Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының түсінігі

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын ашудағы алғы шарттары осы құқық жүйесінің негізін жəне сапалы ерекшеліктерін анықтайтын, оның мазмұнын ашатын объективті келісілген бастамалар ретіндегі қағидалардың жалпы ғылыми (философиялық) [1] жəне жалпы құқықтық категориялары болуы қажет [2].

Осы мəселе бойынша халықаралық құқықтық əдебиеттің талдауы негізгі қағидаларға ең маңызды айқын ерекшеліктерін бейнелейтін халықаралық құқықтың негіздемелік бастамалары ретінде жалпы түрдегі көзқарас қалыптасқанын көрсетеді.

Осы мəселені айрықша мұқият зерттеген Р.Л.Бобров «мұнда сəйкес дəуірдің халықаралық құқықтың негізгі мазмұнын консервативті түрде бейнелеп көрсететін жалпы қабылданған ережелер туралы сөз қозғалғандығын жəне қағидалардың халықаралық қатынастардығы мемлекеттердің тəртібінің ең басты негіздемелерін орнататынына» көңіл бөледі [3].

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары — күш жəне күштеп қатер көрсетпеу, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін істерге қол сұғылмаушылық, мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтасу міндеті, халықтардың тең құқықтығы, мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық құқық бойынша міндеттерді адал ниетпен орындау, мемлекет шекараларының беріктігі, мемлекет аумағының тұтастығы жəне адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу. Халықаралық құқық қағидаларының маңызды белгісі болып халықаралық қатынастардың барлық аялардағы халықаралық құқық субъектілерінің белгілі бір жалпыға міндетті тəртіп ережелерінде көрсетілген олардың нормативтілігі болып табылады. Негізгі қағидалар — ол sui generis нормалар, яғни жоғарғы императивтік тəртіптегі нормалар. А.Н.Талапаев оларды «ең маңызды, жалпы жəне көпшілікпен қабылданған халықаралық құқықтың императивті нормалары» ретінде анықтайды [4]. Р.Л.Бобров негізгі қағидаларды «қазіргі заманғы негіздемелік нормалар, адресаттарының шеңбері кең нормалар, бір уақытта тыйым салатын жəне міндеттейтін нормалар» ретінде көрсетеді [5].

Өзінің маңыздылығы негізінде қағидалар халықаралық құқық шығармашылығының дамуы мақсатында олардың шарттарын айқындайтын жаңа халықаралық нормаларды шығару үшін негізгі заңи база болып табылады. Осы алдын ала сипаттамалар қазіргі заманғы халықаралық құқықтың қағидаларының негізгі белгілері мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді:

  • халықаралық құқықтың негізін бейнелейтін жəне даму кезеңіндегі халықаралық-құқықтық институттардың жəне нормалардың мазмұнын анықтайтын халықаралық құқықтың маңызды қасиеті;
  • өзінің сипаты бойынша əрдайым нормативті жəне халықаралық дəстүрлерде немесе халықаралық құқықтың өзге қайнар көздерінде бекітіледі жəне мазмұнынан алынады;
  • ол айрықша маңызды, жалпы, көпшілікпен қабылданған əмбебап тағайындалуындағы халықаралық құқық нормалары;
  • ол негіздемелік, жоғарғы деңгейдегі императивті, мемлекеттердің тəртіп, іс-əрекетінің халықаралық стандарттары болып табылатын нормалар;
  • олар халықаралық заңдылық критерийлері болып табылады.

Осыдан негізгі қағидаларды, халықаралық құқықтың тарихи қалыптасқан жүйеде бекітілген халықаралық қатынастар дамуының объективті түрде ескерілген заңдылықтарын, халықаралық- құқықтық нормалар жəне институттар мазмұнын анықтайтын халықаралық құқықтың маңызды қасиеттерін халықаралық заңдылық критерий ретінде анықтауға болады.

Осы анықтама толығымен дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасына да қатысты болады. Бірақ бұл қағиданың əлі де сəйкес теориялық сипаттамасы жоқ. Халықаралық құқық қағидалары жəне дауларды бейбіт жолмен шешу бойынша жұмыстарында көптеген батыс авторлары осы қағиданың мазмұны мəселесін айтпай кетіп, көбінесе бейбіт тəсілдерді дəстүрлі түрде көрсетумен шектеледі. Олар халықаралық қатынастардағы күш қолдануға тыйым салудан шығатын мемлекеттер міндеттемесімен байланыстырмай халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы бойынша міндеттерді күш қолданбау қағидасынан ажыратып қарастырады.

Халықаралық құқықтық əдебиетте қарастырылған бұл қағида БҰҰ Жарғысындағы 2-бабының 4-тармағында бекітілген тыйым салулардың кері жағы ретінде қарастырылады [6]. Оның мазмұны мемлекеттердің өз дауларын бейбіт түрде шешу міндеттілігінің жалпы фактісін көрсетуіне саяды.

Бірақ халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының бірінші сипаттамасы оның халықаралық құқықтағы тəуелсіз орнын көрсететін өзіндік, позитивті жақтарына сипаттама бермейді. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің анықтамасы өзге ғылыми анықтамалар сияқты позитивті, фунционалды болуы қажет.

Қағиданың екінші сипаттамасы оның тек бір жағын ашып, өзге аспектілері мен элементтерін, оның ішкі анатомиясын ескермейді. Халықаралық құқықтық актілер туралы сөз қозғайтын болсақ, олардың ең маңыздыларының бірі БҰҰ Жарғысы халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуді бір уақытта мақсат жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидасы ретінде бекітеді. Жарғының 2-бабының 3-тармағында қағида мазмұны келесідей анықтайды: «БҰҰ-ның барлық мүшелері өзінің халықаралық дауларын бейбітшілікті, қауіпсіздікті жəне əділеттікті қауіп-қатерге төндірмеу үшін бейбіт жолдармен шешеді» [7].

БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХV сессиясында 1970 жылы 24 қазанда БҰҰ Жарғысына сəйкес қабылданған мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар жəне өзара əрекеттестік мəселелерін қарастыратын Халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда осы қағиданың неғұрлым кең тұжырымдамасы мазмұндалған: «Əрбір мемлекет өзінің халықаралық дауларын өзге мемлекеттермен халықаралық бейбітшілікке, қауіпсіздікке жəне əділеттікке қауіп төндірмеу үшін бейбіт тəсілдермен шешеді. Сондықтан да мемлекеттер халықаралық дауларды тез, əділ түрде келіссөздер, тексеру, өкілдік ету, бітімге келу, арбитраж, сот талқылауы, аймақтық органдарға немесе келісімдерге жүгініп немесе өзге бейбіт тəсілдерді қолдау арқылы шешуге мүдделі болуы қажет. Осындай реттеуді іздеу мақсатында тараптар дау сипатына, жағдайына сəйкес болатын бейбіт жолдарды, тəсілдерді таңдауы қажет. Даудағы тараптар жоғарыда айтылған бейбіт жолдардың біреуін қолданып шешімге келмесе, дауды реттеуді өзара келісілген өзге бейбіт жолдармен шешуге ұмтылуға міндетті» [8].

Көрсетілген жəне өзге де халықаралық актілердің талдауы халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының келесі негізгі компоненттерін ажыратуға мүмкіндік береді:

  • оның заңды талабы;
  • əрекет ету аясы;
  • дауларды реттеу жəне жағдайларды шешу сипаты.

Осы компоненттердің əрқайсысына жеке тоқталып өтейік:

  1. Қағиданың заңды талабы — халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығына негізделген, халықаралық қатынастарда күш қолдануға тыйым салумен сипатталатын халықаралық құқық субъектілерінің өзінің дауларын жəне жанжалдарын тек бейбіт тəсілдермен шешу, реттеудің міндеттілігі. Осы міндеттілік қағиданың негізін құрайды.

Сонымен бірге мемлекеттер жəне халықаралық құқықтың өзге субъектілері туындаған қайшылықтарды бейбіт жолмен шеше отырып, оны мəні бойынша жəне уақытында реттеуге міндетті. Осы заманғы халықаралық құқықтың осы императивтік талабы тең дəрежеде жалғастырылуы бейбітшілікке, қауіпсіздікке қатер төндіретін даулар жəне аса шиеленіске жетпеген жағдайларға да қатысты болады, яғни «кез келген» (БҰҰ Жарғысының 38-бабы) жəне «жергілікті» (БҰҰ Жарғысының 52-бабы) дауларға қатысты болады [7].

Халықаралық бейбітшілікке жəне қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін даулар жəне осындай шиеленіске жетпеген даулар арасындағы айырмашылық дауларды бейбіт жолмен шешу міндеттілігі туралы БҰҰ Жарғысының императивті жағдайлары екінші категориялы дауларға қатысты еместігін еш уақытта білдірмейді.

Осы дауларға қатысты Жарғыда кез келген, жергілікті қақтығыс ауқымы өспеу мақсатында жəне оларды алдын ала болдырмаудың жолдары идеясы сипатталған. Кез келген шешілмеген, «қатып қалған» дау жалпы қайшылықты шиеленістіріп, жаңа конфликтілік жағдайларды тудыра келе, халықаралық қатынастарға көңіл бөлуді талап ететін əсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, егер мемлекет өз шиеленісін реттеуге ұмтылмай, оны шешілмейтіндей етіп қалдырса, мемлекеттің осы əрекеттерін халықаралық қоғамдастық мүшесі ретінде өзіне жүктелген міндеттерді бұзу ретінде түсінілуі мүмкін.

  1. Қарастырылған қағиданың əрекет ету аясын бір-бірінен пайда болу қайнар көздері, өз табиғаты, типі, құрылымы, көрініс табу формалары бойынша ажыратылатын объективті немесе субъективті түрде түсіндірілген халықаралық қайшылықтар мен конфликттер құрады. Олардың əр алуандылығы əлемде болып жатқан халықаралық қайшылықтардың көптілігімен түсіндіріледі.

Халықаралық даулардың негізгі түрлері ретінде дау жəне жағдай қарастырылады. Халықаралық дау категориясына тек осы заманғы халықаралық құқық субъектілері арасында болған дау ғана жатады (яғни мемлекеттер арасындағы, халықаралық ұйымдар арасындағы, метрополиялар жəне тəуелсіздік үшін күресетін халықтар арасындағы даулар). Бір тарапы индивид немесе индивидтер арасында болатын дау халықаралық дау ретінде саналмайды. Осындай түсіндірме терең түрде голландиялық автор П.Ваарттың «Мемлекеттер арасындағы даулардағы келіссөздер элементі» атты еңбегінде сипатталған [9; 19].

Халықаралық конфликтінің екінші түріне жағдай жатады. Жағдайларды реттеу БҰҰ Жарғысының 34–36-баптарының 1-тармағында қарастырылған, яғни халықаралық даулар туындағанда БҰҰ мүшелері Қауіпсіздік Кеңесіне жүгіне алады жəне мүше емес мемлекеттер БҰҰ Бас Ассамблеясын немесе Қауіпсіздік Кеңесін хабардар етеді. Осыған орай жағдай жəне даудың байланысын анықтау қажет. БҰҰ Жарғысында осы мəселе бойынша сөз қозғалмаған. Ал қарастырылған конфликт — дау немесе жағдай екендігін дұрыс анықтау БҰҰ-ның мемлекет мүшелері жəне оның мүшелері болып табылмайтын, Қауіпсіздік Кеңесі құрамына кірмейтін мемлекеттер осы конфликтіні қарастыруға қатысу жағдайы тəуелді болады. Сонымен бірге Жарғының 27-бабының 2-тармағы негізінде даудың тарапы болып табылатын Кеңес мүшесі дауыс беру қатысуынан бастартуы қажет.

Американдық заңгер Дж.Стоун дау жəне жағдай арасындағы айырмашылықты, дау мемлекеттің арнайы мүдделерін қозғаса, жағдай жалпы мүдделерді қамтитынынан көрді. Н.Бентович жағдай анықтамасын бермей, ал дауды тараптар белгілі бір талаптар немесе контрталаптар білдіретін мемлекеттер арасындағы болған конфликт ретінде қарастырылады. Ф.Нортедж жəне М.Донелан жағдай ретінде «даудың барлық құрылымдық бөліктері оны алып, бірақ дау өзі қалыптаспаған жағдайды» білдіреді. Ал дау, олардың пікірінше, — ол мемлекеттің өзара қатынасындағы факт, құқық қатынастардағы көзқарастардың қалыптасқан қайшылығы [9; 27].

Халықаралық дау — ол екі немесе одан да көп халықаралық құқықтың субъектілерінің, олардың құқықтары жəне мүдделеріне, халықаралық мəселелерді түсінуге жəне тағы басқа жағдайларға қатысты болатын нақты реттелмеген мəселелер бойынша өзара жəне нақты қалыптасқан қарама- қарсы талаптардың жиынтығы. Халықаралық дауларды бейбіт реттеу қағидасының негізгі құрамдас бөліктерінің талдауы оның анықтамасын айқындауға мүмкіндік береді.

Жағдай даудың нақты пəнімен байланысты емес қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы нəтижесінде белгілі бір географиялық аймақтағы мемлекеттер арасындағы қайшылықты туындататын объективті сипаттағы жағдайлар жиынтығы [10]. Жағдай кезінде формалды түрде дау, яғни, тараптардың өзара контрдаулары əрі орын алмаған, бірақ оның пайда болуы үшін объективті жағдайлар бар. Ян Азуд жағдайды «əр түрлі халықаралық қайшылықтарға əкеле алатын жəне өз дамуының келесі фазасында халықаралық дауға өзгере алатын даудың бірінші сатысы» ретінде қарастырады [9; 65]. Басқаша айтқанда, жағдай — ол потенциалды дау жағдайы. Екінші жақтан, белгілі бір жағдай қалыптасқан дау нəтижесінде немесе осындай даудың өзімен туындай алады.

Сондықтан БҰҰ Жарғысы (3-бабының 1-тармағы) халықаралық даулардың бейбіт реттелуін ғана емес, сонымен бірген жағдайларды шешуін қажет етіп, Қауіпсіздік Кеңесін даудың немесе жағдайдың кез келген кезеңінде (33-бапта көрсетілген) «қажет болған рəсімді немесе реттеу тəсілдерін» қолдануға ұсыныс жасауға өкілеттік береді. Конфликтіні саралау, яғни оның дау немесе жағдай екендігін бекіту, мүмкіндігі тек Қауіпсіздік Кеңесіне берілген.

Жағдай мемлекеттердің өзара ниеттерімен емес, мүдделердің қақтығыстарынан туындаған, тараптардың «жоқтығымен» сипатталатын құбылыс болғандықтан, конфликтінің осы сатысындағы Қауіпсіздік Кеңесінің əрекеті ең алдымен, оның жағдайларының зерттелуіне бағытталып, БҰҰ Жарғысының 34-бабына негізделуі қажет.

  1. Халықаралық дауларды жəне жағдайларды реттеу «халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті, əділеттікті қауіп-қатерге ұшыратпастай», «халықаралық құқық қағидалары негізінде» жүзеге асырылуы қажет. Мұндай тұжырымдама БҰҰ Жарғысы жəне халықаралық құқық принциптерінің Декларациясы үшін бірдей.

«Халықаралық бейбітшілікке жəне қауіпсіздікке қауіп-қатер төндірместен» сөзі дауды шешуге ықпал етпейтін, үшінші мемлекеттердің мүдделерін жанап тиеді жəне қосымша конфликтілік жағдайларды туындататын реттеу тəсілдерін қолдануды айқын түрде жоққа шығарады.

Бір уақытта БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың мақсаты жəне қағидасы ретіндегі халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің мазмұнының маңызды элементі бейбіт түрде реттеу əділеттілік негізінде жүргізілуі қажет екендігіне бағыттау болып табылады [11]. Егер əділеттілік қағидасы құрметтелмесе, ешбір дауды реттеу туралы сөз қозғалмайды, сондықтан бейбітшілік жəне қауіпсіздік қауіп-қатерге ұшырайды [12]. Сонымен, əділеттілік дауларды бейбіт шешу тəсілдерін сəтті түрде қолдану үшін condition sine qua болып табылады.

Əділеттік астында нені түсіну қажет? Философиялық тұрғыдан əділеттілік — «ол міндеттеу тұрғысынан сақтауға не өзгертуге тиісті қоғамдық шындылықты бағалайтындықтан, моральдік- құқықтық жəне əлеуметтік-саяси сананың категориясы» [13]. «Əділеттілік» түсінігі тарихи сипатқа ие. Əрбір тап өзінің жеке əділеттілік түсінігін қалыптастырып, қоғамдағы барлық қатынастарды оған сүйеніп орнатуға тырысады. Əділеттілік категориясы қоғамның саясат, философия, мораль, құқықтық жүйе сияқты өмірдің барлық жақтарын өзектен өткізеді.

Айтылған сөз мемлекеттердің əр түрлі əлеуметтік жүйелермен күрес жəне ынтымақтастық процесінде қалыптасатын халықаралық қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтағы əділеттік түсінігіне де жататындығын көрсетеді.

Сонымен, біз халықаралық дауларды бейбіт реттеу қағидасынның түсінігін оның негізгі белгілерін ескере келе, талдадық. Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасы негіздемелік, көпшілікпен қабылданған, жоғары деңгейдегі императивті, айрықша маңызды, халықаралық заңды критерийлері болып табылады. Бұл қағида заңды талабы, əрекет ету аясы, дауларды реттеу жəне жағдайларды шешу сипаты деген компоненттерден құралады.

Дауларды бейбіт жолмен реттеу мемлекеттердің күшпен қорқытудан немесе оны қолданудан тартыну міндетіне қарасты елеулі қосымша болып табылады жəне бұл факторлардың екеуі де халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен нығайту үшін маңызды, даулардың алдын алуын тиімді жолдарын саяси құралдар арқылы іздеп қана қоймай, сонымен бірге туындауы мүмкін кез келген жанжалды бейбіт жолмен реттеудің тиісті тетіктерін халықаралық құқыққа сəйкес анықтау керек.

Халықаралық дауларды бейбіт реттеу қағидасы — ол мемлекеттердің олардың əлеуметтік жүйелерінен тəуелсіз бейбіт өмір сүру құқығы ретіндегі оның негізіне назар салған жəне тікелей білдіретін; пайда болған дауларды немесе жағдайларды тек бейбіт жолдармен шешудің жалпы міндеттілікпен халықаралық субъектілеріне қоқан-лоққы немесе халықаралық қақтығыстарда күш қолдануды халықаралық құқықтық тыйым салуға негізделуде айқындалатын əрбіреудің əділеттілік жəне халықаралық құқық қағидаларына сəйкес өзара мүдделерді ескеру жəне əрбіреудің еркін таңдау құқығымен бірге осы заманғы халықаралық құқықтың ең маңызды қасиеттерінің бірі.

1899 жəне 1907 жылдары өткізілген Гаагалық конференцияларында алған халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы халықаралық құқықтың жаңа қағидалар қатарына жатады.

Халықаралық дауларды шешудің бейбіт тəсілдер жүйесі БҰҰ Жарғысында, 1970 ж. 24 қазандағы Халықаралық құқықтық қағидалар декларациясында, 1970 ж. 16 желтоқсанның Халықаралық қауіпсіздікті бекіту, нығайту, туралы декларациясында, Арнайы сипаттағы аймақтық жəне халықаралық келісімдерде көрсетілген 2-бабының 3-тармағында БҰҰ мүше-мемлекеттерінің өз халықаралық дауларын бейбіт тəсілдермен шешу міндетін көрсете келе, БҰҰ Жарғысы 33-бабының 1-тармағында «жалғастырылуы халықаралық бейбітшілік жəне қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін кез келген дауға қатысатын тараптар өз таңдауы бойынша дауды келіссөздер, тексеру, өкілдік ету, бітімге келу, арбитраж, сот талқылауы, аймақтық органдарға не келісімдерге жүгіну жəне т.б. бейбіт тəсілдерді қолданып шешуге ұмтылуы қажет» екендігін бекітеді. Бұл — бейбіт реттеу тəсілдердің, олардың осы заманғы даму сайысындағы едəуір бейімделгіш жəне көп жақты жүйесі. Жарғыда, белгілі болғандай, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тəсілдері ішінен ізгі қызмет ету туралы айтылмаған. Бірақ Жарғының 33-бабында «немесе өз қалауы бойынша өзге бейбіт тəсілдерді қолдану арқылы» деген айтылуы бұл бейбіт реттеу институтының Жарғысы мемлекеттер тағылымдамасында жиі қолданылғаны туралы нəтиже шығаруға мүмкіндік береді. Оны халықаралық дауларды шешудің халықаралық құқықтық тəсілдер жүйесіне ізгі қызмет ету ресми түрде қосқан 1970 жылғы Халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы декларация растайды [14].

«Немесе өз қалауы бойынша өзге бейбіт тəсілдерді қолдану арқылы» деген тұжырымдалған ой əмбебап, көп қырлы екендігін куəландырады. Себебі ол тараптарға даулардың шешудің қалыптасқан тəсілдерін қолданумен қатар, мемлекетаралық тəжірибе процесі нəтижесінде институцияланатын жолдарды қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан да «БҰҰ Жарғысының 33-бабы бейбіт тəсілдердің толық тізімін бергендіктен, бұл жинақталған ой қате» деп айтқан Г.Кельзеннің пікірі дұрыс емес.

Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасының қалыптасуы жəне салынуының негізгі бес кезеңдерін атап өтуге болады (БҰҰ Жарғысын қабылдауға дейін жəне оның қабылдануынан кейін):

  1. 1899 жəне 1907 жж. өткізілген Гаагалық бейбітшілік конференцияларында халықаралық бейбіт жолмен шешу қағидасын жария ету.
  2. Осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі ретінде Британ-Келлог пактісінде жəне өзге кейінгі көпжақты халықаралық құқықтық құжаттарда дауларды бейбіт шешу қағидасының бекітілуі (1928–1936 жж.).
  3. БҰҰ Жарғысында жəне аймақтық ұйымдардың жарғыларында дауларды шешу қағидасының талдамасы жəне бекітілуі (1944–1955 жж.).
  4. БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюциясында, халықаралық конференциялар құжаттарында, мемлекеттердің екі жақты жəне көпжақты келісімдерінде халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының расталуы жəне дамуы.
  5. Мемлекеттердің бейбіт өмір сүру негізгі қағидалар жүйесінде қағиданың прогрессивті дамуы жəне кодификациясы; 1970 ж. БҰҰ Жарғысына сəйкес мемлекеттер арасындағы достық қарым- қатынас жəне ынтымақтастыққа қатысты болатын Халықаралық құқық/қағидалар декларациясындағы оның өрістенген тұжырымдамасы (1964–1970 жж.).

Халықаралық дауларды шешудің бейбіт тəсілдер жүйесі — ұзақ уақыт бойғы дамудың нəтижесі. Құлиеленушілік жəне феодалдық қоғамдарға белгілі жеребе жəне жекпе-жек (жеке жарысқа түсу) сияқты қайшылықтарды реттеу тəсілдері тарихтың игілігі болып табылады. Ежелгі кезден белгілі болған өзге келіссөздер, өкілдік ету, арбитраж сияқты тəсілдер уақыт сынауын табысты көтерді. Ал ізгі қызмет етулер, тергеу жəне келсімдік рəсімдері сияқты бейбіт реттеудің институттары — салыстырмалы түрде таяудағы уақыт дамуының жемісі [15].

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің келіссөздер, ізгі қызмет ету процесі, өкілдік ету, халықаралық тергеу рəсімі жəне халықаралық келісім рəсімі, халықаралық арбитраждық жəне сот талқылауы сияқты түрлері бар.

Тікелей келіссөздер — халықаралық қайшылықтарды шешудің жетекші тəсілі. Халықаралық шиеленістерді бейбіт шешудің тəсілі ретінде келіссөздер даулы мəселелер бойынша дауласқан тараптармен шешімді іздеуге құралады (олар арасындағы тікелей байланысты орнатып, келісімге жету жолымен).

Қазiргi заманғы жағдайларда ізгі қызмет етулер туралы нақты даулы сұрақтармен байланысты емес, жалпы халықаралық мəселелердi шешудегi ьқпал етуге бағытталған мемлекеттердiң қызметi ретiнде айтуға болады. Бұл кең мағынада мысал ретiнде шақырылуын КСРО жиi ұсынған Еуропадағы қауiпсiздiк жəне ынтымақтастық мəселесi бойынша кеңесудi дайындау, ұйымдастыру жəне өткiзу бойынша Финляндия үкіметi көрсеткен iзгi қызмет етулердi келтiруге болады.

Iзгi қызмет етулер мен өкiлдiк ету олардың ұқсастығына қарамастан, бейбiт реттеудiң дербес тəсiлдерi жəне олардың айырмашылығы дауды шешу бойынша үшiншi мемлекеттердiң ықпалдасу дəрежесiмен ғана аяқталмайды. Өкiлдiк ету кезiнде тек өкiлдiк ететін мемлекеттер үшін емес, сонымен қатар дауласқан тараптар үшін де əp түрлі құқықтық нəтижелер пайда болады. Ол iзгi қызмет ету кезінде болмайды. Дипломатиялық тəжiрибеге белгiлi бұл маңызды жағдайлардың бiрi халықаралық-құқықтық доктринасымен байқаусыз қалдырылған.

Халықаралық дау барысында əp түрлi жағдайларда немесе дау негiзiнде жатқан фактiлiк мəлiметтердi бағалауда тараптар арасында қайшылықтар туа алады. Бұл жағдайда мемлекеттер халықаралық тергеулiк рəсiмдi қолдану жолымен тергеу жүргізу туралы келісе алады. Тергеу рəсімі тараптар мен үшінші мемлекет өкілдерімен құрылатын халықаралық органдардың мемлекетаралық қайшылық негізінде жатқан нақты жағдайлар жəне фактiлiк мəлiметтердi тергеп, дауласқан мемлекеттерге сəйкес баяндаманы ұсынудан бейбiт реттеудің халықаралық тəсілі.

Халықаралық келісімдік рəсім — салыстырмалы түрде жаңа институт жəне пайда болу уақыты бойынша халықаралық дауларды шешудiң бейбiт тəсiлдерiнiң ең соңғыларының бiрi. Келiсiмдiк процедураны құрамына əдетте өзара мүдделерді ескеріп, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын орындауды негiзге алып, тараптардың бiтiмге келу мақсатында ұсынылатын келiсiм жобасын құрып, паритеттi бастамаларда тараптармен құрылатын органдарда қарастырылатын бейбiт реттеудiң халықаралық-құқықтық тəсiлi ретiнде анықтауға болады.

Халықаралық арбитраждың жəне сот талқылауы халықаралық-құқықтық актiлерде бейбiт реттеу тəсiлдерiнің классикалық жүйесiн аяқтайды. «Халықаралық арбитраж — ол шешiмдерi тараптар үшiн мiндеттi болып табылатын не жеке тұлғамен (арбитр), не тұлғалар тобымен (арбитрлар) немесе келiсiм негiзiнде (компромисс) құрылған дауласқан мемлекеттер арасындағы істің соттық талқылануы. Халықаралық сот — ол белгiлi бiр мерзiмге сайланатын тұлғалардан құрылған тұрақты сот органы; халықаралық сот дауласқан тараптар өздерi берген iстердi қарастырады, оның шешімі тараптар үшін юридикалық маңызды болып табылады».

Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасының барысында мемлекеттердiң бейбiт өмip сүру жағдайында iзгi қызмет етулер институты бейбiт реттеудiң өзге тəсiлдерiмен бiрге бiрнеше халықаралық-құқықтық маңызды актiлерiнде бекiтiлiп, қазiргi кезде қақтығыстарды бейбiт шешудiң халықаралық-құқықтық тəсiлдерiнiң бiрi болып табылады.

Халықаралық дауларды жəне жағдайларды реттеу халықаралық бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi, əдiлеттiлiктi қауіп-қатерге ұшыратпастай, халықаралық құқық қағидалары негізінде жүзеге асырылуы қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Философская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия, 1967. — Т. 4. — С.
  2. Дембо Л.И. О принципах построения системы права // Государство и право. — — № 8. — С. 88.
  3. Бобров Р.Л. Основные проблемы теории международного права. — М.: Междунар. отн., — С. 192.
  4. Талалаев А.Н. Юридическая природа международного договора. — Киев: АН УкрССР, Совет Института философии и сектора государства и права, 1968. — С.
  5. Бобров Р.Л. Современное международное право. — Л.: ЛГУ, 1989. — С.
  6. Ладыженский А.М., Блищенко И.П. Мирные средства разрешения споров между государствами. — М.: Госюриздат, 1962. — С.
  7. БҰҰ Жарғысы 1945 // www.un.org/ru/documents/charter
  8. Декларация о принципах международного права. 1970 // terralegis.org/terra/act
  9. Пушмин Э.А. Мирное разрешение международных конфликтов (международно-правовые вопросы). — М.: Междуна- родное отношение,
  10. Ситуация (фр. situation) — жағдай, жағдайлар жиынтығы // Словарь иностранных слов. — М.: Азбуковник, — С. 64.
  11. Крылов С.Б. История создания ООН. — М.: Ин-т междунар. отн., 1967. — С.
  12. Бараташвили Д. Международно-правовые принципы мирного сосуществования // Международная жизнь. — 1996. —№ 1. — С. 39.
  13. Философская энциклопедия. — М.: Сов. энцикл., 1970. — Т. 5. — С.
  14. Декларация об укреплении международной безопасности. 1970 // www.lawrussia.ru/texts/legal. — С.
  15. Баскин Ю.Я. Идея «вечного мира» в философской и политической литературе нового времени. — 1964–1965 гг. —М.: Сов. ежегодник международного права. — 1965. — С. 166.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.