Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстарды тергеу барысында компьютерлік техниканы қарау ерекшеліктері

Кейінгі   жылдары   ақпараттық   технология,  есептегіш   техникалары  жəне   коммуникация құралдарының қарқынды дамуы байқалуда. Жиырмасыншы ғасырдың орта ширегінде басталған ақпараттық революция əрқилы мəліметтерге жедел қол жеткізу қолайлығымен қатар көптеген этикалық, психологиялық, əлеуметтік жəне құқықтық мəселелер туғызды. Қазіргі кезде елімізде ақпараттық қауіпсіздік жəне компьютерлік қылмыс мəселелері ерекше байқалып отыр. Осының бəрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу жəне жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан əрі жетілдіруді, олардың қазіргі замаңғы криминалистикалық тəсілдер мен əдістерді іскерлікпен пайдалануын, қылмыстың алдын алу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар қолдануын талап етеді. 2010 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында көрсетілгендей, құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қолжетімділігін жəне ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне инновациялық технологияларға негізделген озық əлемдік тəжірибені енгізуді қамтамасыз етілсін, яғни қылмыстың жаңа түрлері, оның ішінде компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстардың алдын алу жəне тергеу мəселесі басым айтылған.

Қоғамның заманауи даму кезеңі адам қызметінің барлық елеулі салаларында электрондық санау машиналарының жаппай қолданылуы арқылы ақпараттарды автоматты түрде өңдеу жүйесімен сипатталып отыр. Қолданыстағы қылмыстық кодекспен компьютерлік ақпаратқа заңсыз ену, электрондық санау машиналары үшін зиян бағдарламаларды құру, пайдалану жəне тарату, компьютерлік техниканы пайдалану ережелерін бұзу тəрізді құқық бұзушылықтарға қатысты жауаптылық көзделген [1].

Қылмыс іздерін табуда ең көп ақпарат беруші шаралардың қатарына оқиға болған жерді қарауды жəне компьютерлік типтегі құрылғыны, оның бөлшектері мен коммуникация құралдары ретінде жүретін заттық дəлелдемелерді тексеруді жатқызуға болады. Осылайша, заң ғылымдарының докторы профессор Е.Ғ.Жəкішевтің айтуынша, оқиға болған жердің толық, пəрменді жəне дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу əрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты [2].

Есептегіш техникасына жататын құралдарды қарау төмендегідей мақсаттарға жету үшін жүргізіледі:

  • оқиға немесе қылмыс жасау нəтижесінде пайда болған іздерді жəне басқа да заттық дəлелдемелерді табу үшін жүргізіледі. Мұндай шара кіммен, қандай мақсатпен жəне қандай жағдайда қылмыс жасалғандығын анықтау үшін іске асырылады;
  • қылмыс жасау механизмін қайта қалпына келтірудегі оқиға жағдайын анықтау үшін жүргізіледі;
  • есептегіш техникасына жататын құралдардың техникалық жағдайын анықтау үшін жүргізіледі.

Бірінші мақсатқа жету үшін маман-криминалист жəне есептегіш техникасына жататын құралдар мен ақпараттық технология саласындағы маманның қатысуы талап етіледі. Кейінгі екі міндетті шешу үшін тікелей маман-криминалистің қатысуы қажет етілмейді. Есептегіш техникасына жататын құралдардың ерекшелігіне қарай тергеу əрекетінде мынадай мамандар қатысуы керек:

  • есептегіш техникасына жататын құралдарды жөндеу жəне дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуші мамандар (есептегіш техникасына жататын құралдардың аппараттық бөлігі мен бір- біріне жалғаушы арматураларды қарау үшін; электрондық санау машина үшін — техниканы бір жүйеге келтіруші инженер);
  • желілік технология саласындағы маман (қашықтықтан мəліметтерді беру жүйелерінде, яғни компьютерлік желіде, шалғайда орналасқан құрылғыда, алыс жердегі терминалда қолданылатын есептегіш техникасына жататын құралдарды қарау үшін);
  • телекоммуникация жəне байланыс саласындағы маман (компьютерлік мағлұмат жəне команда беру үшін пайдаланылатын электр байланыс аспабын, сондай-ақ байланыс құралы болып табылатын есептегіш техникасына жататын құралдарды қарау үшін);
  • бағдарлама жасаушы инженер (есептегіш техникасына жататын құралдарды қамтамасыз етуші бағдарламаларды қарау үшін, оның қызмет көрсету принциптерін анықтау үшін, машиналық ақпарат аясындағы қылмыстық қызмет іздерін анықтау үшін).

Мемлекеттік сараптамалық мекемелерде жоғарыда аталған мамандар жоқ болған жағдайларда, оларды алдын ала бағдарламалар мен компьютерлік ақпаратты қорғаушы құралдарды əзірлейтін, компьютерлік жəне коммуникациялық техниканың жұмыс жасауын қамтамасыз етуші кəсіпорын жəне фирмалардан таңдап, табу керек. Сонымен бірге мамандар оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемесінен де шақырылуы мүмкін.

Қарастырылып отырған тергеу əрекеті алдын ала дайындалып, тыңғылықты түрде жоспарланады. Бастапқы кезеңде төмендегідей шараларды іске асыру керек:

  • қалыптасқан тергеулік жағдайды есепке ала отырып, қарауға қатысушы адамдар шеңберін анықтау;
  • оқиға болған жерді қарау барысында тұлғалардың іс-қимылдарының ретін анықтау;
  • білікті, өз ісін жақсы білетін мамандарды шақыру;
  • компьютерлік ақпараттағы өзгерістерді тапқан кезде, алынған мəліметтерді оқып-сақтауда қолданылатын компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыздықты дайындау, сол мағлұматтарды зерделеу, ақпараттық қылмыс іздерін табу;
  • қарау алдында тергеу əрекетін жүргізу мақсаты жəне маманға жүктелген талаптар, сондай-ақ оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі;
  • куəгерлерді таңдау жəне оларға нұсқаулар беру. Мұндай куəгерлер ретінде есептегіш техникасына жататын құралдар жəне компьютерлік технология саласында аз ғана болсын білімі бар адамдар қатыстырылып, оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Қараудың жұмыстық кезеңіне кіріспес бұрын, тергеуші мен тергеулік-оперативтік топ мүшелері есептегіш техника жəне ақпарат тасымалдағыштармен жұмыс жасау ережесімен танысып, оларды сақтай білу керек. Бұл ережелер сақталмаған жағдайда, тергеуге қажет ақпарат жоғалуы мүмкін жəне осы əрекеттер салдарынан материалдық зиян келтірілуі ықтимал.

Есептегіш техника жəне ақпарат тасымалдағыштармен жұмыс жасаудың жалпы ережелеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • компьютерлер жəне басқа да техникалық құралдарды сөндіру, жағу тек маманмен немесе оның басшылығымен іске асырылады;
  • ақпарат тасымалдағыш жəне электрондық есептегіш машинасының сақтағыш микросхемаларды бұзып алмас үшін, магниттік іздегіш, ультракүлгін жарық түсіргіш, инфрақызыл түрлендіргіш тəрізді криминалистикалық құралдарды пайдалану маманмен келісілуі тиіс;
  • компьютердің жұмыстық бөліктеріне (ажыратқыш, дисковод, желдеткіш жəне т.б.) ұсақ заттар мен ұнтақтардың түсуін болдырмау керек;
  • магниттік тасымалдағышпен жұмыс істегенде дискінің беткейін қолмен ұстауға, электромагниттік əсер етуге, дискілерді майыстыруға, арнайы конверттерсіз сақтауға;
  • сақтау жəне тасымалдау кезіндегі шектілік температуралар диапазоны Цельсий шкаласы бойынша 0 ден + 50 градусқа дейін болуы тиіс;
  • терминология, құрылғы жəне есептегіш техниканың қызмет көрсету мəселелерін қозғайтын барлық түсініксіз сұрақтармен тек қана маманға жүгіну қажет.

Қараудың нəтижелі жəне мақсатты болуына көмек беретін (бөлме, жергілікті жердің əр түрлі жоспарлары, пароль, ену кодтары, шифрлар жəне т.б.) компьютердегі ақпараттарды анықтауға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін маманмен дискілер мазмұнын қарау жолымен компьютерлік ақпараттарға экспресс-талдау жүргізіледі. Бұл жерде мəтіндік немесе графикалық ақпарат бар файлдар да қызықтырады. Сонымен бірге компьютерлік техника, магниттік тасмалдағыштардағы бүліністердің бар-жоқтығына назар аударумен қатар, терезе, есік жəне оларды бекіту құралдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінеді.

Қараудың осы кезеңінде компьютерлік ақпараттың ағымдағы жағдайы бекітіп алынғаннан кейін, орын алған оқиға жəне одан келген зардап жайлы қорытынды жасалынады: электрондық есептегіш машинасының бүлінуі, қызмет жолын бөгеу, ақпаратты өзгерту, көшіріп алу, сондай-ақ оның жүйесі немесе желісі жұмыс тəртібінің бұзылуы; қылмысты жасау тəсілі анықталады. Ол үшін маманның көмегімен бағдарламаның жұмысы, мəтіндік файлдар жəне мəліметтер қоры бақылауға алынып, компьютерлік жүйедегі тіркеу файлдарына ерекше назар аударылады. Жүйедегі əрбір өзгеріс (оның ішінде кім ол өзгерісті жасады, қай кезде жəне қандай файлдар өзгертілді) туралы ақпарат сол файлдарда тіркеледі. Айта кететін бір жайт, тіркеу файлдарынан пайдаланушылар туралы пароль, олардың аттарын, идентификациялық нөмірлер жайлы ақпаратты алуға болады. Кейіннен осы ақпарат заңсыз ену орын алған компьютерді анықтау үшін пайдаланылады.

Нақты компьютерден Интернет желісіне шығу хаттамасының ақпараттық құндылығы сөзсіз. Ол ғаламдық желіге шығу мүмкіндігі бар əрбір компьютерде автоматты түрде жүргізіледі (сақталу мерзімі пайдаланушымен анықталады). Электрондық поштаны пайдаланушы туралы ақпарат та (аты-жөні, туған жылы, орны, мекен жайы жəне т.б.) ерекше қызықтырады. Пайдаланушының өзі электрондық хабарлама алу үшін шыңайы ақпарат ұсынуға мүдделі.

Microsoft фирмасының көптеген бағдарламалары есептік файлдардың резервтік көшірмелерін жасайды, кейінгі орындалған операциялар жайлы ақпараттарды, сондай-ақ іске асырылған бағдарламалардағы тергеу үшін маңызы бар басқа да мəліметтерді сақтайды. Мысал ретінде солардың атап өтуге болады:

  • Microsoft Outlook Express — жіберілген, алынған немесе жойылған барлық хаттарды өзінің қорында сақтайды. Бұл файлдар IDX жəне МВХ-та кеңейтіле \Windows\Aplication\Microsoft\ OutlookExpress\Mail\ директориясында орналасқан;
  • Microsoft Internet Explorer — пайдаланушы Интернет желісінде болып, енген орындарды\Windows\ Temporary Internet Files\ директориясында сақтайды;
  • Microsoft Windows    —    бұрын    орындалған    бағдарламалардың   барлық    файлдарын\Widows\History\ директориясында сақтайды;
  • \Windows\name.pwl директориясында — Интернетпен қосылу үшін қажет аттар, телефондар жəне парольдар, олар арнайы бағдарлама көмегімен шифрын ашып танылады.

Сонымен бірге маман-криминалист компьютерлік техника, магниттік тасмалдағыштардағы бүліністердің бар-жоқтығына назар аударумен қатар, терезе, есік жəне оларды бекіту құралдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Егерде компьютерлік техника жəне ақпаратқа тікелей ену фактісі орын алған болса, онда маман-криминалистің көмегімен монитор, принтер, клавиатура үстіндегі, электрондық есептегіш машина қалыбындағы саусақ іздерін анықтауға мүмкіндік беріледі.

Компьютерге қатысты арнайы іс-қимылдармен қатар құжаттар мен заттар тығылған құпия жерлерді табуға бағытталған іздеу шараларын ұйымдастырған жөн. Мұндай құпия жерлер ретінде компьютердің өзі, атап айтсақ, орналасқан жүйелік блоктың өзі болуы мүмкін.

Кейінгінің құрылымы ерекше болғандықтан, құпия жерлерді ұйымдастыруға ол өте ыңғайлы. Біріншіден, жүйелі блок ішінде бос жерлер өте көп болады, өйткені қосымша платалар орнату жолымен компьютер мүмкіндігін кеңейтіп, арттыру мақсатында онда орын қалдырылады.

Екіншіден, өзінің модульдік құрылымына қарай компьютердің жүйелі блогін қандайда бір қосымша құрал-саймандарды қолданбай-ақ жылдам бұзып, жинауға болады. Бұл өз алдына компьютердің бөлшектеріне іздер қалдырмай енуді ыңғайлы етеді.

Үшіншіден, компьютер ішіндегі электрондық схемалардың қуаты аз, адам өміріне қауіп төндірмейді. 220 вольт болып келетін компьютердің бір ғана бөлшегі — қуат көзінің блогының сырты қапталған, платаларға берілетін қуат мөлшері 12 вольт болғандықтан, ток көзінен сөндірмей- ақ корпусын ашуға мүмкіндік туғызады.

Төртіншіден, жүйелі блоктің ең үлкен платасы — аналық корпус қабырғасына немесе оның төмеңгі беткейіне қысқыштар арқылы бекітіледі, сол себептен құжаттарды сақтауға ыңғайлы көп орын қалады. Мұндай құпия жерге ену маманға ешбір қиындық туғызбайды.

Ақпараттарды сақтау үшін лазерлік дискілер жиі қолданылады. Сыртынан қарағанда лазерлік дискілердің үн- жəне бейнедискілерден айырмашылығы болмағандықтан, оларды музыка немесе бейнежазба жинақтарының арасында сақтау мүмкіндігі бар.

Магниттік тасымалдағыштар тығылған құпия жерлерді іздеуде металл іздегіш немесе рентген құрылғысын пайдалануға болмайды, өйткені олардың ішіндегі ақпараттың өшірілуіне əкеп соқтырады.

Қараудағы бөлме локалдық желі болғанда, серверлердің орналасқан жерін анықтаған жөн. Əдетте үлкен мекемелерде серверлерді орналастыру мақсатында бөлек арнайы бөлме беріліп, оған ену шектеулі болады. Алайда орталық сервермен қатар бөлімшелерде жергілікті локалдық серверлер болу мүмкін. Локалдық желі бар жердегі компьютерлердің орналасқан орнын табуда таратқыш сымдар көмектеседі, яғни кабель жолы немесе кабель тығылған арнайы қалыптар табылса болғаны.

Коаксиалдық кабельге қосылмаған ажыратқыштарға жəне компьютерлерді локалдық желіге қосу үшін қажет бос розеткаларға көңіл аударған жөн. Оның себебі, осы жерде бұрын компьютерлердің тұруы немесе алып жүруге ыңғайлы компьютерлер қосылуы мүмкін, бірақта тінту кезінде басқа жерге тығылған.

Дискета жəне басқа да ақпарат тасымалдағыштарды сақтау жерлеріне ерекше көңіл аударған дұрыс болады. Компьютерлерді сыртынан қарау кезінде олардың құрамында стример, магниттік- оптикалық жинақтағыштар жəне солар тəріздес құрылғылар табылса, онда осы аспаптарға қатысты ақпарат тасымалдағыштарын жасыру жерлерін анықтауға мүмкіндік жасау керек.

Өрістетілген локалдық желісі бар мекемелер өз ақпараттарын əрдайым қандай да бір тасымалдағышқа жинақтап отырады. Осы көшірмелердің сақталатын жерін табуға əрекет жасау қажет.

Қарауға қатысушы компьютерлік құралдар саласындағы маман жүйелі əкімнен алған мəліметтерді пайдалана отырып, алдын ала дайындалған тасымалдағыштарға ақпаратты көшіреді. Ол үшін өз алдына бөлек сыртқы диск немесе флеш-карталар қолданылады. Ақпарат көшірілген тасымалдағыштар пластиктен жасалған қораптарға буып-түйіледі. Егерде өз алдына бөлек сыртқы диск болса, онда оны тасымалдау барысында қорап ішінде қозғалмайтындай етіп буып-түйеді, тиісті талаптарға сай сыртынан сүргі соғылады.

Үлкен есептегіш жүйелерді зерттеуден өткізу үшін күндермен саналатын уақыт қажет, оған тергеушінің дайын болғаны жөн. Тергеу барысында кейде зерттеу үшін компьютерлерді бір жерге алып бару мүмкіндігі болмай қалатын жағдайларда кездеседі. Ондай жағдайларда төмендегідей ұсынымдарды басшылыққа алған жөн:

  • компьютерлік техника құралдарды (серверді, компьютерлік желінің жұмыс стансасын) қарағаннан кейін, ол бөлме міндетті түрде жабылады, аппаратураны энергиямен қамтамасыз ететін көзі сөндіріледі. Кейде мүмкіндік болмай жатса, тек ақпаратты қабылдайтын ғана жағдай жасалынады, бірақ мұндайда компьютерлік жүйенің барлық бөлшектері мен механизмдерге пломба салынады;
  • машиналық ақпараттың магниттік тасымалдағыштары табылған кезде, оларды бүлініске ұшыратушы əр түрлі электромагниттік өріс, бағытталған сəулелерді болғызбаушы арнайы пломбаланған жəне экран орнатылған контейнерлер немесе зауыттық алюминий футлярларында сақтап, тасымалдаған жөн.

Қарастырылып отырған тергеу əрекеті алдын ала дайындалып, тыңғылықты түрде жоспарланады. Компьютерлік техниканы қарау барысында мүмкін болатын мынадай негативтік жағдайларды ескерген жөн:

  • ақпарат жəне құнды мəліметтерді жою мақсатында қызметкерлер құрамы тарапынан электрондық есептегіш машинаны бүлдіру əрекеттері байқалуы мүмкін;
  • заңсыз енуден сақтандыратын компьютерде арнайы құралдардың болу салдарынан, дер кезінде арнайы код алмағандықтан, ақпарат автоматты түрде жойылуы мүмкін;
  • электрондық есептегіш машинаны заңсыз енуден сақтандыратын басқа құралдың болуы ықтимал;
  • компьютерлік техниканы əрдайым жетілдіру нəтижесінде, объектіде тергеуші жəне маманға беймəлім бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы мүмкін.

Қылмыскерлермен заттық дəлелдеме ретіндегі электрондық ақпараттарды жою əрекеттері жоқ емес. Мысалы, өте қиын жағдайда күшті магниттік өріс қалыптастыратын, магниттік жазуларды өшіретін арнайы қондырғылар қолданылады. Қылмыскердің өз машинасына белгілі мерзім сайын пароль талап етуші бағдарлама қосатын мүмкіндігі бар, яғни бірер секундтан соң дұрыс пароль енгізілмесе, компьютердегі мəліметтер автоматты түрде жойылады. Компьютерлердің өнертапқыш иелері кейде жоюшы немесе қажетті мəліметтерді құпиялаушы жасырын командаларды орнатады. Оның мəні — егерде машинаны қосу процедурасы тек иесінің өзіне ғана мəлім арнайы іс-қимылдармен қатар жасалмаса, онда жасырын командалар өз міндетін орындайды [3].

Жоғарыда келтірілген жəне басқа да орын алуы ықтимал негативтік зардаптардың алдын алу үшін, төмендегідей ұсынымдарды сақтаған дұрыс болады:

  • қуат көзін сөндірмес бұрын, мүмкіндігінше барлық бағдарламаларды дұрыс жабу керек, ал күмəнды жағдайларда компьютерді жай ғана сөндіре салған жөн (кейбір жағдайларда компьютер дұрыс сөндірілмесе (күштеп қайта қосу немесе бағдарламадан шықпай қуат көзін сөндіру жəне тұрақты тасымалдағышқа ақпаратты көшіріп алмау), оперативтік сақтағыштағы ақпараттың жоғалуына жəне осы компьютердегі ақпараттық қордың жартылай өшірілуіне əкеп соқтырады) [4];
  • қорғаныс бағдарламаларына ену паролін анықтауға шаралар қолдану;
  • қажет болған кезде мекеменің қызметкерлер құрамынан кеңес алу көзделген, сұрауды əрбір қызметкермен бөлек-бөлек жүргізген дұрыс. Мұндай əдіс мейлінше шыншыл ақпарат алуға жəне қасақана зиянкестіктен арылуға мүмкіндік береді;
  • электрондық есептегіш машина локалдық санау желісінде болған кезде, желідегі ақпараттың қозғалысына шапшаң қимылдау үшін мамандардың бригадасын қатыстырған жөн;
  • компьютерді қараумен қатар, оны қолдану туралы жазулар бар құжаттарды қарауға, оның ішінде электрондық есептегіш машиналар операторларының жазуларына ерекше көңіл аудару керек.

Тəжірибесі аз пайдаланушылардың осындай жазуларында код, пароль жəне басқа да тергеу үшін құнды ақпаратты қамтуға болады. Қарау кезінде электрондық есептегіш машинасына орнатылған бағдарлама бойынша түсініктеме бере алатын мекеме қызметкері қатысу керек. Егер де қараудың бастапқы сатысында бағдарламамен қолданылатын пароль жəне кодтарды анықтау мүмкін болмаса, онда зертханалық жағдайда бағдарлама жасаушы мамандардың қатысуымен ену парольдарын жəне кодтарды анықтау, сондай-ақ дұрыстап қараудан өткізу жəне ондағы файлдарды ажырату мақсатында компьютерге сүргі соғылып, алынады. Мұндай жағдайларда процессор жəне магниттік дискідегі жинактаушылар орналасқан жүйелі блок ғана алынса, жеткілікті. Монитор, клавиатура, принтер тəріздес компьютердің бөліктеріне сүргі соғылса болғаны:

  • алуды арасына уақыт салып өткізуге болмайды. Егерде тергеушіде қажетті көлік болмаған жағдайда, алу жүріп жатқан жерге күзет орнатып, объектіден материалдарды сақтау орнына бірнеше рейс жасалынады;
  • алынған заттар мен материалдар сол объектіде немесе бөтен адамдар ене алатын жерде сақтауға қойылмайды;
  • есептегіш техника құралдарының бөліктерін сол объектіде қалдыруға болмайды: əдетте, нақты есептегіш техника құралдарын алудан сақтап қалу ықыласы, онда тергеу үшін маңызды ақпараттың бар екендігін көрсетеді;
  • бөлмедегі барлық есептегіш техника құралдары мен өзінде қылмыстық қызмет ізін тасымалдаушы барлық объектілерді алу қажет;
  • тергеу əрекетінің хаттамасында алынып жатқан есептегіш техника құралдарының нақты белгілері міндетті түрде көрсетіледі (маркасы, шапшаңдығы, процессор маркасы, сақтағыш көлемі жəне т.б.).

Компьютерлік техника тек сөндірілу бетінде ғана алынып, тергеу əрекетінің хаттамасында төмендегідей мəселелер орындалып, көрсетіледі:

  • қондырғының қосылып тұрған жағдайы анықталды жəне оны сөндіру реті көрсетілді;
  • алынуға тиіс заттардың нақты орны мен олардың бір-біріне жəне қоршаған заттарға қатысты орналасуы қажетті схема жəне жоспарларды қоса тіркеу арқылы суреттеледі;
  • ерекшеліктерді (түсі, саны, өлшемі, қосу сымдарының, кабельдердің, шлейфтердің, ажыратқыштардың, штекерлердің жеке белгілері мен олардың ерекшеліктері) көрсете отырып, барлық құрылғылардың бір-бірімен қосу реті суреттеледі;
  • компьютер желісінің, қолданылатын байланыс каналы мен телекоммуникацияның бар- жоқтығы анықталады. Кейінгі жағдайда байланыс түрі, қолданылушы аппаратура, абоненттік нөмір, шақырушы белгі немесе жұмыс істеу жиілігі анықталады;
  • барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, аппараттық құрылғыларды ажырату жүргізілді, олардың техникалық кіріс-шығыстарына пломба ілінеді;
  • алынған заттарды буып-түйю жəне тасымалдау түрі анықталады.

Компьютерлік техниканы сақтап, тасымалдау бүлініске ұшыратпайтын жағдайда, оның ішінде əуежайда жүкті тексеру үшін қолданылатын металлдетекторы əсер етпейтін жағдайда іске асырылады. Компьютер жəне олардың қосалқы бөлшектері құрғақ əрі жылы жерде сақталады, онда аппаратураны жарамсыз ететін кеміргіштер болмау керек. Оқиға болған жерді қараудағы стандарттан тыс жағдайды ескере отырып, компьютерлік техника мен ақпаратты алу мүмкіндігіне, буып-түйю, тасымалдау жəне алынған объектілерді сақтау тəсіліне қатысты мəселелерді тергеуші əрбір нақты жағдайда маманмен біріге отырып шешеді. Объектілерді алудың процессуалдық тəртібі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жалпы талаптарына сəйкес анықталады.

Осылайша, компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарға төтеп беру, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекет жəне заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету əрдайым өзгерістерге дайын болатын, техникалық-криминалистикалық құралдармен жасақталған қорғаныс шараларының кешенімен мүмкін болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Криминалистика: Учеб. / Отв. ред. Б.М.Нургалиев. — Караганда: Болашақ-Баспа, — С. 779.
  2. Криминалистика: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2006. — 250-б.
  3. Осипенко М. Компьютеры и преступность // Информационный бюллетень НЦБ Интерпола в Российской Федерации. — 1994. — № 10. — С.
  4. Россинская Е.Р., Усов А.И. Судебная компьютерно-техническая экспертиза. — М., — С. 4.

   

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.