Отбасы ¾ адамның барлық өмір ағымында бірге еріп жүретін маңызды феномендерінің бірі. Оның жеке тұлғаға əсерінің маңыздылығы, күрделілігі, жан-жақтылығы мен проблемалылығы отбасын зерттеудегі көптеген əр түрлі көзқарастар мен ғылыми əдебиеттерде кездесетін анықтамаларға алып келді. Отбасындағы өзара қарым-қатынас мəселелері көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған [1].
Отбасы ¾ неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу жəне тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Э.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстицкий, 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. «Отбасының тəрбие институтты ретіндегі маңызы зор. Онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді жəне де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тəрбие институттарына бой бермейді,» — деп көрсетті А.И. Шужебева [2].
А.Б. Харчев берген «отбасы» ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады:«Отбасы денелік өмір мен əлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады». Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М. Свердлов жəне В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне
ұрпақ жалғастыру, тəрбиелеу, шаруашылық жəне өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К. Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті-тəрбиелік, мəдени, репродукциялық. С.Д. Лаптеноктың пікірінше (1967), отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық-тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тəрбиелік жатады [3].
70 жж. басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П. Парыгин, А.Г. Харчев айтады, сондай-ақ əйел адамның кəсіби іс-əрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты жəне де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т.б. зерттенеді.
З.И. Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы» туралы Ю.Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептері жайлы А.М. Уматинов жəне т.б. сөз етеді [4].
Сол жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы əлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е. Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді» З.И. Янкова жəне т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды.
Қарым-қатынасындағы маңызды объект — бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол əрдайым отбасының, яғни ата-ананың, қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі, яғни, бала өміріндегі толқымалы кезең — студенттік кезең [5].
Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты оның əр түрлі аспектілері қамтылды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн, Д.Л. Кондратьев жəне т.б., тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік И.С. Кон, Р. Дубровина, жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Г.П. Гаврилова, Т.В. Драгунова жəне т.б, танымдық эмоциялы-еріктік жəне мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы В.В. Баруалкина, тұлғаның аномальды даму механизмдері туралы Е.Г. Дозорцева сияқты ғалымдарды атауға болады.
Отбасы туралы басқа көзқарас А.И. Захаровтың пікірлерінде жазылған. «Əлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар. Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық əсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының жоғары дəрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай бастапқы топ отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің сырттай «тəсілдерінің» арасында емес, балалардың дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ».
Н.Я. Соловьёвтің анықтамасына сəйкес: «Отбасы ¾ ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай əлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын жəне жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен əйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас» [6].
Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы ¾ бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен жəне өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан жəне халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген əлеуметтік қажеттілік» [7].
А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ əрекетіне негізделіп, ата- ана-туысқандық желілермен байланысқан жəне балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді [8]. Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И.Я. Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы» атты кітабы көп үлес қосты. Екі автор да неке формасының өзгеруі туралы идеяны талдайды.
Отбасылық қатынас жеке тұлға мен қоғамның өзара байланысында қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен жақтаушыларына У.Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ж. Пиаже, З. Фрейд жəне т.б. жатады. Қандай да болмасын жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады.
Отбасы ¾ бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дəрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып қалыптасады ма, мұның бəрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тəрбие алғанымен байланысты. Қарым-қатынас адамзат өмірінің аса маңызды жəне негізгі сферасы болып, соның нəтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мəмле қалыптасып дамиды.
Қарым-қатынас дегеніміз — өзара пікір алмасу, сезім əлемінде бірлесіп лəззат алу, қайғы, қуаныш-та ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани əлем жəне ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсінік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мəмле үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі əр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, ақпарат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал.
Отбасы ¾ адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін жəне бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар жəне ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады.
Терең тұлғааралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм, ресейлік ғалым М.И. Лисина, өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі
С.М. Жақыповтардың қойылған мəселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-əрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жасөспірімдердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен əрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар жəне жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік сана сезімдерді зерттеген концепциялары, Э. Берннің трансактілік талдауы, С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-əрекет концепциясы зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мəнділігін негіздеді (Н.Д. Левитов, Л.И. Божович).
Жасөспірімдердің психикалық даму мəселелеріне қатысты қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мəнділігін құрады (С.М. Жақыпов, Қ.Б. Жарықбаев т.б.).
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, С.Б. Елубаева «қазіргі қазақ жас- өспірімдердің өзіндік бағалауларын мен этностық сəйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу нəтижесінде қазіргі замандағы жасөсіпірімдердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сəйкестіктің компоненттері мəнді түрде азаятыны анықталды, өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» жəне «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Т.К. Күнслəмова өз зерттеу жұмысында жасөспірімдердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана-сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік бағалау жəне өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокоррекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту əдісі, яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер, арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э. Берннің трансактілік талдау концепциясы арқылы жасөспірімдердің эго күйлерін белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Жұмыста эксперименттік топтың сыналушылары «полигон балалары» деп аталатын əлеуметтік мəртебесі бар жасөспірімдер болды, яғни «радиациялық былғанған» аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез- құлық ерекшеліктері теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жасөспірімдердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы зерттеу жəне агрессиялықты азайту үшін психокоррекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті.
Қ.А. Айдарбеков «Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутри- семейных взаимодействиях» зерттеу жұмысы жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік əрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мəнділік жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады, ал жеткіншектерді жаңа əлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше, жеткіншек- терде осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады.
Т.М. Шалғынбаев «Мінез-құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру» жұмысының мақсаты мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктерін жəне олардың кісіаралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерделеу, сондай-ақ психологияның көмек көрсету мазмұнын жасау. Зерттелу барысында тəрбиеленуі қиын жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
М.В. Күзубаева «Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне əр түрлі фактор- дың əсері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Зерттеу объектісі – адамның тұлғалық алаңдаушылық деңгейінде көрінетін эмоциялық қүйі. Зерттеу пəні реттінде тұлғалық алаңдаудың эмоциялық күйі ретіндегі көріну ерекшелігі жасөспірім шақтан жиырма сегіз жасқа дейін оның көріну механизмдерінің өзгеруі алынды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы тұңғыш рет тұлғалық алаңдаушылықтың жағымды сипаттамасы зерттелінді. Бұл жұмыста тұлғалық алаңдаушылық бағдарлаушы іс-əрекеттің эмоциялық құраушы екендігі көрсетілді.
Ж. Намазбаеваның жетекшілігімен С.Ж. Өмірбекованың «жасөспірімдік жəне ерте балауса жас кезіндегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. Зерттеу жұмысының мақсаты – мектептегі оқыту жағдайындағы əр түрлі факторлардың жасөспірімдік жəне ерте жастық кездегі өзіндік бағалауға əсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің ерекшеліктері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады: өзін-өзі бағалаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жасөспірім кезден ерте жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет етуі зерттелінді, жасөспірімдер мен ерте жастық шақтағылардың қала мен ауылдағы əлеуметтік даму жағдайына байланысты өзін-өзі бағалауының танымдық жəне эмоциялық бөліктерін зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың əсерін анықтаудан тұрады. Зерттеуде келесі тұжырымдар делелденді: қала мен ауылдың жасөспірімдер мен балаң жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі бағалаудың эмоциялық, сондай-ақ танымдық бөліктерінде көрінеді деп көрсетті.
Қарым-қатынас стилі шет елдерде жəне ТМД елдерінде жоғары дəрежеде талданған, соның ішінде əлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген А.А. Бодалев, А.А. Леонтьев, А.В. Петровский, Н.Г. Михайлов, Ю.П. Ахзаров жəне т.б. Олардың тұжырымдары бойынша, оқушыларға тек қана білім мен оқу-тəрбие жұмысын жүргізу жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей жəне жанама түрде қарым- қатынас жасау қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушылармен қарым-қатынасын оқу-тəрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы жəне оны қалыптастыру механизмін қазақстандық ғалымдары да зерттей бастады, олар Қ.Ж. Қарақұлов, С.М. Елеусізов, С.И. Қалиева, В.К. Шабельник жəне т.б.
Солардың ішінде Г.К. Шолпанқұлова «гумандық қарым-қатынас» адам бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім жəне мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым- қатынас стилінің тəрбиелік негізін дəлелдеді.
А.И. Шужебаева «Отбасы тəрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында: балаларды тəрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мəселелердің бірі қарым-қатынас проблемасын қарастырады. Тұлғааралық қарым-қатынас саласындағы сəйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болады, ондай балалар тобын проблемалары бар балалар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, психологиялық- педагогикалық ғылымда қажетті деңгейде екенін дəлелдеді.
Зерттеу жұмысында отбасы тəрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым- қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған мəдени сəйкес жүргізудің əдістері мен тəсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым- қатынастары сарапталған.
Э. Берн теориясының мəнін, қарым-қатынастағы эго күйлерді белсендіру ерекшеліктерін, оның ішінде қарым-қатынас үшін «Ересек» позициясының жағымды болатынын түсінді. Жасөспірімдердің өзіне жəне айналасындағыларға жағымды, позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру қақтығысты адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды.
Қ.А. Айдарбеков «Отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диалогтік құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысы жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін жəне бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нəтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогтік құрылымдары екені туралы болжам өзінің дұрыстығын жойған. Дəл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңа құрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне, дамуына жəне сақтандыруға бағытталған, сондай-ақ отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-əрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диалогтік құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді.
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым- қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мəселелері бойынша ғылыми пікірталасты ұйымдастырушы жəне оның бастамашысы А.А. Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970–1973 жж. Ленинград қаласында «Адамдар арасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының əлеуметтік-психологиялық жəне лингвистикалық сипаттамалары» жəне «Қарым-қатынас теориялық жəне қолданбалы психология» симпозиумдары өткізілді.
Отандық психологтардың көбісі, мысалы, Д.Б. Эльконин, Т.В. Драгунова, жеткіншектік жастың жетекші іс-əрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дəлелдей келе, В.В. Давыдов өз пікірін ұсынды: «Жасөспірім кезең — адамда қарым- қатынасты құраушы тəртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі».
Ал В.В. Бушельяның пікірі де қызықты мазмұнға ие: «Жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады, ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды. Жасөспірім жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л. Коломинский жəне А. Березовин мынадай пікірін ұсынады: «Баланың шағын ортасы негізгі екі əлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады: алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі бір кезеңде бұл жүйеге «бала–бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дəл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. И.С. Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым- қатынасты» келесі түрде түсіндіреді:
- ақпараттардың маңызды арнасы;
- ерекше іс-əрекет түрлері мен тұлғааралық қатынастар;
- эмоциялық қатынастың ерекше түрі.
Л.Н. Десев жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В. Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр, əр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей, тұлғааралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді».
Жасөспірімдердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Т. Шалғынбаев «Дезадаптивтік мінез-құлқы бар жасөспірімдердің жеке тұлғалық қасиет-тері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері жəне оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында.
Баланың даму жақтарының қайсысын алмасақ та, отбасы төмендегі маңызды қызметтерді атқара отырып, қандай да болмасын жас кезеңінде шешуші рөл атқарады, яғни, баланың
- физикалық жəне эмоционалдық дамуын ретке келтіру;
- психологиялық жынысын дамытуға ықпал ету;
- ақыл-ойының дамуына ықпал ету;
- əлеуметтік нормалармен таныстыру;
- құндылық бағдарды қалыптастыру;
- əлеуметтік қорғау.
Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің əр түрлі ұрпақтарына тəн отбасылық қарым-қатынастық орта, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір-біріне деген талаптарының деңгейі), іс-əрекет мазмұны да мүмкіндік жасайды.
Əдебиеттер тізімі
- Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы–2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!». — [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: http://www.aikyn.kz/
- Абдракова А.Б. Роль общения в воспитании трудных подростков: автореф. дис. ... канд. пед. наук. — Алматы,¾ 120 с.
- Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогической структуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействий: автореф. дис. ... канд. психол. наук. — Алматы, 2003. ¾ 165.
- Атоян А.Д. Конфликтология. — М.: Смысл, 2006. ¾ 325.
- Əбдумүтəліп К.Д. Тəртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп жағдайында тəрбиелеудің жəне қайта тəрбиелеудің педагогикалық жолдары: психол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Алматы, 2004. ¾ 203 б.
- Елубаева С.Б. Психологические особенности этнической идентичности и самооценки современных казахских подростков: автореф. дис. ... канд. психол. наук. — Алматы, 2004. ¾ 145.
- Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ə. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. — Тараз: Қорғау, 2010. ¾ 206 б.
- Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ə. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар. — Тараз: Сенім, 2009. ¾ 245 б.