Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы білім кеңістігін қамтамасыз етеді. Мектепке дейін оқыту жəне тəрбиелеу барлық білім процестерінің баспалдағы болып табылады. Қазіргі кезде мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасының мəселесі ерекше сынға алынып отыр. Аталған мəселе мүмкіндігі шектеулі балалардың, соның ішінде көру қабілеті бұзылған балалардың санының өсуіне байланысты кең ауқымға ие болып отыр. Көрудің бұзылуы жəне көру қабілеті бұзылуының ерекшеліктері балаларға табысты білім алуға кедергі келтіреді, олардың бейімделу жəне əлеуметтену процесіне кері əсер етеді. Көрудің бұзылуы кезінде көру арқылы қабылдау функциясының қысқаруы, əлсіреуі орын алады (баяулық, дəлсіздік, көмескілік жəне т.б). Көру арқылы қабылдау патологиясын түзету мəселелерінің шешімі баланың мектепке дейінгі кезеңінде қиындай түседі. Бұл қиындық баланың көру мүмкіншілігінен айырылуына физикалық жəне психикалық дағдылануына байланысты [1, 2].
Бұл балалардың сапалы білім алуы тек қана психология-педагогикалық жағдайлары жасалғанда жəне оқытудың арнайы əдістері қолданылғанда мүмкін болады. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы көру қабілеті бұзылған балалардың білім алуында қазіргі заман талаптарының жетіспеушілігі туындайды. Аталған топтағы балаларға білім беруде инновациялық технологияларды пайдаланып, педагогика процесін компьютерлендіру — балаларға көру қабілетін түзетуге жəне қалыпты даму үстіндегі балалармен тең мүмкіндікке жетуіне көмектеседі [3, 4].
Мектепке дейінгі оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану — оқытудың əдістері мен ұйымдасқан формаларын сапалы өзгертуге жəне өз кезегінде оқу процесінің жоғары деңгейінде даралануына, интенсификацияға жетуіне мүмкіндік береді. Компьютер ақпарат жеткізуді жылдамдатушы ғана емес, оқу процесінде жаңа мүмкіндіктерді ашушы да бола алады.
Мектепке дейінгі программаны меңгеруде қиыншылықтары бар балаларды оқыту мен тəрбиелеуде компьютерлік технологияларды пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар: компьютерді білу — білім деңгейін жоғарылатады, ойды тура жəне нақты ете түседі, есті, ұқыптылықты, шығармашылықты дамытады. Сонымен қатар компьютерлік технологияларды пайдалану төмендегі процестердің дамуына ықпал жасайды.
- Баланың эмоционалды-ерік жəне таным кеңістігін жандандыру. Өмір тəжірибесінде программалық қамтамасыздандырудың пайда болуы мектепке дейінгі балалардың білімін толықтыруға ғана емес, баланың жеке тəжірибесінен бөлек жатқан заттар құбылыстарды тануына компьютерді қолдана алады. Шығармашылық, режиссерлік ойындар оқу дағдысының қалыптасуында жаңа себептер туындатады. Компьютерде жеке отырып жұмыс жасау баланың өзі шеше алатын жағдайлар санын арттырады, бұл оның эмоционалды-ерік кеңістігінің дамуына, қоғамда жеке, дара болып қалыптасуына септігін тигізеді.
- Оқу дағдысына толыққанды көшуді қамтамасыз ету. Бастауыш мектеп ойын дағдысынан оқу дағдысына көшуді талап етеді. Бұл жоғарыда аталған топтағы балалармен біршама қиынырақ болады. Аталмыш кезең көбінесе психологиялық проблемалардың шығуымен, екінші ретті бұзылыстардың қабаттасуымен сипатталады. Бұл мəселенің шешімін компьютердің ойын мүмкіндіктерін, дидактикалық көріністерін пайдалану арқылы табуға болады.
- Ертеректе алған білімді кең ауқымдандыру. Аталмыш топтағы балалардың дəстүрлі сабақтарда алған білімдерінің көп бөлігі сабақтан тыс уақытта қолданылмайды, осылайша олардың тəжірибелік құндылықтары жоғалады. Компьютерлік орта бұларды кең ауқымдандыруға мүмкіндік береді.
- Басқа да сабақтарда жоғары эмоционалды шаршаңқылықты жойып, қолайлы климат қалыптастыру. Бұл осындай балалардың психологиялық ерекшеліктеріне дəстүрлі сабақтарда қатаң тəртіппен бақыланатын эмоционалдылықтарының болуымен түсіндіріледі.
- Осындай балалардың бұзылысына себеп болатын ұсақ моториканы жетілдіру, көру анализаторы мен моторлық анализатордың бірігіп жұмыс жасауын қалыптастыру. Бұл дефект олардың алдағы дамуына кедергі болуы мүмкін, оқу программасын меңгеруде ғана емес, құрбы- құрдастарымен араласуына да бөгет жасайды. Компьютерлік технологияларын қолданғанда, ешқандай арнайы сабақтардың көмегінсіз, көру-моторлық координациясы дамиды.
- Психикалық процестерді дамыту (ес, ойлау, зейін, қабылдау). Компьютерлік технологиялар бір уақытта есте сақтау көлемін арттыруға, есту арқылы есте сақтауды дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар зейінді шоғырландыруға, белсенді етуге əсер етеді. Баланың ой-өрісін дамытып, түсінік деңгейін көтереді. Өзінде бар тəжірибені түрі өзгерген жағдайларда пайдалануды үйретеді.
- Қазіргі таңда қолданыстағы автоматтандырылған дамытушы программалар (АДП) қалыпты даму үстіндегі балалардың психикалық процестерін дамытуға арналған. Бұл программалардың басты мақсаты да осы болып саналады. Ол программалық материалдарды үйренуде қиындықтарға тап болатын балаларға арналмағандықтан, арнайы түзетуші мақсатқа ие емес. Мектепке дейінгі білімді меңгеруде қиындықтарға тап болатын балалармен ертеректе жасалған компьютерлік программалар арқылы жұмыс жасағанда балалар тез шаршайды, ой-өрісін шоғырландыру төмендейді, қызығушылық əлсіреп, қарсылық туындайды. Аталмыш балаларға арналған программаларды жасайтан кезде олардың психикалық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Сондықтан біз АДП жасап шығару міндетін алға қойдық. Бұл жердегі мақсат, біріншіден, программа психикалық процестері жеткіліксіз дəрежеде дамыған балаларға бағдарланса, екіншіден, олардың таным процестері мен эмоционалды сфераларын түзетуге бағытталған.
Қоршаған орта туралы ақпараттың көп бөлігін адам көру анализаторы арқылы алатыны белгілі. Туылғаннан бастап, баланың барлық заттық-тəжірибелік қозғалыстары, психикалық жағдайы көз нұрының бақылауында болып, сол арқылы жүзеге асады.
Көру қабілеті бұзылған жағдайда баланың психикалық дағдысында көру анализаторы басты ролге ие болады. Оқу процесінде көру арқылы қабылдау бас миының деңгейінде болатын күрделі жүйелік байланыстардың есебінен дамиды жəне жетіле түседі (Н.Н.Иванова, 1998). Бұл үшін балаларға қоршаған ортадағы заттар мен процестерді мақсатты түрде бақылай алатын жағдай жасау керек.
Аталмыш балалардың педагогикалық процесіне компьютерлік бағдарламаларды енгізу көру арқылы қабылдаудың мақсатты түрде дамуының бастапқы ережесі болып табылады. Ақпаратты коммуникациялық технологиялардың дамуы, жетілуі, жан-жаққа таралуы оқу процесінің барлық компонентіне əсер етуде: оның мақсатына, мазмұнына, міндетіне, формаларына, əдісіне т.б. (Л.И.Белоусова, Н.В.Олефиренко, 2013).
Ғылыми-педагогикалық тəжірибелер көру қабілетінің ақауы бар балаларды оқыту мен тəрбиелеуде, дəстүрлі əдістерге қарағанда, компьютер технологияларын пайдаланып, оқытудың артықшылықтары бар екенін көрсетіп отыр:
- программалық қамтамасыз ету балаларға қоршаған орта туралы білімін жетілдіруге, жеке тəжірибесінен бөлек жатқан заттар мен құбылыстарды тануына мүмкіндік береді (көру патологиясына ұшыраған балаларда қоршаған ортаны бейнелеудің шектеулілігі мен жоғалуы белгіленеді);
- компьютерде жеке жұмыс жасау баланың өзі шеше алатын жағдайлар санын арттырады, бұл оның эмоционалды-ерік кеңістігін дамытады (аталмыш балалардың үлкендерге тəуелділігі жоғары болып келеді);
- компьютерлік программалардың кең арсеналы (түс, музыка, суреттер, анимациялық бейнелер) баланың эмоционалды фонын жəне психикалық жағдайын жақсартады (көру қабілетінде ақауы бар балалардың тұйықтықпен, қарсылықпен болатын мінез-құлықтарының кейбір ерекшеліктері тіркеледі);
- компьютерлік технологияларды қолданғанда, қосымша сабақтардың көмегінсіз баланың қажетті көру-моторлық координациясы дамиды (көру патологиясы бар балаларда таным процестері дамуының баяулауы тіркеледі).
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу-тəрбиелік үдерісінің əдістемелік талдауы бойынша, қазіргі күнде қолданылып жүрген компьютерлік бағдарламалар психикалық үдерістері қалыпты деңгейдегі балаларға арналған, сол себепті оқыту жəне тəрбиемен қатар, балалардың танымдық қабілеттерін дамыту негізгі міндеті болып табылады. Олар мектепке дейінгі көру қабілеті бұзылған балаларға бағытталмаған, сондықтан олар түзету мақсатына ие емес. Ертеректе жасалған компьютерлік программалармен жұмыс жасағанда, бала тез шаршағыш келеді, зейіннің шоғырлануы төмендейді, қызығушылық жоғалып, қарсылық пайда болады. Осы категориядағы балаларға арналған программаны құру үшін, олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін қарастыруды талап етеді. Сондықтан біздің алдымызға АДП жасап шығару міндеті қойылды, біріншіден, көру анализаторының жеткіліксіздігі мен зардап шегетін балаларға бағытталса, екіншіден, көру арқылы қабылдауды түзету мен қалыптастыру мақсатында.
Оқу процесіне компьютерді қосуға рұқсат ету (эксперименттік-психологиялық зерттеуге мектеп- ке дейінгі көру қабілеті бұзылған 540 бала қатысты) біздің зерттеу нəтижелері бойынша (дəстүрлі түзетумен салыстырғанда):
- бақылау қабілетін арттыру (78 %);
- зейіннің даму деңгейін арттыру (86 %);
- түзету процесіне оң эмоциялық көңіл-күй жасау (64 %);
- баланың жақсы көруі үшін қажеттіліктерді қалыптастыру (89 %);
- баланы көзілдірік киюге көндіру (77 %);
- баланың көру арқылы қабылдауының дамуын өзін-өзі түзетуге ынталандыруды арттыру(85 %);
- көру, есту қабілетін қоршаған ортадағы есту ақпараттарын көру арқылы толықтырып, мақсатқа бағыттап құрастыру (83 %);
- көру арқылы қабылдау алгоритмін қалыптастыруға ықпал ету (64 %);
- көру қабілеті бұзылған баланың сақталған анализаторларын ұтымды пайдалану арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру (76 %).
Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, мектепке дейінгі көру қабілеті бұзылған балалардың көру арқылы қабылдауын дамытудағы түзету процесінде программамен қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті.
Осы жасалған компьютерлік программа физиологиялық жүйенің ақпараттық баламалы жүйе бұзылысының орнын толтырады. Зардап шеккен талдағыштардың орнына сақталған есту жəне тактильді-мотор талдағыштарын пайдалану арқылы, жанама объектілер мен құбылыстардың көрнекі белгілері туралы ақпаратты жеткізуге көмектеседі. Оған осы программаның мультимедиалық ерекшеліктері арқылы қол жеткізуге болады.
ЭЕМ программасының құрылымы, электронды оқулық (ЭО) «Мектепке дейінгі көру қабілеті бұзылған балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту» 1-суретте көрсетілгендей болып келеді.
Электронды оқулық екі мəзірден тұрады: үстіңгі жəне сол жақтағы; негізгі аудан жəне галерея терезесінен. Жоғарғы мəзір негізгі бөлімдерді көрсетеді:
- Күнтізбелік жоспар.
- Саусақпен гимнастика.
- Бірге жасаймыз.
- Мектепке дайындық.
- Педагогикалық сандық.
Сол жақ мəзір электронды оқулықтың қосалқы тақырыптарының негізгі бөлімдерін көрсетеді. Негізгі ауданы əрбір бөлімнің мазмұны болып табылады. Сол сияқты сол жақ аудан терезесі «Галерея робот» деп аталады.
1-сурет. ЭЕМ программасының құрылымы, «Мектепке дейінгі көру қабілеті бұзылған балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту» ЭО
Электронды оқулық «Галерея работ» терезесі ұсынған бастапқы беттен басталады, 24 сурет көрнекі құрал ретінде қосылады. Осы интерфейстің бөліктері 2-суретте көрсетілген.
Құрылғының жұмысын көру үшін «Галерея работ» терезесіне курсорды қойып, «Смотреть еще» батырмасын тінтуірдің сол жақ түймешігімен басыңыз. Негізгі ауданда осы блоктың мазмұны пайда болады.
Бірінші бөлім «Күнтізбелік жоспар» деп аталады. Бұл бөлімге оқу аптасына бөлінген 170 сабақ кіреді. Əр апта 5 сабақтан тұрады (дүйсенбі — Бейнелеу, сейсенбі — Аппликация, сəрсенбі — Қол еңбегі, бейсенбі — Құрастыру, мамырға дейін).
Жоғарғы менюдің бірінші блогында курсорды жылжытып, тінтуірдің сол жақ түймешігін басқанда негізгі ауданда осы блок мəтінінің мазмұны көрінеді. Жаңа сабақты таңдау үшін курсорды сол жақ мəзірге бағыттап, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу арқылы айды, апта санын, апта күнін таңдау керек. Негізгі ауданда таңдалған сабақтың мазмұны пайда болады, ол интерфейстің көрінісі 3-суретте берілген. Сабақтарға сурет күйіндегі көрнекі материалдар қолданады.
Екінші бөлімі «Саусақ гимнастикасы» деп аталады, берілген интерфейстің бөліктері 4-суретте көрсетілген. Ол өзіне 4 тақырыпшаны қосады: «Саусақ жаттығуы», «Анамызбен ойнайық», «Қол қимылы мен қол тапқырлығының дамуына септігін тигізетін біріккен іс-əрекеттер»; «Қол ширақтылығын дамытамыз (жаттығу)», Видео (саусақ жаттығуы). Барлығы 59 тапсырма.
Үшінші бөлім — «Бірге жасайық», бұл интерфейстің бөліктері 5-суретте көрсетілген. Ол 4 тақы- рыпшадан құралған (сурет салу, аппликация, қол еңбегі, ермексазбен жұмыс). Əрбір тақырыпшада үлкендер мен бала арасындағы бірлескен жұмысының көрнекіліктері бар. Барлығы 36 сабақ.
Төртінші бөлім — «Мектепке дайындық», бұл интерфейстің бөліктері 6-суретте көрсетілген. Ол 6 тақырыпшаны қосады: «Жазу дағдысы туралы нені білу керек», «Дұрыс емес жазу дағдысының түрлері мен себептері», «Қолдың жіңішке қозғалуына көмектесетін жаттығулар», «Графикалық жаттығулар», «Қосымша жаттығулар» (12 жаттығу), «Ұсақ моториканың жəне қолдың қозғалуының даму деңгейін анықтайтын диагностикалық тапсырмалар» (5 тест).
Бесінші бөлім — «Педагогикалық сандықша», бұл интерфейстің бөліктері 7-суретте көрсетілген. 3 бөлімнен тұрады: 1-бөлім 1 тақырыпшадан тұрады: «Психогимнастика, таңғы жиын»; 2-бөлім 5 тақырыпшадан тұрады: «Дидактикалық жəне қозғалыс ойындары»;
«Əдемі дене бітімін қалыптастыруға арналған ойындар»; «Көз бұлшықеттерінің шаршауын кетіретін жəне тыныштандыратын жаттығулар жиынтығы»; «Дем алуға арналған жаттығулар жиынтығы», «Тілге арналған динамикалық жаттығулар»; 3-бөлім 2 тақырыпшадан тұрады: «Аутотринингкке жəне релаксацияға арналған жаттығу»; «Мектеп жасындағы релаксацияның əдістері». Барлығы 59 жаттығу.
Берілген компьютерлік бағдарлама көру қабілеті зақымданған балалардың көру арқылы қабылдауының дамуына инновациялық технологияларды қолданады, оның мəні қойылған түзетушілік мақсаттарға жетудің рационалды əдістерінде құралған.
Инновациялық технология дəстүрлі оқыту формасына қарағанда мақсатқа бағытталған,техникалық, əлеуметтік жəне ұйымдастырушылық шарттар тұрғысынан интенсивті түзету үдерісі. Ұсынылған бағдарламаның көру қабілеті зақымданған мектепке дейінгі көру арқылы қабылдауының дамуына тиімділігі эксперимент жүргізу арқылы бағаланды.
8-суретте көрсетілген диаграммада көру арқылы қабылдауының деңгейі жоғарылағандығы айқын көрінеді, нақты түсті қабылдауды, үлкендікті, өлшемдерді, көлемді қабылдауда диагностика жасалған.
Көрсетілген мəліметтер бойынша, көру қабілеті зақымданған мектепке дейінгі балалардың көру арқылы қабылдауы эксперименталды топта жоғарылаған (түсті қабылдауы — 9,4 %, биіктікті қабылдауы — 12,6 %, кескінді қабылдауы — 7,2 %, кеңістікті қабылдауы — 3,2 %) бақылаумен салыстырғанда. Алынған нəтижелер əзірленген компьютерлік бағдарламаның педагогикалық процеске тиімділігін дəлелдеді.
Жүргізілген жұмыс аяқталған зерттеудің мəртебесіне ұсынылмайды. Қазіргі уақытта басқада зақымданулары бар балалардың дамуына жағымды əсер ететін зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде кемақылдылық, психикалық дамуы тежелген, балалардың церебралды сал ауруы, ерте балалық аутизм.
Əдебиеттер тізімі
- Белоусова Л.И., Олефиренко Н.В. Дидактический потенциал цифровых образовательных ресурсов для младших школьников // Междунар. электрон. журнал «Образовательные технологии и общество (Educational Technology & Society)».— 2013. — Вып. 16. — № 1. — С. 584–599. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://ifets.ieee.org/russian/depository/v16_i1/html/14.htm
- Шкутина Л.А., Боброва В.В., Манжосова В.Г., Мулькаманова О.А. Основные положения инновационных технологий на современном этапе развития дефектологии // Вестн. Караганд. ун-та. — Сер. Педагогика. — 2008. — № 1 (39). — С. 162–
- Ермаков В.П., Якунин Г.А. Основы тифлопедагогики: развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения.— М.: Владос, 2000. — 240 с.
- Иванова Н.Н. Коррекция зрительно-двигательной и моторной координации у старших дошкольников с нарушением зрения // Дефектология. — 1998. — № 4. — С. 72–76.