Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттің экономикалық негіздерінің конституциялық бекітілуі мен құқықтық табиғаты

Қазақстан Республикасында экономикалық қатынастар орталық қатынастар сипатында болып, осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. ҚР Конституциясы экономикалық дамудың бағыттарын белгілеп, халықтың экономикалық сұраныстары мен мүдделерінің құқықтық көрінісі болып отыр. Конституция қоғамның экономикалық ұйымдастырылуының құқықтық негіздерін бекіте отырып, экономикалық дамудың негізгі мазмұны мен жалпы бағытын анықтап, экономикаға конституциялық сипат береді. Ал экономиканы онтайлы конституциялық-құқықтық реттеу оның тиімді дамуын қамтамасыз етуіне негіз қалайды.

Экономикалық негіздеріне тоқталғанға дейін «конституциялық құрылыс» түсінігін анықтаған жөн. О.Г. Румянцев «конституциялық құрылыс» үғымын мемлекеттік-құқықтық категория ретінде сипаттай отырып, оған келесідей анықтаманы береді: «Конституциялық құрылыс əлеуметтік қатынастар жиынтығы болып келсе, оның негіздері — осы қатынастарды реттейтін принциптер жүйесі» [1]. Бұл жерде тоқталып кететін тағы бір жағдай, конституциялық құрылыс барлық мемлекеттерге тəн бола бермейді. Себебі конституциялық құрылыс мемлекеттің құқыққа бағыныштылығын қамтамасыз етіп, конституциялық сипат беретін мемлекеттің ұйымдастырылуының нысаны болып табылады. О.Е. Кутафин конституциялық құрылыстың толық мазмұнын «егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің құрылысының нысаны, саяси жүйенің əрекет етуінің негіздері жəне құрамына меншік нысандары бекітілген, еңбекті қорғау, қоғам мүшелерінің əлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз ететін жүйені қамтитын экономикалық жүйенің негіздері» деп сипаттама бере отырып, осы қатынастар мемлекет пен қоғамды ұйымдастыруда басқа қоғамдық қатынастарға бағыт беруші жəне негіз қалаушы болып келетінін атап өткен [2; 152]. Сонымен қатар О.Е. Кутафин конституцияларда мемлекеттің экономикалық негіздерінің бекітілуі осы мəселеге маңыздылық сипат беріп, осы саладағы қатынастардың конституциялық құқық пəнінің бөлігі болып табылатынына тоқталып өткен [2; 153].

Экономикалық жүйенің қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі шарты билік нысаны ретінде демократиялық тəртіп жəне азаматтық қоғам түріндегі қоғамдық құрылыс болуы қажет.

Əрбір экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы тəртіп белгілейтін ресми құжаттарда оның негіздері, қағидалары, міндеттері бекітілуі керек. Əр мемлекет экономикалық жүйенің негіздерін бекітуде əр түрлі жолдармен əрекет етеді. Алайда барлық дамыған мемлекеттер экономикалық жүйенің негіздерін Конституцияда бекітіп, оған құқықтық күштен басқа, саяси күшті де береді.

Конституцияның шынайы мəнін анықтайтын негіздері ретінде оның экономикалық аспектісін айтуға болады. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын реттейді, соның ішінде экономика соңғы орында емес. Конституция өзінің мазмұнымен экономика негіздерін бекітетін немесе оған ықпал ететін көптеген нормалар мен ережелерден тұрады. Ол əр түрлі мемлекеттік органдардың экономика саласындағы өкілеттілігіне, экономикалық дамудың норма-принциптеріне, шаруашылық субъектілердің мемлекет пен бір-бірінің арасындағы қатынастарға, меншікке жəне, ең бастысы адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормаларды қалыптастырады [3].

Г.Н. Андрееваның ойы бойынша, экономикаға байланысты конституциялық нормалар төрт топқа бөлінеді. Бұл нормалар:

  • жеке тұлғаның бостандығының экономикалық негіздерін бекітетін;
  • жеке тұлғаның экономика саласындағы бостандығының шегін бекітетін;
  • экономикалық саладағы əлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдарын бекітетін;
  • экономика саласындағы мемлекеттің атқаратын қызметі, оның экономикалық саясаты жəне мемлекеттік органдардың құзыретін бекітетін нормалар [4; 240].

Сонымен қатар оның тұжырымдамасына сəйкес экономикаға байланысты конституциялық нормаларды қалыптастырудың негізгі факторы болып мемлекеттегі үстемдік ететін экономикалық модельдің идеологиясы саналады [4; 241]. Ал экономикалық жүйенің негізгі екі моделі бар екенін білеміз: нарықтық жəне əкімшілік-жоспарлы. Осы екі модельдің конституциялық нормалардың қалыптасуына қалай əсер еткені еліміздің конституциялық даму тəжірибесінен байқауға болады.

Алғашқы конституциялар тек меншік нысандарының бекітумен ғана шектелсе, соңғы буындағы конституциялар экономикалық қатынастарды реттейтін нормаларды кеңейтіп, экономиканың негіздерін қалайтын принциптерді жəне экономикалық қатынастардың бағытын анықтады. Көп жағдайда осындай тəжірибенің конституциялық реттеуде қолданылуы мемлекеттің экономикадағы алатын бастауыш рөлімен негізделеді. Сонымен, экономикалық қатынастарды бекітетін конституциялық нормаларды келесі топтарға бөліп қарастыруға болады.

Біріншіден, экономикалық жүйені (экономиканың моделін) бекітетін нормалардан тұрады. Мемлекеттің конституциялық құрылысының экономикалық негізі қандай экономикалық модель — нарықты (либералды) немесе мемлекеттік модельге байланысты сипатталады. Таңдалған экономикалық модельге сəйкес конституция мəтінінде меншік нысандарының, монополизациялау мүмкіндіктері мен кəсіпкерлік қызметтің шектері жəне т.б. анықталады.

Екіншіден, меншік мəселелерін бекітетін нормалардан тұрады, өйткені қандайда экономикалық қызметтің негізі меншікке негізделеді, сол себептен меншік конституциялық реттеу объектісі болуы алғы шарт болып саналады. «Мемлекеттің экономикалық жүйесі қоғамдық құрылыстың маңызды элементі болып есептеледі, сондықтан «мемлекеттің экономикалық жүйесі» деген ұғымға қоғамдық қатынастардың негізін қалыптастыратын, қандайда мемлекеттің өмір сүруіне іргелес негізін қалыптастыратын меншік мəселесі де кіреді» [5]. Егер алғашқы конституциялар «меншік» категориясына тоқталып өткен болса, қазіргі заман конституциялары меншік нысандарын ғана бекітіп қоймай, олардың ара салмағын айқындап, меншік нысандарының құқықтық тəртібін бекітеді. Негізінен мемлекеттер конституцияларында мемлекеттік жəне жеке меншік нысандары (ҚР Конституциясы, 1995); мемлекеттік, жеке жəне муниципалды меншік (Əзербайжан Конституциясы 1995); қоғамдық, кооперативті жəне жеке меншік (Египет Конституциясы, 1971); халықтық, ұжымдық жəне жеке меншік (Сирия Конституциясы, 1973) т.б. түрлерде бекітіледі.

Конституционализмнің қазіргі заманғы даму тенденцияларына сай конституциялық нормаларда меншікке əлеуметтік қызмет те жүктеліп қойған. Оған мысал ретінде 1996 ж. Украина Конституциясы (13-б.) жəне ГФР 1949 ж. Негізгі Заңын (14-б.) келтіруге болады, яғни осы конституцияларда «...меншік міндеттейді...» деген тұжырымдаулар бекітілген.

Үшіншіден, экономиканы реттеу мен жоспарлаудың мəселелерін бекітетін конституциялық нормалардан қалыптасады. Көп жағдайда экономиканы реттеу мəселелері ең бастысы социалистік мемлекеттерге тəн болып келеді. Алайда нарықты экономика жағдайында жоспарлау позитивті сипатқа ие. Қазіргі таңда жоспарлау шектерінде нарықты жəне мемлекеттік экономиканың модельдерінің жақындауы байқалады. Кейбір социалистік мемлекеттерде экономикалық қызмет еркіндігі пайда бола бастаса (ҚХР), нарықты экономикасы қалыптасқан мемлекеттер конституцияларында жоспарлау негіздері бекітілген (Италия, Испания). Мемлекеттердің осындай реттеу механизмдерінің қолдануы мемлекеттің қатаң түрде экономиканы реттеуі тоқырауға əкеледі де, өзін-өзі реттеу жағдайлары мемлекетке тиімсіз болуы мүмкін. Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік жоспарлау социалистік жоспарлаумен салыстырғанда директивті сипатта емес, бағыт беруші, индикативті түрде болады.

Төртіншіден, адам жəне азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтарын бекітетін нормалар. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негізі ретінде жеке тұлғалардың экономикалық құқықтары мен бостандықтарының конституциялық реттелуі кіреді.

Экономикалық қатынастардың конституциялық-құқықтық реттелуінің қазіргі заманғы көзқарастар эволюциясының қалыптасу тенденцияларына қоғамның осы саладағы қызметіндегі идеологияның ықпалын жеңу əсер етті. Кеңестік дəуірдегі мемлекет пен құқықтың дамуы марксистік- лениндік идеяға негізделе отырып, экономикалық сала мемлекеттік идеологиялық ықпал етудің негізгі объектісі болып келді. Г.А. Гаджиев атап өткендей, кеңестік конституцияларда экономикаға қатысты нормалар көп болатын жəне бұл нормалар «үстем идеологиялық модель мен мемлекет барлық өндіріс құралдарын өз қолында ұстауға мүмкіндік беретін экономикалық тəртіпті бекітуге бағытталған» болатын [6]. Экономикалық қатынастардың конституциялық реттелуінің кеңейуі КСРО-ның 1977 жылғы конституциясынан байқауға болады, яғни аталмыш конституцияның мазмұнына «Экономикалық жүйе» деген тарауының, одан кейін ҚазССР мен басқада одақтас мемлекеттердің конституциясына қосылуы мемлекеттің экономикалық негіздеріне деген мүдделерінің жоғарлағанын байқауға болады. ҚазССР-ның 1978 Конституциясына сай мемлекеттің экономикалық жүйесінің негіздері ретінде «өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік (жалпы халықтық) жəне колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы меншік құрайды, социализм тұсындағы қоғамдық өндірістің негізгі мақсаты — адамдардың өскелең материалдық жəне рухани қажеттерін барынша толық қанағаттандыру жəне ҚазССР-нің экономикасы — КСРО территориясындағы қоғамдық өндірістің, бөліс пен пен айырбастың барлық буындарын қамтитын біртұтас халық шаруашылық коплексінің құрамдас бөлігі» деп бекіте отырып, мемлекеттің экономикалық жүйесіне идеологиялық сипат берген [7]. КСРО-ның ыдырауымен бірге конституциялық құқық саласының идеологиялық догмадан арылу процесі экономиканы либерализациялау мен мемлекеттік реттеуді жоюмен бірге жүріп жатты.

Шығыс жəне Орталық Еуропадағы революциялық конституциялық өзгерістерден кейін экономикалық жүйеге сипат беретін нормаларды конституциялық нормаларға қосу керек пе керек емес пе деген мəселелер туындады. Кейбір мемлекеттер Конституцияға экономикалық жүйенің сипатын енгізді (Венгрия Конституциясының 9-б.). Басқа мемлекеттерде (Румыния) экономикалық жүйенің сипатын енгізуді қажет деп есептемеді. Ал кейбір мемлекеттер (Болгария) экономикалық жүйені бекітуде орташа жолды таңдады, яғни меншік сан алуандығын, еркін шаруашылық бастамасын, бəсекені жəне экономика қоғам игілігіне қызмет ету қажеттілігін бекітті.

Еліміздің тарихына жүгінетін болсақ, Кеңес Конституциялары адам жəне азамат құқықтарының үстемдігінен гөрі мемлекет мүддесінің үстемдігін қолдайтын тұғырнамаға сүйенетін 1937 Қазақтың Советтік Социалистік Конституциясының 4-бабында «Қазақ ССР-ның экономикалық негізі — шаруашылықтың феодалдық жəне капиталистік жүйелерін, өндіріс құралдары мен саймандарының жеке меншігін жойып, адамды адам эксплуатациялауын (пайдалану) құртқандықтын нəтижесінде нығайған социалистік шаруашылық жүйесі жəне социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары» [7] деп мемлекеттің экономикалық жүйесі бекітілген болатын. Осы норманың өзі Кеңестер Конституциясының толық экономикалық тəртіпті өзгертіп, нарық элементтерін жойып, өндірістің барлығын мемлекеттің қолына өткізгенін байқауға болады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы арнайы тарауды экономикалық қатынастарға арнаған: «Меншік пен кəсіпкерлік» [8] жəне «Қаржы»тараулары бекітілген болатын. Бірақ бұл тарауларда нақты нарықтық экономиканың сипаты жоқ. Сол сияқты Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесіне конституциялық құрылыс негізінде (Жалпы бөлім) меншікке байланысты ережелерді бекітіп, оның қоғам игілігіне қызмет ету керектігі айтылып отыр. Ал экономикалық жүйенің меншіктен басқа кəсіпкерлік қызмет бостандығы, бəсеке сияқты элементтері адам құқықтары мен бостандықтарын бекітетін тарауда өз көрінісін тауып отыр.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы экономика үстемдігінен бас тартып, адам жəне азамат құқықтарының үстемдік қағидасын бекітті. Алдында айтып өткендей, батыс заң ілімінде экономикалық қатынастарды реттейтін жəне мемлекеттің экономикалық жүйесін бекітетін конституциялық нормалар орнына «экономикалық конституция» ұғымы қолданылып жүр. Осы нормалар мен қағидалар мемлекеттің конституциялық құрылысын жəне адам құқықтарының негізін қалайды, сондықтан «экономикалық конституция» нормалары мызғымас, тікелей қолданылатын нормалар қатарына кіреді. «Экономикалық конституцияның» құрылымына Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің əлеуметтік сипаты (1-б), меншік сан алуандығы (6-б), еркін экономикалық қызмет құқығы (26-б, 4-т), бəсекенің қорғалуы (26-б, 4-т), бекітілген халықаралық нормалардың ұлттық заңдардан үстемдігі (4-б, 4-т) нормалары кіреді. Бұл нормалар «экономикалық конституцияның Жалпы бөлімін қалыптастырса, Негізгі бөліміне адам жəне азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтары кіріп отыр: еркін еңбек ету бостандығы (24-б) меншік иесі болу құқығы, меншікті кəсіпкерлік қызметте қолдана алу құқығы (26-б, 4-т), қызмет пен кəсіп түрін таңдауға (24-б, 1-т). Сонымен қатар, Гаджиевтың көзқарасына сəйкес, «экономикалық конституцияға» экономикалық көпшілік тəртіпті бекітетін нормаларды кіргізуге болады [9]. Бірақ аталмыш «экономикалық конституцияның» өзегі деп адам жəне азаматтардың экономикалық құқықтары жəне басқа да құқықтарын санаймыз.

Қорыта айтқанда, əлеуметтік нарықтық экономиканың немесе шаруашылықтың конституциялық-құқықтық институты ретіндегі құқықтық мазмұнына шаруашылық субъектілерінің экономикалық, еңбек бостандығына, меншіктің сан алуандылығы мен теңдігіне, жеке кəсіпкерлік қызмет пен адал бəсекенің қолдауына негізделген, қоғамдық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз ететін конституциялық-құқықтық институтын жатқызуға болады.

Мемлекеттің экономикалық жүйесінің элементтеріне тоқталатын болсақ, онда конституциялық құқық оқулықтары мен ғылыми еңбектерде толық жəне айқын тұжырымдамалар жоқ. Тек В.В. Альхименко азаматтық қоғамдағы экономикалық қатынастар келесі элементтерден: меншікке байланысты қатынастар, материалдық игіліктерді өндірудің негізінде жатқан адамның еңбек ету құқығынан тұрады деп көрсеткен. Осы екі элементке қоса қазіргі заманның азаматтық қоғамында экономикалық қызметті реттейтін конституциялық қағидаларда маңызды қызмет атқарады делінген [10].

Сонымен қатар А.Н. Сағындықова да азаматтық қоғамның құрылымына сипаттама бергенде, экономикалық жүйенің институттары ретінде меншікке жəне материалдық жəне материалдық емес игіліктерді өндіруге байланысты туындайтын қатынастарды жатқызады [11]. Ал Б.А. Страшун экономикалық жүйенің институттары ретінде меншік, еңбек, қаржы жүйесі жəне экономикалық қызметтің конституциялық қағидаларын атап өткен [12; 173].

Аталмыш ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып, əлеуметтік бағыттағы экономикалық жүйенің элементтері ретінде келесі институттарды жатқызуға болады.

  1. Меншік. Меншік институты əр түрлі құқық салаларының нормативтік-құқықтық реттеу объектісіне жатады. Бірақ меншіктің негізі Қазақстан Республикасы Конституциясымен конституциялық құрылыс негіздерінде бекітіліп, адамның негізгі конституциялық құқықтарының жүйесіне кіретін болғандықтан жəне экономиканың дамуы меншіктің сан алуандылығына негізделгендіктен, осы институтты əлеуметтік бағыттағы экономикалық жүйенің элементі жəне конституциялық құқықтық категория ретінде қарастыруға негіз болып отыр.
  2. Адам жəне азаматтың еңбекке байланысты туындайтын экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Əлеуметтік құқықтық мемлекетті қалыптастыруда еңбек жəне соған байланысты туындайтын экономикалық құқықтар адамдардың өмір сүруінің құралы болып, тіршіліктерінің қайнар көзі болып саналады. Сонымен бірге адамдардың еркін кəсіп таңдау бостандығы, кəсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, еңбек ету бостандығы нарықтық экономикалық жүйенің əрекет етуіне негіз сала отырып, мемлекеттің əлеуметтік сипатқа ие болуына себеп болады.
  3. Экономиканы реттеу мен жоспарлау жүйесі.
  4. Экономикалық қызметтің конституциялық қағидалары. Осы элементтің маңыздылығы экономикалық жүйенің осы қағидаларға негізделіп қызмет етуінде өз көрінісін табады. Көптеген жағдайларда бұл қағидалар конституциялық құрылыстың негізін қалайтын болғандықтан, мемлекеттің экономикалық конституциясын құрады деп айтуға болады.

Ал конституцияның экономикалық аспектісін мен шамасын қарастырғанда қоғамның даму бағыттарын жəне динамикасын ескеру қажет. Конституция конституциялық-құқықтық экономикалық тəртіптің жүйелі реттеуші актісі бола отырып, дамып жатқан қоғам жағдайында заңдылықты қамтамасыз етуі керек.

Қоғамдағы экономикалық қатынастарды конституциялық реттеудің шешуші мезеті болып меншікке байланысты қатынастардың реттелуі саналады. Дамыған демократиялар конституцияларында меншік құқығының кепілдендіретін декларациялық нормалар көрініс табады. Жеке меншік құқығына қол сұғылмаушылық принципі Англия мен АҚШ-тың революциядан кейінгі кезеңдегі құжаттарында бекітіле бастады. Бірақ қатан жəне дəйекті түрде меншік құқығының негізгі принципі Ұлы Француз революцияларының құжаттарында, яғни Адам жəне азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда жəне 1793 жылғы Конституциясында бекітілген болатын. Аталмыш құжаттарда «меншік құқығы əрбір азаматқа өзінің мүлкін, кірістерін, еңбегі мен кəсібінің жемістерін қолдану жəне иелік ету мүмкіндігі» ретінде бекітілген [13].

Жеке меншік құқығының кепілдендірілуі жеке тұлғаның саяси құқықтары сияқты демократиялық нарықты экономикасы қалыптасқан мемлекеттерге негіз қалаушы нормалар қатарына жатады. Сол себептен меншікке байланысты қатынастарды реттеу қатаң ережелер мен процедуралардан тұруы қажет. Бірақта Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін абсолютті меншік құқығына деген көзқарастар өзгеріп, жеке меншікті ұлттық меншік немесе мемлекеттік меншікке (национализация) айналдыру кең етек ала бастады. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аталмыш жағдай тұрақты түрде сақталып отырды. Швейцария Федерациясының 1969 жылғы Конституциясында Конфедерация мен кантондарға өздерінің конституциялық өкілеттіліктерінің шегінде қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында құнын өтеу жағдайында меншік құқықты шектеу немесе экспроприациялау мүмкіндіктері бекітілген болатын. Меншік құқығының қоғамдық сипатқа ие болуы Германияның Негізгі Заңында да көрініс тапты. Германияның Негізгі Заңы тек қана меншік құқығының шегін бекітіп қана қоймай, оның қоғамдық игілік мақсатында əрекет етуін нақтылайды. Осындай нормалар Францияның 1956 ж., Испанияның 1988 ж., Бразилияның 1988 ж. жəне т.б. мемлекеттердің Конституцияларында бекітілді. Ал Кеңес Одағы кеңістігінің мемлекеттерінде жеке меншік құқығының сақталуына аса көніл аудара отырып, оның сақталуының кепілдіктерін бекітеді.

Конституциялық құрылыс элементтерін бекітетін конституциялық қағидалар Қазақстан Республикасының экономикалық құрылысының негізін қалыптастыра отырып, әлеуметтік- экономикалық, құқықтық және конституциялық құрылыстың іргетасын да қалайды. Экономикалық жүйенің конституциялық қағидаларының маңыздылығын айқындау және олардың мемлекеттің құқық қолдану тәжірибесінде алатын орнын ашып көрсету мәселесі кейінгі уақыттарда өзекті мәселелер қатарына кіріп отыр. Қандайда да құқық жүйесі өзіне сипат беретін қағидаларға негізделіп әрекет етеді және құқық қағидаларынсыз мемлекетте ешқандай шешім қабылдануы мүмкін емес. Кейінгі кезде құқық, оның ішінде конституциялық қағидалардың экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дамуына тигізетін әсері экономика ғылымымен қатар конституциялық құқық ғылымында да көптеген пікірталастар тудырып жүр. Сондай көзқарастардың бірі Р.З. Лившицтің тұжырымдамасына сүйенсек, ол «құқықты қоғамдық тәртіп, қоғамдық келісімділік пен үйлесімділікті қамтамасыз ететін құрал ретінде танысақ, қағидалар құқықтың барлық материясын қамтып, оның идеясына, нормаларына, қатынастардын қисының келтіріп, тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беріп отырады. Осы қасиетіне байланысты құқық қағидалары құқықтың қалыптасуындағы бағыт беруші қызметті де атқарады, яғни алғашқы уақытта идея қалыптасып, құқық принципіне айналады да құқықтың даму бағыттарын белгілейді» [14] деп құқық принципінің қоғамдағы үрдістердегі алатын орнын анықтаған.

Құқықтық қағидаларына байланысты айтылып өткен көзқарастан басқа Г.В. Мальцевтің де көзқарасына тоқталып өтуге болады. Оның ойы бойынша, «конституциялық қағидалар адамдармен жасалмайды, олар негізінен қоғамдағы объективті әрекет ететін заңдылықтар сияқты, яғни экономикалық, табиғи заңдылықтар танылғандай танылады. Сонымен қатар экономикалық заңдылықтар сияқты құқық заңдылықтары да қоғамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарының қатарына кіреді» [15]. Конституциялық қағидалардың объективті сипатқа ие екендігі Д.А. Ковачев келесі тұжырымдамасымен дәлелдеуге тырысқан, яғни «конституциялық қағидалар объективті түрде өмір сүретін саяси, кибернетикалық заңдылық және құқықтық материяның да заңдылығы болып табылады» [16]. Еркін экономикалық қызмет құқығы, меншік сан алуандығы мен жеке меншіктің мемлекеттік меншікпен бірге қорғалауы сияқты көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітілетін қағидалардың объективті табиғатын байқауға болады. Олардың Конституцияда жоқтығы мемлекетте нарықты экономика жүйесін қалыптастыруға кедергі болар еді.

Демократиялық тұғырнамалар мен мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен күші қоғамдағы дамыған экономикалық қатынастарға негізделеді. Қоғамдағы экономикалық қатынастардың дамуына мемлекеттің конституциясында бекіткен конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесі, ал оның ішінде экономикалық құқықтар мен бостандықтардың бекітілуі мен олардың кепілденіп, қорғалуы ықпалын тигізеді. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды бекіткенде әр мемлекет өзіне тән жолды таңдайды. Мысалға, Қазақстан Республикасының Конституциясында осы топтағы құқықтарға ерекше көңіл бөлсе, Францияның Конституциясында саяси құқықтар мен бостандықтардың үстемдігі байқалады. Сонымен қатар Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар халықаралық Пактіде бекітілген. Оған сәйкес өркениетті мемлекеттегі таңылған және бекітілген құқықтар халықаралық стандарттардан төмендемеуіне тиіс. Қалыптасқан экономикалық жүйенің тәртібіне сай мемлекеттерде экономикалық құқықтардың бекітілуі де, жүзеге асырылуы да әр түрлі болып келеді.

XIX ғасырда Конституцияларда мемлекеттің экономика саласына ықпал ететін нормалар жоқ болғанымен жеке меншікті, еркін сауда бостандығын бекітетін нормалар өз көрінісін тапқан болатын. Айтылып отырған құқықтар тобының бекітілуі Францияның 1793 жылғы Конституциясында келесі түрде толық сипатталған:

16-бап. Меншік құқығы әрбір азаматқа өзінің мүлкімен, кірістерімен, еңбегі мен кәсібінің жемістерімен қолдану және иеленуді білдіреді.

17-бап. Азаматтарға қандай да болсын еңбекпен, жер өңдеумен, кәсіппен, саудамен айналысуға тыйым салуға болмайды [12; 375]. XX ғ. конституцияларға мемлекеттің экономикалық өмірге араласу мүмкіндігін бекітетін нормалар енгізіле бастады. Бірақ бұл нормалардың барлығы жалпы экономикалық тәртіпті бекітетін болғандықтан, «норма-принцип», «норма-мақсат» түрлерінде бекітілді. Адамның экономикалық құқықтарының дамуы негізінен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі «жалпыға бірдей игілікті мемлекет» теориясының қалыптасуы мен экономикасының дамуымен байланыстыруға болады. Осы бағытта экономикалық құқықтардың адам өміріндегі маңыздылығын анықтап, оларды конституцияда қандай тәртіппен бекіту қажеттілігін айқындауға байланысты мәселелер туындай бастады, өйткені конституцияларда бекітілген негізгі құқықтар, оның ішіндегі экономикалық құқықтар адамның өміріне қажетті негізгі құқықтар сипатына ие бола бастаған болатын. Сондықтан мемлекет алдында осы құқықтардың тікелей әрекет етуін экономиканың дамуы мен адамдардың сұраныстарының өзгеруіне сай қамтамасыз ету мәселесі туындап отырады. Бірақта адамның жеке және саяси құқықтарының Конституцияға сай тікелей әрекет етуін қамтамасыз етуге болғанымен, экономикалық құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттегі қалыптасқан саяси тәртіп пен экономиканың дамуына бағынышты болады.

Қазақстан Республикасының конституциялық дамуында экономикалық құқықтардың Конституцияда бекітілуі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылды. Кеңес Одағы кезінде экономикалық құқықтардың бекітілу тәртібі меншік нысанымен тығыз байланыста болса, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында мемлекеттің таңдауымен бағыт алған экономикалық жүйенің нысаны осы топтағы құқықтардың бекітілуіне әсер етті.

Социалистік Конституциялар әлеуметтік-экономикалық құқықтармен адам және азаматтардың негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан бастап, олардың адамның өмірлік сұранысын қамтамасыз етуде негізгі орын алатынын атап өтеді.

Социалистік қоғамда негізгі экономикалық құқықтар қатарына кіретін еңбек ету құқығы 1978 жылғы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясында (38-б.) келесі тәртіппен бекітілген: «...Қазақ ССР-нің азаматтары еңбек етуге, яғни еңбектің саны мен сапасына сәйкес және мемлекет белгілеген ең төмен мөлшерден кем болмайтын ақы төленетін кепілді жұмыс алуға праволы...». Социалистік меншік тәртібі бекітілгендіктен, Кеңес Одағы әр адамға жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие еді. Қатаң орталықтандырылған әкімшілік-экономикалық жүйе арқылы және еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорын басшылары жұмысқа орналасуға байланысты азаматтардың өтінішін қанағаттандыруы міндетті болды. Бұл тәртіп жұмыссыздықты жасанды жолмен жоюға және төмен еңбек ақының қалыптасуына негіз болды. Өйткені бес адам жұмыс істейтін жерде 20 адам жұмыс істеді. Осы тәртіпке сәйкес әр адам мемлекет тарапынан жұмыс орнымен кепілденген жалақымен қамтамасыз етіліп отырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасып келе жатқан демократиялық мемлекеттерде осы құқықтарды Конституцияларға бекіте бастады. Бірақта жеке меншік жағдайында әр азаматқа мемлекетпен кепілденген еңбек құқығын және осы құқықтан туындайтын басқа да экономикалық, әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Демократиялық мемлекеттердегі Конституцияны құрастырушылар осы құқықтарды жариялап, қоғамның әлеуметтік үміттерін қанағаттандыру үшін экономикалық құқықтарды бекітуде мемлекетті жұмыс орнын тауып беру міндетінен босататын және азаматтардың сотқа беретін талаптарын болдырмау мақсатында нормалардың ерекше юридикалық конструкцияларын іздеді.

Мысалға, Италия Конституциясында еңбек ету құқығын кіріспе бөлімінде бекіткен бұл нормалар мемлекеттің әрекет ету қағидасын және мақсатын білдірді. Сондықтан еңбек құқығы мемлекеттің кешенді әлеуметтік-экономикалық саясаты арқылы ғана мүмкін болды. Жалпы экономикалық құқықтардың, мемлекеттердің Конституцияларын да бекітілу тәртібіне халықаралық- құқықтық нормалар өз әсерін тигізді. 1966 жылы қабылданған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт, Адам құқықтары бойынша Еуропалық Конвенция, Еуропалық әлеуметтік Хартия сияқты құжаттар демократиялық мемлекеттердегі экономикалық құқықтарды Конституцияда бекіту бағытын белгіледі. Негізінен мемлекеттер еңбек бостандығын және ерікті түрде кәсіп түрін таңдау құқықтарын бекітіп, ең төменгі жалақы алуға кепілдік берді. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Испанияда, еңбек ету міндетін бекітті, бірақ бұл міндет моральдық ықпал ету үшін бекітілген норма еді. Өйткені нарықтық экономика жүйесінде әр адам өз өміріне қажетті игіліктерді еңбек ету арқылы қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстан Республикасында экономикалық құқықтарды бекітудің өзі ерекшеліктерге ие. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында адам және азаматтардың конституциялық-құқықтық мәртебесі бөлек бөлімде бекітіліп, экономикалық-әлеуметтік құқықтар дербес тарау ретінде бекітілген. Негізгі экономикалық құқықтар ретінде меншік иесі болуға және меншікті өз қалауынша иеленуді қолдануды, билік ету құқығы дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша жүзеге асыру құқығы бекітіліп, адамның қалауына, қабілетіне арнайы даярлығына байланысты еркін еңбек ету құқығы бекітілді. Жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасы әр адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ете алмады. Бұл жағдайда әлеуметтік-экономикалық құқықтарының ішінде толық әрекет еткен меншік иесі болу құқығы болатын. Еңбек ету құқығымен тығыз байланысты еркін кәсіп түрін таңдау құқығы және жұмыссыздықтан қорғайтын мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету қалыптасқан еңбек нарқы мен экономикалық институттардың даму деңгейіне байланысты мүмкін емес болатын. 1993 жылы Ресей Федерациясы әлеуметтік-экономикалық құқықтарды Конституцияда бекіткенде мемлекеттің жаңадан туындап жатқан әлеуметтік рөлін ескере отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, мемлекеттегі нарықтық экономиканың заңдарының талаптарына сай бекітті. Еңбек құқығын бекіткенде жеке меншік институтының қалыптасып жатқанына сүйене отырып, жеке меншіктегі өндірістерде мемлекет міндеттеу механизмін қолдана алмағандықтан, еңбек ету бостандығы бекітілді. Бірақ мемлекет экономикалық құқықтардан мүлдем бас тартқан жоқ. Конституция деңгейінде еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік кепілдіктерді бекітті.

Қазақстан Республикасы да экономикалық құқықтарды бекітілу тәртібіне 1995 жылы қабылданған Конституция да өзгерістер енгізді. Жалпы қазіргі әрекет етіп жатқан Конституция 1993 жылы адамның құқықтық мәртебесін бекіту тәртібін өзгертті. Негізгі адамның құқықтарының бекітілуінің бөлек тараулар арқылы айқындаудан бас тартып, жалпы «Адам және азамат» бөлімінде жеке немесе табиғи құқықтардын кейін бекітті. Басты экономикалық құқықтар ретінде меншік иесі болу құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, еңбек ету бостандығын бекітіп, осы құқықтарды жүзеге асыруда тиісті еңбек ету жағдайымен қамтамасыз ету құқығына, тынығу құқығы мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, монополистік қызметтің заңмен реттелуіне кепілдіктермен қамтамасыз етті.

Әрекет етіп жатқан Конституцияның ерекшелігі әлеуметтік-экономикалық құқықтарды кеңейтумен ғана көрініс тауып қоймай, олардың мазмұнын басқа түрде түсіндіруінде де ерекшеліктері байқалады. Конституциялық нормалар арқылы жеке адамның экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға негіз сала отырып, әлеуметтік нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуының құқықтық нормаларын бекітті. Экономикалық құқықтарды бекіту қоғамдағы қалыптасатын әлеуметтік жағдайға жауапты субъект ретінде бұрыннан қалыптасқан тәртіпке сай тек мемлекеттің жауаптылығынан басқа экономикалық және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің жауапкершілігін бекітті. Сонымен қатар конституцияда бекітілген экономикалық құқықтар пассивті, мемлекеттің қамтамасыз етуінде болып үйренген жеке тұлғадан өз өміріне өзі жауапты экономикалық, саяси белсенді тұлғаны тәрбиелеуге себеп болады. Әлеуметтік- экономикалық құқықтарды бекітуде Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық нормаларды негізге ала отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескерді, өйткені Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа интеграциялау кезінде мемлекетіміздің қызметін реттейтін нормалар халықаралық стандарттарға сай болуы қажет.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің конституцияларында экономикалық қатынастарды реттейтін немесе оларға негізді қалыптастыратын нормалардың көбейгенін айтуға болады. Мемлекеттің қоғамдық қатынастарды конституциялық реттеу тəжірибесінде ХХ ғасыр əлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу аумағының кеңейюмен ерекшеленіп отыр. Қазіргі уақытта жеке меншік құқығы, еркін кəсіпкерлік қызмет, бəсеке мен жосықсыз бəсеке, еңбек ету ерік пен оны қорғау жəне т.б. нормалар көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітіліп, мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі қалаушы қызметті атқарып отыр. Мемлекеттерде экономикалық жүйенің негіздері көп жағдайда адам жəне азаматтардың əлеуметтік- экономикалық құқықтары мен бостандықтар жүйесі арқылы анықталып, бекітіледі.

Қорыта келе, конституцияның тиімді əрекет етуі қоғамның ұзақ мерзімде жəне тиімді əрекет етуіне негіз болып, ынталандыратын тұжырымдамалар мен түсініктер болған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Шынайы түрде конституция материализацияланған саяси жəне құқықтық институттардың жүйесі бекітіліп, экономикалық өмірдің еркін ағымы мен экономикалық жүйенің қызмет етуіне кедергі болмай, оның тепе-теңдігін сақтап, артық ауыртпашылығын болдырмауы қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Румянцев О.Г. Основы конституционного строя России: понятие, содержание, вопросы становления. — М.: Юристъ, 1994. — С.
  2. Государственное право Российской Федерации: Учеб. / Под ред. О.Е.Кутафина. — М.: Юрид. литература,
  3. Ударцев С.Ф. Экономический аспект конституционных норм как регуляторов конституционного порядка развивающегося общества // Праворазъяснительная работа и правовое обучение: проблемы и пути их решения: Мате- риалы междунар. науч.-практ. конф. — Караганда: Изд. Караганд. юрид. ин-та МВД РК им. Б.Бейсенова, 2005. — С. 26–31.
  4. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учеб. — М.: Эксмо,
  5. Златопольский Д.Л. Экономическая система государства в странах Восточной Европы и Азии // Очерки конституцион- ного права иностранных государств: Учеб. и науч.-практ. пособие / Отв. ред. Д.А.Ковачев. — М.: Спарк, — С. 62.
  6. Конституционное законодательство России / Под ред. Ю.А. Тихомирова — М.: Городец, — С. 331.
  7. ҚазССР 1978 жылғы Конституциясы // Қазақстан мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер. — Алматы: Жеті жарғы,
  8. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы // Қазақстан мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер. — Алматы: Жеті жарғы,
  9. Гаджиев Г.А. Конституционные принципы рыночной экономики. — М.: Юрист, — С. 13.
  10. Альхименко В.В. Конституционные основы гражданского общества. Конституционное право: Учеб. Под ред. В.В.Лазарева. — М.: Новый юрист, 1998. 133,
  11. Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. — Алматы: Білім, — С. 107.
  12. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Общая часть: Учеб. / Под ред. Б.А.Страшун. — М.: БЕК,
  13. Мау В. Конституционное регулирование социально-экономических отношений: Очерк истории // Вопросы экономики. — № 4. — С. 49.
  14. Лившиц Р.З. Теория права. — М.: БЕК,
  15. Мальцев Г.В. Социальная справедливость и право. — М.: Юристъ, 2002. — С.
  16. Ковачев Д.А. Конституционный принцип: его понятие, реальность и эффективность // Журн. российского права. — 1997. — № 97. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.