Қылмысқа қатысу — бұл қылмыстық iс-əрекеттiң ерекше түрi, оның мəнiн бiрлескен қылмыстық iс-əрекет құрайды. Қылмысқа қатысу нысанын айқындау бiрлескен қылмыстық iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi деңгейiн сипаттауға, мұндай iс-əрекеттiң дұрыс сараптамасын беруге, қылмысқа қатысушылардың жауапкершiлiк шектерiн анықтауға мүмкiндiк береді.
Қылмысқа қатысу нысандарын қоса ұйымдастырушылықтың деңгейіне байланысты жіктеуге болады. Əдетте қоса ұйымдастырушылық деп құбылыстың ішкі тəртібін, оның элементтерінің өзара байланыстарының жүйесін түсінеміз. Сондықтан да осындай өзара байланыстардың жүйесін түсінуге өте маңызды, оның ішінде оны қандай элементтер құрайтыны, құбылыстың элементтерінің өзара байланыс құрылымы қаншалықты қатаң екені, жүйе неғұрлым ұзақ əрекет етуге, құлдырауға немесе оның бұзылуына қатысты сыртқы ықпалына қаншалықты дайын екені аса маңызды. Қылмысқа қатысу жүйе ретінде қылмысқа қатысушылардан (орындаушылардан, ұйымдастырушылардан, азғы- рушылардан, көмектесушілерден), олардың функционалды жəне субъективтік байланыстарынан тұрады. Бұл байланыстар жинақтай келе ұйымдастырушылықтың деңгейін көрсетеді, қоса ұйымдастырушылықта басқа ештеңе жоқ. Қоса ұйымдастырушылықты анықтауда ерекше мəселелер туындау мүмкін емес, қылмысқа қатысушылардың қызметтерін, олардың өзара байланыстарын, сондай-ақ субъективтік байланыстың тұрақтылық деңгейін анықтау жеткілікті, өзара байланыстар, неғұрлым күрделі болса, олардың деңгейлері неғұрлым терең жіктелінсе, сонымен қатар қылмыстық ұйымдардың бағытталу шеңбері əлеуметтік институттарға қарағанда неғұрлым кең болса, соғұрлым қылмысқа қатысудың қоса ұйымдастырушылығы жоғары, ал қоса ұйымдастырушылықтың деңгейі соғұрлым жоғары немесе төмен болады. Мəселелер қандай да бір субъектілердің мінез- құлықтарының функционалды оқшаулануға айқындық жоғалғанда, қандай да бір байланыстардың қылмыстық мағынасында, оның ішінде субъективтік байланыстардың тұрақтылығында туындайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 31-бабында көрсетiлгендей, ұйымдасқан қылмыстық топ жинақтала түссе немесе екi немесе одан да көп ұйымдасқан қылмыстық топтар ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды ұдайы iстеу мақсатында бiрiксе, ол өзiнiң сапасы бойынша қылмысқа қатысу нысанынан қылмыстық қауымдастық (сыбайластық) түрiне өтедi. Олар бiрiккен не құрылған сəтiнен бастап, қылмысқа қатысу нысанының жауапкершiлiгi ауыр түрi, қылмыстық ұйым ретiнде саналады.
Қылмыстық сыбайластық — кейбір тұлғалардың топтық бағытталуы максималды түрде көрініс табатын топтық ұйым. Осылай деп біз ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы айтқан кезде түсінеміз; осы көп жағдайда демократиялық қоғам жағдайында қол жеткізбес күйге ұшырайды. Тұлғалардың осындай ұйымында «қылмыскерлер байланысының» белгілі бір тұрақты ұйымдастырушылық нысандары қалыптастырылады, мақсаты қылмыспен айналысу болып табылатын берік қылмыстық сыбайластық құрылады.
Жоғарыда көрсетілгеннен қылмыстық құқық теориясында бұл қатысушылықтың нысаны бұрыннан белгілі екені көрініп тұр, бірақ авторлар оны ұйымдасқан топтың ішіне кіргізді немесе қатысушылықтың дербес нысаны ретінде бөлді. Заң шығарушы ұзақ уақыт бойы қылмыстық сыбайластықты Ерекше бөлімде дербес қылмыс түрлері ретінде көрсетті (бандитизм, сөз байласу т.с.с.).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-б. 4-б. қатысушылықтың аса қауіпті нысаны ретінде көрініс тапты: «Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады». Біздің ойымызша, бұл анықтама қанағаттанарлықсыз.
Зерттелетін қатысушылық нысанның екі атауы түсініксіз — қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым), осыдан аталған санат терминологиялық қатаңдықтан айрылып отыр. Осы жерден заңнама синонимдердің пайдалану аясын тар ғып көрсетеді жəне қылмыстық сыбайластықты ұйым- дасқан топ арқылы анықтауға мəжбүр болады, ол бірнеше сұрақтарды тудырады: «Қатысушылықтың осы нысандары бір-бірімен қалай əрекеттеседі», «қылмыстық сыбайластық ұйымдасқан топ болып саналады ма» деген сұрақтар туындайды.
Кез келген жіктеудегі басты ережелердің бірі — белгіленген топтың толық дербестігі. Сондықтан да бүгінгі таңда заң шығарушы қоғамға ҚР ҚК 31-баптың 1-4-бөліктерінде қарастырылған жіктеуді қылмысқа қатысудың дербес нысандарына ма, əлде өзара орындарын ауыстырған топтарға бағыттады ма деген сұраққа жауабын таба алмады. Кейбір ғалымдар қылмыстардың түрлерінде туындаған ара-қатынастылықты олардың бөліктерінің шағылысу ара-қатынасы ретінде қарастырғысы келеді, бірақ бұл жағдайда нақты жəне анық заңның орнына біз тек болжаулы білімдердің нəтижелер алуымыз мүмкін. Сондай-ақ бұларды сот өзінің қалуына қарай қолданады (ұйымдасқан топты алдын ала сөз байланысусыз адамдар тобы ретінде танығысы келсе, таниды). Бұндай көзқараспен келісуге болмайды. Сонымен қатар бұл тұтастай заңға сəйкес келмейді. 1 жəне 2-бөлімді салыстыру олармен белгіленген қылмысқа қатысу нысандарының толық жекеленгенін көрсетеді, яғни алдын ала сөз байланысусыз адамдар тобы алдын ала сөз байланысумен топ бола алмайды, тура бұл жағдайды 2 жəне 3 бөлімдерді салыстыру арқылы анықтаймыз, себебі алдын ала сөз байланысумен адамдар тобы ұйымдасқан топ бола алмайды. Бірақ ҚР ҚК 31-б. 4-б. «қылмыстық сыбайластық» ұғымын белгілеуде оны ұйымдасқан топтың түрі ретінде айқындайды. Бұл жерде заң шығарушы оның екінші түрін анықтауы тиіс (топ 1 кіші топтан тұра алмайды), не болмаса оны ҚР ҚК 31-б. 3-б. қарастырылған ұйымдасқан топтың екінші түрі ретінде тануы қажет. Тек сонда ғана ҚР ҚК 31-б. 1 жəне 2-б. көрініс тапқан қылмысқа қатысу нысандарына қарама-қайшы қоя алатындай, ұйымдасқан топтардың класын белгілеуі мүмкін. Заңда ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықты белгілі бір дəрежеде теңестіру толығымен қолайсыз нəтижелерге əкелді, бұл жөнінде кейін айтылады. Біздің ойымызша, қылмыстық сыбайластық, қылмысқа қатысудың барлық қалған нысандарындай, өзінің арнайы белгілеріне ие дербес заң шығарушы категория ретінде ұсынылуы керек.
Ұшырасатын мəн-жайлардың екіншісі — заң шығарушымен қылмыстық сыбайластықтың екі түрлігін регламентациялау: берік (сплоченная) ұйымдасқан топ пен ұйымдасқан топтардың бірлестігі. Соңғысы заң шығарушымен дəлелсіз құрылды деп саналады. Оны қарастырудың барысында 2 нұсқа болуы мүмкін: қылмыстық сыбайластықпен қандай да бір ұйымдасқан топтарды толық қамтуын талдау, сондай-ақ белгілі бір ұйымдасқан топтардың қылмыстық сыбайластықтарға жекелей енуін талдау. Аралық нұсқалар болуы мүмкін, бірақ негізгі мағына онда емес. Бірінші жағдайда жеке ұйымдасқан топтар өзінің міндеттері мен мақсаттарымен қоса қылмыстық сыбайластыққа кіріп, оның мақсаттары мен міндеттеріне бағынады. Тиісінше бұл уақытта ол өз мақсаттары мен міндеттерін жоғалтады немесе олардың жүзеге асыруын болашаққа, кейінге қалдырады. Осылайша, тұтас берік ұйым пайда болады жəне бұнда сыбайластықтың міндеттерінен тысқары жатқан ұйымдасқан топтардың дербестігіне орын жоқ. Дегенмен, қылмыстық сыбайластықтың қандайда бір қалаларда филиалдарын құру мен оның өзімен бірге сол қалаларда қылмыстық бірлестіктерді қамтығанның арасында айырмашылығын көре алмаймыз. Екіншіден, жағдай аз ерекшеленеді: қылмыстық сыбайластыққа кірген ұйымдасқан топтардың қызметтері сыбайластықтың жалпы мақсаттары мен міндеттеріне бағынып, өзінің дербестігін жоғалтады. Өзінің қылмыстық сыбайластықпен қамтылмаған басқа бөлігінде ұйымдасқан топтар өзінің дербестігін сақтап, ұйымдасқан топтар болып қала береді, сондықтан да бұл жерде біз жеке ұйымдасқан топтарды емес, берік бірлестіктерді көре аламыз. Қылмыстық-құқықтық бағытта қылмыстық сыбайластықтың екінші түрін анықтаудың ерекше маңызы жоқ. Бірақ дегенмен де, оның арнайы криминалистикалық немесе криминологиялық маңызын жоққа шығара алмаймыз.
Қылмыстық сыбайластықтың дербестігі оның арнайы белгілерін ажыратуды талап етеді. Осыған орай алдымен заңда қарастырылатын қылмыстық сыбайластықтың белгілерін қарастырайық:
- ұйымдасқан топтың белгілері (тұрақтылығы, бірігушілігі, бір немесе бірнеше қылмыстардың жасалуы);
- беріктігі жəне
- ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасауға бағытталуы.
Ұйымдасқан топтың көрсетілген белгілері қылмыстық сыбайластық үшін ерекше болып танылмайды, олар қылмысқа қатысудың бұл нысандарын ажыратпайды, керісінше, оларды біріктіреді. Бұл орайда ұйымдасқан топтың белгісі ретінде тұрақтылық пен қылмыстық сыбайластықтың белгісі — беріктіктің ара-қатынасы əлі де анық емес. Бұл құбылыстар арасындағы тығыз байланысқа қылмыстық құқық теориясында зейін қойылған еді. Бірақ кейбір авторлар тұрақ- тылық пен беріктікті қылмыстық сыбайластықтың дербес белгілері деп есептейді. Біздің ойымызша, бұл олай емес. Тұрақтылық ұйымдасқан топтың белгісі ретінде, бір жағынан, жоспарланған немесе болжанатын қылмыстардың қатарын жасауға, қылмыстық əрекетпен айналысуға бағытталған қасақаналық пен сөз байланысушылық, субъективтік байланыстардың тұрақтылық деңгейін белгілейтін факторлар ретінде кездейсоқ емес, тұрақты қылмыстық ұйымның пайда болуын дəлелдейді. Басқаша қарағанда, тұрақтылық нақты бір жағдайда қоғамның негізгі белгісін беріктігін қайталайды — себебі соңғысы кооперативті əрекеттен қатынастардың əрекеті мен ниетін ерекше нысанының объективті өзара тəуелділігі ретінде əрекет ете алмайды. Олар өз кезегінде қылмыстық сыбайластықта тұрақтылық арқылы көрінеді. Сол уақытта тұрақтылық сыбайлас жемқорлықсыз, қауіпсіздіктің ішкі құрылымдарын құруынсыз, қатаң ішкі тəртіпсіз, яғни онымен тығыз байланысты тұрақтылықтың қандай да бір белгілерісіз əрекет ете алмайды.
Тұрақтылық пен беріктікті белгілері бойынша айыруға талпынған, А.Г.Корчагиннің пайымдауынша, «тұрақтылықты сипаттайтын белгілердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: екі немесе одан да көп адамдардың болуы; ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасауға бағыттылған бірдей қасақаналық, қылмыстық əрекеттің нысандары мен əдістерінің салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы əрекет етуінің ұзақтығы, ұйымның нақты бір деңгейінің болуы (қылмыстарды жасауды жоспарлау жəне мұқият дайындық, топтардың мүшелері арасындағы ролдерді бөлу т.б.), топ құрамының тұрақтылығы; ұйымның ұйымдастырушысының жетекшіснің қоса болуы» [1]. Жалпы ав- тормен келісуге болады, бірақ көрсетілген белгілердің кейбіреулері тұрақтылық үшін ерекше болып табылмайды; қылмыстық сыбайластықтың белгісін анықтаушы ретінде екі немесе одан да көп тұлғалардың болуы, ролдерді бөлу, ұйымдастырушының болуы міндетті емес. Себебі олар құқыққа қатысудың топтық белгілерін құрайды жəне сол себептен оларды қылмыстық сыбайластыққа қатыс- ты белгілеудің мəні жоқ. Бұл сол бірегейлі қасақаналыққа да қатысты, бірақ автор екі белгіні араластырып (бірегейлі қасақаналық пен ауыр жəне аса ауыр қылмыстарға бағытталуы), барлығын бір белгіге айналдырып, тиісті заңның толық сəйкестігіне сай сын шеңберінен тыс тұрды. Біздің пікірімізше, бұлай жүзеге асыруға болмайды. Біріншіден, біз бұл жерде екі белгіге иеміз, олардың біреуі объективтік (қылмысқа қатысуда жасалатын қылмыстың сипаты), басқасы — субъективтік (кінəнің сипаты). Екіншіден, бірегейлі қасақаналық, сондай-ақ қылмысқа қатысуды тұтастай сипаттап, қылмысқа қатысудың талқыланатын нысанының түрлі белгісі болып табылмайды. Үшіншіден, тек ауыр жəне аса ауыр қылмыстарға қатысты қылмыстық сыбайластықтың əрекет етуін шектеуді анықтау қажет. Төртіншіден, аталған араластыру барлық топтық белгілерді арнайыларға қалыптастыруы мүмкін: ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасауда екі немесе одан да көп тұлғалардың болуы, ауыр жəне ерекше ауыр қылмысты жасаудың үйлесімділігі т.б. Бұл қылмыстың сипатын қылмысқа қатысудың талқыланатын нысанының негіздеуші белгісіне айналдырады, бірақ бұл шын мəнісінде олай емес. Қалған белгілер өзгертіліп, тұрақтылыққа жатқызылуы мүмкін.
Мұнда А.Г.Корчагин беріктік белгілерін келесідей анықтайды: «Қылмыстық ұйымның мүшелерінің өзара қатынасының болуы; міндеттерді қылмыстық ұйымның мүшелерінің арасында ғана емес, сонымен қатар осы ұйымға кіретін топтардың арасында бөлу; топтық тəртіпке бағыну, басқарушының немесе ұйымдастырушының нұсқауларын бұлжытпай орындау».
Біздің көзқарасымыз бойынша, автор беріктіктің мəнін аша алған жоқ. Ең алдымен рөлдерді бөлу — қылмысқа қатысудың жалпы белгісі. Мұнда А.Г.Корчагин қылмыстық сыбайластықта осыған қосылған топтардың міндеттерін бөлудің бар екенін дұрыс айтқан, бірақ бұл белгі ұйымдардың жоғарғы дəрежесін көрсетеді, ал автор оны өзі тұрақтылыққа жатқызады, яғни ол оны беріктіктің ше- гінен шығарып тастауы керек, себебі ол беріктік пен тұрақтылықты ажыратпақшы болған еді. Өзара тығыз қатынастың болуы да жоғарғы дəрежедегі ұйымдасушылықты білдіреді де, оны тұрақтылыққа жатқызады. Дəл осыны топтың тəртіпке бағынуы туралы да айтуға болады, себебі ұйымдастырушыға бағынусыз жоғарғы дəрежеде ұйымдасушылықтың болуы мүмкін емес. Сонымен қатар автор ұйымдастырушымен қоса басқарушы деген қатысушыны қосып қойған, ал қылмыстық құқық ондай қатысушыны танымайды. А. Г. Корчагин беріктіктің белгілерін анықтау барысында «басқарушының немесе ұйымдастырушының» деп жекелеп айтқан, яғни ол басқарушыны ұйымдастырушы ретінде таныған.
Автор тұрақтылық пен беріктікті ерекшелеуді көздей отырып, қылмыстық құқықтағы қылмысты сыбайластықтың анықтамасын құптайды, қылмыстық сыбайластықтың ұйымдасқан топпен немесе осындайлардың арнайы мақсатпен ұйымдасуына сəйкестендіріледі. Егер тұрақтылықта зерттеліп отырған қатысу нысаны қалай да болса қатыстырса, беріктік мұнда қатыстырылмайды, бірақ автор өз мақсатында оның құрылымына қылмыстық ұйымның белгілерін енгізуге тырысады.
Қылмысқа қатысудың аралас нысандарының ара жігін ашуға қылмыстық сыбайластық ретінде ұйымдастырушылық белгісімен ұйымдасқан топты тануға ішкі келіспеушіліктер күрделі қиыншылықтар тудырады. Себебі сыбайластықтың белгісі — беріктік. «Берік ұйымдасқан топқа» берілген заңдық анықтаманы жіктесек жəне оған ұйымдасқан топтың белгілерін қосып қарастырсақ: алдын ала ұйымдасқан берік тұрақты адамдар тобы. Шындығын айтсақ, беріктікті ұйымдасушылық арқылы ашу конгломератын біз түсінбедік. Бұл нені білдіреді — берік ұйымдасушылықты ма əлде ұйымдасқан беріктікті ма? Бұл белгілердің өзара келісуі күрделірек, бірақ мұнда беріктік «жоғары» дəрежедегі белгі ретінде өз құрамына ұйымдасушылықты жеке элемент түрінде енгізеді. Бірақ заң шығарушымен келісіп ұйымдасушылықты ұйымдасқан топтың белгісі ретінде қарастырып, оны беріктен шектеп тастаса, ол екеуі мүлдем əр түрлі өз алдына жеке-жеке белгілер болып табылады. Егер беріктікті ұйымдасушылықтың құрамына енгізсек, заң шығарушының кейбір жеке белгілерді жоққа шығарып — берік ұйымдасқан топ дейміз. Бұл жұмбақ шеңбер тек қана заң шығарушы қылмыстық сыбайластыққа нақты анықтама бергенде шешіледі.
Қылмыстық сыбайластық тек ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстарға ғана таралуы қиыншылықтар əкеледі. Біріншіден, бұндай шектеу негізсіз, себебі қылмысқа қатысу нысанының барлығы қылмыстардың ауырлығына қарамастан, бүкіліне тең таралады. Сондықтан қылмыстық сыбайластық ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстарға қалай таралса, онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстарға дəл солай таралады. Екіншіден, ереже бойынша ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстармен байланысты емес ұйымдасқан топ қылмыстық сыбайластыққа негізделіп құрылады. Қылмыстық сыбайластық өз негізінде криминалды емес, криминал алдында жəне төмен криминалды базада құрылады (жезөкшелік, ойын бизнесі, нашақорлық жəне т.б.) жəне сирек ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін (қоғамда килерлік ұйымдар бірен-саран), жалпы алғанда ауыр қылмыстар жасау — бұл экономикалық немесе физикалық қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырылатын қылмыстық сыбайластықтардың жанама іс-əрекеті. Қылмыстық кодекске қылмыстық сыбайластықты енгізіп, мемлекет ұйымдасқан қылмыстылықтың қайсысымен күреспекші — бірінші немесе екінші түрімен? Ең дұрысы, екеуіменде болса, онда заң шығарушының қылмыстық сыбайластық туралы норманың қолдану аясын тек ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстарға ғана шектеу құқына иеленбеді.
Қорытындылай келе:
1) қылмыстық сыбайластық — топтық ұйымдардың аса қауіпті нысаны;
2)заң шығарушының орынсыз тілегінен қатысудың аса қауіпті нысанының жазалануына қосымша шарт қойылады (ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстарды жасау кезінде), ал онша ауыр емес қатысу нысандары қандайда бір шартсыз жазаланады. Осыған орай, қазіргі заң шығарушының рег- ламентациясы қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауіптілігінің жоғарылығын ескеруге мүмкіншілік бермесе, ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстарға норманы қолдану шегін алып тастау қажет (Қылмыстық кодекстің 235-б. 31-б. 4-б.);
3) қылмыстық сыбайластыққа заңшығарушының стилистикалық анықтамасы максималды жетілдірілмеген; 4) əрекет етуші Қылмыстық кодексте қылмыстық сыбайластықтың беріктіктен басқа тек өзіне ғана тəн арнайы белгілері көрсетілмеген, оның өзіне де материалдық мазмұн қосу керек, онсыз оған тəжірибеде сүйену қиындау.
Қылмыстық сыбайластықтың ерекше белгілеріне беріктік пен тұрақтылықты жатқызған авторлардың пікірлерімен келісуге болады: «Беріктік пен тұрақтылық белгілері — қылмыстық сыбайластықтың оны басқа ұйымдасқан топтардан бөлектейтін ерекше белгісі» [2]. Бірақ бұнда беріктік пен тұрақтылықтың арақатысы мəселелері туындайды.
А. Г. Корчагин қылмыстық сыбайластықтың келесі белгілерін көрсетеді: «Біріншіден, қылмыстық сыбайластыққа беріктік тəн; екіншіден, құрылуына арнайы мақсат болады; үшіншіден, қылмыстық сыбайластық болып (екі немесе одан да көп) осындай мақсатта құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі танылуы мүмкін; төртіншіден, қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауіптілік дəрежесі жоғары; бесіншіден, қылмыстық сыбайластықтың аймақаралық, тіпті халықаралық байланысы болуы; алтыншыдан, қылмыстық сыбайластық жоғарғы дəрежедегі моральдiк- психологиялық бірлікте болады; жетіншіден, қылмыстық сыбайластық иерархиялық құрамға иеленеді; сегізіншіден, қылмыстық сыбайластық іс-əрекетіне сыбайлас-жемқор мемлекеттік лауазым- ды тұлғалар тартылады; тоғызыншыдан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-бабына сəйкес қылмыстық сыбайластықты ұйымдастыру фактісі аяқталған қылмыс құрамы болып табылады». Бұл жинақталған белгілердің барлығымен келісуге, əрине, болмайды. Ең алдымен, құбылыстық белгілер ішінен болуы жəне болмауы мүмкіндерін жеке алып қарастыру қажет, себебі əрбір топтың тек өзіне ғана тəн ерекше белгілері болуы тиіс жəне олардың болуы міндетті болып табылады. Бұл белгілер қылмыстық сыбайластықта болмағанымен, қатысудың басқа нысандарында кездесуі мүмкін. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген белгілер тізімінен үшінші, бесінші жəне сегізіншіні алып тастау керек. Сондай-ақ тағы бір жол бар: барлық белгілерді қосымша емес, міндетті белгі етіп қою, бірақ мұндай жағдайда қандай да бір белгіні тануда құбылыс көлемі императивті түрде өзгереді. Бұл жағдайда сегізінші белгіні алу өте орынды, бұндай белгіні қылмыстық сыбайластық белгілер жүйесіне енгізу оны тек сыбайласқан қылмыстық топтардан шектейді. Біздің көзқарасымызша, қылмыстық сыбайластық аясын былай шектеулік негіз бойынша дəлелді: 1) біз мемлекетпен оның қызметшілері арқылы тығыз байланыстағы қылмыстық топтарды бөліп аламыз; 2) біз қылмыстық сыбайластық аясын максималды шектейміз жəне қатаң анықтаймыз.
Жоғарыда айтылған белгілердің ішінен екінші белгі де жарамсыз деп айтуға болады, өйткені қылмысқа қатысу нысандарын қылмыстың ауырлығына қарай шектеуге болмайды. Дəл осы жерде тоғызыншы белгі де іске аспайтынға ұқсайды, оған себеп қылмыстық сыбайластық деп тану үшін заңдық нəтиже болу керек, ал зерттеліп отырған қылмыстық топты олай анықтау мүмкін емес. Сондықтан да А.Г.Корчагин ұсынған белгілер тізімі ішінен беріктік, жоғары дəрежедегі қоғамға қауіптілік, жоғарғы дəрежедегі моральдiк-психологиялық бірлікте болу, иерархиялық құрылымдылықты қалдыруға болады, бірақ мұнда жалпы жəне арнайы сипаттағы белгілерге бөлуді ұмытпауымыз қажет: біріншіге жоғарғы дəрежедегі қоғамға қауіптілік пен жоғарғы дəрежедегі бірлесуді жатқызады, олар басқа белгілерде — беріктік, иерархиялық құрылымдылық жəне тағы басқаларында нақтыланған.
Егер мəні жағынан қарасақ, барлық көзқарастар бір-бірімен аса ұқсас болып келеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, бір медальдың екі жағы сияқты тұрақтылық пен беріктікті қылмыстық топтасудың ішкі жəне сыртқы жай-күйі ретіндегі қатынасын Т.В.Шутелова нақты көрсетті. Беріктікті біз қылмыстық сыбайластықтың жалғыз конструктивтік белгісі, ал тұрақтылық пен келісімділік оны сипаттайды деп санаған соң, Т.В.Шутелованың позициясы соңғы екі белгіге ауысып кетуі мүмкін. Осыдан тұрақтылық қылмыстық топтың тұрақты болуына тырысуын көрсетеді.
Келісімдік бірнеше əр түрлі факторлардан тұрады: а) қатал конспирация; б) басқару мен бағынудың көп деңгейлі иерархиясы, ал орындаушылардың төменгі деңгейіне жоғары дəрежедегі басқарушылар туралы беймəлім болады; в) қатал ішкі тəртіп; г) қылмысты жасауда ұйымды қару мен құралдармен қамтамасыз етудің ойламаған жүйесі; д) нақты анықталған қызмет мақсаттары, əрине, бұл А.Г.Корчагин сүйенетін жалпы мақсаттар емес, бұл нақты тактикалық мақсаттар; е) бірлестіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ойластырған жүйесі; ж) сыбайлас жемқорлық байланыстар жəне т.б. Аталған функциялар көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым қылмыстық бірлестік қауіпті болады. Сонымен қоса кез келген қылмыстық бірлестік үшін міндетті функциялар жинағы болу керек. Барлық аталған функциялар аса маңызды деп ойлаймыз. Дегенмен бір мəселе туындап отыр. Беріктікте оны екі құрастырушы — тұрақтылық пен келісімдік бөлінеді, оның еш біреуінсіз беріктік жəне қылмыстық сыбайластық болу мүмкін емес. Бірақ осы əрбір құрастырушы өзінің белгілерінсіз əрекет ете алмайды. Тұрақтылық жайлы азды-көпті түсінікті сияқты: қоғамның тұрақты болуына тырысу болмаса, ол да болмайды. Келісімдік жөнінде бəрі күрделірек, өйткені ол көптеген белгілермен сипатталады, ол олардың ішінен келісімдікке тəн минималды жинақ құру қажет. Олардың біреуі болмаған жағдайда ол келісімдіктің тиісінше беріктік пен қылмыстық сыбайластық жойылуына əкеледі. Біздің көзқарасымыз бойынша, мұндай белгілер ретінде көп деңгейлі иерархия, қатал топ ішіндегі тəртіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ойластырылған жүйе ұзақ уақыттағы қызметтің нақты анықталған мақсаттары танылады, яғни бұл белгілер жиынтығынсыз келісімдіктің болуы мүмкін емес.
Қылмыстық сыбайластықта қылмыстардың көптілігі мен қатысушылық нысандарының ара қатынасы мəселесі туындайды. Бұрын айтылып кеткендей, қасақаналықпен сөз байласудың бірқатар қылмыс жасауға бағытталуы тұрақтылықты субъективті нəрсе ретінде құрайды. Бірақ ол жеткіліксіз, өйткені қылмыстық сыбайластық — тек санада ғана қалыптасушы емес, сонымен қатар біріккен тұлғалардың нақты бір анықталған немесе анықталмаған қылмыстар шеңберін жасаушысы. Аталған қасақаналықтың жүзеге асырылуы кезінде қылмыстық сыбайластықтың қоғамдық қауiпі көп рет ұлғайып, дəл осы жерде тұрақтылық толық көлемде көрінеді, өйткені қатысушылық қылмысты жасамай өмір сүре алмайды, себебі қатысушылық əрқашанда бірлесіп қылмыс жасауды білдіреді. Сондықтан да тұрақтылық қылмыстық сыбайластықтың белгісі ретінде міндетті түрде көпшілікке негізделеді, бірақ оны өзіне қоспайды, сондықтан да қылмыстық ұйымда параллельді түрде субъективті, яғни тұрақтылық, əрі объективті бір реттік емес жағдайлар бар. Осыдан қылмыстық сыбайластық қатысушылықтың нысаны ретінде олардың қасақаналығы мен сөз байласуға бағытталған қатысушылардың барлық тəртібін көрсетеді.
Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, зерттеліп отырған қатысушылық нысанына қарапайым түсініктеме беруге болады: қылмыстық сыбайластық деп қоғамға қауіпті қызметімен бірнеше мəрте тұрақтылық пен келісімділікке байланысты берік қылмыстық ұйымды танимыз. Анықтамадан қылмыстық сыбайластықтың белгілері көрініп тұр: а) қылмыстық топтың тұрақтылығы; б) оның қатысушыларының əрекеттеріндегі келісім; в) жасалатын қылмыстардың бірнеше мəртелілігі.
Қатысушылықтың аралас нысандарынан қылмыстық сыбайластық аталған белгілерімен ерекшеленеді, осылайша, элементарлы қатысушылықтан зерттелетін қылмыстық топ тұрақтылық пен де, беріктігімен де ажыратылады, ал элементарлы қатысушылықта қылмыстардың көптігі болады, тұрақтылығы болмауы да мүмкін, яғни қылмыстық қызметтің көптігіне алдын ала келісімдігі жоқ. Дəл осымен қылмыстық сыбайластық ұйымдасқан топтан да ажыратылады.
Автор А.Бейсеновтың пікірінше, «ұйымдасқан қылмыстылық не əкімшілік не мемлекеттік шекараны танымайды. Қылмыстық сыбайластыққа тек қылмыстық жолмен пайда табатын жағдай болса болады, олардың іс-əрекеттері кез келген аймақта көрінуі мүмкін» [3].
Ал В.Ярочкиннің пайымдауынша, «қылмыстық сыбайластыққа бірігудің негізі тұлғалардың (топтардың) көп жағдайда олардың қылмыстық мүдделерінің ортақтығында жəне сондай-ақ этникалық белгілерінде (мысалға шешендік, азербайджандық топтар) немесе «жерлестік» қағидасына байланысты болады» [4].
Сонымен қатар ұйымдасқан топтан қылмыстық сыбайластықты ерекшелейтін беріктік (бірлестік) белгісінің ұғымын қарау орынды. С.И.Ожеговтың сөздігі бойынша, беріктік тату, ұйымдасқан, ынтымақты деген ұғымдарды білдіреді. Синонимдер сөздігінде беріктік мықты достықпен (татулықпен) байланысты түсіністікпен, ынтымақтастықпен енуді білдіреді. Ұйымдасқан топтардың беріктігі қылмыстық сыбайластықтың ерекше белгісі ретінде қылмыстық топтың ұйымшылдығының ең жоғарғы дəрежесін білдіреді, олардың қатысушылары тек бірнеше қылмыстық іс-əрекетке бірігіп қана қоймайды, сонымен қатар толық түсіністікпен, ынтымақтастықпен еніп, мықты татулыққа бекінген. Сондай-ақ ұйымдасқан топтан қылмыстық сыбайластықты тек беріктік белгісі бойынша ерекшелеуге болмайды. Өйткені ұйымдасқан топ тұрақты бола тұрып берік ұйыммен тығыз байланысты. Қылмыстық сыбайластық болып тек оның қатысушылары ауыр қылмыстар жасау мақсатын көздегенде ғана танылуы мүмкін. Осыған байланысты тұрақтылық жəне беріктік қылмыстық құқықтық сипаттамасы бойынша тең дəрежеде ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластық ұғымдарына кіреді.
Ғалымдар Е.Оңғарбаев пен Б.Нұрғалиев пайымдаулары ауыр жəне ерекше қылмысқа жататын, бірақ тұрақты əрі үстеме пайда келтіретін қылмыс жасау үшін біріккен ұйымдасқан топты банда, яғни қылмыстық ұйым, деп түсіндіреді [5].
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты пленумы ұйымдасқан қылмыстық топ деп бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топты түсіндіреді. Бұндай топ ең жоғарғы ұйымдасқандығы, қылмысты жоспарлауы мен оған жан- жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасында рөлдерді бөлу, қылмыс құралдарын жəне қаруын əзірлеу, қатысушыларды таңдау, қылмысты жасырудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету, топтық тəртіп пен ұйымдастырушы талаптарына бағыныштылығымен сипатталады.
Ұйымдасқан топ түсінігінің аталған криминологиялық белгілері тек қана құрылымның тұрақтылығын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық сыбайластықтың бағаланушы белгісі болып табылатын беріктігін де куəландырады. Осыған байланысты бұл белгілер ажырамастан əр түрлі қатынаста ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықтың түсінігінде болуы мүмкін. Сондай-ақ əшкерелеуге потенциалды қауіппен біріккен сериялы қылмыстар жасаған ұйымдасқан топ қатысушыларынан əлі қатысушылары өзге қылмыстар жасамаған жаңадан құрылған қылмыстық сыбайластық (ҚР ҚК 235-б. 1-б.) беріктігі төмендеу болуы мүмкін.
Осыған орай заң шығарушы тұрақтылық пен беріктілікті ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықты ажыратушы белгілері ретінде бекітуіне байланысты заң əдебиеттерінде бұл түсініктерге нақтырақ сипаттама беруге тырысады. Л.Д.Гаухман мен С.В.Максимовтың пайымдауынша, тұрақтылық топтың ұйымдастырушысы мен жетекшісінің болуымен сипатталады.
«Ұйымдастырушы топты құрып, қатысушыларды таңдап, олардың арасында рөлдерді бөліп, тəртіпті белгілейді, ал жетекшісі тұтас топтың жəне оның əрбір қатысушысының күрделі іс-əрекетін мақсатын, жоспарын қамтамасыз етеді». Сондай-ақ авторлар тұрақтылықтың барлық белгілері беріктікке тəн екенін көрсете отырып, беріктіліктің өзін сипаттайтын белгілерді бөледі: «Оларға ортақ касса — «общак», арнайы техникалық құралдардың болуы, конспирация, айналмалы кепілдік жəне т.б. жатады» [6].
«Айналмалы кепiлдiк», мысалы, мына жағдайларда көрiнедi: бiр ғана қылмыстық iс бойынша сотталуды қосқанда, бұрыннан қылмыстық топ мүшелерiнiң бiрге жасауы; бұрын қылмыскерлердiң бiр бас бостандығынан айыру орнында болуы; қылмыскерлердiң бiр-бiрi туралы мəлiметтердi бiлуi (қылмыс туралы), топта тəртiптi қолдау үшiн қорқыту, зорлықты қолдану жəне т.б. Конспирация қылмыстық жаргондарды, шифрларды, парольдарды, шартты атаулар мен белгiлердi қолдануда жəне т.б. көрiнуi мүмкiн. Ортақ касса («общак») — қылмыстық iс-əрекет нəтижесiнде алынған ақша қорлары мен өзге де құндылықтардың топ билiгiнде (немесе топ атынан ұйымдастырушы, басқарушы билiгiнде) болуы. Арнайы техникалық құралдар — бұлар əр түрлi жасырын тыңдау жəне жасырын тыңдауға кедергi келтiретiн құрылымдар (жучок, скеллер жəне т.б.), қорғау сигнализациясы, көлiк құралдары жəне тағы басқалардан тұрады.
Алайда аталған талдауларды көңілге қонымды деп айту қиындау. Өйткені аталған беріктіктің белгілері конспирация, айналмалы кепілдік, арнайы техникалық құралдардың болуы қатысушыларды таңдауда жəне бөлуде жеткізіледі, ұйымдастырушы немесе жетекші жағынан тəртіпті белгілеу (аталған авторлардың талқылауы бойынша тұрақтылық белгілері), демек белгілер тобының екеуі де ұйымдасқан қылмыстық құрылымның кез келген нысанының сипаттамасының құрамдық бөлігі болып табылады. Тұрақтылық пен беріктік түсініктерінің жеткілікті анықталмауына байланысты бұл терминдер тергеу жəне сот қателіктерінен кепіл беретін жəне жіктеуді қолданатын тұлғалардың субъективтік бағасына тəуелсіз бағалаушы белгілер рөлін атқара алмайды.
Егер практикада айырмашылық өлшемі ретінде жұмыс жасамайтын бағалаушы белгілер: ұйымдасқан қылмыстық топты сипаттаушы тұрақтылық жəне қылмыстық сыбайластықты сипаттаушы беріктік назардан тыс қалдырылса, мынадай орынды тұжырым жасауға болады. Криминологиялық сипаттамасы бойынша тең мағыналы ұйымдасқан қылмыстық құрылым қылмыстық сыбайластық болып тек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабының 4-бөлімінде бекітілген бір белгісі — қылмыстық сыбайластықты құру мақсаты бойынша танылуы мүмкін. Егер ұйымдасқан топ ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылса, осындай құрылым болып танылады, яғни жасаған қылмысы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабына сəйкес аса ауыр жəне 5 жылдан кем емес бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар назар аударатын бір жайт, заңшығарушы (ҚК 31-б.) қылмыстық сыбайластық пен қылмыстық ұйым арасында қандайда бір айырмашылық жасамайды, тек жақшаға алып ұқсастық белгісін қояды. Егер мұндай ұқсастық болса, заң нормасында бір түсінікті сипаттайтын екі термин қолдану дұрыс емес шығар. Заң шығарушының бұндай əдіс-амалы қылмыстық сыбайластық пенқылмыстық ұйым арасынан теориялық бос ұқсастық пен айырмашылық іздеуге жəне əбігерлікке əкеліп соғады.
Сыбайластық түсінігінің көп əлеуметтік белгісіне жəне абстрактылығына байланысты А.И.Гуров бұл түсінікті жалпы «қылмыстық ұйым терминімен ауыстыруды ұсынады» [7]. Бұндай ұқсас пікірді сонымен қатар А.Р.Зайнутдинованың ғылыми еңбегінен кездестіруге болады. Оның пікірінше,«қылмыстық сыбайластық — бұл ұйымның құрылымы, тек басқа түрі. Қылмыстық бірлестіктің қоғамға қауіптілігіне сəйкес жəне беріктікті айқындаушы ретінде бұл құрылым қылмыстық құқықтық баға үшін қажет. Сондықтан ол нормадағы диспозицияларда көрсетілген баптарда тек қылмыстық ұйым түсінігін қалдыру керек» [8]. Біздің ойымызша, қылмыстық ұйым қылмыстық сыбайластықтың құрамына енеді, өйткені қылмыстық сыбайластық қылмыстық ұйымнан жоғары тұратын күрделі құрылым жəне бұндай тұжырымға ғалымдардың ғылыми талқылаулары негіз болады.
Сонымен бірге көптеген мамандар қылмыстық сыбайластық ұйымдасқан қылмыстық іс- əрекеттің ең жоғарғы нысаны дегенді қолдайды. Оны басқа нысандардан бірнеше криминалдық құрылымдарды біріктіруі, көп деңгейлігі ерекшелейді. Қылмыстық сыбайластықта қылмыстық ұйым мен тұтас топтар ғана емес, сонымен қатар осы құрылымдардың өкілдерімен құрылымдықтары қыз- мет етеді жəне жоғары инстанция ғана емес, криминалдық кəсіподақтың белгілерін иеленетін үйлестіруші (координациялық) орган болады [9].
Профессор Б.Нұрғалиевтің пікірінше, қылмыстық сыбайластық деп қылмыстық іс-əрекетті дамыту, құрлымдастыру бойынша бірге мақсат құрған жəне оның жүзеге асырылуына жағдай жасаған қылмыстық құрылымдарды (ұйымды, топты, топтарды), ұйымдастырушылардың тұрақты бірлестігін атайды [10].
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына Қатысушы-елдердің модельдік кодексі жобасының 39-б. 4-б. қылмыстық сыбайластық түсінігін былай ұсынған. Қылмыстық сыбайластық деп сыбайластықтың қылмыстық мақсатын орындау, қамтамасыз ету оның құрылымдарымен басқарушылық міндеттерді жəне сыбайластық мүшелері арасында əрекеттерді бөлуге негізделген бес немесе одан да көп тұлғалардың не бірнеше қылмыстық топтардың бірігіп, бірнеше ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін ұйымдасқан тұрақты ұйымы танылады деп белгіленген. Берілген анықтамада қылмыстық сыбайластық белгілері түсініксіздеу, онда бірнеше топтар туралы айтылады, яғни оның қанша екені белгісіз, сондай-ақ сыбайластықтың ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар жасау қылмыстық мақсатын ұйымдастырушылыққа байланыстыру мүмкін емес жəне сот-тергеу тəжірибесінде бұндай қылмыстық сыбайластық белгілерін дəлелдеу қиынға соғады.
Біздің ойымызша, жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы қылмыстық сыбайластық пен ұйымдасқан топ түсініктерінің анықтамаларына толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-б. көрсетілген ұйымдасқан қылмыстылықтың екі нысаны жеткіліксіз, соған байланысты заңда басқа да — ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым бірлестіктері; аймақаралық қылмыстық сыбайластықтар; транснационалдық қылмыстық ассоциациялар, бірлестіктер; қылмыстық топтар; заңдағы ұрылардың қылмыстық сыбайластығы жəне т.б. түсініктер беру орынды деген авторлар көзқарастарымен, Н.П.Водьконың пікірінше, келісу қиындық тудырады. Өйткені мұндай ұсыныстар ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың түрлерін жəне ұйымдасқан іс-əрекет нысандарын жаңылыстырып алуға əкеліп соғады дейді [11]. Осыған орай біз де осы ғалымның пікірін қолдай отырып, заңға ұйымдасқан қылмыстық құрылымның жаңа түсініктерін енгізу орынсыз деп санаймыз, өйткені Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-бабында көрсетілген екі нысанның арасынан нақты теориялық айырмашылық табу мүмкін емес. Ұйымдасқан қылмыстылық түсінігін көп сатылы кестеде бекіту практикада тек қосымша шиеленіске əкеледі, өйткені олардың дифференциациясы кейбір авторлармен қылмыстық құрылымдардың қатысушыларының қарулылығына жəне санына, яғни факультативті белгілеріне, байланысты жүргізіледі. Қылмыстық құрылымдардың түрлеріне келетін болсақ, оларды заңда бекіту қажет емес. Криминологиялық əдебиеттерде дайындалған ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарды жіктеу практиканы талдап қорытудың нəтижесі болды. Бұл жіктеу соңғы жəне өзгермейтін болуы мүмкін емес, жаңа қылмыстық құрылым түрлерінің пайда болуымен жəне басқаларының жойылуымен уақыт өзгерістер енгізіп отырады.
Қылмыстық сыбайластық — тек ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасауға бағыттылығы бойынша ғана емес жəне қоғамға өте қауіпті, қылмыстық ұйымдастырушылықтың жаңа сапасы. Мысалы, жүйелі қылмыстық табыстар табатын жəне жоғары тұрақтылығымен, беріктігімен сипат- талатын қылмыстық құрылымның қолсұғушылығының заты — Қылмыстық кодекспен ауыр қылмыстар санатына жатпайтын жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-б.) болып табылады. Тек бір ғана белгісі бойынша бұндай құрылым қылмыстық сыбайластық ретінде саралана алмайды жəне, ең бастысы, оның жетекшісі ұйымдастырғаны жəне басшылық еткені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қылмыстық құрылымның сапасын оның қатысушыларының жасаған қылмыстарының ауырлығы арқылы анықтау орынды емес, сонымен қатар құқыққорғау органдары қызметкерлерінің арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері бойынша 75 % бұл пікірді қолдап отыр. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауіптілік дəрежесі көбіне криминологиялық белгілерімен бағаланады. Қылмыстық сыбайластық алдымен қатысушыларын көбіне бір тектес қылмыстар жасауға мамандандыру; олардың үзілмейтіндігі немесе жүйелілігі; оның қатысушыларының бағыныштылығы жəне құрылымның қатаң иерархиялылығы; қылмыстық табыстардың ортақ кассаға түсуі; қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды заңсыз экономикалық мəмілелерге салу; қылмыстық табыстарды жасыру үшін жалған құрылым құру жəне т.б. сипатталады.
Ұйымдасқан қылмыстық топты сипаттайтын негізгі белгілерінің бірі оның ұйымдастырушысы немесе жетекшісінің болуы болып табылады. Сондықтан да тек қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін біріккен қатысушыларын ғана емес, кез келген ұйымдасқан топты ұйымдастырғаны жəне басшылық еткені үшін жауапкершілік белгілеу қажет. Егер қандай да бір қылмыстық құрылымның қатысушылары ұйымдасқан топты ұйымдастырғаны жəне басшылық еткеніне кінəлі болып табылмаса, онда ондай топты ұйымдасқан топ санатына жатқызуға болмайды, ұйымдасқан қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігінің жоғары дəрежесі, мұндай топты ұйымдастырудың өзі жазалануға тиістігінен тұрады.
Қылмыстық сыбайластық үшiн негiзгi екi белгi тəн. Бiрiншiден, топтың тұрақтылығы. Бұл белгi заңға қарама-қарсы iс-əрекеттердi жасау мақсатында криминалдық сипатта икемделген бiрнеше тұлғалардың бiрiгуiн бiлдiредi, яғни олардың мақсаты əрдайым қылмыстық жолмен өмiр сүру болып табылады. Мұндай топта қатаң теория, мiндеттерiнiң айқын бөлiнуi сақталады: онда лидер оның орынбасары, орындаушылар, боевиктер («торпедалар») жəне сiлтеушiлер, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi өткiзетiн адамдар жəне т.б. бар. Екiншiден, олардың билiк құрамдарымен, əкiм- шiлiктермен, полициямен, соттармен, прокуратурамен жəне өзге де жоғарғы эшелондармен тұтасуға (немесе оларға ұмтылуға) деген талпыныстары байқалады. Бұл үшiн сатып-алу, шантаж (бопсалау), алдау, тiкелей қорқытушылық, əр түрлi қызмет көрсету жəне т.б. сол сияқты əрекеттер қолданылады.
Сонымен қатар қылмыстық сыбайластық ұйымдасқан топтардың бiрлестiгi болып табылады. Бiрлестiк екi немесе одан да көп ұйымдасқан топтардан тұруы қажет жəне тұрақтылығымен сипатталуы тиiс.
Қылмыстық сыбайластық қылмысқа қатысу нысанының ең қауiптi түрi болып табылады, олар қоғамдық қауiпсiздiкке, құқықтың үстемдігіне жəне өзге де мемлекеттiк институттарға үлкен қатер туғызады. Қылмыстық ұйымшылдықтың ерекше қауiптiлiгi, зерттеушiлер көрсетiп отырғандай, олардың бiрте-бiрте агрессивтi, көп сипатты, ашық жəне шығармашыл бола түсуiнде болып отыр.
Қылмыстық сыбайластық Қылмыстық кодексінің 31-б. 4-т. сəйкес ұйымдасқан қылмыстық топ пен бандадан ауызбiрлiк белгiсiмен жəне оның ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылу мақсатымен ерекшелiнедi. Қылмыстық ұйымның ұйымшылдығы, əдетте, жоғары дəрежеде болады жəне ол жекелеген қылмыстық бiрлестiктерден немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардан тұрады.
Қылмыстық сыбайластық, негiзiнде, Еуропадағы Греция, Италия, Германия жəне тағы басқа батыс елдерде таралған жəне өзiнiң орнықты сипатын көрсетiп келе жатыр. Олар əдетте «мафия», қылмыстық «синдикат», «семья» деп аталады.
Батыс аналогтарына қарағанда, мафия, яғни қылмыстық сыбайластық, — ең жоғарғы дамыған түрі. Мафия — бұл қаржы кеңiстiгiнде жəне саяси құрылымдарға дəндеп енетiн, наркобизнестi, ойын бизнесiн, порнобизнес пен жезөкшелікті, тапсырыспен кісі өлтiрудi, ақша алу мақсатында адам ұрлау қылмыстарын жетекшiлiкке алатын, қысқаша айтқанда, көп салалы ұйым. Қылмыстық сыбайластық бiрнеше топтарды өз құрамына бiрiктiредi.
Ол сырт қарағанда негiзiнен жекелеген топтар құрайтын пирамиданың жоғарғы ұшы сияқты. Қылмыстық «синдикаттың», мафияның басшысы («крестный отец» — аударғанда «өкiл əке») барлық семьяларды жалпы басқаруды жүзеге асырады. Бұйрықтардың талқыланусыз орындалуы, тыңдамағандық, бағынбаушылық үшiн қатал жазалау, қатаң конспирация, «семьялардың» («отбасы- лардың») бүтiндей бiр аймақты, тiптi қалаларды бақылауына алатын тармақталған жүйесi, мiне, мафияға тəн белгi, сипаттары осындай.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiмiнiң тек төрт бабында ғана қылмыстық сыбайластық көрсетiлген (ҚК 193, 214, 235 жəне 259-б.). Бұлардың үшеуiнде, яғни 193, 214, 259-баптарға сəйкес, қылмыстың қылмыстық сыбайластықтармен жасалуы қылмыстық жауапкершiлiктi ауырлататын мəн-жай ретiнде, саралаушы белгi сипатында көрсетiлген. Ал бiреу- iнде, яғни 235-бапта, қылмыстық сыбайластықты құру жəне басқару үшiн, сонымен қатар қылмыстық сыбайластыққа қатысқандық үшiн жауапкершiлiктi анықтаған.
Қылмыстық сыбайластықпен (ұйыммен) жасалған қылмыстың қоса орындаушылары ретiнде тiкелей орындаушылар да, яғни қылмыс құрамының объективтiк жағын толық не оның бiр бөлiгiн атқарған тұлғалар да, ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен жетекшiлерi де, сонымен қатар қылмыстың жасалуына жағдай жасаған, сол мақсатта қылмыстық ұйым мен тығыз қарым-қатынаста болған қатысушылар да танылуы мүмкiн.
Қылмыстық сыбайластықпен жасалған қылмыстың аяқталу сəтi объективтi жақтың толық орындалған кезi болады. Бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-б. 5-т. сəйкес, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлiмiнiң баптарымен қарастырылмаған жағдайларда қылмыстық сыбайластықты құру, оның құрылуы мақсатындағы қылмыстарды жасауға дайындалу ретiнде қылмыстық жауапкершiлiктi туғызуы мүмкiн.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың өсіп келе жатқан қарқыны жəне онымен күресті күшейту міндеттері заңда қылмыстық сыбайластықтың өте нақты анықтамасын бекітуді талап етеді. Сондықтанда да, біздің ойымызша, бұл түсінікті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 31-б. 4-б. келесі редакцияда беру орынды болар еді. Егер қылмысты екі немесе одан да көп ұйымдасқан топтардың қылмыстық бірлестігіне енетін адамдар, олардың ұйымдастырушылары (жетекшілері) қылмыстық іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша шаралар дайындау немесе іске асыру, оның дамуына жағдай жасау үшін өзге де қатысушылар жасаса, ол қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыс деп танылады (ерекше нысаны).
Əдебиеттер тізімі
- Корчагин А.Г. Преступление в сфере экономики и экономическая преступность. — Владивосток, — 254 с.
- Наумов А.В. Уголовное право: Курс лекций. — М.: БЕК, 1996. — 560 с.
- Бейсенов А. Наступление на организованную преступность // Казахстанская правда. — — 10 окт.
- Ярочкин В. Организованная преступность — откуда исходит угроза. — М.: Юринфор, — 234 с.
- Оңғарбаев Е.А., Нұрғалиев Б.М. Ұйымдасқан қылмыс. Онымен күрес қайтсе жанданады? // Заң газеті. — 1998. — 18 наур.
- Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Уголовная ответственность за организацию преступного сообщества: Комментарий. —М.: Юринфор, 1997. — 93 с.
- Гуров А.И. Профессиональная преступность: прошлое и современность. — М.: Юрид. лит., 1990. — 303 с.
- Зайнутдинова А.Р. Ответственность за организованные формы соучастия в преступлении по российскому уголовно- му праву. — Казань, 2001. — 86 с.
- Организованная преступность – 2 / Под ред. А.И.Долговой и С.В.Дьякова. — М.: Криминологическая Ассоциация, 1993. — 278 с.
- Нургалиев Б.М. К вопросу о криминализации структурированных форм организованной преступной деятельности //Тураби. — 1997. — № 1. — С. 98–103.
- Водько Н.П. Уголовно-правовая борьба с организованной преступностью: Науч.-практ. пособие. — М.: Юриспру- денция, 2000. — 80 с.