Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының шет елдермен əскери саладағы серіктестігі

Қазақстан əлемдік қауымдастықтың мойындауына ие болған қазіргі заман талаптарына жауап беретін, негізінен нарықты экономиканы, саяси жəне əлеуметтік жүйені жасауды аяқтап, мемлекет болып құрылуы мен нығаюының күрделі кезеңін сенімді жеңіп өтіп, өзінің жаңа тарихының екінші он жылдығын аяқтауға қадам басты. Алайда ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігін қамтамасыз етудің бірі жəне оның негізгі компоненті қарулы күштерінің араласуынсыз мүмкін болмайтын əскери қауіпсіздік болып табылады. Ал өзінің əскери күшін қалыптастыру тəуелсіз мемлекетті нығайтуда, оның шекарасының жəне территориялық тұтастығын бұзылмауының қажетті шарты болды. Тəуелсіз мемлекетті құрудың күрделі саяси жəне халықаралық қарым-қатынастың түбегейлі өзгерісі жағдайында Республика басшылығы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мүмкіндіктерді жасауда. Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстан басшылығымен бұрынғы кеңестік кеңістіктің жаңа тəуелсіз елдерінің əскери күштері бір-біріне қақтығыста болуына жол бермеуге ұмтыла отырып, біріккен күштерді сақтап қалуда айтарлықтай əрекет жасалған болатын.

Н.Ə.Назарбаев «ТМД Біріккен қорғаныс күштерін сақтауға Қазақстанның ұмтылғанына қарамастан, Достастықтың жеке мүшелерінің шынайы əрекеттері Ерікті қорғаныс күштерін жасау кеңістігіне мəселені итермеледі», — деп еске алады [1].

Ресей Федерациясы алғашқы кезеңдерде бұрынғы КСРО Қорғаныс күштерінің үлкен бөлігін ТМД құрамында сақтауға ұмтылды. Алайда 1992 жылдың көктемінде ТМД елдерінің көпшілігі өздерінің жеке қарулы күштерін жасау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Кеңес Одағының құрамында бола отырып, жалғыз ғана шынайы қауіпсіздікке қатер тудыратын Қытай Халық Республикасымен шекаралас болды. Бүгінде Қазақстан Республикасы 5 мемлекетпен шекарасы шектесіп жатыр. Мүмкін болатын ұлттық, сонымен бірге біздің елімізге əскери қауіптілік көбейді. Осыған байланысты жаңа Əскери доктринада Қазақстан Республикасы осы жəне басқа да сыртқы жəне ішкі қатерлерді ескереді. Сол сияқты ТМД оңтүстігінде республиканың шекарасыннан тікелей жақын маңда əскери ошақтардың, оның территориясына экстремистердің қарулы топтарының, халықаралық террористердің кіру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазірде жақын елдердің əскери қуатының сапалы жəне көлемдік өсуі нəтижесінде аймақтық тұрақтылықтың əлсіреу мүмкіндігі де орын алуда. Осылардың ішіндегі кейбірінде жаппай қырып жоятын қарудың болуы жəне жаңа əскери технологияны əзірлеу мен оның таралу қауіпін туындатуда. Орталық Азия аймағында мұндай қару түрлерінің террористер қолына түсу мүмкіндігі бар [2]. Осымен байланысты Қазақстанға мемлекет шекарасын нығайтуға жəне бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелеріне көп көңіл аударғаны жөн.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 3-тармақшасында: «Мақсаты немесе iс- əрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға жəне олардың қызметiне,сондай-ақ заңдарда көзделмеген əскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады» [3], — деп айқын бекітілген.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзінің реформа жүргізуін жалғастыруда. Оның басты мақсаты жақсы жарақтанған, нақты кедергілерге жауап беретін жəне потенциалды əскери қауіптен мемлекеттің өміріне маңызды ұлттық мүдделлерін қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті жоғары серпінді Қарулы Күштерін құру болуып табылады.

Осы мақсаттағы жаңа Əскери доктринада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін негізгі мақсаттарымен жəне əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерімен, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін есепке алумен сəйкес кезеңдермен іске асырылатындығы көрсетілген. Бірінші кезең барысында 2002 жылға дейін келесі басты міндеттерді шешуге күштер шоғырланған болатын:

  • іріктеу арқылы жасақталған құрамаларды материалды-техникалық қамтамасыз ете отырып, ұтқыр əскер дайындау;
  • əскери басқару органдарының құрылымын қайта құру, бірін-бірі қайталаушы жəне тиімсіз құрамаларды жою;
  • əскери дайындыққа жəне соғысқа қабілеттілікке жəне əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындауға əсер етпейтін құрылымдар мен құрамалардың санын қысқарту мен жою;
  • əскери-территориялық құрылымға жəне əскери-əкімшілік басқаруды жасауға көшу;
  • кейбір əскери лауазымдарды азаматтық қызметкерлер орнымен басу бойынша шараларды іске асыру;
  • əскери бөлімдерді, əскерлер мен əскери техниканы еліміздің территориясында тиімді орналастыру бойынша шараларды қабылдау.

Қарулы Күштерді жарақтау мен оқыту, сонымен бірге тəжірибелі офицерлік мамандарды сапалы дайындау армияның негізгі мəселелеріне жатады. Қорғаныс министрлігі Қазақстанның Қарулы Күштерін жасақтау үдерісін сын тұрғысынан сипаттады. Онда: «Қарулы Күштерде түбегейлі өзгерістер жүргізілмеген деп санайды. 15000 км жуық құрайтын территориямыздың орасан үлкен өлшемдері мен шекарамыздың периметрлерінде əскери бөлімдерді пайдалы орналастыру жəне еліміздің əскери қауіпсіздігіне ең мүмкін деген қауіптерді болдырмауды есепке алумен байланысты шаралар қабылдауда, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіру мен геосаяси жағдайдың өзгеруіне олардың бейімделуі бойынша тиімді зерттеушілік жұмыстардың жоқтығын көрсетті», — деп жазылған [4].

Осылармен байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалаудағы тəжірибелік əрекетімен 2000 жылы əскери-территориялық құрылымға көшу болды.

Кейін Орталық Азиядағы болып жатқан əскери-саяси жағдайдың өзгерістеріне байланысты, сонымен бірге əскери-территориялық құрылымға көшу мақсатында жəне əскери-əкімшілік басқару органдарын жасау барысында əскери округтар «Шығыс», «Оңтүстік», «Батыс» жəне «Астана» аймақтық басқаруға қайтадан құрылған болатын. Жаңа стратегиялық басқару органы — Штабтар комитеті жасалды. Бұл өзгерістердің нəтижесі барысында əскерлерді сапалы жақсарту, əскери құрылыс саласында əлемдік тəжірибені есепке алумен оларды қолдануда келісімділік болуы тиіс [5].

Екінші кезеңнің негізгі міндеттері 2005 жылдың соңына дейін жүзеге асқан. Оларға:

  • əскер байланысын, барлауды, радиоэлектрондық күрес, əуеде қарсы қорғаныс, азаматтық əуе техникасын дамыту мен техникалық қайта жарақтау;
  • Қарулы Күштерді   толықтыру жүйесін     жетілдіру,  келісім-шарттық қызметтегі    əскери қызметкерлер санын арттыру;
  • қорларды жедел дайындау жүйесін қалпына келтіру;
  • əскери инфрақұрылымды дамыту;
  • ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама негізінде Қарулы Күштер үшін мамандар дайындау жүйесіне көшіру;
  • Қарулануды жəне əскери техниканы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Үшінші кезеңде, 2005 жылдан кейін, Қазақстан Қарулы Күштерін құру мен реформалаудың келесі негізгі міндеттері белгіленді:

  • Қарулы Күштер түрлерінде, əскер түрлері мен арнайы əскер құрамында толықтай толықтырылған бірлестіктер мен бөлімдердің меншікті салмағын ұлғайту жолымен əскердің сапалық көрсеткіштерін жоғарлату;
  • Қарулы Күштерді келісім-шарт бойынша толықтыруды, əскерге шақыру бойынша қызмет мерзімін қысқартуды, балама қызметті енгізу мен ауқымды ресурстарды дайындау жүйесін жетілдірумен (əскери қызметкерлердің 85 % дейін келісім-шарт негізінде алынатын болатындығы алда тұр) үйлесімділікте жалғастыру;
  • кезең бойынша əскерлерді əскери техникамен жəне жаңа үлгілік қарулармен техникалық қайта жарақтау;
  • жедел, соғыс жəне əскерді шұғыл дайындықты толыққанды ресурстық қамтамасыз ету [4].

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыра отырып, Қазақстан өзінің тəуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қолда бар күштермен жəне құралдарымен қорғауды іске асыру бойынша күрделі мəселені кезең бойынша шешеді. Мысалға, сарапшылар есептеуі бойынша, біздің егеменді ауданымыздың бірлігіне 1/68 əскердің сандық құрамы келеді. Бұл əрбір жауынгер территорияның 68 шаршы км қорғау тиістігін білдіреді. Қытайда, 3,2 млн адамды құрайтын əскер саны, бұл қатынас 1/3,2, АҚШ-та — 1/5,5 теңеседі [6]. Осылайша еліміздің орасан зор территориясын қолда бар күштер мен құралдармен қорғауды іске асыру тəжірибе жүзінде мүмкін болмайды. Алайда территориялы қорғаныс жүйесін, сонымен бірге қысқа мерзімде республиканың кез келген нүктесіне жұмылдыруға қабілетті Қазақстанның аэроұтқыр əскерін жасаумен бұл жағдайдан шығу мүмкіндігі бар. Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университетінде офицерлермен кездесуде ҚР Қорғаныс министрі Қазақстанның аэромобильді əскерін құру аяқталды деп мəлімдеді [7].

Қазақстандағы əскери реформалар əлі де түбегейлі жетілдірулерді талап етеді. Ресей генералы В.И.Романенконың ойынша, қазақстандық əскерді қайта бағдарлау үшін, мысалға, батыстық қару үлгісіне, олардың соғыс дайындығына жəне біздің елімізде қолдану үшін бірнеше млрд доллар қажет етіледі.

Көшпелі кезеңнің күрделігіне қарамастан, республика басшылығы Қарулы Күштерді құру жолында үлкен жұмысты еңсерді. Бəрінен бұрын, Қарулы Күштер əрекетінің құқықтық базасы жасалған болатын. Қазақстандық əскерді реформалау бойынша барлық əрекеттер бір ғана мақсатты — оны мемлекет қауіпсіздігінің шын кепіліне айналдыруды көздейді.

Бүгінде ТМД форматында ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру туралы идея ұсыныс жасағаннан бастап іске аспағандығын анық айтуға болады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарттың кейбір аспектілеріне жан-жақты тоқталған жөн. Берілген құжаттың негізгі мазмұны бір мемлекетке қарсы басқыншылық барлық мемлекеттерге — ҰҚК (ДКБ) қатысушыларына басқыншылық сияқты қарастырылады деп жариялаған [8].

Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарттың құрылуы қажетті жəне негізделген болды. Ол бұрынғы кеңестік кеңістікте тəуелсіз мемлекеттердің құрылуы жүргенде, ал бірыңғай армияның орнына ұлттық Қарулы Күштер жасалған кезде өте күрделі жəне қарама-қайшы жағдайларда бірінші кезеңнің өзінде оң рольді атқарды. Ең алғашқыда-ақ кезекпен жəне қазіргі талапқа сəйкес, сапалы жаңа ұжымдық қауіпсіздік жүйені жасауда принциптік жолды ұстанды. Оларға: жаңа мүшелердің кіруі үшін ашықтық, БҰҰ Жарғысының принциптері мен халықаралық құқықтың іргелі нормаларын, қатысушылардың тең құқығын, қорғаныстық сипатты айқын мақсаттарды ұстану жатады.

ТМД елдерінің қорғаныс министрліктері бірлескен (біріккен) əскери жүйені жасау мен дамыту бойынша шараларды анықтады. Əуеге қарсы қорғаныстың біріккен жүйесінің қызметі сұрақтары ерекше көңіл аудартады: əуеге қарсы қорғаныс бойынша бірлескен əскери кезекшіліктің жүйесін жетілдіру, əуе қозғалысын басқару мен қатысушы-мемлекеттердің əуелік кеңістігін пайдалану тəртібін бақылау, сонымен бірге тиісті ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіруге ерекше назар аударылуда.

Əскери ведомстволар арасында келісілген командалық-штабтық оқу жаттығуларды жүргізу, қарулық үлгілерді жəне əскери техниканы сынауды жүргізу ТМД қатысушы-мемлекеттердің полигондарын бірлесіп пайдаланудың оң нəтижелігін көрсетті. Сондай-ақ əскери-техникалық ақпарат алмасу жүйесін жасауға жəне пайдаланудағы қаруларды жəне əскери техниканы жөндеу бойынша бірлескен кəсіпорындар саласын, сонымен бірге пайдалануды жəне қарулар мен əскери техниканы жөндеуді метрологиялық қамтамасыз ету орталықтарын (зертханаларын) одан арғы интеграциялау бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

ТМД елдерінде жүргізілетін кез келген шараларды ғылыми негіздеусіз халықаралық əскери қызметтестікті одан ары дамыту мүмкін еместігі белгілі. Осымен байланысты əскери-ғылыми қызметтестік саласында негізгі бағыттарды, біздің көзқарасымыз бойынша, келісуші елдердің əскери- ғылыми саясатты қалыптастыру мен іске асыру, əскери ғылыми-зерттеуші мекемелерде, бірлескен сараптамалар мен сынауларды кіргізетін басқа елдің полигондарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бойынша кеңестер жүргізу қажеттігін бар.

Сондай-ақ келесі шараларды бірлесіп игеру ұсынылады:

  • бірлескен ғылыми-зерттеушілік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда əзірлеу мен қатысуды үйлестіру;
  • уақытша жəне ұзақ мерзімді негізде бірлескен əскери-ғылыми шығармашылық ұжымдарды құруды қамтамасыз ету;
  • жеке əскери ғалымдарды жəне елдердің біріндегі мамандарды тиімді игерілмеген жұмыс орындауға тарту;
  • ғылыми-педагогикалық жəне ғылыми кадрларды дайындау тəжірибесімен алмасу;
  • ғылыми жəне ғылыи-техникалық əдебиеттермен, оқулықтар мен басқада материалдармен алмасу;
  • əскери салада қызметтестіктің берілген түріндегі іске асырылатын бағдарламалар мен жобаларды үшінші елдердің əскери оқыту мекемелерінде немесе халықаралық ұйымдарында екі жақты келісім бойынша ғалымдардың, ғылыми-зерттеуші бөлімдер сарапшыларының (ҒЗБ) ғылыми жұмысты регламенттеуші нормативтік құжаттарды жасау тəжірибесін алмасу, бірлескен семинарларды, ғылыми конференцияны, жұмыстық кездесу мен көрмелерді ұйымдастыру, оларға қатысу т.б.

ТМД елдерінің бейбіт тұрғыдағы жəне антитеррорлық əрекетте, дауларды болдырмау жəне реттеу саласында негізгі міндеттерінің біріне əскери бақылаушы топтар қызметін жəне бейбітшілікті қолдау бойынша ұжымдық күштерін, сонымен бірге олардың қызметкерлерінің əлеуметтік қорғалуы, қаржыландыру мен материалды-техникалық қамтамасыз ету сұрақтарын құқықтық реттеуді жетілдіру заман талабына сəйкес келеді.

Мұнан былай əскери бақылаушы жəне бейбітшілікті қолдау бойынша ұжымдық күштер топтарын толықтыру үшін арналған əскери, азаматтық жəне полиция қызметкерлерін дайындау жүйесін дамытуда келісушілікке көңіл аударған жөн. Ортақ мүдделерді ескере отырып, БҰҰ, ЕҚКҰ, САТҰ эгидасы астында жəне басқада халықаралық ұйымдарда əскери құрамды, азаматтық, полиция қызметкерлерін дайындау жəне қолдану тəжірибелерін жалпылай пайдалануды, сонымен бірге Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілікті қолдау бойынша ұжымдық күштердің қызметкерлерін қаржыландыруды, техникалық, психологиялық жəне тылды қамтамасыз етуді жетілдіру заман талабына сəйкес келеді.

Маңызды аспектілердің бірі болып ТМД елдерінде əскери құрылысты ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз етуде əрекеттестігін жəне олардың əскери қызметтестігін ұйымдастыру, сонымен бірге қорғаныс министрлігінің тарапынан бос уақытта мəдени мекемелерінің мəдени байлықтарға, тарихқа, рухани мұраларға жəне халықтар дəстүріне жəне олардың қарулы күштеріне əскери қызметкерлерді қатыстыру мақсатында қызметтестік табылады. Сонымен қатар əскери қызметтестікті дамытудың негізгі түрлері болып ресми түрде қатынасу мен жұмыс кездесулері, қарулы күштерді дайындау бойынша бірлескен шаралар, инспекциялық əрекеттерді жүргізу сұрақтары мен халықаралық келісім- шарттар жəне қарулануды бақылау саласында келісушілік шеңберінде ТМД қатысушы- мемлекеттердің өкілдерінің қатысуы табылады.

Бірлескен бағдарламалар мен жобаларды əзірлеу, қарулық жəне əскери техника өндірістерін жөндеу, жаңарту мен пайдаға асыру, ұлттық қарулы күштерді, бірлескен аймақтық əскери топтарды, бейбітшілік орнатушы жəне коалициялық күштерді, біріккен əскери жүйелерді техникалық қамтамасыз етуді іске асыру негізгі мүдде болып табылады. Сондай-ақ біріккен əскери-ғылыми зерттеулер, соның ішінде жаңаша əскери технологияны жасау бойынша, əскери қызметкерлерді əскери-ғылыми оқу орнындарында оқыту, əскери-ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, əскери-ғылыми, əскери-құқықтық, əскери-техникалық жəне басқа да ақпараттармен алмасу бүгінгі күннің талабы болып табылады.

Материалды-техникалық, қаржылық жəне əскери қызметтестікті дамытудың басқа да түріне ресурстық қамтамасыз ету, сонымен бірге мақсатты бағдарлама мен оны іске асыру бойынша қатысушы-мемлекеттермен белгіленетін тəртіпте жəне жағдайларда бірлескен шаралар жатқызылады. Осы ерекшеліктерден, шешімдерді орындау мен əскери қызметтестікті дамыту бойынша жұмыстардың үйлесімділігі ТМД қатысушы-мемлекеттердің бірлескен жəне ұлттық қауіпсіздік сұрақтарына келісілген амалдарды өндіруді алдын ала ескерілуі тиіс. Осыған байланысты ол достастық елдерінің ұлттық қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру мен дамыту бойынша мақсаты мемлекеттік жəне мемлекетаралық кешенді бағдарламаларды əзірлеуді енгізуі тиіс.

Əскери қызметтестік сұрақтары бойынша халықаралық келісімдердің ережелерін, мемлекетаралық бағдарламаларды орындауды, сонымен бірге көп жақты негізде əскери қызметтестікті дамыту бойынша ертеректе қабылданған шешімдердің іске асуын талдау басты міндеттердің бірі болуы тиіс. Əскери қызметтестік шеңберінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, ұлттық деңгейде іске асырылады.

ТМД-ға кірмейтін елдермен əскери қызметтестік зерттелген жылдары өзара тиімді шарттарда жəне егемендікті құрметтеу принциптерінде, шекараның бұзылмауы, мемлекеттің территориялық тұтастығында, сонымен бірге олардың ішкі істеріне араласпау негізінде қаланды. Достық қатынастарды барлық елдермен өзара тиімді қызметтестік жəне өзара түсінушілік принциптері бойынша, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін басқа елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтірусіз ұстану, аймақтың əскери саласында жəне халықаралық дауларды бейбіт реттеуде сенімділік шаралары мен ашықтықты нығайту көзделеді.

Əскери қызметтестіктің принциптерінің бірі болып жаппай қырып жоятын қаруды таратпау, қару-жарақ, əскери техника, əскери жəне қосарлы арналған технологиялардың сауда нормасын жəне бұл саладағы келісімдерді сақтау табылады.

ҰҚК қабылданған уақыттан бастап ТМД елдері үшін ортақ сыртқы əскери қауіптілікті тұжырымдау жасалынбады. САТҰ Шығысқа кеңеюін Достастық елдердің-мүшелерінің көпшілігімен қауіп ретінде қабылдалмады. Орталық-Азиялық мемлекеттер арасында аймақтың территориялық ерекшеліктерінен аймақтағы мүмкін болатын қатерлер сипатын анықтауда елеулі айырмашылықтар болды. Мысалға, Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікменстан жəне жартылай Қырғызстан үшін олар бірінші кезекте Ауғанстанмен байланыстырған, ол уақытта Қазақстан үшін қытай факторы ерекше маңызды болатын. «Талибан» қозғалысынан шығатын қауіп дəрежесін бағалауда айырмашылықтар болды, алайда оның талқандалуынан кейін бұл мəселе айтарлықтай шамада өзінің өзектілігін жоғалтты. ТМД-да аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне пайда болған қарулы даулардан сақтап қалу мен халықаралық аренада сыртқы саяси жолдағы келісушілік туралы сұрақтарды қамтамасыз ету жұмысы жасалмады. ТМД əскери қызметтестігін үйлестіру бойынша штабта жаңа тəуелсіз мемлекеттердің кейбір басшылары əскери басқарудың ұлттық органын олардың егемендігіне қысым жасаушы сияқты көрді. Көпшілігіне халықаралық террорлықпен күрес ТМД-да əскери қызметтестікке екінші «дем» беруі мүмкін деп танылды. Осылайша, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін салудың дəстүрлі схемасы, мемлекеттердің ортақ мүдделері қалыптаса бастағанда, одан кейін осы мүдделерге ортақ əскери қауіптер анықталғанда, оларды реттеу бойынша стратегияны жасап шығарды. Ең соңында Коалициялық қарулы күш келбеті мен құрамы белгіленді. Тұрақты қызмет істеуші орган болып Хатшылық табылады, онда саяси қызметтестікті басқару орталығы бар. Ол сыртқы саяси бағыттың келісушілік сұрақтарымен, ҰҚК мемлекеттер-мүшелерінің халықаралық əрекеттерін үйлестірумен айналысады. Сондай-ақ əскери қызметтестікті басқару, əскери компоненттердің дамуына қатысады, əскери-техникалық қызметтестік сұрақтарымен, əуе шабуылына қарсы қорғаныс, байланыс, барлау жəне т.с.с. интеграциялық жүйелермен айналысады. Қауіп- қатерлерге қарсы əрекет ету бойынша басқаруда терроризммен, нашақорлық бизнеспен, трансұлттық қылмыскерлікпен күрес сферасында мамандар жұмыс істейді. Осы барлық басқармалар мекеме қызметін қаржыландыруда үлестік қатысуына байланысты квоталық негізде қалыптасады.

Достастық қатысушы-мемлекеттердің Əуе шабуылына қарсы қорғанысты біріккен жүйесі құрылғандығы айтылған болатын (ƏШҚ БЖ). Оның дамуына жəне ТМД Қорғаныс министрлігі Кеңесінде ƏШҚ сұрақтар бойынша Координациялық комитеттің қызметін қамтамасыз етуге, мұнда Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан, сонымен бірге Украина қатысатын 2003 жылғы екі жақты келісім негізінде 259 млн астам рубль пайдаланылған болатын. Бұл қаражаттар қатысушы-мемлекеттер арасында тепе-тең бөліп таратылды, бұл кезде Ресейдің үлесі 35 млн астам рубльді құрады. 2004 жылы ТМД қатысушы-мемлекеттердің Əуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесін дамыту бойынша шараларды жүргізілді, Қазақстан Республикасында əскери дайындық бойынша тамызда Су-27 ұшақтарының жəне Ми-8 тікұшақтардың экипаждары Қырғызстан Республикасының территориясында жүргізілген «Шекара- 2004» біріккен оқу жаттығуына қатысты. 2004 жылдың 4 қыркүйегінен 7-сі аралығындағы кезеңде ТМД қатысушы-мемлекеттердің Əуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің біріккен шараларды жүргізу жоспарынан сəйкес, «Сарышаған» Əуе шабулынан қорғаныс күшінің əскери дайындық жəне əскери қолданыс оқу орталығы полигонында «Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша операцияларда ҚР Əуе шабуылынан қорғау күштері бөлімшелері мен əскери атыс құрамаларын қолдануы» тақырыбында тактикалық оқу жаттығуларының ақырғы кезеңі жүргізілді. Бұл оқу жаттығуда ТМД қатысушы-мемлекеттердің Əуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінен өкілдік делегаттар Ресей Федерациясының, Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тəжікстан Республикаларының жəне Украинаның əскери-əуе күштері мен əуе шабуылынан қорғау күші, сонымен бірге Ресей Федерациясының қорғаныс кəсіпорындары мен мекемелерінің басшылары қатысты. Оларға ТМД Əуе шабуылына қарсы біріккен жүйесінің құрама бөлігі сияқты, Қазақстан Республикасының əуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіру бойынша қол жеткізген нəтижелері көрсетілген болатын.

ТМД Қатысушы-елдердің ұжымдық қауіпсіздігі туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасымен жəне Ресей Федерациясымен қорғаныс мəселелері бойынша екі жақты келісушілік негізінде алғашқы қадамдар жасалған болатын. Соған дəлел болып 1997 жылдың 14–18 шілде аралығында Самарада ресей-қазақстандық «Редут-97» стратегиялық командалық-штабтық оқу жаттығуда жедел дайындықтың біріккен шаралары жоспарымен сəйкес жүргізу саналады. Онда Ұжымдық қауіпсіздік туралы Ташкент келісіміне сəйкес, əскердің коалициялық топтануын ұйымдастыру мен қолдану сұрақтары енгізілген болатын. Олардың барысында қазақстандық жауынгерлер Қазақстанның əуе шабуылына қарсы қорғаныс есептерінің əуе нысандарын жою кезінде үздік нəтижелерге жетіп, жақсы жағынан өздерін көрсетті.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы террорлық актыдан кейін сыртқы саяси жағдайдың өзгеруін талдау ТМД қатысушы-мемлекеттердің Əуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінен уақытында құрғандығын айғақтады. Ол мемлекеттерге қауіпсіздік кепілін берумен қатар бүгінде əуе кеңістігінде Достастықтың сыртқы шекарасын қорғауды қамтамасыз етеді. ТМД əуе кеңістігінде ұжымдық қорғанысты қамтамасыз ету мен дамытуға 1996 жылдың 19 қаңтарында қабылданған «Əуе кеңістігін қорғау Концепциясы» негіз болды. Оның негізгі қағидаларына мыналар жатады:

  • əуе кеңістігінің дербес құқығы;
  • сыртқы шекараларды қорғау бойынша жан-жақты қызметтестік;
  • дербестікті, территориялық тұтастықты жəне теңдікті өзара құрметтеу;
  • əуе-ғарыштық шабуылдау құралдарының кіруі мүмкін барлық жағдайында əуе шабуылына қарсы қорғанысты салуды топтау жəне əуе шабуылына қарсы қорғаныстың шешуші міндеттерін, барлық күштер мен құралдарды кешенді пайдалану табылады.

Террорлық пен экстремистікпен күресті белсендіру аймақтық əскери достастықты нығайтуда көрінді. Бұл ТМД қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің қызметінде айқын көрініс табады. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай белгілі дəрежеде аймақтың кейбір мемлекеттерінің, ал, жекелеп алғанда, біздің шығыс көршіміз — Қытайдың белсенділігін жоғарлатуын жеделдетті. Оның күшеюі, бір жағынан, Қытай батыс бөлігінің өмірлік маңызы бар қауіпсіздік сұрақтарын шешуге, ал, екінші жағынан, Орталық Азия мемлекеттерімен өте тығыз қызметтестікті, соның ішінде əскери саланы дамытуға бағытталғандығында болып отыр.

Осыған байланысты Достастықтың Шанхай ұйымының негізі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тəжікстанның Сыртқы істер министрлігі орынбасарларының 1992 жылдың 8 қыркүйегіндегі кездесуінде негізі қаланды. Бұл күрделі міндеттерді іске асыруға Пекиндегі өзара кездесуде келісілген мəселелерді атқаруда төрт жыл кеткендігін айтпасқа болмайды. Біріккен қызметтің қорытындысы бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Қытай басшыларының 1996 жылғы 26 сəуірде Шанхай қаласында бірінші кездесуі болды. Оның нəтижесі «Шекара аудандарында əскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісушілікке» қол қойылды. Соның барысында əлемдік саяси аренада «Шанхай бестігі» деген алғашқы атқа ие болған жаңа ұйым пайда болды. Қазақстанның мемлекет болып құрылуының бірінші кезеңінде ТМД, басқа да бірқатар елдері сияқты, өткір экономикалық жəне əлеуметтік мəселелермен ғана емес, сонымен бірге шекаралық сұрақтардың шешу қажеттілігімен бетпе-бет келді. Бірінші кезекте Қытаймен, өйткені бұрынғы Кеңес Одағының басшылығы көптеген он жылдық ішінде бұл маңызды мəселені қандайда бір оң шешіміне жете алмады. Берілген сұрақты шешу үшін жалғыз ғана мүмкін жол — даулы мəселелерді консенсус негізінде жəне өзара мүдделерді есепке алумен бейбіт реттеу таңдалды.

1997 жылдың сəуірінде Мəскеудегі «бестіктің» екінші жиылысында ұйымға мүше жақтар «Шекара аудандарында Қарулы Күштерді өзара қысқарту туралы келісімге» қол қойды. Екі кездесу барысында қол жеткен келісушілік, Азиялық құрылықта даулы сұрақтарды бейбіт шешудің жағдайы жасалды. 1998 жылы наурыздағы Алматыдағы үшінші жиылыс қатысушы-мемлекеттер ұйымының басшылары кездесуі оның əрекет істей алатындығын жəне жақсы келешегін көрсете білді.

Мемлекеттердің қауіпсіздік мəселелерін əлемдік ауқымда бірлесіп шешу дұрыс екендігін тəжірибе көрсетті. Қауіпсіздіктің əр түрлі халықаралық құрылымдарымен тура байланыстарды орнату, соның ішінде САҰ-мен, Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясатының принциптеріне сай келеді. «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы шеңберінде САҰ мен ынтымақтастықты кеңейте түсу бойынша біздің республикамыздың нақты ұсыныстарына кадрларды дайындау мен əскери құрылыстарды тұрғызу жатады. Қазақстан қатарлас «Жоспарлау мен талдау процесіне» қатысуға (ПАРП) дайындығын дəлелдеді [9]. Еуро-Атланттық серіктестік СЕАП шеңберінде ынтымақтастық жалғасуда.

САҰ мен Қазақстан арасында байланыс орнатқан күннен бергі уақытта бірнеше жүз қазақстандық жауынгерлер «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы бойынша əр түрлі шаралар мен оқу жаттығуларға қатысты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы өзінің тəжірибелік жұмысында бекітілген бағдарламалар шеңберінде САҰ-мен ынтымақтастықты дамытуға өте ерекше мəн береді. Сарапшылар мен лауазымды тұлғалар, САҰ елдерінің əскери ведомстволарының өкілдері, Қазақстан Республикасы САҰ-мен ынтымақтастықты динамикалық дамытуы жүзеге асыруда.

Қазақстан Орталық Азияда бірінші жəне ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып САҰ «Жоспарлау мен талдау процесі» бағдарламасына қосылды жəне ынтымақтастықта қабылданған мақсаттарға белсенді араласуда.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі САҰ мен Қарулы Күштердің ынтымақтастығын жалғастыра отырып, оны реформалау мақсатын іске асыруда. Осымен қатар Қазақстанның Жоспарлау мен талдау процесіне енуінен кейін ҚР Қорғаныс министрімен «Қазақстан Республикасы мен САҰ арасында техникалық қызмет көрсету мен қамтамасыз ету бойынша (NAMSO), материалды-техникалық қамтамасыз ету саласында серіктестік туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қоюы одан арғы ынтымақтастықты дамытуда өте маңызды қадам болып табылады. Бүгінде оның бағыттарын іске асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, «Жоспарлау мен талдау процесі» бағдарламасына Қазақстанның қатысуы САҰ процедураларымен сəйкес бола отырып, біркелкі жəне динамикалық дамушы сипатқа ие болып табылады. Ынтымақтастық жеке бағдарламасы (ҚЖБ) шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі шараларды қарапайым жасақтаудан бас тартып, қаржылық мүмкіндіктерді жəне ағылшын тіліне ие болатын мамандардың болуын есепке алумен ынтымақтастық мақсатын тиімді іске асыру үшін қажетті нақты бағыттар бойынша өзінің іс-шара əрекетін жоспарлайды. Əскери жəне командалық- штабтық оқу жаттығуларда, оқу бағдарламаларында жəне семинарларда қазақстандық жауынгерлердің қатысуын кеңейте түседі. ҚР Ынтымақтастық бағдарламасына сəйкес əскери салада бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Қазақстан «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарлама шеңберінде оқу жаттығуларға, «Combined Endeavor» жəне «Cooperative Osprey» оқу жаттығуларының тұрақты қатысушыларының бірі болып табылады. Мұнан өзге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен САҰ қатысушы- елдерінің қорғаныс ведомстволарымен екі жəне көп жақты байланыстар шеңберінде халықаралық бейбітшілік орнатушы оқу жаттығуларға қатысып келеді. Өткен жылдарда бірлескен қазақстандық- америкалық «Жəрдем» жəне «Баланс-Барс» оқу жаттығуы жүргізілді.

Қазбат бөлімшесінің АҚШ, Ұлыбритания жəне Түркия нұсқаушыларымен тұрақты негізде бірлескен жаттығулары өтуде. Ұлыбритания жəне АҚШ мобильдік күштері мен бөлімшелері қатысуымен антитеррорлық тақырыптағы үш елден 600 астам адам қатыстырумен «Дала қыраны- 2003» тактикалық-арнайы оқу жаттығуы өткізілді. Бұл оқу жаттығуларда шет елдерінің жауынгерлерінің қатысуы бұл оқу жаттығуларында PFP-SOFA базалық келісушілік шеңберінде жүзеге асырылды.

Мұнан өзге серіктестік мақсатына қол жеткізу үшін қазақстандық əскери мамандарды АҚШ, Ұлыбритания, Түркияда САҰ қатысушы-елдерінде оқу мекемелерінде жəне əскери курстарында оқыту жұмыстары өткізілуде.

Оқытудан өткен барлық жауынгерлер келешекте САҰ мен серіктестік жұмысына пайдаланылатын болады. Ұзақ мерзімдік негізде Түркияның Қарулы Күштерінде мамандардың қатысуымен арнайы бөлімшелерді дайындау іске асырылады.

Əскери серіктестің шеңберінде өткізілген өсу үстінде келе жатқан шаралардың санын еске ала отырып, ҚР Қорғаныс министрлігінде қаржылық қорды жасау бойынша жұмыстар басталып, тиімді атқарылуда. Бұл еліміздің əскери саясатын жүзеге асыруда əскери ұйымдармен өзара серіктестік аясында үлкен ауқымды істерді жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кужыбаев Б. Геополитический аспект региональной безопасности: сотрудничество с целью обеспечения стабильности // Бағдар-Ориентир. — 2003. — № 1. — С. 52.
  2. Арынгазиева Э.А. Борьба с коррупцией в Республике Казахстан. — Астана: Академия гос. службы при Президенте Республики Казахстан, 2005. — 322 с.
  3. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. — Алма-Ата: Дəуір, 1992. — С.
  4. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV–XVII вв.: история, политика, дипломатия. — Алматы: Ғылым, 1998. — С. 321.
  5. Курматов Ю.Ш. Договор о военном сотрудничестве — практическая реализация дружбы и добрососедства двух братских народов // Материалы первой казахстан.-рос. науч.-практ. конф. — Щучинск: Риск-Бизнес, — С. 83.
  6. Сатпаев Д. Центральная Азия в объятиях экстремизма // Саясат. — 1999. — № 8. — С.
  7. Выступление Министра обороны РК М.К. Алтынбаева на встрече с офицерами Национального университета обороны. —2005. — 12 сент.
  8. Романенко В.И. Казахстан в системе коллективной безопасности стран СНГ. — М., 1998. — С. 26.
  9. Серикбаев К.С. Военная безопасность страны: проблемы и переспективы военной реформы. — Алматы: Воен.-науч. центр, 2000. — 114 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.