Ғылыми жұмыстардың өзінде қылмысқа қатысудың нысандарын жіктеудің əлі күнге дейін өлшемдері айқындалмаған, осыған байланысты бұл нысандардың жалпы танылған санағы да қалыптаспаған. Тіпті заң əдебиеттері мен оқулықтарында да, олар бірдей уақытта шығарылса да, қылмысқа қатысу нысандарының əр түрлі жіктеу негіздері мен өлшемдері берілген.
Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңның дамуында қатысу нысандары туралы мəселе 40-шы жылдардың аяғы — 50-ші жылдардың басында ғалымдардың назарын аудартты. Бұл кезеңде А.Н.Трайнин «Қатысу туралы ілім» атты кітабында қатысу нысанының төрт мүшелі жүйесін ұсынды: 1) қарапайым қатысу; 2) қатысушылардың алдын ала келісімімен мамандандырылған қатысу; 3) ерекше түрдегі қатысу, яғни қылмыстық бірлестікпен қатысу; 4) ұйымдасқан топпен қатысу [1]. Бұл ғалымның нысандарды бұлай бөлуіне мына өлшемдер себеп болды: қатысушылардың субъективтік байланысының сипаты жəне қылмыстың қауіптілік дəрежесі, яғни субъективтік өлшемдері. Осы өлшемдер П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің қатысу нысандарын бөлу үшін негіз болып табылды. Аталған ғалымдар революцияға дейінгі зерттеушілерге еліктеп нысандармен бірге қатысудың түрлерін бөлді, бірақ олардың зерттеулерінде бұл тұжырымдама əрі қарай жалғасын таппады.
П.И.Гришаев пен Г.А.Кригер қатысудың нысаны ретінде мыналарды қарауды ұсынды:
- алдын ала сөз байласпай қатысу;
- алдын ала сөз байласып қатысу;
- ұйымдасқан топ;
- ерекше түрдегі қатысу — қылмыстық ұйым [2; 31].
Қылмысқа қатысудың түрлеріне олар қарапайым жəне күрделі қатысуды жатқызды. Қарапайымдылықта барлық қатысушылардың əрекеттері бірдей жəне қылмыстың құрамын орындауда тікелей қатысумен айқындалады. Күрделіде қатысушылардың арасында рөлдерді бөлу орын алады, соның нəтижесінде əрқайсы өзіне тиісті сипаттағы іс- əрекеттерді орындайды.
Алайда жоғарыдағы ғалымдардың ой-пікірлерін ескере отырып, Г.А.Кригер бөлген төртінші нысан қылмыстық ұйымды қылмыстық сыбайластыққа өзгертіп, одан əрі қатысушылардың түрлерін бөлуден бас тартып төрт мүшелі нысанды жақтайтын позицияны ұстанды [2; 256].
Субъективтік өлшемдер негізінде А.А.Пионтковский тек екі нысанды бөлуді ұсынды:
- алдын ала сөз байласпай қатысу;
- алдын ала сөз байласып қатысу, бұл көрсетілген нысан алдын ала сөз байласып қарапайым қатысу, ұйымдасқан топ жəне қылмыстық ұйым немесе бандамен болуы мүмкін [3].
П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің жіктеуінен А.А.Пионтковскийдің жіктеуінің ерекшелігі, бірінші жіктеуде топ пен ұйым бір нысанның əр түрі ретінде қарастырылады, екіншісінде аталған əр түрлік жеке нысан ретінде берілген.
А.А.Пионтковский қатысу нысандарын жіктеуде нысанның ішкі қайшылықтарының жоқтығын көрсетіп, қылмысқа қатысудың мəні бойынша түрлерін анықтады. Бірақ бұл ғалымдар көрсетілген нысандардың түрін əрі қарай зерттеуді жалғастырмады. Көрнекті ғылыми жұмыстарда субъективтік өлшемдерді қорытындылауда қатысу нысанын жіктеуге байланысты тұжырымдарды П.Ф.Тельновта қолдады. Оның айтуынша, «мамандар тұжырымы бұл мəселе бойынша екi негiзгi көзқарастарға бөлiнедi. Олардың бiреуiнiң жақтастары қылмысқа қатысуды алдын ала келiсiмсiз жəне алдын ала келiсiммен қылмысқа қатысу деп екiге бөлудi жөн көредi. Соңғы қылмысқа алдын ала келiсiммен қатысу нысанын түсiнуде олардың тұжырымдары бөлiнiп кетедi: бiр ғалымдар оған ұйымдасқан топ пен қылмыстық қауымдастықты қосса, басқа ғалымдардың ойы бойынша, бұл соңғы екеуi де қылмысқа қатысудың дербес, өз алдына жеке нысандары ретiнде санады. Екiншi көзқарас ұстанушылары қылмысқа қатысу нысандары ретiнде қоса кiнəлiлiктi, тар мағынасындағы қылмысқа қатысуды (немесе əр түрлi рөлдердi орындау мен қылмысқа қатысу) жəне қылмыстық қауымдастықты таниды. Қатысу нысанының бiрiншi əдiсiн қолдаушы мамандар жiктеудiң бiрнеше əр түрлi өлшемдерiн көрсетедi (субъективтiк байланыстың дəрежесі, келiсiмдiк, беріктік), бiрақ, ақыр аяғында, ұқсас шешiмге келедi, олардың барлығы iс-əрекет нысандарын ең бiрiнiшi субъективтiк элементтерi бойынша кiнəлiлердiң арасындағы алдын ала келiсiмнiң бар немесе жоқ екендiгiне байланысты ажыратады» [4] дейді.
Сонымен қатар П.Ф.Тельнов қатысудың төрт келесі нысанын ұсынды:
- қоса орындаушылық;
- əр түрлі рөлдерді орындаумен қатысу;
- қылмыстық топ;
- қылмыстық ұйым.
А.А.Пионтковскийден, П.И.Гришаевтен жəне Г.А.Кригерден П.Ф.Тельновтың жіктеуінің ерекшелігі, жіктеу негізі ретінде ол бірігу дəрежесі емес қатысушылардың арасындағы ықпал ету тəсілін бөлді.
Қатысушылар арасындағы ықпал ету сипаты М.И.Ковалевтің өзінің жіктеуін құрастыруға негіз болды. Ол екі қатысу нысанына тоқталуды ұсынды: 1) қоса кінəлілік; 2) рөлдерді бөліп қатысу [5].
Қатысу нысандарын жіктеудің өлшемдерін белгілеуде В.С.Прохоров ұқсас позицияны ұсынды. Ол қатысу нысандары тұлғалардың арасындағы байланыстың сипатын, оның құрылымын емес, тұлғалардың біріккен əрекеттерінің субъективтік байланысының құрылымдық арнайы қасиетін айқындайды дейді.
М.И.Ковалевтің жіктеуінен В.С.Прохоровтың жіктеуінің ерекшелігі, ол қатысудың тағы бір нысаны — қылмыстық ұйымды қосты.
В.С.Прохоров пайымдауынша, «біріккен қылмыстық əрекет» үш нысанда айқындалады:
- қарапайым қатысу;
- күрделі қатысу;
- қылмыстық ұйым.
Ал отандық ғалымдар Е.И.Қайыржанов, Б.Ж.Жүнісов, А.Н.Ағыбаев жəне тағы басқа ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарында қылмысқа қатысу нысандарын бөлуде біртектес түрлерін бөледі жəне олар осы жоғарыда аталған ғалымдар жіктеулеріне ұқсас.
Ғалымдардың талқылауларына тоқталсақ, бірінші нөмірге А.Н.Трайнин қарапайым қатысуды бөлді. Ал П.И.Гришаев пен Г.А.Кригер пікірінше, А.Н.Трайнин қоса орындаушылыққа жеткілікті көңіл бөлмеген, бірақ олар қоса орындаушылық қарапайым қатысушылық аясында болу мүмкін екендігін жоққа шығарған жоқ.
А.Н.Трайнин қарапайым қатысу деп алдын ала келісімсіз қатысуды ұстанды. Осыған ұқсас қатысу нысанын А.А.Пионтковский, П.И.Гришаев, пен Г.А.Кригер бөлді. Сонымен қатар аталған авторлар алдын ала келісімсіз қатысу қоса орындаушылыққа тəн деп есептеді. П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің пікірлері бойынша, көп жағдайда алдын ала сөз байласпай бірнеше адамдардың бірігіп қылмыс жасауында барлық қатысушылардың арасында бірыңғай қылмыстық əрекет орын алады, яғни қоса орындаушылық. Нысандарды жіктеуде бірінші орынға қоса орындаушылықты қойған авторлар қатысу бұл кезде сөз байласусыз болды деп тұжырымдайды. П.Ф.Тельнов жазғанындай, қоса орындаушылықтың көп бөлігі алдын ала келісімсіз жасалады.
Бұдан қарапайым қатысу, яғни алдын ала келісімсіз қатысу, қоса орындаушылық түрінде жəне рөлдерді бөлумен қатысу түрінде, сондай-ақ керісінше болуы мүмкін.
Н.Г.Ивановтың пайымдауынша, «мұндай қатысу нысандарын бөлуді қабылдауға болмайды, себебі ол теорияда аяқталмайтын ғылыми талқылауларға жəне тəжірибеде əр алуан шешімдерге əкеп соғады».
Алайда, А.П.Козловтың пікірінше, «бұл жерде барлығы керісінше, тек осылай ғана біз теориядағы ғылыми талқылауларды аяқтап, соттық тəжірибені бір ізге сала аламыз. Сондықтанда осындай ереже қабылдануы қажеттігін жəне қандайда бір құбылысты əр түрлі негізде жіктеу сол құбылысты талдауды бай ететіндігін, əр түрлі деңгейдегі сыныптарды бір уақытта қолдануды жоққа шығармайтындығын айтып, мұндай əр түрлі деңгейдегі бірнеше негіздегі жіктеуді біз қылмысқа қатысуда кездестіреміз. Соған байланысты əр түрлі деңгейлерді бір бейнеге қоспай, тек оны нақты сақтау арқылы ғана қатысуды жіктеудің ойдан шығарылғанын емес, қисынға келетін шынайысын алынатындығын көрсетті».
Қатысу нысандарының теориядағы басқа түрлері: қылмыстық бірлестік, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым немесе банда мəні бойынша емес əр түрлі авторлардың тек атауларымен ғана ерекшеленеді. Топтарды жіктеу аясында топтан ұйым мен бірлестіктің ерекшелігі — тұрақтылық дəрежесіне байланысты. Бұл жағдайда жоғары немесе төмен субъективтік байланыс дəрежесі өлшем болып табылады.
Қатысу нысандары туралы жалпы ілімнің алғашқы ағымдарының қорытындысы олардың ұсынған өлшемдері субъективтік белгілерге негізделді. Бұл субъективтік өлшемдерге сүйеніп, қатысу нысандарын жіктейтін болсақ, бұл нысандардың өзінің ішінен бірнеше нысандарды бөлуге болады. Яғни бұл нысандарды бірнеше түрге жіктеген сайын жаңа түрлері пайда болады жəне олар бір- бірімен тектес.
Сонымен қатар қатысу нысандары туралы ілімді басқа ағым аясында Ф.Г.Бурчак ұсынды. Ол қатысуды субъективтік бағытта жіктеуді сынай отырып, қатысу нысандарын бөлу негізіне «арнайы қылмыстық өлшем жеке қатысушылардың жауапкершіліктерін белгілейтін қылмыстық құрамының конструкциясын алу қажет» деп, жіктеудің объективтік өлшемдерін қолданды. Бұл өлшемдердің негізінде Ф.Г.Бурчак қатысудың үш мүшелі нысанын ұсынды:
- күрделі қатысу, қылмыстық құқықтың жалпы бөлімнің институтын бейнелейді.
- ерекше түрдегі қатысу, бұнда қатысушылардың жауапкершіліктері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында тікелей көрсетілген.
- қоса орындаушылық, яғни бұнда топтық қылмыстылық белгілерін қоспайтын, хабарласа отырып əрекет еткен адамдардың əрқайсысы өз əрекеттерімен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көрсетілген қылмыстарды толық немесе жартылай жүзеге асырады.
Ф.Г.Бурчак қоса орындаушылықты жəне қатысуды Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі ретінде бөліп, «олар бір-бірінен ерекшеленеді» деп дəлелдеуге тырысты. Оның пайымдауынша, қатысу туралы Жалпы бөлімнің нормасы заңнамалық конструкцияны құрайды, соның құралымен біртектес қылмыстар үшін ұйымдастырушының, айдап салушылардың жəне көмектесушілердің əрекеттері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамының объективтік жағының баламалы сипатына енгізілмейді, тек қатысушылардың арасында рөлдерді бөлумен байланысты күрделі қатысуды бейнелеумен жалпы түрде реттеледі. Бұл жерде Ф.Г.Бурчактың ғылыми жұмысындағы ой-пікірін қолдауға болады, себебі көмектесуші, айдап салушы жəне ұйымдастырушы деген рөлдерді тиісті фигуралар пайда болғанда бөлу туралы айту негізді. Егерде рөлдер ерекше қатысу нысанын бейнелемесе, онда бұл нысан субъективтік бағыттың жақтастарының ұсынған рөлдерді бөлу арқылы қатысудан ерекшеленбейтіндігін көреміз.
Ф.Г.Бурчак қатысудың жеке нысаны ретінде ерекше түрдегі қатысуды бөледі. Оның пікірінше, ерекше түрдегі қатысу Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген бірнеше түрлерін қамтиды дейді. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте көрсетілген үш түрлі топты бөледі, олар: хабарласа отырып, əрекет ететін адамдар тобы, алдын ала сөз байласып, əрекет ететін адамдар тобы, тұрақты қылмыстық ұйым құратын адамдар тобы. Дегенмен хабарласа отырып, əрекет ететін адамдар тобы мен алдын ала сөз байласып, əрекет ететін адамдар тобының айырмашылығы неде екені анықталмай қалып отыр. Біздің ойымызша, бір-бірімен хабарласу мен сөз байласу — бір нысан.
Ф.Г.Бурчактың жазуынша, барлық осы біріккен əрекет оқиғаларына ортақ жауапкершілік жеке қылмыс сияқты тікелей Ерекше бөлімнің баптарымен белгіленген.
Жоғарыдағы айтылған екі бағытты қорытындылайтын болсақ, ұсынылған екі жіктеудің ортақ қисындық кемшілігі бар, яғни авторлармен ұсынылған қатысу нысандарын жіктеудегі өлшемдері субъективтік бағыттағы немесе объективтік бағытты ұстанушылар болсын, олардың ұсынған ерекше белгілері қасиеті бойынша түбінде бір-біріне ұқсас. Осыған байланысты субьективтік бағытты ұстанушыларының жіктеуіндегі қатысудың түрлері түбінде келіп бір-біріне түйіседі. Сонымен қатар, субъективтік бағытты ұстанушылардың жəне Ф.Г.Бурчактың пікірінше, топтық бірлестіктердің бірігушілік, тұрақтылық дəрежесі белгілі бір топтың ерекше белгісі болып табылады. Алайда бұл белгілер кез келген топтарға тəн, соған орай бұл белгілер ерекше белгілер бола алмайды.
Ал жіктеудің объективтік өлшемдерін ұсынған Ф.Г.Бурчактың өлшемдері нысанды философиялық тұрғыдан түсінуге сəйкес келеді, бірақта бұл өлшемдер де мазмұны бойынша өзгермелі жəне іштей қарама-қайшы.
Əдебиеттерде авторлар қатысудың əр түрлі жіктеулерін қалыптастыруын негіздей келе, сандық қатынаста бірнеше нысандарды ұсына отырып, осы нысандардың барлығына бірдей қатысу анықтамасына философиялық ұғымды нысан қолданады.
Бірақта нысан — объективтік категория, ол объектінің сыртқы бейнесі немесе оның элементтерінің ішкі байланысының бейнесі. Кез келген жағдайда бұл категория əмбебап сапаға иеленіп, қарастырылатын объектінің мазмұнды бөлімін айқындауы қажет.
Н.Г.Ивановтың пайымдауынша, жоғарыда қорытындылауға ұсынылған нысандардың бір де біреуі бұндай сапаны иеленбейді, олардың барлығы бір-бірінен негіз алады немесе істің мəнісінде қиылысады (түйіседі). Сонымен қатар бұлардың көпшілігі объективтік элемент болып аталмайды, себебі субъективтік белгілермен шоғырланған. Бұл ереженің əрі қарай дамуынан қылмыстық құқық теориясында сонда да қатаң сынға ұшырамайтын, сондай-ақ теориялық жəне практикалық мақсатта қызмет ететін қатысудың тиімді нысанының қалыптаспағандығын атайды. Оның пікірінше, бұл құбылыстың қазіргі түсінігінде шындығында қатысу нысаны жоқ, себебі нысан тек жекеше болатын заттың, нақты құбылыстың сыртқы мазмұнын айқындайды. Психологиямен ұсынылған топтық ұғымымен толық өзара байланысты қатысудың тектік ұғымы бар. Бұл жағдай кез келген қатысуды топтық əрекет деп пайымдауға негіз береді. Онда топ өзіне қатысу түсінігін қоса отырып бір уақытта жалғыз-ақ қатысу нысаны аталып, қылмыстық əрекеттің тектік ұғымы ретінде беріледі. Мұнда топ алдын ала сөз байласып жəне сөз байласпай ұйымдасқан топ болуы мүмкін; топта қоса орындаушылық жəне сондай-ақ рөлдерді бөлу, топтық əрекеттің беріктілігінің əр түрлі дəрежесі болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, барлық аталған əр түрлік бірыңғай жалғыз-ақ қатысудың нысанын бейнелейтін «топ» ұғымын құрайды. Соның нəтижесінде Қылмыстық кодекске келесі норманы енгізуді ұсынады: «топ қатысу нысаны болып табылады, оның өзге түрі алдын ала келісім бойынша жəне алдын ала келісімсіз бейнеленген топ, банда ұйым қатысады жəне мұның барлығы шартты түрде болғандықтан, тілек бойынша өзге түрлерін енгізуге болады», — дейді. Автормен қатысу нысанын жіктеудің осындай қатаң логикасы енгізілген. Біздің ойымызша, қатысуды жіктеу негізіне адамдар тобын алу орынсыз, өйткені ол терминологиялық тұрғыда топтық қылмыстарға бағытталған, ал қылмысқа қатысу онымен шектелмейді.
Қылмысқа қатысу нысанын жіктеудің өлшемі ретінде А.Н.Трайнин, А.А.Пионтковский, П.И.Гришаев, Г.А.Кригер қылмысқа қатысушылардың ұйымдасушылық дəрежесін, ал А.А.Герцензон, М.Д.Шаргородский, П.Ф.Тельнов, М.И.Ковалев олардың іс-əрекетінің сипатын, В.Г.Смирнов, В.С.Прохоров болса олардың арасындағы субъективтік байланыстың сипатын, И.П.Малахов əрбір қатысушының жеке рөлін қарауды ұсынады. Қылмысқа қатысу мазмұнын қоғамға қауіпті екі немесе оданда көп тұлғалардың біріккен іс-əрекеті бейнелейтінін ескеріп, келесі қорытынды жасауға болады: қылмысқа қатысу нысандарын жіктеудің объектісі қатысушылардың біріккен қылмыстық іс-əрекеті жəне соған сəйкес олардың ұйымдастырушылық дəрежесі болып табылады.
Сондықтан қатысудың нысандары мен түрлерін бөлетін ғалымдардың көзқарастары өте орынды. Мəселен, ғалым Г.А.Кригер қатысу түрлері деп қоса орындаушылық пен рөлдерді бөліп, қатысуды түсінді, ал нысан деп алдын ала сөз байласпаған қатысу, алдын ала сөз байласқан қатысу, ұйымдасқан топ жəне қылмыстық ұйымды түсіндіреді. Көптеген авторлармен жіктеуде қолданылған міндеттік байланысы жəне ұйымдасушылық дəрежесі бойынша жіктеумен толық келісуге болады. Ғалым Г.А.Кригердің соңынан оның жіктеуін кейбір түрлендірумен В.У.Гузун қолдады. Ол қатысу түрлерінен (қоса орындаушылық пен рөлдерді бөліп қатысуды) орындаушылықты, ұйымдастырушылық іс-əрекетті, айдап салушылықты жəне көмектесушілікті түр тармағына бөледі. Бұндай пікір өте орынды, себебі біз түбінде қатысу қатысушылардың мінез-құлқының міндеттік ерекшелігіне байланысты əр түрлі дəрежеде біріккен адамдар тобынан бастау алатынын білеміз. Қатысуды қоса орындаушылық деп тану оған тек орындаушыларды қосуды жүктейді, ал рөлдерді бөлумен қатысуды тану орындаушымен қатар басқа да қатысушыларды қосады. Сондықтан оның қатысудың нысандары мен түрлеріне жəне түрлердің аясында қатысудың түр тармағына (қатысушылар түрлеріне) талдау жасауы орынды.
Сондықтан Г.А.Кригер мен М.И.Ковалевтың жалпы жіктеуін қолдай отырып, бұл ғалымдардың онша мəнді емес келіспеушіліктерін айта кеткен жөн болар. Егер ғалым Г.А.Кригер қатысу түрі ретінде қоса орындаушылық пен рөлдерді бөліп қатысуды таныса, М.И.Ковалев өзінің жаңа ғылыми жұмысында оларды қатысу нысандарына жатқызады жəне сонымен бірге ол өзінің шешімін философиялық түсініктер мазмұн жəне нысанмен негіздеуге тырысады. Бірақта бірнеше тұлғалардың міндеттік ұйымдасушылығы қатысу мазмұны болып табылады, яғни қатысу кезінде қатысу мазмұнын тек біріккен іс-əрекеттің міндеттік емес ұйымдасушылығымен ғана шектеуге болмайды. Аталған негізді теориялық талдаулардың өзінен, əлі де болса қатысу түрлері мен нысандары туралы қай кезде айту керектігі түсініксіздеу. Соған байланысты осы терминологиялық даулы талқылауға нүкте қойып, қатысуда қолданылатын нысан мен түрлерді шартты терминдер деп тану қажет. Өйткені түр қандайда бір белгіден немесе белгілер жинағының базасынан бөлінеді жəне ол түрдің нысанын бейнелейді. Сондықтанда бұдан қоса орындаушылық, рөлдерді бөліп қатысу, алдын ала келісімсіз қатысу жəне тағы да басқа белгілі түрді білдіріп өздерінің айқындалатын нысанына иеленетіндігі түсіндіріледі, яғни айқындалу нысаны мен түрлері кез келген аталған факторлардың өзіне тəн қасиет. Сондай-ақ көбіне нысанды түсіндіру «түр» арқылы анықталады.
Айтылғандарды тұжырымдасақ, 1) қылмысқа қатысу нысандары мен түрлерін формальді логика негізінде бөлу қажет жіктеудің екі негізі, яғни функциялық байланыс пен ұйымдасушылық дəрежесі болғандықтан, элементтері абсолютті ерекшелеу екі дербес жіктеу құру керек; 2) Ерекше бөлімде қылмысқа қатысу орны көрінуі үшін көрсетілген қатысу нысандары мен түрлерін жіктеуді тереңдету қажет.
Осы негізде атқарылатын функциясына жəне іс-əрекеттің ұйымдасушылық дəрежесіне байланысты қатысудың «түрлері» мен «нысанын» екі деңгейлі жіктеу қажеттігін ескеріп, қатысудың теориялық екі тобын бөліп, біреуін «түрлері», келесін «нысаны» деп атауға болады.
Сондықтан да бұл тұрғыда, біздің ойымызша, қатысу түрлерін қатысушылармен қылмыс жасау кезінде орындалатын міндеттердің сипаты бойынша, ал нысанды қатысушылардың бірігу, ұйымдасу дəрежесі бойынша бөлуге болады.
Сонымен бірге қатысуды түрлерге бөлу өте мəнді заңды маңызға иеленеді. Ол тек орындаушының ғана емес, басқа да қатысушылардың жауаптылығын негіздейді жəне сондай-ақ қатысудың түріне байланысты олардың іс-əрекеттерін саралау ережесі анықталады. Қылмыстық құқық үшін қылмыс жасау кезінде қатысушылармен орындалған міндеттерді анықтау өте қажет. Онсыз заңда қылмысқа қатысушылар түрлері: орындаушы, ұйымдастырушы, көмектесуші, айдап салушыларды бөлу мəнін жоғалтады. Сонымен қатар қылмыстық құқық теориясында барлық авторлар қатысу түрлері мен нысандарына қатысты көзқарастарына тəуелсіз, қоса орындаушылыќ пен рөлдерді бөліп қатысудың қылмыстық құқыққа белгілі бір маңыздылығы барлығын көрсетіп қандай түрде болса да бөледі. Қылмыстық құқық теориясы функциялық белгісі бойынша қоса орындаушылықты жəне рөлдерді бөлумен қатысуды бөледі. Біздің ойымызша, қоса орындаушылық пен рөлдерді бөліп қатысудың арасындағы ерекшелік абсолютті түрде қатаң болуы қажет:
- зиян келтіру бойынша іс-əрекет жасауда əрбір қатысушы əрқашанда объективтік жақтың толық немесе бір бөлігін орындайды;
- ұйымдастырушы, көмектесуші, айдап салушы, орындаушы болғанда əрқашанда қатысушылардың əр түрлі функцияларды атқаруы.
Бұл жерде қатысушылардың арасындағы функциялық байланысы əр түрлі болуы мүмкін.
Қорыта келе, субъектілермен орындалатын нақты қылмыстың міндетіне байланысты қатысу қоса орындаушылыққа жəне рөлдерді бөліп қатысуға бөлінеді деуге негіз бар.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлімінде көрсетілгеніндей, ұйымдастырушының, айдап салушының жəне көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшін жазаны көздейтін бап бойынша, осы Кодекстің 28-бабына сілтеме жасай отырып, тартылады делінген. Бұл жерде біз рөлдерді бөліп қатысудың бар екенін көреміз. Себебі заңшығарушы əр түрлі қатысушылардың түрлерін бөледі. Сондай-ақ бұнда жеке жіктелуімен қоса орындаушылық та берілген. Сондықтан да осы негізде біз заңшығарушы талдап отырған қатысудың екі түрін бөліп көрсеткендігін айтуымызға болады. Бірақ жоғарыда заңшығарушымен берілген ережедегі бір жағдаймен келіспейміз, онда ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші бір мезгілде қылмысты қоса орындаушылар болып табылады делінген. Біздің ойымызша, қатысушылар бір мезгілде, мəселен, ұйымдастырушы жəне қоса орындаушы бола алмайды.
Қоса орындаушылық деп бірігіп жасалған қылмыстың объективтік жағын толық немесе жартылай жүзеге асыруын айтамыз. Қылмыстың объективтік жағын толық жүзеге асыру деп бірнеше орындаушылардың əрқайсысының немесе кейбіреулерінің əрекеттерінде қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері толық көлемде мазмұндалуын айтамыз. Ќылмыстың объективтік жағын жартылай жүзеге асыру деп барлық іс-əрекеттерді кінəлінің еркіне тыс жағдайларға тєуелсіз себептер бойынша салдардың болмауына байланысты жүзеге асыру немесе қатысушымен қоғамға қауіпті салдардың туындауына қажетті іс-əрекеттердің (əрекетсіздіктердің) тек жартысын жасауы танылады.
Рөлдерді бөлісіп қатысу деп басқа қатысушылардың міндеттерінен ерекшелейтін өзіне қатысты міндетті орындайтын бірнеше тұлғалардың біріккен іс-əрекетін айтамыз. Рөлдерді бөлісіп қатысуда қатысушылар міндеттері бойынша əр түрлі іс-əрекеттер жасайды. Оның сыртында бұл іс-əрекеттер міндеттері бойынша ғана емес, сонымен бірге олардың жасалу уақыты мен орны бойынша сəйкес келмейді. Қатысудың саралануы тек қатысу түріне (қоса орындаушылық пен рөлдерді бөлісіп қатысуға) байланысты деген орынсыз. Қоса орындаушылықпен қатысу əрқашанда топтық қылмыс жəне соңғысы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі нормаларынан бастау алады, сондай-ақ онда топтық қылмыс ауырлататын мəн жай ретінде берілген жəне Қылмыстық кодекстің 28-бабына сілтемесіз Ерекше бөлім нормасы бойынша сараланады. Ал рөлдерді бөлісіп қатысу топтық қылмыс болып табылмайтындықтан, Қазақстан Республикасының 28-бабына сілтемемен сараланады.
Қатысу нысанына қатысты мұндай бөлудің орынды екені қатысудың ұйымдасушылық дəрежесіне қарай қоғамға қауіптілігі ерекше немесе онша қауіпті емес болуына байланысты тұжырымдалады.
Ұйымдасушылық деп оның элементтерінің өзара байланыс жүйесі құбылысының ішкі тəртіпке салынуын айтамыз. Сонымен бірге осы өзара байланысын қандай элементтер құрайтынын жəне олардың қаншалықты аз немесе көп уақыт өмір сүруі құрылымның қатаңдығын түсіну өте қажет. Қатысу жүйе ретінде қатысушылардың (орындаушы, ұйымдастырушы, көмектесуші, айдап салушы) іс-əрекеттерінен олардың міндеттік жəне субъективтік байланысынан тұрады. Нақ осы байланыстар өзінің жинағында ұйымдасушылықтың деңгейін көрсетеді.
Соған байланысты қатысу түрлері мен нысандары бір медальдің екі жағы сияқты, олар қатысушылардың іс-əрекеттерінің келісімділігі мен бірігушілігін жəне қоғамға қауіптілігі мен жауаптылықтарының дəрежесін анықтауға мүмкіндік беретін өлшемін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көзқарастарын қылмысқа қатысу нысандарының құқықтық сипаттамаларына байланысты басқа да ғылыми жұмыстардағы тұжырымдарды талдау нəтижесінде, қылмысқа қатысу жіктеуін қатысушылардың атқаратын функциясының сипатына жəне іс- əрекеттерінің бірігу, ұйымдасу дəрежесі бойынша бөлуге болатындығы айқындалды.
Əдебиеттер тізімі
- Козлов А.П. Соучастие: традиции и реальность. — СПб, М.: Изд-во «Юрид. центр Пресс», — C. 79.
- Гришаев П.И., Кригер Г.А. Соучастие по советскому уголовному праву. — М.: Юрид. изд-во,
- Советское уголовное право. Общая часть. — М.: Юрид. изд-во, 1981. — C.
- Иванов Н.Г. Понятие и формы соучастия в советском уголовном праве. — Саратов: Изд-во Саратов ун-та, — С. 107.
- Тельнов П.Ф. Ответственность за соучастие в преступлении. — М.: Юрид. изд-во, — С. 199.