Денсаулық — тəн, рухани жəне əлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бəрі де денсаулыққа қызмет етеді десек, қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы əлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы жəне экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, əсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері əсерін тигізуде.
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі —«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мəн əл ауқаты» тармағында: «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына əзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тəуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіп қойылған [1].
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының Жолдауын Егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.
«Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық жəне өлім-жітім деңгейі арта түсті. Əсіресе балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық жəне улы заттарға əуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
«Салауатты өмір салты жəне өз денсаулығына деген адамның жауапкершілік принципі — міне, бұл денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік саясатта жəне халықтың күнделікті өмірінде басты мəселе болуы шарт» — деп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев халыққа берген Жолдауында айтты.
Мектеп жасындағы оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тəрбиелеудің өзектілігі мектеп жасындағы оқушылардың дене тəрбиесін сапалы дəрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мəселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ұлтық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасындағы таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын жəне оның бастауыш сыныптарда-жігерін жетілдіретін əсерімен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды ұйымдастыру туралы сəйкес бұйрығымен бекітілген 2010–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 30–40 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына, тəуелді, 10–30 % — қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте жəне тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды əдеттердің — шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы [2].
Жоғары сыныптарда оқитын оқушылардың дене күші, қозғалыс дағдылары, бастауыш жəне орта сыныптарда оқитын оқушыларға қарағанда, көп айырмашылықтары бар, оқушылардың ойлау қабілеттері жақсы жетілгендіктен, олардың күрделі ойындарды ойнауға ұмтылыстары жиі байқалады. Жоғары сыныптарда оқитындардың ойынға деген ұмтылысы өзіндік ерекшелігімен дараланып көрініс береді. Бұл оқитын оқушылар өзінің іс-əрекетін басқалардың əрекетімен бірлестіре орындап, ойын барысындағы ортақ мақсатқа ұмтылысы қалыптасады. Бұл кезде оқушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптасып, бір-біріне көмектесу сезімі дамиды.
Оқушылар да қимыл-қозғалыс əрекеттерін қиялынан ойлап тауып ойнау дағдылары көрініс бере бастайды. Олар өздерінің күш деңгейлерін, шынайы мүмкіндігін біледі де кез келген қимыл- қозғалысқа арналған тапсырманы орындауға талаптанады. Жоғары сыныптарда оқитын баланың көру, есту, сезіну, есте сақтау қасиеттері жақсы даму кезеңінде болады.
Бала қимыл-қозғалыс түрлерін жақсы ажыратады, олардың кейбір элементтерін нақты ажырата біледі. Бұл оқитын бала өзінің қимыл-қабілетінің сапасын бағалап, талдау жасау қабілеттілігі жетілу үстінде. Бұның барлығы — баланың алдын ала ойланып өз еркімен жасайтын еркін қимыл- қозғалысын туғызады.
Қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын əрі қарай өрістету баланың денесінің даму деңгейімен байланысты. Дененің өз дəрежесінде сапалы шынығуы күнделікті тұрақты жаттығудың арқасында жүзеге асады. Нəтижесінде баланың қозғалыс мүмкіндігі кеңейіп, денесінің күші артып, психологиялық тұрғыдан күрделі қимыл-қозғалыс əрекетін орындауға дайын болып, күш-жігері артады.
Ойын сəтінде баланың қимыл-қозғалыс əрекетінде жаңа əдіс-тəсілдерді тануға, оны меңгеріп, бекітуге деген ұмтылысы оянады да, қимыл-қозғалыстың тұрақты қажеттілігі қалыптасып, жұмыс жасау қабілеті артып, бала денесінің шымырлығы мен шынығуы артады.
Осы кезеңдегі ең басты мақсат оқушы ұлттық ойынның пайдасы мен қажеттілігі туралы түсінігін кеңейтіп, оның ойнауға деген қызығушылығын тудыру болып табылады.
Дене шынықтыру сабағын өткізу барысында жаттығу элементтерін ұлттық ойындар арқылы игеруіне көңіл бөлеміз жəне баланы ептілікке, шыдамдылыққа баулуды ұлттық ойындар арқылы тəрбиелеу жолдарын қарастырамыз.
Дене шынықтыру сабағын өткізу барысындағы барлық жағдайда баладан ұйымшылдықты, достық қарым-қатынасты сақтап ойнауға əдеттендіруді қалыптастыру маңызды жұмыс болып табылады.
Ойын кезінде жүгіру барысында оқушылардың кеңістіктегі бағыт-бағдарларын мөлшерлеулері жақсы дами бастайды, сондықтан да осы кезде топ болып ойнайтын қозғалмалы ойындарды ойнауға үлкен мүмкіндіктер бар. Осы қозғалмалы ұлттық ойындар ішінен: «Жүйріктер жеңеді», «Жаяу жарыс» ойындарын ойнау тиімді болып келеді.
Халықтың денсаулығы — ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық — денсаулық» яки болмаса «Денсаулық — терең байлық» деген даналық мəтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тəн саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап жəне нығайтуға түрлі пайдалы əрекеттер жасап отырған.
Мектепте оқушылардың денесін шынықтыруды ұлттық ойындар арқылы іске асыру күрделі педагогикалық маңызды болып табылады. Біз өз жұмысымызда бұл мəселені төмендегідей жолдармен шешу бағыттарын қарастырдық. Бұл бағыттар балаға қажетті барлық қозғалыс дағдыларын жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу, лақтыру, тепе-теңдікті сақтауды ұлттық ойын элементтерін енгізе отырып, үйрету болып табылады.
Бірінші байлық — денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сəтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан кейін өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. «Жалған-ай!» деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
«Тəннен жан артық еді, — дейді Абай атамыз, — тəнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тəнге бас ұрғыздық, ешнəрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нəрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…»
Тəннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес, тəнде Пендешіліктен тəнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тəн бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін [3].
Жастар — болашағымыздың алтын тірегі.
Ұлттық ойындар арқылы жаңаша жүйе негізінде дене шынықтыру сабақтарын өткізу қажеттілігі баланың тұлға қарымы мен ойлауын қатар дамытудағы көптеген қарама-қайшылықтарды жоюға жеткілікті мүмкіндік туғызады.
Ұлттық ойындардағы мектептегі орта сыныптарда оқу-тəрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады.
Ұлттық ойындар өзінің табиғатында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тəн қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы өзінің жан-жақты тəрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тəрбие жүйесінің мазмұны мен əдіс-тəсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді əрекет жасайды.
Тағы да айтарымыз, өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға жəне нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дəрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дəрігерлер қанша ескертсе де, жаман əдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К. деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дəріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын əрдайым əрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, əрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Иə, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз, ешкім оған қарсы тұра алмайды.
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тəрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7–8 сағаттан кем болмауы тиіс. Əр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын жəне парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат əдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар — темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мəдени көпшілік орындарына баруды əдетке айналдыр дер едік. Еңбек адамды тəрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тəртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Əрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кəсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға жəне нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл əрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды жəне салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ, болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоəлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ адамдардың іс-əрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық жəне рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тəртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген адамдарды жамандамау, біреуді- біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз — тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессивті дамуының көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы əлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады [4].
Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сəйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Əр адам өзіне тəн калыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:
- салауатты өмір сүру деңгейі;
- салауатты өмір сүрудің сапасы;
- салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз — экономикалық категория. Адамдардың материалдық жəне моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз — əлеуметтік категория — үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін жайлы жиhаз мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз — əлеуметтік-психологиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап жəне көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру».
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жəне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи жəне ұлттық дағды, дəстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады [5].
Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сəйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді. Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі. Адамның жүріс- тұрысы біркелкі емес. Ол тəрбиеге байланысты болады. Тəрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тəртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тəрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тəрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тəжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. Өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасынан салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның кəсіби іс-əрекетінің, қоғамдық қызметімен күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына жəне оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жəрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мəн бермейді. Ол — жастық өмірдің белгісі, тəрбие жұмыстарының əлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тəрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тəрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тəжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп «денсаулық — зор байлық» деген ұғым қалыптасады.
Осы кезеңдегі ең басты мақсат оқушы ұлттық ойынның пайдасы мен қажеттілігі туралы түсінігін кеңейтіп, оның ойнауға деген қызығушылығын тудыру болып табылады.
Дене шынықтыру сабағын өткізу барысында жаттығу элементтерін ұлттық ойындар арқылы игеруіне көңіл бөлеміз жəне баланы ептілікке, шыдамдылыққа баулуды ұлттық ойындар арқылы тəрбиелеу жолдарын қарастырамыз.
Дене шынықтыру сабағын өткізу барысындағы барлық жағдайда баладан ұйымшылдықты, достық қарым-қатынасты сақтап ойнауға əдеттендіруді қалыптастыру маңызды жұмыс болып табылады. Біз ұлттық ойындарды зерттеу кезінде тəрбиелік əсерінің төмендегідей бағыттарын басшылыққа алдық:
- қазақтың ұлттық ойындары — халық мəдениетінің бір тармағы ретінде;
- ұлттық ойындар негізінде баланың денесін шынықтыру жəне болашақ еңбек дағдыларына қажетті дене қозғалыстарына баулу;
- халық ойындары арқылы баланы жерін, елін сүйетін патриоттыққа тəрбиелеу;
- ұлттық ойындар адамгершілік құрал ретінде.
Осы бағыттарды саралай келе, ұлттық ойындардың бала өміріндегі маңызын былай деп түйіндеуге негіз бар:
- қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуында ұлттық ойындар халық мəдениетінің бір саласы ғана емес, бүгінгі дамуымыздағы кешегі мен бүгінгі ұрпақ байланыстылығын жалғастырған өркениетті құбылыс;
- кешегі ата-баба дəстүрінің көрінісі халық ойындары бүгінгі баланың ұлттық жан дүниесін қалыптастыруда қолдануда болатын ұтымды құрал.
Біз оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын тəрбиелеуде ұлттық ойындардың жас ерекшеліктеріне қарай үйрету ерекшеліктерін тиімді пайдалана білсек, ал өз жемісін береді деп есептейміз. Өйткені ұлттық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдап саралай келе, ұлттық ойындардың адам өміріндегі жас ерекшеліктеріне сай ойындарды ойнап келгендігіне нақты көз жеткіздік дей аламыз. Себебі біздің ұлттымыздың көп жылдық тарихи өмірімен біте қайнасып, заман көшінен қалмай дамып, жетіліп отырғандығы, əрі өзіміздің бала күннен көріп, естіп өскен ойындарымыз екендінде деп санаймыз [6].
Ұлттық ойындарды таңдау кезінде ойынның бала ағзасына физиологиялық жəне психологиялық əсерін есепке ала отырып жасалады. Соған байланысты əр ойынды қанша рет қайталауға болатындығын есептеп нақты санын шығарып алуға болады.
Жоғарыда келтірілген деректерді қорытындылай келе, бастауыш сыныптарда оқитын оқушыларға арналған дене шынықтыру пəні сабағындағы бағдарламаға сəйкес өткізілетін жаттығуларды ұлттық ойындарды қолдау арқылы тиімділігін арттыру мəселесі, тəжірибе көрсеткендей, оқушыларға қозғалыс дағдыларын үйретуде жəне жаттығуларды сапалы орындауға көмегі бар екендігімен, сонымен қатар сабақ кезінде ұлттық ойындар арқылы ұлттық дəстүрлерді үйретуге тиімділігімен ерекшеленеді. Осы оқитын оқушыларға арналған сабақтардың құрылымын жəне ұйымдастыру əдістемесін өзгерте отырып, баланың денсаулығына тиімді жаттығуларды қолдану арқылы денесін шынықтыруда ұлттық ойындарды қолдау тиімділігімен ерекшеленеді.
Негізгі қимыл-қозғалысты сабақ басында бір балаға орындатып көрсетіп үйреткен дене шынықтыру пəні оқытушысы бастауыш сыныптардан тиімді, басқа оқушылар үйреніп жатқан балаға қарап дұрыс жасау жолын көріп талдау жасауына мүмкіндігі болады. Жаттығуды жекелей əр баламен игергеннен кейін жалпылама барлығына бірдей немесе бірнеше топқа бөліп жасатса, қозғалыс белсенділігі артады.
Жаңа жаттығу элементін баланың бұрын үйренген қимылымен байланыстыра бекіте отырып, үйрету керек [7].
Қимыл қозғалысты меңгеру оны бірнеше рет қайталап, бекіткеннен кейін бір сабақ үстінде емес, бірнеше сабақта дағдыландырып жетілдіреді. Сабақта баланың қозғалыс белсенділігін арттыру бастауыш сыныптардан бірнеше жаттығудан құрастырылған біртұтас жаттығуды ойынға енгізу күрделі қозғалыс дағдыларын меңгеруге үйретеді.
Жоғары сыныптарда оқитын баланың берілген тапсырманы дұрыс орындауға деген ұмтылысы жақсы болып келеді, бала жақсы атқарған жұмысына мақтаныш сезіммен қарайды, сондықтан осы кезеңде баланың жақсы жақтарын айтып мақтап отыру баланың ынтасын арттыруға көмектеседі.
Егер бала жаттығуды орындауды қиынсынса, бірге орындағаны жөн. Дене шынықтыру пəні оқытушысы баланың денесінен демеп көмектесіп, қауіпсіздік ережесін сақтау жолдарын ұйымдастырады. Балаға орындауға күрделі жаттығуды жасау барысында оған көмектесу мақсатында дене шынықтыру пəні оқытушысы балаға тағы да жеткізе түсіндіріп, бірге орындату, жаттығуды меңгеру уақытын үнемдейді.
Жоғары сыныптарда оқитын оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұлттық тоғызқұмалақ ойынын ойнатқан дұрыс.
Бұл ойын терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі — тоғызқұмалақ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ бүгінде өзінің даму сатысында екенін айта кеткені жөн [8].
Қорыта айтқанда, мектеп жасындағы балалардың денесін шынықтыруда дене тəрбиесінің маңызы қазіргі заманда үлкен əлеуметтік мəнге ие болды, себебі егеменді Қазақстанның болашағын жалғастыратын қазіргі жас ұрпақтың дені сау, білімді, мəдениетті болып өсуі қазіргі білім мен тəрбиенің дұрыс жолға қоюлуына байланысты. Ал сол дене тəрбиесін халықтың ұлттық ойындармен ұштастыру баланың ұлттық санасының дамуына, денсаулығын сақтауына ықпалы бар екендігіне көз жеткізілді.
Қазақ халқының ұлттық ойындары жеке адамдарды тəрбиелеу ғана құралы емес, қоғамдық ортаға тəрбиелеп, үлгі берерліктей əлеуметтік құрал ретінде күрделі қызмет атқаратындығы айқындалды. Ұлттық ойындар мен оқушылардың бойына салауатты өмір салтын үйрету негізгі қағидалардың бірі болып отыр.
Əдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығы. — 1998. — 18 мамыр // http://yandex.kz/yandsearch
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды ұйымдастыру туралы сəйкес бұйрығымен бекітілген 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы // http://yandex.kz/yandsearch
- ҚР Үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауатты денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы» // Валеология, дене тəрбиесі. — 2003. — № 1. — 11–12-б.
- Ордабеков С. Медициналық валеология. — Тараз: Тараз баспа үйі, 2005. — 256 б.
- Брехман И.И. Валеология — наука о здоровье. — М.: ФиС, 1990. — 180 с.
- Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991. — 175 б.
- Дорошкевич М.П., Нашкевич М.А., Муравьева Д.М., Черник В.Ф. Основы валеологии и школьной гигиены: Учеб. по- собие для вузов. — М.: ФКиС, 2003. — 238 с.
- Дыхан Л.Б., Кукушин В.С., Трушкин А.Г. Педагогическая валеология. — М.: Педагогика, 2005. — 527 с.