Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының құқықтық мəртебесін сипаттай келе, «құқық», «міндет», «өкілеттік», «құзырет», тағы сол сияқты түсініктерді қолданады. Билік органының құқықтық мəртебесінің негізгі құраушы бөлігі болып құзырет табылады, құқықтық мəртебеге органның функциялары, мақсаттары мен міндеттері, билік органы құрылымында алатын орны жəне басқа органдармен тік жəне көлбеу өзара байланысы жатады.
Орган құзыретінің анықтаушы элементі болып оның өкілеттігі табылады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі «өкілеттікті» істі жүргізу мен кез келген əрекет үшін біреуге арнайы тапсырылған құқық ретінде анықтайды. Заң ғылымы, əдетте, өкілеттікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, сонымен қатар қабылданған заңдардағы функцияларды белгілі бір тəртіпте жүзеге асыру үшін лауазымды жəне өзге де тұлғаларға бекітілген құқықтар мен міндеттерінің жиынтығын білдіру үшін қолданады.
Бұқаралық билік органдары қоғамдық қатынастарды реттеуге қажетті билікті қолданып жəне негізге ала отырып, басқарушылық əрекеттерін жүзеге асырады. Сəйкес органдар өздерінің биліктік əрекеттері белгісімен бөлінген өкілеттіктер бұл органдарға өз еріктерін жүзеге асыруға нақты қабілет бекіте отырып, биліктік өкілеттіктер деп аталады.
Заңдарда өкілеттік мерзімі болып бірдей шамада құқықтар мен міндеттер қамтылады.
Жекелеген оқымысты-заңгерлер биліктік өкілеттікті белгілі бір жағдайларда орган жүзеге асыруы тиіс құқық ретінде қарастырады, орган құқығы бір мезетте оның міндеттері ретінде де болады, олар оған міндетті түрде жүзеге асыру үшін беріледі. Кейбір ғылыми жұмыскерлер міндеттерді өкілеттіктер аясына жатқызып, құзырет ерекшеліктерін түсіндіру оның тағы бір элементінің сипаттамасын, атап айтқанда, міндеттер мен олардың құзыреттің өзге де элементтерімен ара қатынасын талдауды талап етеді деп тұжырымдайды. «Өкілеттік пен міндеттер, — деп көрсетеді С.С.Алексеев, — құзырет аясында үлестіріледі» [1].
Біздің ойымызша, билік субъектісінің құқықтары мен міндеттері арасында тығыз байланыс бар, азаматтарға қарағанда, бұқаралық билік субъектісі бұқаралық қызығушылықтарды қорғау мен қамтамасыз ету үшін өз құқықтарын жүзеге асыру міндетімен бөлінген. Органның кез келген нақты құқығы оның нақты міндеті ретінде əрекет етеді. Орган, біріншіден, өз құқықтарын жүзеге асырудан қашпау керек, екіншіден, олардың шегінен шықпауы тиіс. Орган құзыреті құқықтық нормалармен анықталады жəне құқықтық құбылыс ретінде əрекет етеді.
Органның немесе лауазымды тұлғаның биліктік өкілеттіктері əдетте «құқықтық дəнекер» ретінде əрекет еткенімен, олардың арасындағы айырмашылықтарды ескермей кетуге болмайды. Құзырет шегінде құқықтар мен міндеттер қатысты жеке сипатқа ие. Басқарушылық əрекетті іске асыруда орган жағдайды өз бетінше бағалау мен сəйкес шараларды қолдану үшін шешімдер қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Құқық билік органдарына берілген сұрақтарды шешуде таңдау мүмкіндігін, яғни жағдайды, өз бетінше бағалау жəне жағдай билік органдарының араласуын қажет етсе, өз міндеттерін орындап, араласу мүмкіндігін береді.
Міндеттер таңдау мүмкіндігін қарастырмайды, белгілі бір жағдайлар туғанда орган əрекетін қатаң реттейді. Егер бірінші жағдайда орган жағдайды бағалап, соған сай əрекет етуге тиіс болса, ал мұнда жағдай нормативті «бағаланған» жəне орган əрекет етуге тиіс əдіс те тура анықталған.
Көптеген зерттеушілер биліктік өкілеттіктерді құраушылар болып келесілер табылады деп түйіндейді, яғни, олар:
- орындалуы мемлекеттік орган құзыреті таралатын барлық азаматтарға, жаупты тұлғаларға жəне ұйымдарға міндетті болып табылатын шешімдер қабылдау;
- қабылданған шешімдердің орындалуын материалды қамтамасыз ету (мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар);
- шешімдерді əр түрлі тəсілдерді қолдану жолымен бұзулардан қорғау, яғни сендіру, тəрбиелеу, сонымен қатар мемлекеттік мəжбүрлеу.
Мемлекеттік билік өкілеттігінің берілген құрылымы оларды тар жəне кең шеңберде сипаттау мүмкіндігін береді. Берілген сызба сонымен қатар мемлекеттік орган жəне мемлекеттік емес ұйымдар, кəсіпорындар, мекемелер сияқты маңызды түсініктерді биліктік өкілеттіктерді соңғысының əкімшілік қызметімен байланыстыра отырып бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Биліктік өкілеттіктер келесілерді де қарастырады деген көзқарастар бар, яғни, олар:
- мемлекеттік органдардың бекітілген тəртіпте ұйымдасуы;
- оның мемлекеттік қызметінің түрі;
- оның актілерінің жалпы міндетті күші.
Алайда биліктік өкілеттік заңды мемлекеттік сипатқа ие болмаса да, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына да тиесілі. Сол себепті толығымен биліктік өкілеттіктерге емес, көбіне мемлекеттік билікке тəн сипаттама берілген.
Ресейлік ғалым Ю.А.Тихомиров биліктік өкілеттікті жеке жəне заңды тұлғаларға бағытталған белгілі бір мінез-құлыққа немесе əрекетке ие өкілді субъектінің заңмен қамтамасыз етілген талабы ретінде сипаттайды. Ол биліктік өкілеттіктердің келесідей элементтерін бөліп көрсетеді.
Өкілді субъектінің, яғни орган, ұйымдар немесе өкілді тұлғаның, болуы. Биліктік қатынастардың субъектілері үнемі бұқаралық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде əрекет етеді. Мемлекеттік билік органдары өз табиғатында біріншілікті өкілеттіктерге ие. Мемлекеттік билік құқық көмегімен өз органдары арқылы өзге субъектілердің — қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін — өзі басқару органдарының биліктік өкілеттіктерінің шегін, шамалары мен көлемдерін анықтайды. Олар үшін биліктік өкілеттік мемлекеттік билік органдарының өкілеттігінен бастау алған екіншілікті болып табылады.
Биліктік өкілеттіктер бұқаралық биліктік қатынастардың келесі жағына бағытталған талаптар болып табылады. Бұл өз мəнінде заңды императив ретінде берілген бұйрық. Бұл биліктік қатынастарда биліктік өкілеттік субъектісі өзге тараптан тиісті мінез-құлық пен əрекетті талап етуге құқылы жəне оның биліктік талабы толығымен мемлекеттің өзге де ұқсас субъектілерімен қолданады. Біздің ойымызша, автор өкілеттіктердің берілген элементтерін бөліп көрсете отырып, оны өзге тарапқа бағытталған талап ретінде танып дұрыс сипаттама бермеген. Əрине, биліктік өкілеттіктердің орындалуымен байланысты талаптардан бастартуға болмайды, оларды дұрыс əрі ерікті түрде орындау керек. Талаптарды орындамағаны үшін осы жəне өзге органмен қолданылатын санкциялар, жауапкершілік шаралары бар. Бірақ өкілеттіктің өзі талап немесе бұйрық емес, мұндай талап үшін заңды негіз болып табылады. Бұл билік субъектісін биліктік сипаттың белгілі бір əрекеттерін жүзеге асыру үшін заңды бекітілген құқық немесе міндет. Ал жеке жəне заңды тұлғаларға бағытталған нақты бұйрықтар немесе талаптар бұл өкілеттіктердің жүзеге асырылуы немесе іске асырылуы болып табылады [2; 15].
Биліктік өкілеттіктердің заңмен қамтамасыздандырылуы. Автор бұл жерде берілген жіктеуден оның қайнар көзін көрсететін элементті, яғни заңды, бөліп көрсетеді. Биліктік өкілеттіктердің заңдарда бекітілуі жəне регламенттелуі олардың құқықпен байланысын көрсетеді. Биліктік өкілеттіктер бəрінен бұрын конституциямен немесе заңдармен анықталады, ал олардың толық жинағы жарғылық заңдар мен органдар туралы жағдайлар түріндегі өзге актілерде орын алған. Талаптардың өзі сонымен қатар биліктік өкілеттік субъектісі қабылдаған орындалуы міндетті құқықтық актілермен байланысты құқық формаларға ие. Ұзақ əрекет жағдайының ережелерін енгізу үшін нормативті актілер жəне нақты міндеттерді шешу үшін жеке актілер шығарыла алады.
Биліктік өкілеттіктер үшін сенімді қамтамасыз ету қажет. Бұл қамтамасыздандыру өзіне органдар мен тұлғалардың стабильді əрекеттері мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кепілдіктер жүйесін қосады. Биліктік өкілеттіктердің кепілдіктері жеткілікті түрде əр түрлі жəне өзіне келесілерді біріктіреді: жағдайды дұрыс бағалауға қабілетті, дұрыс шешім қабылдау мен сөзге де басқарушылық əрекеттерді орындауға қабілетті, кең түсініктегі кадрлар мен қызметкерлердің, жұмыскерлердің болуы. Кадрлардың кəсіби біліктілігі ең маңызды орында, себебі тек жоғары кəсібилік қана билік пен басқарудың жоғарғы деңгейіне кепілдік береді; биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажетті материалдық, қаржылық жəне өзге де ресурстардың бөлінуі; биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін мəжбүрлеуді қолдану мүмкіндігі. Мəжбүрлеу — биліктік өкілеттіктердің анағұрлым спецификалық элементтерінің бірі, мұнда белгілі бір бағыттарға деген мəжбүрлі əсер көрінеді. Ол белгілі бір əрекеттерді орындауға деген қатаң ұйғарым тəсілінде немесе олардан шығатын мазмұн ретінде көріне алады. Мəжбүрлеу биліктік талаптарды орындамаған тұлғаларға санкциялар мен жауапкершілік шараларын қолдану мүмкіндігімен байланысады. Жауаптылықтың өзінің тəртіптік, əкімшілік, материалдық, криминалдық түрлері бар. Кепілдіктер үшін Ю.А.Тихомиров саяси басқарушылық жауапкершілікті де қосады, оған органдардың ұйымдастырылуы, жетекшілердің лауазымынан жəне депутаттардың мандаттарынан айырылуы жатады [2; 16].
Кейбір авторлар биліктік өкілеттік жіктелуін құзыреттілік, яғни өзіндік құзыреттілік, түрінен тəуелді етіп қояды. Биліктік өкілеттік кепілдігінің барлық жиынтығын қарастыра отырып, олар 2 топқа бөлінеді деген қорытындыға келуге болады: біріншіге өкілеттіктердің жүзеге асуының құқықтық механизмін анықтайтын жəне жағдайлар туғызатын кепілдіктер жатқызылса, екіншіге санкциялар мен жауапкершілік шараларын қолдану мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғандар жатқызылады. Құзыреттердің құқықтық реттелуінің жақсартылуы үшін биліктік өкілеттіктердің жіктелуі маңызды мəнге ие. Оны игеру өкілеттікті дұрыс анықтауды, оларды дұрыс бағалауға мүмкіндік бере отырып, үнемі өзіндік өкілеттіктер жауап береді, делегирленген — уақытша, келісімді келісім бойынша берілген өкілеттіктер. Келісімді өкілеттіктер мен делегирленген уақытша өкілеттіктер бір-біріне сай келе алады, себебі келісімді өкілеттіктер уақытша (мерзім бекітілген келісіммен анықталады) бола алады, делегирленген келісім бойынша жүзеге асырыла алады. өкілеттіктің өзге де жіктелген түрлері кездеседі, атап айтқанда: өкілеттікті туындау қабілеті бойынша міндетті, факультативті жəне делегирленген деп бөледі. Ерікті өкілеттіктерге органның немесе қоғамның (егер сөз жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы болса) қаржылық мүмкіндігінен тəуелді түрде жүзеге асатындар жатады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары нормативті бекітусіз тек жергілікті қоғамның қызығушылықтарына қатысты мəселелерге қатысы бар ерікті өкілеттіктерді ғана ала алады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ерікті əрекет аясы өзге муниципалды ұйымдар өкілеттігімен немесе мемлекеттік органдар құзыретімен шектеле алады.
Заң əдебиеттері өкілеттіктердің жоғарыда аталған классификациясынан ерекшеленетін түрлерін көрсетеді, яғни олар тұрақты, уақытша жəне дискреттелген бола алады. Бұл классификацияны анықтау барысында автор қандай принциптерді жетекке алғанын бағалау қиын болса да, алғашқы 2 жағдайда мерзімдік критерий қолданылды, ал үшінші түр, яғни дискреттелген өкілеттіктер, берілген сызбаға кірмейді. Олар императивті өкілеттіктермен бірге критерий болып билік органының əрекетіндегі бостандық деңгейі немесе əкімшілік қадағалаудың болуы немесе болмауы табылатын классификациялық сызбаның элементі бола алады. Сол себепті берілген классификациялық сызбаны аяғына дейін талданып, реттелген деп айта алмаймыз. Бұқаралық билік органының немесе лауазымды тұлғаның биліктік өкілеттігін заңды түрде қамтамасыз етілген құқықтар мен міндеттер деп анықтауға болады. Субъект бұларды іске асыра отырып, заң шығармашылық жəне құқық қорғаушылық сипаттаға құралдарды қолданып, биліктік əрекет етеді.
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Еуропалық Хартия мен халықаралық тəжірибелерге сəйкес, жергілікті өзін-өзі басқарудың келесідей негізгі қызметтерін бөліп көрсетуге болады:
- тура, берілген территорияның даму міндеттерінің шешімінен шығады;
- делегирленген, жоғары тұрған инстанциядан жергілікті деңгейге берілген өкілеттіктерді жүзеге асырумен байланысты.
Бірінші жағдайда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзырет аймақтары, олардың жергілікті қоғам алдындағы жауапкершіліктері заңды түрде бекітілуі тиіс.
Екінші жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттіктерді беру немесе делегирлеу туралы шешім атқарушы органмен қабылдану тиіс. Сол себепті жергілікті өзін-өзі басқару органдары бұл бөлігінде жоғары тұрған инстанциялар тарапынан тікелей бақылау объектісі бола алады.
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Еуропалық Хартия жергілікті өзін-өзі басқару органдарының келесідей құзырет аумағын көрсетеді, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдарының негізгі өкілеттіктері мен құзыреттері конституциямен немесе заңмен бекітіледі [3]. Алайда бұл жағдай жергілікті өзін-өзі басқару органдарына нақты мақсаттар үшін заңмен өкілеттіктер мен құзыреттердің берілуін шектемейді. Жергілікті өзін-өзі органдары заңмен бекітілген шектерде олардың құзыреттерінен шеттетілмеген жəне өзге билік органының құзыретіне қатысты емес кез келген мəселелер бойынша дербес бастамалары жүзеге асырылуы үшін ерікті толық əрекетке ие. Ережеге сəйкес бұқаралық билік азаматқа анағұрлым жақын билік органымен артықшылықты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Өкілеттіктердің биліктің өзге органдарына берілуі қойылған міндеттің көлемі мен сипаты есебімен, сонымен қатар тиімділік жəне ыңғайлылық талаптарымен жүргізілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген өкілеттіктер ережеге сəйкес толық жəне шектелген болуы тиіс. Олар заңмен бекітілген тəртіпте өзге билік органдарымен, орталы немесе аймақтық билік органдарымен даулы немесе шектелген болуы мүмкін. Орталық немесе аймақтық органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттіктерді делегирлеуде соңғылары, қаншалықты мүмкін болса, соншалықты оларды жергілікті шарттарға сəйкес қолдану еркіндігіне ие болуы тиіс. Тікелей жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қатысты кез келген шешімдерді жоспарлау мен қабылдау үрдісінде қаншалықты деңгейде мүмкін болса — уақытша жəне сəйкес формада олармен кеңестер өткізіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктеріне келесілер жатқызылады:
- жергілікті өзін-өзі басқарудың субъектілерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы, оның жергілікті өзін-өзі басқару жарғысында құқықтық бекітілуі;
- жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктері шегінде жергілікті өзін-өзі басқару қызметі аясында туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігін иелену, пайдалану жəне басқару, өзге меншік түріндегі кəсіпорындармен, ұйымдармен жəне мекемелермен өзара арақатынас;
- жергілікті қаржылар, жергілікті бюджеттің қалыптасуы, бекітілуі жəне орындалуы, жергілікті салықтардың жəне алымдардың қалыптасуы жəне т.б.;
- жергілікті өзін-өзі басқару субъектісінің жиынтық əлеуметтік-экономикалық дамуы, территориялардың жоспарлануы мен қайта құрастырылуының реттелуі, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының қалыптасуы;
- жерге орналасу, табиғи ресурстарды пайдалану, өз құзыреттері шегінде табиғатты қорғау;
- тұрғылықты-коммуналдық шаруашылықтың ұйымдастырылуы, мазмұны жəне дамуы, халыққа сауда жəне тұрмыстық қызмет көрсету;
- тұрғындарға енгізу пəніне сəйкес қызмет көрсетудің білім, денсаулық сақтау, əлеуметтік- мəдени орталарының ұйымдастырылуы, мазмұны жəне дамуы;
- əлеуметтік көмек жəне тұрғындар тығыздығына əсер ету;
- заңдылықтың, қауіпсіздіктің, құқықтық тəртіптің, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, т.б. қамтамасыз ету;
- жергілікті өзін-өзі басқару субъектісінің нормативті-құқықтық актілерді сақтауына бақылауға қатысу.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының шекті өкілеттіктері заңмен кеңейтіле алады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары субъектілерінің жекелеген мемлекеттік өкілеттіктермен бөлінуі заңмен жүзеге асырылуы тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары бекітілген заңды тəртіпте бөлінген жекелеген мемлекеттік өкілеттіктерді орындауға міндетті.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары шектелген жəне шектелмеген мерзімге жекелеген мемлекеттік өкілеттіктерге ие бола алады.
Алайда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына келесідей өкілеттіктерді беру көзделмейді:
- жүзеге асырылуы үшін қажетті материалдық жəне қаржылық құралдардың бөлінуінсіз жекелеген мемлекеттік өкілеттіктер;
- соттық билік органдарының жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қадағалаушы органдардың өкілеттіктері, сонымен қатар мемлекеттің біртұтастығы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты өзге де мемлекеттік өкілеттіктер;
- адам мен азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын құқықтық реттеу бойынша мемлекеттік өкілеттіктер.
Шекті түрде мəслихаттар мен Кеңестердің қарауына келесілерді жатқызуға болады:
- жергілікті өзін-өзі басқарудың жарғысымен жəне заңмен қарастырылған, енгізу пəні бойынша жалпыға міндетті ережелердің қабылдануы;
- жергілікті референдумдардың, сайлаулардың жəне өзге де тұрғындардың тікелей еркін білдіретін актілердің тағайындалуы;
- жергілікті бюджеттің бекітілуі жəне оның орындалуы туралы есеп;
- жергілікті өзін-өзі басқару субъектісінің əлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларының қабылдануы, олардың орындалуы туралы есептің бекітілуі;
- жергілікті өзін-өзі басқару субъектісінің меншікті басқару жəне пайдалану тəртібін бекіту;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының субъектісінің жарғыларымен қарастырылған жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылау.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі — мəслихаттар, Конституцияның 86-бабы мəслихаттардың қарауына мыналарды жатқызады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық жəне əлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi жəне олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;
- өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi əкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мəселелерiн шешу; заңмен мəслихат құзыретiне жатқызылған мəселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;
- мəслихаттың тұрақты комиссияларын жəне өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мəслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мəселелердi шешу;
- республика заңдарына сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру [4].
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы мəслихаттардың қарауына келесілерді жатқызады: тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жəне олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімдері іске асыратын (əрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту; тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды жəне қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сəйкес өзге де мəселелердi шешу; Қазақстан Республикасының үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан əкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын əкімнің ұсынысы бойынша бекіту; өздерiнің қарауына жатқызылған əкімшілік-аумақтық құрылыс жəне жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мəселелерін шешу; Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сəйкес аумақтық, округтiк жəне учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау; Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес, бұзғаны үшін əкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту т.б.
Сонымен қатар заңнамамен мəслихаттардың өзге де өкілеттіктері берілген, яғни:
- тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
- мəслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мəслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мəселелерді шешу;
- халықтың жұмыспен қамтылуына жəрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;
- Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
- азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен үкіметі актілерінің, орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жəрдемдесу;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана мəслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы жəне астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының үкiметiне ұсыныс енгiзу, əкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) жəне аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту жəне ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін жəне тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген əлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.
Аудандық мəслихаттар құзыретiне қалалар, тиiстi аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту де жатады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне Қазақстан Республикасы астанасының мəслихаттары тиiстi əкiмияттардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мəслихаттары қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес төлемдер мөлшерін бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың мəслихаттары тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мəселенi қарайды [5].
Мəслихаттар рөлінің күшейтілуі 2007 жылы нақты көрініс тапты, мысал ретінде Астана қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды күшейтуге бағытталған шараларды келтіруге болады.
Мəслихаттардың билікті өкілеттіктерінің кеңейтілуімен қатар жергілікті кландардың өкілеттіктерін шектеу шараларының бірі əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялардың (ƏКК) енгізілуі болды. Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларды құру тұжырымдамасына сəйкес облыстық жəне аудандық деңгейдегі əкімдердің барлық шаруашылық əрекеттері ƏКК-ге өтуі тиіс.
Мұндай жағдайда жергілікті жердегі əкімияттар тек орталық биліктің аймақтарда саяси қамтамасыз етілуімен ғана айналысатындығы жоспарланған, мəслихаттар өкілеттіктерінің кеңейтілуі ретінде, соның ішінде əкімияттардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың саяси билігінің шектелуін потенциалды түрде көрсетуі тиіс болды.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті атқарушы органдармен арақатынасын қарастырып көрелік. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) əкiмдiгiнiң құзыретi, яғни облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) əкiмдiгi:
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қалыптасуы жəне дамуы үшiн ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша iс-шараларды жүзеге асырады;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) əкiмдерi арқылы өзара iс-қимыл жасайды;
- жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiне олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында құрылған жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн зерделеудi жəне талдауды жүргiзедi;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар əзiрлейдi.
Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар «бір байламда» жұмыс атқаратын модель біртіндеп жемқорлық құқық бұзушылықтың əрқилы түріне тиімді тойтарыс болып қалыптасады [6].
Біздің ойымызша, жергілікті өзін-өзі басқару институты азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өзара əрекеттесу механизмінің маңызды буыны, ортасында өзінің мүдделері жəне қажеттіліктерімен адам тұратын толығымен азаматтықтың дамуының жаңа парадигмасының жүзеге асырылуына жаңа жағдайлар ретінде қарастырылуы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуымен барлық əлеуметтік, экономикалық, экологиялық жəне ел аймағындағы өзге де мəселелердің шешімі байланысады.
Жергілікті өзін-өзі басқару қызметтері «жергілікті маңызы бар мəселелердің тұрғындармен дербес шешілуі туралы» конституциялық формулада жазылған. Алайда, мысал үшін, құрылыс туралы, көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды тасымалдау, жолдар жəне өзге де жергілікті мəселелерге муниципалды биліктің тағайындалуы қажет емес. Мұнда ең бастысы — билікке ие болу қатынасы, жергілікті қоғамдастықтың тұрғындар түрінде билікке жақындауы, тұрғындармен өз қажеттіліктерін тез əрі сапалы қанағаттандыру қабілеті, өз өмірлерін келесідей негізде ұйымдастыру, яғни өз мақсаттарының діңгегін өздері орнатуы, оларға қол жеткізу жолы мен құралдарын өздері анықтап, өзіндік басқарушылық құрылымдарды қалыптастыруы.
Барлық қызметтер заңда көзделуі тиіс, олар өз жиынтығында муниципалды биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени, психологиялық əсерін қалыптастырады. Нақты қызметтердің өзінде жергілікті қоғамдастықтың нақты талаптары мен оның артынша тікелей немесе өкілді формалары арқылы іске асырылатын өкілеттіктері жатыр. Осы жерден-ақ мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен функциялануына əсер ету міндеті мен мемлекеттік органдарға жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен конструктивті өзара əсерлесуді біржақты ету талабы шығады. Дəл осы жерден мемлекеттік органдарға жергілікті қоғамдастықтың қызметіне араласу тыйымдары негізделеді.
Əдебиеттер тізімі
- Алексеев С.С. Общая теория права. — Т. 2. — М.: Юрид. лит., 1982. — С.
- Тихомиров Ю.А. Самоуправление: от теории к практике. — М.: Юрид. лит., — 207 с.
- Европейская Хартия о местном самоуправлении. http://www1.umn.edu/humanrts/euro/Rets122.html
- Уакпаев Б.С. Презентация Концепции к проекту Закона Республики Казахстан «О местном самоуправлении в Республике Казахстан». Местное самоуправление в Казахстане в условиях нового конституционного поля: опыт становления и перспективы развития: Матер. междунар. науч.-практ. конф. — Астана, — С. 23.
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған № 148 Заңы.
- Становление и развитие местного самоуправления в Республике Казахстан // www.sarap.kz