Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы атқару билік органдарының бюджеттік құқықтары: қалыптасуы мен жүзеге асырылуының кейбір теоретикалық сұрақтары

КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстанда демократиялық жəне құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде үш тармақты билікке бөліну концепциясын ұстану үрдістері мемлекеттік басқару органдарының құқықтық табиғаты мен олардың қоғам дамуындағы орнына деген көзқарасты өзгертті жəне қоғамның конституциялық модернизациялануының жаңа кезеңінің басталуының негізін қалыптастырды. Қазақстандағы конституциялық реформалар нəтижесінде кеңестік типтегі атқару органдары жүйесінен классикалық үлгідегі атқару органдары жүйесіне көшу үрдісі жүрді. Атқару билігі мемлекеттік биліктің заңшығарушы жəне сот билігі тармақтарымен қызметі барысында тығыз өзара əрекет ететін «салыстырмалы тəуелсіз» билік тармағына жатады. Біздің ойымызша, билік тармақтарының тəуелсіздігінің абсолюттенуі мемлекеттік билік институттарының қызмет ету механизміне негативті салдар əкелуі ықтимал. Мысалы, 90-шы жылдардың басында билік тармақтары арасына мемлекеттегі нақты жағдайға объективті баға бермей, бір-бірінің қызметіне араласу байқалды. Əсіресе ол Жоғарғы Кеңестік Министрлер Кабинетінің қызметіне араласуынан көрініс тапты. Осындай мемлекеттік билік механизміндегі беталыстар бюджеттік-құқықтық қатынастарды да қамтыды. Сондықтан да Қазақстанның конституциялық дамуы барысында күшті президенттік биліктің болуы нақты жағдайға негізделген объективті фактор болып табылады. Тəуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңдері күрделі əлеуметтік-экономикалық жағдайлардың орын алуымен сипатталды. Əлеуметтік жүйенің қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша атқару билігі органдары алдында ауқымды тапсырмалар тұрды. Егер бүгінгі таңда Қазақстанда атқару билігі алдында экономикалық жүйедегі инновациялық сипаттағы жоспарларды, ал əлеуметтік салада адам дамуының əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері сынды өлшемдері мен стандарттарын қамтамасыз ету мақсаты тұрса, 90-шы жылдардың басында зейнетақы мен бюджеттік мекемелердегі еңбек ақыны жəне тағы басқа əлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу мəселесі күрделі тұрды.

Атқарушы биліктің жоғарғы эшелоны ретінде көптеген мемлекеттерде Үкімет танылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билік жүйесі органдарының қызметін үйлестіру Үкіметке тиесілі жəне ол Конституцияда бекітілген. Нақтырақ айтатын болсақ, Конституцияның 64-бабының 1-тармағында Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады жəне олардың қызметiне басшылық жасайды делінген. Сонымен қатар Негізгі Заңның осы бабының 2-тармағында ҚР Үкiметі алқалы орган болып табылады жəне өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайлар бойынша Парламент Мəжiлiсiнiң жəне Парламенттiң алдында жауапты болатындығы айтылған [1].

Қазақстан Республикасында атқару органдарының қызметі басқа да бірқатар құқықтық актілермен реттелінген. Осы актілер жүйесінде ҚР Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы жəне ҚР жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Заңы орталық сипатқа ие.

Атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктің атқарушы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект болып табылады жəне онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, əкімшілік- құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Сондықтан да, біздің ойымызша, Қазақстанда атқарушы органдары бюджеттік-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі болып табылады. Оны бюджеттік процестің кезеңдерінің жүзеге асырылу барысынан көруге болады. Бюджеттік процестің мемлекеттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау жəне атқарылуы туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметі екендігін ескеретін болсақ, онда аталмыш кезеңдердің басым көпшілігі ҚР атқару билігі органдарының қызметімен тікелей байланыстылығын көруге болады. Нақтырақ айтатын болсақ, атқару органдары бюджет құқығының субъектісі ретінде бюджеттердi жасауға, атқаруға, атқарылуын бақылауға жəне олардың атқарылуы туралы есептердi өкілді билік органдарының бекітуіне ұсынуға байланысты құзыреттерге ие. Қазақстанның егемендігі мен тəуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік билік органдарындағы реформа атқарушы билік органдарын тыс қалдырмады. Сəйкесінше атқарушы билік органдарының бюджет саласындағы өкілеттіліктерінің құқықтық реттелуі барысына де əсер етті. Мысалы, 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР бюджет жүйесі туралы Заңының 3-бабы негізінде бюджет жобасын жасау құзыреті ҚР Министрлер Кабинетіне берілген. Жоба ҚР Жоғарғы Кеңесінің барлық комиттеттерімен қаралады жəне тиісті комитеттің тиісті қорытындысын алады. Өзгертулер мен толықтырулардан кейін бюджет жобасы Жоғарғы Кеңестің бекітуіне жіберіледі. Аталмыш заңның ерекшелігі ретінде бюджет жобасы туралы Жоғарғы Кеңестің сессиясында ҚР Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Төрағасының баяндамасы тыңдалады. Сонымен қатар бекітілген бюджет жобасын орындау дерлік атқару билік органдарының құзырында болады жəне орындалуы туралы есепті тыңдау жəне бекіту өкілетті билік тармағының үлесінде болды.

Бюджет саласындағы құқықтық реформаға сəйкес Бюджет жүйесi туралы ҚР Заңын 1996 жылғы 24 желтоқсанда жаңа редакцияда қайта қабылданды жəне осы заңда алғаш рет алғаш рет бюджет процесін реттейтін тарау жеке орын тапты [2]. Əрине, ескі заңның мазмұны негізге алынғанмен жаңа заң бюджет саласындағы мемлекеттік билік органдарының өкілеттіліктерін, оның ішінде атқарушы органдардың бюджет саласындағы өкілеттіліктерін қайта қалыптастырды. Атқарушы билік тармағының бюджет саласындағы құзыреттерін қарастыру ең алдымен «осы органдар жүйесіне қандай субъектілер жатады?» деген заңды сұрақ тудырады. Қазіргі кезде атқарушы биліктің келесідей органдары бар: ҚР Үкіметі; ҚР министрліктері; ҚР агенттіктері; орталық атқарушы билік органдарының аймақтар бойынша құрылатын басқармалары, департаменттері жəне т.б. Бұлар республикалық деңгейдегілер. Жергілікті деңгейде əкімшілік аумақтық бөліністерде əкімдер, əкімдіктер, олардың басқармалары, департаменттері, бөлімдері жəне т.б. Сондықтан да, біздің ойымызша, атқару билігі органдарын бюджет саласындағы құзыреттері бойынша республикалық жəне жергілікті деңгейде деп бөліп қарастыру дұрыс деп ойлаймыз. Себебі кез келген бюджет құқығының субъектілерін анықтау олардың өкілеттіліктері қандай бюджеттің орбитасында жүзеге асырылатындығы арқылы жүргізіледі. Мысалы, республикалық бюджет төңірегіндегі бюджеттік- құқықтық қатынастар мен жергілікті бюджеттерге байланысты қатынастар сəйкесінше топтастыруды талап етеді. Ол жүйелі түрде алғаш рет 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған ҚР Бюджет жүйесi туралы Заңында көрініс тапты. Сондықтан Қазақстанның бюджет саласындағы заңнамасында алғаш рет бюджет процесін жəне оның кезеңдерін құқық реттеуге арналған жеке тарау 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған ҚР Бюджет жүйесi туралы Заңының мазмұнында орын тапты. Мысалы, аталмыш заңның 17-бабына сəйкес ҚР Үкiметi белгiлеген мерзiмде Қаржы министрлiгi Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының, əлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының, бюджеттiң ағымдағы атқарылуын бағалаудың, макроэкономикалық көрсеткiштердiң серпiндiлiгiнiң, ақша-несие саясатының негiзiнде алдағы қаржы жылына арнап жасалған бюджет саясатының негiзгi бағыттарын жəне мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi [2].

Жалпы 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР Бюджет жүйесі туралы Заңына қарағанда 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Заң Үкіметтің бюджет саласындағы өкілеттілігін мүмкіндігінше детальді түрде анықтады. Республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң жасалу жəне атқарылу ережелерiн ҚР Қаржы министрлiгi əзiрлеп, Үкiмет бекiттi. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен бағдарламалар бойынша жұмыстар атқару мен қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру, əдетте, конкурстық негiзде жүргiзiлдi, ҚР Үкiметi жəне жергiлiктi атқарушы органдар тиiсiнше республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептер жариялады. 18- бапқа сəйкес республикалық бюджеттi жасау мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансының ҚР Үкiметi мақұлдаған жобасы Қаржы министрлiгiнiң республикалық бюджеттiң жобасын əзiрлеу жəне алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жалпымемлекеттiк салықтар мен алымдардан жергiлiктi бюджеттерге қаржы аудару нормативтерiнiң жəне республикалық бюджетпен жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезiнде негiзге алынатын iрiлендiрiлген параметрлерiн айқындау үшiн негiз болып табылды. Республикалық бюджеттiң жобасы ҚР Қаржы министрлiгi бекiтетiн бюджеттiк жiктеуге сəйкес əзiрленедi. Республикалық бюджет туралы заңның жобасында түсiмдердiң барлық түрiнiң жиынтығы, ретке келтiрушi жалпымемлекеттiк салықтарды бөлу нормативтерi, сондай-ақ бюджеттiк жiктеуге сəйкес, бюджет тапшылығының бюджет (профицитiнiң) мөлшерi атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кiшi қызметтер мен мекемелер бойынша шығыстардың шектi мөлшерi, сондай-ақ ресми трансферттердiң жобаланып отырған мөлшерi көрсетiледi [2].

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы қоғамның құқықтық реформалануы мен нарықтық экономика талаптарына сəйкес 1999 жылы жаңа даму кезеңіне өтті. Нақтырақ айтатын болсақ, 1999 жылы 1 сəуірде ҚР Бюджет жүйесi туралы Заңы жаңа редакцияда қайта қабылданды [3]. Аталмыш заңды Қазақстанның тарихында алғаш рет 2004 жылдың 24 сəуірінде Бюджет кодексі алмастырды. Бұл Қазақстан Республикасындағы бюджет саласындағы заңнаманы алғашқы кодификациялау болды. Аталмыш Кодексте алғашқы рет мемлекеттік басқару органдарының, оның ішінде атқарушы органдардың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері бекітілді. Мысалы, Кодекстің 58-бабында ҚР Үкiметiнiң құзыреттерi анықталған. ҚР Үкiметi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында [4]:

  • ҚР Парламентiне республикалық бюджеттi жəне оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
  • Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
  • жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын əзiрлеу тəртiбiн айқындайды;
  • республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердi атқару тəртiбiн айқындайды;
  • тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
  • қарыз алуды жүзеге асырады;
  • салалық (секторлық), өңiрлiк жəне бюджеттiк бағдарламаларды əзiрлеу, iске асыру жəне олардың тиiмдiлiгiн бағалау тəртiбiн айқындайды;
  • орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын əзiрлеу тəртiбiн айқындайды;
  • жергiлiктi бюджеттiк    инвестициялық   жобаларды   (бағдарламаларды)  қарау    тəртiбiн айқындайды;
  • салықтық емес түсiмдердi алуға жауапты жəне олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уəкiлеттi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн, оларды бюджетке аудару тəртiбiн айқындайды;
  • мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды делінген.

ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсанда Парламентпен қабылданған жаңа Бюджет кодексі бюджет құқығының дамуында серпінді импульс болды [5].

Қоғамның əрі қарайғы құқықтық дамуы мемлекет өмірі үшін маңызды, оның ішінде бюджет жүйесімен байланысты сұрақтарды демократиялық жолмен шешуді талап етті. Себебі демократиялық институттардың дамуы атқарушы билік тармақтарының бюджет процесіне құқықтық тұрғыда араласуын жаңа форматта қарастыруды талап етті. Сонымен қатар аталмыш Кодекс əлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ұлттық экономика мен қаржы жүйесіне тек оңтайлы ықпал етті.

Бюджет процесі мемлекеттік билік органдарының құқықтық тұрғыда жанасатын алаңы болып табылады. Осы орайда атқару билігі органдарының бюджеттік процеске оның алғашқы сатыларынан бастап қатысуын ҚР заңнамасы айқындаған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 9-бабына сəйкес ҚР Үкiметi Республика Президентi белгiлейтiн тəртiппен республикалық бюджеттi əзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi жəне оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi [6].

Жалпы бюджет жобасын дайындау бюджеттік үрдістің алғашқы сатысы болып табылады. Ол ҚР Бюджет кодексінің 11–12-тарауларымен реттелінген [5]. ҚР БК 60-бабына сəйкес бюджет саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін ҚР Президенті айқындайды. Дегенмен де аталмыш бап ҚР Үкіметінің бюджеттік саясат пен жоспарлау жүйесін анықтау үрдісіне араласу құқығына ие еместігін білдірмейді. ҚР БК 60-бабына сəйкес бюджеттік жоспарлау барысында республиканың не- месе өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы жəне мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары пайдаланылады [5].

Тəжірибе республикалық жəне жергілікті бюджет жобаларын жасау барысында ҚР Үкіметінің ықпалы басым екендігін көрсетті. Бізге осындай пікірге келуге қандай жағдайлар негіз болды жəне ол билік тармақтарының бюджеттік процеске қатысу үрдісіне қалай əсер етеді? Сонымен, республиканың немесе өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы жəне мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бюджет жобасын əзірлеудің негізгі ұстанымдық құжаттары болып табылады. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде жəне ҚР Үкіметінің атқару билігі органдары жүйесінің негізгі орталық органы ретінде елдегі əлеуметтік-экономикалық саясаттың жоспарлануы мен жүзеге асырылуына бірден-бір жауапты орган болғандықтан, бұл заңды құбылыс. Осы мақсатта ҚР Үкіметімен 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен əлеуметтiк-экономикалық даму болжамын əзiрлеудің ережесi бекітілді [7]. Аталмыш ережеге сəйкес ҚР Үкіметі мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде əзiрленетiн əлеуметтiк-экономикалық даму болжамының құрылымы ретінде келесі бөлiмдерді қамтиды:

  • экономикалық даму үрдiстердi;
  • даму факторлары мен шарттарын;
  • республиканың əлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсатты индикаторларын;
  • экономикалық саясат жəне жылдар бойынша бөлiп көрсете отырып, əлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамын;
  • бюджет параметрлерiнiң үш жылға арналған болжамын;
  • əлеуметтiк-экономикалық даму   мен   бюджет   параметрлерiнің  негiзгi   көрсеткiштерiнiң болжамын.

Ал бюджет параметрлерiнiң болжамы ҚР салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, мемлекеттiк жəне республикалық бюджеттердiң, Ұлттық қордың, шоғырландырылған бюджетiнiң болжамдарын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжанатын көлемiн қамтиды. Сонымен қатар осы Ережеге сəйкес мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде əзiрленетiн əлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамы экономикалық даму үрдiстерiнен, экономиканың даму факторлары мен шарттарынан, мақсатты индикаторлар мен жылдар бойынша бөлiп көрсете отырып, əлеуметтiк-экономикалық даму болжамынан, бюджет параметрлерiнiң үш жылға арналған болжамынан, əлеуметтiк-экономикалық даму жəне бюджет параметрлерi негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамынан тұрады. Сəйкесінше жергілікті деңгейде бюджет параметрлерiнiң болжамы бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жəне үш жылдық кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi бойынша шығыстардың болжанатын көлемiн қамтиды.

Республиканың немесе өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы бұл жай ғана сөз тіркесі емес, мемлекет пен оның азаматтары үшін маңызды келесі басымдылықтарды қамтитын:

  • мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде — макроэкономикалық көрсеткіштердің болжа- мын, əлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған əлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;
  • мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде — өңірдің бес жылдық кезеңге арналған əлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;
  • үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтитын құжат болып табылады [5].

Бюджеттік параметрлердің болжамы өз алдына салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын, мемлекеттік жəне республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын, республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін, өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтиды. Ал ҚР Үкіметі əзірлеген бюджет жобасын ҚР Бюджет кодексінің 71-бабы негізінде Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізуін бюджет процесі барысындағы атқарушы билік тармағының басқа да мемлекеттік органдармен құқықтық қатынасқа түсуінің алғашқы сатысы ретінде тануға болады. ҚР Бюджет кодексінің 57-бабына сəйкес Республикалық бюджеттік комис- сиялар бюджет жобасын уақтылы жəне сапалы əзірлеуді жəне бюджетті нақтылау жəне атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Комиссия ҚР Президентiнiң 2009 жылғы 1 сəуiрдегi Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы Жарлығы негізінде өзінің қызметін жүзеге асырады [8]. Осы ережеге сəйкес комиссияның құрамын ҚР Үкiметiнiң ұсынуы бойынша ҚР Президентi белгiлейдi жəне комиссия құрамына келесі лауазымды тұлғалар кiредi:

  • комиссия төрағасы;
  • комиссия төрағасының орынбасарлары;
  • комиссия хатшысы;
  • комиссия мүшелерi.

Сəйкесінше жергілікті атқару билігі органдары жергілікті бюджеттік комиссияларды құрады, құрамын айқындайды жəне олар туралы ережені бекітеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ҚР Бюджет кодексінің 57-бабында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды делінген. Кодекстің аталмыш баптары жергілікті бюджеттік комиссиялардың қызметтері мен құрамын анықтауға атқару билігі органдарының (жергілікті) еншісіне бергендігін аңғаруға болады. Бұл, жоғарыда атап өткендей, ҚР орталық жəне жергілікті атқару билігі органдарының мемлекеттің бюджет саясатын анықтауға араласатындығы туралы тұжырымымызды дəлелдейді.

Ендігі кезекте атқару билігі органдарының бюджеттік құқықтарының конституциялық механизмдерінің жүзеге асырылу үрдісіне тоқталайық. ҚР Конституциясының 64-бабының 1- тармағына сəйкес Үкiмет Республиканың атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады жəне олардың қызметiне басшылық жасайды. Ал осы баптың 2-тармағы Үкiметтің алқалы орган болып табылатын жəне өзiнiң бүкiл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауапты екендігін, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мəжiлiсiнiң жəне Парламенттiң алдында жауапты екендігін баяндайды [Конституция]. Аталмыш баптың 1-тармағы сəйкесінше Үкіметтің атқару билігі органдарының бюджет саласындағы қызметіне басшылық жасай отыра, олардың осы саладағы қызметтерін нормативтік тұрғыда қамтамасыз ететіндігін көруге бола- ды жəне аймақтық бюджет процесі мен саясатының құқықтық қамтамасыз етілуі Үкіметтің үлесінде деп ұйғаруға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 шiлдеде Жергiлiктi бюджеттер жобаларын əзiрлеу ережесiн бекітті [9]. Ал Бюджет кодексінің 64-бабында Республикалық бюджеттің жобасын əзірлеу тəртібін ҚР Президенті айқындайды, ал жергілікті бюджеттердің жобаларын əзірлеу тəртібін ҚР Үкіметі айқындайды делінген [5].

ҚР Қаржы министрлігінің бюджет саласындағы өкілеттіліктері ҚР Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сəуiрде бекiтiлген ҚР Қаржы министрлiгi туралы ережеге сəйкес жүзеге асырылады. Осылайша мемлекеттегі бюджет жобасын əзірлеу орталық жəне жергілікті атқару билігі органдарының прерога- тивасы болып табылады. Осындай жағдай тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар бірқатар дамыған шет мемлекеттер үшін де сипатты болып табылады. Мысалы, АҚШ-та Президент жанындағы Əкімшілік-бюджеттік басқарма федералдық бюджет жобасын əзірлеуге байланысты жұмыстарды жүзеге асырады жəне оны Конгреске Президент енгізеді. Бұл бізге АҚШ-та аталмыш органның атқару билігі органдарының бюджеттік процеске байланысты іс-қимылдарын үйлестіретіндігін жəне олардың бюджет саласындағы қызметтеріне жалпы басшылықты жүзеге асыратындығын көрсетеді. Германия жəне Жапон мемлекеттерінде осы қызметтерді қаржы министрліктері, Франция да мемлекетінде Экономика жəне қаржы министрлігі мен Бюджет министрлігі, Ұлыбританияда Қазынашылық министрлігі, ал ТМД мемлекеттерінде жоғарыда көрсетілген бюджет саласындағы қызметтерді жүзеге асыруда басымдылық атқару билігі органдарына тиесілі. Мысалы, Ресей Федерациясында, Өзбекстанда, Қырғызстанда жəне Грузияда бюджет жо- басын əзірлеуді-қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Бюджет процесінің бюджет жобасын дайындау сатысы үшін жан-жақты өлшенген, ғылыми негізделген ұйымдасқан кешенді жұмыстардың бюджеттік кезең үшін маңызы зор. Себебі мемлекеттің алдына қойған міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру орталықтандырылған ақша қоры ретінде бюджеттің мазмұнына тікелей байланысты. Бюджет процесін қамтамасыз етуге байла- нысты ҚР Қаржы министрлігі бірқатар қызметтерді жүзеге асырады жəне олардың негізгілеріне тоқталу арқылы аталмыш органның қызметіне талдау жасауға тырысайық. ҚР Үкiметiнiң 2008 жылғы

24 сəуiрде бекiтiлген ҚР Қаржы министрлiгi туралы ережесіне сəйкес министрліктің жалпы құзыретіне байланысты атқаратын қызметінің тізімі көрсетілген. Олардың əрқайсысы белгілі бір деңгейде бюджетпен, бюджет жүйесімен жəне бюджет үрдісімен байланысты.

Қоғамдағы жедел басқаруға байланысты қатынастардың басым бөлігі атқарушы билікке тіреледі жəне одан бастау алатындығын айта келе, Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалардың барлығы атқару билігі қызметінің конституциялық-құқықтық реттелуіне белгілі дəрежеде байланысты екендігі даусыз. Мемлекеттегі əлеуметтік-экономикалық қатынастардың да- муы, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету механиздерінің жəне басқа да көптеген қоғамдық қатынастардың жүзеге асырылуы атқарушы билік органдарының қызметтерімен тікелей байланысты екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да атқарушы билік жүйесін, оның органдарының қызметін ұйымдастыруға байланысты сұрақтар құқықтанушылардың зерттеуін талап ететін жəне алдағы уақытта көптеген зерттеулердің пəні, объектісі болатындығы күмəн тудырмайды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесi туралы Заңы. 1996 жылғы 24 желтоқсан. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. — 1996. — №
  2. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. — 1999 жылғы 1 сəуір. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы.— 1999. — № 10.
  3. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сəуірде қабылданған Бюджет кодексі // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. — 2004. — № 8,
  4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі // ҚР Парламентінің Жаршысы. — 2008. —№ 21, 22.
  5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы // ҚР Жоғары Кеңесінің жаршысы. — 1995. 
  6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы. — ҚР ПҮАЖ-ы. — 2009. — № 30.
  7. Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже. ҚР ПҮАЖ-ы. — 2009.
  8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 шiлдеде Жергiлiктi бюджеттер жобаларын əзiрлеу ережесi. — ҚР ПҮАЖ-ы. — 2009. 
  9. ҚР Қаржы министрлiгi туралы ереже. — ҚР ПҮАЖ-ы. — 2008. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.