Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прокурорлық қадағалау жəне прокуратура туралы нормативтік-құқықтық актілердегі заңдық техниканың мазмұнды ережелері

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының қабылданғанына он бес жылдан астам уақыт өтті, алайда осы уақытқа дейін прокуратура органдары қызметінің əр түрлі жақтарына қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Біздің ойымызша, бұның бір себебі заңдық техниканың мазмұнды ережелерінің сақталмауында.

Нормативтік актілер мазмұнды жəне тиімді болулары тиіс. Олардың мазмұнын дұрыс толтыру, қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуге жатама деген басты мəселені дұрыс шешуді білдіреді. Аталған мəселе оң шешімін тапқаннан кейін құқықтық ретеу пəнін жəне құқық саласын анықтауға, сонымен қатар нақты қоғамдық қатынастарға құқықтық нысанды беру бойынша міндеттерді шешу əдістеріне көшуге болады. Осыдан кейін заңшығармашылық жұмыс нақтылық сипатқа ие болу керек. Қандай да болмасын нормативтік актінің мазмұны белгілі бір талаптарға жауап беруі керек [1; 158].

Нормативтік актілердің мазмұнына қойылатын басты талап — заңдылық талабы. Республикада қабылданған нормативтік актілер Конституцияға, Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне, жалпы қабылданған нормаларға жəне халықаралық құқық қағидаларына сəйкес болуы тиіс.

Құқықтық мемлекеттегі Қазақстан Респіубликасының прокуратурасы қандай болады, ол қандай мəселелерді шешеді, мемлекет механизмінде қандай орын алады? Бұл сұрақтарға жауапты 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасынан табуға болады. Негізінен Құқықтық саясат тұжырымдамада прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі болып табылады жəне негізгі функциясы ретінде қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Тұжырымдамада «Қазақстанның тəуелсіздік жылдарында жалпы алғанда демократиялық жəне құқықтық мемлекеттің қажеттіліктеріне жауап беретін құқықтық жүйе қалыптасып, тиімді əрекет етуде. Сонымен қатар мемлекеттің құқық қорғау қызметі өзінің əрі қарай дамып жəне арттыруын талап етеді» деп көрсетілген [2].

Біздің республикамыздағы прокуратура өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында жалпы қадағалау функциясынан айырылды. Прокуратура жалпы қадағалау функциясынан қылмыстық істерді тергеу функциясын сақтай отырып (бірақ алдын ала тергеуді басқарудың процессуалдық институтын, қылмыстық қудалау функциясын сақтай отырып), елдегі заңдық режимді қамтамасыз ету мақсатында көп құзыретті қадағалау органы ретінде анықталды. Осы кезден бастап ол мемлекеттік құқық қорғау ұйымы ретінде тең дəрежеде азаматтардың жəне мемлекеттің мүддесін қорғауға тиіс болды [3].

2009 жылдың 3 желтоқсанында ТМД мемлекеттерінің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының Бас прокурорлары Қайрат Мами жəне Юрий Чайка халықаралық ұйымдардың прокуратура құзыретін қылмыстық- құқықтық қудалау функциясымен шектетуге байланысты əрекеттеріне қатысты алаңдатушылықтарын білдіртті. Қазіргі еуропалық құқықтық стандарттарға солар сəйкес келеді деген сияқты. Жоғарыда аталған Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры əлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратураның жалпы қадағалау функциясын күшейтетін «Прокуратура туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулардың дайындалып жатқандығы туралы хабардар етті. Осы мəліметтерді 11.12. 2009 ж. қазақстандық заңдық портал Zakon.KZ жариялады.

Біздің заңшығарушыларға, тəжірибешілерге ойланатын уақыт келді: егер біз еуропалық стандарттар бойынша жүрсек, прокуратура органдарының дамуының қандай моделін ұстануымыз тиіс болса: толықтай халықаралық ұйымдардың пікірлеріне құлақ асуымыз керек па, əлде өз жолымызбен жүруіміз керек па.

Прокуратура органдары қызметінің негізі болып ҚР Конституциясы жəне «Прокуратура туралы» ҚР Заңымен қатар, салалық заңнамалар, оның ішінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы табылады. 1995 жылдың Конституциясында 84-бап болатын, онда тергеу мен анықтаудың сот жəне прокуратурадан бөлінетіндігі туралы айтылатын. Алайда ҚІЖК 198-бабының 3-тармағына сəйкес республиканың Бас прокуроры ерекше жағдайларда, тергеудің объективтілігі мен толықсыздығы жəне істің күрделілігі жағдайында, алдын ала тергеуді жүргізетін бірнеше органдардың тергеушілерінің қатарынан тергеу тобын құрып, оның басшысы етіп прокурорды тағайындай алды. 2001 жылғы қарай Бас прокуратурада күрделі қылмыстық істер бойынша тергеу топтарын басқаруды жүзеге асыру негізгі қызметі болып табылатын арнайы прокурорлардың басқармасын құруға тура келді. Осындай тергеу тобымен жүзеге асырылатын тергеудің заңдылығына қадағалау жасау Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жүктелді. ҚР ҚІЖК-нің 199-бабының 4-тармағына сəйкес тергеу тобының басшысы басқа тергеушілермен жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысып, тергеу əрекеттерін жеке өзі жүргізе алатын. Бұл жаңашылдық ұйымдасқан қылмыспен жəне парақорлықпен күресті күшейту қажеттілігімен жəне прокуратураның қылмыс жасаған үшін қылмысты қудалау саласындағы құзыреттілікті нақтылау қажеттілігімен байланысты болды. Прокуратура қабырғаларындағы өзіндік тергеу бөлімшелерін жоюдың, осы уақытқа дейін жойылмаған теріс жақтары да бар.

ҚР Конституциясы иерархия бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қатысты басым заңдық күшке ие болғандықтан, ҚР Конституциясының нормалары əрекет етуі қажет еді. Заңдық техниканың мазмұнды нормасын сақтамау заңдылық талабының бұзылуына əкеліп жəне заңшығарушы тергеуді прокуратураға беруді шешпейінше, ұзақ уақыт бойы жалғасып жатты. Ойланбай жасалған шешім елімізге біраз кері əсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның өмірі мен бостандықтары ең басты құндылық болып табылады жəне мемлекеттің мақсаты оны қорғау деп аталған. Нормативтік- құқықтық актілерді адамдардың құқықтары мен бостандықтарына сəйкес қабылдау конституциялық талап болып табылады.

Қазіргі таңда прокуратура органдарының қызметін бағалау критерийі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Кейде қылмыстарды ашу көрсеткішін көтеру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамдардың құқықтарын бұзу арқылы қол жеткізіп жатады. Бұған дəлел прокурорлардың қылмыстық қудалау органдарының мекемелерінен заңсыз ұсталған адамдарды босату фактілерінің көптеп тіркелуі болып отыр. Бұндай жағдайлар үлкен алаңдатушылық туғызуда, себебі оның өсу тенденциясы бар.

Кейбір ғалымдар адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ережелерінің кең ауқымды түсінігін ұсынады, бұл дегеніміз нормативтік актілер азаматтардың мүдделеріне қатысты қабылдануы тиіс. Негізінен қарсылықтар болмағанымен, оны жүзеге асыруда үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Біріншіден, ол бағалы сипатқа ие болғандықтан: нормативтік актінің ол арналған адамдарға сəйкес келеуі-келмеуін анықтау қиын. Нормативтік актінің мазмұнына қатысты бұл ереже заңнан шығарылуына жəне онда көрсетілмегендігіне байланысты, императив ретіндегі оның құқықтық бекітілгендігі жоқ.

Мазмұндылық талабы. 1994 жылы біздің елімізді құқықтық реформаның мемлекеттік жоспары қабылданған болатын. Бұл жоспарда прокуратураның жəне прокурорлық қадағалау жүйесінің қайта құрылуы жоспарланды. Тергеу бөлімшелерін прокуратура органдарына сəйкессіздігіне байланысты басқа құқық қорғау органдарына беру көзделді. Қазақстандағы реформаторлардың асыққандығы соншалық, алдын ала тергеудің прокуратурадан бөліп алу туралы норманы 1995 жылғы Конституцияда бекіте алды. Сол кездегі ҚР Бас прокуроры Ю.А.Хитриннің айқын дəлелдері де көмектеспеді, ол былай деген болатын: «Қазіргі прокурорлар — негізінен, кешегі мамандалған жəне жауапты тергеушілер. Уақыт өте келе тергеу мектебінен өткен прокурорларды таба алатындығымыз туралы біреу ойланды ма?». Бұл риторикалық сұраққа біраз уақыттан кейін ол өзі былай деп жауап берді: «Тергеу жəне қадағалау функциясын ажырату қажеттілігі теория жүзінде мүмкін, бірақ тəжірибе жүзінде оң нəтиже көрсетпеді. Керісінше, асығыс, аяғына дейін ойланбай жасалған тергеу органдарын қайта құру үлкен материалдық шығындарға жəне құқық қорғау органдарының білікті мамандарын жоғалтуға алып келді» [4].

Біз орындылық талаптары туралы айтқан кезде, прокурорлық қадағалау жəне прокуратура туралы нормативтік-құқықтық актінің өзінің мазмұны бойынша нақты жағдайда қоғам, мемлекет, азаматтардың тиісті мүдделеріне жауап беруі туралы сөз қозғаймыз. «Прокуратура туралы» ҚР Заңының қабылдану уақытына байланысты біздер нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнына қатысты бұл талаптардың сақталғандығы туралы айта алмаймыз. КСРО-ның құлдырауы уақыты, құқық пен моральдің дəрежесі түсіп жатқан кезде, адамдардың кез келген жолмен баюлары жүрді, жеке тұлғаның жəне қоғамның мүдделерінің қорғалуы əлсіреді, біреуге заңдылыққа қадағалау жүргізуші прокуратура сияқты органның əлсіреуі қажет болды.

Тек біздің елде ғана емес, бүкіл ТМД елдерінің территориясында прокуратураның ролі мен орны туралы мəселе көтеріліп, дискуссиялар жүріп жатты. Прокуратураны тоталитарлық мемлекеттің туындысы деп анықтап, кеңес кезіне дейін болмағандай прокуратураны реформалау туралы идеялар туындады. Мысалы, Ресейде Ресей Федерациясындағы Сот реформасының концепциясының ықпалымен Жоғарғы Кеңеспен прокуратура реформациялауға жатпайтын, жоюға болмаса, басты функция — заңды қадағалау функциясын шектеуге жататын орган деп көрсеткен [5].

Прокуратураның құқық қорғау органдарының жүйесіндегі орны құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметін жүзеге асыру кезінде айқын көрінді. Сонымен қатар біз алдында байқағандай, заңшығарушы прокуратураға құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру функциясын жүктей отырып, бұндай органдардың айналымын, құқық қорғау органдарының қатарына жатқыза алатын критерийлерді айқындамаған. Құқық қорғау органдарының қылмыспен жəне басқа да құқық бұзушылықтармен күрес бойынша қызметті үйлестіру бойынша прокуратураға жүктелген функцияға қатысты заңшығарушының ұстанымы бір жақты болмады. Бұл құзырет прокуратурадан алынып, арнайы құрылған мемлекеттік құрылымдарға (1989 жылғы Қылмыспен күрес бойынша уақытша комитетке), (1991 жылғы Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бойынша комитетке) жүктелді. 1992 жылдың 17 қаңтарындағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында прокуратура органдарына құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма болмады. Кейін, 1994 жылдың шілде айында, прокуратураға үйлестіру функциясын қайтарды, алайда 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы № 2709 «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен прокуратура органдары бұл функциядан қайта айырылды. Осы нормативтік актіге сəйкес прокуратура тек басқа құқық қорғау органдарымен бірігіп, əрекет етуге құқылы болды.

Нəтижесінде ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы жəне басқа да органдар ортақ мақсатты ұстана отырып бірі бірінен тəуелсіз, əрқайсысы өз құзыреттілігінде арнайы əдістермен жəне нысандармен жүзеге асырды. Сонымен бірге қылмыстық көріністерге тиісті тосқауыл қою үшін, тек үйлестіру қызметтің көмегімен қол жеткізуге болатын барлық құқық қорғау жүйесі органдарының бірлескен əрекеттерін жəне күштерін біріктіру қажет болды.

1998 жылдың шілдесінде прокуратураның құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру функциясын қайта қалпына келтірген заңшығарушының əрекеттері де түсініксіз. Кейбір қазақстандық ғалымдардың пікірінше, 1995 жылғы прокуратура органдарының үйлестіру функциясынан айырылуы қылмыспен күресті атқару билігінің тармағына кіретін құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылуына байланысты жүзеге асты, ал прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, тиісінше үйлестіру қызмет Үкіметпен жəне оның жергілікті органдарымен — əкімдермен жасалуы тиіс.

Үйлестіру қызмет əр түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Ол нысандар оған қатысушылардың үйлестіру қызметімен, олардың əрқайсысының құзыреттілігінен келіп шығады.

Əңгіме нормативтік актінің өзінің мазмұны бойынша нақты жағдайда қоғамның, мемлекеттің, азаматтың мүдделеріне жауап бере алу қабілеттілігінде.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жəне кейін қабылданған нормативтік прокуратура органдарының қызметі жəне прокурорлық қадағалауға қатысты актілер, біздің ойымызша, əрдайым қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың мүдделеріне сəйкес келген жоқ. Осылайша, тергеу жəне оған қадағалау жасау функциясын бөліп тастау теория жүзінде дəлелді болып көрінді, бірақ тəжірибе жүзінде оң нəтиже көрсеткен жоқ. Керісінше, асығыс, аяғына дейін ойланбай жасалған тергеу органдарын қайта құру үлкен материалдық шығындарға жəне құқық қорғау органдарының білікті мамандарын жоғалтуға алып келді.

Прокуратура қабырғаларындағы өзіндік тергеу бөлімшелерін жоюдың, осы уақытқа дейін жойылмаған теріс жақтары да бар екендігін көптеген ғалымдар, тəжірибешілер атап өтуде [1; 104].

Негізділік талабы. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы жəне кейін қабылданған прокурорлық қадағалауға қатысты нормативтік актілер қоғам дамуының заңдылықтары мен тенденцияларына сəйкес объективті жəне субъективті факторларды ескере отырып қабылданғанын мойындауға бола ма? Бұл заңның қандай жағдайда қабылданғанын еске түсіруге болады. 1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан кейін екі жыл ішінде əрекет етуші актілердің нормаларын ҚР Конституциясының нормаларына сəйкес ету қажеттілігі туындады. Кейбір нормаларды, біздің ойымызша, ойламай, заңшығарушылар заңда бекітті. Мысалы, прокуратураға берілген конституциялық қадағалау функциясы əлі күнге дейін көрінісін тапқан жоқ. Ол туралы қазақстандық сенаторлар да айтып жатыр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Берік Имашев прокуратура органдарын Конституцияға жəне ҚР Заңдарына қайшы келетін заңдарға жəне басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіру құқығымен құзыреттендіруді ұсынды. Ол туралы Сенаттың алқалық отырысында жария етті.

Парламенттің төртінші сессиясының отырысында сөз сойлей отырып, Ұлт Көшбасшысы, Үкімет жақын арада заңшығарушы органға ұсынылатын прокуратура органдарының қызметін жетілдіру туралы заң жобасын аяқтап жатқанын айтты. Қарастырылып жатқан заң жобасына Конституцияның 83-бабының 1-тармағын жетілдіруге бағытталған ережелерді қосу керек деп айтып кетті Б.Имашев. Ол: «Бұл конституциялық норма прокуратура органдарын Конституцияға жəне ҚР Заңдарына қайшы келетін заңдарға жəне басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіру құқығымен құзыреттендіреді» деп түсінік берді. Бұл норма əлі күнге дейін салалық заңнамада, соның ішінде «Прокуратура туралы» Заңда тиісті көрінісін тапқан жоқ. Аталған норманы жетілдіру мақсатында бізбен прокуратура органдарының қызметін жетілдіру туралы заң жобасының үкіметтік нұсқасында ережелері есепке алынатын заң жобасы дайындалды, — деп атап өтті сенатор [6].

Тиімділік талабы. Қызметтің қандай да болмасын түрі үшін тиімділік мəселесі үлкен маңызға ие. «Тиімділік» термині латын тілінен аударғанда «қандай да бір əрекеттің нəтижесі» дегенді білдіреді. Тиімді — күшті əсер беруші, бірақ кез келген емес, алдын ала ойластырған, пайдалы нəтижеге əкелуші; осы жерден тиімділік — бұл мақсатты бағытталған əрекеттің нəтижесі.

«Тиімділік» түсінігінде жүйенің қоршаған ортаның жағдайларына жақсы үйрену, алдына қол жетерлік мақсаттар қойып, оған жету жатады. Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты прокуратура жəне прокурорлық қадағалау туралы нормативтік актілер қазіргі таңда толықтай тиімділік талаптарына сəйкес келмейді.

Замандылық талабы. 25.12.1995 жылғы «Прокуратура туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы өз уақытында қабылданды, себебі алдыңғы заң қоғам өмірінің талаптарына жауап бермеді. Замандылық талабы тиімділік жəне қабылданған нормативтік актінің негізділігімен үзіліссіз байланысты.

Тұрақтылық талабы. Егер де біз былай деп сұрақ қойсақ: «Прокуратура жəне прокурорлық қадағалау туралы нормативтік актілерді тұрақтылық талаптарына жауап бере алады ма?». Онда көпшілік көп жағдайда «жоқ» деп жауап берер еді. Себебі нормативтік актінің мазмұнының тұрақтылығы тек қазіргі кездегі қоғамдық қатынасты емес, сонымен қатар алдағы уақытта туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігімен байланысты. Əрине, жас мемлекеттің аяққа тік тұруы кезінде болжамдар жасаған дұрыс емес. Бірминуттық қажеттілікпен ұстанбау қиын.

Үнемділік талабы. Мақсатқа аз шығындалып қол жеткізуді білдіретін прокуратура жəне прокурорлық қадағалау туралы нормативтік актілер үнемділік талабына сəйкес келе ма? Қазіргі кездегі еліміздің прокуратура органдары тұрған жағдайға қарап, «иə» деп айту қиын. 2010 жылғы ҚР Президентінің халыққа жолдауында демократиялық мемлекеттің құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сəйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі туралы айтылады.

Нақтылық талабы. Аталған талап нормативтік актінің орындалатындығын, оның ережелерінің жүзеге асырылатындығын, нормативтік актінің материалдық, қаржылық, техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оның орындалуы үшін белгілі бір уақыттың берілуімен байланысты. Актілерді жүзеге асыру үшін, сонымен қатар қоғам дамуының нақты кезеңіндегі бар мүмкіндіктердің қаралуы тиіс. Қажетті ресурстармен қамтамасыз етілмеген нормативті акт баянсыздыққа айналады.

Прокуратура органдарына жəне прокурорлық қадағалауға байланысты заңдарды дайындау барысында тиісті мемлекеттік органдарды қабылданып жатқан шешімнің тиісті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілетіндігі жөнінде қорытындысын алған жөн болар еді.

Нормативтік актілердің жобаларындағы ұсыныстар нақты болуы керек, тиісті материалдық- техникалық құралдармен қаржыландырылып жəне алдыңғы актінің толықсыздығы жəне жеткіліксіздігімен байланысты қосымша нормативтік актілерді шығару мүмкіндіктерін жою керек. Əрекетті болып құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақты анықтап қана қоймай, оны қамтамасыз ету шараларын нақты анықтайтын нормативтік акт болып табылды.

Жоғарыда айтылғандай, прокуратураның құқық қорғау органдарының жүйесіндегі орны құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметін жүзеге асыру кезінде айқын көрінді. 1998 жылдың шілдесінде прокуратураның құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру функциясын қайта қалпына келтірген заңшығарушының əрекеттері де түсініксіз. Үйлестіру қызмет əр түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Ол нысандар оған қатысушылардың үйлестіру қызметімен, олардың əрқайсысының құзыреттілігінен келіп шығады.

Үйлестірудың негізгі нысандарына келесілерді жатқызуға болады:

  • қылмыспен күресудің аумақтық жоспарларық бағдарламаларына бірлескен ұсыныстар жасау;
  • үйлестіру жиындар өткізу;
  • ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды тергеу бойынша тергеу-жедел топтарын құру;
  • қылмыстың алдын алу жəне ашу, сонымен қатар оларды жасауға себеп болған жағдайларды жою бойынша мақсатты бірлескен шаралар жүргізу;
  • қызметкерлердің біліктілігін артыру бойынша құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін пайдалану. Семинарлар, конференциялар өткізу;
  • қылмыспен күрес бойынша қызмет барысында құқық қорғау органдарының құрылымының өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу;
  • бірлескен бұйрықтар, нұсқаулықтар шығару;
  • үйлестіру қызметтің бірлескен жоспарларын жасап жəне бекіту.

Аталған тізім түгел болып табылмайды, үйлестіру күнделікті жұмысын өмір өзі айтып отырады. Үйлестірудың басым бағыттары Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрықтарында анықталған.

Құқық қорғау органдарының күштерінің бірігуімен байланысты басты бағыт ретінде криминогендік жағдай ушыға түскен қалалар, аудандар анықталып, əр уақытта əрекет етуші жұмыс топтары құрылады.

Аумақтағы қылмыстылықтың құрылымы мен жағдайының өзгеруіне байланысты жаңа басым бағыттар ұсынылып, əр кезде əрекет ететін жұмыс топтарының құрылымы мен құрамы өзгереді.

Соттармен жəне əділет органдарымен өзара əрекет туралы айта отырып, қылмыстылық пен соттылық жағдайы туралы ақпараттау сияқты үйлестіру жолын атап өтуге болады, бұл жерде КІІД жəне Бас прокуратураның құқықтық статистика жəне ақпарат орталығының рөлі жөнінде айта кеткен жөн: қылмыстылықпен күрес бойынша заңнамаға бірлескен ұсыныстар жасау; арнайы мамандардың құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыру бойынша жұмысқа қатысулары, бұл жерде, біздің ойымызша, С.Ескараев атындағы Прокуратура органдарының біліктілігін арттыру жөніндегі институттың орны ерекше болар еді. Институт қабырғаларында тыңдаушылармен психология бойынша, басқа елдердің құқық қорғау органдарымен, шет ел азаматтарының қатысуымен сабақтар өткізіліп тұрады. ҚР ІІМ академиясы, Алматы ҚІІД жəне Бас прокуратураның құқықтық статистика жəне ақпарат ораталығының негізінде қазіргі кездегі қылмыстық қудалау органдарының техника- криминалистикалық құралдардың, органдардың қылмыстарды ашу жəне алдын алу бойынша өзара əрекеттері зерттелуде [7].

2001 жылдың 22 қаңтарында ел Президенті «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, онда Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауына əрекет етуші заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобаларын ұсынуға тапсырыс берілген. Аталғандармен қатар прокуратура жəне прокурорлық қадағалау туралы əрекет етуші заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы заң жобасын ойлап табу көзделді жəне де онда прокурорлардың актілері мен талаптарының дəлме-дəл орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс жəне прокурорлық қадағалау актілерін орындамағаны үшін азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көздеуге тиіс болатын. «Прокуратура туралы» ҚР Заңының қабылданғанына бес жыл болды, ал прокурорлық қадағалау актілерін мəжбүрлі түрде орындату механизмі өмірге келуін күтіп отырды.

Нақтылық талаптарын осылай дөрекі бұзу Қазақстан Республикасының Президентіне «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдауында біздің заңдардың сапасын жоғарлату қажеттілігі жөнінде айту қажеттілігін туындатты.

Оптималдылық талабы. Бар ресурстар мен жағдайларда ең жақсы нормативтік актілерді шығару жөнінде айтылады.

Кейбір ғалымдар бұл критерийді кешенді деп санайды жəне оптималдылықты тиімділік, үнемділік, пайдалылықтың бірігуі деп санайды [1; 165].

«Прокуратура туралы» ҚР Заңы жəне кейін қабылданған прокурорлық қадағалауға қатысты нормативтік актілер қоғам дамуының заңдылықтары мен тенденцияларына сəйкес объективті жəне субъективті факторларды ескере отырып қабылданғанын мойындауға бола ма? «Пленканы артқа айналдырып» бұл заңның қандай жағдайда қабылданғанын еске түсіруге болады. 1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан кейін екі жыл ішінде əрекет етуші актілердің нормаларын ҚР Конституциясының нормаларына сəйкес ету қажеттілігі туындады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кашанина Т.В. Юридическая техника. — М.: Эксмо, 2008. — 512 с.
  2. 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан.— 2009. — № 281–283 (25680). — 3-б.
  3. Бахтыбаев И.Ж. Концептуальные основы деятельности прокуратуры Республики Казахстан по обеспечению законности. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. — С.
  4. Хитрин Ю.А. Проблемы совершенствования прокурорского надзора на современном этапе // Закон и время. — 1999. —№ 3. — С. 8.
  5. Винокуров Ю.Э. Проблемы развития правового статуса российской прокуратуры (в условиях переходного периода). —М.: Юрайт, 1998. — С. 7.
  6. Парламент. Надзор за законами // Индустриальная Караганда. — — № 106 (20969). — С. 1.
  7. Жүрсімбаев С.К. Институт қызметі ілгерілей түсуде. Қазақстан Республикасының прокуратурасы. — Алматы: Өнер, 2002. — 155-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.