділет органдарын, адвокатураны, қылмыстық қудалау органдарын (Н.А.Бекбергенов); соттарды, прокуратураны, əділет органдары мен мекемелерін, адвокатураны, ІІМ, салық қызметтерін (салық полициясын) (М.К.Самалдықов 1996 ж. жағдай бойынша); Г.Ж.Сүлейменов жəне Р.Т.Түсіпбеков қазіргі қазақстандық құқықорғау органдарының кең тізімін ұсынған. Авторлар құқыққорғау органдарына соттарды, соттардың қызметін ұйымдастыратын органдарды, Конституциялық Кеңесті, Əділет министрлігі жəне оның органдары, прокуратураны, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тергеу жəне анықтау органдарын жəне адвокатураны жатқызды. «Құқыққорғау органдары» деген атауы бар 2002 жылдың заңнамалық актілердің жинағында «2002 жылдың 1 қаңтар бойынша) құқыққорғау органдарына прокуратура; ішкі істер; ұлттық қауіпсіздік; соттар; жол, əскер жəне қаржы полициясы, кеден қызметі; Қазақстан Республикасы Президентін күзету бойынша қызмет; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігі жатқызылған. 1998 жылы 23 шілдеде бекітілген «Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының Үйлестіру кеңесі туралы» ережесі бойынша Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің бірінші ұйымдастырылған отырысында құқыққорғау органдары туралы Үйлестіру кеңесінің құрамына кірген мемлекеттік органдарының басшыларының тізімі бойынша байқауға болады. Сол кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ішкі істер министрлігі, Əділет министрлігі, Қаржы минстрінің бірінші вице-министрі, Салық полициясы комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының қаржы министрлгі Кедендік комитетінің Төрағасы.

Кең мағынада мемлекетттің кез келген жүйесі өзінің негізінде құқыққорғауды жүзеге асыратын қорғау қызметін атқарады, бірақ та бұл жүйені əлеуметтік негізделген деп санауға болмайды. О.И. Чердаковтың пікіріне сəйкес, «кейде құқыққорғау жүйесі мемлекеттің жəне оның заңнамалық актілердің ерікті нəтижесі болып табылады. Құқыққорғау жүйесінің қалыптастыратын көптеген факторлар жəне алғышарттар бар. Олардың көптілігі құқыққорғау объектісін қалыптастыратын əлеуметтік мүдделердің көп түрлілігімен анықталады — осындай пікір мемлекетте құқыққорғау жүйесінде прокуратураның орнын қарастыруды пайдалануы мүмкін» [3].

«Құқыққорғау қызмет туралы» ҚР Заңын 2011 жылы 6 қаңтарда қабылдағаннан кейін, заң шығарушының құқыққорғау органдарына қатысты көзқарасы анықталды [4]. Құқыққорғау жүйесі, осы заңға сəйкес, мемлекеттік орган болып саналады, ол мемлекеттің адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, жеке жəне заңды тұлғалардың заңды мүдделерін сақтайтын мемлекеттік орган болып табылады.

Құқыққорғау органы өзінің құзырына сəйкес қылмыстылықпен жəне өзге де құқықбұзушылықпен күресу бойынша мемлекеттің саясатын жүзеге асырады, заңдылықты жəне қорғамдық тəртіпті сақтау, құқықбұзушылықты зерттеу, ашу, ескерту, алдын алу сияқты арнайы өкілеттіктерге жəне қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін орындау бойынша өкілеттіктерге ие.

Құқыққорғау қызметі туралы» ҚР Заңын 3-бабында құқыққорғау органдарының тізімі көрсетілген. Құқыққорғау органдарына ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, қылмыстық- атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қазақстан Республикасының кедендік органдары жатады.

Сараптамалық қорытындыларды кейбір авторлар «Құқыққорғау қызметі туралы» ҚР Заңы құқыққорғау органдарын тек мемлекеттік құрылым жəне «қылмыспен күрес бойынша мемлекеттің саясаты» жүзеге асыратын құқыққорғау органдары ретінде қарастырады [5].

Қылмыстылықпен күресу жəне құқықбұзушылықпен күресу бойынша құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіретін прокуратураға жүктелген міндеттерге қатысты заңшығарушының көзқарасы біркелкі болып табылмады. Бұл міндет прокуратурадан алынып жəне арнайы құрылған мемлекеттік құрылымдарға жүктелген (1989 ж. қылмыстылықпен күресу бойынша Уақытша комитет), (Құқыққорғау органдары қызметін үйлестіру бойынша 1991 ж. комитет).

«Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1992 жылдың 17 қаңтарында қабылданған Заңда прокуратура органдары құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма болмаған. Келесідей 1994 жылы шілде айында прокуратураға үйлестіру қызметін қайтарып, бірақ та 1995 жылы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» № 2709 заңдық күші бар Заңы ҚР Президентінің Жарлығымен қайтадан прокуратура органдары осы міндеттен айырылды. Заңшығарушының 1998 жылдың шілде айында құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын прокуратураға бұл міндетті қайтарып беруі түсініксіз болып отыр.

Құқыққорғау органдарының қылмыстылықпен күресу бойынша қызметін үйлестіру прокуратура органдарының қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Прокуратура органдары туралы заңнамаға қосылған соңғы толықтырулар прокуратура органдарының қызметінде қаншалықты маңызды екендігін көрсетті.

Прокуратураға жүктелеген үйлестіру міндеті құрылған кезден бастап пайда болды. Прокуратураның даму үрдісінде осы бағыттың мазмұны, пəні жəне құқықтық реттелуі əр түрлі себептер бойынша өзгеріп отырды.

Үйлестірудің этимологиялық түсінігін қарастыра отырып, біз келесілерді анықтаймыз, яғни, үйлестіру «келісу, қалыпқа келтіру, тəртіпке келтіру, сəйкестендіру» деген мағыналарды білдіреді. Құқыққорғау органдарына қатысты қолданылатын үйлестіру бойынша əр түрлі мемлекеттік органдардың өзара келісімділік қызметі жəне құқықтық тəртіпті нығайту жəне қылмыспен күресу бойынша бірлескен қызметтері ретінде қолданылады. Ресей ғалымдардың пікірінше, «үйлестіру түсінігіне анықтама беретін келесідей ұғым ретінде қарастырады: «қызметтердің келісуі» ретінде, сонымен қатар «келісілген əрекеттерді дайындау жəне жүзеге асыру» ретінде. Сонымен қатар үйлестіру құқыққорғау органдарының бірлескен қызметі емес, үйлестіру мемлекеттік функция жəне бұл функцияны жүзеге асыратын тек қана прокуратура органдары болып табылады. Үйлестіру қызметін жүзеге асыру барысында прокурор қылмыстылықпен күрес бойынша құқыққорғау органдарының қызметіне ықпал етіп, оларды біріктіріп жəне үйлестіріп жүзеге асырады. Үйлестіру əрекеттерді біріктіру тəсілі ретінде қарастырып, ал келісілген қызметті біріктірілген кейінгі оң нəтижесі ретінде қарастыруға болады [6].

Ресей Федерациясының тəжірибелік қызметкерлері өздерінің пікірлерінде «үйлестіру қызметін əрі қарай дамыту қажеттілігі туралы сөз қозғайды, үйлестіру туралы жаңа ережені қалыптастыруы қажет, сонымен қатар прокурордың үйлестіруші ретіндегі мəртебесін көтеру қажет, оған тиісті үйлестіру регламентін жəне қабылданған шешімдерді орындамағаны үшін тиісті жауапкершілікті орнату туралы сұрақтарды қамтитын құқықтармен қамту қажет, біздің ойымызша, бұл жағдайлар құқыққорғау қызметінде жалпы жалпы оң көрініс береді» [7].

Біздің мемлекетімізде № 68 2011 жылы 2 мамырда қабылданған ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмыспен күресуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үйлестіру кеңесі туралы жаңа ереже қабылданды. Бұл Ережеде, біздің пікірімізше, Үйлестіру кеңесінің келісілген шешімдерін орындау бойынша əрбір мемлекеттік орган басшысының жауапкершілігі туралы өзінің көрінісі қалыптасқан. Содан басқа үйлестіру келесідей негізде жүзеге асырылған: заңдылықты сақтау, қылмыспен күресу бойынша мақсаттар мен міндеттерді күшейту, заңдылықты жəне құқықтық тəртіпті нығайту бойынша мемлекеттік органдардың күштерін біріктіру; шешімдерді қабылдау жəне ұсыныстарды енгізу бойынша ведомстволардың теңдігі жатады. Үйлестірудің негіздеріне сонымен қатар мемлекеттік органдардың іс-шараларды, ұсыныстарды жүзеге асыру кезіндегі ұйымдастыру-тарату қызметіне кедергі келтірмеу; күрделі құқықтық мəселелерді шешу кезіндегі бір бағытты қолдану; адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы жəне заңмен қорғалатын құпия туралы заңнамалардың талаптарына қайшы келмейтін жариялылықтың болуы қажет.

Ғалым жəне тəжірибешілердің прокурорлық қадағалаудың проблемалық жағдайымен айналысатын ұсыныстары іс жүзіне асырылды, яғни Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының Үйлестіру кеңесі туралы ережесін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекіту қажет. Олардың ойынша, бұл «Үйлестіру кеңесі қызметінің нормалық жағдайын жəне тиімділік деңгейін арттырады» деген пікірде болған [8].

Үйлестіру кеңесінің өзгертілген міндеттері функциялар жəне өкілеттіліктер зейінді аудартады.

Қазақстан Республикасында заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмыспен күресуді қамтамасыз ету бойынша Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

  • құқыққорғау жəне басқа да мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты жəне құқықтық тəртіпті, сонымен қатар қылмыспен күресу бойынша қызметті үйлестіру;
  • құқыққорғау қызметінің тиімділігін арттыратын жəне оны құқықтық жетілдіруге бағытталған құқыққорғау қызметінің жекелеген ұсыныстары мен əркеттерін дайындау;
  • қылмыстылықтың жағдайын талдау жəне талқылау негізінде орналасқан қылмыстылықпен күресуге бағытталған негізгі бағыттарды анықтау, сонымен қатар оның құрылымын жəне динамикасын, қылмыстылықтың даму тенденциясын жəне басқа да құқықбұзушылықтарды болжамдауды анықтау.

Заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмыстылықпен күресуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үйлестіру кеңесі келесі функцияларды жүктейді:

  • қылмыстылықпен күресу бойынша жəне құқықбұзушылықпен күрес бойынша стратегияны дайындау, осы жұмысқа сəйкес мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды жəне бұқаралық ақпарат құралдарын тарту қажет. Құқыққорғау органдарының жүйесіндегі, криминогенді жағдай қалыптасқан аймақтарда жұмысындағы негізгі басым бағыттар болып, қылмыстардың оқыс аймақтағы жəне жалпы алғанда мемлекетте алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру;
  • келісім бойынша құқыққорғау органдарының, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдардың қылмыстылықтың алдын алуға қатысатын органдардың материалдық-техникалық базасын пайдалану;
  • құыққорғау жəне басқа да мемлекеттік органдардың азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның жəне мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, қылмыстылықпен күресу бойынша қызметіне талдау жүргізу;
  • қауіпті жəне таралған қылмыстық қолсұғушылық əрекеттерді ұйымдастыратын топтар пен қылмыстық қауымдастықтармен күрес бойынша бірлескен іс-шараларды дайындау, келістіру жəне атқару;
  • тəжірибені зерттеу кезіндегі қылмыстарды зерттеу, ашу, алдын алу;
  • қылмыстылықпен күресуге бағытталған жəне басқа да құқықбұзушылықтармен күресуге бағытталған заңнаманы тəжірибеде қолдану. Заңдылықтың жəне құқықтық тəртіпті нығайту бойынша заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентіне жəне Қазақстан Республкасының Үкіметіне жариялау;
  • Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесімен өзара əрекеттесуді жүзеге асыру, құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіру бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру;
  • ынтымақтастық негізде кадрларды дайындау жəне біліктілігін арттыру бойынша бірлескен түрде шараларды жүзеге асыру.

Іс жүзіне қазақстандық авторлардың ұсыныстары іске асырылған, «Прокуратура туралы» ҚР Заңын келесі тараумен толықтыру қажет. Бұл үйлестірудің құқықтық жəне ұйымдастырушылық сұрақтарын регламентациялайтын прокуратураның функциясын дербес қарастыруға мүмкіндік береді. Бірақ та жеке тарауды енгізу іске аспады, өйткені 29.12.2010 ж. қабылданған «Прокуратура туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, прокуратура органдары заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмыстылықпен күресті үйлестіреді деп көрсетілген.

Қазіргі кезде Қазақстанда қылмыстылықтың жағдайы, əсіресе онымен күрес жəне оның алдын алу, сонымен қатар құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіру саласында ұйымдастырушылықты жəне заңнамалық бекітуді талап етеді. Осыдан басқа құқыққорғау органдарының қызметін үйлестірудің тəжірибелік жəне теориялық негіздерін ғылыми жағынан зерттеуді талап етеді [9; 71].

Құқыққорғау органдарының қызметін теориялық жəне тəжірибелік жағынан реттеу бойынша авторлар тар ведомстволық мүдделер қылмыстылықпен күрестің төменділігі кедергі келтіреді. Бұл жағдайда прокуратура құқыққорғау органдарының қызметінде реттеуші ретінде орын алады.

Үйлестіруді жетілдіру бойынша жеке авторлармен айтылған пікірлерге көңіл аудару қажет. Г.К.Утибаев келесі бағыттарды ұсынады, оның пікірінше, үйлестіру қызметін жетілдіретін қажетті жағдайлардың бірі болып:

  • құқыққорғау органдарының қызметіне негізделген қаржылық-экономикалық кепілдендірілген негіздердің дербестілігі жəне тəуелсіздігі;
  • əлеуметтік əділдіктің қағидалардың бұзылуы туралы шешілмеген проблемалар;
  • кадрларды іріктеу жəне құқыққорғау органдарында қызметкерлердің моралді-іскерлік жəне кəсіби қасиеттері əр кезде сəйкес келмейді, осы жағдай бойынша жерлестік, туысқандық жəне«таныс» жағдайлар кездесіп жатады;
  • құқыққорғау бағытында қоғамдық қызметтің құрылуының қайта дамуы қажет;
  • үйлестіру кеңестеріндегі қызмет бұқаралық ақпарат құралдарына дұрыс жəне нақты, объективті түрде жеткізілмейді;
  • КСРО кезінде болған қылмыстылықтың көрсеткіштері сол қалпында өзгерген жоқ;
  • қылмыстылық құқыққорғау органдарына қарағанда жедел жəне сəтті қозғалады, сондай-ақ əлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейім болады;
  • қазіргі заманның құқыққорғау жүйесі жазаны болдыртпайтын дəрежеге əлі де келген жоқ.

Құқыққорғау органдардың функционалдық міндеттерінде қылмыстылықтың алдын алуы қысқартылған нысанда қалыптасқан, яғни құқықтық насихаттан бөлек жүреді [9; 74].

Бас прокурордың төрағалық етуімен 23.08.2012 жылы қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша мақсаттар мен міндеттердің бірлестігі, заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту бойынша құқық қорғау органдарының қызметін Үйлестіру кеңесі отырысы болды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес мемлекет əрбір адамға құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік береді. Бұл аспектіде қылмыспен келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде тұлға құқықтарының қамтамасыз етілуі де аса маңызды мəселе. Бұл жұмыстарды жүргізуде жедел іздестіру қызметі, алдын ала тергеу жəне анықтау, сонымен қатар атқарушылық өндіріс органдары өзара үйлесімді қызмет атқаруы тиіс [10].

Автормен келісе отырып, осы уақытқа дейін «Алдын ала тергеу жəне тергеушінің мəртебесі туралы» заң жобасы əлі де дайындалмағанын көреміз. Қылмыстылықпен күрес кезінде тергеушінің ролі шешуші ролді ойнау керек. Бұрынғы Конституциялық Кеңестің төрағасы болған Ю.А.Хитрин былай айтып кеткен екен: мемлекет «гипертрофқа ұшырған» деп, сот билігіне көп көңіл бөліп, мемлекет құқыққорғау жүйесіне тиісті көңіл бөлмейді, «кадрлардың таратылуы» қылмыскерлерге бұл тиімді. Барлығымыз тергеудің прокуратурадан бөлінгеніне күə болдық, МТК құрылуы мен қысқартылуы 2 жылдан артық жұмыс атқармады. Сол кезде қаншама тергеушілер жоғалған еді, оларды ешкім санамады.

Автордың барлық ұсыныстарымен келіспейміз. Материалдық қызушылық болса да, қоғамдық құрылу қызметінің тиімділігіне онша сенім жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында Үйлестіру кеңесінің қызметінің əрекеті туралы жариялау туралы прокуратура əр кезде жариялылық қағидасын ұстанбайды. Мамандармен жіберілген аймақтық деңгейдегі үйлестіру кеңесінің кемшіліктері туралы айтатын болсақ, келесілер анықталады: үйлестіру кеңесін ұйымдастыру кезінде қатысушылардың формалдық қатынасы; үйлестіру кеңесінің отырысын дайындау жəне жүргізу бойынша, үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарына құқыққорғау органдарының қызметі туралы сұрақтары, оның ішінде осы аймаққа өзекті болып табылмайтын, заңдылықтың жəне криминогенді жағдайды есепке алмаған кезде; жоспарланған сұрақтарды уақытында қарастырмау, сонымен қатар жұмыс жоспарына сəйкес іс-шараларды орындамау; үйлестіру кеңесінің шешімін орындауға дұрыс бақылау жүргізбеу жатады.

Біздің ойымызша, кейбір авторлармен ұсынылған «қылмыстылықпен күрес бойынша құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіру туралы» немесе «мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың жəне ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша қылмыстылықпен күрес жəне басқа да бұзушылықтары туралы» ҚР Заңдары қабылданбайды. Бəрінен бұрын қолданыстағы нормативтік актіні нақты мазмұнмен толықтыру қажет.

Үйлестіру қағидасы Үйлестіру кеңесінің бірлескен шешімін орындау кезінде əрбір мемлекеттік органның басшысының жауапкершілігі мифтік емес, нақты болуы қажет.

Құқыққорғау органдар органдарының қызметін Үйлестіру кеңесі отырысы 28 мамыр 2013 жылы өтті. Аталған шара барысында заңсыз сақталған қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу болдыртпауы туралы сұрақтар қарастырылды. Бұл сұрақтардың маңыздылығы қоғамдық қауіпсіздік мен тəртіпті қамтамасыз ету, ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес жүргізумен байланыстылығында [11]. Үйлестіру ретінде прокурордың мəртебесін арттырып, оған тиісті үйлестіру регламентін жəне қабылданған шешімдерді орындамағаны үшін жауапкершілікті қолдану құқығымен қоса тиісті өкілеттілікті бекіту қажет. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметін үйлестірудің нормативтік негіздерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табуда.

 

Əдебиеттер тізімі

  • Лукичев Ю.А., Вахмистров С.И. Правоохранительные органы Российской Федерации: Учеб.-метод. комплекс. —СПб.: Изд. дом Герда, 2002. — С. 212.
  • Братко А.Г. Правоохранительная система. (Вопросы теории). — М.: Юрид. лит., — С. 50.
  • Чердаков О.И. Место и роль прокуратуры в правоохранительной системе советского государства в период его ста- новления и развития (1917–1936 гг.) // Государство и право. — 2003. — № — С. 86.
  • Закон РК «О правоохранительной службе» № 380-IV ЗРК от 6 января 2011 г. // Казахстанская правда. — 2011. — 19 янв. — С.
  • info@lprc.www.iprc.kz
  • Шалумов М.С. Проблемы функционирования российской прокуратуры в условиях формирования демократического правового государства: Дис. д-ра юрид. наук. — Екатеринбург: Урал. гос. юрид. акад., — 247 с.
  • Зайцев С. Профилактика преступлений и правонарушений: координация и прокурорский надзор // Законность. — 2009. — № 8. — С.
  • Бахтыбаев И.Ж. Концептуальные основы деятельности прокуратуры Республики Казахстан по обеспечению закон- ности: Моногр. // Под общ. ред. Р.Т.Тусупбекова. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. — С. 295,
  • Утибаев Г.К. Развитие прокурорского надзора в координации деятельности правоохранительных органов Республики Казахстан // Вестн. Ин-та законодательства Республики Казахстан. — — № 4. — С. 71–74.
  • http spy.kz/.../O-zasedanii-Koordinacionnogo-soveta-po-obespecheniju.
  • inform.kz/rus/artikle/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.